Мемлекеттің пайда болуы. 6

                              Жоспар:

 

 1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері

2. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы.

3. Құқықтық қатнастар және мемлекеттің пайда болу  теориялары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері

 

Адам қоғамы мындаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің  азаматы болып, сол мемлекеттің  билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді.

Мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндетгерін қалай орындауына, қандай қызмет атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырақ тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрады.

      Функция — заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсатгарды, міндеттерді орындау кызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген занды ұғым қалыптасады.

       Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланылды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бүрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор өсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы.

 

  Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:

1) Малшылық

2) Жер игеру

3) Өндірістік 

4) Саудагерлер  тобы

 Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

        Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.

        Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:

1. Шығыс елдерінде  ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б.  шығыс типті елдерде) мемлекеттің  қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:

1) Ірі су каналдарын  жасау;

2) Суармалы ирригациялық  жүйелер құру;

3) Құрғақшылықпен күресу.

 Міне осы күрделі  жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

 Сонымен, Шығыс елдеріндегі  мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:

- ірі ирригациялық жүйелерді  жасау;

- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;

- барлық жұмысшыларды  бір орталықтан басқару жатады.

 Мемлекеттің басқару  аппараты бұрынғы ру, тайпаны  басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан  алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.

 Еуропалық  елдерде мемлекет жеке меншіктің  шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның  тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

        Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.

         Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.

        Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

       Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

 Адам қоғамы  мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің  азаматы болып, сол мемлекеттің  билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып,  өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін  қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға  жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

 Қазақ жерінде  алғашқы қауымдық қоғам заманында  рулық қауым пайда болып, ұзақ  ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “әдет” заңына бағынып келген.

Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже.

 Құқықтық  норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы  дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының,  тәртібінің шеңберін анықтап,  олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

 

 Құқықтық  нормалардың белгілері:

1. Норма мемлекеттік  органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай  нормалар қоғамдағы тәртіптің  үлгісіне айналады, өйткені ол  нормаларды халықтың басым көпшілігі  дұрыс орындайды.

2. Нормада  субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі  нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет  етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері  керек.

3. Норма ерікті  түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

4. Құқықтық  нормалардың жүзеге асырылуын,  орындалуын мемлекет қамтамасыз  етеді.

5. Құқықтық  норма адамдардың, қоғам тәртібінің  кепілдігі ретінде жұмыс істейді.

 

 Сонымен,  құқықтық норма – қоғамдағы  қатынас субьектілерінің құқықтары  мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

 

 Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

 

  Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

 Жалпылама  түрі: нормада субьектілердің міндеттері  мен құқығы айқын көрсетілмейді.

 Толық айқын  түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

  Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.

  Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.

 Санкция  – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.

 

 

 

 

 

 

 Құқықтық қатнастар және мемлекеттің пайда болу  теориялары

 

Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық  құрылымды объективті түрде қажет  ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен –тологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеология Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады. Оның негізгі мынандай постулаттық бар, мемлекеттің айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаушылардан шықты, оны ешкім де шайқала алмады. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттер басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады. Патриархалық теориялар мемлекет отбасының өсіп -өркендеуінің пайда болады да түсіндіріледі. Оның өкілдерінде ежелгі грек философы Аристотель б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге оырс социологы Михайловский (1842-1904жж) жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік пен шешеннің қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де қашан әлеуметтік қабаттарда бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан тыс шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді, тайпалық құрлым қиындай түседі. Модан келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами бастады. Мемлекетт қоғамының ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі эволюцияда мемлекет қоғамды басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі ретінде жұмыс жүргізді. Мемлекеттік биліктің өзіндік белгілері жалпыға бірдейлік және (барлық) әмбебаттық болып табылады. Жалпыға бірдейлік бар аумақтық және бар тұрғындарға таратылудан , ал әмбебаптық ортқ мүдделерді қорының кез келген мәселелерді шешу мүмкіндігінен көрінеді. Бұқаралық билік мемлекеттік орындарды жүзеге асады және мемлекеттік билік ретінде іс-әрекет жүргізіді. Оны мен аппаратын құрайтын адамдардың ерекше санына жүргізе арттырады.

 Құқық мемлекет  сияқты қоғам дамуының белгілі  бір кезеңдегі өнімі болып  табылады. Жалпыға бірдей міндетті  әлеуметтік нормалардың пайда  болуы бір әлеуметтік топ үшін  нысардарға иелік ету және пайдалану белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға иелік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Жалпылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік әлеуметтік топтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен нағыз байланысты. Мемлекет белгілі бір кезеңде осы маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді. Сонымен, бірге құқықтық жаңа нормаларын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Құқық нормасы мемлекетпен рұхсат етілмей немесе белгіленеге жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін құран ретінде шартты түрде бекітемінжалпыға бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережесі. Құқықтық қатынастар – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өз ара алмастырып отыратын құқықтар және міндеттермен айшыққан құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Құқықты қатынастардың субъектілері (қатысушылары) құқық қаблеттілігі бар нақты және заңды тұлғалар бола алады.

 Құқық қаблеттілігі  деген құқыққа және міндетке  не болу қаблеттілігі, ал әскет  қаблеттілігі деген олар жүзеге  асыру қаблеттілігі. Құқықтық қатынастардың  пайда болуы, өзгерілуі және  нақтылануы заңдық жағдайлармен  заңдық маңызы бар нақтылы  мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы. өзгерілуі және тоқтатылуын байланыстырады.

 Мемлекет  қоғамның көп салалы, көп жүйелі  құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге  келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.

 Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.

 Психологиялық  теория — XIX ғ. бұл теорияны  уағыздаған: Ч.Тард, Л.И. Петражицкий.  Коғам мен мемлекетті бұл теория  адамдардың психологиялық біріккен  көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі  — бәрі келісіп ұжымдық түрде  басқаруы. Коғам мен мемлекет  адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.

 Күштеу  теориясы — XIX ғ. қалыптаскдн  пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К.  Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны:  күшті рулар, тайпалар өздерімен  шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді.

 Материалистік  теория — мемлекет пен құқықтың  пайда болуын экономикалық тұрғыдан  түсіндіреді, себептері: қоғамдық  еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен қққықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.

 Мемлекет қоғамның  көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына  сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.

 Жоғарыда көрсетілген  теориялардың бәрінде де кемшіліктер  мен жетістіктері бар. Оны ғалымдар  пайдаланады. Мемлекет және құқықтың  пайда болуын, ғылыми тұрғыдан  дұрысырақ түсіндіретін — тарихи  материалистік теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды-қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс.

 Кемшілігі — мемлекет  пен құқықгы тек экономикалық  базис пен шектеуі, жалпы теорияның  атқаратын жұмысын бір жақты  түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктер.

 Бүгінгі  тандағы мемлекеттің басты ерекшелігі  айматтарды мемлекеттік және  коғамдық істерге нақтылы қатыстыруды  қамтамасыз ететін, шын мәніндегі,  демократиялық қоғам құру болып  табылатындығында. Республика Конституциясының 3-бабында: "Мемлекеттік биліктің  бірден-бір бастауы — халық" деп көрсетілсе, 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демок-ратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады" деп атап көрсетілген. Мұның мәні неде? Оның мәні бәрінен бұрын ізгілік іргетасынын, қалануында, яғни азаматтың, жеке адамның бостандығы, ар-ожданы, ар-намысы. Бұл—халықтың, қоғам мен мемлекеттің өмірінде заңның үстем болуы арқылы қол жеткізілетін нәрсе. Од адамнын құқығы мен бостандығын, бейбітшіл азаматтық коғам құруды және ұлтаралық татулықты, сондай-ақ адамның өзі және өз ұрпақтары үшін лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді.

 Кеңестік  дәуірді де, қазіргі кезенде де  мемлекетгің функциясын дамытуға  көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұның терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату.

 Мемлекеттің  функциясы туралы әр түрлі  ой-пікірлер бар. Солардың бірі  — функция көп өзгеріске ұшырамайтын  деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.

 Мемлекеттің  функциясының орындалуын қамтамасыз  ететін

 — мемлекеттік  аппарат пен органдар. Әуелі функцияны  орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция — орган

 — аппарат  — мемлекет. Мемлекеттің функциясы  арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:

- қызметтің  жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының  мазмұны және қатынастардың түрлері  арқылы анықталады;

- функция  сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;

- мемлекеттің  қызметі аппараттарының қызметіне  ұқсамайды. Мемлекет функциясы  қоғамдық көлемде жүргізіледі; 

 Мемлекет  функциясы

 Қазақстан  Республикасы мемлекетінің функциясы,  яғни (миайтын ролі ретінде оның  қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі. Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

 Ішкі функцияларға  еліміздін материалдық-техникалық  базасын құрып. дамытуға бағытталған  мына қызмет салалары мәдени-тәрбие  жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар:

 әлеуметтік  қызмет көрсету, яғни адамдарға  жан-жақты камкорлық жасаудың  ізгілікті саясатын жүзеге асыру.  Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады;

 құқық тәртібін  қорғау Конституцияға сүйене  отырып, бақылау арқылы оның талаптарын  орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады.

 Құқықтың  мәні Конституцияда және басқа  да заңдарда бекітіліп, тиянақталған  оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интерпационализм, гуманизм.

 Саяси биліктің  халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.

 Меншіктің  дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі— мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.

 Конституцияда  Республиканың экономикасы мемлекеттік,  сонымен қатар жеке меншік  нысандарына негізделетіні, ал  мемлекет меншіктің барлық субъектілерінін.  заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.

 Демократизм  азаматтық күқьіқтар мен бостандықтардың  кен. ауқымымен ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді  шешуге қатысу құкығын қамтамасыз ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді. Демокра-тизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы қоғамдык, бірлес-тіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік және жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік береді.

 Интернационализм  — барлық ұлттар мен ұлыстардың  өзінің саяси, шаруашылык және  мөдени дамуындағы заң жүзіндегі  және іс жүзіндегі тендікті  тану және оны қүқықпен қамтама-сыз  ету болып түсініледі. Республикамызда  нәсіліне, үлтына, тіліне және т.б.  жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы интернационалдык үйым.

 Мемлекет  қызметінің орындалу әдістері: жеке  тұлғалар ерікті, ерексіз түрде  орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі.

 Құқықтың  саясатпен және экономикамен  арақатынасын білудің құқықтың  мәнін сипаттаудағы маңызы зор.  Құқық пен саясаттың мазмұны  қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі.

 Құқық экономикалық  базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық жағдайы  өзгергек сайын құқықта өзгеріп  отырады. Қазіргі уақыттағы шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше өзгеріске үшырап, толық-тырылып отыруы занды құбылыс. Қоғамдық катынастардың бұдан кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.

3. Конституциялық  құқық дегеніміз — Қазақстан  Республикасының мемлекеттік және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық катынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау жүйесінің негіздерін халықтың колындағы мемлекетгік билікті іске асыру тетіктерін реттейтін және белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

- мемлекеттің  атқаратын қызметін мемлекеттік  жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра  білуге болады;

 Мемлекет  қызметінің орындалу әдістері: жеке  тұлғалар ерікті, ерексіз түрде  орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық, құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау. Үйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға т.б.); саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.

 Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының қүқықтық нысаны дейді.

 Бұл мемлекеттік  биліктің нақты орындалуының  құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді:

1). Нормативтік  актілер аршылды орындалу нысаны;

2). Жалпылама  нормативтік актілер арқылы орындалу  нысаны.

 Нақты нысанның  өзі үшке бөлінеді:

1). Құқық шығармашылық;

2). Қүқықты  орындаушылық;

3). Құқықты  қорғаушылық.

 Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.

Конституцияны Қазақстанның халқы қабылдады. Онда халықтың еркі білдірілген. Социализм тұсында да Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Бірақ сонымен бірге халық еңбекшілерден — жұмысшы тобынан, ұжымшар шаруаларынан және еңбекші интеллигенциядан тұрады деп атап көрсетілді. Халықтың мұндай сипаттамасы кез келген қоғамдық құбылысқа таптық тұрғыдан қарайтын марксизм-ленинизмге негізделген болатын.

 Қазақстан  Республикасының 1993 жылғы Конституциясы  «халық» деген ұғымға таптық  сипаттама беруден тұңғыш рет  бас тартты. Онда жұмысшы тобы, ұжымшаршы шаруалар мен енбекші  интеллигенция деген сөздер айтылған жоқ. «Еңбекшілер» деген термин Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясында да, сондай-ақ 1995 жылғы Конституциясында да қолданылған жоқ. Бірақ екі Конституцияда да халық туралы сөз болды. Қазақстан Республикасының Конституциясында «халық» барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын тұтас әлеуметтік саяси құбылыс ретінде түсінілді. Демек, «халық» деген ұғымның мәнісі мынада: біріншіден, ол әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді; ал мұның өзі қоғамда бейбітшілікті сақтауда өте маңызды болып табылады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына қарай әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлінбей, сол себептен де ешкімнің жағына шықпайды, өзін халықтьщ бір ғана тобының заң шығарушылық актісі деп танымайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкіл халықтың өкілі деп таниды. Мұның мәнісі: мемлекет халықтың бір тобын қудалау арқылы оның екінші бір тобына артықшылық бермейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына олардың әлеуметтік жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, құқықтарына шек қоймай, тұтас күйінде конституииялық-құқықтық қатынастардың субъектісі деп таниды.

 Мұның мәнісі: қазақ ұлты мемлекеттің — яғни  бүкіл халықтың әлеуметтік базасының  ұйтқысы сияқты болғанымен, оған айырықша: не құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, немесе мәдени артықшылыктар берілмейді. Қазақтілінің мемлекеттік тіл болуын артықшылық деп санауға болмайды. Ол өзінің түрі жағынан барлық жерде, барлық жағдайда ұлттық болып табылатын мемлекеттің сипаттамасына ғана жатады. Орыс тілінің ресми түрде қолданылатын тіл деп танылуы да бұл салада қазақтарда артықшылықтың жоқ екендігін көрсетеді.

 Сонымен  халықтың Қазақстан Республикасының  Конституциясын жасаушы деп танылуы  оның мазмұндық нәрін білдіреді.  Сондықтан да Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы: «Біз... Қазақстан халқы... осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен басталады. Қазақстан халқы оны референдумның нәтижесінде қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізіледі. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны қабылдап қана қоймайды, ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Рас, Конституцияға енгізілетін түзетулер мен өзгерістердің жобасын Президент Парламенттің қарауына тапсыра алады. Ал ондай жағайда халық қалыс қалмайды. Парламент-халықтың жоғарғы өкілеттік органы; сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді халықтың атынан және соның мүддесін көздеп кабылдайды.

 Қазақстан  халқы Конституцияны қабылдаған  бірде-бір субъекті болғандығынан  оның құрылтайлық сипаты келіп  туындайды. Халық елдегі мемлекеттік  биліктің бірден бір қайнар  көзі және дербестіктін, шын мәңіндегі  иесі болып табылады. Сондықтан,  онда құрылтайшылық билік болады. Қазақстан халқы мемлекетті нақ осы Конституция арқылы құрды, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылысының негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін анықтады.

 Мемлекеттік  құрылымның біртұтастық нысаны, басқарудың президенттік нысаны және аумақтық тұтастық өзгертілмейді. Конституиияның тағы бір маңызды ерекшелігі — ол, бір жағынан, мемлекетгің, ал екінші жағынан, — қоғамның негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі мемлекеттік биліктің кай-нар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік базасы (ұстаушысы) ретіндегі халықтын, мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті барлық өзгеше белгілерімен қоса құрады. Оны барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы өкімет билігімен, азаматтығымен, дербес заң шығарушылық кызметімен т.б. қоса баянды етеді. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттары мен өзара қарым-қатынасының негіздерін қалайды. Ол қоғамдық құрылыетың экономикалық, ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін анықтайды.

Мемлекеттің пайда болуы. 6