Адвокатураның мәні мен міндеттері

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Құқықтану факультеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:  Адвокатураның мәні мен міндеттері 
 
 
 
 
 
 

Орындаған: 8111 тобының 

студенті  Койшыгулова Л. 

Тексерген: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орал -2011 
 
 
 

Жоспар 
 

  1. Кіріспе
 
  1. Негізгі бөлім
 
    1. Адвокатура. Адвокатураның міндеттері.
 
    1. Адвокат. Адвокаттың мәртебесі.
 
    1. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері.
 
    1. Адвокаттың  лицензиясы.
 
  1. Қорытынды
 
  1. Пайдаланылған әдебиеттер.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе 

     Адвокаттар  алқасы — арнаулы заңда белгіленген міндеттерді орындау үшін адвокаттық қызметпен айналысуға құқы бар адамдар құратын, коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым. Облыстық, респ. маңызы бар қаланың, астананың территориясында адвокаттардың бір ғана алқасы құрылып, жұмыс істеуі мүмкін. Аталған территорияда адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол [[Қазақстан Республикасы|Қазақстан Республикасының]] “Адвокаттық қызмет туралы” заңының (7-бап) талаптарына сәйкес келетін кемінде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады. Оған мемл. органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді. Адвокаттар алқасының негізгі міндеттері: адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және оларды қорғау; олардың қызметін материалдық-техн. және анықтамалық-ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету; адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіби бақылауды ұйымдастыру; алдын-ала тергеу және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заңды көмек көрсету, қорғау ісін ұйымдастыру. Адвокаттар алқасының жарғысы, жоғары органы (алқа мүшелерінің жалпы жиналысы немесе конференциясы), атқарушы органы (төралқа), бақылаушы органы (тексеру комиссиясы) болады. Адвокаттар алқасы. мүшелерінің құқылары мен міндеттері, тәртіптік жауапкершілігі, т.б. Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 ж. 5-желт.) көзделген.

     Адвокатура  – құқықтық институт болып, ол адвокаттық қызметпен шұғылданушы адамдар  және жеке адвокаттық операциямен шұғылданушы  бөлек кісілердің кәсіптік бірлесулерін өз ішіне алады.

Адвокатураның атқаратұғын функциялары:

  • адвокаттар қылмыс процессінде қорғаушы өкіл болып қатыса алады.
  • адвокаттар коллегиясының қызметкерлері халыққа юридикалық кеңес береді.
  • адвокаттар арыз, сенімхат, мирасқорлық бланкасын т. б. құқықтық құжаттарды толтырып береді.

Адвокатұраның басқа мақсаттары:

  • мекемелерге, қарттар үйіне, қарапайым халыққа жоғарғы дәрежелі жәрдем беру;
  • Азаматтық құқықтарының сақтануына жәрдем беріу;
  • Халықты құқықтық нормативтерге тәрбиелеуге жәрдем беру болып табылады.

Адвокатура — заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан бірлестік. 
 

Адвокатураның міндеттері:

жеке  және заңды тұлғаларға заңдық көмек  көрсету, құқықтары мен заңды  мүдделерін сақтауға көмектесу, заңдылықты сақтау және нығайту, жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қол  сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күресу, сот әділдігіне жәрдемдесу.

Адам  мен азаматтың құқықтары мен  бостандықтары шебер, істі жақсы  біліп, біліктілік танытып, құқығы қорғалғанда  ғана толық көлемде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда заңды білу ғана емес, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану  тәжірибесін білетін білікті  маман керек. Азаматтар, әдетте, заңнаманың негізгі ережелерімен ғана таныс. Ал субъективтік құқықтарды қорғау үшін заңды неғұрлым терең білу және оларды қолдану тәртібін меңгеру қажет. Бұл кәсіби білімі бар заңгерлер  мен адвокаттардың көмегін қажет  етеді.

     Адвокат — адвокаттық қызмет шегінде кәсіптік негізде заңдық көмек көрсететін, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын азамат. Қазақстан Республикасында болашақ адвокаттарға белгілі талаптар қойылады. Болашақ адвокат Қазақстан Республикасының азаматы, жоғары заңдық білімі, заң мамандығы бойынша екі жылдан кем емес жұмыс өтілімі болуы міндетті. Адвокаттық қызметпен айналысу үшін біліктілік емтиханын тапсырып, Әділет министрлігінің лицензиясын алуы керек. Адвокат адвокаттар алқасының мүшесі болуға міндетті.

Адвокаттардың заңды көмегі

Адвокат азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау үшін заңды әдіс-тәсілдер арқылы мынадай заңгерлік көмек көрсетеді:

  • кеңестер, түсініктемелер беру;
  • талап-арыздарын, шағымдар мен қолдау хаттарын толтыру және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды толтыру;
  • тергеу және алдын ала тергеу кезінде қорғау; қылмыстық істер бойынша сотта жәбірленушілерді, азаматтык, талапкерлерді және азаматтық жауапкерді ұсынады;
  • азаматтық істер мен әкімшілік заң бұзушылық істері бойынша соттарда және мемлекеттік органдарда өкілдік қызмет аткарады;
  • азаматтарға және ұйымдарға заңнамаға қайшы келмейтін заңгерлік көмек көрсетеді.

   Адвокаттың  қылмыстық іс жүргізуге қатысуы  айыптаушыларды (күдіктілерді) қорғау қызметін жүзеге асыруға байланысты болады. Әрбір ұсталған, тұтқындалған, айыпталған адамның ұсталган, тұтқындалған немесе айып тағылван сәттен бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалану  құкығы бар.

   Қылмыстық жауапқа тартылған адам қорғаушы алуға міндетті. Егер ол азамат немесе оның жақын туыстары немесе заңды  өкілдері адвокат шақырғысы келмесе, онда ол тергеушінің, прокурордың немесе судьяның қаулысымен тағайындалуы тиіс. Бұл жағдайда адвокаттың еңбегі толықтай республикалық бюджет қаржысынан төленеді.

     Заңнамада тыйым салынбаған өзге де заң көмектеріне  мыналар жатады:

  • занды тұлғалардың жарғыларын жасау және олардың құжаттарын тіркеуге әзірлеу;
  • келісімшарттар жасау;
  • коммерциялық операцияларға қызмет көрсету;
  • кеңес берушілері жоқ ұйымдарға заңдық қызмет көрсету.

Адвокат қызметімен айналысуға құқығы бар азаматтар  адвокаттар алқасы деп аталатын ерікті бірлестікке бірігеді. Адвокаттар алқасы адвокаттардың коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі  қаржыландыратын ұйымы. Ол жеке және заңды тұлғаларға білікті заң  көмегін көрсету үшін құрылады. 

Адвокаттың  мәртебесі

     Қазақстан Республикасындағы адвокат

     1. Адвокат - жоғары заң білімі  бар, адвокаттық қызметпен айналысуға  лицензия алған, міндетті түрде  адвокаттар алқасының мүшесі  болып табылатын және осы Заңмен  регламенттелетін адвокаттық қызмет  шеңберінде кәсіптік негізде  заң көмегін көрсететін Қазақстан  Республикасының азаматы.

     2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз  не әрекет қабілеті шектеулі  деп танылған не өтелмеген  немесе алынбаған соттылығы бар  адам адвокат бола алмайды.

     Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы  өтелген немесе алынған; қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздер бойынша  қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан  шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген  негіздер бойынша лицензиясының  қолданысы тоқтатылған адам - осындай  оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл  бойы адвокат бола алмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Адвокаттың  құқықтары

1. Адвокат  көмек сұрап келген адамға  ол мұқтаж болған кез келген  заң көмегiн көрсетуге құқылы.

2. Адвокат  өзiне өтiнiш жасаған адаммен  заң көмегiн көрсету туралы  өз атынан жазбаша шарт жасасады.

3. Адвокат,  қорғаушы немесе өкiл ретiнде  әрекет жасай отырып, iс жүргiзу  заңына сәйкес:

1) барлық  соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге  де органдар мен ұйымдарда  заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған  тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн  қорғауға және бiлдiруге;

2) барлық  мемлекеттiк органдардан және  мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық  қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;

3) заң  көмегiн көрсету үшiн қажет  нақты мәлiметтердi дербес жинауға  және дәлелдер табыс етуге;

4) көмек  сұрап өтiнiш жасаған адамға  қатысты материалдармен, соның iшiнде  iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу  және сот iстерiмен танысуға  және олардағы ақпаратты заң  актiлерiнде тыйым салынбаған  кез келген тәсiлмен белгiлеп  алуға;

5) iске  қатысуға жiберiлген сәттен бастап  жолығулар санын, олардың ұзақтығын  шектемей және мұндай жолығулардың  құпиялығын қамтамасыз ететiн  жағдайларда өзi қорғайтын адаммен  оңаша жолығып тұруға;

6) заң  көмегiн көрсетуге байланысты  туындайтын және ғылым, техника,  өнер мен басқа да қызмет  салаларында арнайы бiлiмдi қажет  ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн  шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын  сұратуға;

7) өтiнiштер, мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура,  анықтау, алдын ала тергеу органдары  мен соттың лауазымды адамдарының,  сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш  жасаған адамдардың құқықтарына  және заңдармен қорғалатын мүдделерiне  қысым жасайтын өзге де лауазымды  адамдардың әрекеттерiне белгiленген  тәртiппен шағым жасауға;

8) мемлекеттiк  құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк  және заңмен қорғалатын өзге  де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала  тергеу кезiнде және сотта қорғау  немесе өкiлдiк ету үшiн қажет  болса, заң актiлерiнде көзделген  тәртiппен танысуға;

9) заң  көмегiн сұрап өтiнiш жасаған  адамдардың құқықтары мен заңды  мүдделерiн қорғаудың заңдарда  тыйым салынбаған барлық құралдары  мен тәсiлдерiн пайдалануға;

10) заңдарға  қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.

4. Мемлекеттiк  орган немесе лауазымды адам  адвокаттың заң көмегiн сұрап  өтiнiш жасаған адамның мүддесiн  бiлдiру құқығын танудан бас  тарта алмайды.

5. Адвокат  соттардың, прокуратураның, қылмыстық  процесті жүргізуші органдардың  әкімшілік ғимараттарына белгіленген  тәртіппен өзінің адвокаттық  куәлігін көрсетуі бойынша еркін  кіру құқығын пайдаланады.

Адвокаттың  ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған  орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық  режимге сәйкес жүзеге асырылады.

6. Адвокат  мiндеттi сақтандыру қаражаты  есебiнен жүзеге асырылатын мемлекет  кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғалуға  құқықты.

Әлеуметтiк  сақтандыруға арналған жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлейдi. 

 Адвокаттың  мiндеттерi

1. Адвокат  заң талаптарын сақтауға, адвокатураны  ұйымдастыру мен оның қызметiнiң  принциптерiн басшылыққа алуға,  кәсiптiк мiнез-құлық нормаларының  талаптары мен адвокаттық құпияны  сақтауға мiндеттi. Адвокат өзінің  кәсіби біліктілігін үнемі арттырып  отыруға міндетті.

2. Егер  адвокат осы iс бойынша мүдделерi көмек сұрап өтiнiш жасаған  адамның (тараптардың өзара келiсiмi  бойынша ара ағайын болған  жағдайларды қоспағанда) мүдделерiне  қайшы келетiн адамдарға заң  көмегiн көрсетiп жүрсе немесе  бұдан бұрын көрсеткен болса  немесе судья, прокурор, анықтауды  жүргiзушi адам, тергеушi, сарапшы,  маман, аудармашы, куә, жәбiрленушi немесе куәгер, азаматтық талап  қоюшы немесе азаматтық жауапкер  ретiнде iске қатысқан жағдайларда,  сондай-ақ егер iстi тергеуге немесе  қарауға адвокатпен жақын туыстық  қатынастағы лауазымды адам қатысса,  ол заң көмегiн көрсету туралы  тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.

3. Адвокат  заң көмегiн көрсетуге байланысты  өзiне мәлiм болған мәлiметтердi  құпия сақтауға мiндеттi және  көмек сұрап өтiнiш жасаған  адамның келiсiмiнсiз оларды жария  етуге құқығы жоқ.

4. Iс  бойынша адвокаттың көмек сұрап  өтiнiш жасаған адамның жағдайын  нашарлататын құқықтық позиция  ұстануына тыйым салынады.

5. Адвокаттың  қылмыстық iс бойынша қабылданған  тапсырмадан бас тартуға құқығы  жоқ және ол қорғалатын адамның  немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы  бойынша әдiлетсiз үкiм шығарылған  жағдайда алған белгiленген тәртiппен  шағым жасауға мiндеттi.

Адвокат сенім білдірушінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қолайлы әсерін тигізетін  іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау  жөніндегі кез келген, заңмен тыйым  салынбаған іс-әрекеттерді орындауға  міндетті.

6. Адвокатқа  мемлекеттiк қызметте болуға және  кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық  қызметтен басқа өзге де ақы  төленетiн қызметпен айналысуға  тыйым салынады. 
 
 
 
 
 
 

Адвокаттың  лицензиясы

     1. Әділет аттестаттау комиссиясының  шешімі негізінде Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігі берген адвокат  лицензиясы лицензияда көрсетілген  адамның адвокаттық қызметпен  айналысуына рұқсат беру болып  табылады.

     2. Лицензия адвокаттар алқасында  үш айдан бір жылға дейінгі  мерзімде тағылымдамадан өткен  адамдарға олар аттестаттаудан  өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық  қызметпен айналысуға үміткер  адамдардың аттестаттаудан өту  ережесін Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі  бекітетін Адвокаттық қызметпен  айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк  тiзiлiмi туралы ережеге сәйкес Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігі  осы тізілімді жүргізеді және Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымдарында адвокаттар лицензияларын беру, лицензияларының  қолданылуын тоқтата тұру, лицензияларынан  айыру және қолданылуын тоқтату  туралы мәліметтерді жариялайды.

     3. Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық  қызметпен айналысуға лицензия  алуға:

1) Қазақстан  Республикасы Әділет біліктілік  алқасында немесе Қазақстан Республикасы  Жоғары Сот Кеңесі жанындағы  Біліктілік комиссиясында біліктілік  емтиханын тапсырған адамдардың;

2) тұрақты  судьялардың және өз міндеттерін  орындау кезінде атына кір  келтіретін теріс қылықтары және  заңды бұзғаны үшін судья қызметінен  босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс  істеген адамдардың құқығы бар.

     Прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде  он жыл жұмыс істеген прокурорлар, тергеушілер мен анықтаушылар, жағымсыз себептер бойынша босатылғандарды  қоспағанда, адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткеннен кейін емтихан тапсырудан босатылады.

     4. Адвокаттық қызметпен айналысуға  лицензия беру туралы шешімді  Қазақстан Республикасының Әділет  министрлігі қабылдайды.

     5. Лицензия негізгі, тұрақты болып  табылады және оның күші Қазақстан  Республикасының барлық аумағында  қолданылады. 

Лицензия  беруден бас тарту

Лицензиялау туралы заң актiлерiнде көзделген  негiздер бойынша лицензия беруден  бас тартылуы мүмкiн.

          

Адвокаттық  қызметпен айналысуға арналған лицензияның  қолданысын тоқтата тұру

     1. Адвокаттық қызметпен айналысуға  арналған лицензияның қолданысын  тоқтата тұру тәртібі мен шарттары  Қазақстан Республикасының лицензиялау  туралы заңнамасында белгіленеді.

     2. Қазақстан Республикасының лицензиялау  туралы заңнамасында көзделген  жалпы негіздерден басқа, адвокаттық  қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы: 

1) адам  мемлекеттік қызметте болған; 

2) Қазақстан  Республикасы Парламенті депутатының,  өз қызметін тұрақты немесе  босатылған негізде мемлекеттік  бюджет қаражаты есебінен төленетін  мәслихат депутатының өкілеттіктерін  орындаған; 

3) мерзімді  әскери қызмет өткерген; 

Аталған жағдайларда лицензияның қолданысы  Қазақстан Республикасы Әділет министрінің  бұйрығымен тоқтатыла тұрады. Қабылданған  шешім туралы лицензиясының қолданысы  тоқтатыла тұрған адам, соттар, құқық  қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі. 

Адвокаттық  қызметпен айналысуға арналған лицензиядан  айыру және оның қолданысын тоқтату

1. Адвокаттық  қызметпен айналысуға арналған  лицензиядан айыру Қазақстан  Республикасының Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодексіне сәйкес  жүзеге асырылады.

1-1) заңсыз  жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді  қаржыландыруға қарсы іс-қимыл  туралы Қазақстан Республикасының  заңнамасында көзделген талаптар  жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік  он екі ай ішінде үш және  одан да көп рет) бұзылған;

2. Адвокаттық  қызметпен айналысуға арналған  лицензияның қолданысын тоқтату  Қазақстан Республикасының лицензиялау  туралы заңнамасында көзделген  тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Осы  баптың 2-тармағында көзделген негіздерден  басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға  арналған лицензияның қолданысын  тоқтату Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінің талап-арызы  бойынша:

1) адвокат  өз кәсіби міндеттерін орындау  кезінде Қазақстан Республикасының  заңнамасын, адвокатураны ұйымдастыру  және оның қызметі принциптерін  өрескел не бірнеше рет бұзған;

2) біліктілігінің  жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың  өз кәсіби міндеттерін орындауы  мүмкін болмаған жағдайларда  сот тәртібімен жүзеге асырылады.

4. Адвокаттар  алқасы төралқасының өтініші  осы баптың 3-тармағында көзделген  жағдайларда адвокаттық қызметпен  айналысуға арналған лицензияның  қолданысын тоқтату туралы талап-арыз  дайындау үшін негіз болып  табылады.

Аумақтық  әділет органының ұсынымы осы  баптың 3-тармағының 1) тармақшасында  көзделген жағдайда адвокаттық қызметпен  айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әділет министрі сот  шешімі негізінде адвокаттық қызметпен  айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі.

5. Осы  баптың 2-тармағында көзделген негіздерден  басқа, адвокаттық қызметпен айналысуға  арналған лицензияның қолданысын  тоқтатуды Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігі:

1) заңды  күшіне енген сот шешімі бойынша  адвокат әрекет қабілеті жоқ  немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болды не хабар-ошарсыз  кетті деп танылған;

2) адвокат  Қазақстан Республикасының азаматтығын  тоқтатқан;

3) адвокат  қасақана қылмыс жасағаны үшін  ақтамайтын негіздер бойынша  қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;

4) қасақана  қылмыс жасағаны үшін адвокатқа  қатысты соттың айыптау үкімі  заңды күшіне енген;

5) адвокатқа  медициналық сипаттағы мәжбүрлеу  шараларын қолдану туралы сот  шешімі заңды күшіне енген  жағдайларда жүзеге асырады.

6. Аумақтық  әділет органының ұсынымы осы  баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда  адвокаттық қызметпен айналысуға  арналған лицензияның қолданысын  тоқтату туралы шешім қабылдау  үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әділет министрі адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның  қолданысын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданысы  тоқтатылған адамға жіберіледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның  қолданысының тоқтатылғаны туралы соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етіледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     Тақырыбымызды  қорыта  келсек, адвокатураның  мәні мен міндеттері  жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, заңдылықты сақтау және нығайту, жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күресу, сот әділдігіне жәрдемдесу.

Адам  мен азаматтың құқықтары мен  бостандықтары шебер, істі жақсы  біліп, біліктілік танытып, құқығы қорғалғанда  ғана толық көлемде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда заңды білу ғана емес, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану  тәжірибесін білетін білікті  маман керек. Азаматтар, әдетте, заңнаманың негізгі ережелерімен ғана таныс. Ал субъективтік құқықтарды қорғау үшін заңды неғұрлым терең білу және оларды қолдану тәртібін меңгеру қажет. Бұл кәсіби білімі бар заңгерлер  мен адвокаттардың көмегін қажет  етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Адвокаттық  қызмет туралы   Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195-1 Заңы
Адвокатураның мәні мен міндеттері