Жұмысбастылық және жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
1.1. Жұмыссыздықтың түрлері, оның себептері және формалары
1.2 Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі
1.3 Жұмыссыздық деңгейі және Оукен заңы
ІІ ТАРАУ Мемлекет пен кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау және бағалау
2.2 Кәсіпорынның
жұмыссыздыққа қарсы
2.3 Жұмыссыздыққа қарсы мемлекеттің әлеуметтік саясатын талдау
ІІІ ТАРАУ
Қазақстан Республикасында
3.1 ҚР тұрғындарын жұмыспен қамтуға мемлекеттің саясаты
3.2 Қазіргі кездегі жұмыссыздықты реттеу әдістері
3.3 ҚР-дағы жұмыссыздық мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.
Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап – дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру:
- біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;
- екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады;
- үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
І ТАРААУ. Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
1.1 Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары
Жұмыссыздық күрделі экономикалық категория ретінде бірнеше топтарға жіктеледі. Әдетте, жұмыссыздықтың амалсыз және еркін түрлері ажыратылады. Амалсыз жұмыссыздықта адам берілген жалақы деңгейінде жұмыс істегісі келеді және ол қолынан келеді, бірақ оған жұмыс табылмайды. Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталынады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына негізгі типтерге бөледі: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдық және технологиялық.
Фрикциондық жұмыссыздық. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардаың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорыннан басқаға жылжуымен байланысты белгілі бір дәрежесі болады. Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылары белгілі квалафикациясы бар жұмысшы күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар вакансия туралы информация болмағанда немесе осы информация тым қымбат болғанда жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында қашан болмасын сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздық дәрежесі жаңа жұмыс істеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді (1-3 айға дейін).
Құрылымдық
жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық
өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс
орындары мен жұмыссыздардың
Құрылымдық жұмыссыздықтың бір формасына технология және жаңа жабдықтар енгізуімен байланысты технологиялық жұмыссыздық пайда болып, ол адамдарды машинамен алмастырған кезде, яғни адам күші қажеттіліктен айырылғанда туындайды.
Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларды жыл бойында еңбекк сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.
Циклдық жұмыссыздық. Бұның нгізін экономикалық құлыдраумен және сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығырылуымен және жұмыспен қамтудың көлемдерінің циклдық ауытқулары құрайды. Циклдық жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюымен және жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.
Осымен қатар, нақты және жалған жұмыссыздық болады. Бірінші жағдайда, адамның еңбекке қабілеті мен ықыласы болады, бірақ еңбек нарығында түрлі жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды. Екінші - әртүрлі себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды.
Жұсыссыздық ұзақ және қысқа
мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді
циклдық және құрылымдық, ал қысқа
мерзімдікке – маусымдық және
фрикциондық жұмыссыздық
Көріну сипаты жағынан жасырын және ашық жұмыссыздық түрлерін ажыратады. Жасырын жұмыссыздыққа - берілген уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар жатады. Алайда, егер де ұсынылған жұмыс олар үшін қолайлы келсе, жұмыс күші қатарына қосылуға даяр. Ашық жұмыссыздыққа - жұмыс істмейтін, бірақ еңбек қатынасы кәсіпорынмен ресми түрде үзілмеген (осы себепті жұмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжиребеде бұл жәйтті толық жұмыс істеушілік деп атайды. Тағы да бұған қоса конверсиялық, экономикалық, тоқырау, жоспар арасындағы жұмыссыздық түрлері болады. Конверсиялық армияның әскери өндіріске кешен салаларындағы қысқартуға байланысты болады. Экономикалық – нарық коньюнктурасының ауытқуына тауар өндірушілердің бәсекелестік күресте жеңілуіне байланысты болады және бұл жұмыссыздықтың түрі тұрақты сипатта болады. Жоспар арасындағы жұмыссыздық мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай қалса болады. Ал тоқырау жұмыс істегісі келмейтіндерге және де уақытша жұмыс істей алмайтындарға байланысты.
Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.
АҚШ
Конгресінің экономикалық
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының жасырын және фрикциондық болып табылады. нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай кәсіпорындардын 2 мыңнан астам жұмыскер еңбектен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді. Жұмыссыздықтың зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми – техникалық прогресс. ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жалпы, ғылыми – техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағанда жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.
1.2 Жұмыссыздықтың мәні мен объективті негізі
Жұмыссыздық - еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Ересек адамдарды еңбек нарығының қатысуышысы ретінде бірнеше негізгі категорияларға бөледі. Еңбекке қабілетті адамдар - жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар. Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі олардың экономиканың нарықтық немесе нарықтық емес секторларында жұмыс істеуіне байланысты жүргізіледі. Ересек адамдардың құрамынан нарықтық емес құрылымдарға бейімделген институционалдық адамдардаы бөліп қарау керек. Нарықтық емеске - мемлекеттің әскер, полиция, мемлекеттік аппарат деп аталатын институттары жатады. Жұмыспен айналысатын адамдардың қатарына экономиканың нарықтық құрылымдарына бейімделгендер жатқызылады.
Жұмыс күшіне жұмыспен жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер жеке категория болып бөлінеді. Осыларға жұмысы жоқтар, бірақ жұмыс іздеу талабына сәйкес келмейтіндер жатады. Осындай адамдарға еңбек нарығында жұмыс істеуге бейімділігі жоқ деп болжау жасалады. Шынында жұмыс істегісі келетін, бірақ әртүрлі себептермен жұмыс істеуден бас тартқан адамдар категориясы болады, бұл былайша айтқанда, жұмыс табудан күдер үзген адамдар. Адамдардың осы категориясы жұмыссыздарға кірмейтін адамдарға жатады.
Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді. Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді. Қоғам үшін ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтік жіктелуі күшейеді, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т.б. Сонымен қатар бұл құбылыстың кемшіліктерін біржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің белгілі резерві әрқашанда болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықтық экономиканың қалыпта қызметіне қажеттілігі бар деуге болады.
Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, әрі жұмыссыздар қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және тағы да басқа сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті, өткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.
Қазақстан Еңбек Кодексінде кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені жазылған. Соған қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау өте қиын. Мысалы, көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызылатын барлық критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті себеппен жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында тіркелмейді. Оған себеп-осы қызмет орындарының жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқыларын білмеуі және тағы солай сияқты. Екінші жағынан, халықтың жұмыспен қамтылуын көрсететін сандар әртүрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрып қалады. Қызметкерлер жұмыс істеушілер қатарында есептелінеді, ал шынында жұмыссыз болып келеді. Мұндай адамдар өзін-өзі және жақын адамдарын белгілі кәсіпорынға жататындығымен жұбатады. Бұл құбылысты жұмыстан босамаған қызметкерлер жұмыссыздығы деп атауға болады. Ең соңында жұмыссыздық деңгейін есептерде біраз адамадардың көлеңкелі секторда істейтіндігі ескерілмейтіндігін айта кеткен жөн.
Сонымен, жұмыссыз - ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген адам. Ал халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша, жұмыссыз деп - табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеуге дайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам табылады.
1.3 Жұмыссыздық деңгейі және Оукен заңы
Экономика ресурстарды қаншалықты жақсы қолданатынына байланысты сипатталады. Негізгі экономикалық ресурстардың бірі жұмыс күші және оны тиімді пайдалану – экономикалық саясаттың маңызды мақсаты. Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халық ішіндегі жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды. Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Демек,
Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны
Жұмыссыздық деңгейі = жұмыссыздар саны * 100 %
Ол Халықаралық еңбек
ұйымының (ХЕҰ) әдісі бойынша және
әр мемлекеттің арнайы
заң нормаларымеен есептелінеді
Жұмыссыздықтың масштабын азайту мақсаты ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделді. Өйткені жұмыссыздықты мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсаты қойып керегі де жоқ. Толық жұмысбастылық кезендегі жұмыссыздық деңгейі уақытша жән құрылымдық деңгейлерінің қосындысына тең. Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдық жұмыссыздық нольге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі “экономикалық өндірістік әлуеті” деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табағи деңгейі. Еңбек күші нарықтары тепе–теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды. Бірақ еңбек рыногының бұл жағдайында кәсіптік біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін.
Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Жұмыс істейтіндер өзгеріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар – атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік. Мұны ең бірінші болып осы экономист Артур Оукен зерттеген. Оның есептеуі бойынша, егер ЖҰӨ 2,7% өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ЖҰӨ қосымша тағы 2% өссе жұмыссыздық деңгейі бір пайызға азаяды және керісінше, ЖҰӨ-нің қосымша қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасында байланысты көрстеді:
Y-Y*
¾¾¾ = - ß (u-u*)
Y*
Мұндағы Y – нақты өнім көлемі;
Y* – потенциалды ЖҰӨ;
u – нақты жұмыссыздық деңгеййі;
u* - табиғи жұмыссыздық деңгеййі;
ß – эмпирикалық коэффициент.
ІІ ТАРАУ. Мемлекет пен кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы әлеуметтік саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жағдайын талдау және бағалау
Қазақстан Республикасының Статистика бойынша агенттігінің мәліметтері бойынша 2008 жылы Қазақстанның халық саны 15,2 млн адамды құрады, соның ішінде 8,6 млн (56,6%) қала және 6,5 млн (42,8%) ауыл халқы. Экономиканың тұрактануы еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныстың өсуіне және халықтың жұмыспен қамтылуының артуына нақты алғышарттар жасайды. Халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 15 және одан ересек жастағы саны 2008 жылы 7,9 млн адамнан асып жығылды. Республика экономикасының әртүрлі саласында өткен жылы 7,3 млн. адам жұмыс істеді. Бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 79,2 мың адамға немесе 1,1%-ке артық. Жұмыс істеушілердің жартысынан астамы (3,8 млн, адам) - ерлер, 48% (3,5 млн. адам) - әйелдер. Жұмыс істейтін халықтың едәуір бөлігі қалалық жерлерде шоғырланған - 4,1 млн. адам немесе жұмыс істейтіндердің жалпы санының 56,2%. Ауылдық жерлерде 3,2 млн. адам немесе 43,8% жұмыспен қамтылған.
Еңбек нарығында жыл сайын жұмыссыздық деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. 2008 жылы оның деңгейі 8,1% болды, бұл алдыңғы жылға қарағанда 0,3 пайызға төмен. Еуростаттың деректері бойынша Еуропада жұмыссыздық деңгейі 2007 жылы 8,4% құрады (Германияда - 9,5%, Польшада - 17,2%, Чехияда - 7,8%, Латвияда - 8,3%, Литвада - 6,8%).
Жұмыссыз халықтың саны (табысты кәсібі жоқ, жұмыс іздеуші және оған дереу кірісуге дайын адамдар) өткен жылы 640,7 мың адамды құрап, 2005 жылға қарағанда 18,1 мың адамға (2,7%) қысқарды. Жұмыссыздардың жалпы көлемінен қалалық жерлерде 402,7 мың адам (62,8%), ауылдық жерлерде - 238,1 мың адам белгіленді. Қалалықтарда жұмыссыздық деңгейі - 9%, ауылдықтарда - 7% болды.
Еңбек нарығында бәсекеге қабілеті төмен адамдар бұрынғысынша әйелдер мен жастар (15-24 жас) болып отыр. Әйелдердің сандық басымдығы байқалады.
Жұмыссыздық деңгейі біліміне қарай ерекше көрінеді. Өткен жылы жоғарғы білімі бар жұмыссыздар 4,5%-ті, кәсіптік орта білімі барлар -7,5%-ті, жалпы орта білімі барлар- 10,4%-ті құрады. Жұмыссыздардың жалпы көлемінде кәсіптік орта және жалпы орта білімі барлар басымдық танытады - тиісінше 25%-ті және 39,8%-ті құрайды. Бұл ретте жұмыссыз әйелдерде білім алу деңгейі жоғары: жоғарғы білімі барлар жұмыссыздардың ішінде олар 60%, кәсіптік орта білімі барлары - 66% болып отыр.
Сурет 1
Қазақстан Республикасында
2007 жылы олардың саны 99,5 мың адам немесе ерлерге қарағанда 36,8%-ке көп болып, 370,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі әйелдерде 9,6%, ерлерде - 6,7% болды. Жалпы жұмыссыздардың ішінде жас адамдардың үлесі - 28,6% немесе 183,5 мың адам болды. Жастардың жұмыссыздық деңгейі - 13,4%, бұл оның елдегі орташа шамасынан 5,3 пайыздық шамада көп. Анықтама үшін: 2005 жылы Еуро-аймақ елдерінде жұмыссыздық деңгейі ерлерде 7,4%, әйелдерде - 10%, жастардың жұмыссыздығы (25 жастан төменгілер) -17,8% болған.
Кесте 1.
Жұмыссыз халықты жынысы және жасы бойынша бөлу
2003 |
2004 | |||||
Барлығы |
соның ішінде |
Барлығы |
соның ішінде | |||
еркектер |
әйелдер |
еркектер |
әйелдер | |||
Жұмыссыздар барлығы соның ішінде: |
690,7 |
283,8 |
407,0 |
672,1 |
281,4 |
390,7 |
15-24 жас аралығында |
193,1 |
94,9 |
98,2 |
188,5 |
91,8 |
96,8 |
25-54 |
467,1 |
172,4 |
294,8 |
457,1 |
175,6 |
281,4 |
55-64 |
30,2 |
16,3 |
13,9 |
26,5 |
14,0 |
12,5 |
65 және одан асқандар |
0,4 |
0,3 |
0,1 |
- |
- |
- |
2005 |
2006 | |||||
Барлығы |
соның ішінде |
Барлығы |
соның ішінде | |||
еркектер |
әйелдер |
еркектер |
әйелдер | |||
Жұмыссыздар барлығы соның ішінде: |
658,8 |
281,1 |
377,7 |
640,7 |
270,6 |
370,1 |
15-24 жас аралығында |
191,6 |
96,3 |
95,3 |
183,6 |
94,7 |
88,9 |
25-54 |
436,3 |
169,5 |
266,8 |
426,0 |
159,8 |
266,2 |
55-64 |
30,9 |
15,2 |
15,7 |
31,1 |
16,1 |
15,0 |
65 және одан асқандар |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
2006 жылы 501 мың жұмыссыз немесе 78,2% адамның экономика саласының әртүрлі саласында еңбек қызметі тәжірибесі болды. Олардың негізгі бөлігі (21,7%) бұрын ауыл шаруашылығында жұмыс істегендер. Сауда саласында табысты кәсіппен жұмыссыздардың 14%, өнеркәсіпте-10%, құрылыста-7,3%, көлік пен байланыста-5,4%, білім саласында-5,2% шұғылданған.
Сурет 2.
2002-2006 жылдардағы жұмыссыздық деңгейі
Жұмыссыз ерлердің қатары
негізінен бұрын аграрлық секторда,
құрылыста, көлік пен байланыста
жұмыс істеген адамдар
Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңсіздігі, тиісті біліктіліктегі жұмыстың жоқтығына байланысты жұмыссыздарға сұраныстың жоқтығы еңбек нарығындағы ахуалды күрделендіре түседі. Өткен жылы 235,6 мың жұмыссыз немесе олардың жалпы санының 36,7% "ыңғайға келетін" не кез келген жұмыстың жоқтығын атап көрсеткен. Таратылуы, штаттың қысқаруы немесе жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардан жұмыстан шығып қалған адамдар биылғы жылы 138,2 мың адамды немесе бүкіл жұмыссыздардың 21,6%-ін құрады. Өз еркімен 85,3 мың адам (13,3%) жұмыстан шыққан. Оқу орнын бітіргеннен кейін 82,8 мың адам немесе 12,9% жұмыссыз қалған.
Соңғы жылдары ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады. 2006 жылы оның деңгейі 4,3% болды. Бұл 2005 жылғы көрсеткішке қарағанда 0,8 пайыздық шамаға төмен. Алайда ұзақ уақыт бойы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамдардың үлесі әлі де едәуір. Биылғы жылы 229,4 мыңнан аса адамның жұмысы (кәсібі) болмады. Бұл олардың жалпы санының 37,3% болады. Бір және одан ұзақ бойы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздар ішінде әйелдер басымдық танытады - 67%. ¥зақ мерзімді жұмыссыздық ерлерде 3,1%-ке, әйелдерде - 5,6%-ке жетті.
1 айдан 6 айға дейін
жұмыс іздеп жүргендер 246,7 мың
адам не-месе барлық
Жұмыссыз халыкңың жартысына дерлігі (48,3%) жалдамалы қызметкерлер ретінде жұмыс іздестіруде. Олардың 67,5%-і мемлекеттік ұйымдарда, 24,2% - мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істеуді қалайды, 51% кез келген жұмысты істеуге дайын.
Жұмыспен қамту проблемасы шағын қалалар мен тоқыраған ауылдық өңірлерде аса өткір болып отыр. Республикада еңбек нарығының жай күйінің мониторингі үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тіркелуін көрсететін деректер базасы құрылды. Сапа мен ұсыныстың кәсіптік – біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың еңбек ұтқырлығының ттөмен болуы себепті жергілікті еңбек нарықтарындағы жұмыс күшінің бір мезгілдегі тапшылығы жағдайында қазіргі уақытта Қазақстанда оған сұраныстың жеткілікті екенін талдау дәлелдеп отыр. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың ай сайынғы бос орындар банкі 15-17 мың бірлікті құрайды. Бірақ кәсіптік белгісі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен айына бір бос жымыс орнынан есеппен 7-10 жұмыссыз үміттенеді.
2.2 Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау
Жұмысбастылықты жақсарту және жұмыссыздықты төмендетудің негізгі бағыттары жұмыс күші ұсынысы мен сұранысына әсер ету жолымен жүзеге асырылады (3 сурет). Әр бағыт пен шараларды жүзеге асыру аймақтық және кәсіпорын деңгейінде сәйкес экономикалық механизмдардың құрылуын қажет етеді.
Жұмыс күшіне сұраныстың
қалыптасыу жұмыс берушінің қажеттіліктері
мен қызығушылықтарына
Жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыру саясатының бірінші және негізгі бағыты – жұмыс орындарын сақтау және модернизациялау, жаңа жұмыс орындарын құру және артық және тиімсіздерін жою. Бұл шаралар аймақтық және жергілікті басқару орындарының қолдауымен әрекет ететін кәсіпорындарда жүзеге асырылады.
Екінші бағыт –
кәсіпкерліктерді дамыту негізінде
жаңа жұмыс орындарын құру. АҚШ
тәжиребесінде шағын
Үшінші бағыт – ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Бұл бізге шетелдік тәжиребеден келген. Жұмыссыздарға жергілікті басқару органдарының иелігіндегі обьектілерде құрылыспен, жөндеу, жинастыру, қызмет көрсетумен байланысты уақытша жұмыс берумен түсіндіріледі. Бұл бағытты пайдалану аясы оның кәсіпорындарда таралуы есебінен кеңеюі мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын өзінің тікелей міндеттеріне кірмейтін жұмыстар шеңберін анықтайды.
Төртінші бағыт – еңбек потенциалын пайдалану мүмкіндігі шектелген тұлғалар үшін жұмыс орындарын құру. Бұл бағыт бойынша тапсырыстарды орындау кезінде жұмыстардың мазмұны мен сипаты жеке адамның физикалық мүмкіндіктерінің шектеулігін ескеру керек.
Жұмыс күші ұсынысының қалыптасуы жұмысшының қажеттіліктері мен қызығушылықтарын көрсетеді. Оның ұстанатын басты мақсаты – мазмұны бойынша, еңбек шарты мен еңбекақы бойынша қанағаттандырылатын жұмысқа орналасу.
Жұмыс күші ұсынысын қалыптастыру саясатының бірінші және негізгі бағыты – кәсіптік – квалификациялық тұрғысынан оның сапасын жақсарту, дамыту және жетілдіру. Басты назар кәсіпкерлер, менеджерлер, маркетинг бойынша мамандар және басқа да нарықтық инфрақұрылым қызметкерлерінің дайындығына және біліктілігін жоғарлатуға аударылады.
Екінші бағыт - өзіндік
жұмысбастылықты дамыту. Бұл бағыттың
негізгі мүмкіндіктері

- Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
- Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі
- Жұмыс күшінің миграциясы
- Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
- Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары
- Жұмыс сапасын бақылау
- Жұмыссыздық
- Жүк тасымалдау курстық жұмыс
- Жүк тасымалы
- Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы
- Жұммыссыздық
- Жұмыртқаларды ветеринарлық – санитарлық сараптау және санитарлық бағасы
- Жұмыртқаны ветеринарлық-санитарлық сараптау
- Жұмысбастыдық