Жүйке жүйесі
КІРІСПЕ.......................
I ТАРАУ.ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ
ТҮСІНІК.......................
1.1Жүйке жүйесі ұғымы мен мәні..........................
1.2 Жүйке қызметінің рефлекстік
табиғаты......................
1.3 Негізгі жүйке процестері.Тежелу мен қозу және оның түрлері...............
II ТАРАУ.ЖУЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ.....................
2.1Жүйке жүйесінің
орталық және шеткі бөлімдері..
2.2 Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі........................
2.3 Жүйке жүйесінің
симпатикалық және
Қорытынды.....................
Әдебиеттер
тізімі........................
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркенгіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің,ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі ұзын тармақты нефрий (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақша дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегативтік (ішкі) жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады.
Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізгі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген.
Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
- мүшелерді
бір-бірімен байланыстырып,
- денедегі
барлық мүшелердің және
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық
клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің,
бүкіл организмнің тірлігін
Курстық жұмыстың мақсаты: жүйке жүйесінің, жүйке ұлпасының, нейрондардың құрылысы мен қызметтері, жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты туралы,негізгі жүйке процестері туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы білімді қалыптастыру;
- атқаратын қызметтерінің жүйке жасушаларының ерекшеліктеріне байланысты екендігін түсіндіру;
- жүйке жүйесінің жұмысының рефлекстік принципін және жүйкелік реттелу механизмін түсіндіру.
1.1Жүйке жүйесі ұғымы мен мәні
Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бір орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төмендегісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлігі – жұлын (жуандығы 1 сантиметрдей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан. Мұның көлденең кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды, олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін жүйке деп аталады.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі – ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы, әсіресе омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше қызмет атқарады.
Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің де алу, түшкіру, жұтыну түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.
Сопақша мидың сырт жағында формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркенгіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықтары бар.
Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады.
Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне басшылық ету процестерінің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, електен өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикульярлық формация ми қабығы астындағы орталық миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам күрделі ой-әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш жүйке орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады.
Оларды тудырған – қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми-техникалық экономикалық прогрестің әсері. Осы ғылымның кейбір салалары еңбек, яғни нақты іс-әрекет үстінде адам анасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді. Осы тұрғыдан жантану ғылыми—педагогикалық, медициналық, әскери. Инженерлік тағы басқа болып, бірнеше салаларға бөлінеді. Мәселен, педагогикалық психология оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалдарының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жолдары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту, педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Медициналық психология дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейді. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді инженерлік психология зерттейді. Бұл соңғы кездерде өріс алған ғылыми келешегі мол жантану салаларының бірі. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы шығармашылық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті моделдер қалыптастыру үлкен орын алады. Инженерлік психологияның негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу тағы басқа жатады. Мұндағы инженерлік-психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор.
Психологиялық ғылымның келесі бір топқа енуіне даму принципі басты негіз болады. Бұларға мектепке дейінгі бала, жасөспірім, кемел, егде жастағылар психологиясы жатады.
1.2Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты
Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт (1596-1650). Рефлекстің болтологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске де (1749-1820) өз еңбектерінде дұрыс көрсете білді.
Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс – латын сөзі, қазақша – бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркенгіштерге организмнің қайтаратын жауап рекациясы. Жануарлар мен адамдарға туысынан көптеген рефлекстер беріледі. Мәселен, электр тоғымен тітіркендіргенде иттің аяғын лезде тартып алуы, жарық түскенде көздің сығырая қалуы, жаңа туған баланың анасының емшегін еме бастауы тағы басқа осы айтылған рефлекстің сан алуан фактілері.
Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасау жолын рефлекс доғасы деп атайды. Рефлекс доғасының бөліктері: рецептор, өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына келетін жүйкелер. Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысында байланысты. Ми жұмыс органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлұмат алып та отырады. Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүлде қол үзген болар еді де, организмдегі түрлі тітіркенгіштерге ретімен жауап беріп отыру қиынға соғар еді. Тек екі жақтан хабарлаудың арқасында ғана ми айналадағы құбылыстар туралы дұрыс мәлімет алып, нақтылы мұқтажын өтеуге өз әрекетін бағыттай алады. Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің жасалу дәстүрі үш мүшелі доға принципін шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс органына келумен бітпей, ол сонымен бірге миға қайтадан хабар жеткізіп отыратындығы белгілі болып отыр.
Шартсыз рефлекстің пайда болуының схемасы
Кибернетика ғылымы жарыққа шықпастан бұрын орыс физиологы П.К. Анохин ұсынған осы теория рефлекс туралы ілімнің шығармашылықпен дамытылуының айғағы еді. Сөйтіп, физиолог Н.А. Бернштейн айтқандай, қазір рефлекстердің жасалу жолын доғамен белгілемей «рефлекс шеңбері» арқылы жасалатындығын мойындау бірден-бір ғылыми түсінік болып отыр.
Рефлекс туралы теорияның
негізгі қағидаларын нағыз
И.М. Сеченовтың ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары И.П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінде дамытыла түсті. И.П. Павлов өзінің көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойына рефлекстердң жаңа түрін – шартты рефлекстерді зерттеді. Олардың көптеген заңдылықтарын ашты. Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден ерекшеліктерін көрсетті.
1.3Негізгі жүйке процестері.Тежелу мен қозу және оның түрлері.
И.М. Сеченов пен И.П. Павлов
мидың барлық рефлекстік қызметі
екі нервтік процестен – қозу мен
тежеуден тұратындығы анықтап берді. Бұл
физиологиялық процестер ми қабығындағы
шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ
мидың төменгі бөліктерінде шартсыз рефлекстердің
жасалу кезінде де үнемі көрініп отырады. Рефлекс-сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне
организмнің жауап қайтару реакциясы.
Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке
ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі
орналасу орындары (топографиясына) мен
құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөл
Қозу – тітіркендіру салдарынан
пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың)
әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай
жағдайы; тірі клеткалардың тітіркенуге
қайтаратын жауабы.
Қозу – түрлі физикалық, химиялық,
функциональдық өзгерістер жиынтығынан
тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге
тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын
күрделі биологиялық процесс. Организмде
қозғыштық қасиет жойылса, клеткалардың
қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды.
Қозғыштық – тірі организмдердің
тітіркендіруге арнаулы өзіндік реакциямен,
таралатын әрекет потенциалымен (тітіркеніспен)
қайтаратын жауабы. Қозу процесіне әр
түрлі өзіндік және жалпылама белгілер
тән. Мысалы, қозған тінде зат алмасу процесі
күшейеді, оның химиялық құрамы мен физикалы-химиялық
қасиеттері сандық және сапалық өзгерістерге
ұшырайды.
Бұлшық ет пен жүйкелер қозғанда
мембранада (жарғақшасында) жайыла таралатын
электр заряды пайда болады. Осымен байланысты
клетка жарғақшасы арқылы электр зарядының
өзгеруі қозу процесінің бір белгісі болып
табылады.Қозудың өзіндік белгісі әрбір
органның өзіне тән әрекетімен бейнеленеді.
Мысалы, қозған бұлшық ет талшықтары жиырылады,
без тіні – сөл бөледі, жүйке талшықтарында
тітіркеніс (импульс) пайда болады.
Қозу – толқын тәрізді таралатын
процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған
қозу оның басқа бөліктеріне жайыла таралады.
Ет пен жүйке тіндерінде қозу электрлік
жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады.
Тіннің бір клеткасында немесе бір телімінде
пайда болған әрекет потенциалы оның басқа
бөліктерін тітіркендіреді. Қозу процесі
шектелген (таралмайтын) және шектелмеген
(таралатын) болып екіге бөлінеді. Қозудың
табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сә
Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, жүйелер қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жұрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.
Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін тітіркену деп айтады.
Ал олардың әсерлерінің өзін тітіркендіргіш деп атайды. Сыртқы және ішкі орталардың әсерінен организм, оның жеке ұлпалары физиологиялық тыныштықтан белсенділікке ауысады. Тітіркендіргіштерді тегіне қарай төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық тітіркендіргіштер.
Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым т.б) және электрлік әсерлерді айтады.
Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, сілтілер, қышқылдар, түздар және олардың ертінділері тәрізді көптеген химиялық заттардың әсері жатады.
Физико-химиялық
тітіркендіргіштерге
Биологиялық тітіркендіргіштерге түрлі макро және микроорганизмдердің әсерін жатқызуға болады.
Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға нерв, ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштің әсеріне қозумен жауап береді. Қ о з у аталған ұлпалардың қызметінің үрдісі. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалардың қызметі басталып, күшейеді.
Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны т е ж е л у деп атайды. Тежелу де қозу іспетгі тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады.
Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.
Электр күшін тудыратын энергия клетка мембранасының ішкі және сыртқы жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқышы) деп аталатын арнайы молекулалық құрылымның қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш - аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны (яғни зат алмасуынан пайда болатын энергияны) жұмсайды.
Тыныштықтағы клетка мембранасының сырты мен ішіндегі потенциал айырмашылықтарын мембрананың потенциалы немесе тыныштық тоғы деп атайды.
Қызмет атқарған
клетканың мембранасы мен тыныштықтағы
клетка мембранасының потенциал
айырмашылығын әрекет потенциалы дейді.
Тыныштық потенциалы 50-90 мВ-қа дейін
болады.
Осының нәтижесінде жарғақшаның
қозғыштығы уақытша тоқтайды да, онда
жаңа тітіркендіруге жауап ретінде әрекет
потенциалы туындамайды. Салыстырмалы
рефрактерлік жағдайында натрий иондарының өтуін төмендететін, калий иондарының өтуін жоғарылататын жағдайлар
жойылып, жарғақшаның тыныштық күйіндегі
қасиеттері қалпына келеді. қозуға кері
физиологиялық процесс тежелу деп аталады. И.П. Павлов шартты рефлекстердің
табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің
бірнеше түрін анықтады. Ол ең алдымен
тежелуді сыртқы – шартсыз және ішкі –
шартты деп екі үлкен топқа бөлді.
Сыртқы тежелудің өзі бірнешеге бөлінеді. Соның бірі – жай тежелу. Егер шартты рефлекс жасалып жатқан бөлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш қосылса, ит сілекей бөлуді тоқтады, яғни жаңа тітіркендіргіш шартты рефлекстің пайда болуына бөгет жасап, оны тежеп тастайды.
Тежелудің бұл түрі организмнің өмірі үшін аса маңызды. Егер организм сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркенгіштерді сезе алмаса, ол жауынан қорғана алмас еді, тамағын тауып жей де алмас еді.
Сыртқы тежелудің екінші түрі – шектен тыс тежелу. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті тітіркенгіштер әсер ете беретін болса, жүйке клеткаларының тәртіппен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны апаттан сақтап қалатын тежелудің осындай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды.
Ішкі тежелудің бірнеше түрі бар. Солардың бірі – сөне тежелу. Егер шартты тітіркендіргіш бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен нығайтылмаса, онда шартты рефлекс жасалынбай, сөне бастайды, яғни байланыс уақытша тежеледі. Біраздан кейін тағы да қоңырау соғылса, шартты рефлекс те қайтадан пайда болады. Бұл шартты байланыстың бұзылмағандығын, тек уақытша тежелгенін көрсетеді. Мұндай тежелулердің пайдасы организмге бір жағдайда қажетсіз болған рефлекстерді уақытша өшіріп отыратындығында.
Ішкі тежелудің бір түрі - ажырату тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда метроном арқылы 96 рет соққанда тамақ бермей, әр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек метроном 100 рет соққанда ғана шыға бастайтын болады. Тежелудің осы түрінің организмнің тіршілігі үшін маңызы айтарлықтай. Осындай тежелулердің жәрдемімен организм бір-біріне өте ұқсас тітіркенгіштерді де тез ажырата алады.
Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құбылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі – адам миы қалай құрылғаны және адамның әр түрлі көріністегі психикалық өмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.
Органикалық әлемнің – қарапайым біржасушалы жануарлардан адамға дейінгі эволюциясының барысында мінез-құлықтың физиологиялық механизмдері үздіксіз күрделенуде. Біржасушалы ағзаның жалғыз жасушасы тіршіліктің барлық функцияларын атқарады. Бұл мүше сезеді, қозғалысқа келтіреді, тамақ қорытады. Алайда, оның мүмкіншіліктері шектеулі. Жоғары қалыптасқан жануралардың мүшелері арнайы әрекеттерге сәйкес болады. Ол сигналдарды қабылдау функциясын атқаратын жасушалардың пайда болуынан көрінеді. Басқа жасушалар бұлшық еттер жұмысын жүзеге асырады. Алайда, мамандандыру мүшелер мен функцияларды бөледі, ал ағзаның біртұтас тіршілігі олардың арасындағы үздіксіз байланысты талап етеді. Бұл біртұтас жұмыс істейтін орталық жүйке жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Орталық жүйке жүйесінің жоғарырақ бөлімдері бас миының үлкен жарты шарлары түрінде болады. Үлкен жарты шарлар құрамына жүйке жасушаларының жиынтығының түбінде жатқан - қабықасты түйіндері енеді. Жарты шарлардың бетінде жүйке жасушаларының қабаты – бас миының қабығы орналасқан. Оның беті қатпарлар қатары және иірімдер түрінде болады. Қабықасты түйіндері мен оларға жақын орналасқан көру дөңбешіктерін қосып, қабық астары деп атайды. Қабық қабықтың астарымен бірге рефлекторлық әрекеттің ең күрделі түрлерін жүзеге асырады.
Жүйке жүйесінің барлық бөлімдері өзара тығыз байланыста жұмыс істейді, бірақ әрбіреуінің ағзаның әр түрлі реакцияларындағы рөлі бірдей емес. Арқа миы – бас миының өзекті бөлігі, созыңқы және ортаңғы ми – туа біткен шартсыз рефлекстердің рефлекторлық орталықтарының жиынтығы болып табылады. Арқа миында аса қарапайым рефлекстер орталықтары бар.Дене мен аяқтарының қанқа бұлшық еттерінің жұмысын реттеуші рефлекторлық орталықтармен бірге арқа миында ішкі мүшелер жұмысын реттеуші орталықтар да орналасқан.
Бас миының өзекті бөлігі бірқатар күрделі және өмірге маңызды шартсыз-рефлекторлық актілерді жүзеге асыратын орталық аппарат болып саналады. Олардың қатарына ему рефлексі, шайнау және жұту жатады. Бұл рефлекстердің барлығын реттеуші рефлекторлық орталықтар созыңқы мида орналасқан. Кейбір қорғаныс рефлекстерін түшкіруді, жөтелуді, жас бөлінуді реттеуші жүйке орталықтары да сонда орналасқан.
Ортаңғы мида көз бен құлақтан қозғаушы салаға беретін орталықтармен бірге, қарашықты кішірейтетін орталық та орналасқан. Созыңқы мида орналасқан дем алу мүшелерінің, жүрек тамыр жүйесінің, сондай-ақ ағзаның ішкі ортасының қалыптылығын сақтайтын басқа жүйелердің жұмысын реттеуші жүйке орталықтары орналасқан. Мишық қызметі: жүргенде, жүгіргенде, секіргенде және тағы басқа ағзаның тұрақты тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін дененің барлық бұлшық еттерінің күйлерін реттеп отырады.
Қабық астары күрделі шартсыз рефлекторлық әрекетті қамтамасыз етеді. Көру дөңбешіктері – қабық астарының түйсік орталығы, ал қабықасты түйіндері – қабық астарының қозғаушы аппараты болып табылады.
Адамның саналы әрекетінің
мүшесі болып үлкен жарты шарлар
қабығы саналады. Сондықтан адам психикасы
мен үлкен жарты шарлары
II ТАРАУ.ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІМДЕРІ.
2.1Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері
Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Орталық жүйке жүйесінің

- Жүйке жүйесі
- Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік
- Жүк көтергіш машиналардың механизмдерін есептеу
- Жүк көтеру машинасының тетіктері
- Жүк көтеру механизмінің тағайындалуы, қолданылу аймағы және құрылғысы
- Жүк стансасының жалпы сипаттамысы
- Жүк тасымалдау
- Журнально-ордерная форма учёта
- Журнально-ордерная форма учета, ее сущность и характеристика
- Журнально-ордерная форма учёта. Понятие и сущность бухгалтерского учёта
- Жүгерінің өнімділігіне минералды тыңайтқыштардың әсері
- Жүзім өсіру
- Жүзім шарабының сапа деңгейін эксперттік бағалау
- Жүйелік бағдарламалу