Адвокат в уголовном и гражданском процессах
Жоспар
Кіріспе
І. Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері
ІІ. Адвокаттық қызметі
ІІІ. Адвокаттың мәртебесі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқық негіздері қайта қаралып, жаңалап құру қажеттігі туды. Осы жолда қыруар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік – саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жорықтар қабылданып іске асырылуда. Заңдарды тиянақты және қолайлы жасауға заңгер – ғалымдар мен заңгер практиктер қатысып, олар халықаралық ұйымдар мен шетел мамандардың беделді сарапшылықтарынан өткен болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы бұған дәлел.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі 12 бапқа сәйкес адамдар құқықтары мен (міндеттерін) бостандықтарына кепілдік беріледі және танылады деп айтылған.
Сонымен қатар, демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекетті азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін түсінбей, заңмен реттемей құру мүмкін емес.
Дамыған шет мемлекеттерде адвокат қызметі аса жоғары бағаланады. Себебі, оған адам баласына, оның тағдырына араша түсу міндеті жүктелінетіні белгілі. Адам баласына, оның тағдырынан бағалы дүние сирек десек те жарасқандай. Ал социалистік жүйеде билік қоғамға өз әмірін жүргізіп келеді. Мұндай жағдайда адвокатура қызметінің ештеңе шешпейтіні, формальді құрылым ретінде ғана қорғағаны о бастан мәлім.
Қазіргі заманның
өзгеруіне байланысты
Адвокат тәуелсіз саналатындықтан, олардың қызметі кәсіпкерлікке жатпайды. Мемлекеттік мекеме де болып табылмайды.
Адвокатура – азаматтадың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды заң шеңберінде жүзеге асыра отырып, адвокаттық қызметті атқаратын азаматтардың ерікті қоғамдық ұйымы.
Жалпы халықтың сауаттылығының және мәдениетінің көтерілуі, олардың әлеуметтік саяси – тәжірибеге ие болуы, демократияның дамуы оның негізгі принциптерінің насихатталуы, соның ішінде азамматтардың құқыктары мен бостандықтарын қорғау және басқаларды, осы аталғандар адвокатура сияқты құқықтың институттың туындауына себеп болды. Адвокатураның ұйымдастырушылық құқықтың нысаны – адвокаттар алқасы, ал оның мүшелері адвокаттар болып табылады.
Адвокатура, оның пайда болу үрдісі, өмірдегі рөлі және адвокатура қызметінің құқықтық және ұйымдық негізі
Азаматтардың квалификациялық заңды көмекпен қамтамасыз ету – бұл маңызды конституциялық тәртіп болып табылды.
1995 ж. 30-тамыз айында қабылданған
Қазақстан Республикасының
Осы бапты негізге ала отырып, азаматтардың құқықтарын тек мемлекеттік органдармен ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдармен де қолданылады. Заңды тәсіл ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын арнайы адвокат алқасы болып табылады.
Белгілі бір тұлға мүддесін әділдікке салып қорғау жұмыс бағытының саяси мәні болып саналатын мән авокаттық қызметке үлкен жәрдем көрсетеді.
Адвокатура – адвокаттық қызмет атқаратын азаматтарда құрылған ерікті қоғамдық ұйым. Адвокатураның шынайы құралы – “демократия” Қазақстан Республикасының адвокатурасы - өзін-өзі басқаратын, шаруашылық есептегі қоғамдық ұйым.
Қоғамдық ұйымдардың
беделі көтерілген сайын
1997 ж. 5-желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңы адвокатураның қазіргі кездегі жұмысы, (қабылданған заң арқылы) қызметін, бағыты, мақсатын анықтайды. Осы қабылданған заң арқылы адвокатураның беделі өседі деген ойдамын.
Аталып кеткен Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңның бірінші бабында адвокаттық қызметтің, яғни адвокатураның мақсаты белгіленген. Қазақстан Республикасындағы адвокатура – адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдем беру мақсаты болып табылады.
“Адвокатура” ұғымына бірнеше анықтама бар, көбіне:
Адвокатура – адвокаттық кәсіп, яғни сотта адамның мүддесін қорғаудан тұратын қызметтің бір түрі.
Адвокатура – бұл адвокаттардың қоғамдық тобы, яғни, өздерін бұл мамандыққа арналған тұлғалар тобы (класы).
Адвокатура – адвокаттардың сословиясы, яғни өздерінің кәсібін өздеріне арналған тұлғалар тобы.
Адвокатура – сот өкілдігінің қарама-қайшылықтарына құқық қорғаушылқ.
Арсентьев В.О. Адвокатураның ең толық ұйымын былай деп айтқан:
Адвокатура – бұл заң негізінде жеке азаматтар мен заңды тұлғаларға заң жүзінде көмек көрсететін мамандандырылған қоғамдық ұйым1.
Дәл осындай анықтаманы Қ.Х.Халиковтың еңбегінен де табуға болады. Ол адвокатураға мынадай анықтама береді: адвокатура дегеніміз өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым, ол заң негізінде халыққа және ұйымдарға құқықтық мәселелер жөнінде ақыл-кеңес беру, алуан түрлі құжаттар мен іс қағаздарын жасау, сотта қылмыстық істер бойынша өкіл болуды жүзеге асыру жолымен заң көмегін көрсетеді2.
Бұл ұғымдардан адвокатураның заңға негізделіп, азаматтарға (халыққа) және заңды ұйымдарға құқықтық тұрғыдан ақыл-кеңес, түсіндірмелер, заң жөнінде ауызша және жазбаша анықтамалар беретін, азаматтар мен заңды тұлғалардан арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазатын, сондай-ақ азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша соттарда және т.б мемлекеттік органдарда өкіл болуды, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу және сотқа жәбірленушілердің қорғаушылары, өкілдері, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер ретінде қатысуды жүзеге асыратын, өзге де заң көмегін көрсететін, өзін өзі басқаратын қоғамдық ұйым екенін анық көреміз.
Адвокатураның даму тарихын қарастыратын болсақ, соттар сияқты адвокатураны ежелгі институт деп айтсақ ол біздің қателескеніміз.
Классикалық дәуірдің Грек және Рим тарихында ерікті азамат, сот алдында өзі жауап беруші міндеті болатын. Сондықтан Ежелгі Грецияда халықтың білім заңдарын негізін зерділеп оқытуға әкеп соқтырады.
Цехтік және мемлекеттік ұйымды қорғаумен өкілдіктің орнына адвокатура өзіндік басқарылатын еркін мамадық иелерінің ұйымы келген. Ең бірінші рет бұл түрде Францияда пайда болған. Бірақ Франциядағы 1789 жылғы төңкерістен кейін ерекше орын алатын адвокаттар қауымы таратылған. Бұған себепкер төңкерілістен кейін 1790 жылы 2-ші қыркүйекте қабылданған Декрет болып келеді. Осы Декрет бойынша әрбір азамат сотта сөйлей алатын және оған рұқсат берілген 1803 жылы адвокатура Наполеон – 1 мен жартылай орнына келтірілген болатын. Қандай да бір диктатор болмасын, әрқайсысы адвокаттарға сыншыл, білікшілер қатарына жатқызып, жаңа көзқараспен қарайтын.
Наполеон – 1-ші солардың қатарында болатын, бірақ әрбір де адвокатураны қанша сынап, жойғысы келсе де, жоя алмады. Адвокатура өзінің даму жолын Францияда жалғастырған.
Дамыған шет мемлекеттерде адвокат қызметі аса жоғары бағаланады. Себебі, оған адам баласына, оның тағдырына араша түсу міндеті жүктелінетіні белгілі. Адам баласына, оның тағдырынан бағалы дүние сирек десек те жарасқандай. Ал социалистік жүйеде билік қоғамға өз әмірін жүргізіп келеді. Мұндай жағдайда адвокатура қызметінің ештеңе шешпейтіні, формальді құрылым ретінде ғана қорғағаны о бастан мәлім.
Ресейде – Ресей адвокатурасы 1864 жылғы сот ережелеріне сәйкес дамыған және бұдан бастап Ресей адвокатурасы ерекше ашылу жолына түскен болатын. Адвокат ортадағы басты кейіпкер болып табылады. Сот мәжілісінде адвокаттың сөйлеу дәрежесі сотқа қатысушыларға ғажайып әсер қалдырған1.
Қоғамға әйгілі Ресей адвокаттары да пайда болған. Олар: Плевако, Спасович, Кони, Карабчевский, Андриевский және тағы басқалары.
1917 жылы қазан төңкерісінен кейін
арналған құқықтық диктатуа
1922 жылы 22мамыр айында
ВЦИК-тің адвокатура туралы
Жоғарыда аталып кеткен тарихи оқиғаларға қарамастан адвокатура қазіргі кезде қарқынды түрде өз жұмысын атқаруда. Адвокатураның қазіргі кездегі рөлі соналы жағынан үлкейтілген.
Әрбір құқықтық мемлекет тұлғаның бостандығын және құқығын қорғауды бірінші орынға қояды. Сондықтан да ол күшті тәуелсіз соттық қорғалудың дамуында және сақтап қалуында өзінің көз-қарастарының бар болғандығын айқындаған.
Адвокаттық қызметтің дамып жетілуіне ең басты себепкер болған демократия, заңдылық, адам құқығын сақтау, өзіндік бостандық, ар – ождандық және қадір қасиет деп ойлаймын.
Адвокатура курсының ұғымы, пәні және міндеттері
– заң консультациясы (кеңестері);
– адвокаттық кеңселер (конторы);
– заңды тұлғаны тіркемей-ақ
жеке-дара адвокаттық кеңес
Адвокаттық қызметтің ұйымдық нысанына қарамастан барлық адвокаттар аумақтық сипатына қарай адвокаттар алқасына біріктірілген.
Заң кеңестері (юридические консультации) аумақтық принцип бойынша адвокаттар алқасының Төралқасымен ауданда (қалада) құрылады. Заң кеңестері заңды тұлға болып табылмайды, адвокаттар алқасының жалпы жиналысы қабылдаған ереже негізінде қызметін жүзеге асырады. Заң кеңестері адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады да, заң жүзінде көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Заң кеңесін адвокаттар алқасы төралқа тағайындаған меңгеруші басқарады1.
– Адвокаттық кеңселер адвокаттар алқасының мүшелерімен, өз бастамалары бойынша және өз қаражаттары есебінен құрылады. Адвокаттың адвокаттық кеңсені құру мақсаты - өзінің қызметін материалды, ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.
– Адвокаттық кеңселердің қызметін осы кеңсе орналасқан аумақтағы адвокаттар алқасы қадағалайды.
Өз міндеттерін орындау барысында адвокат сотта күннен-күнге дейін азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін қорғау үшін қызмет жасайды. Адвокат – заңдылықтың нығайтылуына жәрдем беретін, сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен қызметі жүзеге асыратын қоғамдық қызметкер.
Адвокаттық қызметті бір мезгілде мамандырылған және қоғамдық қызметке бөлу қажеті жоқ. Адвокаттың бүкіл қызметі – оның қоғамдық қызметі. Адвокатты әр уақытта заңның түсінігін әділ де, талаптарға сай түсіндіру керек2.
Адвокаттың мақсаты азаматтарға заңды көмек көрсетуден тұрады.
Шарттың жасалуы мен бұзылуын, сотта өкіл болу мен алдын – ала тергеуден
өтетін айыпкерді сотта қорғауды, заңды сауал беретін мекемелерге беретін құқықтық кеңестен туындайтын көмектен құрылады.
Адвокаттар мынадай заңдық көмек көрсетеді:
- Заңдық мәселелер бойынша кеңестер мен түсіндірмелер, заң нормаларына ауызша және жазбаша анықтамалар береді;
- Арыздар, шағымдар мен заңдық сипаттағы басқа да құжаттар жазады;
- Азаматтық істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта және т.б. мемлекеттік органдарда әділдікті жүзеге асырады;
- Алдын ала тергеуге, сотқа қорғаушы, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысады1.
Жалпы сауал бойынша адвокаттың міндеттері Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңның 15-ші бабында көрсетілген 6-шы тармақтың жалпы сипаттамасы.
Ең басты міндеті: біріншіден, адвокат заң талаптарын орындауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің қағидаларын басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға және заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.
Екіншіден, іс бойынша көмек сұрап өтініш сұраған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстауына тыйым салынады, адвокаттың қылмыстық іс бойынша қолданған тапсырмалардан бас тартуға құқылы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адамның өзінің көзқарасы бойынша әділетсіз үкім шығарылған жағдайда оған берілен тәртіппен шағым жасауға міндетті. Үшіншіден, адвокатқа мемлекеттік қызметкер болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.
