Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

Мазмұны

 

 

Кіріспе            3

1 Қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің

теориялық негіздері          5

1.1 ҚР-да еңбекақыны ұйымдастыру тәртібі,  түрлері     5

1.2 Еңбек  ақы түрлері мен формалары       6

2 «АзияДент» тіс емханасының қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп

айырысу есебінің ұйымдастырылуы       12

2.1 «АзияДент» тіс емханасының сипаттамасы               12

2.2 «АзияДент» тіс емханасының еңбекақыны есептеуді құжаттау           16

2.3 «АзияДент» тіс емханасының енбекақы бойынша есеп айырысудың

синтетикалық  және аналитикалық есебі       19

Қорытынды           22

Қолданылған әдебиеттер тізімі        24

Қосымшалар            25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Зерттеу жұмысының  өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. Қазақстан Рспубликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.

Мемлекет Басшысының 2005 жылғы 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауына сәйкес 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары 32%-ға жоғарылады. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 9 200 теңгеге дейін көтерілді.

Мемлекет Басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»  Жолдауына сәйкес 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары орта шамамен 30%-ға жоғарылады.

Бұдан басқа, Еңбек кодексіне  сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілерге жыл сайын төленетін еңбек демалысының ұзақтығы 30 күнтізбелік күн мөлшерінде белгіленді және жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына шығар кезде емделуге бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу енгізілді.

Мұнымен бірге, Қазақстан  Республикасы Президентінің 2008 жылғы    6 ақпанындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауын іске асыруда бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге жеткізу мақсатында 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға жоғарылады, және де 2010 жылы 25%-ға, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етіледі.

Еңбекақы төлеудің  маңызын,  қызметкерге еңбек міндетін  орындағаны үшін  берілетін сыйақы  деп  түсінеміз.

Еңбекақы төлеудің негізінде  еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен  шектелінетің, өндіріс факторы  ретіндегі еңбектің құны жатыр.  Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын  толтыратын  өнім өндіруге міндетті, олай болса  еңбекақы  қызметкердің  еңбек тиімділігіне  тәуелді.

Әлеуметтік экономикалық  категория бойынша еңбекақының  маңызын  қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.

Қызметкер үшін еңбекақы  оның жеке  табысының  негізі және басты бөлігі  болып табылады,  сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың  әл ауқат деңгейін  жоғарылататын  құрал болып саналады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 1350 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының  "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 8 бабына сәйкес 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төменгi мөлшерi – 15 999 теңге құрады, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш – 17439 теңгеге өсті.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің (одан әрі – Кодекс) 10-бабына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

Еңбек шартының құрамы Кодекспен  анықталған, оның міндетті кағидаларының  бірі болып еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттарының көрсетілуі саналады.

Кодекстің 121-бабына сәйкес қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономикада қызметкерлермен есеп айырысу жолдарын анықтау.

Осы мақсаттарға қол жеткізу  үшін төмендегі міндеттер орындалады:

  • Қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің теориялық негіздерін анықтау;
  • ҚР-да еңбекақыны ұйымдастыру тәртібі,  түрлерін анықтау;
  • Еңбек  ақы түрлері мен формаларын зерттеу;
  • «АзияДент» тіс емханасының қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебінің ұйымдастырылуын талдау;
  • «АзияДент» тіс емханасы сипаттамасын жасау;
  • «АзияДент» тіс емханасы еңбекақыны есептеуді құжаттау;
  • «АзияДент» тіс емханасы енбекақы бойынша есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебін талдау.

Зерттеу объектісі  – «АзияДент» тіс емханасы

Зерттеу пәні - «АзияДент» тіс емханасы қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қызметкерлермен  енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің теориялық негіздері

 

 

1.1 ҚР-да  еңбекақыны ұйымдастыру тәртібі,  түрлері

 

Экономика ғылымында  еңбек ақы туралы мынадай ұғым шықты, яғни еңбекақы бұл – жұмыс берушінің жұмыскерге төленетін ақшалай қаражаты.  

Еңбек ұғымы  тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл-ой қабілеттілігін көрсетеді.

Еңбекақы жөніндегі  саясат кәсіпорында басқарудың құрамды  бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.

Еңбекақы бұл  жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.

Жұмыс күші бұл  қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны.

Еңбек тиімділігін  арттырудың мынадай әртүрлі ынталандыру  жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері.

Жұмыс беруші нақты  жағдайын ескере отырып, «Еңбек ақы  төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей  алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «Қызметкерлер туралы» ережесін белгілей алады.  Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру  мен еңбек келісім-шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет.

Төлем жеке және ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша  жасалуы мүмкін. Іс жүзінде еңбек  ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады – кесімді және мерзімді.

Мерзімді еңбек  ақының жай мерзімділік және сыйақылы мерзімділік төлемі болады.

Ал кесімді  еңбек ақы кесімді прогрессивті, жанама кесімді және еңбек төлемінің  аккордтық жүйесі болып үшке бөлінеді. Кейбір кәсіпорындарында есепті тариф мөлшерлемесімен жүргізеді.  Тариф сеткасы еңбек ақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тарифтік коэфициенті белгілінеді.

Еңбек ақы есебі  және оның төлемінің  негізгі мақсаты еңбек шығындарын және төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады. 

Жұмысшы мен  жұмыс беруші арасындағы қатынастары  нормативтік құқықтық актілермен  1999 жылдың 10 желтоқсанындағы шыққан  «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңымен, жеке және ұжымдық келісімдерімен реттеледі.   Еңбек ақы бойынша есеп айырысулар еңбек ақыны төлеу үшін немесе еңбек ақыны және төлем тізімдемесі бойынша кітапта қолданылатын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі. Еңбек ақы айына бір рет жеке және ұжымдық шартта белгіленген күнде төленеді. Егер төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес болатын болса, онда алдын ала бір күн бұрын төленеді.

Еңбек ақы мөлшері еңбек шартында белгіленеді және заң актілерімен белгілінген минимумнан төмен болмайды. Еңбек ақының бірнеше төлемдері болады:

  • демалыс уақытына төленетін төлем;
  • пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақы;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде төленетін жәрдемақы ;
  • демалыс және мереке күндерінде істелген жұмысқа төленетін төлем.

Еңбекақы– еңбек  құнының (бағасының) ақшалай өлшемі Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға  көшу кезінде минималды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға мүмкіндік етеді.

Жалақыны дифференциялау және оның принциптері:

Еңбек ақы деңгейі  халық шаруашылығы саласына көбірек өзіндік ерекшелігімен айқындалады, ол келесі принциптерге негізделеді.

Бірінші принцип, еңбектің күрделігі. Күрделі білітілікті (квалиффикацияланған) еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құрайды және оған еңбек ақы жоғары болуы тиіс.

Екінші принцип, еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр: қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек  еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп  алуы керек.

Үшінші принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады.

Төртінші принцип, экономикалық аудан мен аймақтың табиғи – климаттық жағдайының өзгешелігімен байланысты. Еңбек ақыға әртүрлі экономикалық аймақтарда аудандық коэффициент белгіленіп, жалақыға қосымша түрінде қосылады.

 

 

1.2 Еңбек   ақы түрлері мен формалары

 

Еңбекақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбекақының мерзімді және кесімді түрлері болады.

Мерзімді жалақы дегеніміз – бұл нақты жұмыс  істеген күніне және сағатына қарай  тарифтік мөлшерлемемен есептелетін  еңбекақы.

Кесімді жалақы дегеніміз бұл нақты жұмыс істеген уақытына қарай және жұмыстың нәтижесіне қарай есептелетін еңбекақы. (әрбір істелген жұмыс санына немесе сату көлемінің көптігіне пайыз түріндегі еңбекақы).

Жалақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.

Еңбекақы екіге бөлінеді: негізгі және қосымша.

Негізгі  -  бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін еңбекақы. Негізгі еңбекақының құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген еңбекақы;
  • қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
  • жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйкессіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
  • кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;
  • ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
  • мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
  • түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
  • жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер.

