Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні мен құрылымы
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні мен құрылымы.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.
Қаржы ресурстары мен капитал
кәсіпорын қаржыларын талдаудың
негізгі объектілері болып
Мұндай қағида кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капиталының арасындағы қағидалы айырмашылық кез келген уақытта қаржы ресурстары кәсіпорынның капиталынан не үлкен, не тең болатынына негізделеді. Мұнда теңдік жағдайында кәсіпорынның қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға жіберілген деп есептеледі. Алайда бұл капитал мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне қаншалықты жақындаса, кәсіпорын соншалықты тиімді жұмыс істейтінін білдірмейді.
Нақты өмірде қызмет етіп тұрған кәсіпорында қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептеме қаржы ресурстары мен капиталдың арасындағы айырмашылық көрінбейтіндей етіп құрылады. Стандартты қаржылық есептемеде қаржы ресурстары міндеттемелер және капитал түрінде көрінеді.
Қаржы ресурстары пайда болуына
байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы
(тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне
ішкі қаржылық расурстар нақты нысанда
стандартты есептілікте таза табыс
және амортизация түрінде, ал айналдырылған
нысанда кәсіпорын
Сыртқы немесе тартылған қаржылық ресурстар меншікті және қарыздық болып бөлінеді. Осылай етіп бөлу берілген кәсіпорынның дамуына сыртқы қатысушылар ресурстарды салатын капитал нысанына байланысты: не кәсіпкерлік ретінде, не ссудалық капитал ретінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі тартылған меншікті қаржылық ресурстардың құрылуы болса, ссудалық капитал нәтижесі қарыздық қаражаттардың құрылуы болып табылады.
Кәсіпкерлік капитал өзімен бірге табыс алу және кәсіпорынды басқару құқықтарын алу мақсатында түрлі кәсіпорындарға салынған (инвестиция-ланған) капиталды ұсынады.
Ссудалық капитал – бұл қайтарымдылық және төлемділік шартында қарызға берілген ақшалай капитал. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталға қарағанда кәсіпорынға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында оған уақытша қолдануға беріледі.
Бұл бизнес түрімен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттар айналысады (банктер, несиелік мекемелер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т.б).
Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар тығыз байланысты. Қазіргі нарықтық шаруашылық бірталай сарапталынған. Сараптау бүгін нарықтық шаруашылық және оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бірақ сараптауды тереңдету қаржылық ағымдар мен капиталдың қиындатылуына, қаржылық тәжірибеде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтілуіне әкеледі, ал бұл фирманың қаржылық жұмысын қиындатады.
Кәсіпорынның барлық қаржылық
ресурстары кәсіпорынның қолында бар
болу мерзіміне байланысты қысқа
мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ
мерзімді (бір жылдан астам) болып
бөлінеді. Бұл бөліну шартты болып
келеді, ал уақыт кезеңдерінің масштабтары
нақты елдің қаржылық заңнамаларына,
қаржылық есептілікті жүргізу
Нақты өмірде кәсіпорынның капиталы ақшалай нысанда белгілі бір ұзақ уақыт бойы қала алмайды, себебі ол жаңа кірістер әкелуі тиіс. Кәсіпорынның кассасында немесе банктік есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде капиталдың болуы кәсіпорынға кіріс әкелмейді. Капиталдың ақшалай нысанынан өндірістік нысанына айналу қаржыландыру деп аталады.
Қаржыландырудың екі түрін
ажырату қажет: ішкі және сыртқы. Мұндай
бөлу кәсіпорынның қаржылық ресурстары
мен капиталының нысандары
2. Кәсіпорынның
қаржысын ұйымдастыру
Кәсіпорындардың қаржысын пайдалануды
ұйымдастырудың қажетті қағидаты –
басқарудың барлық деңгейлеріндегі
қаржы резервтерінің (резервтік
капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы
резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік
және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне
пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты
нормативтер бойынша аударымдар
арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві
уақытша болатын қаржы
Кәсіпорын қаражаттарының көзі ретінде қосымша капитал негізгі құралдар мен басқа материалды құндылықтарды жоғары бағалау нәтижесінде қалыптастырылады. Нормативтік құжаттар оны тұтыну мақсаттарына қолдануға тиым салынады.
Қаражаттардың арнайы көздері
әлеуметтік бағыттағы және мақсатты
қаржыландыру қорлары болып табылады:
қайтарымсыз алынған
Қатынас ретінде кәсіпорын
қаржылары шаруашылық қызмет процестерінде
қалыптасқан экономикалық қатынастар
бөлігі болып табыла-тындықтан
оларды ұйымдастыру қағидалар
- коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шарушылық қызме-тінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
- жоспарлылық;
- меншіктің барлық нысандарының теңдігі;
- қаржы резервтерінің болуы
1. Коммерциялық (шаруашылық)
есеп – кәсіпорындар мен
Коммерциялық есептің
айқындаушы қағидаттары өзін-өзі
өтеушілік пен өзін-өзі
Өзін-өзі өтеушілік – шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі – залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету – кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабельді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржылан-дыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Өзін-өзі қаржыландыру–
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың
толық қаржы дербестілігімен
және жауапкершілігімен тығыз
3. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық құрылымы.
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз
– заңмен және басқа да құқықтық нысанмен
қарастырылған, кәсіпорынның қа
Қазақстан Республикасының Азаматтық Коде
Шаруашылық серiктестiк;
Акционерлiк қоғам;
Өндiрiстiк кооператив;
Шаруа қожалықтары;
Жеке (дара) кәсіпкерлік.
Мемлекеттік кәсіпорындар 3 топқа бөлінеді:
1. Бюджеттік кәсіпорындар. Бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар енеді. Өз жағдайына қарай олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді, тікелей тұрғыдан бір министрлікке немесе жергілікті басқару органдарына бағынады, пайдадан салық төлемейді, бүкіл табысы мен шығысы мемлекеттік бюджет арқылы өтеді. Мемлекеттік қазына есебінен қаржыландырылады.
2. Мемлекеттік корпорациялар. Бұл кеңінен тараған ұйымдық формадағы мемлекеттік кәсіпорындар. Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам формасында да құрылуы мүмкін.
3. Аралас компаниялар. Олар АҚ және ЖШС формасында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады.
Жоғарыда аталған ұйымдық-
4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер.
Нарықтық қатынастардың
қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша
күшейтіледі.Соған байланысты шынайы
және объективті қаржылық есеп берудің
маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне
жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі
мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға
мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың
қолда барын,орналастырылуын және пайдаланылуын
, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер
жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.
Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы
құнын, шашыратылған құралдардың (яғни
негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын,
ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық
айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның
меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының
мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді /19, 141б./.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік
құнының өсу себептерін талдағанда,
жоғары деңгейі баланстық есептің
номиналды көрсеткіштерінің нақты
көрсеткіштерден айтарлықтай
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың құрылымына талдау жасау үшін келесі 11 аналитикалық кестесі құрылады.
5. Кәсіпорынның қаржы ресурсын жоспарлау.
Қаржылық жоспарлау
Қаржылық жоспарлау жоспардан тұрады, ал ол болса бірнеше кезеңнен. Олар келесідей:
- Құрастыру
- Қару
- Бекіту
- жүзеге асыру
- талдау
Осы аталған кезеңдердің орындауына қарай қаржылық жоспармен жоспарлау нәтижелігі және тиімділігі анықталады. Неғұрлым жоспар нақты болатын болса, соғұрлым компанияның алыңғы кезеңдегі стратегиясының орындауы нақты және жақын.
Қаржылық жоспарлаудың мәні келесілерден айқындалады:
-жасалған стратегиялық
мақсаттарды нақтылы қаржылық
көрсеткіштер нысанына
-дамудың экономикалық
үйлесімін өндірістік жоспарда
қарастырылған қаржы
-бәсеке жағдайында Корпорация
жобасының өмір сүру қабілетін
анықтау мүмкіндіктерін
-сыртқы инвесторлардан қаржылық көмек алудың құралы болып табылады.
Корпорация қаржысын жоспарлаудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
-өндірістік, инвестициялық
және қаржылық қызметті
-капитал салымының тиімді жолдарын анықтау, оның ұтымды пайдалану деңгейін анықтау;
-ақшалай қаражаттарды
үнемді пайдалану есебінен
-бюджетпен, банктермен және контрагенттермен ұтымды қаржы қатынастарын белгілеу;
-акционерлер мен бсқа да инвесторлардың мүделерін сақтау;
-корпорацияның қаржы
жағдайын, төлем қабілеттілігін
және несие қабілеттілігін
Қаржылық жоспрлауда келесі әдістер қолданылады:
-экономикалық талдау әдісі;
-нормативтік әдіс;
-баланстық есептеулер әдісі;
-ақшалай аындар әдісі;
-есептеулердің көп
-экономикалық-математикалық модельдеу әдістері.
Қаржылық жоспарлау бірнеше
сатыдан тұратын күрделі
6. Кәсіпорынның меншікті қаражатының мәні мен құрылымы
Меншікті капитал – бұл кәсіпорынның құрылу барасында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қарды ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншігінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті қаржылық ресурстардың көздері болып келесілер табылады:
- жарғылық капитал (акцияларды сатудан түскен қаражаттар және қатысушылардың үлестік жарналары);
- кәсіпорын жинақтаған резервтер;
- заңды және жеке тұлғалардың басқа жарналары (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналар және т.б.).
Кәсіпорынның меншікті қаржылар құрылымы 1 суретте көрсетілген.
Кәсіпорынды құру кезінде негізгі құралдар, материалды емес активтер, айналым қаражаттарын сатып алу көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның есебінен кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті жағдайлар қалыптастырылады. Жарғылық капитал – бұл кәсіпорынның жарғылық қызметін қамтамсыз ету үшін меншік иелері ұсынған қаражаттар сомасы.
Жарғылық капитал
- мемлекеттік кәсіпорын үшін – толық шаруашылық жүргізу құқығын кәсіпорынға мемлекет бекіткен мүлікін құндылық бағалау;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – меншік иелерінің үлестерінің сомасы;
- акционерлік қоғам үшін – барлық түрлі акциялардың жиынтық номиналды құны;
- өндірістік кооператив үшін – қызметті жүргізу үшін қатысушылар ұсынған мүлікті құндылық бағалау;
- жалға берілген кәсіпорын үшін – кәсіпорын қызметкерлерінің жарналар сомасы;
- басқа нысандағы кәсіпорын үшін – толық шаруашылық жүргізу құқығы бекітілген кәсіпорынның мүлігін құндылық бағалау.
Меншікті тартылған қаржылық ресурстар – бұл кәсіпорынның барлық ресурстарының негізгі бөлімі, ол фирманың құрылу кезінде негізделеді және оның барлық өмірлік кезеңінде қолында болады. Қаржылық ресурстардың бұл бөлімін жарғылық қор немесе жарғылық капитал деп атайды. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты оның жарғылық капиталы акцияларды шығару және оларды кейін сату, жарғылық капиталға салымдар есебінен қалыптасады. Кәсіпорын өмір сүрген уақытта жарғылық капитал жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін, соның ішінде кәсіпорынның ішкі қаржылық ресурстарының бөлімі есебінен де болуы мүмкін.
7. Кәсіпорынның тартылған ресурстарының мәні.
Қаржы ресурстары пайда болуына
байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы
(тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне
ішкі қаржылық расурстар нақты нысанда
стандартты есептілікте таза табыс
және амортизация түрінде, ал айналдырылған
нысанда кәсіпорын
8. Кәсіпорынның негізгі капиталының мәні және құрылымы.
Кәсіпоын жүйесіндегі негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам уақыт) пайдаланылатын өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін)сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мына топтарға бөлінеді:
- үйлер ,тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма
- ғимараттар,көпірлер, жасанды қоймалар
- өткізгіш тетіктер ,жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар
- машиналар ,бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, көтергіш крандар, монометрлер, таразылар
- тасымалдау құралдары ,жолаушылар мен жүк таситын машиналар, көлікке тіркемелер
- құрал-саймандар мен жабдықтар,шкафтар, бактар
- шаруашылық құрал-жабдықтары ,диван, сейф
- жұмыс және өнім малдары;
- көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;
- жерді өңдеуге жұмсалған күрделі шығындар;
- басқа да негізгі құралдар, кітапхана қорлары және тағы басқалары
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігінде қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақчсатына қарай төмендегідей үш топқа бөлініп есептелінеді:
- негізгі құралдар
- тауарлы-материалдық қорлар
- қаржылық инвестициялар
Мысалы, корпорацияның қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалану мақсатында сатып алынған көлік құралының негізгі құралдар құрамында есептелінсе
9. Кәсіпорындардың
шығындарының мәні мен
Кез-келген өнім (тауар, жұмыс және қызмет) өндіріс шығындарды анықтаумен байланысты.
Шығындар – бұл активтердің
азаюы (материалдардың, ақшалай қаражаттардың)
немесе міндеттемелердің өсуі (көп
жағдайда кредиторлық қарыздар).
-табыс алумен байланысты
шығындар;
- капиталдық сипаттағы шығындар немесе инвестициялық шығындар /негізгі және айналым капиталының өсіміне болған/, яғни өндіріс процесін кеңейтуге бағытталған шығындар;
- өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын ағымды қызметпен байланысты шығындар /өнімді өндіруге кеткен шығындар, тауарларды, дайын өнімді сату шығындары/;
- әлеументтік-мәдени іс-шаралар шығындары;
Үшінші топтардағы
шығынға корпорациядағы
Тұрақты шығындар - өндіріс көлеміне байланысты болмайды. Оған құралдардың құны, корпорацияның міндеттемелері, амортизациялық аударымдар, күзетшілер еңбек ақылары, жал төлемі, басқару персоналының еңбек ақысы және т.б. жатады.
Тұрақсыз шығындар - өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты болады, яғни шикізат, материалдар, жұмыскерлердің еңбек ақысы және тағы басқалар.
Тұрақты және тұрақсыз шығындардың сомасы корпорациядағы жалпы шығыындарды құрайды.
Өндiрiстiк шығындар сонымен қатар басқа да белгiлерi бойынша топтастырылады.
Өндiрiс көлемiне байланысты шығындар шартты-тұрақты және шартты-өзгермелi болып бөлiнедi.
Сонымен бiрге өндiрiс процесiне қатыстылығына байланысты шығындар өндiрiстiк (өндiрiс процесi барысында пайда болған) және өндiрiстiк емес (өнiмдердi, жұмыстарды, қызметтердi өткiзумен байланысты, бiрақ сатып алушылармен өтелмейтiн) деп бөлiнедi.
Шығындардың мiндетi бойынша негiзгi (кез-келген жағдайда болады) және үстеме (өндiрiстi ұйымдастырумен байланысты шығындар) деп жiктеледi.
Өндiрiлген өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң)
өзiндiк құнына қосу әдiсiне қарай
шығындар тiкелей және жанама шығындар
деп бөлiнедi.
Кәсіпорын мен корпорацияларды басқарудың қаржылық механизмі – бұл оның экономикалық және әлеуметтік даму міндеттерін шешу мақсатында қаржыларды пайдаланудың нысандары, әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттің басқарушы ісіне әсер етуі ретінде қаржылық механизммен басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі өте тығыз байланысты. Мысалы, салықтық жоспарлау көмегімен салықтық ауыртпалықтың төмендеуі, негізгі құралдардың амортизациясын жеделдету жүйесін қолдану және т.б. Кәсіпорындар мен корпорацияларда қаржылық механизмнің әрекет етуінің негізгі қағидалар болып келесілер табылады: кешенділік, функционалдылық, біркелкілілік және бейімденушілік. Кешенділік – бұл бір-біріне қосымша болатын қызметті реттеуші қаржылық тетіктерді қолдану. Мысалы, өнімді, қызметті өткізуден түскен түсімді қалыптастыру мен пайдалану бюджеттік жүйе мен мемлекеттік бюджеттік емес қорлар, инвестициялар мен инновацияларды қаржыландыру төлемдерімен тығыз байланысты. Кәсіпорыннның сәтті қызметі қаржы ресурстарын тиімді пайдаланусыз мүмкін емес. Қаржы ресурстарын рационалды пайдалануды қажет ететін мақсаттар төмендегідей:
- кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда өмір сүруі;
- банкроттықтан және ірі қаржылық сәтсіздіктен қашу;
- бәсекелестермен күресте көшбасшылық;
- кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарылату;
- кәсіпорынның экономикалық потенциал өсімінің қолайлы қарқыны;
- өндіріс пен өткізу көлемдерінің өсімі;
- табысты жоғарылату;
- шығындарды төмендету;
- рентабельді қызметті қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорын таңдаған мақсатқа жету көбіне кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың жетілгендігіне тәуелді болады.
Шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржы ресурстарын пайдалану жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы, сонымен қатар оның оның кадрлық құрамы кәсіпорынның мөлшеріне, оның қызметінің түрлеріне байланысты әр түрлі әдістер арқылы құрылуы мүмкін. Ірі компания үшін қаржылар бойынша вице-президентпен басқарылатын және құрамында бухгалтерия мен қаржылық бөлімі бар арнайы қызметті бөлген жөн. Шағын кәсіпорындарда қаржылық менеджердің рөлін көбіне бас бухгалтер атқарады

- Кәсіпорынның құрылымы мен қызметі
- Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау
- Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін талдау
- Кәсіпорынның негізгі қорлары
- Кәсіпорынның негізгі қызметтен түсетін табысы
- Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды
- Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы