Кәсіпорынның құрылымы мен қызметі
КІРІСПЕ
Өндірістік технологиялық тәжірибесін №3 Сәтбаев байыту фабрикасында 1 қыркүйек пен 23 қараша айлары аралығында өтті. Өндіріске бармас бұрын медициналық бақылаудан тексеріліп, өрт сөндіру, техникалық қауіпсіздік шараларын оқыды.
Мақсаты – өндіріспен, жұмыс істеу технологияларымен танысу, оқу орнында алған білімді тәжірибеде іске асыру.
Сәтбаев қаласының оңтүстігінде 3,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Байыту фабрикасының құрылысы 1972 жылы Ленинградтағы «Механобр» институтының жобасы бойынша жүргізілген. Қуаты 50 пайызды құрайтын орташа және ұсақтап ұнтақтау бөлімі, флотациялау және ұсақтау секциясынан тұратын бас корпус, сүзу және реагенттерді дайындау корпусы жұмысын 1985 жылдың шілде айында бастады. Жұмыс процесіне қалдықсыз технологияны енгізген фабрикада сапасы нашар кеннен де метал өндіру жолға қойылған. Басқалардан ерекшелігі де осында. Сол кездің өзінде тәжірибе алаңына айналып үлгерген байыту фабрикасында бүгінде кешенді және сульфидті мыс кенін айырып, шлакты өңдеу жұмыстары сәтті түрде жүзеге асырылуда.
1996 жылы Анненск кенішінің
кенін байыту бағытында
1997 жылдан бастап мысты-сульфидті кенін байыту жолға қойылды. Есесіне материалдық шығындар 2,7 есеге азайып, мыс өндіру 10 пайызға ұлғайды. Осы өзгерістерден кейін жұмысы тұрақты түрде жолға қойылған фабрика өздеріне жүктелген міндетті әрқашан абыроймен орындап келеді. Оған өткен жылдардағы биік көрсеткіштер куә.
1999 жылы 1,2,3 байыту фабрикалары 73,75-ші шахталардың эксплуатациясына байланысты жоба қуаттанды. 1999 жылдың 10 мамырдағы хаттамасында жылына 4 млн тонна мыс сульфидің қабылдау және өңдеуге техникалық құжат қабылданды.
1999-2000 жылдары жылына 4,2 млн тонна кен өңдейтін болды.
2005 жылы жоспар бойынша 101,3 % кен өңдейтін болды(жоспарлы өңдеу 4380000 тн., нақтырақ 4436354 тн.).
2007 жылғы техникалық-экономикалық көрсеткіші – руда өңдеу 97,8%; мыс концентраты 118,2%. №3 СБФ Анненск кенішінің мыс сульфид кенін өңдеді.
2010 жылы кен байыту — 100,7, металл, өндіру — 101,33 пайызға орындалып, мыс өндіру — 216,609 тоннаны құрады. 2008 жылдан бастап, жетілдірілген менеджмент жүйесі енгізілді.
1 КӘСІПОРЫНМЕН ТАНЫСУ
1.1 Кәсіпорынның құрылымы мен қызметі
Кәсіпорынның толық және қысқаша атауы – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Қазақмыс Корпорациясы» - «Жезказганцветмет» өндірісік бірлестігінің филиалы №3 Сәтбаев байыту фабрикасы, ЖШС «Қазақмыс Корпорациясы» - ӨБ «ЖЦМ» филиалы №3 СБФ
Кәсіпорын басқарушысының атауы – директор
Толық пошта мекен-жайы, телефон, факс, Е-mail – 101300, Қазақстан Республикасы, Қарғанды олысы, Сәтбаев қаласы, өндірістік аймақ, №3 СБФ, тел. 8(71063)-2-53-14, (факс) 8(71063)-2-56-30, E-mail - [email protected]
Кәсіпорынға мыналар кіреді: қабылдау құралдары – бөлшектенген кен қоймасы; үлкен және кіші бөлшектеу корпусы; бас корпус, реагенттер дайындау корпусы, фильтрлеу корпусы, материалдар қоймасы, әкімшілік корпусы. Рөлі: пайдалы қазбаларды байыту және қайта өңдеу.
«Қазақмыс» корпорациясының №3 Сәтбаев байыту фабрикасын эксплуатациялау жөніндегі акт мемлекеттік комиссияның шешімімен 1984 жылы қабылданды. 1985 жылдың қаңтарынан құрылымдау жұмысы жолға қойылған фабриканың алғашқы директоры Аврам Хамикоев болды. Одан кейінгі жылдарда Салабаев, Юсупов, Ибраев, Тоқболатов, Рамазанов, Айбеков, Шаяхметов, Нұрымов, Тұяқбаев, Искаков сынды білікті мамандар басшылық етті. Бүгінгі күні байыту фабрикасының тізгіні Ардагер Әріновке тапсырылған. Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық институтын тәмамдап, «Балқаштүстіметалл» ӨБ-де он тоғыз жыл еңбек еткен Ардагер Қуандықұлы еңбек жолын ауысым шебері болып бастап, бас инженерліктен фабрика директорлығына дейін көтерілген. Жұмысына жауапкершілікпен қарап, іскерлік танытқан білікті басшы соңғы уақытта «Қарағандытүстімет» ӨБ-де бас байытушы болып еңбек етті. Осы жылдар аралығында жинаған іс-тәжірибесін, білімі мен білігін Сәтбаев байыту фабрикасының игілігіне жұмсау мақсатымен жуырда ғана жұмысқа кіріскен А.Әріновке мереке қарсаңында арнайы барып жолыққан едік. Ол әңгімені фабриканың тарихына қысқаша шолу жасаудан бастады.
Фабрикада еңбекті қорғау
мен техника қауіпсіздігіне баса
назар аударылған. Мысалы, өткен
жылдың тоғыз айында бірде-бір өндірістік
апат, жарақат алу оқиғалары
Осындай жаңалықты көптен бері күткен едік. Басты мақсат — ыңғайлы да қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру. Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін ұйымдастыру факторларын ғана емес, өндіріс технологиясы мен құрал-жабдықтарын модернизациялау қажет. Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі талаптарына жауапкершілікпен қарауды арттырған абзал. Қазір теория жүзінде таныстырылу аяқталды, енді іске көшу қажет. Осы бағытта қауіпсіздік координаторлары жұмыс істеуде, — дейді фабрика басшысы. Сәуір айынан бастап еңбекақының көтерілгені, жұмысшылардың да еңсесін көтеріп тастағандай. Жұмысқа деген құлшыныстарымен қоса талпыныс та артқан. Өз ісінің шебері атанғандар жетерлік. Солардың қатарында Нұрлыбек Тұрманов, Медет Ермағанбетов, Нығметжан Молдағалиев, Дина Батырбекова, Жанна Күлдібаева, Тоқтар Искаков және тағы басқалар бар. Жалпы, фабрикада еңбек ететін 500-ге жуық еңбек адамының қай-қайсысы болса да, мақтау мен марапатқа әбден лайықты.
1999 жылдан бастап жылына
4 миллион тонна кен өндіру
үшін Сәтбаев байыту
Фабрика басшысының сөзінен
ертеңгі күнге деген нық сенім
аңғарылады. Демек, №3 Сәтбаев байыту
фабрикасы өздерінде
1.2 Технологиялық процесті жинақтау ерекшеліктері және кәсіпорын ақпаратын өңдеу
Ақпараттарды құжатта
сақтауға байланысты кез-келген басқарушылық
қызмет және кез-келген басқарушылық шешім міндетті түрде
құжаттық нысанада тіркеледі.
Егер құжатты жасау әдетте құрылымдық
бөлімшелердің басшылары мен мамандарының
функциялары болып табылса, онда оларды
рәсімдеу, тәртіп бойынша, хатшыға немесе
басқарманың құжаттық қызмет ету (БҚА)
қызметіне тапсырылады. Бүгінде компьютер
құжаттарды жасаудың және сараптаудың
негізгі құралы болып табылады.
Қызметтік құжаттарды рәсімдеу стандарттармен тәртіпке келтірілген жасалу тәсіліне тәуелсіз. Барлық қызметтік құжаттар белгіленген реквизиттерді пайдалана отырып стандарттық үлгілердегі қағазда рәсімделеді.
Құжатты компьютерде жасау және рәсімдеу осы құжат әзірленген базадағы нысанды шақыра отырып басталады. Бұл сіздің ұйымда әзірленген, бірегейленірілген құжаттың белгіленген нысаны, ұйымның бланкасы немесе таза парақ болуы мүмкін. Өзімізге мәлім, біздің елімізде қызметтік құжаттар үшін СХҰ (Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым) қабылдаған, атап айтқанда А нысаны (қағаз парақтарының көлемі) пайдала-нылады. Жиі қолданылатыны А4 және А5 нысандары.
Шетелдерде қағаздардың – Letter (8 ½*11 in, яғни 21. 59*27.94 см) және Legal ( ½*14 in, яғни 21. 59*35.56 см) нысан-дары кең тараған. Компьютерлік бағдарламада, оның ішінде бейтараптандырылған бағдарламада (орыс тілінде) «үндемеу бойынша» қондырғы ретінде отандық стандарттарға сәйкес келмейтін қағаздардың нысаны, жиегінің көлемі жиі беріледі. MS Word-та жұмысқа кірісерде қағаздың – А4 210*297 мм көлемін орнату қажет.Қағаз нысанын орнатқаннан кейін құжаттардың жиегін айқындау қажет. Құжаттар жиегінің мынадай көлемін белгілеу ұсынылады:
- Сол жақ жиек – 35мм (3,5см)
- Оң жақ – кем дегенде 10мм (1см)
- Жоғарғы жақ – 20мм (2см)
А4 нысандағы құжаттар
үшін төменгі жиек – кемі 20мм (2см)
А5 нысандағы құжаттар үшін (148x210мм)
төменгі жиек әдетте кемі 15мм болып белгіленеді.
Бет параметрлерінің деректері құжаттардағы одан әрі жасалатын барлық жазбалар үшін бекітіледі.
MS Word үлгісіндегі мәтіндік
редакторда жасалатын кез-
Осы жерде және бұдан әрі қолданылатын «үнемдеу
бойынша» термині көрсетілген параметрлер,
егер пайдаланушы өзге параметрлерді
тікелей тапсырмаса, жаңадан жасалатын
барлық құжаттарда пайдаланылады.
Шаблондар сондай-ақ стандартты мәтінге,
графикке, ерекше безендіруге және жалпы
құжаттарда жиі кездесетін-дердің барлығына
ие болуы мүмкін. Басқару жағдайларын
қайталанды көрсететін шаблондардың жиынтығы
құжаттарды әзірлеуге, оларды рәсімдеуге,
бірегейлендіруге деген уақытты айтарлықтай
қысқартуға, демек – құжаттарды қабылдауды
жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Ұйымдардың басым құжаттары, оның ішінде
барлық шығыс құжаттары бланкада рәсімделеді.
Сондықтан, шаблондарды жасауды ұйым бланкаларын
жасай отырып бастыған орынды.
Қолданылып жүрген ГОСТ-қа
сай бланк – бұл «онда құжаттың тұрақты ақпараты және ауыстыру үшін
бөлінген орны көрсетілген қағаздың стандартты
парағы». Әдетте бланк деген ұғым мекеме
атауы – құжат авторлары көрсетілген қағаздың таза парағын білдіреді. Қызметтік
құжаттардың авторы – ұйымдар, құрылымдық
бөлімшелер, лауазымдық тұлғалар болуы
мүмкін. Мекемелер, ұйымдар және фирмалар
көп жағдайларда бланкаларда өздерінің
эмблемаларын орналастырады. Егер ұйым
эмблемасының графикалық файл түріндегі
эталондық кескіні бар болса, ол эмблеманы
бланкащда орналастыру үшін пайдаланылады.
Болмаған жағдайда, эмблема сканерлендіріледі,
алынған кескін таңдалған орынға орналастырылады.
Егер эмблема құжаттың жоғары жиегіне
орналастырылса, ол бірінші беттің колонтитулына
орналатырылады.
Принтерде бланканың кескінімен бірге
басылған стандартты құжаттың қолдан
жасаудан қорғалмағандығын есте ұстау
керек. Мөр бедерінің бар болуы, сондай-ақ,
стандартты офистік құралдарымен оңай
жасалатындықтан, құжат түп-нұсақасына
кепіл бола алмайды. Сондықтан, біршама
маңызды құжаттар үшін эмблемелары бар,
баспаханалық тәсілмен орындалған, бедерлендірілген,
су таңбалары бар, көп түсті басылыммен
бастырылған бланкалар пайдаланылады.
Тәртіп бойынша мұндай бланкалар баспаханалық
тәсілмен нөмір-ленеді. Біршама ең жауапты
жағдайлар үшін құжат бланкасының кескіні
құжатпен бірге басылуы және құжат шаблонына
енгізілуі мүмкін. Қазіргі уақытта офистерде
пайдаланатын стандартты лазерлік принтер
(600dpi рұқсаты) ұйымның эмблемасы сияқты
графикалық элементтерді қам-титын бланкаларды
кескіндеу үшін айтарлықтай жақсы сапа
береді.
Тіркеу нөмірі Lotus Notes
DOS Open құжатты бастапқы сақтау кезінде
автоматты түрде толтырылатын «тіркеу
нөмірі» жиегі құжат
Жергілікті желілермен жарақталған қазіргі
офистердің негізгі басымдықтарының бірі
– құжаттарды келісуді жеделдету және
жеңілдету б.т. Ол құжаттың дәйекті бағытын
белгілеу не белгіленген келісім тізбесіне
сәйкес оны бір мезгілде барлық мүдделі
адамдарға жіберу арқылы жүргізіледі.
Егер дәйекті түрде жіберу белгіленсе,
онда одан кейінгі әрбір рецензент оған
дейін құжатты қараған қызметкердің ескертпесін
көреді. Түзетудің бір қызметкермен аяқталуы,
келісуге берілген тізімде көрсетілген
басқа қызметкерге құжатты автоматты
түрде берумен жалғасады. Құжатқа түзетулер,
қосымшалар және қысқартулар енгізу бастапқы
мәтінді жоюға әкеліп соқпайды. Құжатта
кім қандай тіркеу енгізгені тіркеледі.
Әр қызметкердің енгізген түзетуі әр түспен
белгіленеді. Құжатты барлық мүдделіадамдар
қарағаннан кейін ол процеске енгізген
атқарушыға автоматты түрде қайтарылады.
Іс жүргізудің автоматтандырылған жүйелерінде, бағыттандыру модульдерінде құжаттардың әр түрлі және түрлілігі үшін келісушілердің алдын-ала жасалған тізіміне сәйкес бұл процесс автоматты түрде жүзеге асырылады. Мысалы: келісімшарт автоматты түрде бухгалтерияға, заңгерге және келісімшарт үлгісіне тәуелді – басқа мүдделі бөлімшелерге түседі. Автоматты жүйе құжаттың өтуіне бақылауды, егер құжат қайсы бір бөлімшеде бөгеліп қалған жағдайда ескертуді жүзеге асырады. Белгілі бір құжатқа рұқсат беретін тұлғалардың тізімін басшы бекітуі тиіс. Бұл тек құжатты жасауды жеделдетіп қана қоймайды, қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Басқару қызметінде орын алған стандартты емес жағдайды көрсететін жеке мәтінде құжатты жасауды талап ететін жағдайлар кездеседі. Компьютер мұндай құжатты жасау кезінде дн көмектеседі.
Құжатты әзірлеудің бірінші
кезеңі – мұндай үлгілердегі мәселелерді
шешудің тәртібін айқындайтын нормативтік-
Құжатты жасауға әзірлеудің екінші кезеңі – осы мәселе бойынша мұның алдындағы құжаттарды, осыған ұқсас мәселелер бойынша құжаттар мен шешімдерді зерттеу б.т. Құжаттарды іріктеу проблемасы көп жағдайда әзірленіп жатқан құжаттың дұрыстығын, қарама-қайшы еместігін және толықтығын айқындайды. Тіркеудің кәртішкелік жүйесі кезінде құжаттарды тақырыптық іріктеу пәндік-тақырыптық кәртішкелермен шектелетін және жұмсалған айтарлықтай еңбек толық қайтарымын бермейтін. Тек тіркеудің компьютерлендірілген жүйесі ғана құжаттар мен автоматтандырылған іздеу арасында байланыс орнату арқылы тапсырылған мәселе бойынша барлық қажетті құжаттарды іс жүзінде табуға, ал құжаттардың мәтіндерін толық сақтау жүйесі кезінде – барлық қажетті ақпаратты экранға бірден шығаруға мүмкіндік береді.
Құжатты әзірлеудің үшінші
кезеңі – нақтылы ситуациялар
бойынша деректер жинау б.т. Бұл кезеңде деректердің алынған
базаларымен қатар ұйымда, мекемеде және
фирмада әзірленген деректер базалары
пайдалануы мүмкін.
Құжат қарапайым мәтін түрінде ұсынылуы
мүмкін:
Таблица ақпараттардың көрнекілігі мен қолайлылығы үшін жақсы нысан б.т. Үлкен энциклопедиялық сөздікке сай таблица (польск. tablica, лат. tabula – тақта, тізім) – белгілі бір жүйеге келтірілген мәліметтердің тізбесін, сандық деректерді; мәлі-метті, тізімдемені білдіреді. Мәтіндік сипаттағы ақпарат-тардағы таблицалар тікелей MS Word-та тиісті бағдарламамен байланыстырыла сақтала отырып көшіріледі, ол құжатқа енгізілген деректерді жаңартуға және редакциялауға мүмкіндік береді. Таблицаның түрлі-түсті безендірілуін қабылдауды жеңілдетеді.
Диаграмма (грек. diagramma –
бейнелеу, сурет, сызба ) – көлемнің ара-қатынасын көлнекілілікпен
көрсетіп бейнелеу. Диаграмманың кең тараған
нұсқасы гистограмма (грек. histos, бұл жерде
– бағана және ...грамма), яғни бағаналы
диаграмма. Гистограмма аралас тік бұрыштардың
жиынтығын білдіреді. Диаграмманы сандық
көрсеткіштері бар таблицалардың негізінде
оңай жасауға болады. Таблица тікелей
MS Word-да жасалуы мүмкін, егер көрсеткіштерді
өзгерту, таблицалардың мәнін есептеу
және деректерді қайта есептеу қажет болса
MS Excel пайдаланылады. Қажетіне орай ондаған
нұсқалардың ішінен диаграммалардың кез-келген
қолайлы түрін таңдап алуға болады.
Диаграмма, таблицалар, суреттер және
басқа да элементтер
автоматты түрде нөмірленуі мүмкін. Бұл
жаңа элемент қосылған кезде нөмірлеудің
автоматты түрде өзгеруін және тиісті
таблицалар мен диаграммаларға жасалған
сілтемелерді құжаттың мәтініне енгізуді
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мәтіндік редакторлар
жазу машинкаларына қарағанда
Бір компьютерден екінші компьютерге берілетін құжаттар ұйымның барлық компьютерлерінде бірдей болып көрінуі үшін біркелкі орыс қаріптері орнатылған. Маңызды сәттері бөліп көрсету үшін мәтінде түрлі-түсті безендіруді пайдалануға болады.
Мәтінді әзірлеу кезінде синонимдер, антонимдер, түсіндірме сөздіктер, ал мәтіндерді шетел тілдерінде даярлаған кезде – ағылшын-орыс, орыс-ағылшын немесе тиісінше неміс, франсуз тілдеріндегі сөздіктерді пайдалануға болады. Олар таңдалған сөзді сөздіктің тиісті бабында сол сәтте қарауға мүмкіндік береді.
Осылайша компьютер ең күрделі деген құжаттың өзін тез әрі сауатты жасауға және оны әсем безендіруге мүмкіндік береді.
1.3 Техникалық және өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелері
Шаңның түзілуімен және бөлінуімен, шудың, вибрацияның және басқа қолайсыз факторларды шығаратын барлық технологиялық процестер үшін құжаттарына сәйкес арнайы шаралар қарастырылуы тиіс.
Жөндеуден кейін түсетін машиналар, механизмдер және басқа технологиялық жабдықтар күші бар стандарттарға, гигиеналық талаптары бөлімі бойынша сәйкестілігіне тексеруден өтуі тиіс және оның нәтижесі техникалық паспортқа жазылуы тиіс.
Өндірістік құрал-саймандардың және технологиялық процестердің гигиеналық сертификаттары және паспорттары болуы тиіс.
Әрбір технологиялық процесте ауыр қол жұмысын азайтатын немесе болдыртпайтын тек негізгі ғана емес, сонымен бірге қосымша жұмыстардың механизациялық құралдары қолданылуы тиіс.
Беттік-активті заттар (БАЗ), қатып қалуға және желге мүжілуге қарсы көмірді өңдеуге арналған заттар, химиялық реактивтер, антифриздер және олардың ерітінділері эпидемиологиялық сараптаудан өтуі тиіс.
Іштен жану двигательдерінің пайдаланылған улы заттарын анықтау жүргізушінің жұмысшы орындарында және көліктің қарқынды қозғалысы орнына жақын орындарда жүргізілуі тиіс.
Іштен жану двигателін қолдану кезінде шахталардағы және ойылып кесілген жерлердегі улы заттардың, пайдаланылған газдардың жұмысшыларға әсерінен қорғайтын шаралар жүргізілуі тиіс.
Жерасты қазбаларында және шақты үстiндегi ғимараттарда отты жұмыстар Жерасты қазбаларында және шақты үстіндегi ғимараттарда отты жұмыстарды жүргiзу жөнiндегі нұсқаунамаға сәйкес жүргiзiлуi керек.
Жер бетiндегi басқа объектiлер
мен құрылыстарда отты жұмыстарды жүргiзген
кезде Халық шарушылығының
Жерасты қазбаларында және шақты үстiндегi ғимараттарда тез тұтанғыш материалдарды қолдануға және сақтауға рұқсат етiлмейдi. Майлайтын және сүртетiн материалдар сөткелiк қажеттiлiгiнен аспайтын мөлшерде, жабық ыдыстарда сақталуға тиiстi. Сөткелiк қажеттiгiнен артық майлар мен жағын материалдардың қорын өртке қарсы металл есiктерi бар, жанбайтын материалдармен бекiтiлген арнайы камераларда (бөлмелерде) жабық ыдыстарда сақтаған жөн.
Жанғыш сұйықтардың апатты кемуi немесе жерге төгiлуi болған жағдайда, оларды жинау және төгiлген жерлердi өрттен қауiпсiз күйге келтiру жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiстi. Пайдаланылған жағар және сүрткiш материалдар сөтке сайын жер бетiне шығарылуы керек.
Тау-кен қазбаларында және шақты үстiндегi ғимараттарда қолданылатын конвейер таспалары, желдету құбырлары, электр кәбiлдерiнiң қабықтары және басқа бұйымдар жануын жайылдырмайтын материалдардан жасалынуы керек.
Жанғыштық дәрежесi және жану кезiнде шығатын улы заттардың мөлшерi нормативтерге сәйкес болуға тиiстi.
Желдеткiш құбырлар мен конвейер таспалары материалдарының беттiк электр кедергiсiнiң шамасы 3х10/8 Ом артық болмауы керек.
Конвейерлердiң барабандары
мен шығыршықтарының
Ұстап тұратын брустар мен таспалы және сырма конвейерлердiң (жетектiк секцияларынан басқа) астындағы төсемдерiн дайындауға, адамдардың конвейерлерге мiнiп-түсу жерлерiндегi алаңдарды және құралдардың (жетектiк секциялардың сыртында) астындағы уақытша төсемдердi жасау үшiн оттан қорғайтын құрам сiңiрiлген ағаш материалдарды қолдануға болады.
Таспалық конвейерлермен жабдықталған қазбалар өрттердi бастапқы сатысында автоматты табу жүйелерiмен (сериялы шығарылуына қарай) жабдықталуы керек.
Таспалық конвейерлердi басқару жүйесi өрт сөндiру құбырында қысым нормативтiк шамадан төмендегенде конвейер жетегiнiң iске қосылуын болдырмайтын және ажыратылуын қамтамасыз ететiн су қысымын көрсеткiштермен жабдықталуға тиiстi. Конвейердiң ажыратылғаны туралы сигнал тау-кен диспетчерiнiң пультына берiлуi керек.
Таспалық конвейерлер тұрақты автоматтық өрт сөндiргiш қондырғылармен жабдықталуға тиiстi.
1.4 Еңбекті
қорғау және өндірістік
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау саласындағы нәтижелерді жоғарылату Қазақмыстың артықшылықты міндеті болып табылады. Қазақмыс халықаралық ірі компания болған соң, қызметкерлер, инвесторлар мен жергілікті халықтың әрқайсысы үшін қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуді күтеді. Өндірістік операциялар қауіпсіз болса ғана, жақсы басқаруда делінеді. Адам шығынына апарған және ауыр жағдайға апарған қайғылы уақиғалардың әрбірін тергеп жүреді; тергеу нәтижелері бойынша есептерді ЕҚҚОҚ Комитетіне және адам шығынына әрі ауыр жағдайға апарған қайғылы уақиғалар бойынша Сарапшылар комиссиясына тапсыры отырады. Мерт болғандардың отбасыларына қаржылық көмек көрсетуді жалғастырып келеді.
2011 жылы біз өзіміздегі
қауіпсіздік ережелеріміздің
Өндірістік нысандардың қауіпсіздігіне жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерістер өткізіп тұрады және қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың бұзылған жағдайларын анықтағанда өндірістік қызметті тоқтататылады. Сонымен қатар, анонимдік телефон желісін пайдаланады, сол бойынша қызметкерлер өздерін алаңдатып жүрген қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі проблемаларды хабарлай алады.
Жұмысқа қабылданған
сәтте, және одан соң жыл сайын
Компанияның қызметкерлері
"Түсті металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары түсті металлургия объектілерінің қызметіне, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарын жобалауға, жабдықтауға, өндірістік үй-жайлардың ауасына, жылытуға, желдетуге және жарықтандыруға, физикалық факторлар көздеріне, тұрмыстық үй-жайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын талаптар: өнеркәсіп алаңының аумағында құрамында қауіптілігі І және ІІ сыныпты және радиоактивтік заттар бар шикізат өнімдерін қайта өңдеу жүргізілетін ғимараттар және құрылыстар орналастырылады, май мен мазутты сақтау қоймаларында өндірістік кәрізге ағызуға арналған еңіс қабаттар болуы тиіс.
Жабдықтарға қойылатын талаптар:
- Шаңды болдырмау мақсатында тазарту құрылғыларынан шаңдарды тазарту және оны тасымалдау механикаландырылуы тиіс.
- Реагенттерді дайындау және қолдану учаскелерінде:
- реагенттер салынған ыдыстарды ашу және босату камераларынан;
- реагенттерді, реакторларды және жинау күбілерін қуаттандырғыштарынан;
- өнеркәсіп ағындарын залалсыздандыру бөлімдеріндегі залалсыздандыру аппаратурасынан жергілікті сорғылар көзделуі тиіс.
- Ерітінді күбілері мен шығыс бактарын тазарту, реагенттен босаған ыдыстарды жуу механикаландырылған әдіспен жүргізілуі тиіс; жуынды сулар өндірістік кәріздерге ағуы тиіс.
- Құрамында қауіптілігі І-ІІІ сыныпты зиянды заттар бар қойыртпақтарды сүзуге арналған сүзгі-престер мен вакуум-сүзгілер сорушы жаппалармен жабдықталуы тиіс.
- Агломерациялық машиналардың коллекторында технологиялық вакуумды пайдалану кезінде шаң жинаушы қап жаппаларынан шығатын шаңды сору үшін ол жаппалардың ауа жүретін түтіктеріндегі клапандарды шаң жинаушы қаптың қақпақшаларымен блоктау көзделеді. Блоктау сорудың шаң шығарудан бұрын қосылуын, ал оның ажыратылуы шаң қабын түсіру аяқталғаннан кейін қамтамасыз етілуі тиіс.
Өндірістік үй-жайлардың ауасына, жылытуға, желдетуге және жарықтандыруға қойылатын талаптар:
- Цельсий бойынша +28 градус (бұдан әрі – 0С) және одан жоғары сыртқы ауаның жазғы температурасы және 50 пайыздан (бұдан әрі – %) аз салыстырмалы ылғалдылық ескерілген аудандарда орналасқан, жылу айтарлықтай көп цехтарда жылдың жылы кезеңінде ішке сору аэрациялық қуыстарында ауаны адиобатикалық салқындатуды ұйымдастыру қажет.
- Өндіріс учаскелері сатыланып (каскадты) орналасқан тау бөктеріндегі ғимараттардың әрбір сатысы жеке желдеткіштермен қамтамасыз етілуі тиіс.
- Өндірістік және қосалқы үй-жайлар жылытылуы тиіс.
- "Ылғалды" бөлу жұмыстары жүргізілетін ғимараттарда жылдың салқын мезгілінде сыртқы ауаның қысқы есепті температурасына және қақпаның ашылу ұзақтығына қарамастан, бес есе көлемде жылытылған ауа жіберетін тамбурлар көзделуі тиіс.
- Цехтар үй-жайларынан ауаны алу кезінде оның көлемі қыс мезгіліндегі сырттан келетін жылытылған ауаның ұйымдастырылған ағынымен толтырылуы тиіс.
- Өндірістік үй-жайлардағы жұмыс орындарында шудың деңгейі гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс. Шудың эквивалентті деңгейі 80 децибелден (бұдан әрі – дБА) жоғары цехтарда (бөлімдерде) шу деңгейі 40 дБА-дан аспайтын демалыс бөлмелері көзделуі тиіс.

- Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау
- Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін талдау
- Кәсіпорынның негізгі қорлары
- Кәсіпорынның негізгі қызметтен түсетін табысы
- Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды
- Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы
- Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
- Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні мен құрылымы