Реанимация туралы түсінік

Реанимация туралы түсінік

Өлім адамның ақырғы кезеңі. Өлім қандай тез болғанмен оның бірнеше кезеңі болады: предагония, агония, клиникалық өлім. Клиникалық өлімнің себебі: ауыр жарақаттар, қатты улану, суға бату, электр жарақаты, жүрек аурулары, тұншығу, талықсу, өсімдіктердің және жәнтіктердің уымен улану т.б.

Бірінші кезеңде зардап шегуші ес-түсінен айырылмайды, халі нашар, денесінің түсі бөззарады, суық тер басады, сұраққа дұрыс жауап бере алмайды тамырының соғуы жиі және әлсіз, артериялық қысымның көрсеткіштері төмендейді, ауырсынып жиі дем алады, жүректің соғуы әлсірейді, көздің қарашықтары өз қалпында жарыққа тітіркенеді, алмасу процесстары организмде жүріп жатады. Бұл кезең бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады.

Екінші кезеңде – зардап шегушінің ес-түсі бірде бар бірде жоқ, халі одан сайын нашарлайды, сұраққа жауап бермейді, терінің түсі және кілегей қабықтары көкшіл тартады, денесі сүп-сүық, тамырлар жіңішкеріп қылдай болып кетеді, соққаны өте әлсіз, демі үстіртін, артериялық қысым одан сайын төмендейді, алмасу процесстар нашарлайды. Бұл кезең ұзаққа созылмайды.

Үшінші кезеңде – зардап шегуші ес-түссіз, денесі сұр тартады, ұйқы тамырының соғуы байқалмайды, демі жоқ, көздің қарашығы үлкейеді, жарыққа мүлдем өзгермейді. Бұл кезең орташа алғанда 5-6 минутқа созылады.

Клиникалық өлімді анықтағаннан кейін тез арада кешіктірмей реанимация әдістерін жасауға кірісу керек. Реанимация, латын сөзі, тірілту түсінігін береді немесе өшіп бара жатқан маңызды өмірлік функциясын қалпына келтіру.

Реанимацияның негізгі шаралары

Жүректі жансандыру соққысы: соққыны кеуде сүйегі аяқталатын түсындағы төс шеміршегінен 2-3 см жоғары кеуденің ортасынан сәл төмен орналасқан нүктеге жұдырықпен соғады. Соққыны дұрыс және өз уақытында жасаса жүрек соққысы қалпына келіп, адамның есі кіреді. Есінізде болсын! Осындай соққы жүрегі соғып тұрған адамды өмірден алып кетуі де мүмкін.

Өкпені жасанды тыныс алдыру: Алдымен зардап шегушіні қатты жерге жатқызып, басын артқа қарай шалқайтып, егінің астынғы жағын алға қарай жылжытып, науқастың аузын ашу керек. Содан соң салфеткаға оралған саусақпен науқастың ауыз-қуысын тазалау қажет: құсықтан, қаннан, құмнан, жасанды тістен. Тілін шығарып туйреуішпен бекітіледі. Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру. Ол екі әдіспен жүргізіледі: «ауызға-ауыз», «ауыздан-мұрынға».

«Ауыздан-ауызға» (8-сур.) дем жіберу үшін, дем беруші бір қолымен маңдайынан басып, науқастың басын артқа шалқайтады да терең дем алып науқастын мұрнын қысып, аузына дем жібереді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді. Дем жібергенде көкірек қуысы 4-5 см көтерілуі керек. Егер ауа өткізетін түтікшелер болса, солар арқылы да дем жіберуге болады. Сондай-ақ арнайы резенкеден немесе пластмассадан жасалған Амбу қапшықтарын қолдануға болады. Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеудені 15 рет басқанда өкпеге 2 рет ауа үрлейді.

«Ауыздан-мұрынға» әдіс кезінде зардап шегушінің жағы қарысып немесе жарақаттанған кезде, аузының шырышты қабығы күйікке шалдыққанда қолданылады. Бұл әдіспен жасанды демалуды жүргізу үшін құтқарушы бір қолымен маңдайынан басып зардап шегушінің басын артқа шалқайтады, мұрын қуысын тазалайды, екінші қолымен жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Мұрынға салфетка немесе қол орамал төсеп, ауа үрлейді. Тынысқа ауа беру жиілігі минутына 16-18 рет.

Балаларға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды, ауаны азырақ үрлейді, ересектерге қарағанда жиі, баланың жасына қарай. Басқа қолданылатын әдістер Сильвестр, Шефер әдістері.

Жүрекке жабық массаж жасау: жүрекке жабық массаж жасау нәтижесінде әдеттегі қан айналысының 10-30 пайыз қалпына келуі, бұл ми қабығы жасушаларының өліп қалмауына жағдай жасайды. Жүрекке сырттай массаж жасарда зардап шегушіні шалқасынан жерге, үстелге немесе қатты төсекке жатқызады. Кеудесін жоғарырақ көтеріп, ал басын шалқайтып қойған жөн.

Ауру адам клиникалық өлімде болған кезде кеуде бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, осы кезде кеудені күшпен басатын болсақ, онда ол 5-6 см-ге майысады да, жүректі қысады. Сонда қан жүретің сол жақ қарыншадан қолқаға құйылып, одан бүіл денеге тарайды, миға барады, жүректің өзін көріктендіреді. Бір мезгілде қан жүректің оң жақ қарыншадан өкпеге барып, оттегімен қанығады. Кеудені басып тұрып қоя берген кезде, ол кеңейіп, қалпына келеді, сол кезде жүрекке көк қан тамыры арқылы қан сорылады. Осыны қайталай беріп қанды тамырларға уақытша жүргізуге болады.

Жүрекке жабық массаж жасау техникасы (9-сур.): көмек көрсетуші сол жағынан тұрады. Төстің төменгі жағына бірінші алақанды төсеп сонан кейін оның үстіне екінші алақанды қойған жөн. Саусақтармен кеудені қатты басуға болмайды, қабырғаларды сындырып алуға болады. Көмек көрсетуші омыртқаға қарай кеудені 4-5 см ығыстырады, массаж жасағанда құтқарушының қолы түзу болу керек. Мүндай қозғалыстар минутына 60-80 рет, балаларға 100-120 рет жасалынады.

Көмекті екі адам көрсететін болса, онда біреуі жүрекке массаж жасайды, ал екіншісі қолдан дем алдырады. Зардап шегушінің кеудесін 5 рет қысқан кезде өкпеге бір рет ауа үрленеді.

Ал реанимацияны бір адам жасаса, онда ол кеудені 15 рет қысқанда өкпеге 2 рет ауа жіберіледі. Егер мүмкіндік болса, 100 пайыз оттегіні беріп, кеңірдекке тыныс алдыруға арнайы жасаған түтік кіргізіп, жасанды тыныс алдыруға кіріскен жөн. Әр 5 минут сайын 1 мг адреналинді көк тамырға енгізеді. Егер жасаған шаралар көмектеспесе дефибриллятор арқылы жүретің түсына электр тоқ разрядын береді.

 

 

 

иологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін (мидың өлімін) растау ережесі

1. Жалпы ережелер     

1. Осы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін (мидың өлімін) растау тәртібін айқындайды. 
      2. Мидың өлімі – жүрек жұмыс істеп тұрғанда және өкпені ықтиярсыз желдету кезінде тіркелетін мидың барлық қызметінің толық және біржола тоқтатуы. Мидың өлімі адам өліміне теңестіріледі. 
      3. Мидың өлімі оның алғашқы және қайталап зақымдануы нәтижесінде дамуы мүмкін. 
      4. Мидың өлімі алғашқы зақымдануы кезінде бассүйекішілік қан қысымының кенет көтерілуі және ми қан айналымының шартты тоқтатылуы салдарынан дамиды. 
      5. Мидың алғашқы зақымдануларына жататындар: 
      1) ауыр бассүйек-ми жарақаты, 
      2) кенеттен болатын және өзге де бассүйекішілік қан құйылулар, 
      3) ми инфаркты, 
      4) ми ісіктері, 
      5) мидағы бассүйекішілік операциялық әрекеттер. 
      6. Мидың қайталап зақымдануы түрлі генездің гипоксиясы, оның ішінде жүрек тоқтап қалғанда және жүйелік қан айналымы кенеттен нашарлағанда немесе тоқтағанда, ұзаққа созылатын шоктың және мидың басқа да қайталап зақымдануы салдарынан болады.

2. Биологиялық өлімді немесе бас миының біржола семуін (мидың өлімін) растауға арналған шарттар     

7. Ми өлімінің диагнозы мынадай әсерлер болмай қаралмайды: 
      1) интоксикациялар, дәріден улануды қоса алғанда; 
      2) алғашқы гипотермия; 
      3) гиповолемиялы шок; 
      4) метаболизмдік эндокриндік кома; 
      5) есірткі заттарын және миорелаксанттарды қолдану. 
      8. Токсикологиялық зерттеу нәтижесінде белгіленген интоксикация бар болғанда ми өлімі диагнозы оның белгілері жойылғанға дейін қаралмайды. 
      9. Мидың өлімі диагнозын белгілеу үшін мынадай клиникалық белгілердің жиынтықта болуы қажет: 
      1) естің толық және тұрақты жоқ болуы; 
      2) өкпені жасанды желдету аппараты ажыратылған кезде өз бетімен тыныстың тұрақты жоқ болуы; 
      3) барлық бұлшықеттердің атониясы; 
      4) сыртқы тітіркендіргіштерге және басқа да рефлекстерге жұлынның деңгейінен жоғары тұйықтаушы реакцияның жойылуы (тригеминальды, корнеальды, окулоцефалиялы, окуловестибулярлы фарингеальды, трахеялы нүктелер аймағында қатты ауыртатын тітіркендіргіштерге реакцияның болмауы): 
      окулоцефалиялы рефлекстерді шақыру үшін дәрігер төсек басында науқастың басы оның қолдарының ортасында қалатындай, ал үлкен саусақтары қабақтарын көтеріп тұратындай қалыпта болады. Бас 90 градусқа бір жаққа бұрылады және осы күйінде 3-4 секунд тұрады, сол уақытпен қарама-қарсы жаққа бұрылады. Егер бастың бұрылуы кезінде көз қозғалмаса және ортасындағы жағдайды берік сақтап тұрса, бұл окулоцефалиялы рефлекстердің жоқ екенін дәлелдейді; 
      омыртқаның мойын бөлігінің жарақатты зақымдануы болғанда немесе күдік болған кезде окулоцефалиялы рефлекстер зерттелмейді; 
      окуловестибулярлы рефлекстерді зерттеу үшін екі жақты калориялық сынама өткізіледі. Оны өткізбестен бұрын дыбыс жарғағының перфорациясының жоқ болуына көз жеткізу керек. Науқастың басын көлденең деңгейден 30 градусқа жоғары көтереді. Сыртқы есту жолына шағын көлемдегі катетер енгізіледі, сыртқы есту жолын 10 секунд ішінде суық сумен баяу ылғалдау жүргізіледі (температурасы + 20 С, 100 миллилитр). Ми діңгегінің сақталу функциясында 20-25 секундтан кейін нистагм немесе көздің нистагм құрамына баяу ауытқуы пайда болады. Екі жақты орындалған калориялы сынама кезінде нистагмның жоқ болуы мен көз алмаларының ауытқуы окуловестибулярлы рефлекстердің жоқ екенін дәлелдейді; 
      фарингеальды және трахеялы рефлекстерді зерттеу эндотрахеялы түтікшенің трахеяда және жоғарғы тыныс жолдарында қозғалуы жолымен, сондай-ақ секрет аспирациясы үшін бронхтарда катетердің қозғалуы кезінде іске асырылады. 
      5) қарашықтың тұрақты кеңеюі мен ареактивтілігі және орта жағдайда олардың бекітілуі, (қарашықты кеңейтетін заттар қолданылмағаны, көз алмалары қозғаусыз екендігі мәлім болу керек); 
      6) гипотензияға тенденция - 80 миллиметр сынап бағанасы (бұдан әрі- мм. сын. бағ) және одан төмен, кенеттен болатын гипотермия. 
      7) Өкпені жасанды желдету (бұдан әрі - ӨЖЖ) аппаратынан қарапайым ажыратумен тыныс алудың жоқтығын тіркеуге жол өз бетімен тыныс алудың болмауы берілмейді, өйткені бұл даму үстіндегі гипоксияның ағзаға, ең бастысы миға және жүрекке зиянды әсерін тигізеді. Ауруды ӨЖЖ аппаратынан ажырату арнайы ажырату тестінің (апноэтикалық оксигенация тесті) көмегімен жүзеге асырылуы керек. 
      Ажырату тесті осы 8-тармақтың 1) - 6) тармақшалары бойынша нәтижелер алынғаннан кейін өткізіледі. Тест үш элементтен тұрады: 
      қанның газ құрамының мониторингі үшін (РаО және РаСО) аяқ- қолдың бір артериясы канюлациялануы қажет; 
      желдеткішті ажыратпастан бұрын 10-15 минут бойы нормокапнияны (РаСО – 35-45 мм. сын. бағ) және гипероксияны (200 мм. сын. бағ кем емес РаО) – FiO = 1,0 (яғни 100 % оттегі), таңдап алынған VЕ (ӨМЖ - өкпені минуттық желдету), оңтайлы РЕЕР (СОЭҚ - соңғы оң экспираторлы қысым) ӨЖЖ режімінде өткізу қажет; 
      осы тармақшаның үшінші және төртінші абзацтарында көзделген әрекеттерді орындағаннан кейін ӨЖЖ аппаратын ажыратады және эндотрахеялы немесе трахеостомиялық түтікшені жылдамдығы минутына 6 литр 100 % суланған оттегі береді. Осы уақытта артериялық қан сынамасын алу арқылы бақыланатын эндогендік көмір қышқылы жиналып қалады. Қан газдарын бақылау кезеңдері мынадай: 
      ӨЖЖ шарттарында тест басталғанға дейін; 
      ӨЖЖ басталғаннан кейін 10-15 минуттан соң 100 % оттегімен; 
      ӨЖЖ ажыратқаннан кейін, бұдан кейін әр 10 минут сайын РаСО 60 мм. сын. бағ. жеткенге дейін. Егер осы немесе РаСО жоғары мәнінде сыртқы әсерсіз тыныс қимылдары қайта қалпына келмесе, ажырату тесті бас миы діңгегінің тыныс орталығы функциясының жоқ болуы туралы куәландырады. Ең аз тыныс қимылдары пайда болғанда ӨЖЖ тез арада жаңартылады.

Ми өлімі диагнозын белгілеу кезіндегі клиникалық өлшемдердің кешеніне қосымша (растайтын) тестілер      

10. Қосымша тестілер осы Ереженің 9-тармағының 1)-7) тармақшаларында сипатталған клиникалық белгілер анықталғаннан кейін орындалады. Электроэнцефалограмма (бұдан әрі - ЭЭГ) - дыбыс жарғағының перфорациясы, омыртқаның мойын бөлігінің жарақатына күдік немесе жарақатты белгілеуде қиындықтар бар болғанда ми өлімінің клиникалық диагнозын барлық жағдайда растау үшін міндетті түрде зерттеу өткізіледі. Бастың магистральдық артериясының панангиографиясы қажетті қадағалау ұзақтығын қысқарту үшін өткізіледі. 
      11. Мидың электрлік үнсіздігі үшін ЭЭГ жазбасы қабылданады, белсенділік амплитудасы шыңнан шыңға дейін 2 микровольт (бұдан әрі - мкВ) аспайды, скальп электродтары жазбасында олардың арасындағы қашықтық 10 сантиметр (бұдан әрі - см) кем емес және қарама-қайшылықта 10 килоомға (бұдан әрі - кОм) дейін, бірақ 100 Ом-нан кем емес. Инелі электродтар қолданылады, 8-ден кем емес, «10-20%» жүйесі бойынша орналасқан және 2 құлақ электродтары. Электрод арасындағы қарсылық 100 Ом-нан көп емес және 10 кОм-нан көп емес, электрод арасындағы қашықтық – 10 см-ден кем емес болуы керек. Коммутацияның сақталуын және алдын ала қасақана және қасақана электрод артефактілерінің құрылуының болмауын анықтау қажет. Жазба энцефалограф каналдарында тұрақты 0,3 секундтан кем емес, сезімталдығы 2 мкВ/миллиметр (жиілікті өткізу жолағының жоғарғы шегі 30 герц төмен емес) көп емес уақытымен өткізіледі. 8 кем емес каналы бар аппараттар қолданылады. ЭЭГ би- және монополярлы жалғамдарында тіркеледі. Ми қабығының электрлік үнсіздігі бұл жағдайларда 30 минуттан кем емес үздіксіз тіркеу сақталу керек. Мидың электрлік үнсіздігінде күдіктер бар болса ЭЭГ қайталап тіркеу қажет. ЭЭГ реактивтілігінің жарыққа бағасы қатты дауыс және ауру: жарық тұтанудың стимуляциясымен, дауыс стимулдарымен және тітіркендіргіштермен жалпы уақыты 10 минуттан кем емес. Тұтанудың 1 ден 30 Гц дейінгі жиілікпен берілетін қайнар көзі көзден 20 см қашықтықта болуы керек. Дауыс тітіркендіргіштерінің (шертпектердің) қарқындылығы – 100 децибел. Динамик науқастың құлағының жанында орналасады. Ең жоғарғы қарқындылық стимулдары стандартты сурет- және фоностимуляторлармен туындайды. Тітіркендіргіштер үшін теріні инемен шаншу қолданылады. 
      Телефон арқылы тіркелген ЭЭГ мидың электрлік үнсіздігін анықтау үшін негіздеме болмайды. 
      12. Мидың қан айналымының болмауы анықталғанда 30 минуттан кем емес аралықпен мидың төрт магистральдық тамырының (жалпы ұйқы және омыртқа тамырларының артериясы) екінші рет қарама-қарсы панангиографиясы жүзеге асырылады. Ангиографияда орта артерия қысымы 80 мм. сын. бағ. кем болмауы тиіс. 
      13. Егер ангиографияда ми ішіндегі артериялардың ешқайсысында қарсы затпен толықтырылмаса, онда бұл мидың қан айналымының тоқтағаны туралы куәландырады.

4. Қадағалау ұзақтығы      

14. Мидың алғашқы зақымдануында  ми өлімінің клиникалық суретін  анықтау үшін қадағалау ұзақтығы  осы Ереженің 9-тармағында сипатталған  алғашқы себептерді анықтау уақытынан  бастап 6 сағаттан кем болмауы  керек. 
      15. Барлық көрсетілген белгілер егер 12 сағаттан кем емес уақыт бойы сақталса және егер осы уақыттың өтуімен электроэнцефалографияда өз бетінше және мидың электр белсенділігі арқылы шақырылуы болмауын тіркеген жағдайда өлімді белгілеуге негіз бола алады.  Электроэнцефалографияны қолдану мүмкін болмағанда қадағалау мерзімі 24 сағатқа дейін ұзартылады; 
      16. Мидың қайталап зақымдануында ми өлімінің клиникалық суретін анықтау үшін қадағалау ұзақтығы осы Ереженің 9-тармағында сипатталған клиникалық себептерді алғаш анықтаған сәттен бастап 24 сағаттан кем емес уақыт болуы керек. 
      17. Интоксикация кезінде қадағалау ұзақтығы 72 сағатқа дейін немесе зертхана зерттеулерінің деректерімен құжаттанатын қандағы уытты заттар жоғалғаннан кейін 24 сағат ішінде көбейеді. 
      18. Егер ми өлімінің клиникалық себептерін анықтағаннан кейін  30 минут ішінде үш рет бас магистральдық артериясының панангиографиясы өткізілсе, қадағалау уақыты қысқартылуы мүмкін, бұл ретте электроэнцефалографияны тіркеу міндетті емес. 
      19. Ми өлімінің клиникалық себептері бар болса, осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген арқа автоматизмдері және рефлекстері байқалуы мүмкін. 
      20. Бақылау мерзімі ішінде науқас 3 тәуліктік қадағалау мерзімінде 3 сағаттан сиретпей және 12 және 24 сағат қадағалау мерзімінде екі сағатта 1 реттен неврологиялық тексерудің мерзімділігімен тұрақты қадағалауда болады.

5. Ми өлімі диагнозын  белгілеу және құжаттама     

21. Ми өлімін растау туралы  қорытынды дәрігерлер комиссиясы  қабылдайды, оның құрамында: реанимация  бойынша 5 жылдан кем емес тәжірибесі  бар емдеуші анестезиолог-реаниматолог-дәрігер  және мамандығы бойынша 5 жыл  жұмыс өтілі бар невропотолог  болады. Арнайы зерттеулерді (электроэнцефалография  тіркеу, ангиография) өткізу кезінде  комиссия құрамына мамандығы  бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс  тәжірибесі бар, сондай-ақ консультациялық  негізде басқа медицина ұйымдарынан  шақырылатын тиісті маман қосылады. Қорытынды реанимация бөлімшесінің  меңгерушісі немесе оны алмастыратын  тұлға бекітеді. Комиссия мүшелері  осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ми өлімін растау туралы қорытынды жасайды және оған қол қояды. 
      22. Комиссия құрамын тағайындау және ми өлімін растау туралы қорытынды бекітуді науқас жатқан реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, ол болмаған жағдайда – медициналық ұйымның жауапты кезекші дәрігері жүзеге асырады. 
      23. Ми өлімін растаудың негізгі құжаты – ми өлімін анықтау туралы қорытынды болып табылады оның негізінде реанимациялық іс-шараларды тоқтатылады. 
      24. Осы ереже балалардың ми өлімін анықтауға қолданылмайды.

Биологиялық       
өлімді немесе бас миының 
біржола семуін растау  
ережесіне 1-қосымша

Арқа автоматизмдері мен рефлекстері

Дене бөлігі

Кездесетін белгілер

Омыртқаның мойын  бөлігі

Тітірендір мойын  рефлекстері: мойын бұлшықетінің спазмдық контрактурасы, бастың бұрылуына жауап  қарсы жамбас буынының бұрылуы, шынтақ буынының бұрылуы, иықтың түсуі, бастың өздігінен бұрылуы.

Қол

Бір жақты түзелу – пронация. Саусақтарды бөлек  тарту. Иықты көтеру және бұру, қолдарын қосқан жағдай суреттелген.

Кеуде

Дененің ассиметриялы опистотоникалық жағдайы. Отыру  қалпын еліктетін кеуденің майысуы. Құрсақ рефлекстері.

Аяқ

Саусақтардың  майысуы. Майысудың феномені. Бабинский  белгісі.


Биологи

 

 

Ұйқыдағы өмір немесе клиникалық өлім сәті

Адам өмірінде кездесетін тосын  да таңғажайып құбылыстардың бірі —  сонау ежелгі грек заманынан бастау алған летаргиялық ұйқы. «Летаргия» — сөзі грек тілінен аударғанда «ұмыту», «естен шығару» деген мағынаны білдіреді. 
Нақты деректерге көз жүгіртсек, сандаған айлар мен жылдарға созылатын летаргиялық ұйқыға байланысты оқиғалар жер бетінде ерте кезден-ақ молынан орын алған. Атақты орыс ғалымы, дәрігер-физиолог Иван Павлов өз еңбектерінде Качалкин деген бір азаматтың 1898-ші жылдан бастап «ұйықтап», тек Қазан төңкерісінен кейін ғана «оянғанын» жазған. Ол оянып, өз-өзіне келгеннен кейін ғалым онымен арнайы жүздесіп, оның ұйқы үстіндегі халін сұрағанда, ол ұйықтап жатып-ақ бәрін естіп-біліп жатқанын, тек денесін қозғауға шамасы келмей, тұла бойын бір зіл-батпан күш басып тұрғандай күйде болғанын айтқан. Ғалымдардың зерттеулеріне жүгінер болсақ, мұндай «ұйқыдағы өмірге» немесе летаргиялық ұйқыға нерв жүйесі зақымданған, психикалық қалыптан ауытқыған, жаратылысынан өте қызба жандар кетеді екен. Осыған ұқсас әлі шешімі толық табылмаған жұмбақ құбылыстың бірі – клиникалық өлім процесі. Дәстүрлі медицинада клиникалық өлім процесі адам өмірінде өте сирек болатын «экстремальды жағдай» деп түсіндіріледі. 
Дәрігер мамандардың пайымдауынша, клиникалық өлім сәті — ең ұзақ дегенде бес минутқа дейін созылатын адам өміріне қауіпті процестің бірі. Мұндағы ең негізгі фактор клиникалық өлім сәтінде адам ағзасындағы маңызы зор органдардың қызмет атқару механизмдері мен денедегі қан айналу процесі бәсеңдеп, тыныс алу клеткаларының жұмысы тоқтайды. Клиникалық өлім сәті жайлы тілге тиек еткен кезде американдық дәрігер-реаниматор Реймонд Мудидің «Өлімнен кейінгі өмір» деп аталатын ғылыми-танымдық зерттеу еңбегіне тоқтала кету артық болмас. Негізінен аталған кітаптың оқырмандар тарапынан да, сыншылар мен ғалымдар тарапынан да зор табысқа жетіп, қолдау табуы — онда өмірдің өзінен алынған нақты фактілерге негізделген жәйттердің молынан қамтылғандығы. Автор кітапта орын алған барлық әңгіме, оқиғаларды клиникалық өлім халін басынан кешірген жекелеген адамдармен жүзбе-жүз сөйлесіп, олардың өз ауыздарынан жазып алған. Мұндағы кез-келген адамды таңғалдыратын нәрсе — кітаптағы егжей-тегжейлі баяндалған жайлардың өмір шындығымен айна-қатесіз сәйкес келетіндігі. «Клиникалық өлім халін басынан кешірген әртүрлі жас шамасындағы бірнеше адамдардың бірқатар әңгімелерінде ұқсастықтар жиі кездеседі. Менің жинақтаған зерттеу еңбектерімдегі ақпараттарға көз жүгіртсем, жобамен алғанда 15-тен астам жекелеген элементтердің қайталанатындығын аңғару қиын емес. Осылардың негізінде мен «өліп-тірілген» жандардың әңгімелерінің ішінде жиі кездесетін детальдардың теориялық моделін атап өтпекпін. Айталық, адамның физикалық денесі әлсіреп, шегіне жеткен кезде ол «көз жұмады». Дәрігерлер ол адамды өлдіге санап, медициналық сараптама негізінде өз тұжырымдамаларын ортаға салғанымен, «өлген адам» оның бәрін естіп жатады. Бұдан кейін ол, яғни, «жан» өзінің физикалық тәнінен бөлініп, шығып кеткенін айқын сезінеді. Әрбір жан өзінің денесін алыс ара қашықтық ауқымында сырттан бақылап тұрған көрермен секілді. Баса айта кететін жәйт, клиникалық өлім сәтінде «өлген адам» дәрігерлердің оны тірілту үшін жасап жатқан әрекеттерін айна-қатесіз көре алады. Олардың бәріне ортақ тағы бір ерекшелік тәннен бөлініп шыққан жанның у-шу мен зыңылдаған тынымсыз қатты дыбыстарды ести алатындықтары және өте үлкен жылдамдықпен ұзын қара туннель ішінде жылжитындықтары», — деп жазады Реймонд Муди. Санаға сыйдыра алмайтын мұндай құбылыстарға баға беру қиын-ақ. 
Біздің сену-сенбеуімізге тәуелді емес, сирек те болса адам өмірінде орын алатын құбылыстар бір сөзбен айтып түсіндіруге болмайтын үлкен мәнге ие және әлі де өте терең зерттеуді, жіті ғылыми пайымдауларды қажет етеді. Летаргиялық ұйқы мен клиникалық өлім сәтінің сыртқы сипаттары ұқсас болғанымен, олардың әрқайсысының ішкі мазмұны мен ерекшеліктері сан қырлы. Летаргиялық ұйқы мен клиникалық өлім процесінің айырмашылығы жер мен көктей. Летаргиялық ұйқыға бататындар — негізінен нерв жүйесіне салмақ түскен жандар. Өте сирек жағдайларда кездесетін летаргиялық ұйқыға кеткен адам уақыт өлшемінен тыс болады және ара қашықтық өлшемі мен ажалдан босайды. Ондай жанның еншісінде тек өмір ғана қалады. Летаргиялық ұйқыға батқан адам мейлі он жыл, мейлі жиырма жыл ұйықтасын, ол оянғаннан кейін де өзінің табиғи жасына сәйкес қалыпта болады. Ұйқыдағы уақыт бедері оның өмірінде өз ізін қалдырады. Ал, клиникалық өлім процесі летаргиялық ұйқыға керісінше форма. Онда өмір мен өлімнің жартысы қалады да, адам уақыт өлшеміне тәуелді болады. Клиникалық өлім процесі де өте сирек жағдайларда болатын жұмбақ құбылыс. Аталған «уақытша өлімге» бой алдыратындар — негізінен онкологиялық асқынған сырқаттары бар жандар және белгілі бір себептермен тағдырларына Алланың сынағы жазылған пенделер. Клиникалық өлім кезінде адамның жаны параллельдік әлем өлшемдеріне еркін түрде шығып кетеді. Тылсым дүниенің әлі ашылмаған бір тынысы, адам жаратылысының шешуі табылмаған бір құпиясы деп айтуға болатын бұл құбылыстар әлі де терең зерттеуді қажет ететіні сөзсіз… 
Арай САХАРИЕВА, журналист, Шығыс Қазақстан облысы.

 

 

 

Массаж – француз сөзінен шыққан, ысқылау деген мағынаны білдіреді, оның түпкі тамырын араб тілінен алған (арабша «масс» - жақындау, сипалау).

Франкфурт, Алмания.

Мазмұны  

[жасыру] 

  • 1 Тарихы
  • 2 Массаждың денеге тигізетін әсері
  • 3 Массаждың зат алмасуына әсері
  • 4 Массаждың түрлері
  • 5 Емдік массаж
  • 6 Гигиеналық массаж
  • 7 Сегменталды массаж
  • 8 Нүктелі массаж.
  • 9 Қоздыратын нүктелі массаж
  • 10 Галерея
  • 11 Стоматологиялық термин аудармасы
  • 12 Пайдаланған әдебиет

    [өңдеу]Тарихы


    Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу  әрекеті басталған, оның ішіне массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет қолбасшысының  табытының ішінде папирус жапырағына жазылған массаждың тәсілдері табылған. Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен  музейде сақталған. Көз тартарлық  дүниенің ішінде, екі адамның бірін  – бірі сипалап отырған көрінісі ерекше көзге түседі. Бұл сол кездегі  Ассирия патшасы Санхерибаның (біздің дәуірімізге дейінгі 705-681 жж.) дүниесі  еді. Ежелгі гректер массаж арқылы денеге әр түрлі майларды уқалап жағуды египеттіктерден  үйренген екен... Ежелгі Греция халқының спортшылары сайыстың алдында және соңынан денелерін майлатып, артынан Ніл өзенінің жағасынан әкелінген ұсақ құммен ысқылатқан екен. Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродикос. Оның оқушысы Гиппократ ауруларға массаждың илеу – жұмсарту – мыжу тәсілдерін кеңінен қолданады. Массаж ертедегі Грециядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер Акслепиад (біздің дәуірге дейінгі 156-128 жж.) массажды құрғақ және майлы, күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа деп әр түрге бөлген. Корнелий Цельс оны әрі қарай дамытып, массаждың қасиетіне тереңірек көңіл бөлген. Өзінің «Медицина туралы» кітабының бір тарауын массажға арнаған. Массаждың өрлеуіне ұлкен көмегін тигізген дәрігердің бірі Гален (біздің дәуірімізге дейінгі 131-120жж.). Итальяндықтар массажды тек тұрмыс жағдайында ғана емес, тіпті әскери жағдайда да кең қолданған. Массаждың етек алып, дамуына дүние жүзіне әйгілі ғалым, жазушы, астроном, орта ғасырдағы үлкен тұлға Әбу Әли – Ибн Сина (Авиценна) көп ықпал жасады. Ол массаждың әрбір түрін талдап берді. Мәселен, күшті массаж – денені қатайтады, әлсіз – босатады, ұзақ – адамды арықтатады, орташа – құлпыртады, даярлық – дене тәрбиесіне икемдейді. Ғалымның берген осындай анықтамалары – емдік, спорттық массаждың негізін құрады. Шығыс елдерінде массаж өз ерекшелігімен көзге түседі. Өйткені ол қолмен емес,аяқпен де жасалады. Массаждың шыққан тегі өткен ғасырларда екенін білдік. Оның ең бір кең тараған, алғаш агылған жері Қытай елі болатын. «Най – цзин! (ішкі құрылыс туралы кітап) атты қолжазбада (осыдан 3000 жыл бұрын жазылған) және көп ескі әдеби еңбектерде массаждың қандай ауруларға қолданылғаны туралы жазылған. Массаждың техникасы, методикасы, әдісі, тәсілі осыдан 100 жыл бұрын реттеліп, баспа бетінде берілген. Ежелгі Үндістанда «Аюр Веды» (ғылыми өмір) атты үш кітаптың біздің дәуірімізге дейін, 1800 жыл бұрын шыққан бөлімінде массаж туралы толық жазылып, оны қандай ауруға қалай қолданатыны жайлы атап көрсетілген. Славян елдерінде массажды моншада бейнке (сыпырғыш) арқылы сабалап жасаған. Массаж туралы туындылар көп болғанымен, бізге жеткені шамалы. Қазірдің өзінде біреу білсе, екіншісі білмейді. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында массаждың физиологиялық қасиетін ашпақ болған. Оның әсерін, ғылыми тұрғыда, тек И. П. Павловтың жоғары нерв жүйесінің теориясы жарық көрген кезде ғана айта алатын халге жетті. Массаж халық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық же шарына кең тараған, сондықтан емдеу әдістерінің ең негізгі тарауы болып құрамына кіреді. Қазіргі кезде шығыс және батыс массажы деп екіге бөледі. Батыс массажына классикалық және сегментарлық, ал шығыс массажына нүктелі (бір нүктеге қадап) және жүйелі (дененің бөлігіне жасау) массаждар жатады.

    Таиланд.

    [өңдеу]Массаждың денеге тигізетін әсері


    Массаж дегеннің өзі адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық  тітіркендіру. Ол массажистің қолымен  немесе арнайы аппаратпен орындалады. Осындай тітіркендіруге ішкі ағзалар, мүшелер қарап қалмай, өз қызметтерін  өзгертіп, массажға қарсы «жауабын»  береді. Массаждың денеге әсерін, оның физиологиялық қасиетін атақты ғалымдар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский, Н. А. Ухтомский т.б. өз еңбектерінде айқын көрсеткен. Массаждың әсері  өте тереңде жатыр. Ол – нервті-рефлекторлы, гуморалды және механикалық ықпал  жасау. Массаж жасағанда теріде, бұлшыұ етте, буындарда жатқан нерв талшықтары тітіркенеді. Ол тітіркеністер ми қабығына беріледі. Әрбір нерв талшықтары ұштарының  өз аттары бар. Мәселен, теріде – экстрорецептор, бұлшық ет, сіңір, шандырдан шыққандар  – проприоцептор, қан тамырларынан кеткендер – ангиорецептор және ішкі ағзалардағы – интерорецептор деп аталады. Осы рецепторлардың бәрі тітіркеністен бірлесіп, миға әсер етеді. Ал оның өзі жоғарғы реттеуіш күштің қызметіне әсерін тигізіп  «қарауындағы» барлық мүше ағзаларға  жауап реакция келіп түседі. Содан  денеде әр түрлі қимылдық өзгерістер туады. Жауап реакциясының күші, айқындалуы жоғарғы нерв жүйесіне тікелей байланысты, сол сияқты, тітіркенген жердің көлеміне, массаждың методикасы мен тәсілдеріне, аурудың біліну белгілеріне де тығыз  байланысты. Тағы бір көңіл аударатын  мәселе – массаждың тиімділігінде  үлкен роль атқаратын – гуморалды  фактор. Массаждың әсерімен тканьдердің  ішінде жоғарғғы активті (белсенді) зат  құрылады. Ол қан айналымын және зат алмасуын үдетеді. Міне, соны гуморалды  зат дейді. Массаж денедегі барлық сұйық  заттардық қозғалысын арттырады. Мәселен: қан, лимфа, тканьаралық сұйықтың, тканьдердің  өзара созылуы, орын ауыстыруы т.б. Механикалық фактор зат алмасуын арттырып, денедегі тоқыраушылыққа жол  бермейді. Массаж жасаған жердің ыстығын  көтереді. Сонымен массаждан нерв импульстары ағындап, мми қыртысына  келеді. Онда қоздыру және тежеу  сияқты екі түрлі толқын пайда  болады. Олар сол нерв талшықтары арқылы денедегі мүшелерге беріледі. Олардың  жауап реакциясы бойындағы аурудың  өршуіне не өшуіне әсер етеді. Осыған орай емдік массажды тек тәжірибелі маман жасау керек деген ұғым туады. Массаждан кейін адамның денесі сергіп, рахатттанып, көңіл – күйі көтеріліп, жылынып, ауырған жері басылады. Кейбір кезде бойда ширақтық аңғарылса, басқа жағдайда керісінше, ұйқы басып кетеді. Массаж дұрыс орындалмағанда, массаждың өзіне тән талаптары бұзылғанда немесе аурудың асқынып, массаж болмайтын кезінде организм массажды көтере алмайды. Сондықтан массажды аурудың ерекшелігіне лайықтап жасау керек. Кейбір ғалымдар массаждан кейін дененің қызарып, талаурап, қаты ауыратын жағымсыз реакцияларын көрсеткен. Бұл көбінесе жасы келген қарияларда байқалады. Сол сияқты науқас адамды дұрыс отырғызбасане дұрыс жатқызбаса да осындай жағымсыз реакция береді. Мысалы, жүрегі ауыратын адамның белінде құяң болса, оны етпетінен жатқызғанда жүрек нашарлап кетеді. Сондқтан ондай ауруға массажды отырғызып жасаған абзал. Ішкі ағзалардың функционалды қызметін, науқастың ауырған жерін анық білмей массаж жасауға болмайды. Массажды зерттеген ғалымдар оның орталық нерв жүйесіне, қан тамырына, теріге, бұлшық еттерге, буындарға, зат алмасуына үлкен әсер ететінін айқын көрсетеді.

    [өңдеу]Массаждың зат алмасуына әсері


    Зертеуге қарағанда, массаж адам денесінде  болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді. Организм мен оны  қоршаған орта арасында үздіксіз зат  және энергия алмасу процесі жүреді. Сыртқы ортамен зат алмасу организмге су және азқтық өнімдердің түсуінен басталады. Олардың бір бөлігі ас қорыту жолында  едуір қарапайым заттарға ыдырап, организмнің ішкі ортасы – қан  мен лимфаға өтеді. Заттар қанмен бірге клеткаларға түседі. Мұнда  олар химиялық өзгерістерге ұшырайды. Организмге тән белок, май, углевод  түзетін биосинтез және күрделі  органикалық қосылыстардың ыдырау процесі жүреді. Заттардың өзгеруі  ферменттердің әсер етуі арқылы жүреді де, нервтік – гуморалдық жолмен ретеледі. Зат алмасу процессінің  ақырғы өнімдері несеп, нәжіс, тер арқылы және тыныс шығарғанда ауамен бірге  сыртқа шығарылады. Сонымен заттардың  организмге сыртқы ортадан енуінен  бастап, ыдырау өнімдерін шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Массаждың  негізін салып, оның қасиетін түбегейлі  тексерген ғалымдардың бірі И. М. Саркизов – Серазини (1963 ж.) массаждың  әсерінен зат алмасудың барлық түрі өзгереді деген. Оның айғағы – массаждан  соң несептің ұлғаюы, оттегінің 10 – 15 процентке көбеюі. Сол сияқты массаждың  әсерінен денедегі тұз, азоттық затттар, сүт қышқылы көп бөлініп шығады. П. С. Васильев, Н. И. Волков және А. В. Троицкий (1961 ж) өз еңбектерніде ауыр жұмыстан соң  шаршаған бұлшық еттерге жиналған сүт  қышқылын шығару үшін массаждың өте  қажет екенін анықтаған. Аламсу процессі клеткаларда үлкен қарқынмен  жүріп, ыдырау өнімдері мен артық  су организмнен бүйрек, тері және өкпе арқылы үлкен жылдамдықпен шығарылады. Зат алмасу туралы сөз болғанда, денедегі су мен тұздың пайдасы зор  екенін айтпаса болмайды. Адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Қанда, лимфада, ас қорыту сөлінде өте су көп. Сыртқа шығарылатын су организмге кіретін су мөлшерімен үнемі толықтырылып отыруы керек. Адам сусыз бірнеше тәулік қана өмір сүре алады. Денеге минералды тұздар да өте қажет. Солардың негізінде ішкі ортадағы тұрақтылық сақталады. Мысалы, қанның ұюы үшін онда кальций тұздары қажет. Сүйек тканінің едәуір мөлшері осы тұздардан тұрады. Организмге қажетті минералды тұздардың бәрі дерлік күнделікті жейтін тағамдарда болады. Онда натрий хлориді ғана жетіспейді. Сондықтан тамаққа ас тұзын ғана қосады. Массаждың әсерінен денеде су мен минералды тұздардың алмасуы аса қарқынды өтеді. Массаж тіпті ішкі секреция бездерінің қызметіне де өз ықпалын тигізеді. Барлық ішкі секреция бездері зат алмасуды реттеу ролін атқаратыны белгілі. Қалқанша безінің гармондары организмнің өсіп – дамуына әсер етеді. Қалқанща безінің қызметінің бәсеңдеуі микседема аурувна әкеп соғады. Сол сияқты балалардың өсуі мен дамуын баяулатады. Егер қалқанша безінің қызметі шамадан тыс күшейіп кетсе, онда безедов ауруы пайда болады. Мұндай адам ашушаң әрі тез шаршағыш келеді. Жүректің жиырылу жиілігі, қан қысымы, нерв жүйесінің қозғыштығы артады. Безедов ауруына шалдыққан адам үнемі ашқарақтанып, тамақты көп ішеді, бірақ бойға қонбайды, өте арық болады. Олардың қалқанша безі ұлғайып, мойынның сәнін кетіреді және көзі бадырайып сыртына теуіп кетеді. Осындай ауруға шалдыққан адамдар үшін гармондардың түзілуін тежейтін дәрілермен бірге массаж қолданылады. Массаж денедегі тотығу процесін реттеуге, нерв жүйесінің қозғыштығы мен тежелуін теңестіруге көмек жасайды. Адам организмінде бүйрек безінің де орны ерекше. Ол бірнеше гармондар түзеді. Олар углевод, белок, май алмпсуын бақылап белоктың углеводқа айналуына себепші болады, тұз бен судың алмасуын реттейді. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, массаждың әсер етпейтін жері жоқ. Ол орталық нерв жүйесіне, гуморалды механизмге, бұлшық ет қан тамырларына, организмнің өзге жүйелеріне үлкен әсер етеді. Массажды физиотерапия немесе емдік гимнастикамен қоса қабылдаса, оның нәтижесі бұрынғыдан да аса түседі. Өйткені ол адам денесіне жан жақты күш түсіреді. Сондықтан массажды қолдану техникасын әр түрлі ауруларға пайдаланады. Өйткені науқастанған мүшенің орталық нерв жүйесімен үзіліп қалған байланысын жалғастырып, жандандырады. Көптеген ғалымдардың айтуынша, массаж әлсіреген денеге әл береді, шаршаған организмге күш қосады, бұзылған мүшені қалпына келтіреді. Тек методикасын дұрыс білу керек.

    [өңдеу]Массаждың түрлері


    Массаж бірнеше топқа бөлінеді. Олар емдеу, гигиеналық, косметикалық және спорттық массаждар. Сондай-ақ осыларға қосылатын массаждың тағы бір  түрі — адамның өзіне-өзі массаж жасауы (самомассаж).

    [өңдеу]Емдік массаж


    Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек  дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда  білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторин-профилакторий сияқты медициналық-мекемелерде  аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап  отырады. Ол басқа комплексті емнің  құрамына кіреді. Мысалы дәрі-дәрмекпен, физиотерапиялық емдік гимнастикалармен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік  бар. Емдік массаж өзі жеке бірнеше  топқа бөлінеді. Ол аурудың түріне, зақымданған не жарақаттанған жерге  байланысты. Мәселен жүрек-қан тамыр  ауруларына (жүрек ақауы, миокард  инфаркты, гипертония, гипотония ауруларында) бір түрлі массаж, тыныс алу  жолдары ауырғанда — басқа  түрі, орталық не шеткері нерв жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы, әр аурудың өзіне тән қолданатын массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік массажды тек  медициналық білімі бар адамдар  ғана жасай алады.

    [өңдеу]Гигиеналық массаж


    Массаждың бұл түрі сау адамдардың денсаулығын сақтау үшін, аурудың  алдын алу үшін, ерте қартайып —  тері солып қалмау үшін қолданылады. Ол барлық денеге немесе жеке бір мүшеге жасалады. Сол сияқты оны маман, әйтпесе  әркім өзіне - өзі жасай алады. Гигиеналық массаж, ертеңгі жаттығулар сияқты таңертең орындалады. Қай мезгілде жасаса да оның артықшылығы жоқ, дегенмен таңертең ұйқыдан оянған сәтте денені сергітуге арналған. Себебі адам организмі  бірден құлшынып тіршілікке ене қоймайды, ол күні бойы (ең болмаса түске дейін) біртіндеп таратылады. Әсіресе, қан  қысымы төмен не буындары ауыратын адамдарға ертеңгі массаждьң  көмегі өте қажет – ақ.

    [өңдеу]Сегменталды массаж


    Жұлыннан шыққан нерв талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір бөлігіне (тері, бұлшық ет, тканьдер т.б.) бірдей әсер етеді. Сонда адамның сыртқы және ішкі органдарының арасында тығыз  байланыс болады. Осындай сезімтал аймақты ең алғаш орыс дәрігері А.А.Захарьин ашады. Ол жүрек ауырған кезде  арқаның терісін сипалай отырып осы рефлексогендік белдеуді анықтайды. Кейін ішкі органдар мен сыртқы терідегі сезімтал аймақтың өзара байланысын неміс дәрігері Х.Гед тиянақты тексере  отырып, анықтап шығады. Сондықтан  осындай сезімтал рефлексогендік аймақты  ашқан авторлардың құрметіне  Захарьин Гед белдеуі не аймағы деп  атайды. Көп ғалымдардың зерттеулеріне  қарағанда, осы Захарьин Гед аймағы мен ішкі ағзалардың байланысы жұлыннан шыққан бірыңғай нерв талшықтары және шеткері вегативтік нервтер арқылы іске асады Дененің белгілі бір  бөлігін деп тері, бұлшық ет, тері астындагы шелді қабат, дәнекер  ткань, тамырлар, сүйек — барлығы нерв талшықтары арқылы ішкі ағзалармен байланысты. Сондықтан ішкі органдардың біреуі ауырса, бірден терінің бір жеріне беріледі. Мысалы, жүрек ауырғанда, оның әсері сол жақ иыққа, жауырынға, қолға беріледі. Егер сол жерлерді зер салып қараса, өзіне тән өзгерістері байқалады. Басқа қоршаған жерден гөрі бұл белдеуде электроөткізгіштік қасиет жоғары, терінің, температурасы көтеріңкі, бұлшық еттер қатты ауырып, сіресіп, өте сезімталдық байқалады. Осы анықталған белдеуге массаж жасағанда, науқасқа шалдыққан ішкі органда әжептәуір жеңілдік анықталады. Ол жерде қан айналымы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Сондықтан ішкі ағзалардың, әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері болады. Жұлынның арнайы сегменттері соған арналған. Массаждың түрлі тәсілдерін осы арнайы сезімтал белдеулерге колдана отырып, закымданған мүшені қалпына келтіруге болады. Ол үшін жұлынның сегменттерін анық білу керек. Барлығы жоғары реттеуші күштің қарамағында өтетінін еш уақытта естен шығармаған дүрыс.

    Реанимация туралы түсінік