«Каспий Банк» АҚ-ның негізгі даму бағыттары



Кіріспе

        Қазақстандық банктердің бірінен-бірін ажырата алмайтын кез өтті. Әрқайсының өз стратегиясы, философиясы мен мақсаты бар.    Кaspi bank-і қашанда қызмет сапасы мен бірқалыпты жүйелі түрде дамуға ден қойып, өзінің консерваторлығымен ерекшеленетін. Кaspi bank-тің командасы көрші нарықтарды  бағындырмаса да ел ішінде қазақстандықтар мен қазақстандық бизнеске ерекше мән береді. Мұндай шешімнің себебі де қарапайым. Біз, тұрғындардың жақсы банк қызметі мен сенімді қаржы серіктесіне мұқтаж екенін көріп отырмыз. Сондайлардың 1 миллионнан астамы бүгінде Кaspi bank-інің клиенті, соның ішінде 8 мыңнан астамы орта және шағын компаниялар. Банк ең ірі филиалдар желісінің бірін құрды және  адамдар көптеп сауда жасайтын үлкен дүкендердің кез келгенінен біздің қызметкерлерді кездестіре аласыз. Біз солардың біраз бөлігі, дәлірек айтқанда 1,5 миллионы (берілген жедел несие көлемі) біздің қатысуымызбен іске асқанына қуаныштымыз.

       Қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарта отырып, kaspi bank-і ең жақсы бөлшекті банк болуға ұмтылуда. Бұл талпыныстың астарында шын мәнінде сапалы өзгерістерге деген ниет бар.

       Клиенттеріміз өз ақшалары мен банктің қаражатына емін-еркін қол жеткізу мүмкіндігі мен мобильді болғанды бағалайтындықтан, біз үнемі ақпараттық технологияларды инвестициялаймыз. Банк бұл бағытқа 2 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Қазір сіз жедел несие, ал кейін банктің өзге де өнімдерін орналасқан және тұрғылықты жеріңізге қарамастан ел ішінде, кез келген бөлімшеден ала аласыз. 

       Банк корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын қалыптастыруда. Олай болса, Кaspi bank-інің директорлар кеңесінде ірі компанияларда басқару тәжірибесін жинаған адамдар жұмыс істейді деген сөз. Батыс нарығының мінсіз іскерлік беделі бар кәсіпқойлары өздерімен бірге жақсы бизнес-тәжірибелерін Кaspi bank-іне әкеліп енгізуде. kaspi bank-інің меншік құрылымының түсінікті, қарапайым әрі ашықтығы – мықты бәсекелі артықшылық. Бізге сенім артатындықтан, ірі халықаралық инвесторлардан қаржы аламыз. Алайда біз салымшыларымыз болып келетін қазақстандықтардың консервативтік стратегиямызды түсініп, қолдайтындығын бәрінен де ерекше бағалаймыз. Бұл сенімнің ең жоғарғы деңгейі. Кaspi bank-і осы жауапкершілікті сезіне отырып өзінің консервативтік даму стратегиясын жалғастырады.

 

 

«Каспий Банк» АҚ-ның негізгі даму бағыттары

1.1. «Каспий Банк» АҚ-ның даму тарихы

        1991 жылғы 1 қаңтар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әл Барака Қазақстан» Халықаралық банкін құру туралы Жарғыға қол қойып, кейін "Каспийский" Банкі" ААҚ  оның құқықтық мұрагері болды. «Әл Барака Қазақстан» ХБ халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестицияларын тартуда және қызмет көрсетуде жетекші орындардың бірін  иеленді. Алты жылдық тиімді қызметі барысында Банк өзінің халықаралық банк ретінде беделін күшейтіп, Қазақстан Республикасындағы көшбасшы банктердің арасында мықты позицияны иеленді және келбетті клиенттер желісін құрды.

       1997 жылғы 12 қаңтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарына сәйкес міндетті қайта тіркеу жұмыстарын жүргізуге байланысты "Әл Барака Қазақстан" ХБ  атауы "Каспийский" Банкі" Жабық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді. 

        1997 жылғы сәуір «Каспийский» Банкі» ЖАҚ мен «Қаздорбанк» ААҚ (1989 жылдың 13 қаңтарында құрылған және тіркелген) серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімге отырды. Серіктестер арасындағы өзара іскерлік қатынастың сындарлы стилі және ақпаратпен, жоспарлармен ашық алмасу, қызметкерлердің өзара тағылымдамасы нәтижесіндегі терең түсіністік серіктестердің бәсекелестіктегі артықшылықтары мен әлсіз жақтарын айқындап, екі банктің бірігуі мен қайта ұйымдастырылуы екі жаққа пайдалы екеніне көз жеткізді. Қаржы нарығындағы жағдай мен Қазақстан Республикасының банк жүйесінде байқалған банк капиталдарын шоғырландыру жөніндегі үрдістер, сондай-ақ банк санының қысқаруы, серіктес банктердің қосылуына оң жағдай туғызды.   1997 жылғы 12 желтоқсан «Каспийский» Банкі» ЖАҚ пен «Қаздорбанк» ААҚ өз еріктерімен қосылуы нәтижесінде құрылған «Каспийский» Банкі» ААҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі №245 бас лицензиясын берді.

        2000 жылғы 16 ақпан Банк «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» ЖАҚ қатысушысы болады. №0011 куәлік.

        2002 жылғы қаңтар Банк бөлшекті бағыттағы жұмысын белсенді дамытып, жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері арасында жеке тұлғалардың шұғыл салымдарының рейтингінде көшбасшылар ондығына кірді.

         2003 жылғы 1 тамыз 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес «Каспийский» Банкі» ААҚ «Каспийский» Банкі» АҚ болып өзгертілуіне байланысты әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

         2003 жылғы 2 желтоқсан  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы №408 Қаулысы бойынша «Каспийский» Банкі» АҚ халықтық акционерлік қоғам мәртебесі берілді.

         2006 жыл Әлемнің дамушы нарығындағы ең табысты инвестициялық қорлардың бірі «Бэринг Шығыс Капитал Партнерс» институционалды инвесторының «Каспийский» Банкінің акционері болып келуі елеулі оқиға. «Бэринг Шығыс» ТМД-да жалпы мөлшері 1.8 млрд. доллардан астам төрт тікелей инвестициялар қорының активтерін басқарады. «Бэринг Шығыстың» басқаруындағы қорлардың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Нидерландтық FMO дамыту агенттігі секілді танымал халықаралық қаржы институттары, тағы басқа зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. «Бэринг Шығыс» ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа мен Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқаратын «Baring Private Equity International» тобының құрамына кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  «Каспий Банк» АҚ-ның  мақсаты

      Әрбір клиентке үздік сапалы қызмет көрсету арқылы оның қажеттіліктерін күткенінен де асыра қамтамасыз ету.

      Банк клиенттері мен серіктестеріне озық нарық мүмкіндіктерінің толық спектрін ұсынуды өз қызметінің басты мақсаты деп біледі.

      «Kaspi Bank» АҚ кәсіби қызмет тиімділігі мен корпоративтік әдеп нормаларына бейімділігін үйлестіре отырып, мемлекеттің көркеюіне өз үлесін қосу арқылы нарықтағы өз позициясын нығайтуға және болашақта жоспарлы түрде даму үшін база қалыптастыруға ниетті.

          «Kaspi Bank» АҚ-тың негізгі даму бағыттары:

      Мына ресурстардың есебінен клиенттік базаны ұлғайту: - Ресеймен бірге жұмыс жасауға қызығушылық танытатын ірі корпорациялар; - несиеге және жедел кассалық есеп айырысу қызметіне мұқтаж орта және шағын кәсіпорындар; - депозиттік базаны кеңейтуге және несие портфелін түрлендіруге үлкен әлеуеттік мүмкіндіктері бар тұрғындар;

      Активтер мен меншікті капиталдың кірісін арттыру, жоғары өтімділікті қолдай отырып тәуекелдіктердің барлық түрлерін басқарудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану, соның салдарынан теңгерімділік пен әртараптандыру. Технологияларды жаңарту, қызмет саласын кеңейту және қызмет сапасын арттыру арқылы пайданы өсіру;

      Жаңа акционерлерді тартып, бағалы қағаздар эмиссиясы арқылы меншікті капиталды арттыру актив мөлшерін де өсіруге мүмкіндік береді. Салымдар бірінші кезек экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бөлшекті желілер, құрылыс, машина жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, көлік және байланыс сияқты салаларына жасалады;

      Банктік халықаралық стандарттарға сәйкес болу, соның ішінде бөлшекті бизнес, жаңа қаржы өнімдерін уақтылы енгізу;

      Банк бөлімшелерінің желісін дамыту мақсатында экономикалық тұрғыдан тиімділігін сақтай отырып, жаңа филиалдар ашу. Жаңа филиалдар ашу техникамен қамтамасыз етуге, қызметкерлерді оқытуға, барлық құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекет етуінің тиімді жүйесін құруға байланысты         

      Банктен қосымша күш талап етеді;

      Банктің орталық кеңсесінің, оның барлық филиалдары мен кассалық есеп айырысу орталықтарындағы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру. Бизнесті дамыту және күшейту мәселелерін шешуге қабілетті командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

1.3.  Директорлар кеңесі (Меншік құрылымы)

 

«Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

      Вячеслав Ким Қазақстандағы ең табысты ритейлердің бірі. kaspi bank-іне дейін «Электроника Әлемі» бөлшекті дүкендер желісінің тең иесі және «Каспийский Инвестициялық Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды. Бүгінгі оның амбициялық мақсаты – Орта Азияда жақсы бөлшекті банк құру.

Консультациялық кеңес құрамы

      Михаил Ломтадзенің Грузиядағы Еуропалық менеджмент мектебінде алған BBA дәрежесі мен Гарвард Бизнес мектебінде алған MBA дәрежесі бар. kaspi bank-іне келгенге дейін, ол «Baring Vostok Capital Partners» тікелей инвестициялау қорының қаржылық қызмет секторын инвестициялауға жауап берді.

      Майкл Калви Baring Vostok Capital Partners тең басқарушы серіктесі және Baring Private Equity International директоры Майкл Калви жұмысын 1994 жылы Мәскеуде «Тәуелсіз Мемлекеттердің бірінші аймақтық қорын» («НИС» қоры) басқарушылардың бірі болып бастады. 1994 жылға дейін Майкл Еуропалық қайта құру және Даму банкінде (ЕҚДБ) және Salomon Brothers компаниясында жұмыс істеп, Лондон мен Нью-Йоркте тұрды. Ол ЕҚДБ-да Орталық және Шығыс Еуропаның энергетикалық саласының инвестициясына жауап берді, ал Salomon Brothers мұнай және газ салаларындағы бірігу мен жұту жобаларына жетекшілік етті. Майкл Калвидің Лондон экономика мектебінің қаржы магистрі және Оклахома штаты университетінің бизнес жөнінде бакалавры дэрежелері бар. Сонымен қатар Майкл Кэмбридж университетінің Халықаралық бизнес мектебінде бақылаушы комитетінің мүшесі.

      Дуглас Гарднер әлемнің 20-дан астам ірі аудиторлық компаниясында жұмыс істеді, Орталық Азия елдерінің аудиторлық тәжірибелерін басқарып, атап айтқанда банктердің аудитіне жауап берді. 2002 жылдан 2004-ке дейін Гарднер мырза Ernst&Young компаниясының Аға Серіктесі болып, ТМД қаржы секторының аудитіне жауап берді. Оның клиенттерінің арасында Ресей мен Орта Азияның, сондай-ақ Қазақстанның ірі банктері болған. 2004 жылдан 2006-ға дейін Гарднер мырза Ernst&Young компаниясының ТМД-дағы Басқарушы Серіктесі болды.

      Дэвид Хэкстердің жетекші халықаралық қаржы институттарында істеген жұмыс тәжірибесі мол. 1992 жылдан 1999-ға дейін Хэкстер мырза Еуропаның Қайта Құру және Даму Банкінде (ЕҚДБ) жұмыс істеп, Вице-президент және Инвестициялық Комитеттің Төрағасы қызметтерін атқарды. Бұл қызметте ол ЕҚДБ-ның Орта Азия, Ресей, Шығыс және Орталық Еуропадағы қаржы секторына бағытталған инвестициясына жауап берді. ЕҚДБ-ға дейін Хэкстер «Ситибанкте» 20 жылдан астам уақыт бойы әр түрлі қызметтерді атқарып, «Ситибанктің» Грекия, Оңтүстік Африка, Орталық және Шығыс Еуропадағы бизнесін басқарды.

      Николай Зиновьев – Ресейдегі көшбасшы автолизингілік компания – «Европлан» компаниясының президенті және оның негізін қалаушы. «Коммерсант» басылымының рейтингісіне сай, Зиновьев мырза Ресейдің қаржы компанияларындағы үздік менеджерлерінің қатарына кіреді. «Европлан» компаниясы – жетекші халықаралық инвестициялық қор, Каспий банкінің акционері болып табылатын «Бэринг Шығыс Капитал Партнерс»-тің портфель компаниясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Каспий Банк» АҚ-ның  бухгалтерлік балансы

2.1.    2008 жылғы 1-тоқсандағы жағдай бойынша

  бухгалтерлік балансы

 

 

мың теңге

Баптар атауы 

Есептік кезеңнің аяғында

Есептік кезеңнің басында

АКТИВТЕР

Касса және ұлттық банктегі қалдықтар

16 414 794

12 643 609

Тазартылған бағалы металдар

 

 

Сауда-саттыққа арналған бағалы қағаздар (ықтимал залалдарға арналған резервтерді шегеріп тастағанда)

5 179 875

 

Кері РЕПО шарты бойынша бағалы қағаздар

 

2 015 724

Өндірістік қаржы құралдары

674 604

583 427

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен салымдар (ықтимал залалдарға арналған резервтерді шегеріп тастағанда)

5 093 755

16 818 555

Басқа банктерге берілген қарыздар мен қаржылық жалдау (ықтимал залалдарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

 

 

Клиенттерге берілген қарыздар (ықтимал залалдарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

190 970 349

186 131 682

Бағалы қағаздарға салымдар (ықтимал залалдарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

18 833 276

24 604 291

Мерзімі өткен салықтық талаптар

 

 

Капиталға инвестициялар және реттелген қарыз

572 996

572 996

Негізгі қаржы (амортизацияларды шегеріп тастағанда)

11 335 856

11 442 216

Материалдық емес активтер (амортизацияларды шегеріп тастағанда)

827 101

886 580

Басқа активтер (ықтимал залалдарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

3 672 809

4 123 606

АКТИВТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

253 575 415

259 822 686

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Банктердің корреспонденттік шоттары мен салымдары

5 429 028

4 932 606

РЕПО келісімі бойынша сатылған бағалы қағаздар

9 918 178

17 882 368

Өндірістік қаржы құралдары

1 825 352

379 353

Клиенттердің карреспонденттік шоттары мен салымдары

93 159 151

85 270 840

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

36 171 090

35 426 969

Банктер алдындағы берешегі

42 768 754

51 887 549

Басқа да тартылған қаражат

6 286 102

6 143 043

Реттелген борыш

10 765 021

10 530 898

Салықтық міндеттемелер

591 506

484 617

Мерзімі өткен салықтық талаптар

1 695 035

1 695 035

Басқа міндеттемелер

15 499 384

15 263 474

Төлемге дивидендтер

10 500

10 500

МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖИЫНТЫҒЫ

224 119 101

229 907 252

МЕНШІКТІ КАПИТАЛ

Жарғылық капитал

17 772 890

17 772 890

басқа акциялар

17 363 740

17 363 740

артықшылықты акциялар

409 150

409 150

Эмиссиялық кіріс

797 259

793 259

Алып қойылған капитал

450 881

426 644

Резервтік капитал

791 684

791 684

Басқа резервтер

2 141 300

1 668 278

Кезеңдегі таза кіріс (шығын)

8 404 062

9 315 967

КАПИТАЛ ЖИЫНТЫҒЫ

29 456 314

29 915 434

МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН ЖЕКЕ КАПИТАЛДАР ЖИЫНТЫҒЫ:

253 575 415

259 822 686

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.   2008 жылғы 1-тоқсандағы жағдай бойынша

     «Пайда мен шығындар туралы»  есебі                                                                

              мың теңге                        

Баптар атауы

Есептік кезеңде

Өткен жылғы сәйкес есептік кезеңде

Пайыздық кіріс:

9 020 579

6 959 200

корреспонденттік шоттар мен орналастырылған салымдар бойынша

85 888

129 122

банктерге берілген қарыздар мен қаржылық жалдаулар бойынша

 

 

Клиенттерге берілген қарыздар бойынша

8 489 789

6 362 566

бағалы қағаздар бойынша

399 756

398 755

РЕПО операциялары бойынша

37 607

68 757

басқа да пайыздық кірістер

7 539

 

Пайыздық шығындар:

4 419 013

3 048 141

клиенттердің шоттары бойынша

1 802 596

908 855

корреспонденттік шоттар мен банктерден тартылған салымдар бойынша

158 211

81 483

банктерден алынған қарыздар бойынша

1 030 014

822 521

шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша

893 061

908 321

реттелген борыш бойынша

240 003

240 250

басқа да пайыздық шығындар

295 128

86 711

Қарыздар бойынша залалдарға арналған резервті қалыптастырғанға дейінгі таза пайыздық кіріс (шығын)

4 601 566

3 911 059

 

 

 

Қарыздар бойынша залалға арналған резервтерді қалыптастыру

1 939 211

1 358 687

 

 

 

Таза пайыздық кіріс (шығын)

2 662 355

2 552 372

 

 

 

Дивидендтер түріндегі кірістер

 

5 300 000

Комиссиялар мен алымдар түріндегі кірістер

825 105

833 229

Комиссиялар мен алымдарды төлеу бойынша шығындар

- 394 726

- 401 070

Бағалы қағаздарды (нетто) сатып алу/сатудан түсетін пайда (шығын)

296 239

- 1 623

Бағалы қағаздарды (нетто) қайта бағалаудан түсетін пайда (шығын)

30 824

- 69 530

Шетелдік валюталармен (нетто) жүргізілетін операциялардан түсетін пайда (шығын)

322 788

- 109 541

Шетелдік валюталарды (нетто) қайта бағалаудан түсетін пайда (шығын)

142 952

804 078

Қауымдастық ұйымдарға қатысумен байланысты пайда

 

 

Басқа да пайдалар

2 889 937

481 887

Таза пайызсыз пайда (шығын)

4 113 119

6 837 430

 

 

 

Операциялық шығындар, соның ішінде:

3 400 688

2 994 725

еңбек пен іссапарды төлеу шығындары

1 095 286

969 867

амортизация және тозу

238 407

175 300

Корпоративтік табыс салығын қоспағандағы салық және бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдер бойынша шығындар

223 594

301 326

басқа да шығындар

3 260 350

87 250

 

 

 

Операциялық кіріс

114 436

6 307 827

 

 

 

Басқа да операциялар бойынша залалдарға резерв қалыптастыру

- 152 309

135 692

 

 

 

Салық салуға дейінгі кіріс (шығын)

