Мемлекеттің пайда болу себептері, оның белгілері, міндеттері, түрлері
І. Мемлекеттің пайда болу себептері, оның белгілері, міндеттері, түрлері
Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз.
Мемлекет – саяси жүйенің
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- қалың бұқараның, қаналушы таптың үсемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Адам
қоғамы мыңдаған жылдар өмір
сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып,
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс – бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жан Маритен т.б.
Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы – әке, мемлекеттің басшысы – монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловский т.б.).
Органикалық теория – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. ІV-ІІІ ғ.). Бірақ теория толық түрде ХІХ ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г.Спенсер, Вормс, Прейс т.б.
ХІХ
ғасырдағы ғылымның
Табиғи құқықтық теория – ХVII-ХVІІІ ғғ. Қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкімжоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория – ХІХ ғ. Бұл теорияны уағыздаған: Ч.тард, Л.И.Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы – ХІХ ғ. Қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп түсіндіреді.
Матералистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, сбептері:қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде – мақсатты қорғауы. Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.
Жоғарыда көрсетілген
Кемшілігі – мемлекет пен құқықты тек экономикалық базиспен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктері.
Мемлекеттің бірнеше белгілері бар:
1.Аумақтық (территориялық) бөліну. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұратын. Жоғарғы өкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер-азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған.
Қоғам топтарға бөлінгеннен
2. Ерекше өкімет аппараты. Құлдық дәуірінде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. Аз ғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. құралдары арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған.
3. Мемлекеттің егемендігі. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар.
4. Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандары еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар.
5. Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын.
6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т.т. кірсең де, кірмесең де өз еркінде. Ал мемлекетің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жоқ адам (апатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз келеді. Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады. Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме бірлестіктерден ерекшелендіреді.
Сонымен, мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері (функциялары) болады.
Ішкі қызметтеріне мыналар
а) экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы,үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, экономикалық бағдарлама және т.б. арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с. қатысады;
б) әлеуметтік өмірді
в) заңдылықты қамтамасыз
г) мәдени-тәрбиелік салада
Сонымен қатар мемлекет бір топтың, таптың негізінде басқарушы күшті қалыптастыруға қатысады, бюджет саясатын жүзеге асырады, қарулы күштерді құрып, ұстап, пайдаланады.
Мемлекеттің сыртқы
Сайып келгенде, мемлекеттің ең
басты міндеті – қоғамның
Адамзат тарихында мемлекеттің пайда болуынан бері оның неше түрлі тұрпаттары (типтері) болған. Мемлекеттің тұрпаты қоғамды қандай тап басқарып отырғанынан, қандай таптың диктатурасы болып табылатындығынан айқындалады. Тарихқа белгілі мемлекеттің тұрпаттарына мыналар жатады: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Кейбір зерттеушілер мемлекеттің азиялық тұрпаты туралы жазып жүр. Бірақ бұл мәселе онша негізделмеген. Себебі, Азияда мемлекеттің бірнеше түрі болғаны белгілі. Сондықтан ол әлі талас тудыруда.
Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның үш жағы бар: 1) басқару түрі, 2) саяси тәртібі, 3) мемлекеттік құрылысы.
Басқару түрі жоғары өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.
Монархия - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі. Сондықтан оның билігі – мұралық билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау, мемлеекеттің міндеті. Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орагн шектемейді, жжоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Шектелген монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелегн монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы Үндістан.
Республика. Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса. Осындай мемлекеттік басқару формасы республика деп аталады. Республика мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика мемлекеттік деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды. Республиканың ең бірінші – түрі Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20жасқа толған ер адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ. Грецияның негізгі органы – халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін заң шығарды. Басқа органдар бесжүздік Кеңес, гелиэй, қызмтекерлер, стратегтер, белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын.
Орта ғасырларда республика
Жаңа кезеңде республиканың
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіндіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет – әлсіз президент.
Тұтас мемлекеттер. "Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды" делінген Конституцияның кіріспесінде (унус деген сөз – бір, жалғыз деп лат. Тілінен аударылады). Тұтас мемлекеттер тек қана әкімшілік-жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілді органдар мастихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік-аймақтық бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті атқару орган – әкім.
Федерация. (федус деген сөз – одақ деп лат. Тілінен аударылады). Құрама мемлекет – күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъектілері ішкі істерін ерікті өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Бірақ тәжірибеде кейбір федерацияның субъектілері өздері халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар еді, мысалы СССР (украина мен Белорусия ООН мүшесі), Югославия, США, Канада. Көбіне олардың тәуелсіздігі формальды өкілі ретінде шарттарға орталық билік қолын қойғанын дұрыс санайды.
Федерацияда конституция,
Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация – белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппараты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын біріктірді. Вашингтон бұл федерацияны "құмнан істелген арқан" деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шешті: әскер, ақша, шет істер, басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған еді. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда – 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы біріккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда орталық биліктің шешімдері тек конфедерация субъектінің мемлекеттік органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектілері халықаралық қарым-қатынастардың субъектілері болып қала береді. Конфедерациялар өте әлсіз және тұрақты емес.
Мемлекет еңбекті қоғамдық бөлудің, жекеменшіктің пайда болуының және таптардың құрылуының нәтижесінде өмірге келді. Мемлекет саяси жүйенің аса маңызды институты болып табылады. Ол билік пен ресурстарды өз қолына шоғырландырады, бұл оған қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тиімді ықпал етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет – белгілі бір құрылымы бар, саяси билікті және белгілі бір аймақтағы әлеуметтік үрдістерге басшылық жасауды ұйымдастыратын саяси қауымдастық болып табылады. Анығырақ айтсақ, ол тұтастай алғанда қоғамның өмір тіршілігін ұйымдастыру және жетекші таптың, басқа да әлеуметтік топтар мен халықтың белгілі бір тобының саясаттарын іс жүзіне асыру үшін құрылады.
Тарихи тұрғыдан алғанда
ІІ. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны. Қазақстандағы құқықтық мемлекеттің даму ерекшеліктері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұ лмәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе – Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекеттік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағынан алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықтық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары:Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: "Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ", - деді. Феодалдық дәуірде Н.Макиавелли, Ж.Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.
Құқықтық мемлекет орнату
Гроцкий – қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық – адамды өоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі – мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.
Монтескье – мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк – Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.
Кант – құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін қалыптастыру деп түсіндірді.
Гегель – қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқық пен моральдың бірлестігін дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.
Маркс – құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса, құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық Маркстің ұғымында, - қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде-мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады.
Азаматтық қоғам ғылыми
Азаматтық қоғамның пайда
Азаматтық қоғам идеясы өте
ертеде пайда болған. Аристотель
еңбектерінің өзінде біз
Кейінірек
бұл мәселеге елеулі үлес
Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель менмаркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп, құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті.
Қазіргі заманда құқықтық
Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекеттің
- Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескеріп, жаңарып жататын көп қырлы құбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын құруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
- Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі – өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктің шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі – өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нығайтуға болады.
- Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі – өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет, сонымен, бірге әлеуметтік мемлекет.
- Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі-гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
- Құқықтық мемлекеттің саяси негізі – халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып, қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару.

- Мемлекеттің пайда болу тарихы
- Мемлекеттің пайда болу тарихы
- Мемлекеттің пайда болууы
- Мемлекеттің пайда болуы
- Мемлекеттің пайда болуы
- Мемлекеттің пайда болуы
- Мемлекеттің пайда болуы
- Мемлекеттің қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеу
- Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері, құрылымы және мақсаттары
- Мемлекеттің нысаны
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері