Кәсіпорынның негізгі қорлары

   Жоспар

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

   2.1. Негізгі   қорлардың  экономикалық мәні мен  маңызы

   2.2. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 1.КІРІСПЕ 

 

 

     Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс  істеуі үшін осы заманғы ғылыми  теория  мен  тәжірибені  бірге ала  отырып,   әдістері  мен  тәсілдерін  қолдана білудің  маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.     

Қазақстанның  нарықтық экономикаға өту нәтижесінде  кәсіпорындар  үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашыла бастады [1].     

Нарықтық  баға  белгілеу  жүйесі  кәсіпорындарды  неғұрлым  мол   пайда әкелетін бағыт-бағдарын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындардың өздерінің өндірістік потенциалын толығымен пайдалану жолдарын  іздеуді ұйғарды.     

Өндірістік  процестің негізгі элементтерін пайдалануды жақсартуға бағытталған  шешімдер қаншалықты  тиімді  болса, кәсіпорынның жағдайының  соншалықты тұрақты  болуы да сөзсіз.     

Нарықтық  қатынастарда  экономикалық  тұрақтылығын  сақтау үшін кез  келген  кәсіпорын  өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге  кететін  шығындарды  максималды түрде азайтуды көздейді. Өндіріске  кететін шығындарды минимизациялау нұсқаларының бірнеше түрлерін көрсетуге болады.   Солардың  ішінде ең негізгісі болып табылады:  кәсіпорынның негізгі қорлары, құрамы  мен  құрылымы, тозуы мен амортизациясы және пайдалану мен  талдау жасау.  

 Кәсіпорын өндірісінің тиімділігін  жоғарылатудың  маңызды факторының  бірі – негізгі қорларды қажетті санымен, ассортиментімен қамтамасыз ету   және  жалпы көлемде  пайдалану болып табылады.     

Әр  кәсіпорын үшін негізгі қорлардың  тым ескіруіне жол бермеу, кәсіпорынға  мөлшерден жоғары шығындардың асып кетуін болдырмайтын нұсқаларының  тиімдісін  таңдау – негізгі қағидалардың бірі болып есептеледі.      

 

 

        

 

 

 

 

 

 

   

 

   2.НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

 

   2.1. Негізгі   қорлардың  экономикалық мәні мен  маңызы        

Кәсіпорынның  бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті  еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай  құралдардың  көзі ретінде  негізгі  қорларды жатқызуға  болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге  асырылуы  тек  қана  негізгі  қорлардың  іс  жүзінде  ықпалыменен болады.     

Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше  рет қатысатын, өзінің   бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі     

Экономикалық  әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың  анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған  нұсқаларын ұсынуға болады:     

Кәсіпорынның  негізгі өндірістік қорлары –  еңбек құралдарының құндылық  белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі  сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың  қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.      

Кәсіпорынның  негізгі өндірістік қорлары –  бұл еңбек құралдары болып  табылады, олар  көптеген  өндірістік  циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады.  Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады.  Негізгі  құралдардың  басты  белгісі  оның  өз  құнын дайын  өнімге  біртіндеп  көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне  байланысты.     

Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы   болып  табылады.  Олардың   көлемі  кәсіпорынның   өндірістік   қуаты мен   еңбектік  техникамен   қарулану  деңгейіне  байланысты болады.      

Өндірістік  үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген  топтастыруына  қарай  негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік  емес объектілер кіреді.      

Өндірістік  бағыттағы негізгі қорларға:

  • Өнеркәсіп,
  • Құрылыс,
  • Ауыл  шаруашылығы,
  • Автомобиль көлігі,
  • Байланыс,
  • Сауда,
  • Ғимараттар,
  • Құрылыстар,
  • Машиналар,
  • Жабдықтар  мен  басқа  да еңбек құралдары жатады. 

 

     Олар  өндіріс  процесіне  ұзақ  уақыт  қатысады.     

Өндірістік  емес қорларға:

  • Тұрғын-үй,
  • Коммуналдық шаруашылық,
  • Денсаулық сақтау,
  • Білім беру,
  • Мәдениет,
  • Спорт  салаларына  бөлінеді. 

 

     Олар  өндірістік процеске  тікелей  қатыспайды,  бірақ  олар  жұмысшы  күшін  ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай  отырып, оның нәтижесіне жанама  әсер етеді.     

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді.     

Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей  өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері  мен  сапасына  ықпал  етеді.     

Пассив  бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс  және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай  жасайды.      

Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен  атқаратын қызметіне қарай мына топтардан  тұрады:

  • Үйлер;
  • Ғимараттар;
  • Өткізбелік тетіктер;
  • Күш машиналары;
  • Жұмыс машиналары мен жабдықтар;
  • Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары;
  • Тасымалдау құралдары;
  • Құрал-саймандар мен жабдықтар;
  • Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары;
  • Өнім және жұмыс малдары;
  • Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;
  • Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және басқа да негізгі қорлар деп бөлінеді.

 

     Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін  шаруашылық құралдары  және т.б. кіреді.      

Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы  өндірістегі және тиімділігін  көтеру маңызы әрқалай болады.  Негізгі қорлардың белсенді  бөлігі  өндірістегі  еңбектің  техникалық  қарулану  деңгейіне  тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы  және көлеміне үлкен  әсерін тигізеді.     

Өндірістік  қорлардың басқа бөліктері өндіріс  үрдісінде жанама қатысады (өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды  пайдалануда қажетті жағдайлар  ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай анықталынады.     

Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік  және уақытша жалға алынған болып  бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады.     

Кәсіпорын  негізгі  өндірістік  қорлар бойынша  шаруашылық айналымын  жүргізу үшін  мынадай  сатылардан  тұрады:

  • Негізгі қордың тозуы;
  • Амортизация;
  • Негізгі қорды  толық  қалпына  келтіру  үшін  жинақталған қаражаттар;
  • Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.

 

 Кәсіпорынның  және басқа да  әр түрлі салалардың  негізгі қор құрылымы  мынадай факторлармен  анықталады:

  • Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,
  • Өндірістің техникалық деңгейі,
  • Мамандыру және т.б.

 

 

    Амортизация - негізгі қорлардың  құнын  олардың көмегімен өндірілетін 

тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі  қорлар  өндірістік  процесте:

  • Натуралды;
  • Ақшалай нысанда зерделенеді.

Натуралды  нысандағы  құралдардың  есебі:

  • Негізгі  қорлардың  техникалық  құрамын;
  • Кәсіпорынның  өндірістік  қуаттылығын;
  • Құрал-жабдықтарды  пайдалану  дәрежесін;
  • Басқа  да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.

Негізгі  қордың  ақшалай  нысандағы  есебі:

  • Негізгі  қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
  • Амортизациялық  аударымдардың есебін;
  • Дайын  өнімді  тасымалдау құнын;
  • Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін  анықтайтын  қажеттілік[10, 156б].

 

     Негізгі қорларға  жататын  негізгі  құралдар  пайдалану  дәрежесіне  қарай  келесі  негіздемелерге  бөлінеді:

  • Пайдалану түріне;
  • Запасты (резервті) құру түріне;
  • Құрастыру, құрылу  кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация  және  бөлшекті  ликвидация  кезеңдеріне  қарай  бөлінеді.

 

     Объектілерге  құқықтық иемдену тәуелділігіне  қарай негізгі құралдар былайша  жіктеледі:

  • Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері (соның ішінде жалға өткізілгендер);
  • Шаруашылық  жүргізу немесе басқарудың меншіктік құқығы негізінде ұйымның қарамағындағы негізгі құралдар объектілері;
  • Ұйымнан жалға алынған негізгі құралдар объектілері[11, 137б].

 

     Кәсіпорынның  өндірістік тиімділігі нарықтық экономиканың негізгі категорияларының бірі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі – бұл екі өлшемнің жалпы түрдегі өндірістің сандық көрсеткіштердің қарым-қатынасы, яғни шаруашылық өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.     

Өндіріс тиімділігін есептеп шығару үшін кәсіпорын экономикасында келесі формулалады қолданады:     

Негізгі  капитал рентабелділігі:        

 

                                                                                           (1)

 

 

     Мұнда:     

П – таза пайда;     

К н –  негізгі капитал.      

Рентабелділікті реттеудің экономикалық әдісмтемелерге капитал рентабелділігі, өнімі рентабелділігі, активтердің рентабелділігі (қор  қайтарымы) жатады.     

Өзіндік  капитал рентабелділігі:

 

                                                                                            (2)               

 

 

     Мұнда:      

К ө –  өзіндік  капитал.      

Жалпы рентабелділік пайданың негізгі  өндірістік және айналым қорларының орта жылдық құнына қатынасын есептеледі:      

Жалпы рентабелділік:

 

                                                                                                    (3)         

 

 

     Мұнда:     

П б − баланстық пайда, яғни қызмет түрлері бойынша кәсіпорын байлансындағы пайданың  жалпы сомасы;       

НӨҚ және АӨҚ − негізгі өндірістік және айналым қорларының орта жылдық құны      

Кәсіпорынның  негізгі қорларының тиімділігін  көтеру барысында қорлардың қорқайтарымы көрсеткіштерін есептейді.

Қор қайтарымы:                 

 

 

                                                                                                                 (4)

 

 

     Мұнда:     

Q – өндірілген өнім көлемі (ақшалай  түрінде);     

Ф орт. – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.     

Бұл  формула негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін  талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек  қордың жарақтанғандығының  арасындағы өзара  байланысты  көрсетеді. Егер де еңбек қор  жарақтағанға  қарағанда  өндірімнің   қарқыны  өте  жоғары    өсетін  болса,  онда   бұл  өте  оңды   нұсқа   болып  есептеледі.  Өйткені,  осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымның  қарсы  көрсеткіші – өнімнің қор сыйымдылығы (Ф с). Бұл өнімнің өлшеміне  шаққандағы  негізгі   қордың  құнын сипаттайды  (теңге).

Қор сыйымдылығы:              

 Ф орт.     

Ф с = ––––                                                                                                          (5)               

Q     

Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы  және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды  жақсартатынын немесе керісінше  көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың  жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың  активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет. Сонымен бірге, негізгі қорлардың қандай деңгейде пайдаланатынын, жалпы  және жеке көрсеткіштер арқылы  есептеп шығаруға, өзгерістердің  пайда болу себептерін зерделеуге, өнім өндірісінің көлеміне, басқа көрсеткіштерге негізгі қорлардың қаншалықты ықпал ететінін есептеуге, кәсіпорынның  және  құрал-жабдықтардың  өндірістік  қуаттылығының пайдалану дәрежесін зерттеуге, негізгі құралдардың тиімді пайдалану резервтерін  шығаруға  экономикалық  талдаулардың   тиімділігі  зор.     

Талдау  жасау  әдетте  негізгі  қорлардың  көлемін,  олардың  динамикасы мен  құрылымын зерттеуден басталады. Біз  айтып кеткендей, қорлар  өндірістік  және  өндірістік  емес  болып  бөлінеді.     

Кәсіпорындардағы  өндіріс тиімділігін жоғарылатудың  маңызды факторларының  бірі –  негізгі  қорлармен  қамтамасыз  етілуі,  олардың  керекті мөлшерде,  ассортиментте  және  толықтай пайдалануы күтіледі.     

Кәсіпорынның  өндірістік  қуатын  өндірістік   қорлар  анықтайды, әсіресе, белсенді бөлігін (жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар) және енжар бөлігін де ерекшелеу керек. Сонымен бірге, бөлек топтарды өзіндік қызметі бойынша (өндірістік бағыттағы ғимарат, қоймалар, жұмыс машиналары мен күш машиналары, жабдықтар, өлшеуіш приборлар мен құралдар, көлік құралдары және т.б.) бөліп көрсетеді. Мұндай детализация құрылымды оптимизациялау негізінде пайдалану тиімділігін жоғарылату резервтерін шығарып көрсетуге қажет болады.     

Келесі  талдау жасаудың қадамы – кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі зерттеледі. Машиналардың кейбір түрлерімен, механизмдерімен,  құрал-жабдықтармен,  ғимараттармен  қамтамасыз  етілуі өнім  өндірісінің  нақты  көрсеткішінің  және  жоспарлы  көрсеткішінің салыстыру қажеттілігімен орындалады.        

Келесі  формуларда кәсіпорынның қормен қамтылуын  есептеуге болады.       

Қормен  қамтылу:                    

 Ф орт      

Ф қамт  = --------------                                                                            (6)          

            S өнд     

Мұнда:     

өнд – өндірістік алаң ауданы, га       

Қормен  қарулануы және техникалық қарулануы  кәсіпорынның негізгі өндірістік  қорларының деңгейін, жалпы өнімі  көрсеткіштерін қамтамасыз етілуі  еңбектің  қормен қарулануы мен  техникалық қарулануы болып табылады. Жалпы еңбектің қормен қарулануы орташа жылдық өндірістік қорлардың құндылығының ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санына  қатынасы  болып  есептелінеді.       

Еңбектің  техникалық  қарулану деңгейі өндірістік жабдықтардың ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санының қатынасымен анықталынады. Оның өсу қадамы еңбектің өнімділігінің жоғарылауымен сәйкес болады. Еңбек өнімділігінің өсімі еңбектің  техникалық  қаруланумен салыстырғанда ілгерілеу қозғалуы кәсіпорын үшін  тиімді болып есептелінеді.       

Қормен  қарулануы:  

                

                   Ф орт.     

Ф қ.қ. = –––––                                                                                      (7)                  

 Ж өөп     

Мұнда:     

Ж өөп – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдардың саны.     

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға бағытталған нақты жобаларды жасап шығаруды ұйымдастыру үшін соңғы жылдарда   қандай   деңгейде   пайдаланғаны  туралы  толық  талдаулар жасалуы қажеттілігін туғызады. Осы үрдіс кезеңінде өндірістік қорларды пайдаланудағы кемшіліктерді тауып, оларды шешу жолдарын анықтау қажеттілігі пайда болады.  Келесі формулада кәсіпорындардың негізгі қорларды тиімді пайдалану барысында инстенсивті коэффициентін есептеп шығарады.      

Интенсивті  коэффициент:    

                   Ө ф         

 К инт. = –––                                                                                     (8)     

                  Ө м     

Мұнда:     

Ө ф  және Ө м – құрал-жабдықтың фактілі және мөлшерлі өнімділігі.       

Келесі  формуламызға қарап, кәсіпорынның негізгі  қорларды пайдалануда өндірілетін  өнімнің санына, көлеміне байланысты экстенсивті коэффициентті қолданады.       

Экстенсивті коэффициент:  

                 Т ф     

К экс  = ––––;                                                                                          (9) 

                  Т к

 

 

                   Т ф     

К экст = ––––––.                                                                                      (10)                   

 Т п      

Мұнда:     

Т ф – құрал-жабдықтың фактілі жұмыс істеу уақытының қоры;     

Т к және Т п – құрал-жабдықтың календарлы және жоспарлы (тиімді) жұмыс істеу уақытының қоры.       

Кәсіпорынның  интенсивті және экстенсивті коэффициенттерімен есептелген нәтижелерін келесі формуланы  пайдаланып, интегралды коэффициентті  шығара аламыз.

 

 

 

 

2.2.Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы

Негізгі қорлар кәсіпорын  қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет етеді де,  физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.

Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық  және экономикалық факторлардың ықпалы  арқылы   олар  өзіндік  ерекшелігін,  үлгісін  бірте-бірте  жояды,  жарамсыздыққа  әкеледі, сөйтіп  алдағы  кезде  өз  бернелерін  орындауға  мүмкіндіктері  болмайды.

Негізгі қорлардың тозуы  –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса жұмыс істемейтін күйінде  негізгі қорлардың тұтынушылық  ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.

Кәсіпорынның негізгі  өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын  жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:

  • Негізгі  қорлардың тозуы;
  • Амортизация;
  • Негізгі қорларды толық қалпына  келтіру  үшін қаражаттың  қорлануы;
  • Негізгі қорларды күрделі қаржы жұмсау арқылы  ауыстыру. 

Өндіріс  процесіне  қатысуымен негізгі қорлардың кез келген объектілері:

  • Табиғи;
  • Сапалық  тозуға  ұшырайды.

Негізгі қорлардың табиғи немесе физикалық тозуы олардың  өндіріс процесіне қатысу нәтижесіне және негізгі қорлардың пайдалануға  тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлар әсерінен: ылғалдан, атмосфералық  құбылыстар нәтижесінде, металдардың  тот басуымен, ескіруінен пайда болады.

Негізгі қордың табиғи тозуы  – олардың өндірістік тұтыну барысында  және  табиғат күшінің  әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп  жөндеу, қайта құру немесе жаңалау  жұмыстары арқылы бұрыңғы қалпына  келтіруге болады.

Табиғи тозу жөндеу, қайта  құру және негізгі қорларды  жаңғырту арқылы  ішінара қалпына келеді. Экономикалық әдебиеттердің көрсетуі бойынша физикалық тозудың мына формуласын пайдалана аламыз.

Физикалық тозу:                             

                      Т фэ

          И ф =  –––––                                                                                       (12)

                      Т н 

Мұнда:

Т ф және  Т н – НҚ-дың актілі және нормативті қызмет көрсету мерзімі.

Негізгі қордың сапалық тозуы  – қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі,  үнемділігі, сапалы  өнімдер  шығаруы  жағынан  жаңа үлгіден  кейін  қалуы.  Демек,  экономикасы   дамыған   елдерде  негізгі  қорды ауыстыруда  сапалық  тозу қажеттілік ретінде басты  айқындаушы  фактор болып табылады.

Амортизация  – негізгі  қорлардың құнын сол арқылы өндірілетін  өнімдер  мен қызметтерге бірте-бірте  көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде  олар  тозады,  өзінің  тұтыну  құнын  жоғалтады. 

Амортизациялық  аударымды  өтелім  мөлшеріне  және  өзінің балансында  тұрған   негізгі   құрал-жабдықтардың  баланстық   құнына   сәйкес  кәсіпорын  ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері  мемлекет белгілеген негізгі қорлардың  құнын  өтеудің  жылдық  проценті  болып  табылады  және  өтелім  мөлшерінің  жылдық  сомасын  анықтайды.  Басқаша  айтқанда, өтелім мөлшері  – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың  құнына  процент  есебіндегі  қатынасы.

Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет есепке алғанда  бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың  құны амортизацияның мөлшерімен анықталады.

Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі:

 

             Қ бқ -  Қ ж

М А  = −−−−−−−−− х 100 %                                                                (15)

            Қ бқ  х М қ

Мұнда:

М А  − негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %

Қ бқ − негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,

Қ ж − жойылу құны,

М қ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.

Амортизация мөлшері негізгі  қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың  өз уақытында орнын толтырып тұруы  қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға  сай дұрыс анықтау өте қажет:

  • Негізгі қорлардың төзімділігі;
  • Сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
  • Техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;
  • Жабдықтау балансы;
  • Жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.

 

 

 

 

 

 

 

    3.ҚОРЫТЫНДЫ 

 

 

       Кәсіпорындар  өзінің өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін керекті еңбек құралдарды және материалдық жағдайларды қамтамасыз ету керек. Олар  өндірстік күштердің маңызды элементтері болып табылады және олардың дамуын анықтайды.        

Еңбек үрдісінде негізгі құралдар  өте  жоғары орын алады, өзінің

жиынтығында  олар өндірістік-техникалық базасын құрастырады және кәсіпорынның өндірістік күш-құатты анықтайды. Ұзақ уақыт бойы  пайджалану барысында негізгі құралдар  кәсіпорынға  келіп және пайдалануға жіберіледі; тозады; жөндеуге ұшырау арқылы физикалық қасиеттері   қалпына келеді; кәсіпорынның  ішінде ауысады; ескіріп қалғанына байланысты немесе әрі қарай пайдалануды тиімдету үшін кәсіпорыннан шығарылып алынады.

Негізгі және айналмалы қорларды тиімді және үнемді пайдалану кәсіпорынның бірінші деңгейдегі мақсат болып табылады.

Негізгі қорларды  пайдалану тиімділігін  көтеру  жалпы халық 

шаруашылығында да өте маңызды орын алады. Осы  мақсатты шешу қоғамға қажетті өнімді өндіру көлемін көбейту, қалыптасқан  өндірістік мүмкіншіліктің қайтаруды ұлғайту және  халықты толығымен қанағаттандыру, мемлекетте жабдықтардың балансын жақсарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, өнімнің өндірісінің рентабелділігін өсіру, кәсіпорынның жиналымдарын көбейту болып саналады. 

 

 

 

 

4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР        

 

  1. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президентінің халыққа жолдауы 2010ж.
  2. Бабаев Ю.А. Теория бухгалтерского учёта: Учебник для вузов. – 2-е издание., переработанное и дополненное. – М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2001. – 304 б.
  3. Мельник М.В., Герасимова Е.Б. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия.: Учебное пособие М.: Форум, - 2008. – 192 б.
  4. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: Оқу құралы.-Астана: «Фолиант» баспасы, 2005.-176б .
  5. Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы. Практикум.-Алматы: Экономика, 2006.- 106б .
  6. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2003.- 252б. 
  7. Базарбеков Ж. Негізгі қорларды жіктеу // Бухгалтер бюллетені.-2005.- №37.- 4-6 бб.
  8. Ковалев В.В, Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Москва.-2004.- 424б.
  9. Экономика предприятия. Учебник/Под ред.проф. Сафронова Н.А. – М: «Юристъ», 2000.- 584 б
  10. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности: Учебник.- М.: Финансы и статистика, 2000.- 251б   
  11. Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы: Экономика. – 2008 – 791б.
  12. Экономика предприятия. Учебник. Под ред. Горфинкеля В.Я., Швандара В.А. М: 2007, - 670б.

 

 


Кәсіпорынның негізгі қорлары