Банк қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу операцияларының есебі
8-тақырып: «Банк қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу операцияларының есебі»
Дәрістің қысқаша мазмұны
Банк қызметінің үдерісінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату жүргізіледі, қызметкерлердің жеке құрамының өзгеруі, жұмыс бабы бойынша ауысулар жүзеге асырылады. Есеп қызметкерлермен жұмыс басқармасында жүргізіледі. Ол барлық қызметкерлердің саны мен құрамы туралы және оның құрылымдық бөлімшелері туралы жалпы мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді.
Еңбекақы есебі және оның төлемінің негізгі мақсаты еңбек шығындарын және телемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады.
Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық актілермен 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы шыққан «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңымен, жеке және ұжымдық келісімдермен реттеледі. «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керекі.
Жұмысқа қабылдау, жұмысқа алу туралы бұйрықпен немесе еңбек келісімшарты негізінде жүргізіледі. Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші жұмысшының еңбек қызметін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы. Ондай құжаттарға еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісімшарты, немесе жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі жатады. Жұмысқа алғаш рет кірген жұмысшыларға еңбек кітапша, олардың сұрауы бойынша толтырылады.
Қызметкерлермен жұмыс бойынша басқарма жұмысқа қабылдау туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырады. Жұмысшыларды жұмыстан шығару кезінде «Еңбек келісімшартын тоқтату туралы бұйрық (өкім)» нысаны қолданылады. Жұмысшыны бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстыру кезінде «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық » толтырылады. Кезекті демалыс жұмысшыға «Демалыс беру туралы бұйрық (өкім)» негізінде беріледі.
Еңбекақыны төлеу негізгі және қосымша деп бөлінеді. Негізгі, банк қызметкеріне белгіленген қызметақы бойынша жүмыс істелген уақыт үшін есептеледі. Қосымша еңбек туралы заңға сәйкес жұмыс істелмеген уақытқа есептеледі: кезекті демалысқа төлем, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақытына төлем т.б. Еңбекақы құрамына жұмысшыларға дивидент және пайыз түрінде төленетін төлемдер кірмейді.
Негізгі еңбекақы штат кестесінде немесе еңбек келісімшартында белгіленген көлемінде еңбек уақытын есептеу тізімінің негізінде есептеледі. Банктер еңбекақыны төлеу кезінде уақытпен төлеу санын қолданады. Осы нысан бойынша еңбекақыны есептеу күндік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады, еңбекақы көлемі істелген жұмыс уақытын белгіленген тарифтік мөлшерлемеге көбейту арқылы табылады.
Жұмыс уақытын есептеу арнайы табельде жүргізіледі. Бухгалтерияға келіп түскен кұжаттар тексеріліп, одан өндеуге жіберіледі. Еңбекақыны есептеу үшін банк бухгалтериясында еңбекақыға арналған кітап қолданылады. Одан әрбір жұмысшының еңбекақы сомасын, зейнетақы қорына жіберілген сомалар және тағы басқалар көрсетіледі.
Еңбекақы бойынша есеп айырысулар еңбекақыны төлеу үшін немесе еңбекақы және төлем тізімдемесі бойынша кітапта қолданылатын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі.
Еңбекақы айына бір рет жеке және ұжымдық шартта белгіленген күнде төленеді. Егер төлеу күні демалыс немесе мереке күн сәйкес келетін болса, онда алдын ала бір күн бұрын төленеді. Жұмыс берушінің кінәсі бойынша ақшаны беру кешіктірілген кезде, ол міндеттемені орындау күні бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша әрбір мерзімі өткен күнге өсімпұл төлейді.
Еңбекақы мөлшері еңбек шартында белгіленеді және заң актілерімен белгіленген минимумнан төмен болмайды.
Жұмысшыларға еңбекақыдан басқа, қосымша келесілер төленеді:
- демалу уақытына төлем,пайдаланбаған демалыс уақытына жәрдемақы;
- жүмыс сипатының өзгеруіне немесе көлемінің қысқаруына (ұйым жабылып қалған кезде, құрамның, штаттың және т.с.с. қысқаруы кезінде, сондай-ақ өндірісте жазатайым уақиғаға байланысты жұмыстан босату) байланысты босатылған жұмысшыларға демалыс жәрдемақысы;
- қызметкерлердің саны немесе штаттың қысқаруымен, ұйымның
қайта ұйымдастырылуы немесе жойылуына байланысты жұмыстан босатылған кызметкерлер жұмысқа қабылданған уақытқа дейін төленетін сома; - ұйымның қаражаты есебінен төленетін жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқу үшін мекеменің жіберген студенттері мен оқушыларына төленетін шәкіртақы;
- құрылыс, тұрғын үй сатып алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға, қарызды өтеу шығындары (оның ішінде ипотекалық) және осы мақсаттарға жету үшін қызметкерлерге берілетін материалдық көмек, субсидиялар;
- әлеуметтік сақтандыру қорларынан және басқа да бюджеттік емес қорлардан жәрдемақы;
- уақытша еңбекке жарамсыз, екіқабат және баланы дүниеге әкелуге байланысты және т.с.с, жұмысшының денсаулығына зиян тигізу немесе жарақат алу жағдайындағы табыстың немесе басқа да шығынның орнын толтыру;
- қызмет бабымен жасалған іссапарларға заңды нормада бекітілген шекте іссапар шығындары;
- басқа тұрғылықты жерлерге жұмысқа жіберу, бағыттау және қабылдаумен байланысты шығындардың орнын толтыру; Қазақстан Республикасының бекітілген занды нормасының шегінде іссапарға шығу үшін жеке көлікті пайдаланғаны үшін жәрдемақы.
Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы беріледі. Қызметкер сол банкте 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін кезекті демалысқа шығуға құкылы. Еңбек демалысына төленетін төлем демалыс басталғанға дейін үш күн бұрын төленуі қажет. Демалыс мерзімі ұжымдық келісімшарттар мен ережелерге сәйкес белгіленеді, бірақ ол 18 күнтізбелік күннен аз болмауы керек. Жұмыскердің қалауы бойынша еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін.
Еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа жалақы мөлшері 12 күнтізбелік айға сәйкес жалақы есебінен анықталады. Егер қызметкер демалысқа шығар алдында ұйымда бір жылдан аз уақыт еңбек еткен болса, онда еңбек демалысы кезінде сақталатын орташа жалақысы демалысқа шығар алдындағы айдан бастап жұмыс істеген күнтізбелік айларына байланысты анықталады.
Егер барлық есептік кезең толығымен орындалған болса, онда еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа күндік жалақы есептік кезеңде есептелген жалақы сомасын 12-ге және жұмыс күні мен белгіленген еңбек демалысын төлеу кезінде өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытының жыл сайынғы балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа айлық санына бөлу аркылы есептеледі.
Егер есептік кезендегі 12 ай толығымен орындалмаған болса, онда еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа күндік жалақы істелген жұмыс уақытына есептелген жалақы сомасын жұмыс істелген уақытқа (еңбек демалысын жұмыс күніне сәйкес беретін болса) немесе жұмыс істелген уақытқа (еңбек демалысын күнтізбелік күнге сәйкес беретін болса) сәйкес алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесіндегі жұмыс күндерінің санына бөлу арқылы анықталады.
Еңбек демалысын есептеу үшін қабылданған еңбекке төленетін сома 12-ге (бір жылдағы айлардың саны) және жұмыс уақытының; балансына сәйкес анықталатын бір айдағы жұмыс күнінің орташа санына бөлінеді. Ол 1998 жылы алты күндік жұмыс аптасы үшін 25,67, ал бес күндік жұмыс аптасы үшін - 21,42 құрады. Орташа жалақы есебіне уақытша жұмысқа қабілетсіздік жәрдемақысы да қосылады. Жәрдемақы төленетін уақыт өтелген жұмыс деп саналады. Алынған орташа күндік жалақыны еңбек демалысының күніне көбейтеді.
Пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақы. Жеке еңбек келісімшартының қандай негізде бұзылғанына байланыссыз жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмысшыға өтемақы төленеді.
5-тарау. Жұмыс уақыты
45-бап. Жұмыс уақытының
қалыпты ұзақтығы
1. Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына
сәйкес еңбек мiндеттерiн орындауға мiндеттi
уақыт жұмыс уақыты болып есептеледi.
2. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына
40 сағаттан аспауға тиiс.
3. Жеке еңбек шарттарында тараптардың
келiсiмi бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы
азырақ көзделуi мүмкiн.
46-бап. Қызметкерлердің жекелеген
санаттары үшiн
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
1. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары
үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi
қызметкерлер үшiн - аптасына 24 сағаттан;
он алтыдан он сегiз жасқа дейiн - аптасына
36 сағаттан аспайтын;
2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары
зиянды (өтe зиянды) жұмыстарда iстейтiн
қызметкерлер үшiн - аптасына 36 сағаттан
аспайтын болып белгiленедi.
2. Жұмыс iстеу жұмыс уақытының ұзақтығын
қысқартуға құқық беретiн өндiрiстердiң,
цехтардың, кәсiптер мен қызметтердiң тiзiмiн,
сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте
зиянды) және (немесе) ауыр (өте ауыр), қауiптi
(өте қауiптi) жұмыстардың тiзбесiн еңбек
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Ескерту. 46-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
47-бап. Бес күндiк немесе алты
күндiк жұмыс аптасы
және күнделiктi жұмыстың ұзақтығы
Қызметкерлер үшiн екi демалыс күнi бар
бес күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Бес
күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi
жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс берушiнiң
актiсiмен немесе қызметкерлердiң өкiлдерiмен
келісе отырып, және жұмыс аптасының белгiленген
ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс берушi
бекiтетiн ауысым кестесiмен белгiленедi.
Өндiрiсiнiң сипаты мен жұмыс жағдайлары
бойынша бес күндiк жұмыс аптасын енгiзу
орынсыз ұйымдарда бiр күндiк демалысы
бар алты күндiк жұмыс аптасы белгiленедi.
Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi
жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат
болғанда - 7 сағаттан аспауға, апталық
норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және
апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан
аспауға тиiс.
Бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс аптасын
еңбек немесе ұжымдық шарттардың талаптарымен
жұмыс берушi белгiлейдi.
Ескерту. 47-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
48-бап. Түнгі уақыттағы жұмыс
1. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейiнгi
уақыт түнгi уақыт болып есептеледi.
2. Жүктi әйелдердi және бiр жасқа дейiнгi
баланы емiзетiн аналарды түнгi уақытта
жұмыс iстеуге тартуға олардың жазбаша
келiсiмiмен ғана жол берiледi.
3. Түнгi уақытта жұмыс iстеуге он сегiз
жасқа толмаған адамдар мен түнгi уақытта
жұмыс iстеуге тыйым салатын медициналық
қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар
жiберiлмейдi. P020041 V970558 V001211
Ескерту. 48-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20, 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
49-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстарды
шектеу
1. Осы Заңның 45-бабында белгiленген жұмыс
уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар мерзiмнен
тыс жұмыстар деп есептеледi.
2. Мерзiмнен тыс жұмыстарға тартуға, осы
Заңның 51-бабында көзделген жағдайларды
қоспағанда, қызметкердiң келiсiмiмен ғана
жол берiледi.
3. Мерзiмнен тыс жұмыстарға он сегіз жасқа
толмаған қызметкерлер мен жүкті әйелдер
жiберiлмейдi. Мүгедектер, жеті жасқа толмаған
баласы (он алты жасқа толмаған мүгедек
баласы) бар әйелдер мерзiмнен тыс жұмыстарға
олардың жазбаша келiсiмiмен тартылады.
Ескерту. 49-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
50-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстардың
шектi мөлшерi
Әрбiр қызметкер үшiн мерзiмнен тыс жұмыстар
бiр күнтiзбелiк күн iшiнде екi сағаттан
(ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары
зиянды және (немесе) қауiптi жұмыстарда
- бiр сағаттан) аспауға тиiс. Бұл ретте
мерзiмнен тыс жұмыстардың жалпы ұзақтығы
аптасына төрт сағаттан, aл ауыр дене еңбегі
мен еңбек жағдайлары зиянды және (немесе)
қауiптi жұмыстарда аптасына екi сағаттан
аспауға тиiс.
Еңбек жағдайлары өте зиянды және өте
қауiптi кезде мерзімнен тыс жұмыстарға
тыйым салынады.
Ескерту. 50-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
51-бап. Қызметкерлердiң келiсiмiнсiз
мерзiмнен тыс
жұмыстарға жол берiлетiн ерекше жағдайлар
Қызметкердiң келiсiмiнсiз мерзiмнен тыс
жұмыстарға ерекше жағдайларда ғана:
1) елдiң қорғанысы үшiн, сондай-ақ төтенше
жағдайларды немесе дүлей апаттарды, өндiрiстiк
аварияларды болғызбау немесе олардың
зардаптарын дереу жою үшiн қажеттi жұмыстарды
жүргiзу кезiнде; (Z030387; Z050029)
2) сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылыту,
жарық беру, канализация, көлiк, байланыс
жөнiндегi қоғамдық қажеттi жұмыстарды
жүргiзу кезiнде - олардың дұрыс жұмыс iстеуiн
бұзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды
жою үшiн;
3) егер жұмыс үзiлiстi көтермейтiн болса,
ауыстырушы қызметкер келмей қалған кезде
осы Заңның 50-бабында көзделген сағаттар
санынан аспайтын уақытқа жұмысты жалғастыру
үшiн жол берiледi.
52-бап. Жұмыс уақытының есебi
1. Жұмыс берушi қызметкердiң сол жұмыс
берушiде нақты жұмыс iстеген жұмыс уақытының
есебiн жүзеге асыруға тиiс.
2. Өндiрiс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердiң
белгiлi бiр санаты үшiн белгiленген апта
сайынғы жұмыс уақытының сақталуы мүмкiн
емес, үздiксiз жұмыс iстейтiн ұйымдарда,
жекелеген өндiрiстерде, цехтарда, учаскелерде,
бөлiмшелерде және кейбiр жұмыс түрлерiнде
есептi кезең iшінде жұмыс уақытының ұзақтығы
аптасына осы Заңда белгiленген қалыпты
жұмыс сағаттары мерзiмiнен аспауға тиiстi
жағдайда жұмыс уақытының жиынтық есебiн
жүргiзуге жол берiледi.
3. Жиынтық есеп жағдайында жұмыс уақытының
күн сайынғы немесе апта сайынғы ұзақтығы
жұмыс күнi немесе жұмыс аптасы сағаттарының
нормасынан артық немесе кем болуы мүмкiн.
4. Есептi кезең ішiндегі жұмыс уақыты сағаттарының
жиынтығы осы кезеңдегі сағаттардың нормасына
тең болмауы мүмкiн.
5. Жұмыс уақытының жиынтық есебін жасаған
кезде қызметкерлердiң осы санаты үшiн
белгіленген орташа жұмыс күнi мен жұмыс
аптасының ұзақтығы сақталуға тиісті
шектегі кезең есепті кезең болып танылады.
6. Жұмыс уақытының жиынтық есебiн қолдану
тәртібі жұмыс берушiнiң актілерiмен айқындалады
және ұжымдық шартпен белгіленедi.
6-тарау. Демалыс уақыты
53-бап. Демалуға және тамақтануға
арналған үзiлiс
1. Күнделiктi жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге
демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда
ұзақтығы бiр сағаттан кем болмайтын үзіліс
берілуге тиiс. Бұл үзілiс жұмыс уақытына
енгізілмейдi және қызметкер оны өз қалауы
бойынша пайдаланады.
2. Yзiлiс беру уақыты мен оның ұзақтығы
жұмыс берушiнің актілерінде, жеке еңбек,
ұжымдық шарттарда белгіленедi.
3. Өндірiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру
мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге
жұмыс уақытында демалу мен тамақтану
мүмкiндігiн қамтамасыз етуге міндеттi.
Мұндай жұмыстардың тiзбесi, демалу және
тамақтану тәртібi мен орны қызметкерлер
өкілдерінің келісімі бойынша жұмыс берушiнiң
актiлерiнде немесе ұжымдық шартта белгiленедi.
Ескерту. 53-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
54-бап. Арнаулы үзілістер
Жылдың суық мезгілiнде ашық далада, жылу
берілмейтін жабық үй-жайларда жұмыс iстейтін,
жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын
қызметкерлерге жылыну және демалу үшін
арнаулы үзілістер беріледi. Арнаулы үзілістер
жұмыс уақытына қосылады.
Бiр жарым жасқа толмаған баласы бар жұмыс
iстейтін әйелдерге демалу мен тамақтану
үшiн берiлетін үзілістен басқа, баланы
тамақтандыру үшiн кемiнде жұмыстың әрбір
үш сағаты сайын ұзақтығы отыз минуттан
кем болмайтын қосымша үзіліс беріледі.
Бiр жарым жасқа толмаған екi немесе одан
да көп баласы болған жағдайда қосымша
үзiлiстiң ұзақтығы кемiнде бір сағат болып
белгiленедi. Баланы тамақтандыру үшiн
берiлетiн үзiлiстер жұмыс уақытына қосылады
және ақы төлеуге жатады.
Ескерту. 54-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
55-бап. Күн сайынғы демалыстың
ұзақтығы
Жұмыстың бiтуi мен оның келесі күнде (ауысымда)
басталуы арасындағы қызметкердің күн
сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан
кем болмауға тиіс.
56-бап. Демалыс күндерi
1. Қызметкерлерге демалыс күндерi (апта
сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, сондай-ақ
осы Заңда көзделген өзге де уақыт) берiледi.
2. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында
қызметкерлерге аптасына - екі, ал алты
күндiк жұмыс аптасында бiр демалыс күнi
беріледi.
3. Жалпы демалыс күнi жексенбi болып есептеледі.
Бес күндік жұмыс аптасы кезiнде екiнші
демалыс күні жұмыс берушiнiң актiсімен
немесе жұмыс кестесімен белгiленедi. Егер
ұжымдық және жеке еңбек шарттарында өзгеше
көзделмесе екi демалыс күнi де қатарынан
берiледі.
3-1. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін
Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар -
православиелік Рождество демалыс күндері
болып табылады.
4. Мерекелiк күндер жұмыс күндеріне сәйкес
келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды
пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі демалыс күндерiн басқа жұмыс
күндеріне ауыстыруға құқылы. (Z010267 қараңыз)
5. Осы Заңның 59-бабында көздеген жағдайларды
қоспағанда, қызметкердi демалыс күндерінде
жұмысқа тартуға оның келiсімімен ғана
жол беріледi.
Ескерту. 56-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20, 2005.12.30. N 109 Заңдарымен.
57-бап. Yзiлiссiз жұмыс iстейтiн
ұйымдардағы
демалыс күндерi
Өндiрiстiк-техникалық жағдайлары бойынша
немесе халыққа үнемi үзілiссiз тұрақты
қызмет көрсету қажет болуы себептi демалыс
күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын
ұйымдарда, сондай-ақ үзілiссiз өндiрiс
жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушiнің
актісiмен бекiтiлген ауысым кестесiне
сәйкес, қызметкерлердің әрбiр тобына
демалыс күндерi аптаның әртүрлi күндерінде
кезекпен беріліп отырады.
58-бап. Мереке күндеріндегі
жұмыс
Өндiрiстiк-техникалық жағдайлары бойынша
немесе халыққа үзiлiссіз тұрақты қызмет
көрсету қажет болуы себептi демалыс күндері
жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын ұйымдарды
қоспағанда, Қазақстан Республикасында
белгiлеген мереке күндерi жұмыс жүргізілмейді.
(Z010267 қараңыз)
59-бап. Демалыс күндерiнде жұмысқа
тарту
Демалыс күндерiнде жұмысқа тартуға мынадай
жағдайларда:
1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты,
өндiрiстiк аварияны болғызбау не олардың
зардаптарын дереу жою үшiн;
2) жазатайым оқиғаларды, мүлiктiң жойылуын
немесе бүлiнуiн болғызбау және оны тергеу
үшiн;
3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке
бөлiмшелерiнiң одан әрi қалыпты жұмыс iстеуi
тез орындалуына байланысты болатын шұғыл,
алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау
үшiн жол берiледi.
60-бап. Ақы төленетiн жыл сайынғы
еңбек демалысы
1. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушiлерге
жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы
сақтала отырып, ақы төленетiн жыл сайынғы
еңбек демалысына кепiлдiк берiледi.
2. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға
дейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей
жүргiзiледi.
3. Егер басқа нормативтiк құқықтық актiлерде,
жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс
берушiнiң актiлерiнде қызметкерлердiң
жекелеген санаттары үшiн көп күн көзделмесе,
қызметкерлерге ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк
он сегiз күн болатын жыл сайынғы еңбек
демалысы берiледi. (V011615 қараңыз)
4. Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек
демалысы еңбек жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк
орган белгілейтiн өндiрiстердiң, жұмыстардың,
кәсiптер мен лауазымдардың тiзбесiне сәйкес
ауыр дене еңбегi мен еңбек жағдайлары
зиянды (өте зиянды) және қауiпті (өте қауiптi)
жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге беріледі.
