Мемлекеттің пайда болууы
Кіріспе
"Бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы тұрғысынан келгенде қоғамдық ғылымдардың маңызын ешбір жағдайда да төмендетуге болмайды", - деді Президент Н.Ә.Назарбаев. "Адамтанудың" басқада салалрын қоса алғанда әлеуметтік ғылымдар қоғамдық прблемалардың дәл диагнозын беріп қана қоймай, сондай-ақ әлеуметтік жұмылудың тиімді рецептін де ұсынады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың, олардың ішінде философияның бәсекеге барынша қабілетті елу ел қатарына кірудегі орны мен маңызы айтарлықтай.
Тіршілік иесі ретінде Адам екі әсердің жемісі. Біріншіден, әр адам биологиялық дамудың жемісі, екнішіден әрбір адам түрлі қоғамда әртүрлі таптың туындысы болып қалыптасады. Сондықтан ол сол таптың да жемісі. Осы екі әсердің сан қилы болып қиылысуынан адамның өзіне тән сипаты құралады. Жек адамның бүкіл болмысындағы қасиеттердің пайда болуы оның ата-бабаларында болған қасиеттермен байланысты. Тегіне тарту процесінде адамға ата-анасынан кейбір қасиеттер жиынтық түрде дариды. Мысалы, бір мінезі әкесіне, бір мінез шешесіне, ал түрі бірнеше буын бұрын өткен әжесіне кейде тіпті арғы тегіндегі бір туысқанына тартуы мүмкін.
"Адам қоғамы – айуандар қоғамның шарықтаған, жетілген түрі" дейді ғалымдар. Олай болса, біз өзімізді толайым түсіну үшін айуандар тірлігіне үңілуге арланбауымыз керек. Тегіне тарту заңдылығы үгіт-насихатты, тәрбиені тыңдамайды, пішіні әсерліленіп бейімделгенімен, мазмұны өзгермейді. Қаншама жібітіп, сулап, дымдап жайып қойсаң да "көн қатса қалпына барады". Бұл заңдылық тектік қордағы информациялық материалды бұзғанда ғана өзгереді.
Адамзат қоғамына жағымды және
жағымсыз деген екі ұғымды
теологиялық, яғни діни "адал"
және "арам" деген екі ұғым
сөзбен бейнелесек, құдайсыздар
үшін бұл ұғымдар әншейін бос
сөз. Адал мен арамның қарама-
Француз
философы Огюст Конт эгоизмге
кереғар ұғым ретінде
1.Философия тарихындағы адам философиясы
Философия тарихында адам мәселесіне соқпаған, оның рухани және материалдық болмысының түрлі қырларын ой елегінен өткізбеген ойшылды, философты, тұтас философиялық ағымдар мен мектептерді табу өте қиын болар еді. Адамзаттың дүниені, айнала ортаны танып-білуінің түп қызығы адам екенін бүкіл тарих дәлелдеп келеді. Көне Қытай философы Лао Цзы:"Басқаларды білетін адам – ақылды, өзін танып білген адам- данышпан", - депті. Ертедегі грек ойшылы Протагордың: "Барлық заттың өлшемі - адам" деген қанатты сөзі кең тараған. Гректің тағы бір атақты ойшылы Фалестен:"Дүниедегі ең оңай нәрсе не?"- деп сұрағанда : "Басқаға ақыл айту", ал "Ең қиын нәрсе не?" – дегенде "Өзіңді танып білу" деп жауап беруі де осыны білдіреді.
Сөйтіп, адам проблемасы философиялық іліммен құрдас десе де болады. Яғни философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны белгілі. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іштей де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа жанады, ал тас жанбайды. Мұның себебін білмейтіндігін адам өзі түсінеді, онда бұған таңдану сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта туады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.
Біздің
білуімізше , философияның мәселсі
- бұл сананың, рухтың, табиғатқа,
материяға, субъективтің ішкі
дүниесінің объективтікке
Материяны, табиғатты – алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы – алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамның проблемасынсыз философия жоқ. Бұл философиялардың екеуінің түсініктері мен көзқарастары басқаша, қарама-қарсы болғанымен, қарастыратын, зерттейтін негізі біреу ғана. Ол адамға тән қасиеттердің сыртқы дүниеге және сол сыртқы дүниенің бұл қасиеттерге қатынасы.
Этикалық білім ретінде
Платон философиясының өте маңызды бөлімі – адамның арманынан шығатын " Мемдекет" туралы ілім. Дүниедегі бірден- бір әділетті мемлекет қандай болуы керек – философ осыны кескіндеп, бейнелеп беруді өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті ең ақылды, білімді адам, яғни, Платонның ойлуынша, философ басқаруға тиіс. Ондағы азаматтар үш топқа бөлінеді: қарапайым еңбек адамдары, күзетшілер және басқарушылыр. Негізінен мемлекет басына келетіндер соңғылардың ішінен шығады. Бірақ алғашқылардың арасында ерекше қабілетімен көзге түскен бірлі жарым жастардың көтерілуі мүмкін леп біледі Платон. Әдіолдік принципі үстем, мінсіө мемлекет жасаудың басты шарты етіп Платон адмға сол мақстақа лайықты білім, тәрбие беру мәселесін қояды. Оқу, тәрбиенің міндеті – адамдарды ізгі ниетті, ержүрек таза, өнерлі азаматтарға айналдыру. Мемлекет басқарушы тап болып есептелетін күзетшілер кішкентай жабайы үйлерде ғана тұрады, жалпыға ортақ асханалардан қарапайым тамақ ішеді, өмірге ең бір қажет заттар болмаса, жеке меншік болмайды. Олардың алтын, күміс тәрізді асыл бұйым жинауына тыйым салынады. Бақытты болу байлықта емес. Мінсіз мемлекеттің мақсаты бір ғана күзетшілер табын емес, барлық азаматтарды бақытты ету деп түсіндіреді Платон.
Адам проблемаларына
Адамның
ақыл-ой құдіретінен туатын
Канттың
адам проблемасына арналған
Классикалық неміс философиясына келетін болсақ, ол адамды мәдениет дүниесіне қатысушы, рухани қызметтің іске асырушысы, жалпы дүниелік сананың, рухтың, ой-парасаттың иесі деп қарастырды.
2. Адам тіршілігінің табиғи-биологиялық алғышарты. Адамның әлеуметтік мәні
Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.
Бұл
арада адамның қоғамда алатын
орны мен рөлінің сипаттамасын
айтып отырмыз. Ал адам
"Адам деген кім?" деп сұрақ қойып, басты ауыртудың қажеті қанша, мұнда тұрған не қиындық бар?- деген сұрақтың ойға оралуы да мүмкін. Дегенмен, бұл сұраққа тереңірек үңіліп, адам ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан анықтауға тырыссақ, бірден-ақ үлкен қиындыққа кездесеміз. Тарихшы-антрополог пен психологтың адамға беретін анықтамасы екі түолі болуы мүмкін, биолог пен дәрігердің түсініктері бір-біріне ұқсамауы ықтимал. Өйткені бұлардың әрқайсысы күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана қырын зерттейді және адамға негізінен өз замандасы тұрғысынан қарайды. Ондай сыңаржақтыкөзқарас көп қырлы тұтас тұлғаның өзекті мәнін толық аша алмайды. Тіпті бұл жекелеген ғылымдарға тән ұғымдардың жай қисындысы да адамның тұтас бейнесін бере қоймайды. Бұл иіндетті орындауға қабілеті жететін бір ғана білім саласы бар, ол-философия. Дүниені, оның құрамына кіретін бөлімдерін философия жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде қарастыруға, сол әдіспен олардың бәрін қамтитын жалпы заңдылықтарды ашуға тырысады. Сол сияқты адамның да әр түрлі құрамдас жақтары мен қырларын жеке-жеке зерттеумен шұғылданбайды, ең маңыздысы адамды адам ететін сапалық қасиеттердің жалпылама байланыстарын, тұтастығын қарастыру арқылы оның ерекше қоғамдық мәнін ашуды мақсат етеді.
Философия
тарихында берілген анықтамлар
көп. Аристотельдің анықтамасы
бойынша, адам – қоғамдық
Философиялық антропологияның
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек процесінде ғана адамдар қатысу, байланыс жасаудың қажеттілігін үйренеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адмның өмір сүруіне қажетті материалдық заттар өндіру әдісінен туады.
Адамның
биологиялық және әлеуметтік
өлшемдерінің өзара
Екі
"индивид","индивидуальность","
Дара адам (индивид) – көптің бірі, жалпы адамзаттың нақты өкілі, дара. Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен келбетке ие болса болғаны. Оның санасы жоғары ма, жоқ па, елмен сөйлесе ала ма, әлде сөйлесе алмай ма, бұлардың оған қажеті аз. Әлемде қанша миллиард адам бар, соның әрқайсысы – жеке-дара адам.
Ерекшелікті адам (индивидуальность). Ол – өзіндік, тек соған тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет пішіні, түр-сипаты, азаматтық қасиеті, т.б. бар адам. Ерекшелікті адам – сол қасиетермен қайталанбас феномен. Ол дүниеге бір-ақ рет келеді, әркімнің орны бөлек. Сондықтан бір заманда қағаз-құжаттарға бармақты басу мөр орнына жүрген. Сол сияқты дара адам болу үшін оның мінезі бар ма, жоқ қажеті жоқ, ал ерекшелікті адамға мұның бәрі қажет. Жоғарыда келтірілген әл-Фараби айтқан адамдағы үш қасиет те осыған жатады. Әрбір адамда әрқилы қабілет, бейімділік бар. Ол да сондай ерекшелік.
Кісі, тұлға жетілген, кәмелетке жеткен адам (личность). Жас нәресте де, бала да –адам. Олардың нақты ерекшеліктері бар. Бірақ олар кісі болған жоқ, кәмелетке жетпеген. Кісі деп ер жеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне жауап бере алатынадамды айтады. Ондай адамның дүниеге көзқарасы бар. Әрине, ондай адам әр түрлі:азамат, тәрбиелі, зиялы адам да, маскүнем де, қылмыскер де, ел басшысы да болады. Әр кісінің тарихта алар орны әрқилы.
Кісі дегеніміз – жаңа сапалы, индивидтің
өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи-мәдени
ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын
әлеуметтік-психологиялық және моральдық
қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқатты,
болмысты тануға және өзгертуге бағытталған
жасампаз әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда,
ол – қоғамның өмір тәжірибесін бойына
сіңіріп, байыған, жетілген адам. Кейбір
адам өрескел қылық көрсеткенде халқымыздың:
"әй, мынау кісіліктен жұрдай екен, бар
болғаны сүйек пен еттен жаралған пенде
екен" деп ренжитіні белгілі. Ойлана
келгенде "кісі", "кісілік" деген
түсініктер "личность" деген ұғымға
бір табан жақын келетін сияқты. Ал кісілігі
мол, азаматтығы жұртан асқан, көпшіліктің
көңілінен шыққан, ардақты да, ақылды да
адамдарды халқымыздың "маңдайға біткен"
тұлға деп дәріптейтіні белгілі. Жаңа
туған баланы нәресте, дара адамды индивид
деп атауға болады, бірақ ол әлі кісілікке,
тұлғалық сипатқа ие болған жоқ. Ондай
кісі болып жетілудің биологиялық та,
психологиялық та, тіпті әлеуметтік те
алғышарттарының мүмкіндіктері бар. Алайда
адамзат мәдениетінің тарихи жемістерін
игеру тәжірибесі ол үшін әлі алда. Кісілік
деңгейге көтеріліп, өзінің "мәнін"
тұрақты бекіту үшін сол керек.
3. Адамның әлеуметтік және ұлттық тұрпаты
Адам
– қоғамның туындысы, дәуірдің
өкілі. Адамның туып-өскен,
Алғашқы қауымдық қоғамда адамның жеке басының мүддесі түгелінен рудың ортақ мүддесіне бағынышты болды. Өйткені рудың сыртында жалғыз адамның өзін-өзі асырап күн көруі мүмкін емес еді. Сондықтан дара адамда ерік болған жоқ. Ол қоғамның өмір сүру тәсіліне әрекет жасауға тиісті еді. Бұл жағдай оның әлеуметтік табиғи болып әлі бөліне қоймаған адамдық мәнін анықтады. Тарихтағы ең алғашқы өсіп-жетілмеген адам тұрпаты осындай болды.
Қанаушы
және қаналушы таптарға
Әр
қоғамдық-экономикалық
Социалистік қоғамның өткен формациялармен салыстырғанда кейбір сапа айырмашылықтары болуға тиіс еді. Экономикалық қатынастар саласында – қоғамдық меншік үстемдігі, "әркімнің қабілетіне қарай, әркімнің еңбегіне қарай" ринципінің іске асырылу мүмкіндігі, т.б. Әлеуметік қатынастар саласында – қанаушы таптардың болмауы, еңбекші таптардың мақсат-мүдделерінің барынша жақындасуы, бір ұлттың қанауының жойылуы, ұлттардың тең құқылығын қамтамасыз етуге жол ашылуы. Саяси-идеология саласында – жаңа, социалистік демократияның даму мүмкіндігі, дүниеге диалектикалық материалистік көзқарастарының үстем болуы, адамның табиғатындағы бай рухани қабілеттердің еркін ашылуына қолайлы жағдай жасау мүмкіндіктерінің көптігі. Алайда бұл салалардың Кеңес өкіметі жылдарындағы даму, жетілу жолдары түзу әрі даңғыл болған жоқ. Бұрмалаушылыққа да, қайшылық-қиындықтарға да, тіпті терең ауытқушылыққа да жол берілді. Осыдан келіп қоғам көп жағынан сәтсіздікке ұшырад, халыққа беруге тиісті материалдық, саяси және рухани игіліктерін бере алмады.
Бір кезде социализм тұсында болуға тиіс емес делініп келген адамның биліктен және еңбек бөлісі нәтижесінен жаттануы орын алды. Оның себебі өкімет билігі түгелімен төрешіл әкімшілік жүйенің қолына көшті де, адам мемлекет басқару ісінен сырт қалдырылды. Сол сияқты қоғамдық меншікке айналған елдің экономикалық және рухани байлығына иелік етуші халық та емес, еңбекшілер ұжымы да емес, үкімет басындағы ат төбеліндей билеушілер тобы шықты. Еңбекші адам материалдық дүниенің нәтижесіне иелік ете алмауы былай тұрсын, қоғамдық жиынтық өнімді бөлуге қатысу құқығынан айрылды, еңбекші адамның қоғамдық байлыққа қосатын үлесі көбейген сайын, сол байлықтың шын иесіне айналатын билеуші әкімшілік тобының адамға жасайтын саяси-моральдық өктемдігі орныға түсті. Мұның түпкі себебі – еңбекші адамның өз еңбегінің нәтижелі болуына ынта ықыласы кеміп кетті.
Қалай
болғанда да, ондаған жылдар бойы
халқымыз осы қоғамдық ортада
өмір сүрді. Оның кемшілік, қате
жақтарын былай қойғанда, көңлге
нанымды, шын мәніндегі
Бір
кезде біз буржуазиялық
Енді
кісінің ұлттық тұрпаты жайлы
әңгімеге көшейік. Кім де
Нақтылы бір халықты қоршаған қоғамдық ортаның басқа орталардан өзгешелігін тудыратын факторлар қандай?
Әр
халықтың тарихи қалыптасқан,
өз алдына ежелгі шаруашылық
кәсібі бар: Біреулер ұсақ
Бір халықтың екінші халықтан этнопсихологиялық айырмашылығын анықтайтын факторлардың бірі – географиялық ортаның ерекшеліктері. Таулы, орманды жерлер мен теңіз жағалауының, үлкен өзендер бойының, кең, ашық не құмды шөл даланың, солтүстіктің қатаң суығы мен оңтүстіктің жойқын ыстығының тұрғын халықтарға, олардың өмір салтына, тұрмысжайына, сол арқылы әдет-ғұрпы мен психологиясына тигізетін әсері әр түрлі. Аталған факторлардың қатарына көршілес және басқа халықтармен қарым-қатысының, діни-идеологиялық өмірінің ерекшеліктері де жатады. Бұл факторлардың өзіндік түрлеріне ұқсамайтын қырлары қосылып, халықты өз қоршауында өсірген тарихи ортаның өзгешелікті бай бейнесін жасайды. Сол бейне ұзақ уақыт бойы ықпал ету арқылы адамның жан-дүниесінің көптеген қыр-сырын белгілі бір қалыпқа түсіріп шынықтырады да, оларға этникалық бояу беріп, ұлттық-психологиялық қасиеттерге айналдырады. Өмір сүру және адамдар арасындағы қарым-қатынас барысында қалыптасып жетілген бұл ішкі қасиеттер сыртқа шығып, ерекше көріністер береді. Осының арқасында түрлі ұлт адамдарының ұлттық тұрпатының өзгешелігіне негізінде осы айырмашылықтар жатады.

- Мемлекеттің пайда болуы
- Мемлекеттің пайда болуы
- Мемлекеттің пайда болуы
- Мемлекеттің пайда болуы
- Мемлекеттің пайда болуы
- Мемлекеттің пайда болуы
- Мемлекеттің пайда болуы
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- Мемлекеттің пайда болу себептері, оның белгілері, міндеттері, түрлері
- Мемлекеттің пайда болу тарихы
- Мемлекеттің пайда болу тарихы