Педагогтың кәсібі

Жоспар:

І.  Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім.

1.Педагогтың кәсібі

2.Педагогика  қоғамның ажырамас саласы

3.Педагогиканың  шығуымен дамуы

ІІІ.Қорытынды

IV. Пайдаланған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қоғамда болып  жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері окушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және үлттык, сана – сезімін тәрбиелеуді көздейді Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.    Тәрбиенің сан – салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті түрмыста кездесетін дағдылар аркылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы — бастауыш мектеп. Бастауыш саты — білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез – келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінін калыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жузеге аспақ. Оқушының рухани күш – куаты мен ерік – жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тулғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты түлға  — Ұстаз.     Тек мықты үстаз ғана осындай ауъір жүкті алып жүре алады. 
Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары кастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалыкпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жаксы ұстаздан болады», деп айтқан ұлы Абай. 
Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мүғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен кимыл орекетіне ақьщдың донін сеуіп, нүр құятьш тынымсыз жалын иесі», — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған. 
Мектеп табаддырыгын аттаған жас бала ертеңгі ел түткасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мүғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтык педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына үлттық мінез – құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін меңгертуге тиіс. 
Алдыңгы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, окушылардың жалпы дамуын камтамасыз етуі керек. Мұндай жағдайда мүғалімнің шеберлігі, үйымдастырушылык кабілеті үлкен рөл атқарады. Кіші мектеп окушылары үшін муғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс – қимылына, жүріс – тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым – қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогтың кәсібі

Жоғарыда аталған  міндетті шешу және қазіргі кезде  білім берудің мемлекеттік стандарттарының  жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап  етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс — тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мүғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс — тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді. 
Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіду болып табылады.       Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі – жалпы мәдеииет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мұддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан – жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бул тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз. Мұғалімнің өз бетімен кәсіби білім жетілдіруге дайын болуы   білім жетілдіру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті іс — әрекет пен амалдарды колдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым – қатынасын айқындайтын деңгейі арқылы анықталады. Өзі жеке тұлға болып қалыптасқан адам ғана езгеден де соны керіп, дамыта алады. Өзін маман әрі жеке түлға ретіиде көрсете алатын мұғалім еш уақытта өзінің жақсы қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз «менін» қалай көрсете білуі, оның қаншалықты саналылығын жәие жетілу деңгейін байқатады. Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс — әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым – қатынасқа түскен өзге жандардың да өз — өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін — өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет. 
Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қаралатындығында. Өзін — өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс -әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалык, қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз кызметіне талдау жасап отыру мұғалімге қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі. Қиындықтар муғалімнің дайындық сипатының жеке ерекшелігіне, оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың ерекшеліктеріне бзйланысты педагогикалық процестің кез келген   буынында пайда болып отырады. Қиындықтардың туу себептерін анықтай білу — мұғалімге өзінің педагогикалык қызметінің барысында өз білімін жетілдіру мен өзін — өзі тәрбиелеу жолдарын белгілеуге жәрдемдеседі.   Педагогтың өз бетімен білім жетілдіру қызметі әр түрлі мазмұндық және функционалдық қурамдас бөліктерден тұрады.  Мазмұндық құрамдас бөлікке жалпы мәдениеттілік, пәндік, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік жағынан өз білімін көтеруі жатады. Педагогтың жалпы мәдениеттілік білім көтеруі жалпы педагогикалық құндылыққа толы ақпаратты қабылдау, соған ие болуға арналған.   Ал, өз білімін психологиялық – педагогикалық жағынан көтеруі — педагогикалық және психологиялық әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Осы бағытты арнайы зерттеу мен одан алынған нәтижелерге сүйене отырып, бұл аспектінің білім көтерудің өте бір әлсіз буыны екеніне көзіміз жетті.  Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалык тәжірибені оқып үйрену арқылы, өз кызметін талдап қорыту арқылы жүзеге асырылады.      Бұл бағыт көптеген мұғалімдерде жиі байқалады, бірақ барлық жағдайда бірдей алынған ақпарат саналы түрде шығармашылық тұрғыдан өңделмей, сын тұрғысынан талданбай, тек еліктеушілік сипатта қала береді.    Кәсіби шеберлігі шыңдалып қалыптасқан муғалім үшін бұл да оның өмірінің кәдімгі үйреншікті тірлігіне айналады. Кәсіби перспективтік өздігінше білім алу — бұл муғалімнің өзінің педагогикалық қызметінің нәтижесін талдау негізінде пайда болған белгілі бір психолог иялык, — ледагогикалық немесе әдістемелік мәселе төңірегінде ұзақуақыт бойы жұмыс істеуі.    Өзектілік тұрғысынан педагогикалық өздігінше білім алу дегеніміз — бұл тез шешім қабылдауды қажет ететін педа-гогикалық қызметтегі кейбір елеулі, маңызды, бірақ жекелеген қиындықтар-мен жұмыс. 
Мұғалімнің өз бетінше кәсіби білім алуының мазмұндық компоненттерінің әрқайсысы әртүрлі деңгейде қалыптасқан болып, соның нәтижесінде барлық өзбетінше білім алу қызметі көл деңгейлі білім алу ретінде көрінуі мүмкін.  Қазіргі заман талаптарына сай мүгалімдерді даярлауда жаңа мақсат – міндеттер  қойылып отыр. Мұғалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, окушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту проблемаларын шешуге шығармашылық қабілеттері болуға тиісті. Мүғалімнің кәсіби даярлығын жетілдіруде екі негізгі міндетті орындау кджет: — бірінші мәселе — ұстаз қызметінде тәрбие беру мәселесі;  — екінші мәселе — дидактикалық даярлығын арттыру;  Мақсатты және бағдарламалық — мақсаты тәсілдерді дамьпу педагогикалық оқу орындарының муғалімнің тәрбиелік міндеттерінің көбеюі (кәсіби қажетті білім, дағды, мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейту) және оқу орын қабырғасында жүрген осы қажетгіліктер ауқымын нақты игеру мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған. Болашақ мүғалім — тәрбиеші жүмысының, мазмүндық және міндеттік қырларын нақтылау факультет пен мамандық ерекшелігі ескеріліп, кджетгі және сьтомс маліметгерді таңдап алу негізіңде жүргізілу қажет. Негізгі педагогикалық ережелерді ғылыми пайдалану дәрежесін артгыру, педагогикалық қызметті игерудің сапасын жетіддіру де осы мақсатка қызмет етуге тиісті. Дидактикалық дайындық — кәсіби – педагогикалық даярлықтың негізгі жөне маңызды саласы.    Дидактикалық даярлықты қалай түсіну керек? Мұғалімдердің дидактикалық даярлыгына жататындар: олардың оқыту үрдісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмүны оны үйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс — тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықты аньгқтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынандай дидактикальгқ қабілеттер болуы қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білуі, оны мақсатты турде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы.  Мектсптсгі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, болашақ мүғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет. Оқыту үрдісінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқушылардьгң рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың гыльгми мазмүны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді.   Психология, педагогика ғылымдарын оқыту барысында болашақ мүғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби қүрылымы мен оның моделі туралы, сондай – ақ, мектептегі оқушылардын танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялык, жөне әдістемелік құралдары мен тиімді жолдары туралы жан  жақты білім беру міндеті туындайды.    Жас мүғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар негізінен олардың мынандай іс — әрекетінен байқалады:   -  ұстаздық қызметтің мазмұны мен кқрылымдык, жағына байлан|ыс іс- әрекетінде.                                                                                                                 -  оқушылардың танымдық орекетін қалыптастырудағы іс — әрекетінде; -  дарынды балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жүмыс істеудсгі әрекетінде;                                                                                                                 Жас мүғалімдердің үстаздық қыз.мет-ке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (қүрамды бөліктерін) жете меңгере алма-ғандыгын емір көрсетіп отыр.  Оған мыналар жатады:  -  үстаз қызмегіңцегі мақсат қоя білу ісі -  білімнің мазмүнын игеру ісі  -   оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерек-шеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі;   -  сабақ өткізудің әдістемелік жагын үйымдастыра білу ісі;  -  оқушылармен жақсы қарым — қатынас жасай білу ісі (коммуниактивтік орекет);                                                                                                                         -  оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-эрекеті;  -  оқушылардың білім, дағдыларын бақылау жоне бағалау іс — әрекеті.   Жас мүғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатьндары мыналар:  -  оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиындықтар;  — оқушылардың оқу өрекетінің дағдыларын қалыптастырудағы киьшдықтар; дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жүмыс істеудегі қиыңдықтар.  Мұғалімдері қандай болса, когамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уакыттардың өзінде – ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мүғалімдері бар мемлекеттер гана алга озып шыққан. Мүғалімнің рөлін томендету кашанда болмасын мемлекетті аздырып, әдет – ғүрыптарды нашарлататын кынжытарлық жагдайлармен аяқталып отырған.  Алғашқы талап — педагогикалық қабілеттіліктің болуы — оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым – қатынаста қанағаттанудан керінетін тұлғалық сапа.  Мәселен, В.А. Сластенин қабілеттердің мынаңдай негізгі топтарын баліп керсеткен:                                                                                                                         1.   Ұйымдастырушшық: мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жүмысты жоспарлау, атхдрылған ісгің қорьггын-дысын шыгару және т.б. біліктерінен байқалады.   2.  Дидактикалық: оқу материалын көрнекілік, құрал – жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын үғынықты, анық, мөнерлі, сеніңді жене бірізділікпен баяндау; танымдық қызығушылықтар меи рухани қажетгіліктердің дамуын ынталандыру, оқу — таньмдық белсенділігін арттыру және т.б.   3.   Рецептивтік: тәрбиеленушілердін рухани әлеміне ене алу, олардың эмоциональдық көңіл – күйін объсктивті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.  4.   Коммуникативтік: мұғалімнің оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық максатқа сөйкес қарым – катынастар орната алу білігінен байқалады   5.  Суггестивтік: оқушыларға эмоциональды – еріктік ықпал жасаудан корінеді. 6.  Зерттеуіштік: педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.  7.  Ғылыми – танымдық: мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды.  Педагогикалық кабіяеттерді (талант, икемділік, бейімділік) педагогикалық алғышарты деп есептеуге тура келеді, алайда олар тіпті де шешуші кәсіби сапа емес. Мүғалім — ол қашанда ұлы еңбеккер.   Гуманизм — бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни, өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылык, ретінде қарым – қатынас   жасау, бүл қарьш – қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді. 
Мүғалім мамандығында түлғалық сапалар кәсіби сапалардан ажыратылмайды. Кәсіби сапалар арнайы білімдер, біліктер, ойлау жолдарын, әрекет одістерін игерумен байланысты.  Өзінің кәсіби еңбегіне суйіспеншілік — өз ісіне адалдық пен аямай берілтендік, тәрбие нотижелеріне қол жеткізгенге қуану, өзіне, озінің педагогикалық мамандығына ұдайы арттырып отыратын талап қоюшылық деп санаймыз. Өзге мамандықтарға дол осы мұғалімдік секілді соншалықты жоғары талаптар қойылмайды.    Сондай – ақ, бастауыш мектеп мүғалімінің жұмысын таддауда мүғалімдік шеберлік деп аталатын интефальды (біріктірілген) сапа алдыңғы орынға шығады. Педагогикалық. шеберліктің анықтамасы көп. Ең жалпы мағынада ол — тәрбиелеу мен оқытуды жоғары және үдайы жетіддіру өнері.   Шеберліктің негізіне мүғалімнің жеке мәдениеті, білімі мен ой — өрісінің педагогикалык, техникамен, сондай-ақ, алдьңғы озық тәжірибемен ұштасып, қорытьлуы алыннған. Шеберлікті меңгеру үшін көп нөрсені білу және істей алу қажет. Теорияны білу, оқу – тәрбие процесінің тиімді технологиясын пайдалана білу, оларды нақты жағдай үшін дүрыс тандау, тиісті деңгей мен сапаны белгілеу, болжау жоне жобалай алу кажет.   Педагогикалық шеберлікті кұрайтындар аз емес. Ол, ең алдымен, оқу процесін барлык, тіпті жағымсыз жағдайлардың озінде қажетті деңгейдегі торбиелік даму жоне білімге қол жеткізуге болатындай етіп ұйымдастыру білігінен корінеді.   В.А.Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:  1) қоғамның саяси сапалары;  2) әлеуметтік – психологиялық, этикалық – педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары  3) психологиялық және педагогикалық даярлық;    4) мамандық бойынша даярлық;  5) пән бойынша даярлық.  Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады.   А.Николс ұсынған жаңалық енгізудің модел инновацияның үш турлі кезеңін даярлық, жоспарлау, жаңалықты енгізуді қамтиды. Инновацияның мазмұндық құрылымына кіретіндер — білім беру — тәрбиелеу үрдісінде, оқу — тәрбие жұмысын және оларды меңгеріп алу, зерттеу, мектептегі оқу – тәрбие үрдісіне енгізу.   Болашақ ұстаздың инновациялық іс — әрекеті төрт түрлі өлшеммен сипапалады:  ♦   инновациялық іс — әрекеттің қажеттілігін сезінуі;  ♦  оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашалықпен қызмет етуге даярлығының болуы;     ♦ енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуы;    ♦   белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс -  әрекетті толық өзіне қабылдап, оны енгізе білуі.     Мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін ғалымдар былай сипаттайды:  1. Инновациялық іс — әрекеттің негізгі міндеттері:   ♦  жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;        ♦   жаңалықтың жетімсіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу;  ♦ жаңалықтарды басқа жаңалыктармен салыстырып, олардың тиімдісін тандап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;   ♦  жаңалық енгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.    Бұл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) мынадай косымша міндеттер шешілуі қажет:    ♦ арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет-журнал материалдары-нан, жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;  ♦   өз іс — әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.   2. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым – қатынастық, дамытушылық, ақпараттық,зерттеушілік.                                                                                            Бұл функцияларды іске асыруда мұғалім іс-әрекетінің түрлері бөлініп корсетілген:                                                                                                              ♦   өзінің және оқушының іс — әрекеті жоспарлауда оны дамыту мен қалып-тастыру үрдісінде құрылымдық тұрғыда іске асыру іс — әрекетінің міндеттерін шешу үшін, мұғалім оқу — тәрбие жұмысының бастауыш білім берудегі білім мазмұны мен кезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау;          ♦   оқушы іс — әрекетінің құрылысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау;   ♦   негізделген инновациялық іс-әрекеттерді тандау, анықта   ♦   ұжымдағы оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма-ларды ұйымдастыруы қажет. Бұл құрылымдық тұрғыны іске асыруда мұғалім ғылымның, әдістеменің соңғы жаңалыктарын, инноваииялық іс-әрекетті пайдаланып құрылған сабақтар жүйесін жасайды. Сабақтың әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс-әрекетін ұйымдастыруда инновациялық іс — әрекетті тиімді қолдану жоспарын жасайды.   Ұйымдастырушылық іс — әрекет міндеттерін шешу үшін:  ♦  оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру;  ♦ оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау   ♦   оқушыларды әртүрлі оқу — тәрбие жұмыстарына баулу;  ♦ шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;  ♦   сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білуі.   Қарым – қатынас тұрғысындағы әрекетті іске асыру:   ♦   оқушы мен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру;  ♦ оқу үрдісіндегі ұжымдағы оқушылар қарым-қатынасын жақсарту.  Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:  ♦ инновациялық іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық-психологиялық ерекшелігіне сәйкес қолдану;   ♦   оқу үрдісіне оқушының ақыл – ой еңбегін ұйымдастыру;  ♦ оқу үрдісінде педагогикалық жағдаят тудыру арқылы, оқушының өздігінен ойлауымен оқылатын  шындық болмыс арасындағы байланысты білу ♦   оқушының білімге қызығушылығын арттыру;  ♦   алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс — тәсілдерін қолдану.  Акпараттық функцияны іске асыру қызметі:    ♦ оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен тәсілдерін қолдана білу;  ♦   пән мазмұнына ғылыми – дидактикалық талдау енгізу;  ♦  оқытуда жаңа технологиялар элементтерін қолдану.       Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда:  ♦   проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу; ♦   педагогикалық қызмет түрлерін қайта күру мен бағалау;   ♦   инновациялық іс — әрекетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену.     Мұндай жеке бас қасиеттеріне авторлардың көбі білімді, дағды   мен іскерлікті және жеке бас сапаларды жатқызады. Жұмысымызда жеке бас қасиеттерінің әр көрсеткіштеріне жете тоқтап, талқылауды жөн көрдік. 
Білім сферасына біз идеологиялық әдістемелік, психология – педагогикалық және ақпараттық мағлұматтарды жатқыздық.  Идеологиялық мағлұматтарга: қоғам дамуының тенденцияларын айқындау, бастауыш білім беруді жетілдіру, философиялық, педагогикалық-психологиялық көзқарастарының болуын жатқыздық. Психология – педагогикалық көрсеткішке: педагогикалық этика, инновациялық іс — әрекетті меңгеруге мұғалімнің психологиялық даярлығын, жаңалыққа сенімінің болуы, қолданылған талпынысының болуы, педагогикадан, психологиядан, әдістемелік пәндерден білімінің болуы, инновациялық іс — әрекет өлшемдерін, алдыңгы қатарлы озық тәжірибе туралы білімінің болуын жатқыздық. Ақпараттық білімге: инновациялық іс — әрекет туралы ақпарат материалдарын жинақтауды, мұғалімнің монографиялық, периодикалық, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жүргізе білуін жатқыздық.  Өз зерттеуімізде мұғалімнің жеке бас қасиетінің негізгі мамандыққа тон мынадай іскерлік түрлері қалыптасуы қажет деген ойға келіп отырмыз: ♦   бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңашыл әдістемелерді анықтау іскерлігі;  ♦   әр оқушының жеке басының қабілетін есепке алу іскерлігі;  ♦   оқушылардың таным қабілетін, өздігінен білімін, іскерлігі мен дағдысын жстілдіру іскерлігі;   ♦   жаңашыл одістемелердің мүмкіндігін мақсатксрлікпен пайдалана білу іскерлігі.  Мұғалім қызметінде осындай білім іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жүйесін қолдану  оның кәсіби шеберлігін қамтамасыз стсді. Сонымсн инновациялық іс — әрекетті зерттеген ғалымдардың пікірлерін бір жүйегс келтіре отырып, біз мынадай қорытындыға кслдік: инновациялық іс — әрекет дегеніміз — мұғалімнің жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс – тәсілдерді оқу – тәрбис үрдісінде өз кәсіби тәжірибесіне, мектеп жағдайына, балалардың білім дәрежесіне байланысты енгізуін айтамыз. Инновациялық іс — әрекетті жүзеге асыру әрекетінің ролі — жаңа білім беру бағдарламаларынан, әдіс – тәсілдсрімен танысып, талдау; оларды оз жүмысында қолдану туралы шешім қабылдау; жаңашыл әдіс – тәсілдерді өз еңбегіндс қолдану мақсаттарын белгілеу; эксперименталды жүмыстың кезеңдерін жоспарлау; болашақ қиыншылықтарды болжау; жаңашыл әдіс – тәсілдерді, идеяларды педагогикалық үрдіске енгізу; инновациялық іс – әрекеттің нотижесін қорытындылап, бағалау, талдау.  Жеке тұлғаға берілген көптеген ғалымдардың анықтамаларын сараптай келе, жеке тұлға дегеніміз — әлеуметтік қатынастар мен саналы іс — әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі — оның әлеуметтік мәнінің болуы, әлеуметтік функцияларды (қызмет-терді) атқаруы деп атап көрсеткен.                                                                                                                      Осыған байланысты қоғамның басты тірегі адам — жеке түлғаны қалыптастыру мәселесі тың түрғыдан танылуда оның қалыптасуына әсер ететін факторлар да шетте қалмауы тиіс. Атап айтатын болсақ, педагогикада жеке түлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін шешуші факторлар: орта, тәрбие, тұқымқуалаушылық.  Жеке түлғаны қалыптастырудағы шешуші факторлардың бірі — тәрбие.       Тәрбие — есіп келе жатқан жас үрпақты өмірге даярлау-дың барлық жағын қамтитын, жекетүлғаны ғасырлар бойы жиналған адамзаттарихын-дағы тәжірибені игертіп, біліммен жарақтандыруға бағытталған қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі үдіріс. Тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің байланыстылығы, тәрбиеленушілердің іс — әрекетін қоғамға пайдалы етіп үйымдастыру. Бізге бүрыннан белгі болып келген тәрбиенің үйымдастырушылары: отбасы – ата – ана, балабақша — тәрбиеші, мектеп — мүғалім. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мәселесіне баса назар аудару керек. «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне не жатады?» деген сураққа жауап бермес бурын, кәсіби қузіреттілік терминінің мәнін ашып алайық. Ол үшін В.А.Сластенин ұсынған кәсіби құзіреттілік ұғымына сүйенеміз. Кәсіби құзыреттілік — жеке тұлғаның кәсіби іс — әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагогтың кәсіби қузіреттілігіне муғалімнің оқу — тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни, оқушыларымен жүмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзіреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлық қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мүғалімнің білім – білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жүмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым- қатынас стилі, әдеп т.б жатқызамыз. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін төмендегідей: Олар: муғалімнің бойынан табылатын субъектілік, нысандық, пәндік компоненттер.  Егер аталған компоненттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталатын болсақ, онда:                                                                                                         — субъектілік компонентке: муғалімнің мақсат қоя білушілік, шығармашылық және өзін дамыту барысында өзіндік диагностиканы, өз ісіне талдау жасай отырып, езіне сыни турғыдан қарай апу шеберлігі жатады;  -  нысандық компонентке: кәсіби іс — әрекет жүйесін және мүғалімнің әрекетін-дегі қойылған міндетгерді шешудегі стратегиялық іскерлік.— пәндік компонент: өз оілімін жетілдіру мақсатында қажеттіліктерін қанағатгандыру. Егер біз мүғалімнің кәсіби құзіреттілігін тек жоғарыда аталған компоненттер қурайды дейтін болсақ, онда маманның кәсіби құзыреттілігі үғымының мағынасын тарылтқан болар едік. Біздің пайымдауымызша, бастауыш саты мүғалімінің кәсіби қузіреттілігінің қүрамына келесі муғалімге тән кәсіби, даралык, қасиеттер болуы керек   -  іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы;  -  түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі;  —  кәсіптік – педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы;  -  инновациялық технологияларды меңгеруі;  — педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі;      — шығармашылық шеберлігі.   Педагогтың кәсіби құзыреттілігін төмендегідей ашып айтуға болады:   — ірелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейікің болуы — яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, ди-дактика, бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;  -  түйінделгөн іскерлікті, дағдыны, қабшетгі меңгеруі — дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен практиканы байланыстыра алу қабілеті, диагностикапық іс — әрекет. Ғылыми – зерттеу іс — әрекетімен айналысу;   -  кәсіптік – педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы — бурыннан қалыптаеқан «мұғалімнің айтқаны әрқашан дүрыс» деген қағидадан аулақ болып, мүғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке түлға бслып қалыптасуы-ның басты көмекшісі болуы керек, оқушы-нын, даму деңгейіне қарамастан, оның тулғасын қүрметтеу, авторитарлық биліктің орнын өзара бірлескен қызмет, көмек, оқушының аз да болса да жетістігіне қуана білушілік басыы болуы керек. Оқушылардың әрқайсысын тануға тырысу, өз маман-дығын сүю;  -  инновацялық технологияларды меңгеруі — педагог өзінің шығармашылық іс — әрекетінің арқасында  тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру үшін қазіргі кездегі бар инновациялық технологияларды меңгеруі тиіс. Жаңа инновациялық технологияларды ғылыми ізденіспен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет;   -  педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсігттік, шығармашылық іскерлігі                                                                                                                    — педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өзінің білім, білік дағдыларын пайдалана отырып, оқушыларға тиісті білімдер жүйесін меңгерту. Оқушылардың білімдерін тексеруде мұғалімнің жүргізетін диагностикапық іс — әрекеті;  — шығармашылық шеберлігі — мүғалім оқушыларды оқытып қана қоймай, оларды тәрбиелеумен айналысатыны белгілі, мек-теп өмірінде небір қиын жағдаяттар кездесіп жатады, сондай жағдаяттарда өзінің шығар-машылықпен ойлай білетіндігін, шеберлігін танытуы тміс. Сонымен қатар оқушылармен, сыныппен жүргізілетін түрлі мәдени шараларды ұйымдастыруда дайын жоспарларды пайдаланбай, сол сыныпқа, сынып ішінің қүрамына, сипатына тән жоспарлар жасап, оқушылар үшін, ата – аналар үшін, мүғалімнің өзінің өз ісіне қанағаттануы үшін қызықты іс – шара өткізе білуі шарт.

Педагогика  қоғамның ажырамас саласы

Педагогика бұл-адамзат  ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, «Педагогика» тер¬мині гректің екі сөзінен: «пайс» — балалар және «эгейн» — ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Пе¬дагогика — бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан «педагогика — бала тәрбиесі жайындағы ғылым», -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы — тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика — жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие — жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.

Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға «болмыс», «материя», «қозғалыс»; саяси экономияда- «қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары», ал педагогикада — «тәрбие», «білім беру», «оқыту»жатады.

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.

Педагогикалық ұғымдардық бірі — тәрбие.

Тәрбие дегеніміз  — адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.

Кең мағынада деген  ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.

«Тәрбие» ұғымы  тар мағынада «Тәрбиеші тәрбиелейді», кең мағынада «Өмір тәрбиелейді’ деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.

Тәрбие —  тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір  қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық  талғамын тәрбиелеуге бағытталған  жұмыс.

Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары — мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.

Тәрбие жайлы  әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер  де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.

Білім беру —  табиғат пен қоғам жайында  жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.

Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.

Білім беру —  оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.

Оқыту — білім  берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:

1. Оқытушы оқушыларға  білім берін, іскерлік, дағдыға  үйретеді.

2. Оқушы таным  міндеттерін жете түсініп, жаңа  білімді, іскерлікті, дағдыны игереді  және оларды өмірде колданады.

Ал адамның  білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды.

Сонымен бірге  адамның «жетілуі», «даму», «өзін-өзі  тәрбие¬леу» ұғымдары да педагогиканың  зерттейтін меселелері саласын толықтырады.

Жеке адамның дамуы — бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.

Жеке адамның  қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі тәрбиелеу — адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы. 

 

 

 

Педагогиканың шығуы және дамуы.

Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан  туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.

Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.

Ежелгі дуние  философиясы әртедегі шығыс елдерінің  қорытып жиыстырған білім мұрасын  дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгәрді. Әрте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына «о дүниелік өмірге» дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.

ХУ-ХУI ғасыр  педагогикасы орта ғасыр педагогикасын  сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін  оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт «гума¬низм» деп аталды (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла). Гуманистәр жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.

Феодализмнен  капитализмге өту деуірінде дін  шығармауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.

Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп  шықты. Сол ғасырда педагогиканың  жеке ғылым ретінде мәртебесі  чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) «Ұлы дидактика» еңбегімен беки түсті.

Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) «Тәрбие туралы ойлар» деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы «таза тақтаға» теңеді. Францияда Жан-Жак Руссо (17і2-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ төртібіне қарсы «әркін тәрбие» идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-демократы И.Пестолоцци «Лингард и Гәртруда» деген еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады.

Ресейде революқиялық-демократияшыл  ойдық негізгі салушылар:

А.Н.Радищев, В.Г.Белинский, А.Н.Гәрцен; XIX ғасырдық 60-ы жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов; XIX ғасырдық екінші жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын ұсынушылар: Н.И.Пирогов, К.Д.Уінинский, Л.Н.Толстой, т.б. бол¬ды.

Н.К.Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдады. Н.К. Крупскаяның айырықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі — оқыту теориясы. Сонымен катар кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді.

Көрнекті кеңес  педагогы Антон Семенович Макаренко (1888-1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі  өзінің бай тәжірибесіне сүйелік, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.

Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер , «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі», «Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері”, «Педагогикалық поэма», «Мұнара үстіндегі тулар». Бұл енбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі принциптерін, балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын біріңғай педагогикалық талаптарды зерттеп, жинақтады.

Көрнекті педагог  Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогикалық жүйесіпде әрбір оқушының басынын жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығуінылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. «Павлыш ортамектебі, «Балаға жүрек жылуы», «Ұжымның құдіретті күші», «Мектептің жас директорымен сырласу», «Ұлыма хат», тағы басқа күнді еңбектері арқылы В.А.Сухомлинский жас урпавда тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.

Қазақстанда ағартушылық  идеяны көтергендердің бірі -Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865). Ағартуіны-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдықғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін ақсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуіні әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді «Тек ақиқат білім ғана адамға күдік тұғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді’, — деді Шоқан.

Қазақтық аса  көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан  айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын  мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға  тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады Ы.Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты.

Торғайда –  қөленер, Қостанайда — ауыл шаруашылығы  училищелері, Ырғызда — қазақ  қыздарына арнап мектеп-интірнат ашылуына зор ықпал жасады.

Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Қунанбайұлыңың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен  «Гадлия» сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі. Ақынның педагогикалық көзкарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстурінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежузілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі..

Міржакып Дұлатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын  әрі қарай дамытып, А.Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми түрғыдан қараған, шәкірттәрдің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуне әрекше мән берген педагогтардың бірі.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінде (1924 ж.) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.

Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына тәрең  үңілгендердің бірі — Мағжан Жумабаев (1893-1938). Оның «Педа¬гогика» атты еңбегі соң кезеңдегі ана тілімізде  жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды.

Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан астам еңбегі жарық, көрді. Ол «Ес және есте сақтау меселелері’, «Ой мәселелері», «Дағдылану мәселелері’ атты еңбегінде (1936 ж.) шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы соз қозғайды, сол салада жүргізгілген сараптамалық зерттеулердің нетижесін оқырман назарына ұсынады.

Педагогика –  ақиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін  және объективтік дүниені танудық, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Мысалы: диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын зерттейді. Диалектиканың қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогика педагогикалық оқиғаларды жалпылама түрде ғана «көшіре» салмайды, ол тәрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегі себепті, нәтижелі байланыстарды анықтайды, тәрбиенің болашағын көрсетеді.

Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық  және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.

Педагогиканың методологиясы дегеніміз — кез  келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады. «Даму» сөзі — философиянікі.

Ғылым өз пәнін  үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері — педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудық негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

В.А.Сухомлинский: «Барлығы да балалық шақтан басталады, жас өспірімдердің моральдық  бет-бейнесі адамның балалық шақта  қалай тәрбиеленуіне байланысты»  — деп есептейді. Баланың дүрыс  тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін  жүзеге асыратын мүғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби қузіреттілік шарттарына сай болуы керек. Кәсіби қүзіреттілікке қатысты анықтама және оның құрамды бөліктері жоғарыда аталып өтті, олардан аңғарғанымыздай маманның кәсіби құзыреттілігіне мүғалімнің бойында болуға тиіс барлық қасиеттер енеді.      Олай болса, ол қасиеттерге ие педагог қандай жетістіктерге жететіндігін атап өтейік.     Педагог маман сыныпта жүргізілетін пәндерде балаларға       берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дүрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы. Өзінің іс — әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқущылармен дүрыс қарым – қатынас ор-нықтыра білу, ата – аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мүғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата – аналарына сыйлы болатына даусыз. Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды арнайы үғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негізді болады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс -тәжірибе мен еткеннің озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады. Мүғалімнің құзыретгілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Оқыту процесінде тәрбие жүмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтык шеберліктің тағы бір элементін қүрайды.   Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін баскара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы түлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Айтмамбетова  Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның  дамуы, тәрбиесі. — Алматы: КазПИ,1991.

2. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. — Ал-маты: Педагогика, 2000

3. Сластенин  В.А. и др. Педагогика: уч. пособие.  — Москва: Академия, 2004.

4. Кенжебеков  Б.Т. Педагогика ғылымдарының.докторы  ғылыми дәрежесін алу үшін  дайындалған диссертациясының авторефераты. Жоғарғы оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби қүзіреттілігін қалыптастыру. — Қарағанды, 2005.

5.интернет мәліметтері

6. Ишанов П.  З.  Бейсенбекова Г. Б. (педагогикалық-психологиялық  диагностика негіздері) Қараңанды  2012жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан  Республикасы Білім және Ғылым Минисстрлігі                                                                               Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Педагогика мамандығының қалыптасуымен пайда болуы

 

 

 

                                                   Орындаған:______________

                                                  Тексерген:_______________

                   Топ:_________

 

 

 

 

                             Алматы 2013 жыл


Педагогтың кәсібі