Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары

МАЗМҰНЫ

  1. Макроэкономикалық тұрақсыздықтың экономикалық аспектілері.
    1. Экономиканың циклдік даму ерекшеліктері
    2. Экономикалық дағдарыс алғышарттары кезіндегі артық өндіру және жеткіліксіз өндіру
    3. Экономикалық циклдің кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.
  2. Макроэкономикалық тұрақсыздық көрінісі ретіндегі жұмыссыздық
    1. Жұмыссыздықтың пайда болуы және оған әсер етуші факторлар
    2. Жұмыспен қамту және оның қазіргі теориясы
    3. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның талдауы
  3. Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары
    1. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік  саясаттың жетілдіру жолдары
    2. Қазақстан Республикасындағы «Жол картасы» бағдарламасы жұмыссыздықты төмендетудің бағыты ретінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын рыноктың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші  жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен  экономистер байқаған. Ол кезде кәсіпкерлерді  өзіне тартып, қызықтырған рыноктық қатынастар құпиясы көп құбыжықтай көрінді. Капиталистік кәсіпорын иелері өз өндірісін шексіз ұлғайтуға ұмтылып, мүмкіндігінше рыноктың үлкен аумағын "жаулап" алуға тырысты. Ал оның өзі артық өндіру деп аталатын құбылысқа алып келді. Артық өндірудің  мұны белгілі бір тауардың ұсынысы  сұраныстан басым болудан көрінеді. Нәтижесінде тауар бағасы едәуір төмендеп кетеді де көптеген тауар  өндірушілер ешқандай пайда таппай қалады.

Қазақстанда экономикалық реформалардың  бастауынан ашық жұмыссыздық өсе  бастады, бірақ онымен қатар жасырын  жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек нарығында  ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық  фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл  бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық  жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта  болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты  формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан  өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек  нарығында бәсекелестік қабілетін  жоғалтады.

Толық жұмысбастылық деген  мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы  қалай да болса қажетті және заңды  процесс. Толық жұмысбастылық кезінде  жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық  және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына  тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі  деп аталады.

Жұмыспен толық қамту  жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі  дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден  артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы  ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

Жұмыссыздықтың зардаптары:

  1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:
  • халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,
  • қазына – қор қысқарады,
  • инвестицияға сұраныс қысқарады,
  • өндіріс құлдырайды.
  1. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.
  1. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.

Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың тағы бір көрінісі – ол инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді.

Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қоырытынды және қосымшалардан тұрады. Бұл курстық жұмыста макроэкономикалық тұрақсыздақ және жұмыссыздық мәселесі, себептері мен шешу жолдары жан жақты қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Макроэкономикалық тұрақсыздықтың экономикалық аспектілері.
    1. . Экономиканың циклдік даму ерекшеліктері

Экономикалық цикл теориясы қоғамның белгілі бір уақыт аралығындағы экономиканы белсенділігінің кезендік ауытқуы мен тұрақсыздығының  себептерін талдайды.

1 – суретте тік сызық  үрдісінің артуы түрінде көрінетін  экономиканың жалпы ұзақ мерзімді  даму бағытын сипаттайды. Толқынды  қисық дамудың біркелкі емес  деңгейін, кезеңдердің аз немесе  біршама ұзақ уақыт кезекпен  ауысуын, құлдырау кезеңдеріне  қарай қоғамның экономикалық  даму жылдамдығын көрсетеді.

 




 

1 – сурет. Экономикалық  ауытқулар

Құлдырау мен өрлеу, оның алма-кезек ауысу реті экономикалық дамудың циклдік сипатын танытады. Аталмыш цикл экономикалық белсенділіктің бірдей жағдайлары арасындағы қандай да бір уақыт аралығын білдіреді.

Жекелеген экономикалық циклдер бір-бірінен ұзақтығы мен қарқындылығы жағынан айрықшаланады. Дегенмен, олардың бәрі біркелкі құрылым бойынша дамиды. Цикл құрылымында ең жоғарғы (шыңы) және ең төменгі (түбі) белсенділік нүктелері, сондай-ақ олардың арасында жатқан экономикалық экспанция (немесе циклдік өрлеу) және экономикалық рецессия (немесе құлдырау) бөліп көрсетіледі. Белгілі бір уақытта циклдік өрлеу өзінің шыңына көтеріліп, циклдік қозғалыстағы жоғары нүктеге жетеді. Ол өз шыңына шыққан соң экономикалық рецессия фазасына енеді, яғни өзінің төменгі шегіне немесе түбіне жетеді және басқа нүктеге – құлдырау бұрылысынан жаңа өрлеуге бет алады.

Экономистердің арасында экономикалық цикл фазасын бөліп көрсетудің екі тәсілі бар. Экономистердің бір тобы аталмыш екі циклдік фазамен (өрлеу және құлдырау) шектелсе, екінші тобы цикл фазасын төртке бөледі, яғни өрлеу фазасын жандану фазасы мен тікелей өрлеу фазасына, ал құлдырау фазасын экономикалық серпінге қатысты нақты көрсеткіштің әлеуетті көрсеткіштен ауытқуы орын алатын дағдарысқа және депрессияға бөледі. Экономика жандану фазасында өзінің төменгі нүктесінен әлеуетті даму деңгейіне дейін көтеріледі. Экономиканың одан әрі өсуі осы жүйедегі экономиканың әлеуеттік шегінен тыс өрлеу фазасында жүзеге асады. Цикл өз шыңына жеткен соң экономика дағдарыс фазасына енеді. Бұл экономиканың өзінің әлеуетті деңгейіне дейін құлдырауымен аяқталады. Ал, егер құлдырау ұзаққа созылса әрі күрделі сипат алса, онда оның шегінен асып, тоқырау фазасына көшеді. Тоқырау фазасы экономиканың өз әлеуетінен төмен құлдырауын сипаттайды.

Сөйтсе де, барлығы мынаған  келіп тіреледі: өрлеу (жандану) фазасында  ЖІӨ өседі, жұмыссыздық азаяды, инвестиция мен нақты капитал мөлшері артады. Баға деңгейі, еңбекақы және пайыздық мөлшерлемесі өсу үрдісіне ие болады. Өрлеу фазасы белсенділіктің жоғары деңгейімен аяқталады: өндіріс қуаты, адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі шектен тыс артып, еңбекақы мен пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары болады. Мұның арты сөзсіз құлдырауға апарып соқтырады. Өндірістің өсуі құлдыраумен ауысады. Дағдарыс фазасында, өндіріс қысқарады және жұмыссыздық белең алады. Алайда, баға дағдарыс ұзаққа созылса, әрі күрделі сипат алса және дағдарыстан кейін тоқырау фазасы келсе ғана түседі. Инвестиция жоққа тән болады. Белгілі бір уақыттан соң тоқырау жандану фазасымен ауысып, экономикадағы құлдыраудың орнын өрлеу басады.

Цикл барысында экономикалық шаманың мәніне қарай олар проциклдікке, контрциклдікке және ациклдікке бөлінеді. Өрлеу фазасында артып, құлдырау фазасында кемитін шама проциклдік деп аталады. Ал, контрциклдікке осыған қарсы мәндегі көрсеткішті, яғни өрлеу фазасында кеміп, құлдырау фазасында артатын шаманы жатқызамыз. Серпінінде қандай да бір экономикалық цикл фазасымен байланысты жоқ шама циклдік деп аталады. Проциклдікке өндірістің толық қуатымен жұмыс істеуіне қатысты көрсеткіш және бағаның жалпы деңгейі, пайызды қмөлшерлемесі, жиынтық шығарылым секілді көрсеткіштер жатады. Ал, контрциклдік өзгермеліге жұмыссыздық деңгейі, дайын өнім қоры, банкротқа ұшыраулар саны секілді көрсеткіштер кіреді. Ациклдік шама әдетте экспорт мөлшеріне қатысты.

Түрлі шамалардың өзгеру қарқыны  әдетте бір-біріне сәйкес келмейді. Әдеттегіше, проциклдік шамалардың бірі басқасы  кеми бастаған кезде өседі. Осыған орай, контрциклдік шаманың бірі құлдырай түссе, басқасы өсу үстінде болады. Осыған орай, экономикалық өзгермелер өзінің шыңына (түбіне) жеткенге дейін  немесе жеткеннен кейін барынша  жоғары көтерілуіне (барынша төмен  түсуіне) қарай айрықшаланады.

ХІХ ғысырдың 70 жылдарында және ХХ ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-пен Батыс  Еуропа елдерінің мыңнан аса көрсеткіштерін талдау негізінде жасалған Ұлттық экономикалық зерттеу бюросының (NBER) жіктеліміне сәйкес мынадай үш экономикалық параметр бөліп көрсетіледі: озық жүруші, артта қалушы және сәйкес келуші. Сәйкес келуші шама экономикалық белсенділіктің өзгерісіне сәйкес бір мезгілде өзгереді. Нақ осы шамаға ЖІӨ деігейі, жұмыссыздықтың, өндірушілер бағасының, жеке табыстың, Ұлттық банкідегі пайзыдық мөлшерлемелердің деңгейә кіреді. Озық жүрушіге шыңға шығу (түбіне түсу) алдында барынша жоғары деңгейге (мейлінше төмен деңгейге) жеткен көрсеткіштер жатады. Олар барынша жаңа құрылған кәсіпорындар, қордағы өзгерістер, корпорация пайдасы, ақша жиынының өзгерісі, қор нарығының индекстері бөліп көрсетіледі. Артта қалушы деп экономикалық шыңға шығар (түпке түсер) алдында барынша жоғары деңгейге (мейлінше төмен деігейге) жеткен көрсеткіштер аталады. Оған еңбекақы шығыстары, коммерциялық банкілердің пайыздық мөлшермелері жатады. Мамандарды ғана емес, сонымен бірге мемлекет қайраткерлерін және бүкіл халықты толғандырып отырған цикл теориясының маңызды мәселесі мынау: экономикалық цикл және оның жекелеген фазалары қанша уақытқа созылады. Бұған таңқалудың қажеті жоқ, өйткені келесі өрлеудің қанша уақытқа созылатыны белгілі болса, мемлекеттік деңгейде, фирмалар мен үй шаруашылығы деңгейінде дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. Әсіресе, жаңа инвестицияны жүзеге асыратын, дағдарысқа қарсы шараларды жүргізетін үкімет пен Ұлттық банк саясатына қатысты оның маңызды ерекше.

Циклдің жалпы ұзақтығы әдетте белсенділіктің екі жоғары көрші  немесе екі төменгі көрші нүктелердің  арасындағы уақытпен (жылмен, аймен) өлшенеді. Осыған орай, құлдырау ұзақтығы белсенділіктің жоғары және төмен нүктелері арасындағы уақытпен, ал өрлеу белсенділіктің төмен және жоғары нүктелері арасындағы уақытпен өлшенеді.

Экономикалық циклдердің ұқсастығына қарамастан, осы күрделі  құбылыстың табиғатын әрқилы түсіндіретін көптеген теория бар. Кейбір экономистердің пайымдауынша, цикл ғылым мен техника  саласындағы елең еткізерлік жаңалықтар, жаңа ресустармен технологияларға  жаппай көшу секілді сыртқы факторлармен байланысты орын алады. Мұндай әлемдік  деңгейдегі өзгерістер сыртқы күштердің  жаппай толқынын тудырады. Сыртқы факторларға  соғысты, экономикалық санкцияларды немесе блокадаларды, я болмаса Қазақстандағы  секілді бір жүйеден екіншісіне көшуді, табиғи катаклизмдерді және өзге де кездейсоқ құбылыстарды жатқызуға болады. Циклді таза монетарлық құбылыс деп санайтын экономисер де бар. Үкімет ақшаны көптеп шығарғанда инфляциялық дүмпу пайда болады, әрбірден соң салыстырмалы түрде азғантай артық ақша өндірістің құлдырауына және жұмыссыздықтың белең алуына апарып соқтырады. Аталмыш теория циклдің экзогендік теориясы деп аталады.

Теория басқа тобы цикл түсіндірмесін экономикада жүріп  жатқан ішкі үдерістерден іздестіреді. Бұл циклдің эндогендік теориясы. Циклді ішкі сипатқа ие себептерден  өрбітетін және осыған орай оны нарықтық жүйеге ішке тән деп білетін эндогендік теория экономиканы тұрақсыздыққа  апарып соқтыратын сыртқы себептердің де әсерін жоққа шығармайды. Алайда, аз да болса алдын ала білуге болатын немесе кездейсоқтыққа жатқызылатын экзогендік факторлар екінші кезекті маңызға ие.

Көзқарастардың көптігіне  қарамастан, көптеген экономистердің пікірінше, өндіріс пен адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейін тікелей  анықтайтын ішкі факторларға жалпы  және жиынтық шығыстығ шамасы, ең алдымен  тұтыну мен инвестиция деңгейі жатады. ЖІӨ-нің негізгі құрамадас бөліктері  арасындағы өзара әрекет механизмдері (инвестиция мен тұтыну), жұмыспен қамту, жұмыссыздық және монетарлық факторлар (пайыздық мөлшерлемелері мен ақша жиыны) өзге тарауларда қарастырылады.

 

    1. . Экономикалық дағдарыс алғышарттары кезіндегі артық өндіру және жеткіліксіз өндіру

Қазіргі нарықтық өндіріс  бір қалыпты әрі үзіліссіз  еместігін айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы  үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс – бұл  өндіріс көлемінің кенеттен төменуі. Өндіріс көлемі төмендеуінің алғы шартына экономикадағы қорлану диспрциясын жатқызамыз. Осы салдар түптеп келгенде өндіріс пен тұтыныстың арсындағы негізгі пропорцияны бұзады.

Қазыргі нарықтың маркетингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың кенінен қолданғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және комерциялық қызметінің барлық салдарын дәл есептей алмайды.

Біріншіден, бұл тауар  және ақша қайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде ақша айналым  құралы ретінде қолданылғанда, онда айрбас процесі Т-А-Т екі қарама-қарсы актіге үзіледі; 1) сату Т-А- болса, 2) сатып алу А-Т болмақ. Тауарды сату деген сол мезгілде басқаны сатып алуды көрсетпейді: сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкін немесе тіпті болмауы да мүмкін  - ақша жинақтау құралы ретінде қолданылады. Алайда тауар өндірушілер өзара бір-бірімен абйланысты. Мысалы: егер мата өндіруші келесі тоқыма партиясын сатып алуды кейінге қалтырса, онда тоқыма өндіруші мақта өндірушімен есептесе алмайды, ал ол мақта жинайтын комбайнды берушілермен, олар болса машина жасаушылармен (құрастырушылармен) есептесе алмайды және т.б. бұндай жағдай жай тауар өндірісіне ғана тән болғанмен, бұл құбылыс қазіргі жаппай өндірісте де кездесуі мүмкін. Сату мен сатып алу актісіндегі үзілістер де төлем төлемеу шынжырының туу пайда болуының нақты мүмкіндігі жатыр және сондықтан өндіріс құлдырауы пайда болады.

Екіншіден, бағалы қағаздардың  тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз  тербелуі осы рыноктағы сұраным  мен ұсыным арасындағы диспропорцияның  тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар ұзақ сипатқа  ие болса, онда өндіріс пен тұтыныс  аясында да ұсыныс масштабының сұранымға  өзгеруіне алып келеді.

Үшіншіден – бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда  тым артық болып келеді. Сондықтан да экономикалық дағдарыстарды әдетте артық өндіру дағдарысы деп те атайды. Экономикалық дағдарыстар динамикасы артық өндірудің ХІХ-шы ғасырдағы құбылысы 1825жылдан бастап үнемі әрбір 8-11 жылдан соң пайда болып отырған: 1825, 1836, 1847, 1857, 1866, 1873, 1882, 1891. Ал, ХХ-шы ғасырда дағдарыстар арасындағы мерзім 8 жылдан 3-4 жылға дейін қысқара бастады: 1900, 1907, 1917, 1921, 1929-33, 1937-38. Әсіресе дағдарыстар арасындағы мерзім екінші дүниежүзілік соғыстан соң айқын байқала бастады: 1945, 1953, 1957, 1960, 1969, 1973.

Экономикалық дағдарыстар  аса тереңдемейтін болды, бірақ  жиілеп кетті. Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар  негізінен Еуропа елдерінде болса, осы соғыстан соң экономикалық дағдарыстардың орталығы Америка континентіне ауысты – оның ішінде АҚШ-на (1-кесте).