(V001211; V001238 қараңыз)
Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша демалыста
жүрген қызметкердi осы демалыстан керi
шақыртуға болмайды.
5. Ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын
берудiң талаптары мен тәртiбi жеке еңбек,
ұжымдық шарттармен белгiленедi.
6. Қатарынан екi жыл бойы еңбек демалысын
бермеуге тыйым салынады.
Ескерту. 60-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
61-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысына
құқық беретiн
жұмыс стажын есептеу және жыл сайынғы
еңбек
демалысын беру тәртiбi
1. Еңбек демалысы күндерiне дәл келетiн
мереке күндерiн есептемегенде, жыл сайынғы
еңбек демалыстарының ұзақтығы, қолданылып
жүрген жұмыс режимдерi мен кестелерiне
қарамастан, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
2. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық
беретiн еңбектегi жұмыс стажына:
1) жұмыс жылы iшiнде нақты жұмыс iстеген
уақыт;
2) жұмыстан заңсыз босату кезiнде амалсыздан
бос жүрген уақыт;
3) емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық
парағымен расталған уақыт;
4) қызметкер шын мәнiнде жұмыс iстемеген,
бiрақ белгiленген тәртiппен жұмыс орны
(лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара
сақталған уақыт қосылады.
3. Алып тасталды - 2004.12.23. N 20 Заңымен.
4. Алып тасталды - 2004.12.23. N 20 Заңымен.
5. Қызметкердiң қалауы бойынша жыл сайынғы
еңбек демалысы бөлiнiп берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 61-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
62-бап. Қызметкерлерге жыл
сайынғы еңбек
демалыстарын берудiң кезектiлiгi
1. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын
берудiң кезектiлiгi жеке еңбек, ұжымдық
шарттарда, демалыс кестесiнде, жұмыс берушiнiң
актiлерiнде көзделген тәртiппен белгiленедi.
2. Өндiрiс қажеттерiне байланысты демалыс
кестесi өзгерген жағдайда жұмыс берушi
еңбек демалысының басталуынан кемiнде
екi апта бұрын қызметкерге ол жөнiнде
хабарлауға мiндеттi.
63-бап. Жыл сайынғы еңбек демалыстарын
ауыстыру
немесе ұзарту жағдайлары
1. Жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкер
еңбек демалысы кезеңiнде еңбекке уақытша
жарамсыз болған кезде, жүктi болуы мен
босануы бойынша демалысы кезiнде толық
немесе бiр бөлiгi ауыстырылуы немесе ұзартылуы
мүмкiн, бiрақ бұл орайда еңбек демалысы
кезiндегi күндерге еңбекке уақытша жарамсыздығы
бойынша жәрдемақы төленбейдi.
2. Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бiр
бөлiгi) тек қызметкердiң келiсiмiмен немесе
оның өтiнiшi бойынша ғана ұзартылуы немесе
келесi жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкiн.
Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың
келісiмi бойынша келесi жылға еңбек демалысына
қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi бойынша
басқа уақытта жеке берiлуi мүмкiн.
64-бап. Еңбек демалысынан шақырып
алу
Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс берушiнiң
ұсынысы бойынша және қызметкердiң келiсiмiмен
үзiлуi мүмкiн (еңбек демалысынан шақырып
алу). Еңбек демалысының осыған байланысты
пайдаланылмаған бөлiгi тараптар арасындағы
уағдаластық бойынша ағымдағы жұмыс жылы
ішінде берiледi немесе қызметкердiң қалауы
бойынша келесi жұмыс жылындағы еңбек
демалысына қосылады, не өтемақы төленедi.
(P001942; V001211 (2-тарау 22-тармақты қараңыз)
65-бап. Жалақы сақталмайтын
демалыстар
Тараптардың келiсiмi бойынша қызметкерге
оның өтiніші негiзiнде жалақысы сақталмайтын
демалыс берiлуi мүмкiн.
66-бап. Жүктiлiгi және босануы
бойынша демалыстар.
Бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
берiлетiн демалыстар
Әйелдерге жүктiлiгi мен босануы бойынша
босанғанға дейiн ұзақтығы жетпiс күнтiзбелiк
күнге, босанғаннан кейiн елу алты (ауыр
босанған немесе екi немесе одан да көп
бала туған жағдайда жетпiс) күнтiзбелiк
күнге демалыс берiледi. Есептеу жиынтықтап
жүргiзiледi және демалыс әйелдiң ұйымда
жұмыс iстеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс
берушiнiң қаражаты есебiнен жүктiлiгiне
және босануы бойынша осы кезеңге төленген
жәрдемақыны босанғанға дейiн нақты пайдаланған
күндерiнiң санына қарамастан оған толық
берiледi.
Жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан
асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала
асырап алған күннен бастап, сәбидiң дүниеге
келген күнiнен елу алты күнге толғанға
дейiнгi кезеңге (ата-анасының бiрiне) демалыс
берiлiп, оның ұйымда жұмыс iстеу ұзақтығына
қарамастан жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен
оған осы кезеңге жәрдемақы төленедi.
67-бап. Үш жасқа дейiнгi балалары
бар аналарға,
бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
жалақысы сақталмай берiлетiн қосымша
демалыс
Жүктiлiгi мен босануы бойынша демалыстан
басқа әйелге оның өтiнiшi бойынша баласы
үш жасқа толғанға дейiн оған күтiм жасау
жөнiнде жалақысы сақталмайтын қосымша
демалыс берiледi. Қосымша демалыс уақыты
iшiнде оның жұмыс орны (қызметi) сақталады.
Жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан
асырап алған әйелдердiң (еркектердiң)
өтiнiшi бойынша сәби үш жасқа толғанға
дейiн оған күтiм жасау үшiн жалақысы сақталмайтын
қосымша демалыс берiлiп, осы кезеңде оның
жұмыс орны (қызметi) сақталады.
Бұл демалыстың сәби үш жасқа толғанға
дейiн кез келген уақытта толық немесе
бөлiп пайдаланылуы мүмкiн.
Ескерту. 67-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
68-бап. Пайдаланылмаған жыл
сайынғы еңбек демалысы үшiн
жеке еңбек шартын бұзған кезде төленетiн
өтемақы
1. Жеке еңбек шартын бұзу кезiнде, оның
қандай негiзде бұзылғанына қарамастан,
өзiнiң жыл сайынғы еңбек демалысын алу
құқығын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған
қызметкерге өтемақы төленедi. (P001942 қараңыз)
2. Егер жеке еңбек шартын бұзған күнге
қарай қызметкер жұмыс жылының бiр бөлiгiнде
жұмыс iстесе, өтемақы жұмыс iстеген уақытқа
бара-бар төленедi.
3. Жеке еңбек шартын бұзу кезiндегi пайдаланылмаған
еңбек демалысы үшiн өтемақы жеке еңбек
шарты тоқтатылған күнi төленедi.
69-бап. Оқу демалысы
Бiлiм беру ұйымында оқитын қызметкерлерге
емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын)
дайындау және қорғау, бiтiрушiлер емтихандарын
тапсыру кезеңiнде ақы төленетiн немесе
ақы төленбейтiн қосымша демалыс беріледі.
Ескерту. 69-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
7-тарау. Жалақы және еңбекті нормалау
70-бап. Жалақы
1. Жұмыс берушi осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық
шарттарға сәйкес қызметкердiң еңбегiне
ақы төлеуге мiндеттi.
2. Қызметкерлердiң еңбегiне ақы мерзiмдiк,
кесiмдi түрде немесе еңбекке ақы төлеудiң
өзге де жүйелерi бойынша төленедi. Ақы
төлеу еңбектiң жеке және/немесе ұжымдық
нәтижелерi үшiн жүргізiлуі мүмкiн.
3. Қызметкердiң жалақысы орындалатын жұмыстың
саны мен сапасына, күрделiлiгiне қарай
белгiленедi.
Қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен жұмыс
сапасын арттыруға материалдық мүдделiлiгiн
күшейту үшiн жыл iшiндегi жұмысының қорытындысы
бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесi және
материалдық көтермелеудiң басқа да нысандары
енгiзiлуi мүмкiн.
4. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесi ұжымдық
шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен
белгiленедi.
5. Жұмыс беруші қызметкерлерге қойылатын
біліктiлiк талаптары мен жұмыстардың
белгiлi бiр түрлерiнiң күрделілігін жұмыстардың
және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы, басшылар,
мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының
бiлiктілік анықтамалығы негізінде белгілейдi.
Аталған анықтамалықтарды әзірлеу мен
оларды қолданудың тәртібін еңбек жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
Жұмыс берушi орындалатын жұмыстарды белгілi
бiр күрделi жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге
біліктілік разрядтарын беруді жұмыстардың
және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығында
және басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер
лауазымдарының анықтамалығына, сондай-ақ
қызметкерлердiң жекелеген санаттары
үшін белгiленетін үлгілік бiлiктiлiк талаптарына
сәйкес дербес жүргізедi. (P020041; V001333 қараңыз)
Ескерту. 70-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
71-бап. Жалақының мөлшерi
Жалақының мөлшерiн жұмыс берушi дербес
белгiлейдi және ол Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген ең төмен жалақы
мөлшерiнен кем болмауы керек. (K040548 (76-б.
3-т. 2) тарм. қараңыз)
72-бап. Қызметтердi қоса атқару
(қызмет көрсету
аймақтарын кеңейту) және жұмыста уақытша
болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындау
кезiндегi жалақы
1. Белгiлi бiр ұйымда өзiнiң жеке еңбек шартымен
келiсiлген негiзгi жұмысымен қатар өзiнiң
негiзгi жұмысынан босатылмастан басқа
қызмет немесе уақытша болмаған қызметкердiң
мiндетi бойынша қосымша жұмысты орындайтын
қызметкерлерге қосымша ақы төленедi.
2. Қызметтердi қоса атқарғаны (қызмет көрсету
аймақтарын кеңейткенi) немесе жұмыста
уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн
орындағаны үшiн қосымша ақылардың мөлшерiн
қызметкермен келісiм бойынша жұмыс берушi
белгiлейдi.
73-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстарға,
мереке және
демалыс күндерiндегi жұмыстарға ақы төлеу.
Түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу
1. Мерзiмнен тыс жұмысқа ақы бiр жарым есе
мөлшерiнен кем төленбейдi.
2. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа
ақы екi еседен төмен болмайтын мөлшерде
төленедi.
3. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмыстарға
төленетiн өтемақы қызметкердiң тiлегi
бойынша қосымша демалыс күнiмен ауыстырылуы
мүмкiн.
4. Түнгi уақыттағы жұмыстың әрбiр сағатына
ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi.
74-бап. Бос тұрып қалған уақытқа
ақы төлеу
1. Жұмыстың бос тұрып қалған уақытына
ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары жеке
еңбек немесе ұжымдық шарттармен белгiленедi.
2. Қызметкердiң кiнәсiнен бос тұрып қалған
уақытқа ақы төленбеуге тиiс.
3. Жұмыс берушінiң кінәсінен болған iркiлiс
уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары
жеке еңбек шартымен немесе ұжымдық шартпен
айқындалады және ол орташа айлық жалақының
елу процентінен кем болмайтын мөлшерде
белгiленедi.
Ескерту. 74-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
75-бап. Еңбек нормалары
1. Еңбек нормалары (жұмыс iстеу, уақыт,
қызмет көрсету нормалары) еңбек шығынының
өлшемi болып табылады және қызметкер
үшiн техниканың, технологияның, еңбек
өндiрiсiн ұйымдастырудың қол жеткен деңгейiне
сәйкес белгiленедi.
2. Еңбек нормаларын енгiзудi, ауыстыруды
және қайта қарауды жұмыс берушi жүргiзедi.
Еңбектiң жаңа нормаларының енгiзiлетiнi
туралы қызметкерлерге кемiнде бiр ай бұрын
хабарланады.
Еңбектiң үлгілiк (бiрыңғай) нормаларын
ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөнiндегi
уәкілетті мемлекеттік органның келiсiмiмен
оларды бекiткен органдар жүзеге асырады.
3. Қызметкерлердің жұмыс iстеу нормаларын
орындауы үшiн жұмыс берушi қалыпты еңбек
жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер
үшiн жұмыс iстеу нормалары жеке еңбек
шартына сәйкес он сегiз жасқа толмаған
адамдарға арналған жұмыс уақытының ұзақтығына
бара-бар қысқартылған ересек қызметкерлерге
арналған жұмыс iстеу нормаларын негiзге
ала отырып белгiленедi. (V990760 қараңыз)
Ескерту. 75-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
76-бап. Жалақы төлеу мерзiмдерi
1. Жалақы ақша нысанында және келесi айдың
бiрiншi он күндігінен кешіктiрiлмей төленеді.
Жалақы төлеу күнi жеке еңбек, ұжымдық
шарттарда көзделедi.
2. Жалақы төлейтiн күн демалыс немесе мереке
күндерiне тура келген жағдайда, оны төлеу
олардың қарсаңында жүргiзiледi.
3. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жалақы, ал қызметкермен
жеке еңбек шарты бұзылған кезде - оған
тиесiлi басқа да төлемдер белгiленген
мерзiмдермен салыстырғанда кешiктiрiлген
кезде жұмыс берушi қызметкерге берешек
пен өсiмақы төлейдi. Өсiмақының мөлшерi
жалақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi
орындау күнiне Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнің қайта қаржыландыру ставкасы
бойынша белгiленедi және төлем жүргiзiлуге
тиiс болған күннен кейiнгi күннен бастап
әрбiр кешiктiрiлген күнтiзбелiк күн үшiн
есептелiп төленген күнмен аяқталады.
4. Жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда
қызметкерге тиесiлi барлық сомаларды
төлеу соңғы жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей
жүргiзiледi.
Ескерту. 76-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
77-бап. Жалақы төленетiн орын
1. Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер жеке
еңбек, ұжымдық шарттарда өзгеше көзделмесе,
әдетте, олардың жұмысын орындайтын жерiнде
жүргiзiлуге тиiс. (P991464; V001333 қараңыз)
2. Тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде (iссапарда,
тапсырысшының ұйымдарында және басқаларында)
жұмыс берушiнiң тапсырмасын орындаушы
қызметкердiң жалақысын жеткiзудi жұмыс
берушi өз есебiнен қамтамасыз етуге тиiс.
Ескерту. 77-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
78-бап. Қызметкердiң орташа
жалақысын есептеу тәртiбi
3ейнетақы төлемдерiн, еңбекке уақытша
жарамсыздық, жүктiлiк пен босану жөнiндегi
жәрдемақыларды және басқа да төлемдердi
есептеу үшiн ұйымдар қызметкерлерiнiң
орташа жалақысын есептеу тәртiбi Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленедi.
(P001942 қараңыз)
79-бап. Жалақыдан ұстап қалу
Қызметкердiң жалақысынан ұстап қалу сот
шешiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде көзделген жағдайларда
жүргiзiледi. (Z980253 қараңыз)
Қызметкердің жалақысын бiр немесе бiрнеше
атқарушы құжаттар бойынша өндiрiп алған
кезде оның жалақысының кемiнде елу проценті
сақталуға тиiс.
Ескерту. 79-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
8-тарау. Қызметкерлерге
кепілдіктер беру мен
өтемақы төлеу
80-бап. Қызметкердiң
мiндеттердi орындауы кезiндегi кепiлдiктер
Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес қызметкердiң жұмыс орнын және
лауазымын сақтай отырып, оны мемлекеттік
және қоғамдық мiндеттердi орындау уақытына
жұмыстан босатады.
Ескерту. 80-бап жаңа
редакцияда - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
81-бап. Жұмыс беруші медициналық
тексеруге жiберетiн
қызметкерлерге және донорларға арналған
кепiлдiктер
Мерзiмдi медициналық тексеруден өту кезiнде
жұмыс берушiнiң есебiнен осындай тексеруден
өтуге мiндеттi қызметкердiң, сондай-ақ
донордың тексерiлетiн және қан құю үшiн
қан тапсыратын күндерінде жұмыс орны
(қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.
(V042780 қараңыз)
Ескерту. 81-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
82-бап. Бiлiктiлiгiн арттыруға
және қайта даярлауға
жiберiлетiн қызметкерге арналған кепiлдiктер
Жұмыс берушi қызметкердi өндiрiстен қол
үзiп, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта
даярлауға жiберген кезде оның жұмыс орны
(қызметi) мен орташа жалақысы сақталады,
сондай-ақ тараптардың келiсiмiне сәйкес
басқа да шығындар өтеледi. (P930327 қараңыз)
Ескерту. 82-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
83-бап. Қызметтiк iссапарлар
кезiндегі өтемақылар
Қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге:
1) iссапарда болған уақыты үшiн тәулiкақылар;
2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы
бойынша шығындары;
3) тұрғын үй-жай жалдау жөнiндегi шығындары
төленедi. (P001428 (9-т.); P011676 қараңыз)
84-бап. Қызметкердi ұйыммен
бiрге басқа жердегi жұмысқа
ауыстыру кезiндегі өтемақылар
Қызметкердi ұйыммен бiрге басқа жердегi
жұмысқа ауыстыру кезiндегi шығындарды
өтеудiң тәртiбi мен мөлшерi тараптардың
келiсiмiмен белгiленедi. (P990731 қараңыз)
85-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздық
бойынша
әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша
әлеуметтiк жәрдемақылар жалпы ауруларға
байланысты (жарақат алуға, жүктiлiктi жасанды
жолмен бұзуға, карантинге байланысты,
туберкулез немесе кәсiптiк ауру себебiнен
уақытша басқа жұмысқа ауыстырылған кезде)
еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында
және заңдарда белгiленген басқа да жағдайларда
тағайындалады. (P990731; P001942 (2-тарау 17-т. қараңыз)
86-бап. Жүктiлiк және босану
бойынша әлеуметтiк
жәрдемақылар мен бала асырап алған әйелдерге
(еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақылар
тағайындау
Жүктiлiк және босану бойынша әлеуметтiк
жәрдемақылар, сондай-ақ тiкелей перзентханадан
бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
әлеуметтiк жәрдемақылар жүктiлiк пен босану
бойынша бүкiл демалысқа немесе бала асырап
алған күннен бастап, сәбидiң туған күнiнен
елу алты күн өткенге дейiнгi кезең үшiн
демалысқа тағайындалады. (P990731 қараңыз)
87-бап. Қызметкерлерге жұмыс
берушiнiң қаражаты
есебiнен әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу
1. Қызметкерге жалпы ауруға, еңбекте мертiгуге
және кәсiптiк ауруға байланысты, жүктiлiк
және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық
жөнiнде әлеуметтiк жәрдемақыларды, сондай-ақ
бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
әлеуметтiк жәрдемақыларды жұмыс берушi
өз қаражаты есебiнен төлеуге мiндеттi.
(P990731; P001942 қараңыз)
2. Әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу тәртiбi
мен олардың мөлшерi Қазақстан Республикасының
заңдарымен белгiленедi. (P001942 қараңыз)
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекте
мертiгуге немесе кәсiптiк ауруға байланысты
болса, әлеуметтiк жәрдемақыны жұмыс берушi
еңбекке жарамсыздық орын алған бiрiншi
күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейiн
немесе мүгедектiгi анықталғанға дейiн
орташа жалақысының жүз процентi мөлшерiнде
төлейдi.
3. Жұмыс берушi әлеуметтік жәрдемақыларды
төлеу жөнiндегi өзiнің мiндеттерiн орындамағаны
немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген
тәртіпте жауаптылықта болады.
Ескерту. 87-бапқа
өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2004.12.23. N 20 Заңымен.
88-бап. Жұмыс берушінiң қаражаты
есебiнен оқыту
және бiлiктiлiгiн арттыру
1. Жұмыс берушiнiң мүдделерiн көздеп кадрлар
даярлау үшiн жұмыс берушiнiң өз қаражаты
есебiнен қызметкердi оқытуға немесе оқуға
жiберуге құқығы бар. (P930327 қараңыз)
2. Жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен оқыған,
бiлiктілiгiн арттырған немесе қайта даярлаудан
өткен қызметкер сол жұмыс берушiде тараптардың
жеке еңбек шартында келiскен мерзiмiнде
жұмыс iстеуге мiндеттi.
3. Қызметкердiң бастамасы бойынша немесе
қызметкердiң кiнәсi салдарынан жұмыс берушiнiң
бастамасы бойынша жеке еңбек шарты бұзылған
жағдайда жұмыс берушiге қызметкер өзiн
оқытуға байланысты шығындарды жұмыс
iстеу мерзiмiнiң жұмыс iстелмеген мерзiмiне
бара-бар етiп, толығымен төлейдi.

- Банк қызметтерін қадағалау және бақылау
- Банк маркетингі
- Банк маркетингі
- Банк международных расчетов
- Банк международных расчетов
- Банк международных расчётов
- Банк международных расчетов: понятие и функции
- Банк как кредитная организация
- Банк как организатор кредитного рынка
- Банк как особый участник налоговых отношений
- Банк кұпиясы
- Банк қызметіндегі ұйымдастырылған банкаралық несие нарығының рөлі мен мағынасының нығаю перспективалары
- Банк Қызметін реттеу
- Банк қызметі саласындағы қылмыстар