Асқазан - өңеш рефлюксі және оның асқынулары

Асқорыту жүйесі

Асқорыту жүйесінің қызметтері ағзаға түскен тағамдарды қарапайым  мономерлерге дейін ыдыратып, қан  мен лимфаға сіңіріп, сорады да, одан қалған қалдық өнімдердін сыртқа шығарады. Бұдан басқа механикалық, тағамды химиялық жолмен өңдеу, секреторлық, экскреторлық, резорбциялық (сору) және қорғаныс қызметтерін де атқарады.

Асқорыту жүйесінің қурамында:

• Асқорыту жүйесінің түтікше мүшелері;

• Ірі асқорыту бездері болады.

Асқорыту жүйесіне: ауыз қуысындағы мүшелер, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек пен тоқ ішек кіреді. Ірі асқорыту бездеріне: ірі сілекей бездері, құлаққасы, жақасты және тіласты бездері жатады, бұлар ауыз қуысынан тыс орналасады.

Сонымен қатар, өт қабы мен бауыр, үйқы безі де, асқорыту жүйесіне қатысады. Асқорыту жүйесі үш бөліктен түрады; алдыңғы бөлігіне; ауыз қуысындағы мүшелер, жұтқыншақ пен өңеш, ортаңғы бөлігіне; асқазан, ішектер, бауыр, өтқабы, үйқы безі, соңғы бөлігіне; тік ішектің анальді бөлігі жатады.

Дамуы: асқорыту жүйесінің негізгі  мүшелері эмбрионалді кезеңде ішек түтігінен бастау алады. Алғашқы  болып дамыған біріншілік ішектің екі ұшы эмбриогенезінің алғашқа даму сатысында тұйық болып келеді де, кейіндеу ойыстанып барып, алдыңғы бөлігінен біріншілік ауыз қуысының, ал соңғы бөлігінен анальді перделері түзіледі.

Ұрықтық дамудың 3-аптасынан 3-айға дейін перделері тесіліп, екі ұшы ашық ішек түтігі қалыптасады. Пайда болған ішек түтігі үшке бөлінеді: алдыңғы (ұрықтың бас бөлігінде), ортаңғы және артқы боліктері (ұрықтық бөлігінде) орналасады. Ішектің алдыңғы бөлігінен; ауыз қуысындагы мүшелердің эпителиалді қүрылымдары дамиды.

Буған ауыз қуысындағы біраз мүшелерінін және жүтқыншақ пен өңештің эпителилері жатады. Ішектің ортаңғы бөлігінен асқазан, аш ішек пен тоқ ішектің алдыңғы бөлігі мен бауыр, өт қабы мен ұйқы безінің эпителилерінің бастамасы дамиды. Ал ішектің соңғы бөлігінен мықын ішегі мен тік ішек бөліктері қалыптасады. Ұрықтық мезенхимадан асқорыту жүйесі мүшелерінің дәнекер тіндері мен біріңғай салалы ет тіндері дамиды. Мезотелийі мен серозді қабықтары спланхнотомның висцералді жапырақшаларынан бастау алады.

Асқорыту жүйесінің жалпы құрылысы. Асқорыту жүйесі мүшелерінің көбінің қабырғасында қабықтары бар, түтікше мүшелер. Қабықтары: кілегейлі, кілегей асты негізі, етті және серозды (адвентициалді) болып бөлінеді. Әрбір қабықтарының құрамында қабаттары да болады.

Кілегейлі қабығы үш қабаттан: эпителиі, меншікті және ет пластинкаларынан түрады. Кілегейлі қабықтың беті эпителиінен бөлінген секреттің көмегімен үнемі ылғалданып отырады. Сондықтан бұл қабық «кілегейлі» қабық болып саналады. Сонымен қатар қілегейлі қабықтың беткейі (рельефі) тегіс те емес: қатпарлары, шұңқырлары, аймақтары мен бүрлері болады. Эпителиі асқорыту каналының алдыңғы және соңғы бөліктерінде көп қабатты, жалпақ, мүйізделмеген эпителий. Қорғаныс қызметін атқарады. Түтіктің ортаңғы бөлігіндегі энителиі бір қабатты призмалы. Бұл эпителий көбінесе тағамды сорып, сіңіру, секреторлы, экскреторлы қызметтерді атқарады. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы БТҚДТ - нен түзілген, қүрамында қарапайым бездері, қан мен лимфа тамырлары болады. Ет пластинкасы 2-3 қабаттан тұратын миоциттердің жігінен түзіледі. Ауыз қуысындағы мүшелерде аталмыш пластинка болмайды.

Кілегей асты негізі: құрамында БТҚДТ болатын қабығы. Бұл қабық да ауыз қуысындағы біраз мүшелерде болмайды. Кілегей асты негізінде: тамырлар, нерв талшықтары, күрделі бездер (өңеште, он екі елі ішекте), және ірі лимфоидты фолликулдар болады.

Ет қабығы екі қабаттан (асқазанда үш қабат) турады, ішкісі -айналмалы, ал сыртқысы - бойлық. Асқорыту жүйесінің біраз мүшелерінде аталған қабық тегіс салалы ет тіні, бірақ өңештің мойын бөлігі мен тік ішекте көлденең жолақ ет тінінен түзілген. Ет қабығының арасында БТҚДТ мен нерв тармақтары (Ауэрбах талшықтары), қан тамырлары орын алады. Ет тіндерінің жиырылғыштық қасиетіне байланысты мүшелердің қабырғасы қозғалысқа келіп отырады. Мұнымен қатар, химустың без секреттерімен қосылып, ішектің каудальді бөлігіне жылжуы жүзеге асады.

Сыртқы серозды қабық екі  қабаттан тұрады. Ішкісі - БТҚДТ-ді қабат, құрамында нервтер мен қан тамырлары болады. Сыртқысы -серозды қабаты - мезотелий, яғни бір қабатты жалпақ эпителий. Серозды қабықтың қызметі секрет бөліп, мүшелердің серозді сүйықты кері соруын қалыптастырып, мүшелердің сыртын ылғалдандырып бір-біріне жабыстырмайды. Мезотелидің бұзылуы (деэпителизациясы), кейде қабыну процестеріне алып келеді, бұл кезде өте сезімтал ауру шақырып, мүшелер сыртымен жабысып (спаек), әсіресе ішек байламдарында (ілмекетеніп, бүктелген жерлерінде) тағамның өтпей қалуы да мүмкін.

Адвентициалді қабық БТҚДТ-нен  түзілген. Бұл қабық көбінесе қозғалысы нашар мүшелердің сыртын тыстайды.

Асқорыту жолдарындағы бездердің орналасуы

Асқорыту жолдарындағы бездердің  топографиясы әртүрлі.

• Интраэпителиалді бездер (жасушалары бокал тәрізді, асқазанның кілегейлі қабығының эпителиінде орналасады).

• Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында орналасқан бездер (қарапайым бездер).

• Кілегей астындағы негізінде қабықта секреторлы бөлігі орналасатын бездер ( күрделі бездер).

• Асқорыту жолынан тыс орналасқан, бірақ секреторлы өзектері келіп  аскортуға қатысатын мүшелердің қуысына ашылатын бездер (ірі сілекей  бездері, бауыр мен үйқы безі).

Ауыз қуысындағы мүшелер

Ауыз қуысында орналасқан мүшелерге: ерін, ұрт, қызыл иек, тістер, тіл, қатты және жүмсақ таңдай мен миндалиналар жатады. Ауыз қуысына ірі сілекей бездерінің озектері келіп ашылады. Асқорыту жүйесінің алдыңғы бөлігінің қызметі: механикалық, аздаған химиялық процестерде жүреді, тағамның дәмін сезіну, жұту, жұтылған тағамның өңештен асқазанға өтуі жүзеге асады.

