Девиациялық мінез – құлықтың формалары және аномия
Девиациялық мінез – құлықтың формалары және аномия
1). Девиациялық мінез – құлықтың формалары.
2). Аномия туралы түсінік.
3). Девиацияның себептері мен онымен күресу жолдары.
1). Девиациялық мінез – құлықтың формалары.
1).Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-
Ал, тар мағынасында қалыптасқан
құқықтық және өнегелік ережелерді тек
белінен басып, аттап өту деп
түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық
әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік
аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге
қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық
әлеуметтік себептері қоғамның мәдени
құндылықтары мен оларға қол жет-
кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының
арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік
құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың
әлсіздігі мен қарама-
Девианттық мінез-құлық
қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
микроәлеуметтік
орта (отбасының өмір стилі және
деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық – әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті – зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер.
Оларға мыналар жатады: ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер. Психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері; физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар.
3.
Әлеуметтік-педагогикалық
мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы
ауытқушылықтардың негізгі
дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық
5. Моралді-этикалық факторлар.
балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
салауатты
өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз
тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік
бағдарламаларды ұштастыра
девиантты
мінезге ие балалардың білім алуы
мен бос уақытын пайдалы іс-
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты
балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде
римдік философ Сенеканың: «әрбір адам
өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап
талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір
туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне
сүйене отырып, девиацияға коррекция
жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың
тек кейбір мінездік кемшіліктерін
түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық
өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс
қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп,
ары қарай қалыптаса дамуына,
әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл
педагогикалық іс-әрекеттер
2). Аномия туралы түсінік.
2). Аномия — (гр. an- — жоқтық және гр. nomos — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.
Аномия өзiнiң төмендегiдей
қалыптасқан
құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан
болатын ретсiздiк нормативтiк-
әлеуметтiк
үйлесiмдiктiң жоғалуы,
адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы;
мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б.
Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917).
Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi.
«Өзiн-өзi өлтiру» деген еңбегiнде Дюркгейм эгоистiк, альтуристiк және аномиялық суицидтердiң түлерiн атап өтедi. Соңғысы дәстүрлi шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делiнедi. Шектелмеген тiлектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешiмi жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады.
Аномия ұғымын қазiргi социологияда әpi қарай дамытқан американдық ғалым Р. Мертон (1910). Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін.
3). Девиацияның себептері мен онымен күресу жолдары.
Девиантты мінез-құлықтың себебі, негізгі көзі неде?
Осы мәселемен айналысып отырған қазақстандық ғалымдар мінез-құлықтағы өзгерістердің аймақтық, жастық, кәсіптік, әлеуметтік-таптық сияқты заңдылықтарын ашып берді. Сондай-ақ, зерттеушілердің көпшілігі әлеуметтік бастаманың кез-келген саналы мінез-құлықта басым болатынына, оның жеке тұлға құрылымындағы биологиялық элементтермен терең өріліп жататыны жөніндегі пікірді қолдауда.
Әлеуметтік қайшылықтар қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік сияқты келеңсіз құбылыстарға әкеледі. Мінез-құлықтағы ауытқулардың тұрақсыздығы экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, мәдениеттік жағдайларға да байланысты. Мінез – құлық тұрақсыздың негізі – кедейшілік және жұмыссыздық.
Жұмыссыздықтың себептері:
-
экононмиканың дамуына
жұмыс күшінің қысқаруы;
-
экономиканың құлдырауына
қамтамасыз етушілер барлық ресурстарды, соның ішінде еңбек ресурстарын
қысқартуға мәжбүр болуы;
- үкімет пен кәсіподақтың жалақыны көбейту саясатына байланысты ,
өндіріс тоқырауға ұшырап, жұмыс күшінің қажет етілмеуі;
- кейбір өнеркәсіптердің экономика саласындағы маусымдық өзгерістер;
- Тұрғындардың демократиялық құрылымының өзгеруі; яғни жұмысқа
қабілетті адамдардың санасының өсіп, жұмыс орындарының азаюы.
Жұмыссыздықтың аталған себептеріне қарай, оның төмендегідей формасы бар:
1)
фрикциондық жұмыссыздық – (
деген сөзден шыққан ) адамдардың бір жұмыстан екінші жұмысқа, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруынан пайда болады;
2)
Құрылымдық жұмыссыздық –
3) Маусымдық жұмыссыздық – ауыл шаруашылығы мен құрылыс орындарында көптеген жұмыс маусымға байланысты ұйымдастырылды. Мысалы: көктемде егіс барысында жұмысшы көп қажет болса, қыста егін егілмейді, сондықтан жұмысшы қажет емес.
4)
Циклдік жұмыссыздық – тауарға
деген сұрныс пен соған
5) Жасырын жұмыссыздық – бұл отандық экономикаға тән құбылыс.Экономикалық тоқырауға байланысты өндіріс орындары уақытша
өндіріс шығарылмайды, сол себептен жұмысшыларджы еріксіз демалысқа жібереді, немесе жұмыс уақытын қысқартады. Бұл нақты жұмыссыздық ретінде ешқандай жерде тіркелмейді.
Жоғары айтылып отырған
адамдардың әлеуметтік жағдайын төмендетеді. Соның салдарынан отбасындағы ұрыс – керіс, тұрақсыздық жағдайлар пайда болады.
Мінез құлықтағы тұрақсыздықтың тағы бір себебі - әлеуметтік патология.
Әлеуметтік патологияға: психологиялық аура; алкоголизм; наркомания;
тұрғындардың генетикалық фондының әлсіреуі жатады. Алкоголизмге байланысты мәселен Ресейде жылына адам басына шаққанда 1 адам 20 литр
арақ ішсе, Қазақстанда соның жартысын құрайды. Ал өмірінде ең құрығанда 1 рет наркотикті қабылдаған адам 11%% – н- 15 % ға дейінгі көрсеткішті көрсетеді.
Ұзақ жылдар бойы нашақорлық біздің елімізде тек батыстық өмірге жататын құбылыс ретінде есептелді. Қазір нашақорлықтың құбылыс ретінде
қалыптасқанын ешкім жоққа шығара алмайды және оның жеке адамдар мен
бүтіндей қоғамға қаншалықты зардап әкелетінін түсінеді. Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері нашақорлардың көп бөлігі белгілі бір дәрежеде өздеріне төнген қауіпті сезініп, өз құмарлығына сындарлы көзбен қарайтындығын көрсетті. Мәселен сауалнамаға жауап бергендердің 12 пайызы нашаның өлтіретін күшін сезінсе, 66,5 пайызы нашаға қарсы екенін білдірді. Наша қабылдағаннан кейін болатын қозуды, көңіл-күйдің көтерілуін
тәжірибесіздіктен және білімсіздіктен бұл зат өз денсакулығына игілікті әсер етті деп қабылдайды. Бірақ белгілі бір кезеңде денсаулығы мен психикасы бұзыла бастағанда, көптеген нашақорлар оны алда не күтіп тұрғанын саналы
түрде сезіне бастағанымен, бұл әдеттен бас тартуға шамасы жетпейді.
Ғылымда девиантты мінез-құлықты кең мағынада және шағын тар мағынада қарастырады.
Тар мағынада алғанда, девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға
жатпайтын,
яғни құқық бұзушылық болып
түсіндірілсе, кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құқыққа қарсы формалар ретінде түсіндіріледі. Бұдан, адамның өзін-өзі өлтіруін – девиация
деп атайтын болса, ал біреуді өлтіруін қылмыс деп атайды.
Кейінгі кезде Қазақстанда «заңды ұрылар» деген ұғым пайда болды, олар қылмыстық топтар арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Наркобизнес, спирт контрабандасы, ұрланған машинаны сату өркендеп, жезөкшелік қалыпты құбылысқа айналды.
Қылмыс бұзудың арта түсуіне маскүнемдік әсерін тигізуде. Статистика көрсеткендей, ауыр жағдайдағы бұзақылық, зорлаудың 90 пайызы, басқа қылмыстардың 40 пайызы маскүнемдікке байланысты болып отыр. Кісі өлтіру, ұрлық, қарақшылық шабуыл жасау, ауыр зақым тигізудің 70 пайызын адамдар мас күйінде жасаса, ажырасудың 50 пайызға жуығы маскүнемдікке
байланысты.
Мінез-құлықтың ауытқуы девиацияның әр түрлі формалары арасындағы өзара байланыстың заңдылығы сияқты қаралады. Мысалы, суицидті (өмірін қиюға ұмтылу) мінез-құлық пен әлеуметтік ауытқулардың басқа формаларымен, мысалы, маскүнемдікпен байланысты екенінде сөз жоқ. Сот экспертизасы көрсеткендей, 68 пайыз ерлер мен 31 пайыз әйелдер мас болуы салдарынан өз өмірлерін қиған.
Девиацияның барлық формаларының көрінуі экономикалық, демографиялық, мәдени және басқа да көптеген факторларға да байланысты болады. Бүгінде бұл мәселе ТМД елдерінде аса шиеленісіп отыр, өйткені мұнда қоғамдық өмірдің барлық салаларында айтарлықтай өзгерістер болып, бұрынғы мінез-құлық нормалары құнсызданып отыр. Әрекеттің бұрынғы тәсілдері нәтиже бермеуде.
Күтілетін нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы айырмашылық қоғама шиеленіс туғызып, адамдардың өз мінез-құлқының моделін өзгертуге дайын болуын, сөйтіп қалыптасқан нормадан шығуына итермелеп отыр. Әлеуметтік, экономикалық жағдай шиеленіскен жағдайда нормалардың өзі де өзгеріске түсуде. Кейде мәдени шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың барлық жүйесі бәсеңсуде.
Осылайша құқық бұзушылық – бұл қоғамдық өмір туғызып отырған өмірлік кикілжіңдер, сәтсіздіктер, әлеуметтік драмалар мен трагедиялардың бейнесі.
Қылмыс – адамзат кесклінің бейнесі. Оны бүгінге дейін бір де бір қоғам құрта алмай келеді.
Жеке тұлға аймағына жататын деликвентті мінез-құлықтың себептеріне, оны қалыптастырып, қылмысқа итермелейтін сыртқы жағдайлар сияқты, аз көңіл бөлініп отырған жоқ. Сондықтан құқық социологиясы адамның жеке тұлғасына байланысты мәселелерге назар аударады.
Мәселені зерттеушілер заңды мойындайтын азаматтардың ішкі әлемімен салыстырғанды заң бұзушының өзіндік ішкі әлемінің болатындығын мойындайды. Заң бұзушының ішкі әлемі қандай?
Күтілетін нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы айырмашылық қоғамда шиеленіс туғызып, адамдардың өз мінез-құлқының моделін өзгертуге дайын болуын, сөйтіп қалыптасқан нормадан шығуына итермелеп отыр. Әлеуметтік, экономикалық жағдай шиеленіскен жағдайда нормалардың өзі де өзгеріске түсуде. Кейде мәдени шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың барлық жүйесі бәсеңсуде.
Қылмыс пен сол қылмысты жасаушы заң бұзушының өмірлік мақсаты мен тарихының арасында байланыс бар. Бұл байланыстың мазмұны мынада: кез-келген формадағы қылмыстық іс қылмыскердің басқа адамдарға қатысын
білдіреді, ол қылмыскердің ерте кезден араласқан қатынастар жүйесінің нәтижесі болып саналатын өмірлік ұстанымын бейнелейді.
Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың
құқықтық мінез-құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер
«құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі
зерттеліп, ғалымдар «құқық бұзушыны» девиантты (ауытқыған), немесе, делинквентті (қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.
Девиантты мінез-құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енеді. Әлеуметтік норма – нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың немесе ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте және т.б. жатыр.
Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметтік санкцияға жатады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасындағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік т.б.)
байланысты девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір
тіркейді және әрекетке қатысушылардың өз арасында жағдайға байланысты
түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен
құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықтап қарастырады. Мұнда девиация қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен
бастап, адам өлтіруге дейінгі кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі.
Қазіргі таңда әлеуметтік педагогика ғылым ретінде мінез-құлықтағы
ауытқудың бірнеше бағыттарын қарастырады:
1. Қоғам қойып отырған мақсат пен сол мақсатқа жету құралдарының бір- біріне сай болмауы;
2. Жанжал теориясына байланысты мәдени мінез-құлықтағы адамдар бұзақылар ортасында ауытқыған мінез-құлықты адам болып есептелінеді.
3. Логотерапия негізін жасаған австриялық психолог – теоретик Виктор Франклдың өмірден күдер үзген адамдар мәселесін шешу теориясы. Оның
теориясы табиғатқа, адамға, адам дамуындағы нормалар мен ауытқулар, оны
түзету жолдары мен әдістеріне арналған.
4. Я.И. Глинцкийдің көзқарасы оның ойынша мінез-құлықтағы ауытқу қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы теңсіздікке байланысты (байлар мен кедейлер);
5. Қоғамда адамның өз мүмкіндігі мен қабілетіне қарай өз орнын таба алмауына байланысты ресми емес топтарға қосылуы.
Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықтап қарастырады.
Әдебиеттер тізімі
1. Гилинский Я.И. Социология
2. Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социология. Социальная структура и социальная стратификация. – М.: Инфра, 2000.
3. Дюркгейм М.Э. Самоубийство. Социологический этюд. – М., 1994.
4. Карабаев Ш.К. Әлеуметтану
5. Қазымбетова Д.К. // ҚазҰу хабаршысы.
Психология және социология
6. Коэн А.К. Отклоняющееся поведение и контроль над ним: Американская социология. – М., 1978. – С. 288 – 296.
7. Ланцова Л.А., Шурупова М.Ф. Социологическая теория девиантного поведения //Социально-политический журнал. – 1993. – № 4.
8. Мертон Р. Социальная
9. Мотивационная регуляция
10. Рахметов Қ.Ж., Болатов А.Н., Исмағамбетова З.Н. Социология. – Алматы, 2001.
11. Социология. Оқулық. – Алматы, 2002.
12. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. – Алматы, 2001.
13. Шәмшәтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт Д., Күнхожаев Н. Әлеуметтану. – Алматы, 1999.

- Девиация молодежи в Республике Бурятия
- Девинатное поведение. Суицид
- Девіантна поведінка дітей старшого шкільного віку
- Девіантна поведінка молоді
- Девіантна та делінквентна поведінка
- Девідендна політика банку
- Девственные леса Республики Коми
- Девиация в Современной России
- Девиация и конформизм
- Девиация и проблемы социального зла
- Девиация и социальный контроль
- Девиация и социальный контроль
- Девиация как проблема
- Девиация как тип социального поведения