Жұмыс сапасын бақылау
Кіріспе
Қазақстан
Республикасының бүкіл халық
шаруашылығының нарықтық экономикадағы
өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың
жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары
мен меншіктің саң қырлы
Бақылау-тексеруші
қызметтер құрылымдары мен
Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Басқарудың барлық жүйесі мен деңгейлерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар пайда болды және әрекет етіа жүр.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жүргізеді.
Соңғы
жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық
бақылау жүйесін құру, аудитор
кадрларды дайындау және олардың қызметін
лицензиялау, қабылданған жекелеген заң
актілеріне сай аудиторлардың кәсіби
міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін
реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасындағы аудиттің қалыптасуы
Қазақстан Республикасында аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес өкіметінің Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша құрылды (15.11.1990 ж. № 60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы Министрлігі жанынан шаруашылық есеп принципінде аудит орталығы «Қазақстанаудит» фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік компания болып, Республикамыздағы барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындарға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.
Елеміздегі аудит жұмысының тиянақты дамуына бірден-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18 қазан айында Жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет» туралы заңы. Бұл заң аудит қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шетел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.
Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық «үлкен жетілік» тобының филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің елдің аудит фирмасы да қосылып удит жұмысын жасайды. Соның салдарынан аудит қызметінде тағы басқалай қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр.
Қазақстан
Республикасында нарықты
Аудиттің құрамы
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар:
- шаруашылықтағы субъект;
- мәлімет;
- аудиторлың мамандығы;
- фактілерді жинау және бақылау;
- аудит стандарты;
- аудитор ақпараты, есебі.
Осы келтірілген аудитэлементтерін жеке-жеке қарастыру қажет.
- Шаруашылықтағы субъект. Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субъектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық параметрлері құрайды. Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі, мақсаты қарастырылуы қажет. Мысалы, заң субъектілері немесе экономикалық объектіге қосылмайтын мәлімет жүйесі.
- Мәлімет. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген мәлімет қарастырылады. Аудитор олардың дұрыстығын дәлелдеп, өзінің жаңа мәліметтерін құрайды. Сол жұмыс барысында олардан кемшілік табуы немесе дұрыс еместігін анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі себептен болуы мүмкін; 1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен; 2) ақпарат дұрыс жасалынбағандықтан.
- Аудитордың мамандығы. Аудит жүргізуші жоғары дәрежедегі, өз мамандығын жақсы меңгерген, сарапшы, білгір адам болуы қажет. Аудит барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап талдау жасайды, бір тұжырымға келтіріп, қорытынды жасауына пайдалана алатын болуы қажет.
- Фактілерді жинау және бақылау. Аудитордың негізгі мақсаты ол – факті жинау. Себебі сол фактілер арқылы өзінің аудиторлық ақпаратын жасайды.
- Аудит стандарты. Жиналған фактілер, мәліметтер өз кезегінде бір жүйеге келтірілуі қажет. Оған негіз аудит стандарты стандарт дегеніміз мәліметті жүйеге келтіру әдісі немесе нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкес бір қалыпқа келтіру.
- Аудитор ақпараты. Аудитор өз жұмысының қорытындысын тексеру барысында анықталған кемшіліктердің мазмұнын, өзінің аудиторлық қорытындысын ақпаратына көрсетеді.
Қорыта
келгенде, жоғарыда келтірген аудиттің
міндетті құрамын қарастырмай, нақты
аудит жүргізу мүмкін емес. Аудиттің
міндеті мен мақсатын толық орындау
үшін оның принциптерін білу қажет.
Аудиттің негізгі принциптері
Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізіледі.
- Ғылыми негізділігі. Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының диалектикалық әдісімен дамиды. Экономика теориясындағы объективтік шындықты негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет. Аудит қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің теориясын құрайды. Аудит жұмысы барысына ғылыми зерттеу әдісі қолданылады. Мысалы, аудитте экономикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп қорытынды жасау. Сондықтан да аудит фирмаларының басшылары ғылыми зерттеу жұмысын, тәжірибесін игерген ғалымдар.
- Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болуы керек. Ол өзінің аудиторлық қорытындысына кәсіпорынның табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін анықтауға міндеті. Оның қорытындысы ешқандай күдіктенбеушілікке немесе сенбеушілікке жол бермейтін дәлелді болуы қажет.
- Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы һөз бетінше дербес деп танылған. Оған себеп ол біріншіден, тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол одан төлем алуына алдын-ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім-шарт бойынша анықтайтыны тек қана шындық.
Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады: аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау, мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.
Аудитор ротациясы ол болжам арқылы бір аудитор қайта-қайта бір кәіпорынға бара берсе оның дербестігі жойылады деген сөз. Өйткені, оны тапсырушы акциялық үлескер бол деп үгіттеп, аудит принциптерін сақтамау жолына салуы мүмкін. Аудитор соты аудиторлардың дербестігін қадағалап отырады. Мемлекет тұрғысынан аудитор дайындау ол қазіргі аудитордың қоғамдық құрылымын жою болып табылады. Қазіргі кезде аудит комитетін құру АҚШ-та көп тараған. Ондағы мақсат өндіріс компанияларының мүддесін көтеру.
Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысына арнайы институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік қаржы Министрлігі, аудит палатасы, бухгалтерлер ассоциациясы көмектесуі қажет.
- Кәсіби біліктілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман болуы және арнайы аудит әдістерін жақсы білуі қажет. Ол тексеру жұмысына машықтанған болуы керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте жақсы біліп іс жүзінде қолдана білуі қажет. Аудитор өз жұмысына анализ жасауда, сараптау жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде, әбден машықтанған болуы қажет. Ол барлық тексерушіге сене бермеуі керек, тек өзі тексеріп көзі жетпейінше ешқандай қорытынды жасамауы керек.
- Сенімділік, сөзге берік болу (конфиденциальность). Аудитор өз жұмысының комиссиялық құпиялығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз мәліметін ерекше жағдайда ғана хабарлауға, тапсырушымен жазбаша келісім жасу арқылы беруге құқылы.
- Тез-жеделдік принципі. Аудитордың жеделдігі ол өз жұмысының тез, тиянақты орындаудан тапсырушыға аудит материалын уақытымен тапсыру. Аудитттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар. Біріншісі, аудит жүргізу уақыты нақты белгіленбегендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол жұмыс уақытымен есептелінеді.
Аудитттің негізгі қағидалары
Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізілед.
- Ғылыми. Аудиттің бұл методологиясы ақиқат шындықты объективті, неғұрлым бейнелейтін экономикалық теория мен диалектикалық тәсілге сүйенуі тиіс. Аудит нарықты экономика жағдайында әрекет жасаушы талаптарға толық сәйкес жүргізілуі тиіс.
Ғылыми басқару тұрғысынан алғанда аудиторлық қызмет көрсетуінде ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтері де болады, өйткені, ол ақиқат болып саналатын кейбір ғылыми жайларды шаруашылықты басқару тәжірибесінде қалай іске асыруға болатынын тексеруге мүмкіндік береді. Сондықтан да аудитор есебінде көбінесе белгілі бір білім және дағдыны иемденетін ғылым әрекет етеді.
- Жүйелілік, бүтіндік және комплекстік. Жүйелілік пен бүтінділік аудиторлық тексеру барысында зерттеу объектісін жекеше емес, керісінше жан-жақты өзара байланыста қарастыруды талап етеді. аудит объектісі бүтіндей бір жүйе ретінде қарастырылады, мұның өзі тереңірек танып-білуді қамтамасыз етеді.
Комплекстік шаруашылық субъектінің әрекетінің көрсеткіштерін, құбылыстарды өзара тәуелділікте қарау, аудиторлық орындау тәртіптердің жүйелік реттерін сақтай отырып, әрі ұйымдасқан түрде жүргізілуін талап етеді.
- Жүйенің сақталуы. Аудит тәжірибесінде аудиторлық бақылау объектісі болып табылатын жүйені сақтау принципін басшылыққа алу қажет. Бұл тезистің мәні мынадай: аудиторлық бақылау жүргізу барысында жүйеге әсер ету оның барлық сапалық сипатттамасы мен режимі іс жүзінде бұзылмайтындай болуға тиіс.
- Бақылаудың белгілі бір участкіге жұмылдырылуы. Аудиторлық тексеруде көп жағдайда кәсіпорын қызметінің барлық жағын, оған әсер ететін факторлар мен байланыстарын түгелдей зерттеу ақылға қонымсыз, әрі өте қиын. Сондықтан да бақылауды кәсіпорын қызметінің белгілі бір учаскісіне жұмылдыру қағидасының маңызды методологиялық мәні бар.
Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары
«Аудиторлық қызмет көрсету» ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес Респуб-ликалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландаратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарына тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
Аудитолық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51% болуға тиіс.
Аудиторлардың республикалық және территориялық палаталары аудит процедурасын біріздендіруге (унификация), жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек. Аудит, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен ұсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудитолардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды нормативті құжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастыруда кеңес берушілік-әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.
Нарықтық экономикаға көшу барысында аудиторлық қызметтерді құрудың қарқынын жеделдетіп, олардың жұмыс әдістерін жетілдіру аса маңызды. Бұл өндіріс пен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың көптеген салаларында экономикалық проблемаларды шешудегі дәрменсіздіктерді жылдам еңсеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы Қаржы министрлігінің БТБ (Бақылау-тексеру басқармасы) жанынан шаруашылық есептегі тексеруш топ ұйымдастырылған 1989 жылдан басталды. Содан кейін 15-ші ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кеңесінің №60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдерімен «Қазақстанаудит» атты шаруашылық есептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бұл кәсіпорын жеке меншіктің барлық ұйымдарға аудиторлық қызмет көрсететін аса ірі дербес акционерлік компанияға айналды.
1993
жылдың 18-ші қазанында Жоғарғы
Кеңес «Қазақстан
ҚР
«Аудиторлық қызметтер туралы»
заңында ашық үлгідегі акционерлік
қоғамды, өндірістік кооператив пен
мемлекеттік кәсіпорынды
Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты пайдалану:
- шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;
- біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;
- акционерлік қоғамдар мен компаниялар;
- шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;
- жеке-дара аудит және кеңес беру.
Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 жылға дейін «Үлкен бестік» деп аталатын: «КПМГ», «Делойт Энд Туш», «Артур Андерсен», «Эрнст энд Янг», «Прайс Уотерхаус Куперс» шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді.
Бұл компаниялар, әдетте, келешегі зор аудандарға ірі қалаларда офистерге, үлкен штаттарға және халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерге ие. «Үлкен бестік» мүшелерінің жылдар бойы тірнектеп жинаған тәжірибесі және жоғары беделі бар. «Үлкен бестіктердің» барлығы да өз қызметтерін Қазақстанда бастаған. Олардың өкілдері беделді тендерге қатысып жүр. Құрлықаралық фирмалардың тұрақты клиенттеріне белгілі халықаралық біріккен және қазақстандық компаниялар мен қаржы-банк мекемелері жатады.
Екінші тип ТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен және шетелдік фирмалармен («Үлкен бестіктен» басқа) біріккен аудиторлық кәсіпорындар құруды көздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдік, біріккен және отандық компанияларға кәсіби қызмет көрсетеді. Осы типтегі аудиторлық ұйымдардың қатарына біздің еліміздегі ЖАҚ «БДО «Қазақстанаудит»-ті жатқызуға болады. Ол 2000 жылдың сәуір айында «ВДО InternationaI» деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмалардың аудиторлық ассоциациясына толыққанды мүше боп кірді.
1963 жылы негізі қаланған «ВДО InternationaI» 99 елдің аудиторлық фирмаларының қызметін қамтиды және 2002 жылдың басында «Артур Андерсен» атты әйгілі фирма тарағаннан кейін бұл ассоциация «Үлкен бестіктің» құрамына кірді.
Үшінші
тип – бұл өнеркәсіп
Ұйымдастыру формасының төртінші типі – құрамына бірнеше аудиторлар кіретін шағын дербес аудиторлық фирмалар. Олар негізгі қызметтердің шоғырлануын және икемділігін, клиентпен тікелей байланысуды, қызметтер мен адам ресурстарын оңтайландыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қазақстанда аудиторлық ұйымдардың осы тобына НАК «Центраудит – Казахстан», ЖШС «Ержановтар және Ко», ЖШС «Ай-аудит» және т.б. жатқызуға болады.
Ұйымдастыру формасының бесінші типі – жеке-дара аудиттеу және кеңес беру. Бұл арада біріккен аудиторлық туралы айтылып тұрған жоқ, мұнда кәсіби-кеңес берушінің негізгі жұмысы турасында сөз болып отыр. Мұндай кеңес берушінің қызмет құны қосымша шығындардың болмауынан төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едәуір кеңейтеді.
Аудиторлық
ұйымдардың іс-тәжірибесін талдау олардың
негізгі қызмет бағыттарын және ұлттық
экономика саласы, әр түрлі салалардағы
кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын
анықтауға мүмкіндік береді.
Сұрақ 1. Аудит жүргізгенде, жұмыс сапасын бақылау
Сұрақ 2. Аудиторлық жұмысын ұйымдастыру және аудиторлық ұйымдардың сапасын бақылау фирмашілік аудиторлық стандарттар
Сұрақ
3. Аудиторлық құжаттардың алатын орны
мен маңыздылығы
1. Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсету рыногы шартты түрде екі бөлікке бөлінген: өзінің кәсіби қызметін «Үлкен төрттік» деп аталатын халықаралық аса ірі аудиторлық компаниялар Deloiutte & Touhe, KPMG, ERNEST & Young, Pricewaterhouse Coopers және жергілікті аудиторлық компаниялар ұсынып отыр. Халықаралық фирмалардың әрқайсысы өздерінің мүшелерінің ұзақ жылдар бойы аудиттің халықаралық стандарттары бойынша әлемнің көптеген мемлекеттерінде жұмыс істейтін ірі халықаралық топ болып табыады. Үлкен төрттікке кіретін топтардың әрқайсысы жалпы алғанда аудиторлық және кеңес беру қызметін барлық шеңберін қамтиды.
Жергілікті аудиторлық
Тексеру жүргізу әдістемесін,
яғни нені және қалай
Жұмыстардың ондай қосарлануы аудитордың тәуелсіздігі принципін бұзғандық болып табылады және оған нормативтік құжаттармен тиым салынған. Сонымен бірге іс-тәжірибеде: «кім ақша төлесе, сол музыкаға тапсырыс береді» принципі әйгілірек болып келеді. Кейбір клиенттер ақшаның сомасын аудиторларға төлесе болды олардың, істің шын мәніндегі жағдайына өз кәсіпорынның қызметі жөнінде мақтаулы пікірлерді күтуге болады деп есептейді. Қызмет көрсету бағасы жоғары аудиторлық фирмаға көңіл аудара отырып, клиент оның жұмыскерлерінің жоғарғы біліктілігіне жіне жұмыстың сенімділігіне үміт артқаны дұрыс. Аудитордың қорытынды пікірлері егер ол кәсіптік стандарттарды және этикалық нормаларды сақтайтын болса, әділ болуға тиісті және де төлемнің мөлшеріне байланысты болмауы керек.
Аудит осы мемлекетте қабылданған стандарттар мен принциптерге сәйкес болса ғана сапалы аудит ретінде танылады. Ресми деңгейде Қазақстанда осы ықпал әрекет етеді деп есептеледі.
Аудитор кәсібінің ерекшелігі-
2. Клиентке сапалы қызмет көрсету үшін аудиторлық фирмалар өздерінің ұйымдық құрылымдарын басқарудың теориясы мен практикасына, сонымен бірге клиентерге көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай құруға тиісті.
Әрбір аудиторлық фирма өзінің ұйымдық құрылымын өз бетінше анықтайтын болғандықтан, олардың тәжірибесін көрсету күрделірек. Бірақ негізгі бөлімшелер басқару органдарын анықтауға болады.
Ірі аудиторлық фирмалардың
- директорлар кеңесі;
- директор;
- аудит объектілері бойынша департтаменттер (жалпы аудит, банктік, сақтандыру, зейнет ақы қорларының және басқа қаржылық институттарының);
- кеңесберу депортаменті (салық салу, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша);
- маркетиг бөлімі, бухгалтерия, ақпараттық заңгерлік бөлімдер және т.б.
Орташа аудиторлық фирмалардың ұйымдық құрылмда төмендегі лауазымды қызмет түрлері болуы мүмкін:
- фирманың директоры;
- фирманың аудит жөніндегі директоры (аудит бөлімі);
- кеңес беру (консултациялық) бөлімі;
- мүліктерді бағалау, заңгерлік, ақпараттық, шаруашылық және т.б. бөлімдер.
Бұл мәселе бойынша жеткілікті
түрде толық ақпараттады /5,23/ оқулықтардан
алуға болады. Сондай-ақ, осы үшін
тиімдірек болып табылатын
Ірі аудиторлық компаниялар,
Аудитордың көмекшісі ретінде, қағида бойынша, аға аудитордың тарапынан тұрақты бақылаусыз өз бетінше жұмыс жасай алмайтын, азғантай ғана жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар танылады. Аудитордың көмекшілері тікелей орындаушы персоналмен және клиенттің бастапқы құжаттармен жұмыс жасайды, тестілеу нәтижелерін аудиторлық жұмыс парақтарында көрсетеді және оларды талдау жасау үшін аға аудиторға береді.
Аға аудитор аудиттің жеке бір субъектісінде топтың (команданың) жұмысын бақылайды, қызметтің күн сайынғы мониторингін жүзеге асырады, аудиторлық қорытынды есептің алдыңғы нұсқасын дайындайды. Яғни, аға аудитор қандайда бір субъектідегі аудитке толығымен бақылау жасайды немесе супервайзердің шолу жасауы үшін «материалдар дайындайды».
Менеджер немесе супервайзер (соңғысын кейде кіші менеджер деп атайды), қағида бойынша, бір уақытта бірнеше субъектідегі аудитке басшылық етеді. Жалпы менеджерлер (супервайзерлер) аудиторлық қорытынды есептің алдыңғы (алғашқы) нұсқасын қарауға және оны бекітуге жауапты.

- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмысбастыдық
- Жұмысбастылық және жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
- Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
- Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі
- Жұмыс күшінің миграциясы
- Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
- Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары