Суды тазарту және ластанудан қорғау

 

 

 

                         Жоспар

 
 
І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім 

2.1. Суды тазарту және ластанудан қорғау                                                       2.2. Гидросфераның ластануы

ІІІ.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

   Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.

Тірі және өлі табиғатта жүретін  түрлі процестер мен құбылыстардың  адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың  ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы  ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат  және энергия айналымына тікелей  қатысады. Көптеген процестер тек  сулы ортада ғана жүре алады. Белок  суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың  негізі болып табылады. Жер бетіндегі  биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.  
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті.  
Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.  

 

 

ІІ. 1. Суды тазарту және ластанудан қорғау                                                      

Судың өздігінен тазару процесіне  әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.  
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.  
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.  
Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді

Механикалық әдісі – суды тұндыру  және сүзу арқылы ондағы механикалық  қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.  
Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады.  
Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.  
Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді.  
Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.  
Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.  
Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. Солардың бірқатарына тоқталамыз.  
Жамбасқұрт – жамбастап жылжып қозғалатын жәндік. Бұл оның уақытша қозғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбасқұрттар балықтардың сүйікті жемі болумен қатар, өте пайдалы жәндіктер. Олар түрлі организмдердің қалдықтарымен қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен роль атқарады.  
Қоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша қоңыздардың негізгі қорегінің 60%-ы маса личинкалары екен. Арнайы жүргізілген тәжірибелерде бір ғана қоңыздың тәулігіне 65-70 маса личинкасын жоятыны осыны дәлелдейді.  
Су шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда, өсімдіктері көп, әрі ластанған өсімдік шірінділері көп көлшіктерде тіршілік етеді. Олардың негізгі қорегі – маса, сона мен басқа да су жәндіктері. Лаборатория жағдайында су шаяндары тәулігіне масаның 85 личинкасын жоятыны анықталған.  
Инеліктер. Судағы жәндіктердің ішінде инеліктердің орны ерекше. Барлығы дерліктей жыртқыштар. Тіршілік ету ерекшелігіне байланысты инеліктерді су насекомдарының “қос мекенділері” деп атауға болады. өйткені инеліктердің личинкалары суда дамиды да, ал ересектерінің даму кезеңдері су жағасында өтеді. Ересек инеліктер қорегін тек қана ұшып қуып барып ұстайды. Олардың өткір тырнағына көбіне масалар, шыбындар, соналар т.б. зиянды насекомдар ілінеді.  
Су жүйелерін тазалайтын балықтар да бар екен. Арықтар бойын арамшөптерден тазарту үшін маман ғалымдар көп ізденіс жасап, канал бойларына ақ амур, дөң маңдай сияқты балықтарды қолдан жерсіндірді. Ақ амур ересектерінің дене тұрқы 120 см, салмағы 32 кг-ға дейін жететін ірі балық. Денесі ірі бұл балықтың ерекшелігі – ол сондай мешкей. Олар каналда өскен шөптерді жеп, өсімдіктердің қаулап өсуіне жол бермеген.  
Арық пен канал бойындағы өсімдіктерден құтылу үшін қолданылып жүрген механикалық әдістерді шөппен қоректенетін балықтармен алмастыру экономикалық жағынан өте тиімді. Сондай-ақ бұл балықтар басқа да маңызды қызмет атқарады. Жағасында қамыс өскен су төңірегінде орналасқан ауыл-село тұрғындары жазда масадан көп зардап шегетіні белгілі. Ондай кезде ақ амурлар суда өскен қамыс құрақты азық етіп, масалардың ұрық салатын орнын құртады. Сондықтан да су жүйелерін тазалайтын бұл балықтарды келешекте канал, арық суларында өсіруді қолға алған жөн.

Өз өлкеміздің су қорларына келетін болсақ Жамбыл облысының барлық өзендері Арал теңізі алабына жатады. Қырғызстан жерінен бастау алатын Шу, Талас, Аса өзендері облыстың негізгі өзендері болып табылады.  
Облыс көлеміндегі жерүсті суларының сапасын зертханалық талдауда өткен жылмен салыстырғанда 2006 жылы Шу, Талас, Аса өзендерінде ластану индексінің өскендігі байқалған.  
Жалпы облыс бойынша ластағыш заттар төгінділері “Шолақтау” таукен өндіру комбинаты, Шатыркөл руднигі, Ақбақай таукен металургиялық комбинаты, “Монолит ” ашық акционерлік қоғамы сияқты кәсіпорындардан болып отырғандығы расталып отыр.  
Қорта айтқанда, су - өмірдің нәрі, ол - өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.

Жер – күн жүйесiнiң ең сулы планетасы. Судың негiзгi қоры мұхиттар мен теңiздерде 97% болады, және олар жер бетiнiң 70% — тең көп бөлiгiн алып жатқан дүниежүзiлiк мұхитты түзедi. Дүниежүзiлiк мұхиттың орташа тереңдегi 4000 м. Теңiз және мұхит суларында көп тұздар ерiген, сондықтан теңiз суының дәмi тұзды-қышқылды және iшуге жарамсыз. Дүниежүзiлiк мұхиттың суы буланса, оның құрамындағы тұз мұхит түбiн 60 м қабатта, ал жердi 45 м қабатта жауып қалатын едi. Теңiз суында бiз тағамға пайдаланатын ас тұзы бар, ол суға тұзды дәм берiп тұр. Ал қышқыл дәмдi магний тұздары бередi. Бiр литр теңiз суында шамамен 35 г тұз бар. Судың тұздылығының тiрi организмдер тiршiлiгiнде үлкен маңызы бар. Тұщы және тұзды су қоймаларының өсiмдiк немесе жануар дүниесi бiр-бiрiнен қатты ерекшеленедi, өйткенi барлық организмдер тұзды суда тiршiлiк ете алмайды.

Құрлық суларының дүниежүзiлiк мұхит суынан ерекшелiгi: олар тұщы және iшуге жарамды. Оларда да тұздар бар, өйткенi суда ағып өтетiн тау жынысы еридi, бiрақ өзендер мен көптеген көлдердiң суларында 1 л – де 1 г – нан аз тұздар бар, сонымен су бiзге тұщы дәм бередi. Дүниежүзiлiк мұхитпен салыстырғанда құрлық суы гидросфераның 3% су мөлшерiн алып жатыр, сонымен тұщы суға өте ұқыпты қарау керек, оны үнемдеп, ластамау қажет.

Жерасты сулары жер қыртысында орналасады. Олар тау жыныстарынан ағатын жаңбыр, өзен, көлдер, су қоймаларының суларынан түзiледi. Жерасты сулары тұщы немесе мұзды болады. Олар өте таза, iшуге пайдаланады, әсiресе өзен мен көл аз жерлерде. Топырақтағы суларды өсiмдiктер сiңiредi.

Мұздықтар құрлықтағы мұздардың табиғи жиналуын айтады. Оларда су қатты түрде болады. Мұздықтар ауа температурасы төмен жерлерде – тау басында, Антарктида да түзiледi. Антарктида бетiн жауып жатқан мұздықтар биiктiгi 4-5 км жетедi. Мұздықтарда тұщы судың үлкен қоры бар. Тұщы және тұзды су атмосферада су буы, газды түрiнде болады. Ауада үнемi су буы бар. Бiз оны көрмеймiз. Бiрақ жоғарғы биiктiкте су буынан бұлттар түзiледi. Олар су тамшылары немесе мұз кристаллдарына айналуын келесi сабақтан бiлесiз.

Судың жер бетiнде алатын орны орасан. Оның көмегiмен өсiмдiктер өседi, жауын-шашын түседi, гидроэлектростанциялар, фабрика мен заводтар жұмыс жасайды, сусыз адамдар мен жануарлар тiршiлiк ете алмайды. Адамдардың суға табынуы тегiн емес, оны бағалады, зерттедi, аңыздар мен жырларда айтылды.

Гидросфера – жердiң сулы қабаты. Оған теңiздер мен мұхиттар, құрлық суы, жерасты сулары, атмосфераның су буы жатады. Су гидросферада қатты, сұйық немесе газды күйде бола алады. Суда минералды тұздар ерiген, сондықтан солардың құрамына қарай тұщы немесе тұзды болады.

Судың булануы – су қоймасынан ылғалдың атмосфераға өту әдiсi, табиғаттағы ең үлкен процесстердiң бiрi. Су Дүниежүзiлiк мұхит, көлдер, өзендер немесе су қоймасының бетiнен буланады. Суды өсiмдiктер көп мөлшерде буландырады. Булану кез келген температурада да жүредi. Жаңбырдан соң сулар жазда да, суық күзде де кебедi, бiрақ олар жазда тез кебедi; жел олардың булануын тездетедi. Шомылып судан шыққанда, ыстық күнде салқындықты сезесiз. Булану адам немесе жануарлар өмiрiнде маңызды роль атқарады, жануарларды немесе адамды қызып кетуден сақтайды.

Табиғатта керi процесс те өте кең тараған: су буының сұйыққа айналуы – конденсация. Егер ыстық суы бар стаканды жауып қойсақ, бiраз уақыттан соң тарелка бетiнде су тамшылары байқалады. Су буының конденсациясымен күнделiктi өмiрде кездесемiз. Ауа суыған кезде, ауадағы су буы шөптерде, жапырақта немесе басқа заттарда майда су тамшылары ретiнде жиналады — бұл шықтың түсуi. Бұлттар су буы конденсациясының нәтижесiнде түзiледi. Жер бетiнiң немесе су қоймасының бетiнен көтерiлiп, су буы ауаның суық қабаттарында майда су тамшыларынан тұратын бұлттарды түзедi. Егер ауа температурасы төмен болса, су тамшылары қатады. Мұндай бұлттардан қар, кейде бұршақ жауады.

ІІ. 2. Гидросфераның ластануы

Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас боынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:

1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар;

2) қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар).

Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары — өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.

Ластаушы загтар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұлклассификациялау — ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:

-сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;

-инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;

-өсімдіктерге бағалы қоректік  зат болып табылатын дүниелер;

-органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;

-шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);

-радиоактавті заттар;

Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.

Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылытындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи заттардың бір заттың көптігі немесе онда басқа заттардың болмауы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде эколгиялық фокторлар болып табылыды. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың да өнімділігі кемиді.

Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат алмасушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас бөліктер деп атайды. Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы, жанартаудың атқылау, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т.б.),антропогенді де (қоғамның іс — әрекетінің нәтижесі) текті бола алады.

Ортаның ластануы – күрделі, көп түрлі үрдіс. өндіріс қалдықтарындағы химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқы болмаған жерлерге тап болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.

Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы). Шыққан тегі бойынаша ластанудың екі түрін қарастыруға болады:

– адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың  нәтижесінде болатын ластанулар;

– адамдардың іс – әрекеттерінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлердің үлкен үлес қосады.

Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:

1) Биологиялық — кездейсоқ, не  адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;

2)Механикалық — қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің 
нәтижесінде ластануы:

3)Химиялық — қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ 
жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;

4) Физикалық ластану — бұл бес түрге бөлінеді:

а) Өнеркөсіп жөне жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы 
арысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны жылулық деп атайды.

ә) Жарықтық - жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілікету жағдайының өзгеріске үшырауы;

б) Шу, дабыл нәтижесінде;

в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;

г) Радиоактивті ластану.

5) Микробиологиялық ластану — адамның тіршілік етуі барысында, антропогенді жүйелерде немесе ортада әр түрлі ауру тарататын зиянкес организмдердің көбеюі.

Қоршаған ортаның ластануы — кез келген экологиялық жүйеге, оған тән емес сипаттағы жанды-жансыз компоненттердің қосылуы немесеқұрылысының өзгеруі нөтижесінде, экожүйенің — зат, энергия алмасуы бұзылып, өнімділігінің төмендеуі.

Ластаушылардың табиғаты бойынша ластанудың мына түрлерін айырады:

1. биологиялық ластану – экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай – ақ бактериологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;

2. физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық және т.б.);

3. химиялық (биосфераның химиялық заттармен ластануы.

Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады. Біріншілік ластануға – биосферадағы табиғи және антропогенді процестер арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік ластану – қоршаған ортадағы физикалық- химиялық процестердің нәтижесінде орта мен адамға зиянды заттардың түзілуі жатады. Мысалы, екіншілік ластануға ауадағы газдардың әр түрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала үстіндегі тұманды келтіруге болады (смог).

Кеңістік тұрғыдан бүкіл әлемдік, аймақтық және жергілікті ластануларды бөледі.

Қоршаған ортаның компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның, гидросфераның, (литосфераның) және атмосфералық ауаның, жербеті мен жерасты суларының және топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардың 70% тамақпен, 20% — ауамен, ал 10% — сумен бірге түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Гидросфера — Жердің су қабаты. Ол мұхит, теңіз, көл, өзен суларымен бірге жер асты суларын және мәңгі қар мен мұздық суларын да түгелдей қамтиды. 
 
Физикалық қасиеттері мен құрамына қарай олар үшке ажыратылады: 1) мұхиттық сулар (теңіздер мен мұхиттар); 2) құрлық сулары мен мұздықтар; 3) жер асты сулары (шекаралық сулар). Олар жер қыртысында орналаскан. Гидросфераның жалпы көлемі — 1,8 млрд. км3. Оның көпшілігі (1370 млн. км3) — мұхит сулары, ал жер асты суларының көлемі — 400 млн. км3. Бұл сулардьщ барлығы да табиғи ерітінділер болып саналады. Сондықтан да олардың әрқайсысы азды-көпті мөлшерде минералданған сулар түрінде кездеседі. Құрлык сулары көбінесе тұщы, ал мұхит пен теңіз сулары тұзды (35 г/л немесе 3,5%) болып келеді. Олардың тұрақтылыры еріген заттардың мөлшері мен шөгінді жыныстардын, аралығындағы динамикалық тепе-теңдіктің тұрақтылығын көрсетеді.

Барлық сулар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, табиғи жағдайда үлкен айналымға бірдей қатысады. Күн энергиясы әсерінен сулар буланып бұлттар түзіледі. Олар жер шарының түкпір-түкпіріне таралып, атмосфералық сулар түрінде жер бетіне қайтып оралады. Олардың кейбір бөлігі қайтадан буланып ауа қаба-тына ұшып кетеді де, ал көпшілігі өзендер мен көлдерге, теңіздер мен мұхиттарға барып қосылады. Жаңбыр мен қар суларының белгілі бір мөлшері жердің топырақ қабатына сіңіп жер асты суларымен араласады. Кейінірек, әр түрлі бұлақтар түрінде жер бетіне шығып жатады. Олар ағын суларға қосылып, өзен суларын молайтады немесе буланып ауаға ұшып кетеді. Сонымен, табиғи айналым әрекеттеріне қарай гидросфераны құрайтын барлық сулар бір жүйеге бірігіп, атмосфера, жер кыртысы және биосфера қабаттарымен тығыз байланыста болады. Әр түрлі химиялық реакцияларға араласады, Сондықтан да гидросфера жер бетінде жүріп жатқан геологиялық әрекеттердің орталыгы және жасампаз күші болып саналады.

Гидросфера – жердiң сулы қабаты. Оған теңiз және мұхит сулары, құрлық сулары (өзендер, көлдер, батпақ, тоғандар, мұздықтар) жер асты сулары, сонымен бiрге атмосферадағы су буы жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Ж.Жатқанбаев. Экология  негіздері. Оқулық – Алматы:

 
2.А.Көшербаев.Тау-кен және байыту  өндіріс экологиясы. Әдістемелік

 
3.Е.Шілдебаев. Қызық экология. Әдебиет

 
4.Оспанова. Экология негіздері. Алматы: 2002ж.


Суды тазарту және ластанудан қорғау