Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИҚАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Орындаған: Аяпбергенова А.
Қабылдаған: Көшпенбетова Л.М
Тараз 2013 ж.
КІРІСПЕ
1. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
1.1 ЖОҒАРҒЫ ЖҮЙКЕ ҚЫЗМЕТІ – ПСИХИКАНЫҢ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.2 МИДЫҢ РЕФЛЕКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ. ШАРТТЫ
ЖӘНЕ ШАРТСЫЗ РЕФЛЕКСТЕР, ШАРТТЫ РЕФЛЕКСТЕРДІҢ
ЖАСАЛУ ЖОЛЫ.
2. НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ
2.1НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
2.2ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
3. БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ СИГНАЛ
ЖҮЙЕЛЕРІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
3.1 БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ СИГНАЛ ЖҮЙЕЛЕРІ.
3.2 ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән – жайына
қанығу үшін
ми мен психикасының, материя мен
сананың қарым – қатынасын
біліп, жүйке жүйесінің құрылысы
мен қызметі жайындағы қажетті
мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке
жүйесінің қызметі және оның заңдылықтары
– психология ғылымының табиғи –
ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар
мен адамдардың психикалық әрекетінің
материалдық негізі – мидың және
оның бөліктерінің құрылысы екендігі
тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми
тұрғыдан анықталған.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен
байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан
келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады.
Бұлармен қатар нерв жүйесі түрлі дене
мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың
қызметін, зат алмасу мен қан айналысын
басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп
отыратын жағдайларына оларды бейімдеп,
үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі
нейрон деп аталатын жеке клеткалардан
құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының
екі түрлі тармағы болады. Олардың
бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе
аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа
тармақты дендрит деп аталынады.
Нейрондардың тарамдала келіп, өзара
түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары
атайды. Бұлар орталық, перифериялық
(шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің
өне бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал
перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын
нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер
жатады.
1.ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ. ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ.
1.1 Жоғарғы жүйке қызметі – психиканың физиологиялық негізі
Жүйке жүйесі
денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық
жүйелер қыметін, зат алмасуын реттеп
отырады, әрекеттер мен үрдістерді
сытртқы орта құбылыстарына бейімдеп,
тіршіліктің белгілі бағытта
өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке
жүйесінің ең жоғары бөлімі-ми. Ми сыңары
қыртысының ерекше қызметі - ойлау, дүниетану,
пікір тудыру дегеніміз - жүйке жасушасы.
Ол - жүйке жүйесі құрамындығы жеке
(дербес) бөлік, сол жүйенің морфоөрекеттік
негізі. Нейтрондардың арасын нейроглия
толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты
қоршайтын құрылым.
Нейрондар пішіні, келемі жағынан әртүрлі.
Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және
өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон
талықтары ұзындығына қарай (1 микроннан-1,5
метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге
бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит
қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон,
бірнеше дендрит болады.
Нейтроглия деп нейрондар аралығын толтыратын
жасушаларды (гли-опдарды) айтады. Глия
грек сөзі - желім дегей мағынада. Глиаксоны
екі түрлі - астроциттер және өзара түйіспелер
құрайды.
Астроциттердің
өсінді талшықтары көп болады. Олар
жасуша де-несінен күннің сәулесі
тәрізді жан-жақта таралады. Астроциттер
көбінесе мидың қан тамырлары бойында
орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады.
Олигодендпоциттер нейронның аксонын
қоршайды, тармақтары өте аз болады.
Бұл жүйенің аты латынның limbus - жиек деген
сөзінен алынған. Өйткені бұл жүйеге жаңа
ми қыртысының түп жағында ми бағанын
айнала қоршағап құрылымдар жатады. Олардың
көбі ми сыңарларының ішкі бетінде сүйелді
дененің жан-жағында орңаласқан: белдеуші
қатпар (gyrus hippocampi) миндаль (бадамша) тәрізді
кешен (комплекс), күмбез (fornix), гиппокамп,
мамиллярлық дене. Бұл құрылымдарды 1878
ж. лимбиялық қыртыс деп атаған. Ол қызмет
жағынан таламустың алдыңғы ядролары
мен гипоталамус және ортаңғы мидың торлы
Құрылымымен тығыз байланысты. Осы аталған
құрылымдардың қызмет бірлігін, оның аса
күрделілігіп көрсету үшін 1952 ж. П.Д.Мак-Лин
(америка ғалымы) оларды бір лимбиялық
жүйеге біріктіреді.
Лимбиялық жүйенің ең көрнекті қызметінің
бірі ішкі ортаның тұрақтылығын және жануарлардың
белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы
әсерленістерін сақтау. Лимбиялық жүйенің
әрбір бөлігін жеке тітіркендірсе түрлі
вегетативтік функциялар, ішкі ағзалардың
қызметі өзгереді. Мысалы, бадам тәрізді
кешенді тітіркендіргенде жүректің соғу
жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар
тонусы өзгереді. Ас қорыту ағзаларының
қызметі ішек қимылы, сілекей бөлінуі
көбейін, шайнау, жұту қимылдары пайда
болады. Мұнымен қатар, қуық жатыр жиырылады,
пилоэрекция күшейееді. Мұндай өзгерістер
лимбиялық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде
де пайда болады. Мұнымен қатар қуық, жатыр
жиырылады, пилоэрекция күшейеді. Мұндай
өзгерістер лимбиялыық жүйенің басқа
бөліктерін тітіркендіргенде де пайда
болады. Айтылған вегентативтік әсерленіс
гипоталамусты жеке тітіркендіргенде
кездесетін әсерленістерге ұқсас, дегенмен
тұтас лимбиялық жүйенің қатысуымен вегетативтік
әрекеттердің реттелуі гипоталламустан
көп жоғары дәрежеде өтеді.
Лимбиялық қыртыс
гипоталамуспен бірге ішкі ортаның мұқтаждығын
қамтамасыз ететіп іс-әрексті мен эмоцияның
калыпптасуына қатысады.
Лимбиялық жүйенің кейбір жерін тітіркендіргенде
жануарларда себепсіз ашу, ызалану, бой
бермей шабуыл жасау немесе қорқыныш сезімдері
пайда болады. Егер ол бөліктерді алып
тастаса, мысалы, бұрын шабуыл жасауға
әрқашан даяр маймыл жетекшісі жуас және
сенгіш болып қалады. Мұнымен бірге оның
ас іздеу әрекеті және жыныстық функциясы
бұзылады. Мұның бәрі лимбиялық жүйе, гипоталамус
секілді, вегетативтік және денелік, эндокриндік
әрекеттерді үйлестіріп біріктіретінің
көрсетеді.
Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне
қатысады. Адамның гап-покампын алып тастаса,
жақын арада болғап барлық окиғалар естен
шығып, ұмытылады. Ал операция кезінде
бұл құрылым тітіркендірілсе, бірден тез
өтетін оқиғалар еске түседі.
Гиппокамптың құрылым ерекшеліктері ондағы
қозудын кейрондар тізбектері арқылы
айналып жүруіне керекті жағдай туғызады.
Осы мәселе, оның есте сақтау қызметінің
негізін құрады. Есте сақтау бұл гиппокамп
пен жаңа қыртыстың қызметі. Гиппокамп
арқыпы лимбиялық жүйе жаңа ми қыртысының
самай, мандай бөлімдерімен байланысады.
Қорыта келгенде лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен қосылып бүкіл вегетативтік және дене қызметтерін реттеу, үйлестіру жұмыстарына қатысады.
1.2 МИДЫҢ РЕФЛЕКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ. ШАРТТЫ
ЖӘНЕ ШАРТСЫЗ РЕФЛЕКСТЕР, ШАРТТЫ РЕФЛЕКСТЕРДІҢ
ЖАСАЛУ ЖОЛЫ.
Орталық жүйке
жүйесінің негізгі кьпметі - рефлекс
(ferlescsus -латын сөзі –тойтарыс беру) тітіркендіруге
жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін
тұңғыш рет қолданған француз философы
Рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама
берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс
туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік
теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары
И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин.
Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын
орталық жүйке жүйесінін белгілі бір жерінде
топ-талған нейрондар жиынтығын айтады.
Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы
болады. Орталық жүйке жүйесі көптеген
жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен
тұрады.
Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер
арқылы тарайды. Сондықтан қозудың өткізу
еректішеліктері түйіспелердің физиологиялық
қасиеттеріне байланысты.
Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 ме кідіріп, жүйке
орталынғынан баяу өтеді.
Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру
арқылы оның ет және жүйке талшықтарына
қарағанда тез қажитыны анықталды. Бұл,
біріншіден, түйііспелерде медиаторлар
мөлшерінің, екіншіден, нейтрон денесіндегі
қуат қорының азаюынан, үшіншіден, нейрондарға
оттегі жетіспеуінен (гипоксия) болады.
Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында
баяу өтсе, келесі толқыны жылдамырақ
өтеді. Бастапқы қозу келесі қозудың өтуін
жеңілдетіп, жүйке орталығында із қалдырады,
қысқасы, бастапқы қозу келесіге жол салады,
сөйтіп оның өтуін жеңілдетеді.
Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен
күші тітіркендіргіштін жиілігі мен күшіне
тең бола бермейді. Жеке тітіркендіргішке
жауап ретінде жүйке орталығында көптеген
қозу толқындары пайда болады.
Тітіркендіргіш
әсеріне қарағанда оған қайырылатып жауап
(рефлекстік әсерленіс) уақыты жағынан
әлдеқайда ұзағырақ. Қабылдағышты тітіркендіру
тоқтағанымен жүйке орталығында қозу
көпке дейін тоқтамайды. Бұл үрдіс тітіркендіруден
кейінгі әрекет деп аталады.
Дивергенция мен конвергенция. Қозудың
орталық жүйке жүйесін. Қоздыру ерекшелігі
осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон
тармақталып көптеген нейрондармен байланысады
да түйіспе құрады, яғни бір нейрон аксонының
серпінісі бірдей бірнеше нейронды қоздырады.
Мұндай құбылыс дивергенция (тармақталыс)
деп аталады. Бұған қарама-қарсы құбылыс
- конвергенция (түйістіріліс), яғни бірнеше
нейроннан кепіп түскен серпіністердің
бір немесе азғана нейронда жинауы.
Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы
тежеуші нейрондары қозған кезде басталатын.
Жұлыннан Реншоу жасушасы табылды. Бұл
жасуша жұлын мотонейронының айналасында
орналасқан. Оны мотонейрон аксоңының
бұтағы қоздыра ды. Тежелуші жасушалар
мидың әр жерінен табылды. Тежеуші нейроның
аксонытның ұшыпан тежелу медиаторы (гаммааминмай
қышқылы не глицин) бөлініп шығады да оның
әсерінен түйіспеден кейінгі тежеуші
потенцил пайда болады.
Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде
орталық жүйке жүйесіндсгі су бординация
кұбылысы мен қозуды өткізу ерекшеліктері
әсіресе жинақы қозу, конвергеция мен
окклюзияның маңызы өте зор. Бұлармен
қатар орталық жүйке жүйесіндегі кездесетін
бірнеше құбылыстар (принциптер) рефлекстерді
үйлестіру негізін құрады: қозу мен тежелудің
жайылысы (иррадиациясы), бір жерге шоғырлануы
(концентрациясы), үрдістердің индукциясы
мен реципроктық тежелу, доминаттық қозу,
кері байланыс, соңғы жалпы жол. Жүйке
орталығында пайда болған бір үрдіс екінші
қарама-қарсы үрдістін тууына себепкер
болады. Бұл индукция құбылысы. Жүйке жүйесінде
қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады.
Мәселен, жұлынның бір сегментін жартысында
бұғу орталығы қозады. Мұнымен бірге екінші
жартысындағы жазу орталығы қозыт, бұгу
орталығы тежеледі. Келесіде осы орталықтағы
үрдістер бірін-бірі алмастырады. Индукция
себебінен пайда болған тежелуді Ч. Шерингтон
репрокцииялық (жегілген немесе қосарланыс)
тежелу деп атаған. Репрокциялық тежелудің
арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы
қозғалтатын қимыл рефлекстері тумайды
Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен
үйлесуін қамтамасыз етеді.
2. НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. ЖОҒАРЫ
2.1НЕГІЗГІ НЕРВ ПРОЦЕСТЕРІ, ТЕЖЕЛУ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Жоғары дәрежелі нерв қызметі – жануарлар мен адамның орталық нерв жүйесінің үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекеті. Организмнің органдарының өзара қызметін реттейтін орталық нерв жүйесіне қарағанда, жоғары дәрежелі нерв қызметі организмнің сыртқы ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. «Жоғары дәрежелі нерв қызметі» терминің ғылымға И.П.Павлов енгізген және ол бұны «психикалық әрекет» деген ұғымға тең деп санаған. Павловтың пікірінше, психикалық әрекеттің барлық түрі, оның ішінде адамның ақыл-ойы мен санасы да жоғары дәрежелі нерв қызметіның жеке бір түрі. Павловтан бұрын жоғары дәрежелі нерв қызметі жөнінде И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» деген еңбегінде психикалық әрекеттерді материалистік тұрғыдан түсіндірді.[1]
Жоғары дәрежелі нерв қызметі шартсыз және шартты рефлекстердің әсерінен жануарлар дүниесінің тарихи даму жолында өзгеріп отырған. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың мінез-қылығында туа пайда болған нерв әрекеттері жүре келе пайда болған нерв әрекеттерінен басым болады. Жануарлар эволюциясы процесінде жүре келе пайда болған нерв әрекеттері үдеп жоғары дәрежелі нерв қызметінің басым түріне айналады. Бұлардың көптеген түрі едәуір өзгереді, шартты рефлекстер үздіксіз күрделенеді және жетіледі, олардың құрамы толығады, шартты рефлекторлық әрекеті жетіле түсіп, организмнің тіршілік ортасына беімделу процесінде негізгі реттеуішке айналып, организмнің өзгерген жағдайға дер кезінде, нақты бейімделе алу қабілетін қамтамасыз етуде үлкен биологиялық маңызы бар.[2]
Павловтың пікірінше, тіпті жоғары сатыдағы жануарлардың (мысалы, ит, маймыл) жоғары дәрежелі нерв қызметі – адамға да, жануарларға да тән бірінші сигнал жүйесі шартты рефлекстерінің жиынтығы. Бірақ ол адамда оның өсу, даму, еңбекке үйрену, біртіндеп тіл шығып сөйлеуіне байланысты. Сөз тікелей тітіркендіргіштер тәрізді әсер етеді. Павловтың айтуынша, осы «бірінші сигналдардың сигналы» екінші сигналдық жүйе (сөз сөйлеу, ойлау, жазу) түрінде қалыптасты. Екінші сигналдық жүйе біріншінің негізінде пайда болған және онымен қызметі жағынан тығыз байланысты бола отырып, адамның саналы тіршілігінде негізгі шешуші, реттеуші факторға айналады. Ол арқылы түрлі құбылыстар жинақталады, заңдылықтар ашылады, адам табиғатқа үстемдік жүргізе алады.
Павловтың пікірінше, жоғары сатыдағы жануарлардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің негізі – орталық нерв жүйесінде түзілетін шартты рефлекстер (жоғары сатыдағы омыртқалылар мен адамда үлкен ми қыртысында), сондай-ақ күрделі шартсыз рефлекстер (соқыр сезім, эмоция және т.б.). Павлов жоғары дәрежелі нерв қызметінің мынадай негізгі заңдылықтарын немесе ережелерін дәйектеген:
- Шартты рефлекстердің түзілуі;
- Шартты рефлекстердің тітіркендіру күшіне байланыстылығы;
- Шартты тітіркендіргіштер әсері;
- Ми қабығында шартты рефлекстің бекімегендігінен, шартты тітіркендіргіштің күшеюінен немесе үйреншікті емес тітіркендіргіш әсерінен тежелу пайда болуы;
- Үлкен ми қыртысында нерв процестерінің таралуы мен топтануынан оның бөлімдерінде қарым-қатынас пайда болу;
- Нерв процестерінің өзара индукциясы пайда болуы.
Сөйтіп жоғары дәрежелі нерв қызметі организмге әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштер түбегейлі талдап, синтездеп организмнің сыртқы ортаға жете бейімделуін қамтамасыз етеді.
И.П.Павловтың түсіндіруінше, шартты рефлекстердің түзілуі үшін ми қыртысындағы белгілі бір қозу ошақтары арасындағы бұрын болмаған шартты байланыс деп саналатын (немесе уақытша байланыс деп те аталады) байланыс болуы қажет. Бұның сыртқы көрінісі жануар бұрын өзі үшін бөтен болып келген тітіркендіргіш әсеріне (шамның жағылуы, қоңырау соғылу және т.б.) шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ беру, электр әсері) бекітпей-ақ тиісті рефлекторлық реакциямен (сілекей бөлу, аяғын қозғалту және т.б.) жауап береді. Шартты рефлекстердің түзілуі барысындағы тәжірибелер ми қыртысындағы түрлі пункттердің үнемі бір-бірімен өзара әрекеттесуде пайда болатындығын көрсетті. Мұның нәтижесінде ми қыртысы бөлшектеп қарауға болмайтын тұтас функционалдық жүйе екендігі туралы ұғым қалыптасты; жоғары дәрежелі нерв қызметінің түрін талдай келе, бұларды қалыптастыруда орта әсерінің, тәрбиенің үлкен маңызы бар екені дәлелденді.
2.2ЖОҒАРЫ НЕРВ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ.
Адамда жоғары дәрежелі нерв қызметінің дамуы тілдің шығуымен тікелей байланысты. Бала туғаннан кейінгі алғашқы шартты рефлекстер бағдарлау-реттеу түрінде байқалады. Сондай-ақ баланың жоғары дәрежелі нерв қызметінің жетіліунде еліктеу рефлекстерінің де үлкен маңызы бар. Алғашқыда сөз арқылы тікелей тітікендігіштер қабарланады, кейін ол күрделі шарты тітікендіргіштердің түрлі құбылыстардың сигналына айналады. Павловтың СССР-дегі және шетелдегі шәкірттері мен жолын қуушылар оның жоғары дәрежелі нерв қызметі жөніндегі ілімін дамытуда. жоғары дәрежелі нерв қызметінің негізгі шартты рефлекстер жер жүзілік нейрофизиология және эксперименттік психологиянвң түбегейлі де кен зерттеуі болып отыр. жоғары дәрежелі нерв қызметі Павлов қолдаңған тамаша әдістерімен қатар жаңа макро және микроэлектрофизиол, цитохим, әдістер арқылы да зерттелуде. Бұл мидың беткі және терең қабатарының структурасын жеке нерв клеикалары қызметін олардың әрекетінің молекулдіқ негізін ашуға мүмкіндік берді. Қазақстанның және шетелдегі ғалымдардың көптеген еңбектері Павлов пен оның шәкірттері ашқан жоғары дәрежелі нерв қызметіінің негізгі дәйектері мен заңдылықтары дұрыс екенін дәлелдеді. Бұнымен қатар жоғары дәрежелі нерв қызметіінің мидағы негізгі процестерінің механизмі ашылды. Мысалы электрофизиологиялық және нейрохимиялық зерттеулер нәтижесіндек ми стволы мен аралық мидың торлы қабатының ми қабығының дұрыс қызмет атқаруына маңызы бар екені анықталды. Бұл ми қыртысы асты бөліктерінің шартсыз рефлекторлық әрекетімен белгілі бір дәрежеде болуына әсер ететін энергия көзі деп болжаған Павловтың пікірін дәлелдеді. Шарты рефлектсердің түзілуін электрофизиологиялық әдістері мен зерттеу нәтижелері индифференті қоздырғыштың шартсыз қоздырғыш пен байланысында бұл қоздырғыштарының кортикалық бөліктерінің әсіресе қоздырғыштардың қозуы едәуір үдейді және бұның шартты рефлекс түзілуіне үлкен маңызы бар екені байқалған.
Бұнымен қатар шартты рефлектердің жаңа түрлері (интроцептивті, бинарлық тағы басқа) олардың түзілуінің жаңа фазасы (бастапқы шоқтану фазасы) және кортиқалдық тежелуі (превентивті тежелу фазасы) ішкі тежелудің пайда болуы және оның бір жерге шоқтану механизмі дәлелденген. Жоғары дәрежелі нерв қызметіінің филогенетикалық және онтогенетикалық эволюциясы экологиялық сигналдардың маңызы тағы басқалар анықталған. Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімінің теориялық және практикалық маңызы зор. Ол - диалектикалық материализмнің табиғи-ғылыми негізін кеңейтіп, Лениннің бейнелеу теориясының дұрыс екеннін дәлелдейді, идеализмге қарсы күресте идеологиялық қару. Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілім осы кездегі табиғат тану ғылымының ең үлкен жетістіктері, ол физиологоияның жаңа дәуірі дамуының бастамасы болды. Бұл ілімнің орталық нерв жүйесінің кейбір ауруларын емдеуде, психология, педагогика, кибернетика ғылымдарына еңбекті ғылыми ұйымдастыруда маңызы зор.[3]
3. БІРІНШІ ЖӘНЕ ЕКІНШІ СИГНАЛ ЖҮЙЕЛЕРІ. ДИНАМИКАЛЫҚ СТЕРЕОТИП.ОЙЛАУ.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына
әр түрлі түсінік беріледі, ойлау
дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан,
тілмен тығыз байланысты психикалық
процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі
нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі.
Бұл бейнелену адам ойының талдау
және біріктіру әрекеттері арқылы танылады.
Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың
жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы
ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның
өмір тәжірибесі мен практикалық
іс-әрекеттері нәтижесінде пайда
болып, тікелей сезім процесінің
шеңберінен әлдеқайда асып түседі.(5.28)
Ойлау – адам соның арқасында заттар мен
шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері
бойынша бейнелендіретін және олардың
ішінде сондай-ақ арасында болатын әр
түрлі байланыстарды ашатын психикалық
процесс.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс.
Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады.
Бұлардың ішінде логика мен психологияның
орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі
адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің
заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл
адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары
мен формаларын айқындайды, адам ойының
нақты нәтижесі болып табылатын ұғым,
пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын
зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным
мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу,
ойлаудың білім мен тікелей байланысты
екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын
өзгерту болып табылады. Психологияда
ойлаудың үш түрі қарастырылады.
1.Практикалық іс-әрекеттілік.
2. Көрнекі-бейнелік
3.Сөздік – логикалық.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді
қамтиды.
1/ Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын
дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік,
сөздік-логикалық/
2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру
/анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/
т.б.
3/ Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін
дамыту.
4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары,
қатынастары мен маңызды байланыстарын
табу.
5/ Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
6/ Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз
және негізді түрде баяндау.
7/ Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан
екіншіге көшіре білу.
8/ Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген
қорытынды жасау.
9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан,
диалектикалық логикаға негізделген ойлауға
көшу процесін стимулдау.
10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде
формальды және диалектикалық логика
заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары
мен біліктіліктерін жетілдіру.
Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың
ойлауын дамыту дегенде ойлаудың барлық
түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру
және жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде
тәсілдерінің білімінің бір облысынан
екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді
түсінеміз.
Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру
арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз.Ойлауды
дамыту критерилері ретінде оқушылардың
ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің
жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді.
Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий
– деңгейдің өлшемі.
Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін
анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың
сегіз шартын тұжырымдайды:
-ойлау операцияларын түсіну дәрежесі
– ойлаудың маңызды сипаттаушысы:
-операцияларды меңгеру дәрежесі/анализ,синтез,
салыстыру, жалпылау, нақтылау, классификациялау
және т.б./ оларды барлық танымдық процестерде
қолдана білу /оқу, оқудан тыс/
-операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін
басқа жағдайларға және басқа нәрселерге
ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.
-ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу
дәрежесі.
-білім қорының, олардың жүйелілігінің,
білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу
дәрежесі.
-мидың әртүрлі сапаларының динамикалық
дәрежесі /тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі,
шапшаңдылығы және т.б./
-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен
жұмыс,жаңа жағдайларға бейімделе білу.
-оқушылардың логикалық ой қорытуларды
меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана
білу дәрежесі (6.32)
Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын
дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін
атап көрсетті.(7.57)
Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын
дамытуға ықпал етуге болады:
1.Ойлаудың икемділігі.
2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.
3.Ойлаудың сынилығы.
4.Ойлаудың мақсаттылығы.
5.Ойлаудың жалпылығы.
6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.
7.Анықтылығы,дәлелдігі.
Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың
ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың
интеллектуалдық потенциалын дамытуға
көмектеседі.
Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек
оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның
жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді.
Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен
қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі
барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының
дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі
ұлғаяды,қарастырылып отырған мәселенің
түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік
алады.
Ақыл-ой еңбегі мәдениеті --- ойлау мәдениеті---
сыншыл ойлау мәдениеті.
Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес
білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой
еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және
оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап
етеді.
Ойлау мәдениеті түсінігін А.Қасымжанов,
А.Ж.Келбұғанов ойлау қабілеті дамуының
белгілі бір дәрежесі ретінде түсінеді,
яғни тар мағынасында ол “Ойлаудың қағидалық
әдісі немесе ұғымдарға сүйеніп ойлау
өнері”. Бұл бәрін терең, әрі жан-жақты
қарастыруға көмектесетін, сол арқылы
мәңгі даму үстіндегі әлемді дұрыс қабылдайтын
ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру
арқылы қол жеткізу (8.43).
Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз
бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті
дағдыларын меңгереді. Бұл оларда өзінің
жұмыс орнын қарапайым ұйымдастырудан
бастап, дәл және дұрыс ақыл-ой, сонымен
бірге практикалық әрекет дағдыларына
дейін барлығынан көрініс табады. Олар
ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды.
Олардың таным әрекеті жоғарғы дәрежелі
ойлау операцияларымен, ойлаудың шапшаңдығы,
икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын
кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің
білімін, интеллектуалдық біліктілігі
мен дағдыларын өз бетінше көшіріп қолдана
алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын
меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап,
уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды.
Бұл жерде сөз ақыл-ой процестерінің сырттан
басқарылуы/мұғалімі тарапынан, бағдарламалық
оқулықтарымен, оқытатын құралдар, электронды
машиналармен/ жөнінде ғана емес, оқу әрекеті
барысында саналы түрде өзін-өзі басқару
және өзін өзі реттеу жөнінде де болып
отыр. Ал бұл үшін оқушыға оның жеке-психологиялық
ерекшеліктерін, оның оқу және практикалық
әрекетке қатынасын ескере отырып ықпал
ету керек және оныңмеңгерген өзіндік
жалпылама тиімді тәсілдерін меңгеруін
қамтамасыз етуі қажет. Интеллектуалдық
білік-дағдыларға үйрету бір-бірімен тығыз
байланысты болатын төрт мәселені қамтиды:
ойлау әрекетінің саналы болуына қажеттілік
қалыптастыру, әрекет ету бойынша жалпы
ережелерді білу, бұл әрекеттерді тәжірибе
жүзінде тексеру және өзін-өзі бақылау.Оқушыларды
керекті себептендіруді /мотивация/ тудыру
үшін оларда ойлау процесінің өзін саналандыруға
/рационализация/ қажеттілік пайда болуы,
оны дамыту туралы неғұрлым кең мәселеге
өсетін белгілі бір нақты әдіс қолданылады.
Зерттеулер көрсеткендей, бұл қажеттілік
оқыту барысында ақыл-ой әрекеті әдістерінің
ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда
болады. Ойлауды саналандыруға қажеттілік
ойлау мәдениеті әдістерін тиімді меңгерудегі
қажетті алғы шарттардың бірі болып табылады.
Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі
ақпараттарды сақтай алады, бірақ оны
пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған
материалдың мазмұнын жете түсінбеуі
де мүмкін. Міне осы жерде ойлау мәдениетіне
үйрету керек болары сөзсіз.
Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде
ойлау әрекетінің белгілі бір тәсілдері
мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай
стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі
анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог
психологтардың көзқарастары әртүрлі,
біреулері оқытуды өз бетінше ойлауды
дамытатындай етіп ұйымдастыру керек
деп есептейді,егер соңғы нәтижесінде
оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін
болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ.
Жақсы өңделген және берік тұрақталған
әдістердің қалыптасуына әкелетін ақыл-ой
дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ
бұл пікір жалпылама сипатта ғана, себебі
нақты әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті
болып келеді. Бұл жерде біз ойлау мәденеитіне
тоқталамыз.
Соңғы кездердегі педагогикалық ізденістерде
ақыл-ой біліктерінің мақсатты түрде дамуына
ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына
ерекше назар аударылуда, яғни ойлау дағдыларына
үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне
ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан
бері педагогикалық тәжірибеде әртүрлі
оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты
тапсырмаларды енгізуге ұмтылыс жаппай
сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға
жаппай бағдар беру мақсатында ойлаудың
білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсету
үшін ортақ үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға
тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай
үлгісі жасалды. Ақыл-ой/интеллектуалдық/
дағдыларының орталық тірегі, діңгегі
болып ойлау белгіленеді.
Ойлау мәдениеті үшін төмендегідей сапалар
тән болуы тиіс: айқындық, қайшылықсыз,
бірізділік, негізділік, дәйектілік, яғни
ойлау тәртібін құрайтын заңдылықтар
басшылыққа алынады.
Ойлау мәдениетін тек қана пайымдаулар
мен тұжырымдардың логикалық тұрғыдан
қатаң дәлелдігі айқындамайды, ол үшін
мінез-құлықтың да белгілі бір сапалары
қажет: “оқушының ақыл-ойын басынан-ақ
өзіндік сыншылдыққа, өзіндік көзқарастарын
өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге
жауап табуға үйрету керек” екендігін
И.Кант дәлелдеген болатын (9.102)
Ақылдың сыншылдығы, сонымен бірге, жеке
тұлғаның мінез-құлық
ерекшелігіне айналады, ақыл-ой процестерінің
жүруіне әсер етеді. Ол, шын
мәнінде, міндеттің ақиқат жағдайлары
мен шарттарына сәйкес келмейтін сәтсіз
ұқсату –сәйкестендірілуі шығарып тастайды.
Адам өзінің және өзгенің ойларына қатаң
баға беріп отырады, олардың күшті және
әлсіз жақтарын көре біледі, кез-келген
болжамды ақиқат ретінде тани бермейді,
оның ақиқаттығын дәлелдеуге ұмтылады.
Адамның ойлау сыншылдығы өзі қалыптасқан
көзқарастарын, қағидаларын қайта қарап,
егер ол ғылым мен практиканың жаңа, тың
мәліметтеріне,деректеріне қайшы келсе,
оларды соған сәйкес өзгертіп отырады.
Ғылыми-техникалық даму жағдайында әр
саладағы білімнің қажеттілігі мен адам
әрекетінің сан алуан түрлерінің бөлініп
шығу үрдісі, сонымен бірге әртүрлі мамандыққа
ортақ болатын құраушы бөліктерінің көрініс
беруі арқылы олардың бірігу үрдістері
үнемі жүріп жатады, бұл адам еңбегінің
неғұрлым түсуінің нәтижесі болып табылады.
Сондықтан оқыту барысы кезінде жеке тұлғалық
сапалардың нақты дағдылары мен біліктерінің,
қатаң анықталған білім жүйесінің қалыптасуын
қамтамасыз ету керек болады. Бұның бәрі
оқушының оқу процесі кезіндегі ақыл-ой
әрекетін басқара білуді барынша өзекті
мәселеге айналдырды.
Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей
оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде үздіксіз
жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын
айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының
мазмұны, оқыту әдістері және оқушының
сол арықылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған
өмірге байланысты жеке өзіндік тәжірибесі
арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы
және сыныптан тыс сабақтардың мазмұны
және мектеп оқушылары оқып білім алатын,
өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының
дәрежесі болып табылады.
Оқушылардың ойлау әрекетін басқарудың
маңыздылығы қазіргі заманғы оқыту процесін
талдау барысында үш негізгі аспектіден
ашылады:
1.структуралық/құрылымдық/-
2.функционалды /қызметтік/ - оқыту процесін
басқаратын негізгі бағыттың көрінісін
анықтау тұрғысынан;
3.информативтік /ақпараттық/ - осы жүйеде
әрекет ететін білімдік, танымдық ақпараттар
тұрғысынан;
Ақыл-ой әрекетін басқарудың маңыздылығы
оқытушы мен оқушының белсенді түрдегі
байланысын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен
арта түседі. Ұстаз оқушының танымдық
әрекетін мақсатты түрде басқару арқылы
нәтижесінде оқушыда белгілі бір анық
білім қоры, дағдылар мен тіліктер қалыптасады.
К.Н.Волков адам ойының, ойлаудың дамуы
нәтижесінде бірқатар құнды ойлар білдірді.
Бұл процесте оқытудың жетекші роль атқаратынын
ерекше көрсете отырып, К.Н.Волков: “оқыту
процесі оқушының кешегі өткен даму жасына
емес, болашақтағы даму жасына қарай бағыт-бағдар
алуы тиіс, оқытуды аяқталған бір даму
кезеңі немесе деңгейі ретінде қарастыруға
болмайды. Оқыту ең алдымен әлі қалыптаспағанға,
енді алда оқыту арқылы қалыптаспағанға,
енді алда оқыту арқылы қалыптасатынға
қарай бағытталатындай түрде жүргізілуі
қажет” (10.97).
Оқытуда деректер мен теориялық қағидаларды
білмейінше, даму жоқ және болуы да мүмкін
емес. Тұлғаның дамуы мен білімді меңгеруі
екеуін тікелей бір нәрсе деп есептеуге
болмайды. Сөйте тұра оқушылар деректер
мен теориялық қағидаларды есінде сақтап
алып, өздерінің танымдық қабілеттерін
әртүрлі дәрежеде жетілдіреді, алған білімді
өздігінен, біреулері саналы әрі жедел
түрде қолдануды үйренеді. Оқытудың түрлі
әдістері тұлғаның қалыптасуына өз әсерін
тигізіп отырады.
Ойлау дамудың жеке көрсеткіштерінің
бірі адамның алдынан пайда болған қағидалық
және тәжірибелік міндеттерді аңдап қалуы,
оны жете түсінуі және оны орындап шығуы
болып табылады. Оқушылар үшін даму үйренімділіктің,
оқытылымдықтың өсуі, яғни барынша үнемді
түрде мүмкін болғанша неғұрлым мол білімділік
және тәрбиелік құндылықтарды алу қабілеті
арқылы анықталады.
Өзіндік жұмыстар арқылы оқушыларды оқытудың
әдістері мен психологтар мен дидактиктер
жасаған оқушыны ойлау әрекетіне меңгерту
тәсілдері тығыз байланысты. Сондықтан
бұл тәсілдер де оқушылардың өзіндік жұмыстарын
жүргізу тәсілдерімен байланыста қаралады.
Ақыл-ой әрекетінің кең көлемді тәсілдерін,
яғни ойлау әрекетінің әртүрлі жағдайында
қолданылатын және оқу материалдарының
көптеген түрлеріне ортақ болатын жалпы
тәсілдерді және әрекеттің тар белгілері
бір жағдайында ғана пайдаланылатын арнаулы
тәсілдерді ажыратып, екіге бөліп қарастырылғанымен,
бұл екеуінің арасында қатаң шекара жоқ.
Екеуі де ақыл-ой тәрбиесіне көмегін тигізеді,
бірақ олардың ықпалдығы бірдей дәрежеде
емес.
Дамыту әрқашан тәрбиеленуші, ал тәрбие
дамытушы болуы тиіс. Бұл пікірдің көкейтестілігі
сонда, жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын
меңгермейінше ойлауды дамыту мүмкін
емес, оқыту барысында тәрбиелеу процесі
әрдайым қатар жүріп отырады. Ойлау қабілетін
дамытуды қарастырғанда, оның жүйелі ұйымдастырылған
оқыту процесінде жүзеге асатынын ескеру
керек болады. Ойлауды ұйымдастырылған
оқыту процесінде дамыту жағдайында жүзеге
асырудың өзіндік мәні бар басты ерекшелігін
көрсету қажет: ол оқушылардың теориялық
ойлауының қалыптасуына қарай бағдарланады.
Әлеуметтік тәжірибенің барлық құндылығы
қандай да бір ғылыми сала арқылы жеткізіледі.
Ал мектептегі білім беруде әрекет етудің
бұл салалары оқу пәндеріне айналатыны
белгілі. Оқыту процесінде ойлауды дамыту
әлеуметтік, қоғамдық тапсырыстардың
педагогикалық үлгісі ретінде білімнің
мазмұны арқылы, түптеп келгенде белгілі
бір нақты ұғымдар мен түсініктерді, біліктер
мен тәжірибелерді оқушыларға меңгерту
арқылы жүзеге асырылады.
Педагогика мен психологияны да дамытудың
көптеген шарттары көрсетіледі. Мысалы,
Л.В.Занков оқушылар үшін үш аспектіні
көрсетеді:
1.Бақылай алу, ойлау және практикалық
әрекет;
2.Кеңінен танылған шарт ретінде оқушының
өз білімдері мен тілектерін іс жүзіне
ауыстырылып қолдана білуі болып табылады;
3.Ол неғұрлым өз бетінше жұмыс жасай алатын
болса, бұл ауыстырудың да аумағы соғұрлым
кең және оның шарттары да күрделі бола
түседі, бұл оқушының қаншалықты дамуын,
яғни даму дәрежесін көрсетеді. Дамуды
бағалау шарттарының көптігі мектепте
дамытуға қажетті танымдық сапалардың
көптігін береді.
Оқыту процесінде ойлаудың дамуы жіктелмелі
түрде жүреді. Қандай да бір сабақта дамуға
қол жеткізгені анық көрініс беруі керек.
Бір сабақтарда даму және меңгеру анық
көрініп тұрса, кейбір сабақтарда ол елеусіз
ғана болуы мүмкін.
Әрекет ету сипатына қарай және қайшылықтарды
шешудің оқу танымындағы жолына қарай
ойлаудың түрлі деңгейлері туралы айтуға
болады. Бұл деңгейлер ойлаудың табиғатына
және таным процесінің заңдылықтарына
байланысты анықталады: бірқатар оқушылар
жақсы түсіне отырып өз бетінше жемісті
ойлай алады, кейбірі олай етуге қабілетсіз
болады, бірқатар оқушылар талдау жасай
алады, енді біреулерінің бұл әрекет қолынан
келе бермейді. Оқушылардың бұлайша әр
деңгейдегі дайындығы әртүрлі нұсқаларды
құрастырудың объективті негізі ретінде
танылады, ол үшін оқытудың барынша түрлі
әдістерін қолдану керек, яғни түрлі дидактикалық
құрылымдарды, ерекшеліктерді ескеретін
оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ойластыру
қажет болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Адамда жоғары дәрежелі нерв қызметінің
дамуы тілдің шығуымен тікелей байланысты.
Бала туғаннан кейінгі алғашқы шартты
рефлекстер бағдарлау-реттеу түрінде
байқалады. Сондай-ақ баланың жоғары
дәрежелі нерв қызметінің жетіліунде
еліктеу рефлекстерінің де үлкен
маңызы бар. Алғашқыда сөз арқылы
тікелей тітікендігіштер
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Әдеп және жантану. Хрестоматия. – Алматы,
1996 ж.
2. Возрастная и педагогическая психология.
Под ред. Петровского А.В. 2 изд. – М., 1979
ж.
3. Возрастная и педагогическая психология.
Под ред. Гамезо М.В. – М., 1989 ж.
4. Бапаева М.К., Нығметова К.Н., Шериязданова
К.Т. Балалар психологиясынан танымдық
жаттығулар мен тапсырмалар. – Алматы:
Рауан, 1994 ж.
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы
1993 ж.
6. Алдамұратова Ә. Жалпы психология. Алматы
1995 ж.
7. Немов Р.С. Психология. Т-1. М., 1998 ж.
8. Аймауытұлы Ж. Психология. А., 1995 ж.
9. Данилова Н.Н., Крылова А.Л. Физиология
высшей неврной деятельности. - М., 1989 ж.
10. Лурия А.Р. Эволюционное введение в психологию.
– М., 1975 ж.
11. Мұқанов Ж. Жас және педагогикалық психология
(лекциялар). – Алматы, 1982 ж.
12. Курс общей, возрастной и педагогической
психологии. Вып. 1 -3. Под ред. М.В. Гамезо.
– М., 1982 ж.
13. Жарықбаев Қ. Психологи. – Алматы: Білім,
1993 ж.
14. Крутецкий В.К. Психология. 2 изд. – М.,:
Просвещение, 1986 ж.
15. Кузин В.К. Психология. – М.,: Высшая школа,
1982 ж.
16. Психология. – Алматы: Мектеп, 1966 ж.
17. Психология№ 2 – басылымнан қазақ тіліне
аударылған. – Алматы: Мектеп, 1980 ж.
18. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология.
– Алматы: Мектеп, 1966 ж.
19. Общая психология. Под ред. А.В. Петровского.
2 изд. – М., 1977 ж.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ
1. Жарықбаев Қ. Жантану: Оқулық. Алматы
ЖШС “Шұғыла” 2008 ж.
2. Жұмасова К.С Психология. Алматы “Фолиант”
баспасы 2006 ж.
3. Жарықбаев Қ. Психология: арнаулы орта
оқу орындары оқушылары мен пединституттардың
педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі
факультеті студенттеріне арналған оқулық.
Алматы, “Білім”, 1993 ж.
4. Әдеп және жантану. Хрестоматия. – Алматы,
1996 ж.

- Жүк көтергіш машиналардың механизмдерін есептеу
- Жүк көтеру машинасының тетіктері
- Жүк көтеру механизмінің тағайындалуы, қолданылу аймағы және құрылғысы
- Жүк стансасының жалпы сипаттамысы
- Жүк тасымалдау
- Жүк тасымалдау курстық жұмыс
- Жүк тасымалы
- Журнально-ордерная форма учёта. Понятие и сущность бухгалтерского учёта
- Жүгерінің өнімділігіне минералды тыңайтқыштардың әсері
- Жүзім өсіру
- Жүзім шарабының сапа деңгейін эксперттік бағалау
- Жүйелік бағдарламалу
- Жүйке жүйесі
- Жүйке жүйесі