Жүк тасымалы

Қазақстан Республикасының  Білім Және Ғылым Миниистрлігі 
 
 

Курстық жұмыс

 
 

Тақырыбы: Жүк  тасымалдаулары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орындаған:

                      Тексерген:  

Ақтау 2011ж

Жүк тасымалдаулары

Компанияның даму стратегиясымен анықталатын «Қазтеміртранс» АҚ -ның Ұлттық тасымалдаушы болуы алдында  көптеген міндеттер тұр. Магистралді  жүйе операторы арасында шектелген  жұмыспен тасымалдау процесінің барлық технологиясын орындауда, тасымалдаушымен, локомотивті тарту және экспедиторлық  компаниямен, сондай-ақ, «Қазтеміртранс»  АҚ да өзара әрекет процесін кезеңдік орындау 2004 жылдың желтоқсанынан бастап алғашқы жоба аясында жеке алынған  бағыттар бойынша жүк тасымалдауын орындауда.

Алғаш рет бірінші  жоба екі бағыттарында: Жаман-Ащы  – Жаңа ауыл және Сарықұм – Жаңа ауыл, құрастырылып енгізілді. 2006 жылы бағыттардың саны алтыға дейін өсті, бұрынғы бар бағыттарға Қаражал- Жаңа ауыл, Еңбекшілдер – Жаңа ауыл, Суық бұлақ – Жаңа ауыл және Майлин – Жаңа ауыл бағыттары қосылды. Өткен  жылдың желтоқсанынан бері ауқымды  ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Магистралді теміржол жүйесі және локомативті  тарту қызметтерін сатып алу  туралы келісім шарттар жасалды.

Жұмыста үнемділікті  арттыру және тәртіпке келтіру үшін «Қазтеміртранс» АҚ «ҚТЖ» ҰК»  АҚ және «Локомотив» АҚ-мен , сондай-ақ экспедиторлармен тасымалдау ұйымына  келісім шарттар құрылымдық бөлімдердегі өзара әрекет белгіленген уақыт  тәртібін жасап шығарды.

Жүкті тиеу сәтінен  бастап «Қазтеміртранс» АҚ тасымалдаушы ретінде вагон беруге тапсырыс, комерциялық  қатынастағы жүкті қабылдау, тасымалданушы  құжат ресімдеу, ТехПД-дан есептер  сияқты бастапқы және соңғы операциялардағы  жұмыстың бөлігін орындайды. Сонымен  қатар, вагон қозғалысын бақылауы жолдардан  өту локомотив-сағаттарымен қамтиды.  

Сондай-ақ, қол қойылған тасымалдау келісім шарттары бойынша  экспедиторлық компаниялармен және жүк аттандырушылармен жұмыс  жүргізілуде. 

Бүгінгі күні қосымша  бағыттар жіберуге орай белсенді жұмыстар жүруде. 

«Қазтеміртранс» АҚ-ның  тасымалдау міндетті қызметінің оындалуына байланысты өткізілген пилотты жоба сараптамасы жүкті жеткізуде  бірталай уақыт ұтуымен, жолды өтуде  тиелген вагондарды ажыратудың төмендеуімен және жүк тиеуде жүк аттандырушы  тапсырыстардың 100% орындалуымен тиімділгін танытты. 

Жүк иелері тарапынан  күннен күнге өсіп келе жатқан талаптарды ескере, сондай-ақ жүк тасымалдаудың  жаңа тиімді технологиясына өтуді жүзеге асыру үшін «Қазтеміртранс» АҚ контрейлерлі тасымалдауды ұйымдастыру үшін 13-4095 моделді ажыратусыз тартқышы бар  жартылай тіркемелерсіз автопоездарға  артуға арналған мамандандырылған плотформалар 50 бірлігін сатып алды.  

Контрейлерлік поезд  құруда белгіленген станцияға дейін  жол жүруде еш қайта құрусыз болатын  тез бұзылатын жүгі бар және халықтық қолдану тауары бар автопоездар  жіберіледі. Осылайынша контрейлерлік  тасымалдар аралас тасымал сияқты көлік  және теміржол танспортының өзара әрекетінің тиімді өнімі болып табылады.  

Контрейлерлік тасымалдарды жүзеге асырудағы шетелдік тәжірибе автотасымалына да, теміржол көлігіне де бұндай тасымалдардың тиімді екеніне  дәлел бола алады. Контрейлерлік  тасымалдардың барық тасымалдаушыға қатысатындар үшін төмендегідей тиімділіктері  бар:  
 

1. Көліктасымалдаушылар  қозғалыс құрылымы айналымын  тездете алады және тасымалға  пайдаланатын шығын мөлшерін  азайтады.

2. Контрейлерлік  технология көмегімен теміржол  көлігі өзіне қосымша тасымалдау  көлемін тарта алады. 

3. . Бұл платформаларға  автопоездарды арту кезінде қымбат  тұратын қайта артқыш орнату  талап етілмейді. Арту (түсіру) автопоездар  платформаларына, автокөліктерге, тартқыш  және тіркемелер өз бетімен  тиеу (түсіруді) өз бетінше кіру (шығумен)  орындалатын болғандықтан пайдалану  шығындары біршама төмен. 

4. Көлік-экспедициалық  компаниялар - жүк иелеріне көрсетілетін  қызметті «есіктен есікке дейін»  жүкті жеткізу мерзімін қысқарту  есебінде жақсартып, тасымалдың  жалпы құнын төмендетеді. 

5. Мемлекет үшін  қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды  лақтыруды азайту есебінде, автокөліктің  жағымсыз әсерін төмендетеді.  

Үстіміздегі жылдың 12 маусымында алғаш рет Қазақстанда  Өзбекістаннан 5 платформа көкөніс  тиелген, Сары-Ағаш станциясынан Астана станциясына бағытталған контрейлерлік  тасымал жүзеге асырылды. Жүк иелерінің  көңілдерінен бұл істің шыққанын білдіретін пікірлер бұқаралық ақпарат  құралдарында орын алды.  

2005 жылға орындалған  тасымалдық бағыттар жөнінде  анықтама.

Жөнелту станциясы 

Көзделген станция 

Жүк түрі 

Ваг. жоспары  Тонн жоспары Ваг. факті Тонн факті

 Қаражал  Қарағанөзек  Темір руда  2555  171205  6288  431925

 Қаражал  Жаңа-Ауыл  Темір руда  4207  282150  4830  333978

 Сарықұм  Жаңа-Ауыл  Доломит  9437  633800  8911  614363

 Суык-Бұлақ  Жаңа-Семей  Әк   10440  699480 10656  740328

 Жаман-Ащи  Жаңа-Ауыл  Доломит  5643  378000  4600  317396

 Енбекшілдер  Жаңа-Ауыл  Темір руда  11822  810050  8962  624678

 Майлин  Жаңа-Ауыл  Темір руда  0  0   0   0  
 

2006 жылдың 1 тоқсаны  бойынша орындалған тасымалдық  бағыттар жөнінде анықтама

Жөнелту станциясы 

Көзделген станция 

Жүк түрі 

Ваг. жоспары  Тонн жоспары Ваг. факті Тонн факті

 Қаражал  Қарағанөзек  Темір руда  4387  294000  2601  179943

 Сарықұм  Жаңа-Ауыл  Доломит  2127  145000  1530  105766

 Суык-Бұлақ  Жаңа-Семей  Әк   4000  268000  3956  276920

 Жаман-Ащы  Жаңа-Ауыл  Доломит  1492  100000  928  63861

 Енбекшілдер  Жаңа-Ауыл  Темір руда  1570  108300  537  37491

 Майлин   Жаңа-Ауыл  Темір руда  4201  289889   1686  117512 
 

Жүк тасымлдауды  ұйымдастыруда, сондай-ақ, теміржол саласының  тоқтап қалусыз, үзіліссіз жұмыс  істеуіне жүкті тасымалдауды жоспарлау  негіз болады. Жүк тасымалдауды жоспарлаудың мақсаты: мүмкіндігінше аз шығынмен тасымалды көлік түрлеріне шығынды  үнемдеу мақсатта бөлуде, жүк тасуда тепе-теңділікпен қамтамасыз етуде  және жүк артудың ырғақтылығы, сонымен  қатар, бар ресурстарды тиімді пайдлануда, техникалық мүмкіндіктерде, магистралды  желі мүмкіндіктерінде, жүк жіберушінің  сұранысын уақытында және толық  қанағаттандыру болып табылады.  

Заңдылық тұрғыда  тасымалдауды жоспарлау айтарлықтай  өзгертулерге ұшыраған жоқ. Тасымалдаудың  жоспары жылдық жоспарлау, айлық  жоспарлау және өтінім негізіндегі  жүк жөнелту болып бөлінеді. 

Басты жоспарлау  тасымал көлемін және теміржол саласы даму стратегиясын анықтауға мүмкіндік  береді. Жылдық жоспарлау есебімен халықаралық тасымалдың транзитті  тарифін қолдану сұрақтары ыңғайланады. Сондай-ақ, республикалық, халықаралық  қатынаста отандық жүк жөнелтушілерге тарифті төмендету мүмкіндігін  туғызады. 

ҚР «Теміржол көлігі туралы» Заңына сәйкес, тасымалдар берілген тапсырыс негізіндегі келісім  және жүк жіберуші мен тасымалдаушы арасында бекітілген жүкті тасымалдау туралы келісімге сай орындалады. Келісім шартпен тасымалдың мерзімі, көлемі, көлік құралымен қамтудағы  талаптары мен тәртібі және жүкті  тасымалға әкелу анықталады.  

Жоспарланған айлық  тапсырыс бойынша жүк тасымалдау келісімнің бірі болып табылады. Жүкті  тасымалдау тапсырысының түрі, оны  ресімдеудің тәртібі, толтырылуы, орындалуы, есептеу мен енгізілген өзгерту  жүк тасымалдау Ережесімен қарастырылады.  

Құрылымдау мақсаты  есебінен, қолданыстағы заңнама негізінде  тасымалдау үрдісіне қатысушылардың қарым  қатынасы нарықтық бәсекелестік жағдайда жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру  темір жол көлігі қызметі жүктерді тасымалдау жоспарын сапалы өзгертуді  қарастырады.  

Жүктерді тасымалдауды жоспарлау тасымалдау үрдісімен  тығыз байланысты және тасымалдаушының  техникалық мүмкіндігін тиімді пайдалануға  жол ашады. Жылжымалы құрамның барлық түрлерін үнемді қолдану, олардың сыйымдылығы, жүктерді бағыттармен тасымалдауды арттыру, қозғалмалы құрамның бос жүруін азайту, жүк түсіру мен жүк арту кезінде вагондардың тұрып қалу уақытын азайту. Теміржол көлігі саласында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырып жүрген тұлға болып «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңына сәйкес тасымалдау үрдісінің қатысушысы табылады. 

Жүктерді тасымалдауды жоспарлауда тасымалдаушы, жүк жіберуші, жүк алушы, экспедитор тасымалдау үрдісінің  қатысушылары болып табылады. «Теміржол  көлігі туралы» ҚР Заңына сәйкес тасымалдаушы белгіленген мерзімде қабылдап алуды, ал жүк жіберуші тасымалдауға келісілген мерзімде жүк беруге мінеттеледі  

Магистралді теміржол желімен жүк тасымалдау, орындалуға қабылданған (келісілген) жүк жөнелтушінің жүкті жөнелту тапсырысы негізінде  жүзеге асырылады. Мәлімдеме жүкті  тасымалдау жоспары бойынша жүк  жіберушіге беріледі.  

Жүк тасымалдаудың  айлық жоспарлануы жіберушімен  берілген жоспарланатын айдан кем  дегнеде республикалық және халықаралық  қатынастағы 14 күн бұрын және халықаралық  қатынастағы үшінші елдерге кем  дегенде 20 күн бұрын тасымалдаушыға жүк тасымалдау жоспары бойынша  айлық мәлімдеме негізінде жүзеге асырылады. 

Тасымалдаушыға жүк  тасымалдау жоспары бойынша мәлімдемелер жүк жіберушімен ГУ-12 формасындағы арнайы бланкілерінде ресімделген  жүк номенклатурасы анықталған үш данада беріледі.  

Өтінімнің әр данасына ұйым басшылығы қол қойып, ол қол  қаржылық операцияларда қолданылатын мөрмен бекітіледі. 

Тасымал жоспары  бойынша өтінімге енген мәліметтер және кодтардың дұрыстығына , жүкті  шығаруда ұйым тұтынуы тасымалы көлемінің  мәлімдемеге сайлығына, сонымен қатар, қозғалмалы құрам түріне, тасмалдың үнемділігіне жүк жіберуші жауап береді.  

Жүк тасымалдау жоспары  бойынша, айлық өтінімнің бланк  формасы, электронды есептеу машинларында берілген мәлімдемелердің автоматтандырылған өңдеуінің мүмкіндігін қарастырып, республикалық қатынастарда, халықаралық  қатынастарда, үшінші елдің халықаралық  қатынасында жүк жіберушілердің барлығы үшін бірдей болады.  

Жүк жіберушілер  тасымалдаушыға әр жүк номенклатурасына, әр аттандырушы станцияға, жүк тасымалдау жоспары бойынша, үшінші елдің халықаралық  қатынасында магистралді темір  жол желі операторына жеке айлық  өтінім береді; 

 Тасымалды ұйымдастыру  және жоспарланған айға тасымалдаушының  техникалық мүмкіндіктері туралы, өтінім берілген тасымал көлемі  келісім шартқа сай келгенде  тасымалдаушы жүкті тасымалдау  жоспары бойынша айлық өтінімді  магистралді темір жол желі  операторына береді  

Магистральді темір  жол желі операторы автоматтандырылған жүйе жүк тасымалдауды жоспарлау (алда АРМ МПП) тасымалдаушылар мен  сұрыптаудан өткен құралдарымен, таныстырылған жүк жіберушілер  негізінде, республикалық, халықаралық  және үшінші елдің халықаралық қатынасында, жүк тасымалдау жоспары бойынша  тасымалы ескерілген жүк тасымалы жинақталған  айлық жоспары жобасын әзірлеуде.

Жүк тасымалдаудың  жоспарлық желі құрылуы үшін, жүк  тасымалдау айлық жинақтау жоспары  құрылған жобаны, магистральді желі операторы, межеленген жолы, жүк номенклатурасы және жылжымалы құрам түріне байланысты есеп шоттарының макетіне жинақтап, белгіленген  мерзімде жүк тасымалдау теміржол көлігінің  Кеңес Дирекциясына (алда Дирекция) жөнелтеді;

Магистральді темір  жол желі операторы қабылданған  және жалпыланған АРМ МПП айлық  жүк тасымалы жоспары негізінде, жеке вагон паркін (жалға алынған) бөлумен бірге, қозғалмалы құрамның техникалық нормаларын орындауды әзірлеу  үшін, тиелген вагон ағымдары корреспонденциясының жобасын құрайды;

Берілген есеп шот  негізінде Дирекция тағайындалған  мерзімде магистральді желі жолға жөнелту  операторын жылжымалы құрам пайдаланудың нақтыланған айлық техникалық нормалары  және шамамен тәулігінде тонналар мен  вагондар номенклатура бойынша бөлінген жүк тасымалдың айлық жоспары  туралы ақпараттандырады;

Магистралдық желісінің  операторы жөнелтушілерге тасымалдау жоспарын хабарлайды, ал жөнелтушілер әр арту станциялар бойынша тасымалдау жоспарларын хабарлайды.  

Станция жоспарлық  айының келуінен бұрын жүкжөнелтушілердің келісуімен жоспармен жүк тасымал  өтінімінің орындалу тәртібін белгілейді, бұл ай, декада, тәулік бойын тасымалдаудың  бірыңғайлылығы пен ырғақтығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жөнелтілген  бағыттар бойынша жүк тасымалдың өтінімін орындау және артудың көбеюін  қамтамасыз етеді. Айлық өтінімдермен қатар жүкжөнелтушілер жүк тасымал  жоспары бойынша жоспарланған айдың  алдында, 14 күннен кеш емес, жөнелтушіге  жүк өтінімін, бағыттарын ұсынады, айлық  тасымалдау жоспары бойынша өтінімді белгіленген тәртіпте үш данамен  тапсырады. Жүкжөнелтуші жүк тасымалдаушының  келісімімен бағыттарға тасымалдауды календарлық күн сайынғы жоспарын құрып бекітеді және жоспарлық ай басталғанша үш күннен бұрын тасымалдау станцияларына және жүк жөнелтушілерге хабарлайды.  

Жүк жөнелтушілер декада басталғанға дейін 3 күн бұрын  тасымалдаушыға ГУ-11 формасы бойынша  жүк тасымал жоспарын арту көлемімен  декада күндері бойынша есептелген декадалық өтінімін беруге міндетті. Жүк тасымал жоспары бойынша  өтінім келісілген тәртіпте тасымалдау жоспарын орындау ГУ-1 формалы есеп картасына енгізіледі . 

Жүк тасымалы бойынша  айлық өтінімдер, егер жүкжөнелтушілермен белгіленген мерзімнен кеш берілсе, ППГ сәйкес тасымалдаушы оны жоспардан  тыс өтініш ретінде қарастырады.  

Жүк тасымалы бойынша  өтінімдерді тасымалдау күнінен 5 күн  бұрын жолданады. Мұндай өтінімдер  жүкжөнелтушілердің қаржылық әрекеттерінде  қолданылатын фирмалық бланкілерінде, банк және пошта деректемелері, байланыс телефондар, мекен-жайы, электрондық  поштасы көрсетілген, басшының қолы қойылған, ұйымның мөрі бар болуы  тиіс. Егер жоспардан тыс тасымалды  орындау мүмкін емес болса, тасымалдаушы үш тәулік бойы өтінушіге бас тарту  туралы хабарлауға тиіс.  

Тасымалдаушы келесі жағдайларда жүк тасымалы бойынша  айлық өтінімдерді қабылдаудан  бас тартады:  

1) егер онда көрсетілген  тасымал көлемі кәсіпорынның (жүкжөнелтуші) қайта өндіру және техникалық  қабілеттілігінен асатын болса;  

2) егер жүкжөнелтушінің,  жүкалушының, экспедитордың тасымалдау  үшін берешектері болса; 

3) егер жүкжөнелтуші  жүк тасымалы бойынша артық  айлық өтінімдерді берсе және  оның кінәсі бойынша алдыңғы  жоспар айларында олар орындалмаса;  

4) егер өтінілген  тасымал көлемінің қамтамасыз  үшін жылжымалы құрамды беру  мүмкіндігі болмаған жағдайларда;  

5) егер кіру жолдарын  пайдалану үшін шарт немесе  буын иесінің жазбаша түрінде  келісімі болмаған жағдайларда;  

6) жүкжөнелтуші АРМ  МПП құралдарымен енгізу және  өңдеу үшін көрсетілген деректерде  мәлімет дұрыс емес, немесе толық  емес және қателері болса.  

Жүк тасымалдары  бойынша негізгі айлық жоспарлар  өтінімдері бойынша тасымалдаушының  бағытталған станциялар мен жолдардың  өзгерістері жүкжөнелтушінің өтінімімен ағымдағы айдың аяқталуынан 15 күн  бұрын беріліп өзгертіледі. 

ППГ 4 бабына сәйкес тасымалдау (ЭДП) электрондық досье  – компьютердің жадындағы деректер жинағы, жүктерді қоса алып жүру және тасымалдауға қатысты хабарламалар мен құжаттардың  электрондық алмасуы. Электрондық  деректермен алмасу (ЭДА ) – (құжаттар, хабарламалар) жүктерді тасымалдау жөніндегі  деректермен алмасу, ақпараттық желілер, бағдарламалық және техникалық құралдар арқылы, деректермен алмасу туралы екі жақты келісілген хаттамалар негізінде құрылады.  

Бүкіл мәтін бойынша  ППГ ЭДА қарастырылған. 

Егер жүкжөнелтушілердің жеке автоматтандырылған жүйесі және/немесе тасымалдаушының ақпараттық жүйесіне (ААЖ) қатынау болған жағдайда, тасымалдаушының  АЖ сәйкестік фукционалды қабілеттілігі  анықталса, ЭДА арқылы жүктерді тасымалдау үшін өтінімді тапсыру қарастырылады. Қазақстан Республикасының заңнамаларына  сәйкес немесе екі тараптар келісімімен  ЭДА электрондық цифрлы қол қою  әдісі қолданылады. 

ППГ Қазақстан Республикасы теміржол көлігімен жүк тасымалдау тәртібінің үйымдастырылуын анықтайды. 

Халықаралық және транзиттік қатынаста Қазақстан Республикасы бойынша теміржолмен жүк тасымалдау Қазақстан Републикасы заңнамасына  және Қазақстан Республикасымен  ратификацияланған халықаралық  келісімдерге сай орындалады.  

Бүгінгі таңда тасымалды  ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында СММС тексерісі бойынша жұмыстар жүргізілуде. СММС -тің жаңа редакциясы, 1999 ж. ЦИМ редакцияларының жағдайын ескеріп, ОСТЖ темір жолдарында құрылымдық реформа дәлдігін көрсететін қолданыстағы СММС негізінде құрылуда.  

Жүктер мен вагондардың  сақталуы 

2001 жылдың 8 желтоқсанындағы  N 266 (бұдан былай - Заң), «Теміржол  көлігі туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 33 бабына сәйкес, магистралды  теміржол желі операторы мен  тасымалдаушы міндетті қатамасыз  етуге тиіс:

Тасымал барысында  жүкті сақтау;

Уәкілдік органмен бекітілген тізімге сәйкес еншілеріндегі  теміржол көлігі объектілерін күзету;

Өртке қарсы профилактикалық  жұмыстар жүргізу, теміржол көлігінде  өртке қарсы шаралар қолдану.  

Заңның 41 бабына сәйкес, жүк жөнелтуші қозғалыстың қауіпсіздігі сақталатындай, жүк пен қозғалмалы құрам амандығы үшін жүкті дайындауға міндетті. 

Заңның 62 бабына сәйкес, кіру жолдарда жүктің және қозғалмалы құрам аманығына қабылдап алушы  жақ жауапты. Тарау иесі алдында  контрагент жауапкершілігі сол ережелермен  анықталады.  

Заңның 76 бабына сәйкес, тасымалдаушы жүкке, багажға, жүкбагаждың  амандығына тасымалдауға қабылдап алған  сәттен бастап, қабылдап алушыға тапсырғанға  дейін жауап береді.  

Шығынға жауапкершілік  мүліктік қабылдап алу басталған  сәттен бастап жүктеледі. Түгел болмау, багаждың, жүк багажының бұзылуы.  

Жаман-Ащы - Жаңа-ауыл, Дегелең -Алтынтау, Мырза - Балқаш, Нұра - Балқаш, Нұра - Жезқазған, Нұра -Топар, Медеу - Каработано, Медеу - Кұлсары, Илийск – Каработано станцияларында жүк  тасымалдау барысында мөлшерленген бағыт бойынша берілген мәліметтер негізінде жүк тасымалдау Департаментімен  экономика және қаржы, корпоративті даму Департаметтеріне «Қазтеміртранс»АҚ  тасымалдаушы міндетін атқарған жағдайда тариф есебі, кіріс пен шығынды  анықтауға ақпараттар берілді.  

09.06.2006 жылға тариф  есебі мен экономикалық мақсатқа  лайықтылық тек Жаман-Ащы - Жаңа-ауыл, Дегелең - Алтынтау, Мырза - Балқаш, Нұра - Балқаш, Нұра -Жезқазған, Нұра  – Топар бағыттарына ғана ұсынылған.  Жаман-Ащы - Жаңа-ауыл, Дегелең - Алтынтау, Мырза - Балқаш, Нұра - Балқаш, Нұра - Жезқазған, Нұра – Топар станциялары  бойынша тасымал бағыттарын орынды  деп мойындау. Медеу - Каработано, Медеу -Кұлсары, Илийск – Каработано  станцияларында бағытты тасмалдың  орындылығын корпоративті даму  департаментінен тариф есебі  мен экономикалық орындылық жауабы  түскеннен кейін анықтау. Департаментпен  көрсетілген қызметке тарифтің  төмендеуі, жүк тасымалдау бағытының  ұйымдастырылуы туралы сұрақтың  корпоративті дамуы шешілгенге  дейін тасымалды орындауға дайындық  тоқтатылған.  

Жүк жіберу қызметі  бойынша қызмет саласын жақсарту.

халықаралық стандарттарға  сай технологиялық процестерді  енгізу және қызмет көрсету сапасын  жақсарту;

жүк тасымалдаудың  технологиялық және экономикалық жоғарылауының  басты ынталандыруы ретінде жүк  тасымалдау қызметін көрсететін тасымалдаушылар  арасында бәсекелестікті қамту қажет. Бұл ең алдымен, тасымалдаудың жылдамдығын  арттырады, жүк өңдеу орындарында  жүк вагондарының еш ақтаусыз тұрып  қалуын болдырмайды;

көлік қызметі нарығын  дамыту;

бақылаушы органдарға ортақ бекеттер ұйымдастыру есебінде кедендік, көліктік және басқа да бақылау  түрлерін жүргізу уақытын қысқартып  және процедураларды жеңілдету қажет; жүк арту ресурстарын босату және кәсіпорынның кіру жолдарында жүк операцияларында  қозғалушы құрамның тұрып қалуын төмендету мақсатында жүк жөнелтуші- кәсіпорындар теміржол инфрақұрылымдық  модернизациясы мен дамуы қажет. 

2004 жылдың 23 қарашасындағы  №429-1 (алда - ЖТЕ), көлік және коммуникация  Министрінің жарлығымен бекітілген  жүк тасымалдау Ережелерінің 90-шы  тармағына сай, жүк тасымалдауға  қабылдау жалпы қолданыстағы  подъездік жолдармен және клиенттің  подъездік жолымен орындалады. Жүк  операцияларына ашық станция  тізімі №4 Тарифтік басшылықта  жарияланады.

Жүк тасымалы