Құрылыс ерекшеліктері. Ауыз қуысында орналасқан біраз мүшелерді қүрылысына қарай қабатты мүшелерге жатқызуға болады. Кілегейлі қабығы көп қабатты, жалпақ, мүйізделмеген эпителий мен меншікті пластинкадан тұрады. Эпителиінде -эпителиоциттер, меланоциттер, Лангерганс жасушалары, Меркель жасушалары орналасады, мүйізделетін қасиетке де ие. Көбінесе қорғаныс қызметін атқарып, секрет бөледі. Қызыл иекте, қатты таңдайда, тілдің үстінде немесе тіл жотасында, ет пластинкасы мен кілегей асты негізі болмайды. Ет қабығы көлденең жолақ ет тінінен түзілген.

Ауыз қуысыныц кілегейлі қабығындағы  ірі және ұсақ бездерден бөліністін сілекейдің көмегімен тағам шыланып, оңай шайналып, жұтылады. Кілегейлі қабықтың эпителиі әртүрлі эпителиоциттерге жіктеледі де: базальді, тікенекті (көпбүрышты) және жалпақ жасушалар қабаттарын түзеді. Ауыз қуысының эпителиі мүйізделмеген, жалпақ, көп қабатты, кейбір тұстарында жасушалары жартылай мүйізделіп түсіп те отырады.

Ерін - тері, аралық және ішкі кілегейлі бөліктері болады. Тері бөлігінің құрылысы, теріге ұқсас, сырты эпидермиспен қоршалған, құрамында май және тер бездерімен қоса түктері де болады. Эпидермистің астындағы БТҚДТ-і биік еміздіктер түзіп, үстіңгі эпидермиске енеді. Еріннің аралық бөлігінің эпидермисі жұқа, мұнда түктері мен тері бездері болмайды, бірақ аталған бөлігінде май бездері болады. Аралық бөлігі қан тамырларына өте бай, сондықтан ерінге қызыл түс береді. Еріннің ішкі кілегейлі болігі көп қабатты, жалпақ, мүйізделмеген эпителимен тысталған. Эпителидің меншікті пластинкасы бар. Кілегей асты қабығында еріннің сілекей бездерінің секреторлы бөліктері орын алады. Бұл бездер күрделі альвеолярлы-түтікшелі, ал бөлетін секреті шырышты белокты.

Тістер - анатомиялық жағынан үш бөліктен тұрады: тіс түбірі, мойны, сауыты. Тіс сауыты - құрамында тіс эмалі мен дентині болады. Тіс эмалі -ағзадағы ең қатты тін, қүрамында 96-97% минералды түздары бар, құрылым. Эмальдің қүрылымдық элементі -эмальдік призмалар, қалыңдығы 3-5 мкм. Құрамында диаметрі 25 нм минералды заттар, оның ішінде әр түрлі кристаллдары болады. Эмальдік призмалар бір-бірімен призма аралық матрикспен байланысады. Призмалардың пішіні «8» тәрізді. Эмальдің сырты Надсмитов мембранасы болып аталатын кутикуламен қоршалған.

Тіс сауытының эмалінің астында  дентин орын алады. Бұл тістің ең негізгі тіні. Дентин сүйек тінінің бір түрі. Дентиннің жасушасы дентинобласттар, бұлардың арасында минералданған заттар орналасады. Бұл заттардың құрамында коллаген фибриллалары, негізгі зат пен 72% минералды компаненттері болады. Дентин – дентин  түтікшелерінен түрады. Түтікшелерге дентиобасттардың өсінділері мен нервтері бірігіп кетеді. Тісте дентин-эмаль байланысы тістің ең мықты жері болып саналады.

Тіс тубірі - дентин мен цементтен  тұрады. Цементте сүйек тінінің бір түрі, құрамында 70% минералды заттары болатын құрылым. Цемент жасушалы және жасушасыз болып екіге бөлінеді. Жасушалы цемент тіс түбірдің ұшында, ал жасушасыз тіс түбірінің жоғарғы бөлігінде кездеседі. Цементтің жасушалары цементоциттер.

Тіс пульпасы - тіс сауытының ішін толтырып тұратын, тістің жұмсақ тіні. Пульпа бірнеше қабықтан тұрады: сыртқы, аралық және ішкі қабықтары болып ажыратылады. Ең негізгі - қабаты, сыртқы қабат. Мұнда дентинобласттардың денесі орналасады. Тіс пульпасының негізін БТҚДТ мен көптеген қан тамырлары мен нерв талшықтары түзеді

Тіл - тілдің денесі көледенең-жолақ ет тіні. Ет талшықтары тілде әртүрлі бағытта орналасады: тік, көлденең, қиғаш талшықтары болғандықтан, тіл күрделі қозғалыстар жасайды. Ет талшықтарының арасында БТКДТ мен қан тамырлары, нервтер және май жасушалары орналасады. Тілдің бүйір бетінде және жоғарғы жотасында кілегейлі қабығы тіл етімен тікелей байланысқан сондықтан бұл тұстарында кілегей асты негізі болмайды. Кілегейлі қабығы екі қабаттан тұрады: көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителиі және меншікті пластинкасы, бұлардан тіл бүртіктері түзіледі. Тілде төрт түрлі бүртіктер болады. Олар: жіп тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді, жапырақ және науа тәрізділері. Бұлардың ішіндегі ең көбі - жіп төріздісі, бұл тағамның дәмін сезуге қатыспайтын бүртіктер болып саналады, тілдің ұшында орналасады. Қалған бүртіктері тіл эпителиінің құрамындағы дәм сезу бүртіктерінің тобын түзеді.

Жапырақ тәрізді бүртіктер, тілдің екі бүйір бөліктерінде орын алады, балаларда өте жақсы дамыған. Саңырауқүлақ тәріздестері тіл жотасында шашырап орналасқан. Науа тәріздес бүртіктері тіл түбірі мен тіл денесінен орын алады.

Тілде дәм сезу түйіндері де бар, олардың пішіні эллипс тәріздес. Бұлар тіл эпителиінің құрамында орналасады. Тілде дәм сезу түйіндерінің төрт түрлі: тіректік, сезімтал (сенсорлы), базальді және нерв ұштарымен синапс түзетін жасушалар болады.

Тілде ұсақ сілекей бездері де болады. Олардың саны өте көп. Бездердің соңғы секреторлы бөліктері БТҚДТ- нің қабыршақтарының ішінде орналасады. Тілде үш түрлі сілекей бездері болады: белокты, шырышты және аралас. Бұлардың бәрі де, қарапайым түтікшелі немесе альвеолярлы-түтікшелі бездерге жатады. Тіл түбіріндегі бездер шырышты, ал денесіндегі бездері - белокты, тіл үшындағы -аралас бездер болып саналады.

Ірі сілекей бездері

Ауыз қуысында тағамның химиялық өңделуі  жүзеге аса бастайды. Бұған сілекейдің құрамындағы ферменттердің атқаратын қызметі өте маңызды. Ауыз қуысынан тыс орналасқан үш ірі: шықшыт, тіласты, жақасты, сілекей бездері де маңызды қызмет атқарады.

Қызметтері:

• Сілекейді өңдеп шығарады. Сілекейдің қүрамында шырышты зат - гликопротеин -муцин мен ферменттер болады. Бұған: амилаза, пептидаза, липаза, мальтоза, нуклеоза ферменттері жатады. Сілекейдің құрамында бактериоцидтік заттар - секреторлы анти-денелер мен лизоцим де болады.

• ЭНдокринді қызметі. Инсулинге ұқсас және лимфоциттерді өсіретін, нервтер мен эпителиді өсіретін факторларды бөледі. Қан тамырларының диаметрін кеңейтетін калликреин және мұның қарсыласы ренин де синтезделеді.

Құрылысы. Аталған бездердің бәрі де паренхиматозды, бөлшектенген мүшелер. Паренхимасы- бездің секреторлы бөлігі мен өзектеріндегі эпителий болса, ал стромасын БТҚДТ- түзеді.

Шықшыт безі - күрделі тармақталған, бөлетін секреті таза белокты, бөлшектенген без. Бездің әрбір бөліктері секреторлы және қыстырма, бөлік ішкі сызықты  өзектерден тұрады. Бездің соңғы секреторлы бөліктерінде екі түрлі жасушалары болады. Олар: сероциттер мен миоэпителоциттері. Сероциттердің пішіні конус тәрізді, екі полюсі айқын көрінетін секреторлы жасушалар. Ядросында эухроматині басым. Бұлардың базальді полюсінде көптеген түйіршікті эндоплазмалы тор, гольджи комплексі , ал апикалді бөлігінде - ферментті түйіршіктері мен көпіршіктері болады. Сероциттердің арасында секреторлы каналдар бар екені де білінеді. Секреторлы жасушалардың сыртын ала жасушалардың екінші түрі миоэпителоциттер орналасады. Бұлардың пішіні жіп тәрізді, өсінділі, цитоплазмасында жақсы дамыған жиырылғыш миофиламентоциттері болады. Миоэпителоциттердің өсінділерінің жиырылгыштық қызметінің арқасында, секреттің сыртқа бөлініп шығуы жүзеге асады.

Шықшыт безінің секреторлы озектері мына бөліктерге: қыстырма, сызықты, бөлікаралық  және жалпы секретті сыртқа шығаратын өзек болып жіктеледі. Қыстырма өзектерінің қуысы бір қабатты жалпақ немесс куб тәрізді эпителимен тысталады. Бұлардың сыртын миоэпителиоциттер қоршайды.

Сызықты озектері - цилиндр тәрізді  эпителиоциттерден түзілген, бұлардың базальді полюсіндегі қатпарларында көптеген митохондриялары болады. Осыған байланысты сызықты өзектегі жасушалар белсенді түрде натрий иондарын тасымалдауга қатысады да, сілекейден суды сорады. Осыған байланысты сілекейдің концентрациясы озгереді.

Бөлік аралық өзектерінің қуысы алғашқы да екі қатарлы, сосын барып көп қабатты эпителимен тысталады.

Жалпы секрет шығатын өзектің қуысы  көп қабатты эпителимен қоршалған.

Жақасты бездері - күрделі альвеолярлы  немесе альвеоляры-түтікшелі. Секреті  белокты-шырышты ( белогы көп) - аралас.

Бездің бөліктері: белокты және аралас болып жіктеледі. Аралас бөліктерінің қүрамында 3 түрлі жасушалары: сероциттер, мукоциттер мен миоэпителиоциттер  болады. Сероциттердің құрылысы жоғарыда айтылғандай. Ал, шырышты жасушалары немесе мукоциттері бездің секреторлы бөлігінің ортасын ала орналасады. Өте ірі, бояу алу қабілеті нашар, бірақ жақсы дамыған ЭПТ мен ГК болады. Апикальді бөлігінде шырышты көпіршіктері жақсы көрінетін жасушалар көрінеді. Сероциттері мукоциттердің сыртын қоршап, Джиануццидің белокты жарты айшықтарын түзеді. Ал, бүлардың сыртын миоэпителиоциттер қоршайды.

Қыстырма озектері қысқа, ал сызықты  өзектері бұларға қарағанда жақсы дамыған;

Сызықты өзектерінің қабырғасында: сызықты (митохондриялары бар), бокал тәрізді (секреторлы), эндокринді (гормондар бөлетін) жасушалар болады.

Тіласты бездері - альвеолярлы-тутікшелі, бөлетін секреті шырышты белокты, секретінің құрамында екі түрлі: шырышы басым болып келген мукоциттер және сероциттері болады

Бұл бездің құрамында: белокты, аралас және шырышты секреторлы бөліктері болады. Шырышты соңғы бөліктерінің қүрамында екі түрлі: мукоциттер мен миоэпителиоциттері болады. Ал, қалған екі бөліктерінің құрылысы жоғарыда айтылғандай. Қыстырма және сызықты өзектері нашар дамыған. Бөлік ішкі және бөлік аралық озектері басқа екі бездермен салыстырғанда өте жақсы дамыған.

Миндалиналар - бадамша  бездер

Миндалиналар немесе бадамша бездер лимфоэпителиалды мүшелерге жатады. Себебі бұларда эпителий мен лимфоциттер өзара әрекеттесіп орналасқан (тимус, құрт есіндісі және Пейеров табақшалары). Пейеров табақшалары топтасып орналасқан лимфа түйіндері. Миндалиналар ауыз қуысының түбінде, өңеште көптеп кездеседі. .Жұп миндалиналар таңдайда және жұтқыншақ пен тілде жекеленіп орналасқан. Лимфоэпителиалді Пирогов-Вальдейер сақинасы болып табылады. Бұлар тыныс алу жолдары мен ас қорыту түтікшелерін қоршай орналасады.

Миндалиналардың қызметі:

• Антигенге тәуелді «Т» мен «В» лимфоциттерінің дифференциялануы жүреді (қан түзу қызметі).

• Барьерлік - қорғаныс қызметі

• Цензорлық қызметі - тағамның микрофлорасының жай-күйіне бақылау жасайды.

Дамуы: Эмбриогенезде миндалиналар үрықтың 3-айлық кезеңінен 5-ай аралығында қалыптаса бастайды. Даму барысында  эпителий, ретикулярлы тін мен  лимфоциттер өзара әрекеттесіп байланысуынан қалыптасады.

Таңдай миндалиналары-сопақша келген екі денешік түріндегі құрылым, кілегейлі қабығында бірнеше қатпарлары болады. Кілегейлі қабық эпителийі көп қабатты мүйізделмеген, құрамында эпителийдің меншікті пластинкасына енген 10-20 шақты лакуналар (шүңқырлар) немесе крипталар түзеді. Лакуналардың біразы тармақталып та кетеді. Лакуналарды тыстайтын эпителиінде көптеген лимфоциттер, макрофагтар, плазмоциттер қоныстанған (инфиль-трацияланған). Қабыну процесі кезінде лакунаға ірің жиналады, оның құрамында тіршілігін жойған лейкоциттер, эпителиоциттер мен микроорганизмдер болады. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасында лимфоидты түйіндер орын алады. Лимфоидты түйіндердін орталық бөлігі ашық түсті лимфоциттердің көбею орталығы, ал мұны қоршаған корона тәрізді мантийлі аймағы. Мантийлі шеткі аймағының құрамында еске сақтау жасушалары - «В» лимфоциттері де бар. Лимфоидты фоликулдардың қүрамында макрофагтар мен фолликулярлы дендритті жасушалар да болады. Миндалиналардың сыртын қоршайтын капсуласы кілегей асты құрылымдағы дәнекер тіні.

Тіл миндалиналары - тілдің кілегейлі  қабығының көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителиінің құрамында 100-шақты тармақталмаған крипталар болады. Ал, кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасындағы крипталарды қоршаған лимфоидты тін. Бұл тін диффузды түрде не түйін түрінде де кездеседі. Түйіннің құрамында мантийлі аймағы мен көбею орталығы көрінеді.

Жұтқыншақ миндалинасы- мұрынның жұтқыншақ бөлігінің дорзалды қабырғасында орналасқан. Құрылысы жағынан басқа миндалиналарға ұқсас. Балаларда жұтқыншақ миндалинасының кілегейлі қабығының қүрамында бір қабатты, көп қатарлы, кірпікшелі, призмалы эпителийі болса, ал ересектерде көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий. Балалық шақта жұтқыншақ миндалинасы шамадан тыс өсіп (аденоид), мұрынмен дем алуға кедергі жасауы мүмкін.

Жұтқыншақ

Жұтқыншақта тыныс алу және ас қорыту жолдары қиылысады. Осыған байланысты жұтқыншақтың: мұрын, ауыз және көмекей бөліктері ажыратылады.

Мұрын-жұтқыншақ бөлігінің кілегейлі қабығының эпителийі көп қатарлы кірпікшелі, құрамында аралас бездері болады.

Ауыз бен көмекей-жұтқыншақ бөліктерінің кілегейлі қабығының эпителийі көп қабатты жалпақ, меншікті пластинкаға бекінген, құрамында эластин талшықтары болса, ал кілегей асты негізінде күрделі шырышты бездердің соңғы беліктері орналасады. Ет қабығы-екі қабаттан түратын көлденең жолақ ет тіні. Жұтқыншақтың сыртқы қабығы - адвентиция.

Өңеш

Оңештің қабырғасында төрт қабықтары: кілегейлі, кілегей асты, етті және адвентиция болады. Кілегейлі жөне кілегей асты қабықтарынан өңештің куысына 7-10 шақты қатпарлары шығады. Кілегейлі қабығы үш қабаттан: эпителийі, меншікті және ет пластинкаларынан түзілген. Оңештің эпителий қабаты - көп қабатты, жалпақ мүйізделмеген. Ересек адамдардың өңеш эпителийінің құрамында аздаған кератогиалиннің түйіршіктері болады. Эпителийдің меншікті пластинкасы - ДТ, құрамында кардиальді бездері орын алады. Бұл бездер қарапайым, тармақталған түтікшелі. Дәрігерлерге кардиальді бездердің қызметі мен құрлысын білу маңызды, себебі, бұл- бездердің өзегі ашылатын жері, осыған байланысты көптеген сырқаттардың (әр түрлі жаралар, өңештің ісігі, кисталар мен дивертикулалар) дамитын ошағы болып саналады.

Ет пластинкасы - тағамды жылжытуда  маңызды қызмет атқарады. Құрамында миоциттері бар құрылым.

Кілегей асты негізі кілегейлі қабықпен қосылып қатпарлар түзеді де, тағамды  қозғалтып, жылжытуға қатысады. Кілегей  асты негізінде өңештің меншікті бездері орналасқан. Бұл бездер күрделі, тармақталган алъвеолярлы-түтікшелі,бөлетін секреті - таза шырыш.

Ет қабығы екі қабаттан тұрады. Өңештің үштен бір жоғарғы мойын бөлігінде көлденең жолақ ет тіні. Төменгі бөлігінде-тегіс салалы ет тінінің миоциттері, ал ортаңғы болігінде-ет тінінің екі түрі де кездеседі. Өңештің асқазанға кіреберісінде сфинктері де (қысқышы) болады. Өңештің сыртын адвентиция қоршайды.

Қызметтері:

 

• Секрет бөліп, тағамды қорытып, асқазан сөлін бөлуге қатысады. Асқазан сөлінің құрамында: су, шырыш, бикарбанаттар, тұз қышқылы, ферменттер болады. Тағамның құрамындағы белоктарды қарапайым альбумоза мен пептондарға ыдырататын -пепсин, майлы тағамды - липаза, сүтті ірітетін- химозин (балаларда болады) асқазан сөлінің құрамында болады.

• Жиырылғыштық (моторикасы) қасиеті: тағамды асқазан сөлімен шылап, ішекке өткізу. Бүл қызметіне созылғыштық қасиеті бар қабырғасындағы етті қабығының маңызы зор.

• Сору қызметі: тағамның құрамындағы су, витаминдер, қант, алкоголь, минеральді заттарды қанға сорады.

• Экскреторлық қызметі - азотты алмасудан пайда болған улы заттар мен спирттердің бөлінуі. Асқазанның осы қызметі, көбінесе, бүйрек қызметінің жетіспеушілігі кезінде күшейе түседі(уремияда).

• Мукопротеидтерді өңдеу немесе кастлдің антианемиялыц факторларының болуы, В12 асқазанның басты экзокриноциттерінен бөлініп, ағзадағы белоктардың синтезіне, гемопоэзге қатысады. Егер В12 жетіспесе қатерлі анемия ауруы (қан аздық) байқалады.

• Қорғаныс-барьерлік қызметі: асқазаннан шырыш бөліп, көптеген антиденелерді тұз қышқылының әсерінен сақтайды.

• Эндокринді қызметі: көптеген гормондарды бөледі (бұл гормондар төменде қарастырылады).


Асқазан - өңеш рефлюксі және оның асқынулары