Информациялық жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп
1 –тақырып. Информациялық жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп.
1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Адамзат қоғамының тіршілігі мен дамуының негізі материалдық өндіріс процесін құрайды, соның барысында тұтыну заттары мен еңбек құралдары жасалады. Өндірісте жасалынған материалдық игілік жеке адамдар мен өндірістік тұтыну кезінде бөлініске түсіп, пайдаланылады. Осы процестерге басшылық жасау үшін олар туралы ақпаратқа ие болу керек. Шаруашылық қызметтің шынайы жағдайын сипаттайтын ақпарат шаруашылық есеп жүйесінде пайда болып, беріледі және ол экономиканы басқарудың, демек ұдайы өндіріс процестерін басқарудың маңызды функциясына жатады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы жағдайында дер уақытылы, әрі шынайы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектілерінің күрделі экономикалық тетігін басқару қиын.
Шаруашылық
есептің алғашқы құрамы–
Шаруашылық қызметтегі болып жатқан шынайы құбылыстар мен процестерді бақылай отырып біз басқаруға қажетті қаржылық экономикалық анық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыра алмайтын олардың сапалық сипаттамасын аламыз. Сондықтанда шаруашылық есеп бақылауға қоса субъектінің шаруашылық қыземтіндегі фактілер мен құбылыстарды өлшеуге тиіс, яғни олардың сандық сипаттамасын анықтауға тиіс. Шаруашылық есепті жүргізудің осынау екі кезеңі бір–бірімен ажырамас бірлікте болып, басшылықты есеп объектілері туралы қажетті деректермен қамтамасыз етіп тұруға тиіс.
Бақылау мен
өлшеу арқылы алынған мәліметтерді
есте ұстап, сақтап қою қажет. Шынайы
қызметтің фактілері мен
Демек, шаруашылық–экономикаға басшылық жасау үшін қажетті шаруашылық қызметтегі бақылау жүйесі, өлшем, фактілер мен құбылыстар туралы ақпаратты өңдеу және дайындау.
Шаруашылық есептің тарихи шарттылығы. Шаруашылық есепті шаруашылық қызметті басқаруға ақпараттық база жасайтын жүйе ретінде түсіну бүкіл қоғамдық–экономикалық формациялар үшін ортақ. Алайда шаруашылық есепті ұйымдастырудың нақты мақсаттары мен міндеттері, сондай–ақ түрлері мен принциптері жалпыға бірдей емес, тарихи сипат. Бүкіл экономика сияқты, олар да қоғамдық құрылысқа түбегейлі тәуелді.
Тарихи категория ретінде шаруашылық есеп материалдық өндіріс қажетінен туындайды. Ол адамзат қоғамы дамуының ерте сатысында пайда болған. Пифагор: бастама–тұтастың жартысы деген. Салсытырмалы түрде мұны есептің пайда болуына да айтуға болған. Ол адамзат өркениетімен бірге 6–мың жыл бұрын пайда болған. Шаруашылық өмірінің мұқтаждары есептің дамуын туғызды, ал есептің дамуы өркениеттің әсіресе жазу мен математика сияқты ажырамас бөліктерінің өсуіне ықпал жасады.
Шаруашылық өмір фактілерін тіркеу техникасы көптеген білімді адамдардың назарын аударған. Соның қатарында математиктер ерекшеленіп шықты. Бухгалтерлік есеп жөніндігі алғашқы баспадан шыққан кітапты 1494 жылы атақты математик Луко Пачоли (1445– 1515) жазды. «Есеп пен жазбалар туралы трактат» бөлімінде қайталанбалы бухгалтерияны енгізу тәсілдері түсіндірілді.
Есіпті ұйымдастыруды І Петр кезінде елеулі өзгерістер болды. Ол арнаулы мектептерде есеп жүргізе білетін және есеп кітабын толтырып отыра білетін сауатты адамдар даярлауға аса көңіл бөлді.
Шаруашылық есеп нарықтық қатыныстардың яғни нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде ерекше маңызды.
Қазіргі дәуірдегі негізгі заңдылықтардың бірі – барлық елдердің халықаралық өзара қарым – қатынастағы сыртқы экономикалық байланыстар рөлінің арта түсуі
Ұлттардың шаруашылық
жағынан жақындаса түсуі
Белгілі дәрежеде бұл басқару мен талдау, аудит пен қаржылық шешім қабылдау саласындағы маңызды құрал болып табылатын есеп жұмысына да қатысты.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыптасып, олардың экономикалық мүдделерін неғұрлым сындарлы түрде білдіреді, демек тұтынушылардың ақпараттық талаптарының сипатын да білдіреді. Жекелендірудің жүргізілуі, қор рыногының қалыптасып, дамуы, күйзіліске ұшыраған кәсіпорындарға қаржылық жағынан көтермелу (санациялау) және тағы басқа да шаруашылық жүргізудің жағдайлары іскерлік ақпарат пен рынок субъектілерінің қаржылық–экономикалық мүдделерінің сәйкестендірілуін қажетсінеді. Ондай ақпараттың негізгі көзі шаруашылық есеп пен есеп беру жүйесі болып табылады.
2. Бухгалтерлік есеп пәні.
Қазақсатан Республикасы Президентінің заңды күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы» занының жасалып, қабылдануы шаруашылық есепті дамытудағы жаңа саты болады, нарыққа дейінгі барлық есеп жұмыстарынан түбегейлі айырмашылығы бар дүние болып шықты. Ол Қазақсатан Республикасының шаруашылық есептің жүйесі түбегейлі, ал бухгалтерлік есепті ішінара белгілеп, экономикалық өзгерістер талаптарына жауап бере алатын бухгалтерлік есептің ұйымдық, заңдылық, әдістемелік және басқа да жаңа жүйелерінің негіздерімен байланысты есептің негізгі принциптері мен жалпы ережелерін тұжырымдап береді.
Шаруашылық есеп нарықтық шаруашылық жағдайында бәрінен бұрын нарықтық экономика талаптарына бағынған мүлде жаңа мақсатпен ерекшеленеді. Осы мақсатқа орай нарықтық шаруашылық есеп елдің әлеуметтік–экономикалық даму жолдарын іздестіруді ақпараттық жағынан қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан нарықтық шаруашылық есеп, атап айтқанда, әкімшілік-әміршіл экономика жағдайына қарағанда шаруашылық қызметтің мүлде жаңа ақпаратық үлгілері талап етеді.
Әрине, осынау мүмкіндік қазірдің өзінде аяғына дейін жүзеге асты деп санауға болмайды, өйткені шаруашылық есептің аталған сапалық тұстарына деген талап үздіксіз өсіп отыр, сондықтан да ол үнемі жетілдірілу үстінде болады.
Шаруашылық есеп жүйесі үш шағын жүйеден, есептің үш түрінен тұрады. Олар: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп. Бұлардың әрқайсысы экономикалық объектіні басқарып, сол бойынша шешім қабылдауда ерекше рөл атқарады.
Жедел есеп деп
есеп жұмыстарының жиынтығын айтады.
Ол субъектінің шаруашылық қызметінің
жекелеген учаскесіндегі
Мұндай жағдайда
субъектінің шаруашылық қызметінің
белгіленген түпкілікті қаржылық нәтижесі
өзгертілуі де ықтимал. Мысалы, сауда
субъектілерінде тауар
Жедел есеп (немесе шұғыл есеп деуге де болады–аудармашы) мейілінше нақты, бақыланылатын фактілерге, құбылыстарға тән өлшемдер бойынша (дана, теңге, тонна және т.б.) сандық мөлшерлер тіркеледі. Жедел есеп субъектінің шаруашылық қызметтерінің тұтастай жағдайын көрсетіп бере алмайды.
Экономикалық объектінің құрылуының біріңғай үлгісін жедел есеп сияқты шаруашылық қызметінің жекелеген оқиғаларын анықтайтындар есеп, керісінше, шаруашылық қызметті оның бүкіл учаскелері мен бөліктерінің серпінді өзара байланысы ауқымында көрсететін бухгалтерлік есеп қана жасай алады. Бұлай болатын себебі – осынау қызметті құрайтын фактілердің кез–келгені бірден немесе біршама уақыттан кейін тікелей немесе жанама түрде, бірақ міндетті түрде объектінің қаржылық ресурстарында белгі береді. Не оның жалпы ауқымы өзгертеді, немесе оның шынайы өмір сүру формасын, әйтпесе бағыныштылығын өзгертеді.
Экономикалық объектінің қаржы ресурстарының қозғалысы мен жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етіп отыратын есеп жұмыстарының жиынтығы бухгалтерлік есеп деп аталады. (немістің «Buchhaltund»–кітап жүргізуші деген сөзінен шыққан, өйткені осынау есеп пайда болғаннан бергі бірнеше ғасырлар бойы оны арнаулы кітапқа (журналға) бір адам жазып отыратын болған).
Сөйтіп, бухгалтерлік есеп дегеніміз–экономикалық пайданы бақылап және оны дамытып отыруға ықпал жасау мақсатындағы фактілер мен құбылыстарды тұтастай, үздіксіз және құжаттар негізінде түбегейлі көрсетіп отыру.
Бухгалтерлік есепті пайдаланушылардың талаптарына сәйкес ол: өндірістік, қаржылық және салықтық болып үш түрге бөлінеді.
Есептің өзге түрлеріне қарағанда бухгалтерлік есептің өзіндік ерекшеліктері болады. Атап айтқанда:
- Құжаттылық жағынан негіз болып табылады.
- Уақыты жағынан үздіксіз (күннен–күнге) және қамтуы жағынан біртұтас (шаруашылық субъектісінің қаржы– шаруашылық қызметіндегі брлық өзгерістердің бір де бірін қалдырмау).
- Мәліметтерді өңдірудің ерекше, тек өзіне ғана тән әдістерін қолдану (бухгалтерлік шот, екі ретті жазу, қаржылық есеп беру, бухгалтерлік баланс және т.б.).
Бухгалтерлік есеп–есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді.
Бухгалтерлік есеп теориясы–бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері.
Қаржылық есеп–бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі.
Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай
салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ)), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б.
Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары).
Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді.
Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зеріттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады.
Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы–ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында.
Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі–есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді.
Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай–ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір–бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі.
Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір–біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге–ел экономикасының даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.
3. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Шаруашылық операциялар мен процестері есеп жұмысында олардың сандық өлшемі арқылы көрініс табады.
Қазіргі уақытта есеп жұмысында өлшемдердің: натуральдық еңбектік және ақшалай түрлері қолданылады.
Натуральдық өлшемдер натуральды түрдегі деректер алуға, Яғни санау арқылы (дана, сан өлшемі); салмақ (тонно, кг); ұзындық (метр, сантиметр); көлем (тікшеметр, литр және т.б.) арқылы өлшеуге қызмет етеді.
Натуральдық өлшем
материалдық игіліктің
Еңбек өлшемдері
жұмыс уақытын өлшеуге
Еңбек өлшемдері еңбек шығындарының тиімділігін белгілеуде, еңбек пен өндірісті ғылыми тұрғыда ұйымдастыруда, жұмысшылар мен еңбекшілерге еңбекақы төлеуге бөлінген қаржының пайдаланылуына бақылау жасауда аса маңызды рөл атқарады. Натуральдық өлшемдерге қарағанда бұлар кейбір әртекті ауқымдарды, мысалы еңбек шығынының ауқымы бойынша әртүрлі өнімдерді өзара салыстыруға мүмкіндік береді.
Техникалық прогресс пен нарықтық экономикаға бетбұрыс кезіндегі еңбекті үнемдеу тұрғысынан алғанда еңбек өлшемдерінің маңызы арта түспек. Алайда тауар–ақша қатынасы жағдайында еңбек өлшемдері ақша өлшемдеріне бағыныштылық сипатта болады.
Ақшалай өлшем шаруашылық процестер мен алуан шаруашылық ресурстардың (активтердің) жалпылама және қортындылаушы өлшемі болып табылады. Ақшалай бағалауда (теңгемен) субъектідегі барлық тауарлық – материалдық шаруашылық активтердің (қаржы, ресурстар) жиынтығы және олардың жалпы ауқымы, өнімнің өзіндік құны (жұмыстың, қызметтің), ондағы өндіріске жұмсалатын әр алуан шығындардың қорытындысы (жұмсалған шикізат пен материалдар, отын, электор қуаты, жалақы және т.б.) және шаруашылық қызметтің басқа да көрсеткіштері есептелінеді, сондай–ақ субъектілердің бір–бірімен несиелік және есеп айырысу байланыстары өлшенеді.
Жалпылама және қортындылаушы (жинақтаушы) болып табылатын ақшалай өлшем шаруашылық қызметті есептеу мен басқаруда, субъектілер қызметтерін, шаруашылық жүргізудің, қаржылық ақпараттары көрсеткіштерінің объективтілік дәрежесін, салыстырмалылығын және дұрыстығын салыстырмалы бағалауда аса маңызды. Ақша құны бойынша (теңге) бүкіл тауар–ақша шаруашылық активтерінің жиынтығы (қаржы, ресурстар) мен олардың жалпы ауқымы, өндіріске жұмсалатын сан–алуан шығындардың (жұмсалатын шикізат пен материалдар, отын, эл. энергиясы, жалақы және т.б.) бәрі қортындыланатын өнімнің өзіндік құны және шаруашылық қызметтің басқа да көрсеткіштері есептелінеді, сондай–ақ осы арқылы субъектілердің бір–бірімен несиелік және есеп айырысу байланыстары өлшенеді.
Ақшалай өлшем жалпылама және қорытындылаушы бола тұра шаруашылық қызметті есепке алу мен басқаруға, субъектілер қызметін салыстырмалы түрде бағалау үшін, шаруашылық жүргізудің қаржылық ақпарат көрсеткіштерінің объективтілік дәрежесін, саластырмалылығы мен дұрыстығын бағалау үшін өте маңызды.
Ақшалай өлшем натуральдық және еңбек өлшемдермен қатар жиі қолданылады. Мысалы: тауарлар мен материалдақ қорының құнын олардың жалпы санын өлшемнің бір единицасының бағасына көбейту арқылы, жұмысшының уақыт бойынша төленетін жалақысын жұмыс істелінген күндерінің немесе сағаттарының санын тиісінше күндік немесе сағаттық тарафтік ставкаға көбейту арқылы; еңбек демалысы уақытындағы жалақысын–тиісті демалыс күндерінің санын күндік орташа жалақыға көбейту арқылы анықтайды.
Өлшемдердің әрқайсысы да тиісті көлем мен көрсеткіштерді есептеп шығару үшін объективті түрде қажет. Бұлар бір–бірімен тығыз байланысты, әрі шаруашылық құбылыстар мен процестерінің жекелеген түрлері туралы неғұрлым толық есептік ақпарат алу үшін кей жағдайда бірге қолданылады.
Білімін өз бетінше тексеруге арналған тестілер.
- Қазақстан Республикасының есеп мәселелері бойынша қандай құжаттар нормантивтік құқық активтерінің бірінші деңгейі болып табылады?
а) «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлық.
ә) Бухгалтерлік есеп стандарттары.
б) Нұсқаулық өкімдер.
в) Бухгалтерлік
есеп есеп шоттарының Бас
2. Бухгалтерлік есептің нарықтық экономикадағы басты мақсаты:
а) Қаржылық есеп жасау.
ә)
Бухгалтерлік есепті дұрыс
б) Тұтынушыларды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз
ету.
в) Субъектінің
қаржы–шаруашылық қызметіне
3. Бухгалтерлік есепті қаржылық және өндірістік деп бөлудің
негізгінде қандай принциптер жатыр?
а) Ақпарат қандай мақсат үшін жинастырылады және олар
кімдерге арналған.
ә) Маңыздылық.
б) Салыстырмалық.
в) Есептеу.
4. Қазақстан Республикасындабухгалтерлік есепті реформалаудың
интеграциялық мәндісі неде?;
а) Есепті бірыңғай нормантивті актілер негізінде жүзеге асуры.
ә) Халықаралық практикаға сәйкестендіру.
б) Есеп шоттардың Бас жоспарын енгізу.
в) Тұтынушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
5. Бухгалтерлік есепті реформалау мәселесі бойынша қандай
нормантивтік акт екінші деңгейге жатады және негізгі болып
табылады?
а) Есеп шоттардың Бас жоспары.
ә) «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлық.
б) Бухгалтерлік есеп стандарттары.
в) Есеп шоттар Бас жоспарының өзгерістері туралы әдістемелік
нұсқаулар.
6. Бухгалтерлік стандарттар белгілейді:
а) Есептің жалпы методологиялық негіздері мен ақпараттың
ашылуын.
ә) Есептік процедуралардың нақты жүйесі.
б) Синтетикалық және аналитикалық есеп жүргізу тәртібін.
в) Есеп шоттар қатынас қағаздарын жасаудың тәртібі.
7. Есепке есептеу принципінің мәнісі неде ?
а) Шығындарды сол болған сәтінде есепке алу жөн.
ә) Табыстар мен шығындар олар төленген сәттен танылады.
б) Табыстар мен шығындар орын алған сәттен бастап есептеліп
танылады.
в) Табыс салық төленгеннен кейін ғана танылады.
8. Қаржылық есептің міндетері:
а) Өнімнің өзіндік құны туралы деректер жинап, өңдеу.
ә) Тұтынушыларды анық ақпаратпен қамтамасыз ету.
б) Активтер мен пассивтер есебі және бұл деректерді қаржылық
есепте қорытындылау.
в) Қаржылық есепті жасау.
9. Есеп саясаты мыналарды өздейді:
а) Бухгалтерлік есеп жүргізудің формасын белгілеу.
ә) Бухгалтерлік есеп стандарттарын қолдау.
б) Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәсілдерінің жиынтығы және
ақпаратты ашып көрсету.
в) Синтетикалық және аналитикалық есеп жүргізу ережелері.
10. Есеп саясатының
дұрыс қалыптасуына жауап
а) Бас бухгалтер.
ә) Басшы.
б) Салық қызметі.
в) Басшы мен бас бухгалтер.
Дербес шешім қабылдауға қажетті тапсырмалар.
- Бухгалтерлік қызметті ұйымдаcтырудың № 24 «БКУ» негізгі мазмұны.
- Қаржылық бухгалтерияның мақсаты мен міндеті.
- Бухгалтерлік басқару мақсаты мен міндеті.
- Бухгалтерлік есеп туралы заңды бұзғандарға жауапкершілік.
- Қаржылық бухгалтерлік ақпаратты сақтау.
- Қол қою құны.
- Бухгалтерлік ақпарттардың сыры.
- Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есті
рефоромалардың мақсаты.
- ҚР бухгалтерлік есеп жүйесін анықтайтын нормантивтік акт.
- ҚР бухгалтерлік есепті реттуші ұйымдардың өкілеттлігі.
Төмендегі ұйғымдарға анықтама беріңіз.
- Ақпарат
- Бухгалтерлік қызмет
- Қаржылық бухгалтерия
- Бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссия
- Басқарушы бухгалтерия
2-тақырып. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары.
1. Бухгалтерлік
есептің стандарттары және
Кез–келген басқару жүйесі–мейлі ол әкімшілік немесе нарықтық жүйе болсын бәрібір, тиісті ақпараттық жүйеге мұқтаж болады. Ақпаратты жинайтын, қорытып, өңдейтін неғұрлым маңызды тетіктердің бірі бухгалтерлік есеп. Алайда әр алуан басқару жүйелеріндегі бухгалтерлік есеп әртүрлі қызмет атқарады,
сондықтан бір экономикалық система екіншісіне ауысқанда бухгалтерлік жүйе де өзгереді.
Нарықтық экономикада бухгалтерлік есеп мүлде өзгеше міндет атқарады. Ол мынадай жағдайларға бойланысты:
- Нарқытық жағдайда меншік түрі өзгереді. Мемлекеттік меншікке қоса көптеген меншік иелері пайда болады, олар өз қаржысын салған шаруашылық қызмет субъектісінің шаруашылық қызметінің нәтижесіне мүдделі.
- Шаруашылықпен айналысушы субъект өзін жоғары қаржы нәтижелерімен қамтамасыз ететін басқарушылық шешімдерді іздейді. Сол мақсатта ол нарық конъюнктурасын зерттейді, өз қызметін өзінше дербес жоспарлайды, өнім берушілер мен сатып алушыларды табады, бағаны өз бетінше қояды және т.б.
- Шаруашылық жүргізуші субъект нарық жағдайында коммерциялық банктердің несиелік ресурсатры үшін, сонадай–ақ басқа да пайдалы инвесторлардың қаржысы үшін, яғни қаржы ресурстарының көзі үшін күреске түседі. Соның нәтижесніде шаруашылық жүргізуші субъекті де басқарушылық шешім қабылдап, соның нәтижелерін бағалау үшін қажеті дер уақыттылы ақпаратқа деген мұқтаждық пайда болады. Ал екінші жағынан, субъект өзіне қаржы берген (немесе бермекші) инвесторға да тиісінше ақпарат беруге міндетті.
- Нарық жағдайында да салықтар мен төлемдердің дұрыс аударылғаны туралы мемлекет алдында есеп беру қажеттігі сақталады.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп ерекше маңызды бола түседі. Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік есеп стандарттарында, субъектілердің қаржы–шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі есепшоттарының Бас жоспарында бекітілген жалпы принциптер мен ережелер негізінде Қазақсатан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» , «Салық және бюджетке міндетті түрде басқада төлемдер туралы» заңына сәйкес басылып шығарылды. Сондай–ақ Қазақсатын Республикасының бухгалтерік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы басып шығарған нұсқаулар, ережелер, ұсыныстар бойынша мынадай тұтынушыларды қажетті қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететіндей есептеу мен есеп беру жүйесін жасау керек:
Сөйтіп, шаруашылық қызмет фактілері туралы алғашқы деректер бухгалтерлік есепте көрініс тауып, қортындыланатыны соншалық, қаржылық ресурстардың (активтердің) жекелеген түрлерінің жағдайы, олардың көзі немесе туындаған міндеттемелер туралы көптеген ақпараттық көрсеткіштер қалыптасады. Бухгалтерлік есепті жекелеген фактілер туралы бытыраңқы деректер шаруашылық қызметтің жинақталған көрінісін, оның нәтижесін сипаттайтын ақпаратқа жүйеленеді. Бухгалтерлік есептегі экономикалық көрсеткіштер шаруашылықтың жағдайын өзгертетін жекелеген бүкіл фактілер туралы деректерді көрсетудің, қортындылаудың және салыстыра өлшеудің нәтижесі іспетті. Нақтылы фактілер туралы деректер орнына шаруашылық процестері мен құбылыстары туралы ақпарат беріледі.
Басқару міндетіне қарай экономикалық ақпарат жүйесі нормантивтік, жоспарлы, есептік, аналитикалық ақпараттар болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп ақпарат қашан басқарушылық шешім үшін өңделуге қажет болғанша оны жинақтап, сақтаушы болып табылады. Ал есеп дегеніміз деректерді жинаудың, өңдеудің, сақтау мен іздестірудің регламентті бағдарламасы бар өзінше бір дербес ақпараттық жүйе.
«Ақпарат» деген ұғымды «Дерек» дегеннен айыра білу қажет. Бұлардың арасында күрделі диалектикалық тәуелділік бар.
Шаруашылық ресурстарының қозғалыс формасы ретіндегі шаруашылық процестері көптеген шаруашылық түрінде жүзеге асады.
Әрбір шаруашылық операциясы–бұл белгілі уақыт пен кеңістікте өтетін процесс. Оның өте нақты белгіленген басталуы мен аяқталуы, орындалынатын жері болады. Шаруашылық операциясын жүзеге асыру үшін еңбек пен күш–қуат жұмсалады, материалдық, ақша ресурстары жұмылдырылады және басқа. Бухгалтерлік есеп объектісі әдетте аяқталған шаруашылық операциясы болады. Онда, тәртіп бойынша, операцияның аяқталу фактісі мен оның нәтижесі көрініс табады. Шаруашылық операция туралы деректерді бақылап және қортындылай келе бухгалтерлік есеп шаруашылық ресурстары мен шаруашылық процестерінің үздіксіз қозғалысы туралы ақпарат түйседі. Нақты шаруашылық процестеріне жататын көптеген шаруашылық операциялары мен басқа да шаруашылық фактілері сияқты шаруашылық процестері арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық ресурстардың (активтердің) бүкіл айналысы бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Шаруашылық операцияларының орныдалуын белгілі бір шаруашылық ресурстарының қозғалысы қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда әрбір шаруашылық операциясы нақтылы және бухгалтерлік есептің белгілі бір түріне жатады. Солай бола тұрса да шаруашылық операциялары мен фактілерінің өздерін бухгалтерлік
есептің өзге объектілерінен бөлекше қарайтын жалпылама дербес қасиеттері болады.

- Информация материальна или нет?
- Информация о RAID-массивах
- Информация об игрушках
- Информация о географических объектах
- Информация о Казахстане
- Информация о математических методах и моделях в экономике из ГОС
- Информация. Определение и свойства
- Информация как стратегический ресурс
- Информация как фактор производства
- Информация как фактор производства
- Информация как экономический ресурс
- Информация как экономический ресурс и фактор несовершенства конкуренции.Сущность хозяйствования. Соотношение затрат и результатов
- Информация к метапредметным урокам
- Информация, коммуникация и управление