Жалпы азаматтың отбасылық, тұрғын үй, еңбек және әкімшілік заңдарымен реттелетін қатынастардың күрделілігі, сондай-ақ, азамат өзінің субъективтік құқықтарын толық жүзеге асыру және қорғау үшін заң нормаларын, оларды қолдау тәртібін тиісті дәрежеде білмеу кәсіби заңгер – адвокаттық билік көмегін сұрауға итермелейді2. Ал адвокат заңда көрсетілген барлық құралдар мен әдістерді қолданып, азаматтың құқықтары мен мүддлерін қорғаудың ең тиімді жолдарын таңдап, сапалы заң көмегін көрсетуге тырысады және ол оның басты міндеті болып табылады. Атап айтқанда, адвокаттар – заң сұрақтары бойынша, кеңестер беру, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен азаматтардың тапсырмасы бойынша сотта өкілдік ету, азаматтық істер бойынша сот өндірісіне талапкердің жауапкер және басқа да тұлғалардың өкілі ретінде қатысуы сияқты басқа да заң көмегін көрсетуді соның ішінде заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын дайындау, шарт жасау және т.б.
Адвокаттың мәртебесі
Адвокат – міндетті түрде адвокат алқасының мүшесі болып табылатын және Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының нормаларымен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
Адвокат алқасының мүшесі болу үшін жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметі жүзеге асыру құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы мүше бола алды.
Қазақстан Республикасының Президентінің “Лицензиялау туралы” Заң күші бар Жарлығында айтылғандай: “Азаматтарға қызмет көрсетуге байланысты мынадай қызмет түрлері лицензиялауға жатады: мемлекеттік емес суъектілердің із кесу (детективтік) және күзет қызметіне, адвокаттық қызметке байланысты заң қызметін көрсету”2.
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны әділет біліктілік алқасының ұсынымы негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министірлігі береді. Берілген лицензия негізгі тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Адвокатқа лицензия біліктілік емтиханын тапсырған жағдайда беріледі.
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия мынадай тұлғаларға берілмейді:
- қасақана жасаған қылмысы үшін сотталған тұлғаға;
- жазасын өтеп жатқан тұлғаларға;
- алкаголь мен есірткі заттарды пайдалануы нәтижесінде тиісті тәртіппен әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған тұлғаларға;
- лицензия алу үшін біліктілік емтиханын тапсырмаған тұлғаларға;
- кәсіпкерлік қызметпен айналысатын немесе қандай да ақы төленетін қызмет түрімен айналысатын тұлғаларға;
- заңмен көзделген т.б. жағдайларда.
Адвокаттың көмекшілері мен тағлымдамалардан өтушілер, болуы мүмкін.
Адвокаттың көмекшілері еңбек шартының негізінде заң
консультациясында, адвокат кеңесінде немесе адвокаттық қызметпен
жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс істейді.
Көмекшілері адвокатың барлық тапсырмалары мен бұйрықтарын орындауға құқылы болып табылады.
Жоғары заң
білімі бар азаматтар
Адвокаттың құқықтары:
Адвокат алқаларының мүшелеріне құқықтар мен міндеттер берілген. Адвокат алқасының мүшелерінің құқықтары 2 топқа бөлінеді.
Бірінші топқа – адвокат алқаның мүшесі екендігін көрсететін құқықтар.
Екінші топқа –
қылмыстық бойынша қорғаушы
Адвокат алқа мүшесі ретінде:
- Адвокаттар алқасының органдарына сайлануға және сайлауға;
- Адвокаттар алқасы органдарына алдына алқа қызметіне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның оргындарының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- алқа органдары оның қызметі немесе мінез-құлқын тексерген және талқыланған барлық жағдайларда өзі қатысуға;
- өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.
Адвокат, қорғаушы немесе өкіл ретінде мынадай әрекеттер жасауға құқылы:
- Заң көмегін көрсету үшін қажет нақты мәліметтерді дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;
- Көмек сұрап келген адамға қатысты материалдармен танысуға және оларды ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен белгілеп алуға;
- заңдарға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы2.
Адвокаттың міндеттері:
Адвокат заң талаптарын сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы жоқ және т.б.
Мемлекет өз кезегінде адвокаттарға заң бойынша, қойылған талаптарды орындалуын қамтамасыз ету үшін белгілі-бір шараларды қолданады, яғни құқық қоргау органдарында және әділет органдарында белгілі-бір өкілеттікті беру арқылы құқықтық қызмет пен халыққа заң көмегін көрсету аясындағы қызметі құқықтық тұрғыда реттейді. Осылайша, реттеудің мақсаты болып, құқықтық көмек көрсету рыногын жоғары, сапалы құқыққорғау қызметімен толтыру болып табылады.
Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотқа қатысудан басқа адвокат азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді, бірлестіре отырып ұйымдарға, мекемелерге, кәсіп орындарға берген сауалдарына заңды негізге ала отырып, консультациялық кеңес береді. Осы консультациялық кеңес негізінен туындап тұрған дауды бастамас бұрын талап арызды қалай керек екендігін, әкімшілік, әлеуметтік саяси тұрғыдан еңбек қатынастарының барысында туындаған даулы сауалдардың дұрыстығын анықтауға адвокат осы жұмыс арқылы ашып береді1.
Консультациялық жұмыс адвокаттардың қызметтерінің бір түрін көрсетеді. Заң көмегін қамтамасыз етеді. Мысалы: бір қызметкерлерді жұмыстан заңсыз түрде шығарып тастады, осы заңдылықты шешіп, әшкерлеу барысында адвокат қыруар жұмыс жасап айқындайды:
Біріншіден, заңды көмек сұрап келген қызметкер ауруханада емделген бе, емделсе қай уақыт аралығында. Жұмыстан шығарып жіберу қағазы қашан жазылған, алдын-ала қызметкерге жұмыстан қудаланатындығы туралы ескертіледі ме деген сауалдарға жауап іздеп дауды дұрыс шешілуіне адвокат өзінің кеңесі арқылы көмек береді.
Конституциялық қызметті адвокаттар басты жағдайларда заң консультацияларда жүргізеді. Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы ” Заңында заң консультациясын құру тәртібі бар.
- Заң көмегін көрсету жөнінде жұмысты ұйымдастыру үшін адвокатар алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады.
- Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның өз атауы мен тиесілі адвокаттар алқасына белгіленген мор мен мөр таңбасы, заң көмегін ұйымдастыру үшін қажетті өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы бекіткен ереже негізінде іс-қимыл жасайды.
Құқықтық квалификациясын көтеру мақсатында адвокатураға арналған арнайы хабар-анықтама, номативтік және методологиялық әдебиеттер шығарылған материалдар бар қиын сауалдар туындаған жағдайда тәжірибелі, жоғары сауатты адвокаттар қатарымен методологиялық кеңес мәжілісінде қаралады. Консультациялық жұмыстың қорытындысы жүйелік түрде талап қортындайды. Осыған келіп заңды кеңестің дұрыс берілуін бақылайды және сапасын бағалауға мүмкіншілік береді. Тәжірибе бойынша консультациялық жұмыс көбінесе азаматтық, отбасы, еңбек және әкімшілік заңдар тарапындағы қатынастардан туындайтын сауалдар кездеседі.
Құқықтық қатынастарды реттеу үшін адвокат нақты мамандандырылған кеңес беру керек. Кеңес беру арқылы тауып тұрған дауды
азаматтар өз құқықтарын тәжірибеде жүзеге асыру, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен мүдделерді қорғау аясында көп жағдайларда азаматтық іс-жүргізуде – сот өкілдігі институтын қолдау арқылы қамтамасыз етіледі.
Бұл институтты қолдау мүмкіндігі АІЖК-нің 58-бабында бекітілген, яғни азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы, сондай-ақ, азматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша, өкілі болуы құқығынан айырмайды.
Сот өкілдігі – азаматтық іс жүргізу құқығының дәстүрі және негізгі институттарының бірі болып табылады. Сот өкілдігіне азаматтық істер жүргізушілік заң барлық азаматтық істер бойынша барлық соттарда және азаматтық іс жүргізудің барлық салаларында жүзеге асыуына жол береді.
Ең маңыздысы азаматтарға көмек беретін заңды кеңестер мағыналы болу керек. Соттағы іс бойынша бір жақты болуды, талап арызды беруді, жеткілікті негіздерге байланысты қарсы талап беруді қажет ететін әрекетерден құралу керек.
Егер адвокат өзінше келіп түскен сауалды жан-жақты зерттеп дұрыс шешілсе, онда туындап тұрған даудың нәтижесі әділетті түрде шешіледі. Әрине, сотта даудың бағытын білу болжамды түрде болып келеді.
Соттағы істерге байланысты берілетін заңды кеңестер, бұл адвокаттың консультациялық жұмыстың бір түрі. Ең көп жақтысы бұл – тараптары мен құқықтарын, міндеттерін білу барысында дауды бейбіт жолмен шешу. Адвокат азаматтарды қабылдаған кезде заңды нормаларды ерікті сақтауға бағыт береді. Жақсы ұйымдастырылған және орындалып жатқан консультациялық жұмыс адвокаттың алдындағы заңды сауалдардың дұрыс қамтылуында берілетін жәрдем.
Маңызды рөлі болып адвокатқа берілген заңды дұрыс қолданудағы және талқылауындағы құқықтық сана. Адвокат құқықтық ойдың байлығын, заңның насихатталуын талап ететін әділеттікті аңсайтын болу керек.
Адвока алқасының негізгі взносы заңды консультациямен және адвокат кеңселері болып табылады.
Заңды консультация – заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін адвокаттар алқасының төралқасы құрады.
Заң консультациясы орналасқан жерді адвокаттар алқасының төралқасы белгілейді.
Заң консультация барлық адвокаттар алқасы сияқты территориялық принцип бойынша құралады.
Заң консультациясының басында адвокат консультациясының жиналысында жарысын дауыспен меңгерушісі басқарады.
Заң консультациясының меңгерушісі адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар.
Адвокат алқасының мүшесі – заңды тұлғаның құқықтарын пайдаланатын жеке адвокаттық кеңселер құруға құқылы.
Азаматтың, кез – келген саладағы қоғамдық – құқықтық қатынастардың қатысушы ретінде құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің, оның органдары мен ұйымдарының, дербес азаматтарының мүмкіндігі мен уәкілеттігіне кіреді. Бұл конституциялық қағиданы бүкіл мемлекеттік жүйемен қатар, азаматтар мен олардың бірлестігінің (заңды ұйымдардың) құқықтарын қорғауды, мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын, оларға тиісінше білікті заң көмегін көрсететін ұйым – Қазақстан Республикасының адвокатурасы болып табылады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқығы және бостандығы.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-шы тамызда Референдумда қабылданған Конституциясына сәйкес адам құқығы мен бостандығы танылып, оларға мемлекет тарапынан кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасының демократиялық және құқықтық мемлекеттердің қатарына жатқызылады, бұған сәйкес әркімнің қоғамдық және мемлекеттік өмір аясында қоғамдық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Бұған әркімнің өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауды да жатқызамыз.
Осыларды ескере отырып, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігін айтуды жөн деп ойлаймын.
Азаматтың, кез-келген саладағы қоғамдық-құқықтық қатынастардың қатысушы ретінде құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің, оның органдары мен ұйымдарының, дербес азаматтарының мүмкіндігі мен уәкілеттігіне кіреді. Бұл конституциялық қағиданы бүкіл мемлекеттік жүйемен қатар, азаматтар мен олардың бірлестігінің (заңды ұйымдардың) құқықтарын қорғауды, мүдделерін білдіруді жүзеге асыратын, оларға тиісінше білікті заң көмегін көрсететін ұйым – Қазақстан Республикасының адвокатурасы болып табылады.
Жоғарыда аталған функцияларды өз қызметін мақсат тұтқан адвокатура Қазақстан Республикасында заңдылықты, құқықтары мен бостандықтарды қорғау мен қалпына келтіруді жүзеге асырады.
Мемлекет пен азаматтардың қоғамдық-гуманистық мазмұнды мәселелердің арақатынасы, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы өз алдына азаматтардың байлығы болып табылады.
Осы арақатынас арқылы туындаған құқықтар мен міндеттерді түсіндіру, біздің қоғамға деген парызымыз қабылданып жатқан заңдарды дұрыс түсінбейтін, оларды жүзеге асыра алмаймыз.
Сондықтан да, әрине, адвокаттық қызмет әлі орын таба қоймаған. Жеріміздің түпкір-түпкіріндегі азаматтар адвокаттық қызметтің маңызын түсінбейді, астыртын-үстіртін адвокаттық ілім екендігін ғана біледі. Шетелдерде болса, адвокаттық қызмет кең көлемде қолдануда және адвокат қызметінің рөлі зор, маңызды және көп көңіл бөледі. Әр отбасы өзінің жеке мүдделерін қорғау барысында адвокаттық қызметке жүгініп жұмыс жасайды. Осыған байланысты қазіргі кезде Қазақстан аумағында көп аумақты өзгерістер болуда.
Осы
арақатынас арқылы туындаған
құқықтар мен міндеттерді

- Адвокат в уголовном процессе
- Адвокат в уголовном процессе
- Адвокат в уголовном процессе
- Адвокат-защитник в уголовном процессе
- Адвокат и адвокатская деятельность
- Адвокат и его характеристика
- Адвокат и проблемы расследования преступлений
- Адвокат в гражданском процессе
- Адвокат в гражданском судопроизводстве
- Адвокат в гражданско-процессуальном праве
- Адвокат в конституционном процессе
- Адвокат в суде первой инстанции
- Адвокат в суде присяжных
- Адвокат в суде с участием присяжных заседателей