Монополияныңмәнi, түсiнiгi және оныңтүрлерi

Жоспар

Кіріспе ..........................................................................................3 – бет  

1- БӨЛІМ. БАНКТІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫ............... 4 – бет

    1.1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы.......... 4 – бет

      1.2 Банктік меншікті капиталының көздері мен

                                                                          Қызметтері........ 6 – бет

      1.3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі........ 10 – бет

2 – БӨЛІМ. БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ................................ 13 – бет

      2.1 Банктің тартылған қаражаттары............................. 13 – бет

      2.2 Банктің депозиттік операциялары............................ 14 – бет

      2.3 Қазақстандағы депозиттік нарықтың жағдайы..... 19 – бет  
     

Қорытынды............................................................................... 21 – бет  

Қолданған әдебиеттер.............................................................. 22 – бет  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе

   Коммерциялык  банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік опе-рациялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

   "Банк  ресурстары" термині "несиелік  ресурсы" терминіне қарағанда кең үғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондык операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

   Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағ-дайында банк ісінің үйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалады. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сактауға тиіс болды. Банкке кэсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кэсіпорындарға гана жарты-лай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік карыз кор деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресуртары болып саналады. Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының күрылымдарына тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті жэне тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы мен-шікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі қүралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту корлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюд-жет қаражаты, кэсіпорындардың, үйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары жэне халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осын-

дай жағдайларда  банк ресурстары нарығы калыптасып, мемлекеттің  қарыз қоры осы нарыктың бір бөлігін кұрады.

   Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының кұрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктер кызметінің тұрақ-тылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындагы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 – БӨЛІМ. БАНКТІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫ 

    1.1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы 

   Банк  ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы кағаздармен, факторинг, лизинг жэне басқа операциялармен тікелей жү-мыс жасай бастады. Бүл, яғни банктің ресурстық қүрамына тек қана ақ-шалай каражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық қүндылықтар жэне бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. ¥лттық (орталық) банкіміз "банктердің банкі" болып табылатындықтан, коммерциялық банктер ре-сурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да күралады.

   Демек, коммерцияльщ банктер ерекше бір  кэсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кэсіпорынға, үйымға жэне халыққа са-тып отырады.

   Банк  ресурстары бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операішялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз етужэне пайда табу мақсатында орналастыруга багытталатын банктің меншікті және тартылган қаражаттарының жиынтыгы.

   Коммерциялық  банктер ресурстарының күрылымы олардың маманда-нуы, эмбебаптығы  жэне қызметінің ерекшеліктеріне карай ерекшеленеді.

    Банк ресурстарының  қүрылымына мыналар жатады:

  1. Банктің меншікті капиталы.
  2. Банктің заемдық және тартылган қаражаттары.

   Банк  ресурстарының күрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

    2007 жылдың 1 қаңтарына берілген мэліметтер бойынша Қазакстандық екінші деңгейдегі банктердің пассивтері, олардың кұрылымы мен шамасына қарай  1-кестеде топтастырылған. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

        1-кесте. Қазакстандык екінші денгейдегі банктер пассивтерінің кұрылымы мен шамасына топтастырылуы*

    мың теңге

    Банктердің  аттары
Міндеттемелері Меншікті капиталы Барлық пассивтері
1. Қазкоммерцбанкі АҚ 383 359 151 39 265 133 422 624 284
2. ТүранӘлем банкі АҚ 340 308 170 29 670 510 369 978 680
3. Қазакстан Халық Жинак банкі  АҚ 232 454 217 21 100 904 253 555 121
4. Алматы сауда қаржы банкі АҚ
    86 669 542
9 083 160 95 752 702
5. Центркредит банкі АҚ
    75 177 638
7 561 962 82 739 600
6. Нұрбанк АҚ
    51 287 682
7 123 368 58 411 050
7. Каспийский Банкі АҚ
    48 772 598
6 161 812 54 934 410
8. Альянс Банкі АҚ
    46 589 193
4 085 889 50 675 082
9. Еуразия банкі АҚ
    41 954 490
8461 110 50 415 600
10. Ситибанк Қазақстан АҚ
    28 864 535
6 303 720 35 168 255
12. АБН АМРО Қазақстан банкі АҚ
    25 511 314
5 146 055 30 657 369
13. Темірбанк АҚ
    24 249 481
4 413 033 28 662 514
14. НЗВС Казақстан банкі ЕБ
    17 494 355
2 779 504 20 273 859
15. Қазақстан Наурыз банкі АҚ
    15 805 879
2 219 898 18 025 777
17. Цеснабанкі АҚ
    10 812 320
1 428 783 12 241 103
18. Альфа-банк ЕБ
    7 424 480
2 280 476 9 704 956
19. Қазақстандағы Қытай банкі ЕБ  АҚ
    4 185 336
2 450 711 6 636 047
20. Демір Қазақстан банкі АҚ
    2 815 026
1 198 976 4 014 002
21. Нефтебанк АҚ
    2 622 019
913 606 3 535 625
23. Данабанк АҚ
    1 231 666
1 064 945 2 296 611
24. ТПБК АҚ
    929 517
1 290 089 2 219 606
25.Лариба-Банкі  ББ АҚ
    913 270
1 327 307 2 240 577
26. КЗИ банкі АҚ
    886 873
2 213 684 3 100 557
27. ТАИБ Қазақстан банкі ЕБ АҚ
    706 996
1 193 421 1 900 417
28. Қазақстан индустриалды банкі  АҚ
    647 980
1 119 484 1 767 464
29. Сенімбанкі АҚ
    144 537
1 055 273 1 203 310
30. КИБ АҚ
    126 340
1 076 970 1 203 310
31. Заман-банкі АҚ
    98 316
1 034 446 1 132 762
33. Пакістан ұлттық банкі ЕБ АҚ
    46 656
1 113 635 1 160 291
34. Қазақстан Тұрғын үй қүрылыс-жинак  банкі АҚ
    15 638
1 508 473 1 524 111
       

* Қаржы нарығын  және каржы ұйымдарын қадағалау  және реттеу жөніндегі ҚР 
агентігінің есептік материалдарынан
 

   Кестеден  көріп отырғанымыздай, банктердің пассивтерінің өсуіне міндеттемелердің артуы, сонын ішінде депозитік базаның өсуі ықпал ету-де. 2006 жыл бойына екінші деңгейдегі банктердің міндеттемелерінің сомасы 480,9 млрд теңге немесе 47,6% өскен. Депозиттердің құрылымында салымдарды кепілдендіру жүйесіне мүше-банктерде орналасқан жеке тұл-ғалардың салымдары 341,5 млрд теңгені күрады немесе бүл көрсеткіш 2006 жылдың 1 каңтарымен салыстырғанда 42,4% жоғары. 2007 жылдың 1 кантарына екінші деңгейдегі банктердің жиынтық меншікті капиталының мөлшері 44,9% өсіп, 233,6 млрд теңгені құрады. 
 
 
 

     
    1.2 Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері

   Коммерциялық  банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын  кэсіпорындар жэне ұйымдарға қарағанда  өзіндік ерекшеліктерге ие.

   Банктің меншікті капиталы банктін тұрақтылығын қамтамасыз ету-де маңызды. Банктің  бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне  байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, қүрал-жабдық, жалакыға жүмсалатын жэне т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің кызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте кажетті резервтер күрылды. Соны-мен қатар, банктің меншікті капиталы үзак мерзімді активтерге жүмса-лымдардың басты көзі.

   Меншікті  жэне тартылған коммерциялық банк ресурстары ¥лттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бүл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жүмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдыктың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөл-шері активтік операцияларға жүмсалмаған оның ресурстарының шама-сын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақгылығы соғүрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда түрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, эрбір ком-мерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ыкшамдауға үмтылады.

   Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылъқ түрақтылыгын, коммерциялъқ және шаруашылъқ кызметің камтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты агымдагы қызметінің нәтижесіне байланысты жэне өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

    Банктің меншікті капитапының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға эсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсак, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын ныгайту мақсатына жэне банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

   Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердін меншікті капиталы мына-дай баптар кұрайды:

  • жаргылъқ капитал;
  • резервтік капитал;
  • қосымша капиталдар;
  • банк операцияпары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылган қорлар (резервтер);
  • бөлінбеген банк пайдасы.

   Банктің жаргылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде кұрылуын жэне өмір сүруінің экономикальщ негізін қүрайды. Жар-ғылық капиталдың томенгі мөлшері Қазақстан ¥лттык банктердің пру-денциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капи-талы, оның күрылтайшыларының косқан жарналары немесе пайлары сома-сынан түрады.

   Қазақстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі үйымдық фор-маларда қүрыла алады:

  • акционерлік банк формасында;
  • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік форма-сында;

   Пай қосу арқылы күрылған банктің жарғылықкапиталы қүрылтайшылык қүжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан қүралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылык капиталын үлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қос-қан жарналары және пай қосушылардың санының осуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылык капиталын үлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бүрынғы шығарылған акцияларының бағасын осіреді.

   Меншікті  капиталдың күрамдас белігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен күрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал колемі акцияны үстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан кұралады. Акцио-нерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куэландыратын жэне дивиденд алуға жэне банкті басқару ісіне араласуға қүқық беретін бағалы қағаз.

   Акционерлік капиталдың құрылымы эр банктерде эр түрлі келеді. Акционерлік капитал  келесідей түрлерге бөлінеді:

    а) меншікті акционерлік капитал, ягни бұл жай жэне артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал жэне бөлінбеген пайдадан тұрады;

    ә) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған карыздың орнын жа-буға арналады;

    б) банктің  ұзак мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, обли-гациялары).

   Ашык  типтегі банктің акциясы қолдан-қолға  басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе қүрылтайшылардың арасында бөлінеді.

   Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің  таза табысынан дивидент алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына катысып дауыс беруге күқылы.

   Банктің артықшылыгы бар акцияларын иеленушілер түрақты пайыз түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және онын жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға қүқылы.

   Сонымен қатар, банктер қаражат тарту  мақсатында облигацияларды шығарады.

   Жалпы, банктің акционерлік капиталының  кұралуы төмендегідей ке-зеңдерден түрады:

  1. Бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау жэне оны са-раптамадан өткізу;
  2. Бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
  3. Эмитент-банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
  4. Шығарылатын жэне орналастырылатын бағалы кағаздардың нэти-желерін тіркеу.

   Акционерлік банктер акцияларды төмендегідей жағдайларда  шыға-рылады:

  • банкті акционерлік формада құру;
  • банктің жарғылық қорын үлғайту үшін косымша акциялар шығару. Банктің меншікті каражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік

кор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында қүрылған қаражат қоры.

   Сондай-ақ, резервтік қор банктің түрақты  қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік  қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде қүрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың қүралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.

   Қосьшша капиталдар - негізгі қүралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нэтижесінде қүрылатын қаражаттар.

   Арнайы  ңорлар - негізгі қорларды кайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел ва-люталары арасындағы айырма нэтижесінде кұрылады. Валюталық кара-жаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды калыптастыру барысында маңызды.

   Келесі  қорға жекелеген банктік операциялар  бойынша тэуекелді тө-мендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай ре-зервтерге: несиелік тэуекелді жабуға жэне бағалы кағаздардың құнсыз-дануына байланысты құрылған резервтер жатады.

   Бөлінбеген  пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін жэне резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

    Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына  мыналар жатады:

  • банк пайдасы;
  • акциялар шығару;
  • құрылтайшылар жэне пай қосушылар санын арттыру;
  • облигациялар шығару жатады.

   Банк  капиталы банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның каржылық тұрактылығына  кепіл болады жэне банктің басынан  кешетін эр алуан тәуекелдердің  зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:

  • қорганыс ңызметі;
  • шүғыл ңызметі;
  • реттегіштік ңызметі;
  • айналым ңызметі;
  • резервтік қызметі.

   Банктің меншікті капиталының ңорганыс ңызметі, оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне жэне тұрақтылығына тікелей бай-ланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалыкты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.

   Банк  капиталының қорганыс қызметі - банктің салым иелеріне жэрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі - меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.

   Банк  капиталының шүгыл қызметі қорғаныс қызметіне карағанда екінші дэрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер, ғимарат, кұрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер кұруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстар көздері эсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады. 

   Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамсыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бүл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік үйымдар банктер кызметтеріне баға беріп, оган бақылауды жүзеге асырады.

   Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін жэне басқа банктен активтер сатып алу шартын қамтиды. Қазакстан ¥лттық банкі бекіткен пруденциялық нормативтерде банктін меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттегіштік қызметке ссудалык жэне инвестициялык операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.

   Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін күрылмайды. Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мүндай қыз-меттер тэуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мүндағы қызметі тэуекел дэрежесін есепке алатын активтік айналымды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бүл қызметті меншікті капиталдың айналым кызметі деп атайды. Бүл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік жэне лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, қүрылғыларга жэне басқа да негізгі қорларға жүмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

   Резервтік қызметі. Тэуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын тэуекелдерді болдырмау үшін банктер тар-тылатын каражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін қүрайды.

Банктердің төлем  ресурстарының мүмкін болар тапшылығына  бай-ланысты міндетті түрде қүрайтын резервтер сияқты, активтік операцияларды болатын тэуекелдердің орнын толтыру үшін арнайы меншікті капитал резервін қүруға мэжбүр болады. Мүндай зияндар банк капиталының ай-налым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі - резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

    1.3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі

   Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі үзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына жэнё банктер мен оны реттеуші үйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.

   Банктер өздерінің активтерін арттыру ушін капиталдың төменгі мөл-шерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкрот-тықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде бблуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлыгынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жүмыс жасай алады деген пікірлер бар.

   "Капиталдың  жеткіліктілігі" термині банктің жалпы түрактылығын жэне оның тэуекелге бару дэрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бүл банк капиталының мөлшерінің тэуекел дэрежелері ескерілген банк активтеріне сэйкес болуға тиісті. Сондай-ак, коммерциялық банктер өз жүмыстарында банк капиталын шамадан тыс үлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері эсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан - кадағалау жэне бақылау үйымдары, екінші жағынан - банк капиталы мен коммерциялык банктердің баска да қызме-тіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

   Кез келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін мынадай формуламен аныктауға болады:

МК = А - М

мүндағы,

    МК - банктің  меншікті капиталы;

    А - банктің  активтерінің жалпы сомасы;

    М - банктің  міндеттемелері.

   Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте  төменгі үлесінде бо-луы да дүрыс  емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сэйкес келмейтіндігін сипаттайды.

   Банк  меншікті капиталын үлғайтуға негіз  болатын төмендегідей фак-торларды ескеру қажет:

  • банктердің дивидендтері өнеркэсіптік кэсіпорын активтеріне кара-ғанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық күндары өзгеріп отырады;
  • банк көбіне түрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.

   Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа агылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды (пруденциялық нормативтердегі

к2-нің  мәні) қүрайды. Бүл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тэуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйе-сіндегі банктердің активтерінің сапасы элі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашакта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.

   Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйе-сін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.

   Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал  көлемін тура анықтау киын, бірақ  жоғарыда қарастырылған кызметтердің орында-луы үшін, салым иелері мен бақылаушы үйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тэуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің бер-ген ссудаларының тэуекел дэрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар күруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында келесідей міндеттер түрады: тэуекелдің ар-туына байланысты өз капитал мөлшерін үлгайту кажет пе немесе тэуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа жэне банктің басынан кешетін тэуекелдерге тэуелді ме жоқ па? деген балама сауал туындайды.

   Банк  меншікті капиталын бағалау эдістемесі туралы сүрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында хальщаралық каржы үйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 ж. Базель комитеті келісімінің шешімімен "Халықаралық біртүтас капитал есебі жэне капи-тал стандарты туралы келісімшарт" негізінде "Кук коэффициенті" деп аталатын капитал жеткіліктігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жыл-дан бастап күшіне енген бүл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан ¥лттық банкінде, пруденциялык норматив қатарында пайдаланылуда.

   Кук коэффициенті, банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мүндағы меншікті ка-питал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жет-кіліктігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған.

Монополияныңмәнi, түсiнiгi және оныңтүрлерi