266 745

6 172 135

 

 

 

Кіріске салынатын салық бойынша шығындар

160 887

160 887

 

 

 

Таза кіріс (шығын)

105 858

6 011 248

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.   2009 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша

бухгалтерлік балансы

 

 

мың теңге

Баптар атауы 

31.03.2009 ж. жағдай бойынша

31.12.2008 ж. жағдай бойынша

АКТИВТЕР

Касса және ұлттық банктегі қалдықтар

22 171 879

11 164 881

 

 

 

Сауда-саттыққа арналған бағалы қағаздар (ықтимал шығындарға арналған резервтерді шегеріп тастағанда)

3 832 566

4 641 672

Кері РЕПО шарты бойынша бағалы қағаздар

 

 

Өндірістік қаржы құралдары

370 465

114 537

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен салымдар (ықтимал шығындарға арналған резервтерді шегеріп тастағанда)

13 868 867

25 920 965

Басқа банктерге берілген қарыздар мен қаржылық жалдау (ықтимал шығындарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

-

-

Клиенттерге берілген қарыздар (ықтимал шығындарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

201 723 616

176 776 003

Бағалы қағаздарға салымдар (ықтимал шығындарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

18 629 922

17 626 102

Мерзімі өткен салық талаптары

 

 

Капиталға инвестициялар және реттелген қарыз

572 996

572 996

Негізгі қаржы (амортизацияларды шегеріп тастағанда)

13 080 810

13 080 826

Материалдық емес активтер (амортизацияларды шегеріп тастағанда)

438 729

422 405

Басқа активтер (ықтимал шығындарға арналған резервті шегеріп тастағанда)

3 443 144

2 987 527

АКТИВТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

278 132 994

253 307 914

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Банктердің корреспонденттік шоттары мен салымдары

512 510

12 543

РЕПО келісімі бойынша сатылған бағалы қағаздар

1 520 053

 

Өндірістік қаржы құралдары

803 811

53 000

Клиенттердің банк шоттары мен салымдары

154 503 761

130 985 657

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

18 556 547

18 265 809

Банктер алдындағы берешегі

51 967 920

56 991 257

Басқа да тартылған қаражат

4 020

8 256

Реттелген борыш

14 833 460

14 094 173

Салықтық міндеттемелер

162 987

131 737

Мерзімі өткен салық талаптары

1 202 820

1 221 061

Басқа міндеттемелер

2 298 492

827 855

Төлемге дивидендтер

10 500

10 500

МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖИЫНТЫҒЫ

246 376 881

222 601 848

МЕНШІКТІ КАПИТАЛ

Жарғылық капитал

17 605 026

17 688 939

басқа акциялар

17 363 740

17 363 740

артықшылықты акциялар

241 286

325 199

Эмиссиялық кіріс

801 623

801 623

Алып қойылған капитал

-  875 470

-   617 154

Резервтік капитал

4 384 136

4 384 136

Басқа резервтер

118 512

1 305 823

Кезеңдегі таза кіріс (шығын)

9 722 286

7 142 699

КАПИТАЛ ЖИЫНТЫҒЫ

31 756 113

30 706 066

МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН ЖЕКЕ КАПИТАЛДАР ЖИЫНТЫҒЫ:

278 132 994

253 307 914

 

* Есеп Халықаралық есеп беру стандарттарына сәйкес дайындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.  «Каспий Банк» АҚ-ның  кассалық есеп айырысу қызметі

Заңды тұлғалар үшін

         Заңды тұлғаларға кассалық есеп айырысу қызметін көрсету – клиентке (заңды тұлғаны құрмастан қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаға (бұдан кейін – «ЖК») немесе заңды тұлғаға) аудармалы және кассалық операциялар бойынша көрсетілетін қызмет кешені. «Kaspi Bank» АҚ (бұдан кейін – «Банк) өзінің клиенттеріне теңгемен және шетелдік валютамен есеп айырысу саласындағы қызметтерінің тізбесі қазақстандық және халықаралық банк нарығындағы барлық салаларды дерлік қамтиды. Біздің Банк теңге және шетелдік валютамен жүргізілетін мынадай кассалық есеп айырысу операцияларын жүзеге асырады:

      Клиенттердің ағымдағы банктік шоттарын ашу/жабу;

      Ұлттық және шетелдік валютада жүргізілетін аудармалы операциялар;

      Кассалық операциялар;

      Валюталық бақылау;

      Айырбастау операциялары;

      Қосымша қызмет.

      Жалпы ережелер Ағымдағы банктік шоттарды ашу: Ағымдағы банктік шоттар теңгемен немесе шетел валютасымен ашылуы немесе жүргізілуі мүмкін. Ағымдағы банктік шоттар Клиенттерге Банк пен Клиент арасында жасалған ағымдағы банктік шот шартының негізінде ашылады. Ағымдағы банктік шот ашу рәсімі Клиенттің шот ашу туралы өтінішін және қажетті құжаттардың пакетін (№2 қосымша) беруінен басталады. 

      Ұлттық және шетелдік валютамен жүргізілетін аудармалы операциялар: Ақша аударымдары ақша жіберушінің Банкке берген нұсқауының негізінде, теңгемен жүргізілетін төлемдік талап-тапсырманың негізінде және Қазақстан Республикасының заңдары аясында шетелдік валютада жүргізілетін аударымға өтініштер негізінде жүргізіледі. Кассалық операциялар Банк қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, қолма-қол валютаны сату/сатып алу, қолма-қол ақшаны айырбастау және алмастыру, банкноталардың түпнұсқалылығын тексеру бойынша қызмет көрсетеді. Валюталық бақылау Валюталық операциялар бойынша халықаралық есеп айырысулар өткізгенде, Банк Қазақстан Республикасының валюта заңдарын басшылыққа ала отырып, валюталық бақылау агентінің қызметтерін жүзеге асырады, оның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      өзінің, сондай-ақ клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды өткізгенде, ҚР валюта заңдарын сақтауды бақылауды жүзеге асыру;

      өткізілетін валюталық операцияның ҚР заңдарына сәйкестігін айқындау;

      төлемдердің негізделуін және оларды жүзеге асыруға қажетті құжаттардың болуын тексеру (тіркеу куәлігі, хабарлау туралы куәлігі қажет болғанда); валюталық операциялардың есебін жүргізу және есеп берудің объективтілігі мен толықтығын тексеру;

      он мың АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық-импорттық келісімшарттар бойынша репатриация талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

       Банк мәміле паспортын ресімдеу, келісімшарт бойынша ақшаның қозғалысы туралы анықтамаларды беру бойынша ақылы қызмет көрсетеді, сондай-ақ валюталық бақылау мәселелері бойынша ақысыз кеңес береді, алдын ала клиенттің өтініші бойынша шарттар мен оның қосымша келісімдерін тексереді. Конверсиялық операциялар Банк оңтайлы мерзімдерде мынадай операцияларды жүргізеді: сатып алу/сату, қолма-қол жасалмайтын шетелдік валютаның кросс-операциялары. Клиенттерге Банкпен алдын ала келісілгенде, қолайлы бағам бойынша көп көлемде конверсиялық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беріледі. Валюталарды айырбастау операциялары «күнбе-күн» немесе келесі күні жүргізіледі. Банк-корреспондент арқылы кросс-операцияларды өткізгенде, айырбастау банк-корреспонденттің бағамы бойынша жүргізіледі. Қосымша қызметтер: Банк жалпы операциялармен қатар мынадай қосымша қызметтерді жүзеге асырады:

      Көшірмелердің апта сайынғы жеткізілімі;

      Ағымдағы банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем құжаттарының ақысын төлеу;

      Клиенттің өтініші бойынша төлемдік талап-тапсырмаларды жіберу;

      Факсимильдік байланыс қызметі;

      Клиенттің өтініші бойынша төлемдік талап-тапсырмаларды даярлау және қағазға шығару және т.б.

Қосымша қызметтер клиентке қызмет көрсетуді жылдамдатуға, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Біз клиенттерге Бас банктің операциялық бөлімшелерінде және Банк филиалдарында сол аймақтағы ақшаны аккумуляциялау мақсатында және бұдан былай ақшаны Клиенттің көрсетілген ағымдағы банктік шотына Банктің ішкі төлем жүйесі бойынша аудару арқылы ашылған транзиттік режимдегі ағымдағы банктік шоттарды (бұдан әрі – «транзиттік шоттар») ұсынамыз. Сондай-ақ Банк жеке тұлғаларға – клиенттің – тізімге сәйкес заңды тұлға қызметкерлеріне ақша төлеу бойыншаі қызметті ұсынады. Қызметтің бұл түрі клиентке (заңды тұлғаға) клиенттің (заңды тұлғаның) өзі жоқ аймақтарда және ақшалай чек бойынша қолма-қол ақша шығаруға мүмкіндік болмағанда, жеке тұлғаларға бір реттік төлемдер (жалақы, сақтандыру төлемдері, бонустар, материалдық көмек және т.б.) жүргізуге қажет болғанда пайдаланылады. Қызметті көрсетуге берілетін көлем: бір тізімдегі 1-ден 20-ға дейінгі жеке тұлғалар саны. Бұл қызметтің артықшылығы: Клиент үшін төлемді даярлау мерзімі біршама қысқарады, сондықтан жеке тұлғаға банктік шот ашудың қажеті жоқ. Клиентке берілетін артықшылықтар мен пайдалар

      Бас банктің операциялық күнінің  Клиент үшін қолайлы жұмыс уақыты: 08:30-дан 16:00 дейін.

      Қызметтерді уақыт пен сомасына қарай бөлу, осыған орай шығындарды, кассалық есеп айырысу қызметтерін азайту.

      Әр клиенттің ыңғайын табу.

      Банктің тармақталған филиалдар желісі.

      Клиенттерге тез және сапалы қызмет көрсету.

Ағымдағы банктік шот шартын мерзімінен бұрын бұзу талаптары Клиенттің бастамасымен ағымдағы банк шотын жапқан жағдайда, Клиент шотты жабудың себебін көрсетіп, өтініш жазуы тиіс. Шот Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сай жабылады. Бұл кезде Клиент банктің тарифтеріне сай комиссиялық сыйақы төлейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке тұлғалар үшін

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

Жылдам 

      Картаны 15 минутта алуға болады

      Санаулы ғана құжаттар

Тиімді

      Несиені пайдаланғаны үшін 55 күнге пайызсыз әрі тегін*

      Халықаралық VISA картасы тегін ресімделеді

      Тауар мен қызмет ақысын төлегенде ешқандай комиссия төлемейсіз

      Тек қана жұмсалған ақшаға карта бойынша пайыз есептеледі

      Комиссиясыз әрі артық төлемсіз мерзімінен бұрын өтеуге болады

Ыңғайлы

      Карта бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді**

      Әрбір төлеген сайын ақша картаға түседі, оны қайтадан пайдалануға болады

 

НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ:

Несиенің шарттары

      Несие сомасы - 350 000 теңгеге дейін

      Несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін

      Ең аз төлем – не бары несие лимитінің 7%

Картаны оңай алуға болады

      Банктің кез келген бөлімшесіндегі менеджерге жолығыңыз

      Сауалнаманы толтырыңыз

      Картаны алыңыз да, әрқашан ақшаңыз болсын!

Оңай төлеуге болады

      Банктің Қазақстан бойынша кез келген бөлімшесінде немесе «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінде төлеуге болады

Қажетті құжаттар ***

      Жеке куәлік

      СТН

«Каспий Банк» АҚ-ның негізгі даму бағыттары