Қосымша – бұл  қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша еңбекақының құрамына кіретіндер:

  • балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы;
  • жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
  • негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
  • шыққанда берілетін жәрдемақы.

Қызметкерлер  еңбекақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны алады.

Негізгі және қосымша  еңбекақылар еңбекақы қорын құрайды. Еңбекақы қорының құрамына еңбекақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.

Кәсіпорынның  жоспарымен (болжамымен)  белгіленген, еңбекақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиісті еңбекақының сомасы кәсіпорындағы еңбекақының есептік қоры деп аталады.

Кәсіпорын практикаларында 

Жұмыстың  негізгі түрлерінің  толық  сипаттамасынан  тұратын  және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік  біліктілік  анықтамасының  негізінде жүргізіледі.  Анықтаманы және  оның  қолданылу тәртібін  Қазақстан Республикасының  Үкіметі  бекітеді.

Тарифтік мөлшерлеме – бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін, (сағат, күн,  ай) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын  орындаған қызметкердің  еңбекақысының белгіленген мөлшері.

Тарифтік тор  – бұл  разрядтардың  және оған меншіктелінген  тарифтік коэффициенттердің арақатынасы. Тарифтік тордағы разрядтардың  саны және тарифтік коэффиценттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын  иемденген нақты ерекшеліктерімен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.

Лауазымды жалақы  қызметкерлердің  атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсолюттік мөлшері.

Қызметкерді босату кезінде жұмыстан шығардағы жәрдемақыны  төлеу.

Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру үш өзара  байланысты және өзара тәуелді элементтермен  анықталады:

  • тарифтік жүйе;
  • еңбекті нормалау;
  • еңбекақы төлеудің нышаны.

Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы  қызметкерлердің еңбектерінің  сапалық  сипаттамасына тәуелді олардың  еңбекақыларын  саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамассыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.

Тарифтік жүйеге:

  • сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;
  • еңбекақы төлеудегі жұмыстың  және жұмысшылардың әр түрлі разряд  арасындағы арақатынастарын көрсететін  тарифтік тор;
  • тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік  анықтамалар кіреді.

Жұмысты тарифтеу – бұл  еңбек түрлерінің күрделілігіне  тәуелді еңбек түрлерін  біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.

Тарифтік разряд қызметкердің біліктілігін  және еңбек  күрделілігін қамтып көрсететін  шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияларда,  әр жұмыста қолданылады.

Еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының  қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.

Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:

  • Еңбектің саны мен сапасы, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен  жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
  • Субъектінің әрбір қызметкеріне еңбекақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;
  • Еңбекақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
  • Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
  • Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
  • Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен еңбекақы туралы деректерді алу;
  • Еңбек және еңбек ақы бойынша статистикалық есептемені жасау.

ҚР еңбек  заңдарына сәйкес жұмысшылар мен  қызметкерлердің мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары төленеді:

1. Мемлекеттік  және қоғамдық  міндеттемелерді  орындау уақыты;

2. Жасөспірімдердің  жеңілдік сағаттарын төлеу;

3. Нәрестені  тамақтандыруға арналған қосымша үзілістерді төлеу;

4. Кезекті және  оқу демалыстарының уақытын төлеу;

5. Пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

6. Жұмыстан босаған кездегі шығу жәрдемақысы.

Жұмыспен өтелмеген уақыт орташа еңбекақы бойынша төленеді.

Орташа еңбекақыны анықтау үшін:

1.Күндік орташа  еңбек ақыны (жұмыс істелмейтін  және мереке күндерін қоспағанда);

2.Орташа сағаттық еңбек ақы пайдаланылады;

Күндік орташа еңбекақы, еңбекке ақы төлеу мен демалыс үшін өтемақы төлеуден басқа барлық жағдайда есепті кезеңде есептелген еңбекақы сомасын жұмыс күндерінің сомасына бөлу жолымен анықталады.

Нақты жұмысшының орташа еңбекақысының мөлшері күндік орташа  еңбекақыны төленуге тиіс күндер сомасына көбейту жолымен анықталады.

Күндік орташа еңбекақы есепті кезеңде есептелген еңбекақы сомасын жыл сайынғы жұмыс уақытының балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс сағаттарына бөлу жолымен есептеледі. Нақты қызметкердің орташа еңбек ақысының мөлшері орташа сағаттық еңбекақыны төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына көбейтілу жолымен анықталады. Егер:

1.Қызметкердің  орташа еңбек ақысы төленсе  немесе сақталса (ҚР заңына сәйкес);

2.Қызметкер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы алса (жүктілігі мен босануы бойынша, еңбекке уақытша жарамсыздық) және басқадай болса орташа еңбекақыны есептеуге арналған есептік кезеңнен уақыт, сондай - ақ  төленген сомалар алынып тасталынады.

Ынталандырушы сипаттағы сыйақылар мен басқа  төлемдер есептеу уақыты бойынша орташа еңбекақыны есептеген кезде қосады, жылдық сыйақылар мен сыйлықтар есепті кезеңнің әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі.

1.Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты. Төлем орташа сағаттық немесе орташа күндік міндеттемелерді орындаған мекеменің табелінің, анықтамасының немесе құлықтандыруының негізінде жүргізіледі.

2.Жасөспірімдердің  жеңілдік сағаттары. 5 күндік жұмыс  аптасы кезінде 16 мен 18 жас  аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне 7 сағат 12 минуттан аспауы керек (16-дан 18 дасқа дейін – аптасына 36 сағат, 15 –тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат). Олар:

а) кесімді ақы  алушы жасөспірімдерге кесімді  ақы алушының тарифтік ставкасы бойынша;

б) мерзімдік ақы алушы жасөспірімдерге тиісті разрядтың ставкасы бойынша төленеді.

3.Нәрестені  тамақтандыруға арналған үзіліс. Мұның өзі медицина мекемесі емізетін аналар мен 1 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге  берген анықтамамен рәсімделеді. Демелыс пен тамақтануға берілетін жалпы үзілістен әрбір 3 сағат сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа еңбекақы бойынша төленеді.

4.Демалыс уақытын  төлеу. Еңбек заңдарына сәйкес  жұмыс (күнтізбелік емес) жылында  жұмысшылар мен қызметкерлерге бір рет демалыс беріледі. Демалыс алу құқығы сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерге жыл сайынғы төленетін демалыс уақыты 24 күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс. Демалыс бұйрықпен немесе демалыс беру туралы жазбамен рәсімделеді де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі мен ұзақтығы көресетіледі. Демалысты төлеуге және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге арналған күндік орташа еңбекақысы демалысқа кетер алдындағы  12 күнтізбелік айдың еңбек ақысына орай анықталады

Егер бір  жылдан кем жұмыс істесе, онда демалысқа  кетер алдындағы күнтізбелік айлардың еңбекақысына орай анықталады. Күндік орташа еңбек ақы есепті кезеңдегі еңбекақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы балансындағы жұмыс жұмыс күндерінің айлық орташа санына бөлу жолдарымен есептеліп шығарылады.

5. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу. Сырқаттанғанда, отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбеккке жарамсыздақ қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Еңбек ақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда, 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай – ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар) 3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі: 80% - ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стаж 5-8 жыл болса; 60% - үздіксіз стажы 5 жыл болса беріледі. Орташа еңбек ақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді:

  • пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
  • материалдық көмек түріндегі ақшалай жәрдем ақы;
  • тәулік ақының орнына жалақыға қосылатын қосымшалар  мен үстемелер;
  • арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің, арнайы тамақтың құны;
  • біржолғы көтермелеу төлемдері;
  • бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
  • оқушылардың, студеттер мен аспираттардың степендиялары;
  • қызметкерге келтірілген залалды, оның жұмысқа байланысты ертігуі немес өзге жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «АзияДент» тіс емханасының қызметкерлермен енбекақы бойынша есеп айырысу есебінің ұйымдастырылуы

 

 

2.1 «АзияДент» тіс емханасы сипаттамасы

 

«АзияДент» тіс емханасы Қазақстан Республикасының Павлодар облысында  орналасқан.

Мыналар «АзияДент» тіс емханасының қызметтерінің негізгі түрлері:

- Ортопедиялық  стоматологиялық қызметтер;

- Терапевтикалық  стоматологиялық қызметтер;

- Хирургиялық стоматологиялық қызметтер және имплантология;

- Стоматологиялық бұйымдарды дайындау (тістің қабы, протездер);

- Тістің техникалық жұмыстары.

Қызметтерді негізгі  тұтынушылар халық және олардың  бұйымдары жеткізілетін басқа клиникалар болады.

Кабинет  аумағы 350 шаршы метр  сатып алынған  ғимаратта орналасқан.

Ортопедиялық  емдеуге  тістің қатты тіндерін  тамырына  жапсыру,  алдын ала, соңғы, қолданыстағы және  қосарланған  оттискілерді алу; жақ сүйектің орталық арақатынасын айқындау, протездердің қаптары мен  тіректерін  орнықтыру; тістің түсі мен сыртқы қабын айқындау, алынбайтын конструкция салу, алынатын протездердің конструкцияларын тексеру және  оларды орнату кіреді.

Терапевтік  стоматология  тістерді консервативті  емдеумен айналысады. Осы терапевтикалық стоматологиямен айналысатын дәрігерлер  тістің саулығын сенімді қорғай алады. Терапевтік стоматологияның негізгі міндеті  тістің шіруін емдеу, тісті сақтау шараларын жүргізу болып табылады. Сонымен қатар емханада стоматолог-терапевтер қызыл иектің ауруын емдейді және  тістерді  жаңартады.

Хирургиялық стоматология мынадай емдеу әдістерін қолданады: тісті жұлу, жұлынған тістің орнына профилактикалық шаралар жүргізу,  сүйек тінін орнату, тістерді  дайындау және имплантация, сондай-ақ пародонтологиядағы түрлі операциялар.

Тістердің имплантациясы – жасанды «түбір» орнату әдісі, ол жоғарғы немесе төменгі жақ сүйек үшін титаннан дайындалады. Имплантаттар  не тістің қабы бекітілетін (түскен тісті толық ауыстыратын) немесе алынатын  не алынбайтын тіс протездеріне арналған  тірек ретінде қолданылады.

Конструкциялық  жағынан имплантат  екі бөліктен тұрады – жақ сүйекке  хирургиялық  жолмен орнатылатын титан конструкциядан тұратын имплантаттың өзі, сол материалдан (титан)  жасалған, орныққаннан кейін  имплантатпен қосылып кететін  абатмент.

Тіс емханасының ұсынатын қызметтер тізбесі 1-кестеде берілген..

 

 

1-кесте – «АзияДент» ЖШС ұсынатын қызметтердің тізбесі

 

Атауы

Өлш. бір.

Саны /1 айда

Бағасы, тг.

Стоматология - ортопедия креслосы

     

Металлокерамика

дана

50

11 000

Бюгель протездер

дана

2

50 000

Тұтас құйылған  қоронкалар

дана

10

  6 000

Пластик коронкалар

дана

10

  3 000

Алып-салынатын  протездер

дана

10

12 000

Штамптап жасалған коронкалар

дана

100

   3 000

Стоматология - терапевт креслосы

     

Пломба

дана

150

   5 500

Стоматология - хирургия және имплантология

     

Тістің күрделі  жұлынуы

дана

90

   3 500

Имплантация

дана

20

75 000

Құю қондырғысы

     

Қалпақшасын құю  (металлокерамика. тіректерін, протездер дайындау үшін)

дана

330

   4 600

Қалпақшасын қара металдан құю (тіректі протездер аралықтары үшін)

дана

330

      600

Бюгель протезінің қаңқасын құю

дана

10

10 000

Тістің техникалық жұмыстары

     

Металлокерамика түбірлерін дайындау

дана

40

   3 500

Бюгель протездерін дайындау

дана

2

   7 000

Тұтас құйылған тіс қаптарын дайындау

дана

10

   3 200

Пластмасса  тіс қаптарын дайындау

дана

10

   2 300

Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі