Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері. 3
Мазмұны
Кіріспе.......................
1-бөлім.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың
теориялық негіздері...........
1.1. Қаржылық
жағдайдың мәні және оны
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі.............
1.3. Қаржылық
жағдайды талдау әдістері......
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп
Қоғамда
қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен
емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан
туындады: салмақ, ұзындық өлшемін
және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің
мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептер-ді білмей, табыс пен шығынды
өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен
артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты
ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қазіргі
уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар
кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші
субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір
нығайтып, олардың көптеген өндірістік
және қаржылық мәселелерді өз бетінше
шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда,
ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті
таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы
бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе
осыған байланысты болады. Кәсіпорындар
бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен
емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі
кезде өз қалауы бойынша алады.
1-бөлім.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың
теориялық негіздері.
1.1.
Қаржылық жағдайдың
мәні және оны талдаудың
мақсаты.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, ком-мерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдалану-мен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның
қаржы жағдайы осы кәсіпорынның
белгілі бір кезеңдегі қар-жылық
тұрақтылығын және оның өз шаруашылық
қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің
қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі
үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің
мүмкін бола-тын деңгейінде төлем қабілеттілігі
мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату
мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын
көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген
факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова
және М.А.Федотова келесідей түрлерге
жіктейді:
2) нәтижесінің
маңыздылығына байланысты-
3) құрылысы
бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет
ету уақыты бойынша-тұрақты
және уақытша.
Ішкі
факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын
ұйымдастыруына байланыс-ты болады, ал
сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты
емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көр-сетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның
өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен
тығыз байла-нысқан қаржылық тұрақтылығының
маңызды факторларының бірі – активтер-дің
тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ
кәсіпорынның басқару стратегия-сын дұрыс
таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы
активтерді басқару өнері - кәсіпорын
шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін
қажет болатын қаржы-ның ең төменгі сомасын
ұстаудан тұрады.
Қаржылық
тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының
бірі - бұл қаржы ресурстарының
құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы
мен такти-касының дұрыс таңдалып алынуы.
Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса,
соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен
бірге тек таза табыстың көлемі ғана
емес, сонымен қатар оны тара-ту құрылымы,
әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған
бөлігі де өте маңызды бо-лып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін ти-гізеді.
Жоғарыда
айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның
қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай
ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
•кәсіпорынның
салалық топқа жатуы;
•шығарылатын
өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және
оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы
үлесі;
•төленген
жарғылық капиталдьщ мөлшері;
•шығындардың
көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динами-касы;
• қорлар
мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын
қоса алғандағы мү-лік пен қаржы ресурстарының
жағдайы;
•кәсіпорындарды
басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның
тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда
оның өз кон-трагенттерімен (салық органдары,
банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар,
акционерлер және тағы басқалар) өзара
қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сон-дықтан
да серіктестермен реттелген іскерлік
қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың
бірден-бір шарты болып табылады. Әрине,
акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты
тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты
төлейтін қаржы-лық тұрақты "кәсіпорындарға
салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы
үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта
да кәсіпорынның қаржылық жағ-дайы көршісіне
қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ,
бұл жыл сайын өз об-лигациясы бойынша
белгілі бір пайызбен алғысы келетін,
ал заем мерзімі біт-кен уақытта-облигация
құнын толық өтеуді талап ететін облигация
иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық
кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелері-мен
тәуекел ете отырып несие алушының өз
қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды,
сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай
отырып, кез кел-ген банк өз клиентінің
қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз
еті-луін тексереді. Басқаша айтқанда,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер
осы кәсіпорынға несие беру орынды ма,
жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда
- қандай пайызбен және қанша мерзімге
деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі
болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар
сенімді жә-не төлем қабілеттілігі жоғары
кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен
ықылас-пен отырады. Тіпті қаржы органдары,
әсіресе салық инспекциясы кәсіпорын-ның
жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі
тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен
басқа да міндетті төлемдерді уакытылы
және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзі-нің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін ба-ғалайды.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс
істеуші кәсіпорындардың қаржы-лық жағдайын
талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер
болып табылады:
•активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды тара-тудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
•айналым
капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін)
және ағымдағы міндетте-мелермен арақатынасын
анықтау;
•қаржы-есептік
және несие ережесін сақтау;
•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш
және
қорлар есебі;
•баланстың
өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының
және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік
және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын
табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын
табысының салыстырмалы көрсеткіштерін,
сондай-ақ олардың дең-гейінің өзгеруіне
әсер етуші факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның
іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдау-дың қор ытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:
жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы
коммерциялық, өндірістік және қаржылық
қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық
қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде
меншікті және тартылған капиталдың көлемі
мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі
болып табылады. Ол қаржы ресурстарының
жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына,
есеп және несие тәртібін сақ-тауға, меншікті
және қарыз қаражаттарының арасындағы
арақатынастың рацио-налдылығына, сондай-ақ
кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржы-лық тұрақтылыққа қол жеткізуге
бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің
қар-жылық, өндірістік және коммерциялық
жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара
тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің
жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату
көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның
өзі алатын төлем-дерді және ақша қаражаттарын
алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарасты-рылған
сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының
қажетті деңгейге сәй-кестігіне және оны
бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты
болады.
Жоғары
сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу
кәсіпорынның қаржылық ресурстарының
қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс
процесінде өнім сапа-сының төмендеуі
және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын
шотына ақша қа-ражаттарының келіп түсуіне
кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс
та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы
материалдық ресурстардың келіп түсуінің
іркілісіне, демек өндіріс процесінің
тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының норма-сының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөл-шерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қара-жаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қоры-тылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс та-бады.
Кәсіпорынның
қаржылық қызметінің қалыпты болуы
әсіресе өз кезеңіндегі қойылған
мақсаттарға қол жеткізу үшін
қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып
табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының
тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
1.2.
Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР
Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы
№2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң
күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан
бастап қаржылық есеп беруге мыналар
жатады:
1) бухгалтерлік
баланс;
2) қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша
қаражаттарының қозғалысы
Онда
сонымен қатар түсіндірме хат
болады, сондай-ақ қаржылық есеп беру-ге
негізделген немесе қаржылық есептен
алынған материалдармен толықты-рылуы
мүмкін және бұл материалдар солармен
бірге оқылады. Түсіндірме хат-та, берілген
субъектінің есеп және есеп берудің қандай
саясатын ұстап отырған-дығы және каржылық
есепті пайдаланушылардың талаптарына
сай басқа да ақ-параттар жазылуы тиіс.
Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел
мен белгі-сіздік туралы, қаржылық есепте
жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді
жазуға болады. Нарықтағы географиялық
сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет
түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің
әсері туралы мәлімдемелер және басқалары
қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны,
жәрдем ақша және басқа
3) активтердің
жалпы құны 60000 еселік есептік
көрсеткіштен аспайды. Қазіргі кезде
бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық
есеп негізі шамалары бо-йынша халықаралық
есеп стандартының талаптарына сай келеді,
себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік
есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей
отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді,
ол біріншіден, негізін құраушы нарық-тық
қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық
жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің
еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке
кіруімен байла-нысты.
.
1997
жылға дейін бухгалтерлік
Мүліктің
түрлері және олардың қалыптасу
көздері сапалық біркелкі белгіле-рі
бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде
баланстың активі мен пас-сиві мүлік және
онын қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық
топтарының аз ғана санынан құралады,
ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке
элемент-тер мен қорытындыланған керсеткіштерден
тұрады. Актив пен пассивтегі бұн-дай жеке
элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер
баланс баптары деп аталады.
Баланстың
актив бөлімінің құрылымына сай
ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері
мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде)
қатаң, белгілі бір дәйекті-лікпен орналасуы
- яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты
мына прин-цип бойынша: өтімділік дәрежесі
аз активтерден өтімділігі көп активтерге
дейін, демек басында баланстың өтімділігі
жағынан төмен бөлімдері мен бапта-ры
жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу
деңгейіне байланысты жоғары өтім-ді активтер
жазылады. Осы принцип бойынша активтің
қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары
(ағымдағы активтер) болып табылады олар
қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы,
есеп айырысу және валюталық шот-тардағы
ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша
қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәреже-сіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жа-ңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипаттала-ды.
Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтер-лік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сү-йейді.
Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып та-былады.
Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, со-ны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы
.
Пассивтер - басқа біреуге тиісті
нәрсе. "Пассив" термині таза
бухгалтерлік ұғым болып
Капитал
- пассивтердің арнайы түрі.
Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғанда-ғы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.
Әлемдік
банк өңдеп шығарған "Қаржылық есеп,
аудит, есеп беру бойынша нұсқаулар"
оқулығында бұл ұғымдарды былайша
түсіндіреді: "Баланстық есеп - бұл
белгілі бір кезеңде жасалған
және осы кезеңдегі ұйымның жалпы
қаржы-лық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын
фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен тікелей
байланысқан баланстық есеп элементтері
дегеніміз бұл ак-тивтер, пассивтер және
капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның
әрі қарайғы жұ-мысын камтамасыз ету үшін
қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы
ақпа-ратты қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді
қаржыландыру көздері туралы ақ-параттан
тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған
ба, жоқ, әлде меншікті ме".
Аталған
оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері
(жақтары) мен эле-менттері келесідей анықталады:
«Актив
дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың
нәтижесінде кәсіпорынмен ба-қыланатын
және болашақта кәсіпорынға экономикалық
табыс әкелетін ресурс.
Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы мін-деттемесі.
Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстары-ның шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал
- бұл пассивтерді активтерден
алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік
қаражаты».
Көріп
отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс
және оның элементтері туралы бұл
анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп
теориясы бойынша оқулықтарымыз-да берілген
анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы
бухгалтерлік есеп тура-лы заңды жасаушылар
негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін
алып отыр. "Қаржылық есептің, субъектінің
қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан
негізгі элементтері – активтер, меншікті
капитал және субъектінің міндеттеме-сі"
болып табылатынын айта келе, олар қаржылық
есептің бұл элементтеріне келесідей
сипаттама береді.

- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
- Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні мен құрылымы
- Кәсіпорынның құрылымы мен қызметі
- Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау
- Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін талдау
- Кәсіпорынның негізгі қорлары
- Кәсіпорынның негізгі қызметтен түсетін табысы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын негізігі бағыттары
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері