Жүзім шарап өнімдерінің шикізат көзі

Жоспар:

     Кіріспе................................................................................................2

  1. Негізгі бөлім........................................................................................3
    1. Жүзім шарап өнімдерінің шикізат көзі...........................................3
    1. Шарап  классификациясы...............................................................4
    2. Шарап өндіру технологиясы...........................................................8
    3. Шарап сусындарының жалпы техникалық шарттары.....................10
    4. Шарап  материалдарын сақтау.......................................................12
    5. Шарапты сақтау және маркировкалау............................................14
  1. Қорытынды.........................................................................................16
  1. Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Адам баласы жүзім шырыны біраз уақыт тұрғанда ашитындығын ерте баста байқаған. Ашыған шырынның беткі жағында көбік, астыңғы жағында қою қалдық, тұнба түзіледі. Сонда әдеттегі жүзім шырынының тәтті дәмі кетіп, орнына аздап бас айналдырып, адамды мас қылатын қасиет пайда болады.

Жүзімнен шырын алу үшін оны сығу қажет. Ертеде шырынын шығару үшін жүзімді аяқпен езген. Осы әдіс кейбір елдерде осы күнге дейін қолданылатыны мәлім.

Шарапты қарапайым әдіспен алуда алдымен сығылып алынған шырын сол күйінде ашуға қойылады. Жүзім шырыны шарап ашытқыш саңырауқұлағы көмегімен ашиды. Сонда осы ашытқыш саңырауқұлақтар қайдан келіп түскен? Жүзімді үзбестен бұрын оның сыртында көп мөлшерде ашытқыш саңырауқұлақтары кездесетінін зерттеулер көрсетті. Олар шырынға түскенде оны ашытады. Жүзімге ашытқыш саңырауқұлақтарын жеміс шыбындары — дрозофиллалар тасиды екен. Жүзімді сыққанда сол ашытқыш саңырауқұлақтар шырынға келіп түседі де оны ашытады. Әрине табиғаттағы кездесетін мұндай «жабайы» ашытқыш саңырауқұлақтардан әрдайым сапалы шарап алу қиын.

Қазіргі кезде шарап жасау үшін мол, сапалы өнім беретін ашытқыш саңырауқұлақтардың топтары таңдап алынады.

Шараптың әр түрлі сорттары бір-бірінен дәмі, иісі, күштілігі және басқа да қасиеттерімен ажыратылады. Әрине, мұнда технологиялық режимдер де көп роль атқарады.

Сапалы шарап алу үшін жүзімді қанты 18—20 процентке жеткенде, яғни қышқылдығы едәуір төмендегенде жинайды. Жүзімді арнаулы машиналармен сығады. Алынған шырынды арнаулы чандарда 12—24 сағат бойына тұндырады. Осы кезде шырында ашу процесі де жүруі ықтимал. Оны болдырмау үшін шырынға күкірт қышқылын қосады. Ол шырындағы микроорганизмдердің, соның ішінде ашытқыш саңырауқұлақтардың тіршілігін тежейді. Кейде бұл үшін алынған шырынды көрсетілген уақыт ішінде 4 градус салқында ұстауға болады. Тұнған шырын, яғни оны сусло деп те атайды, алдын-ала ішіне сұрыптау арқылы алынған шарап ашытқыш саңырауқұлақтарының түрі салынған бөшкелерге құйылады. Осы кезге дейін шырындағы күкірт қышқылының мөлшері де азаяды, ашытқыш саңырауқұлақтарының біркелкі тіршілік етуіне мүмкіндік туады. Ашу барысында спирт, көмір қышқыл газы және басқа да химиялық қосылыстар түзіледі. Осының нәтижесінде «жас» шарап алынады. Әр түрлі түсті жүзімдерден сондай түсті шараптар алынады.

 

 

 

 

 

    1. Жүзім шарап өнімдерінің шикізат көзі

Шараптың сапасы - негізгі шикізат көзі жүзімнің сапасына тәуелді.

Жүзім сыртқы шараптарға  тәуелді емес, көпжылдық өсімдік жүзім жидектерінің химиялық құрамына, ал болашақта шарап қоспасына келесі факторлар әсерін тигізеді, топырақ плантацияның орналасуы, ауа райы және агротехникалық әдістері. Бірақ сапа түзейтін негізгі факторы болып сорттың дұрыс таңдауы. Жүзімнің сорттық айырмашылықтары маркалық шараптардың сапасына,типіне және жеке өзгешеліктеріне әсерін тигізеді. Кейбір шарап сорттарын тек арнайы жүзім сорттарынан өндіріледі. Мысалы сапасы жоғары құрғақ сортты шарапты Рислинг, Аливете, Сильванер, Каберне сорттарынан, Мадера сортты шараптарды Серсиаль, Вердилю, Портвейндерді-Кокура, Каберне, Мельбек және т.б. Токайские шараптарды-Фурмента, Гарс Левелю, Пиногри және т.б.

  Шараптың сапасына  осы факторларға қоса жүзімнің  пісуінің жетілуі де әсерін  тигізеді.

Қандай болмасын шараптың түрлері жүзімнің бір сортынан немесе бірнеше сортарынан құрастырылады. Бір сорттан өндірілген шарапты- сортовой (сорттық), ал бірнеше сорттардан – купаждалған (купажированные). Сорттық шараптарға басқа сортты жүзімдердің қаусы 15%-ан артық болмауы керек. Барлық өңдірілетін шараптардың мөлшерінен 60-70% бәсең (тихие), ал 20-30% көмір қышқыл газымен CO2 қанықтырылған түрлеріне келеді. өндіру тәсіліне құрамына қарай бәсең (тихие) шараптар асханалық, күшейтілген және орташаланған түрлеріне бөлінеді. Асханалық (столовые) – құрамындағы спиртті тек табиғи қанттардың  атауынан ғана өндірілетін шараптар. Қанттың толық ашуы нәтижесінде құрғақ асханалық шараптарды өндіреді. Бұл шараптардың құрамында ғы спирт мөлшері 9,0%-тан 14,0%-ға дейін анықтауда (тек Эчлинадзинское белое маркалы шарапта 16% құрайды)

Табиғи жартылай құрғақ немесе жартылай тәтті шараптарда, қанттың, бір бөлігі ашымайды және спиртің мөлшері 9-12%құрайды. Бұл шараптар тартымды болсадағы, олар тек 0°С шартында  ғана аз уақыт сақталады.

Күшейтілген (крепленые) шараптар-өндіру кезінде құрамына консервант түрінде спирт –ректификат қосылады (қанттың ашуын тоқтатады). Құрамындағы спирт мөлшеріне байланысты шараптар күшті және десерттік сорттарына бөлінеді. Күшті шараптарда 17-20%жалпы спирттің және қанттың мөлшері 5-35%болады. Өндірілетін қарапайым, ақ, қызыл және қызғылт күшті шараптар түрлеріне қосымша өзіндік сорттары портвейн, херес және мадера жатады. Десерттік шараптардың құрамы күшейтілген шараптар мен бірдей болсадағы олар соңғылардан ара балының, жемістердің және жидектердің ароматтарымен және дәмінің жұмсақтығымен және толықтығымен өзгешелінеді.

Құрамындағы қант мөлшеріне байланысты десертік жартылай тәтті        (5-12%), тәтті (14-20%) және ликерлік (21-35%) түрлерін өндіреді. Десерттік шараптардың ішінде кең тараған мускат және токай, малага, кагор сорттары. Ароматталған шараптар – вермут шараптары өндіргенде құрамына спирт, қант және әр түрлі өсімдіктердін ингридиенттерін  қосып өзгеше аромат және дәм беру көзделеді. Кондициялар бойынша вермуттор күшті (спирт 18%, қант     10-12%) және дисерттік (спирт 16%, қант 16%) түсі бойынша қызыл қызғылт және ақ.

Вермут шараптарының  құрамына 30-50 түрлі компанентер кіреді: альпа жусаны, арника тамыры, валериана, мускат жаңғағы, ильбирь, аир, шалфей, кориандр, алое, лаванда, мята.

 

 

    1. Шарап  классификациясы.

   Шарап жасау негізінде  оның түрлі ассортименттерімен сипатталады. Шараптың дәмінің  сапасы мен көптеген шарап букеті жүзім сорты мен технологиясына байланысты. Сонымен қатар жергілікті жағдайларыменде ерекшеленеді.

  Түрлі шарап технологиясына  арналған орентация және оларға  арналған органалетикалық бағасының  бірдей системада болуы түрлі   шарап  топтарына, құрылымдық типтеріне, технологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  бөлінеді.Осындай жүйе  шарап классификациясы  болып  есептеледі.

   Ресейде  жүзім  шарабын   өндіру  классификациясын  М.А. Герасимов, Н.Н Простосердов, М.А  Ховренканың ұсынған  өңдеумен  жасайды.

    Барлық жүзім  шараптары  сортты және купажды  болып бөлінеді. Сортты шарапты  жүзімнің  бірінші сортынан  алады. Алайда өндірісте 15%  дейін басқа  жүзім сортын  қолдануға  рұқсат  етіледі.  Купажды  шарапты   аралса сорттан  алады.

  Сортты да купажды  да   жүзім  шараптары  тыныш  көміртек диоксиді   концентрациясына, ауа  қысымының төмендігіне  көміртек  диоксидінң  бөлінуіне әсер етеді , яғни СО2   бөлініп  шығатын көпіршіктер  деп   бөлінеді.

  Тыныш шараптар  асханалық, ароматталған және kүшті деп бөлінеді.

   Асханалық шарапты  спирт қоспай дайындайды. Құрамындағы  табиғи спирттің  ашуы 9-14%  дейін.

  Асханалық шараптар  құрамындағы қантқа байланысты  құрғақ (0,3% -дан  аспайды), қант қалдығы (1%  дейін),  жартылай құрғақ (1-2,5%) және  жартылай тәтті  (3-8%) деп  бөінеді.

  Күшті шарапты   дайындауда  спирт  ретификатын  қолданады.  Күшті шараптың  құрамындағы  спиртке  байланысты (17-20% )     құрамындағы спирттік ашуы 0,3%  аспауы  қажет және дессертті (12-17%)   құрамындағы  спиртттік  ашу 1,2% аспауы қажет.

Kүшті шараптың құрамына  байланысты (1,1-3% ) және жартылай тәтті (4-14%) бөлінеді.  Ал дессертті   жартылай  тәтті (5-15-2%),  тәтті (14-20%)  және ликерлі (21-35%)  деп  бөлінеді.

  Ароматтты шараптар   арнайы рецептура арқылы  спирт  ретификаторынан  сахарозаны  арнайы  бөлу арқылы  ароматты   тұнбаны  қолдану арқылы алады. Ароматталған  шараптың  құрамында 16-18%  спирт  және 6-16%  қант болады. Бұндай шараптарға  негізінен   үш  категория  қарастырылған:  бірреттілік, маркалы, коллекционды. 

 Біртеkті шарап –  ұстаусыз  жіберіледі. Маркалы-  бұл  жоғары сапалы шарап. Ол  толық  жетілу  циклынан  өткен , және  шөлмек  немесе   бөшкелерде  сақталған  шараптарды  айтады.  Маркалы  шараптарды  арнайы  шарап  жасайтын аудандарда    немесе  шағын  аудандарда  белгілі жүзім  сорттарын  өндеп , арнайы   арнайы  техникамен  жабдықталған  цехтарды  айтамыз. Маркалы   шараптардың  асханалы қ түрін  1,5 жыл, ал  күшті және  дессертті  шараптардың  түрін 2 жылдан  аспайтын  уақытта  сақтайды.

Kоллекционды- бұл   маркалы  шараптың  жоғарғы  сапалы түрі, бұнда   бөшке немесе   үлкен  көлемдерде  шарапты  сақтаудан  кейін   тағыда екі жыл  шөлмектерде  сақтайды.

Қалған  маркалы емес шараптарды   бірреттілік  деп  атайды.  Бірреттілік шараптарды  бьір жылдан  аспайтын  уақытта   сақталған шараптарды   жас,  бір жылдан  асқан деп  бөледі.

Kөміртек  диоксидімен  қаныққан шараптарды игристі  қанықққан СО2  герметикалық   ашу жолымен  және жасанды СО2   алу жолымен  алады.

   Дайын игристі  шараптағы   көміртек диоксидінің  қысымы     100С  температурада   150 кПа  аспауы керек. Ал  құрамындағы   спирт 10,5-13,5 % дейін   маркасына  байланысты  қант құрамы 12% дейін  болуы қажет.

  Осы  шарапа құрамына  жататындар:  совет  шампаны, яғни   арнайы екіншілік  ашу  технологиясы  арқылы алынған шөлмекте , герметикалық  резеруарда  немесе арнайы резервуарда  болады. Екіншілік  ашу жолымен  ашыған совет шампаны  3 жылдан  артық емес  сақтау керек;

  Әрбір  шарап маркасына  байланысты   спирттің  құрамы 9-11%  және  3-5% қант  болады.

Асханалық шарапты алуда толық  немесе бөліктеп ашуында сусланың құрамындағы қант болғасын спирт қоспайды. Көптеген шараптың күштілігі 9-13 пайыз  және қышқылдығы 3-8 г/дм3 қант толық  ашуы  арқылы құрғақ шарап жасайды, ал бөліктеп ашуда- асханалық, жартылай құрғақ және жартылай тәтті.

    Құрғақ ақ шарап. Құрғақ ақ шарапты ашық сарғыш  түсті, дәмі жұмсақ, иісі бөгде  болмауымен сипатталады.

   Ақ асханалық шарапты  жасауда жүзім шырының қанттылығы 18-20 пайыз, қышқылдығы 7-9 г/дм3. осындай  көрсеткіштерді шикізаты бар  шарап толық, дәмді, хош иісті  болып келеді.

   Жүзімді өңдеу  механикалық режиммен өңдеп, сыртқы  қабығын толығымен алады, сондай-ақ  оның арбектерін уатады, одан  полифенолды және т.б. қажет емес  заттар шарапқа бөгде дәм беретін  заттар пайда болуы мүмкін.

    Сусланың ащуы  кезінде температураны қалыптастырады (14-18С), ол ароматты заттардың жоғалуынан, азотты байланыстың жиналуының  алдын алады. Осындай мақсатта  жас шараптардың шарап материалын  жаңа технология арқылы ащытқылы  тұңбаны бөледі, бұнда автолиз  ащуымен шарапқа енбеуі қажет.

    Ақ  асханалық  шараптар өндірудегі негізгі  талаптың бірі- ауадағы оттектің  қышқылының алдын алу, қышқылдық  процессін  жылдамдығы мен теңдігі  азаяды. Сондай ақ күкірт диоксидін  көп қолданады, яғни қышқылдану  процесін төмендетіп ОВ потенциалының  жағдайдағы оттектің шарапта  қалуын реттейді. SO2 бір уақытта ауамен сақтағанда аз қышқылданған шарап алынады.

    Ақ асханалық  шараптың қышқылдану деңгейін  азайтуда жай ашу тәсілін қолданады, яғни ол 20 – 30 күн аралығында 180 С температурада 500 кПа  қысымда шарап материалдарын өндейді. Сондай ақ (14 – 17 С ) төмен мтемпературада да ашыту жүргізуге болады.

  Ароматталған     шараптар   аперативті   шырындарға  жатады, ол  адамның тәбетін  ашады. Бұндай шырындарды  көптеген елдерде   шарап  немесе спирт  базысында  дайындайды. Ароматизациялау   алғашында   гүлдерден, жапырақтардан,    өсімдік  тамырынан,  мирт,кардамон,  қалампыр   орех, кори андр  және тағы  басқа   өнімдерден   тұнба  жасауға   қачтысады.

  Оператив  арасында   шарап    дайындау  базасында    вермуттар  алды, олар  дәмі  ащы  болып  келеді. Оларды  өндірісте  өңдеу    алғашқыда   18  ғасырдың  соңында  Итальядағы  Пьемонте (Турин  қаласында)  қаласында  белгілі  бола  бастады. Пьемонта  шарабының  жоғарғы  сапасы на  байланысты  және   альпин жағалауына  жақын  болуына байланысты ароматты  шырынды жасауда  қолданады.

   Ароматтты   шараптарды  дайындауда  шарап материалдарын, спирт, қант, лимон  қышқылын,  колер, және  экстракты   немесе   өсімдік   шикізатын   қолданады.

  Қоспа  ингриенті,  сондай-ақ  одан  алынған   концентраттарды  барлық  елдегі  шарап жасау   машығында   қолданады.  Бұндай  қоспа  құрамына   арнайы  өсімдік  топтары кіреді, олардың негізі  доминерленген  заттардан  тұрады, яғни  шарапқа белгілі бір  сипаттама  береді.  Мысалы,вермут   негізі  дәмі мен   иісін  жақсартуда  қолданады.

  Ингриеденттің  басқа  бөліктері  фон  құрауға арналған., олар  шырынның  спецификасын  жақсартуға  арналған.  Көбіне   итальяндық және  француздық  вермуттарды римдік  полыньде,  бузина  гүлдерінде,  кариандр, шалфей,  аперльсиннің      ащы  қабығын   растигор,  майоран,  васелек,  қалампыр,  мускатты   жаңғақ,  шафран, кардамонды  кеңінен  қолданады. Қосымша  ингридиент ретінде   ямайылық   бұрыш, ваниль, анись,  розмарин,  римдік  түймедағын,   жабайы анардың   тамырының  қабығын,  алоэны    қолданады.

  Біздің елімізде  ароматты   шараптарды  өңдеу   сонау  1946 жылдан    бастап  өндіре  бастады. Шарапқа   лимон  қышқылын,   тмин,   дәрілік мелисса софлор   қосады. Жабайы  өсімдіктерден  аир,  алтын тамыр,   мың жылдық     қытай лимоны, түймедақ  мята,  зверовой ды  қолданады. Бұндай  өсімдік   қоспалары    атақты шарап жасауда  қолданады. өсімдік  шикізаты   тұндырма  ретінде немесе  экстракт ретінде  қолданады.

Тұндырманы өсімдік    шикізатынан   арнайы ингридиенттерді  ұсақтау  жолы арқылы   немесе  50-70  пайызды спирттің  күшті ертіндесінде  тұңдырып, немесе 10-18 пайызды  күшті шараптардың 1:10  қатынасында 10-15  күн  ұстайды.  Алынған  тұндырманы   ағызып,  ал  ингридиенттерін   шарапты-спиртті ертіндіге   немесе  шарап тұндырмасына  салып 7-10 күн  ұстайды.  Соннан   соң  екі  тұндырманы  араластырып, вермут  алуда  қолданады.

Жүзімнен жасалатын шарап түрлері өте көп. Тек  Ресейдің өзіңде 200-ге дейін атауы бар, әртүрлі маркалы(таңбалы), құрамды, сапалы шарап шығарылады. Шарап төмендегі  белгілері бойынша жіктеледі: өндіру әдісі , спирт пен қанттың құрамына, түсіне,сапасына,сақталу мерзіміне қарай. Сусындар өндіру әдісіне  байланысты табиғи және арнайы болып бөлінеді. Табиғи шарап – бұл тек эндогендік тектен шыққан этил спиртінен тұратын толық немесе толық емес түрде жүзім шырынын ашыту арқылы алынған сусын. Табиғи шарап өндіру барысында жүзім шырыны қоспасын пайдалануға мүмкіндік береді. Арнайы шарап – этил спирті қосылған толық немесе толық емес түрде жеміс шырынын немесе езіндісін ашыту арқылы алынған сусын. Шарап өндірісінде жүзім шырыны қоспасын немесе 16% пайыздан кем болмайтындай көлем мөлшерінде спирттелген жүзім шырыны қосылады. Табиғи шарап қышқыл және хош иісті, арнаулы шараптың да иісі жұпар иісті.

Газделген шарап- көміртек қостотығымен шарап материалдарын қанықтырып алып, жасанды жолмен өңделген сусын.Өңделген шараптың материал осы атаудың шарабына арналған технологияның талабына сәйкес болатын әрі қарай сүзілгеннен кейін тұтыну ыдысына жіберіледі.

Хош иісті шарап- әртүрлі өсімдіктер сығындысын немесе оның дитилятын пайдалану арқылы дайындалған сусын. Хош иісті, дәмді татымды шарапты алу үшін қант – құмшекер мен кесек тез еритін рафинад қант па йдалануға болады. 

Табиғи шарап құрамындағы спирт пен қантқа байланысты құрғақ, ерекше құрғақ, жартылай құрғақ, жартылай тәтті; арнайы – құрғаққа, жартылай десертті;  десертті  және ликерлік болып ажыратылады. Табиғи шараптың құмында спирт 9-13%, құрғақ ерекше шарапта 14-16%, арнайы шарапта 14-20% болады. Тобына қарай табиғи шарап құрамындағы қанттың салмақтық концентрациясы құрғақ  және құрғақ ерекше шарапта 3г/дм³ аспайтын, жартылай құрғақ шарапта 5-25г/дм2, жартылай тәттіде 30-80 г/дм³ болады.

Ұсталымы шексіз шарап. 1 қаңтардан бастап күнтізбелік жылдық өніміне дейін таратылатын, жүзімнің дербес сортынан немесе қоспасынан жалпы қабылданған технология бойынша дайындалған сусын.

Ұстамды шарап – шөлмекке құйылғаннан бастап алты айдан кем емес уақыт бойы міндетті түрде сақталатын арнайы жүзім сортынан немесе қоспасынан арнайы технологиямен жасалған, жақсартылған сапалы шарап.

 

 

    1. Шарап өндіру технологиясы

Шарап өндіру келесі операциялардан тұрады: жүзімді өңдеу, шарап материялдарды алу, өңдеу,жетілдіру және кұю. Жүзім жемісі гроздьялардан-жидектер және жанғыл (гребень) бөліктерінен тұрады. Жидектер өзара жұмсақ бөлігінен, тұқымынан және өңнен (эпидермис) құралады. Жүзімнің өңінде (эпидермисінде) көп деген экстрактивтік заттар, бояғыш және ароматтық заттар жиналады. Асханалық ақ шараптардың өңдіру технологиясы. Шарап өндіру технологиялық операциялары: жидектерді геребендерден айыру, мезганы алу, мезгадан шырынды бөлу (сусло), сусланы ағарту,  суслаға шарап ашытқыларын қосу, ашыту, тұндыру, шарап материалдарын арнайы өңдеу, жетілдіру, ыдыстарға құю.

Жүзім жидектерінен гребендерді (жаңғылдан) арнайы гребнеотдели-тельная машиналарда айырады. Жидектердің шырынын (сусло) алдымен қарапайым ағу арқылы, кейін үзілісті және үзіліссіз пресс машиналар көмегімен басып бөледі. Асханалық ақ шараптарын өндіру үшін тек өзбетімен ағылған және процестеудің тек бірінші фракцясының шырынын ғана алады, оның құрамында қаты бөлшектердің ішіндегі емен заттарының болмауына байланысты. Алынған сусланы ағартады құрамындағы майдан, қатты бөлшектерден және химикаттардан айырады. Ағартылған суслоны цехіне жеткізеді және сыйымдылығы өте жоғары резервуарларда оларға шарап ашытқылардың таза культураларын қояды. Ашу барысында бөлінетін ферментердің кешендерінің әсерінен жүзім қанты этил спиртіне және көмір қышқыл газына дейін ыдырайды келесі теңдеу бойынша:

 

С6 Н12О6 - 2СН2Н5ОН+2СО2

 

       Сапасы өте жоғары шараптардың бір бөлігі көлемді технологиялық сыйымдылықтардан бөтелкелерге құйып қосымша тағы екі жыл жетілдіреді осындай шараптар коллекционные (колекциялық) деп аталады.  Өңделген және  жетілдірген ординарлық және маркалық шараптар зертханаларда стандарт талаптарына сай екендігін растау үшін сынаудан өткізіледі. Кейін жарамды шарапты арнайы автоматталынған құю машиналармаен бөлшектерге құйылады. Басқаша асханалық ақ шараптар лайланбау үшін (тынбау үшін) оларды ыстық қалпында бөтелкелерге құяды. Барлық шараптарды бұзылудан сақтау үшін оларды 8-16С –де сақтайды. Жартылай тәтті және жартылай құрғақ шараптарды 0С –де сақтайды.

Ал асханалық, яғни қантсыз шараптарды өндіргенде шырындағы барлық қант түгелімен ашиды. Сондықтан болса керек, мұндай шараптардың дәмі қышқылдау болып келеді. Оларда спирт не бары 9-дан 12 градус шамасында болады,   өйткені   қанттан   түзілген   12   градусқа   дейінгі   спирт   ашытқыш саңырауқұлақтардың тіршіліпн мықтап тежеп тастайды. Сонда қалған қант ашымайды да, спирт түзілуі кенет тоқталады.

Ал шараптардың десертті түрін даярлағанда спирт мөлшері 17 градусқа дейін көтеріледі. Осымен қатар онда глицерин, танин және тағы басқа да сол сияқты шарапқа ерекше дәм беретін заттар түзіледі. Десертті шараптарды даярлау үшін жүзімнің арнаулы сорттарын қолданады. Оларды күзде ылғалы азая бастағанда жинайды.

Осындай көп мөлшердегі қанты бар шырындағы қант түгелімен дерлік ашымайды. Сондықтан болса керек онда белгілі бір мөлшерде қант қалады, бұл шараптар тәтті болады. Кейде шараптағы спиртті көбейту мақсатында оған қант қосады. Ал белгілі бір мөлшерде қант қалсын десек, шарапқа спирт қосса болғаны. Мұндайда микроорганизмдер тіршілігі кезде тоқталады. Сөйтіп, спиртті қолдан қосу арқылы шараптың күштілігін 16—20 градусқа дейін көтеруге болады.

Шампан шарабын жасау үшін арнаулы технология қолданылады. Шарапты үлкен қысымға берік шөлмектерге құйып, оны үлкен қысыммен көмір қышқыл газына қанықтырады.

Ал мәдени ашытқыш садырауқұлақтар көмегімен сапалы шарапты алма, таңқурай, қарақат, құлпынай және тағы да басқа жемістер шырындарынан да даярлауға болады.

Шарап жасау кезінде белгілі бір технологиялық жүйенің бір звеносы бұзылса, онда «жабайы» ашытқыш саңырауқұлақтар өніп-өсіп, шырынды лайландырып жібереді. Мұндай зиянды микроорганизмдерге сүт және сірке қышқылы бактериялары жатады. Ал кейбір микроорганизмдер шарапты шырыштандырады да. Сондықтан шырынды зиянды микроорганизмдерден сақтау болашақ алынатын шараптың сапалы болуының басты шарты.

Жүзім шырыпынан жасалған шараптың микроорганизмдер көмегімен болатын- толып жатқан ауруларын Л.Пастер ашқан болатын. Аэробты микроорганизмдер өскенде шарап қышқылданып кетеді, онда сірке қышқылы бактериялары өніп-өсіп, сіркесу түзе бастайды.

Кейде шарапты зең саңырауқұлақтары да зақымдайды. Олар шарап бетінде жарғақша түрінде өніп-өседі, ондағы спиртті, органикалық қышқылдарды тез ыдыратады.

Шараптың ең қауіпті ауруларына (ол Америка Құрама Штаттарында көп таралған) пропион қышқылы ашу процесі жатады. Ол чандардың немесе бөшкелердің түп жағында тіршілік етеді. Онда шарап ылайланады. Ауру жаппай етек алса, шараптан тышқан иісі шығып тұрады. Оны қоздырушы өте нәзік анаэробты таяқша бактериялар. Олар көбінесе қызыл және ақ шараптарда кездеседі.

    Шарап өндіру өнеркәсібі келесі өнімдерді өндіреді-жүзім шарабы, коньяк, жемістердін шарабы және әр түрлі жидектердің шарабы. Осыған қоса саланың кәсіпорындары жүзім шырынын, кептірілген жүзім және өңдеуден қалған утилизациялық өнім-шарап бардасы.

   Қазіргі уақыта  жүзім дақылдарына әлемнің 10 мин.гектар  жер көлемі келеді және осы  көлемнің өнімінен жыл сайын 30 млрд. литр шарап өндіріледі. 80%, ал  оның тек 20%-зы ғана балауса  қалпында және шырын түрінде  өндіріледі.

 

 

    1. Шарап сусындарының жалпы техникалық шарттары
      1. Нормативтік сілтемелер

Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:

ҚР СТ 1.9-2007 Халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің ұлттық стандарттарын, стандарттау жөніндегі басқа нормативтік құжаттарды Қазақстан Республикасында қолдану тәртібі;

ГОСТ 21-94 Құм қант. Техникалық шарттар;

ГОСТ 22-94 Шақпақ қант. Техникалық шарттар;

ГОСТ 908-79 Тағамдық лимон қышқылы. Техникалық шарттар;

ГОСТ 2874-82 Ауыз су. Г игиеналык талаптар және сапаны басқару;

ГОСТ 2918-79 Техникалық сұйық күкіртті ангидрид. Техникалық шарттар;

ГОСТ 5541-76 Тығындап жабуға арналған қабықты заттар. Техникалық шарттар;

ГОСТ 5962-67 Ректификацияланған этил спирті. Техникалық шарттар;

ГОСТ 7208-93 Жүзім шырыны және өңделген жүзім шырын материалдары. Жалпы техникалық шарттар;

ГОСТ 9218-86 Сұйық тағамдарға арналған автоцистерналар. Жалпы техникалық шарттар;

ГОСТ 10131-93 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы тағамдық салаларының өнімдеріне арналған ағаштан және ағаш материалдарынан жасалған жәшіктер. Техникалық шарттар;

ГОСТ 11354-93 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы тағамдық салаларының өнімдеріне арналған ағаштан және ағаш материалдарынан жасалған көп айналымды жәшіктер. Техникалық шарттар;

ГОСТ 15846-79 Қиыр Солтүстік аудандарына және қиын қол жеткізілетін аудандарға жіберілетін өнім. Буып-түю, таңбалау, тасымалдау және сақтау;

ГОСТ 18078-72 Жеміс және жидек cipiндісi. Техникалық шарттар;

ГОСТ 18192-72 Концентратталған жеміс және жидек шырындары. Техникалық шарттар;

ГОСТ 19792-87 Табиғи бал. Техникалық шарттар;

ГОСТ 21205-83 Тағамдық шарап қышқылы. Техникалық шарттар;

ГОСТ 22702-96 Экспортқа шығарылатын тағамдық сұйықтар құйылған бөтелкелерге арналған бүрмеленген картон жәшіктер. Техникалық шарттар;

ГОСТ 23943-80 Шырындар мен коньяктар. Бөтелкелерге құю толықтығын анықтау әдістерi;

ГОСТ 24831-81 Ыдыс-жабдық. Tиптеpi, негізгі параметрлері мен өлшемдері;

ГОСТ 25951-83 Термоотырғызу полиэтилен. Техникалық шарттар;

ГОСТ 26927-86 Шикізат және тағамдық өнімдер. Сынапты анықтау әдісі; 

ГОСТ 26929-94 Шикізат және тағамдық өнімдер. Сынамаларды дайындау. Құрамындағы уытты элементтердің мөлшерін анықтау үшін минералдау;

ГОСТ 26930-86 Шикізат және тағамдық өнімдер. Күшәнді анықтау әдісi;

ГОСТ 26932-86 Шикізат және тағамдық өнімдер. Қорғасынды анықтау әдісі;

ГОСТ 26933-86 Шикізат және тағамдық өнімдер. Кадмийді анықтау әдісі;

ГОСТ 28539-90 Спирттелген жеміс-жидек шырындары. Техникалық шарттар;

ГОСТ 28615-90 Өңделген жемістен алынған шарап материалдары. Жалпы техникалық шарттар:

ГОСТ Р* 51074-97 Тағамдық өнімдер. Тұтынушыға арналған ақпарат. Жалпы талаптар;

ГОСТ Р* 51144-98 Шарап ici өнеркәсібі өнімдері. Сынамаларды қабылдау epeжелері мен іріктеу әдістері;

ГОСТ Р* 51145-98 Коньяк спирттері. Техникалық шарттар;

ГОСТ Р* 51146-98 Ашытылған және ашытылған-спирттелген жеміс шарап материалдары. Техникалық шарттар;

ГОСТ Р* 51157-98 Оригинал жүзім шарабы және өңделген оригинал жүзім шарап материалдары:

ОСТ* 10-16-92 Бөтелкелерге арналған көп айналымды пластмасса жәшіктер. Техникалық шарттар.

 

      1. Жалпы техникалық талаптар

4.2.1. Сипаттамалар

4.2.1.1. Шарап сусындары осы стандарттың талаптарына сәйкес белгіленген тәртіппен нақты атаумен аталған шарап сусыны үшін бекітілген санитарлық нормалар мен технологиялық нұсқаулықтар бойынша ережелерді сақтай отырып дайындалуға тиіс.

Жүзім шарап өнімдерінің шикізат көзі