 

ХХ-шы ғасырдағы АҚШ-ты өндірісіндегі  дағдарыстар

Жылдар

Өндірістің төмендеуі

Төмендеу тереңдігі, %

Төмендеу ұзақтығы, айлар

1948-1949

1953-1954

1957-1958

1960-1961

1969-1970

1973-1975

1979-1980

1981-1982

-7,9

- 8,2

- 12,6

- 4,8

- 8,0

- 14,5

- 8,1

- 12,4

11

13

9

9

14

17

12

16


 

Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар  негізінен әлемдік сипатқа ие болса, экономикалық дағдарыстың бір  мемлекетте пайда болуы мұң екен, сол мезетте өзінің орбитасына әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерді үйіріп алады. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң экономикалық дағдарыстар негізінен ресми сипатқа ие болды. Мәселен ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында артық өндірудің әлемдік экономикалық дағдарысы үш-ақ рет байқалды: 1958, 1947, 1980 жылдары, ал ХІХ-ш ғасырда бұдан 3 рет  артық болды.

Артық өндіру экономикалық дағдарыстары екі қызметті атқарады: бұзушылық және сауықтырушылық. Сөйтіп өндіріс пен тұтынушы арасындағы қалыптасқан диспропорцияны бұзады. Өндіріс мына жағдайда тоқтайды: бағаның  төмендеуі оның қызметінің пайдасыздығына ұрындырады және ол кәдімгі пайданы  таппайды. Шығар жол біреу ғана – өндірістік қорларды жаңалау: машина, күрделі жабдықтарды және аз шығын жұмсайтын пайдалық әрі пайда әкелетін өнім өндірісіне кірісу қажет.

«Бәсекелестік күрес, әсіресе  техникадағы шешуші төңкерістер  кезінде, ескі еңбек құралдарын оның табиғи өлуіне дейін жаңасымен ауыстыруды талап етеді. Катастрофа, дағдарыстардың басты қояр нәрсесі – кәсіпорындағы ірі жабдықтарды кең қоғамдық масштабта мерзімінен ертерек жаңалауға итермелейді».

Өндірістің және оның негізгі  капиталының жаңару мерзімі –  бұл кезекті дағдарыстың материалдық  негізін жасау мерзімі болып  атбылады. ТМД елдерінде 1990-шы жылдары экономикалық дағдарыстың жаңа типі пайда болды – бұл өндіруі жетпеген дағдарыс. Себеп КСРО-ның құлауын абайланысты бұрынғы одақтас республикалардың өзара экономикалық байланыстарының үзілуі және жаңадан егеменді мемлекеттерінің құрылуы. Сондай-ақ статистикалық мәліметтердің көрсетуінше, өндіруі жетілмеген экономикалық дағдарыстың алғы шартатры КСРО-ның құлдырауынан ұзақ уақыт бұрын қалыптаса бастаған. Сол кезде жанар-жағар, шикізат салаларының өндірісінде құлдырау байқалған: көмір мен мұнай, темір рудасын өндіру қысқарған, шойын мен болат балқыту кеміген. Бұл экономикалық ұдайы өндіріс мүмкіндіктерін тығырыққа тірелгендігін көрсетті және ол жағдай ауыл шаруашылығында байқалды. Нәтижесінде соңғы 20 жылда астық, картоп көкөніс басқа да өнімді көлемі өзгеріссіз қалып, ал елдегі тұрғындар саны шамамен 20%-ға артты.

 

 

    1. . Экономикалық циклдің кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.

Экономикалық цикл – бұл  дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезед оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы  – өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраным  төлем қабілеттілігімен салыстырғанда  тауарды артық өндірумен түсіндіріледі. Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып, жұмысшылар босатылды, жұмыссыздық ұлғайып несие-ақша байланыстары бұзылып, құлдырау толқыны ұлғайды және кәсіпорындар құлдырап, жойыла бастайды. Экономикалық циклдің келесі фазасы депрессия («depressiо» - латын сөзі, төмендеу тереңдеу дегенді білдіреді). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады.

Келесі фаза – тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті  ұлғайту, демек пайда бар. Ол кезегінде  өндірістің дамуын ынталандырады. Циклдің кезекті фазасы – өреумен алмасады. Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының нормасы төмендейді. (3-сурет).

 

 

 

 



 


 


Өрлеу              Дағдарыс     Депрессия    Тірілу         Өрлеу          Дағдарыс

Нарық жағдайында өндіріс  қозғалысының циклдік себептеріне  экономикалық теорияда қалыптасқан  бірнеше теориялық көзқарастар  бар. Мәселен, К.Маркс артық өндірудің циклдік дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастырған. Ағлышын экономисі Дж.Кейнстың ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара-қатынасымен түсідіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері («шекі тиімділік») пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады. Қазіргі Дж.Кейнстың ізбасарлары «неокейнстіктер» - мәселен америка экономисі – Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сипаты ұлттық табыстығы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына және оның қысқаруына бет бұрыс жасайды.

Американ экономисі милтон Фридман басқарған «монетаристік мкетеп» өкілдері «неокейнстіктерден» айырмашылығы олар нарықтық экономиканың циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымының арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақша ұсынымы нарықтық экономика тұрақсыздығының себебі болып табылады. Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға бағытталу қажет. Осы ойларын М.Фридмен өзінің «АҚШ монетарлық саясаты» еңбегінде баяндаған. Бұл жұмыс 1963 жылы шыққан болатын.

Нарықтық экономиканың циклдық  дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды жоғарыдағы аталған әртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі: мемлекеттік антициклдік бағдарламаларға  қатысуы немесе экономиканы тікелей  реттеуі қажет.

Мәселен, Энгельстің паймдауынша, нарықтық анархияны «өндірісті қоғамды- жоспарды реттеу» арқылы жоюды алға тартады. Дж.Кейнстың пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика ол қылықтарын мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірісінің құлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмау үшін қажет.

 

 

 

  1. Макроэкономикалық тұрақсыздық көрінісі ретіндегі жұмыссыздық
        1. Жұмыссыздықтың пайда болуы және оған әсер етуші факторлар

Жұмыссыздық дегеніміз –  жұмысы жоқ, алайда оны іздестіріп жүрген жан жұмыссыз адам. Ең алдымен жұмыссыз адам ұғымы еңбекке жарамды халыққа  қатысты айтылады. Бұл адамның  еңбек ету жасынан бастап, зейнетақы  жасына дейінгі өмірін қамтитын, яғни еңбек етуге жарайтын жасқа толғаннан  бастап, жасына қарай зейнетақыға шығуымен байланысты ұғым. Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыз 15пен 72 жас аралығындағы тұлғалар құрайды. Осыалйша экономикалық тұрғыдан белсенді халық жұмыс істеушілер мен жұмыссыздардың жиынтығы ретінд анықталады.

Жалданып жұмыс істеп, істеген жұмысына ақы алатын немесе жалдабай-ақ жұмыс істеп, табыс табатын  адамдар экономикада жұмыспен қамтылғандарға жатады. Оған, сондай-ақ үй шаруашылығында сату үшін тауарлармен көрсетілетін қызметтерді өндірумен айналысатындар да кіреді.

Еңбекке жарамды халықтың белсенді халықтың санынан асып түседі, өйткені адамдардың барлығы бірдей еңбек ете бермейді немесе еңбек  еткісі келмейді (мысалы, ондай адамдар  сырқатына немесе түзету (пенитенциярлық) мекемелерінде болуына байланысты еңбек етпейді, сондай-ақ еңбек етпейтіндердің қатарына студенттерді, үй шаруашылығындағы адамдарды, жұмысқа тұрудан күдерін  үзгендерді де жатқызамыз):


 

= +

 

Жұмыс істемейтін, алайда жұмыспен қамту мекемесінде (еңбек биржасында) есепке тұрып, жатпай-тұрмай жұмыс іздеуші  еңбек жасындағы адам жұмыссыздықтың айқын түрін білдіреді, өйткені  олар ресми статистика бойынша тіркеледі. Бұдан бөлек жұмыссыздықтың жасырын түрі де болады. Экономикалық әдебиеттерде олардың қатарына жұмыс іздеп жүрсе де, жұмыспен қамту қызметінде есепке тұрмаған еңбекке жарамды адамдар тобы да кіреді. Оларды ресми статистика «елеп-ескере» бермейтіндіктен, олардың мөлшерін жанама мәліметтер бойынша алуға болады. Жұмыссыздықтың жасырын түріне кәсіпорында жұмыс істейді деп, ресми саналғанымен, ақысыз мәжбүрлі демалысқа шыққандар, жұмыс күнін немесе жұмыс аптасын толық істемейтіндер жатады.

Ашық әрі жасырын жұмыссыздар  жалпы жиынтығында нақты жұмыссыздарды  құрайды. Статистика жұмыс істейтін немесе жұмыссыз халықтың абсолюттік мөлшерін ғана емес, сонымен қатар  салыстырмалы бөлігін де есептейді. Бірінші жағдайда бұл адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі – пайызбен алғандағы жұмыспен қамтылғандардың  жұмысшы күші құрамындағы үлесі:

е х 100

мұнда: Е – жұмыспен қамтылғандар саны;

L – жиынтық жұмысшы  күші құрамына кіретін адамдар  саны;

е – адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі.

Үкімет экономикалық саясатты жүргізу барысында қадағалап  отыратын маңызды макроэкономикалық  көрсеткіштердің бірі болып табылатын  жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздардың жиынтық жұмысшы күші құрамындағы  үлесі. Пайызбен алғанда:

u= х 100

мұнда: жұмыссыздар саны;

          – жиынтық жұмысшы күші құрамына кіретін адамдар саны;

          u – жұмыссыздық деңгейі.

Жұмыссыздық деңгейі кейде  барлығына, кейде ел тұрғындарының  ересектеріне қатысты есептеледі.

Жұмыссыздықтың түрлері:

Уақытша жұмыссыздық қоныс  аударумен, тұрмыстық жағдайлармен және тиісті білм мен біліктілікке сәйкес жұмыс іздеумен, білім деңгейінің көтерілуімен және т.б. байланысты жұмыс  іздестіруді немесе жұмысқа тұрау  уақытын күтуді білдіреді. Дәстүрлі экономиканы қоспағанда, кез келген эконогмикада жұмыссыздықтың мұндай түрі ұштаспай қоймайды. Әміршіл экономикада ол ресми сатистика бойынша есептелмеуі мүмкін.

Құрылымдық жұқмыссыздық тұтас бір саланың орнын жаңасы басатын аса ірі технологиялық  жаңа еңгізілімдермен байлданысты  орын алады. Нарықтық экономикада уақытша  жұмыссыздықпен құрылымдық жұмыссыздық  болмай тұрмайды. Экономистер сол  себепті, ресурстардың толық қамтылуына сәйкес келетін құбылыс ретінде  уақытша жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықты қамтитын жұмыссыздықтың табиғи деңгейін анықтайды. Жұмыссыздықтың табиғи дейгейіне ЖІӨ-нің әлеуетті деңгейіне қол жеткізіледі. Жұмыссыздықтың табиғи дейгейіне еңбекақының ең төменгі мөлшері туралы заң өз әсерін тигізеді.

Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық  түрлерінен өзге экономикадағы орташа мерзімді өрлеумен және құлдыраумен  байланысты циклдік немесе мәжбүрлі жұмыссыздық бөліп көрсетіледі. Ол экономика құлдыраған кезде орын алады, ал өрлеу кезеңінде қысқарып, табиғи жұмыссыздық деңгейінен төмен  болады.

Нақты жұмыссыздық. Барлық жұмыссыздықтың аталмыш түрін қамтиды және экономикалық өрлеу кезінде ресурстардың толық  қамтылу мәніне жуық ауытқиды. Уақыт  талабына сай реформалар жүргізілгеннен кейінгі Қазақстандағы жұмыссыздықтың деңгейін білуге болады:

 

2-кесте. Абсолюттік және салыстырмалы өлшем бойынша қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың деңгейі

 

Көрсеткіш

Жылдар

1997

1998

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Жұмыссыздар (мың адам)

925

964

950

906

780

691

672

659

641

625

Жұмыссыздық деңгейі ()

13,0

13,1

13,5

12,8

10,4

9,3

8,8

8,4

8,1

7,8

Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары