Анализатор АР-31

Мазмұны

 

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

1 Анализатор АР-31.................................................................................................5

2 Мыс өндірісінің технологиялық үдерісінің сараптамасы.................................6

3 Мыс сапасын бақылаудың заманауи әдістері мен құралдарының сараптамасы...........................................................................................................17

3.1 Мысты анықтаудың электрогравиметриялық әдісі (99,00 %-99,90 % массалық үлесте)...................................................................................................17

3.2 Қорғасын диэтилдитиокарбанатымен электролитте мысты анықтаудың фотометриялық әдісі.............................................................................................17

3.3 Электролитте мысты анықтаудың атомдық-абсорбциялық әдісі...............18

3.4 Сараптама нәтижелерін өңдеу........................................................................19

4 Қолданылатын поверкалау әдістерінің  анализі...............................................20

4.1 Поверкалау әдісін  таңдау................................................................................21

4.2 Үлгілі өлшеу құралын  таңдау.........................................................................22

5 Поверкалау сұлбасын  жасау..............................................................................23

5.1 Поверкалаудың құрылымдық  сұлбасын жасау............................................23

6 Поверкалау алгоритмін  жасау...........................................................................26

7 Өлшеу құралдың анықталмағандығын  анықтау..............................................28

Қорытынды............................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Жезқазған мыс балқыту зауыты Қазақмыс Тобының – Қазақстандағы ірі мыс өндіурші және әдемдегі ондаған басты мыс өндірушілердің бірінің металлургиялық кешеніне кіреді.

Зауыт бастапқы және рафинатталған  мысты, мыстық корпусты, күкірт қышқылын, алтын мен күмістен тұатын мыс электролиттік шламды, корғасынды шаң және кек, аммоний перренатын – реней тұзын шығарады. Барлық өнім МЕСТ-тар мен Техникалық шарттарға сәйкес келеді.

Катодтық мыстың сапасы М00К (99,99%) маркасына сәйкес келеді. Жезқазған мыс балқыту зауытының өнімі Қазақстан Республикасынан басқа ТМД әжне алыс шет мемлекеттерге шығарылады.

Зауытта сол және басқа  өнім түрінен мыс, күкірт, қорғасын, алтын, күміс, висмут, кадмий, селен, рений  және осмий шығарылады.

Мысты шикізаттан бастапқы мысқа шығару бойынша зауыт 98,31% көрсеткішке ие.

Мыс балқыту зауыты –  өнеркәсіптік судың ірі тұтынушысы. Суды негізінене тұтынатын балқыту және күкіртқышқылдық цехтары қайтарма сумен жабдықтауда жұмыс жасайды, сондықтан таза судың қоректендірілуі жалпы тұтынудан 5% аспайды.

Мыс зауытының негізгі  цехтары желдетудің қуатты құйылу-тарту  жүйесімен жабдықталған. Цехтар бойынша шихта дайындау, металлургиялық және электролиттік кондиционирленген ауаның түсуінің жалпы көлемі  сағатына 3,7 млн. м3 артықты құрайды, ал металлургиялық цехтан сорылатын желдету газының көлемі  3 млн жуық.

Бұрынғы КСРО құрамында  қатарға енген зауыт Кеңестің тарауына дейін маңызды технологиялық  өзгерістер мен жаңартуларға тартылмады. Зауыттың негізгі жабдығы моральды және физикалық ескіріп қалды. Экономикалық байланыстарды жоғалту мен нарықтық экономикаға бірден көшу сол жылдары өндірістің дағдарыстық жағдайына алып келді.

Зауыт үшін Жезқазғанның тау-металлургиялық кененіне басшылыққа Владимир Ким бастаған жаңа топтың келуі бұрылысты болды. Қазақстан Президентімен жасалған ұлттық экономиканы тұрақтандыру және көтеру стратегиясыны сәйкес республикаға инвестициялар келді. Компанияның стратегиялық мәселелерін нақтылы іске асыру қысқа мерзімде өндірісті тұрақтаныдруға және оның техникалық қайта жабдықталуына кірісуге  мүмкіндік туғызды.

Маңызды ғылыми жұмыс Жезқазғанның катодтық мысының сапасын жақсарту бойынша технологиялық  жаңалықтардың негізі болды. Зауытта электролитте желатиннің белсенділігін анықтау бойынша аспап сынағы жүргізілді, бұл электролит темепратурасынан тәуелділікте беттік-белсенді қосымшалардың деңгейін бақылауға мүмкіндік туғызды. Берілген прибордың енгізілуі катодтық мыста қоспалардың құрамын европалық стандарттар деңгейіне дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Зауыттың құрылымдық сұлбасы 1 Қосымша бетінде көрсетілген.

Негізгі цехтар болып  шихта дайындау цехі (ШДЦ), металлургиялық цех, мыс электролизінің цехі (МЭЦ), күкірт қышқылды цех (КҚЦ), сонымен қатар  көмекші учаскілер табылады.

Зауыттың дал ортасында  – балқыту цехінде жұмыс жасаушы  жабдықты жетілдіруші айтарлықтай жаңарту жүргізілді. Мұнда зауыт жұмысының соңғы 25 жылында бірінші рет подиналарды,кесектерді және қабырғаларды ауыстырумен №2 кен-термиялық пештің толық жөндеуі жүзеге асырылды.

Ақаулы өнімді азайту есебінен қайта балқытуға шығындарды азайтуға және электролиттік рафинаттау кезінде тоқты пайдалану коэффициентін жоғарлатуға қол жеткізілді. Желі анод құрылғысындағы теңсіздіктерді азайту есебінен қысқаша тұйықталуларды жою кезінде еңбек шығынын азайтуға және электролиздік ваннадағы анодтардың тік орналасуын қамтамасыз етуге, сонымен қатар анодтың шинамен байланысын жақсартуға мүмкіндік берді.

Полимербетондық ваннаға  өту, сонымен қатар анодтарды  жөндеу желісін орнату тоқты қолдану  коэффициентін 92%-ден 97%-ге дейін жоғарлатуға мүмкіндік туғызды.

Жабдықты жаңарту есебінен персоналдың еңбек жағдайы жақсартылды. 10 т жүк көтергіштікпен көпірлік крандардың айыстырылуы жүзеге асырылды.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Корпорация Қазақмыс» ААҚ ЖМЗ-дағы мыс сапасын бақылау жүйесінің  метрологиялық қамтамасыздандыруын жасауға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Анализатор АР-31

 

Сурет 1- Анализатор АР-31

 

Анализатор АР-31 сарқынды сулардағы ерітінділерді, сұйықтықтарды, пульпаны автоматты үздіксіз ренгенофлюресценциялы  анализдеу үшін қолданылады. Әр түрлі профильді зерттеу лабораторияларында, химиялық өндірісте, қара және түсті металлургияда тау-кен өндірісінде қолданылады. Жұмыс істеу принципі химиялық элементтердің атомын рентгендік флюресценциялы қоздыру негізінде және Са (20)-дан Сu (29) – ға дейінгі элементтер диапазонында екішні реттік рентгендік сәулелену негізінде істейді.

Техникалық мінездемелеріне  келетін болсақ, анықтайтын элементтер диапазоны Ар-31 үшін Са (20).... Сu (29). Бір  ағымның анализінің орташа уақыты 20с. Бір уақытта анықтайтын пульпалардың максималды саны 7, ерітінділердің 8. Құрамын анықтау аралығы 100%. Пульпаның ағымын анализдеу уақыты 1 сағ. 60. Элементтерді анықтау уақыты 1 сағ. 480. Негізігі аппараттық қателік 0,4%. Қолданатын қуат 13 кВ-А. Габариттік өлшемдер 3630х2240х2545 мм; тұрақ 2340х600х1715 мм. Істен шығу шамасы 10000 сағ.

АР-31 3,5 БХВ-8 рентген трубкасының  негізінде фиксирленген каналдың толқын ұзындығы бойынша рентгенофлюресценция негізінде жұмыс жасайды.

АР-31 анализаторы химия  өндірісінде, металлургияда, тау-кен  өндірісінде флотационды шектер негізінде қолданылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

2 Мыс өндірісінің технологиялық үдерісінің сараптамасы

 

 

Мыс өндірісінің технологиялық  үдерісінің құрылымдық сұлбасы 2 Қосымша  бетінде көрсетілген.

Байыту фабрикасынан мыс концентратын алғаннан кейін, ол электробалқыту үшін шихта дайындау цехына (ШДЦ) түседі. (Кейде сырттан әкелінген мыстық концентрат қолданылады.) Цехтың құрылымдық бөлімдері болып табылады:

- қойылту, өндіріс компоненттерін репульпациялау, сүзгілеу және кептіру технологиялық үдерістерін біріктіретін кептіру бөлімшелері (КБ);

- бөлшектеу, шихталау, домалақтау және кептіру технологиялық үдерістерін біріктіретін шихта дайындау цехі (ШДЦ).

Цехтің тауарлық өнімі  болып балқыту (металлургиялық) цехтарға электро балқыту үшін жолданатын мыс шихта шекемтастары табылады.

Металлургиялық цех мыс балқыту  өндірісінің негізгі бөлігі болып  табылады.

Металлургиялық цех үш бөлімшені  өзіне қосады:

- электропештік, құрамына шихта жүктеуі, балқыту өнімдерін шығару, газдарды шығару және тазарту үшін құрылғылармен шихтаның электро балқуы үшін екі  кентермиялық пеш; дистанциондық басқару механизмдерімен және қорғау жүйесімен  электро пештерді басқару пульті; жұмсартылған судың сорғылығы; аудару үйіндісін төгу үшін құрылғылармен үйінді төгетін жер кіреді;

- конвертерлік, электро балқыту штейндарынан және мыстан тұратын суық материалдардан бастапқы мысты алу үшін қызмет етеді. Конвертерлік бөлімнің негізгі жабдығы болып сығылған ауаны беру және шығатын газдарды іріктеу үшін газ жүоу жүйесімен 80-тонанлық төрт конвертер табылады;

- анодтық, анодтық мысты және оның бөліндісін алу үшін қызмет етеді. Анодтық бөлім төрт иілген анодтық пешпен және карусельдік-бөліп құю машиналарымен жабдықталған.

Цех өнімінің негізгі  түрі – электролиттік рафинаттау үшін электролиттік цехқа жолданған анодтық мыс және қорғасындағы шаңды ұстау үшін құрғақ электросүзгілерге (ҚЭС) және ары қарай күкірт қышқылын өндіру үшін күкіртқышқылдық цехқа (КҚЦ) жөнелтілетін электропештер мен конвертерлерден техникалық газдар.

Электролиттік цех Жезқазған мыс балқыту зауытының технологиялық тізбегінде аяқтаушы болып табылады. Электролиттік цех анодтық мысты электролиттік рафинаттаумен айналысатын катодтық бөлімшеден басқа шламдық және купоростық бөлім сияқты басқа да қосымша бөлімшелерді өзіне қосады.

Күкіртқышқылдық йех  келесі бөлімшелерді өзіне қосады:

- шаң ұстау учаскесі;

- жуып тазарту бөлімшесі;

- кептіру-абсорбциялық бөлімше;

- байланыс-компрессорлық бөлімше.

Берілген цехтің өнімі  болып күкірт қышқылы,  қорғасынды шаң (шаңұстау учаскесі), аммоний перранты және осьмилік концентрат (жуып тазарту бөлімшесі) табылады.

1.1.1 Технологиялық үдеріс сұлбасына сәйкес шихтаның балқуы және аралық өнімді – конвертерлік пешке түсетін штейнді алу жүзеге асады.

Штейнді алу сұйық  ваннада балқыту кезінде жүзеге асады. Бұл үшін ПЖВ-20 кешен пеші қолданылады.

Сұйық ваннада балқыту  үшін балқыту агрегатының кешенінің  негізгі және көмекші жабдығы  келесілерден тұрады: шихтаның жүктелу түйінінен; газ жүретін жүйемен балқыту агрегатынан; аудару үйіндісінің копильнигінен; штейн копильнигінен (миксерден); балқытпларды (штейнді және үйіндіні) тасыммалдау үшін жабдықтан; коссенирленген элементтердің суытылуы үшін пешке ауаны, техникалық оттегін, табиғи газды және суды беру жүйесінен.

2 суретте ПЖВ-20 аппараттық кешенінің тізбегінің сұлбасы келтірілген.

Шихта компоненттері  ені 1200 мм лентамен ленталық қоректендіргіштермен жабдықталған пеш бункерлеріне шихталық бөлімшеден тасымалданушы тракт  бойынша беріледі. Қоректендіргіш жетектері тұрақты тоқ электроқозғалтқыштарымен жабдықталған. Электроқозғалтқыштардың  айналу жиілігін реттеу диапазоны 2-20 с-1 , бұл 12-48 т/сағ шихтаның жүктелу жылдамдығына сәйкес келеді. Бұл қоректендіргіштердің 8-жылдан артық эксплуатациясының тәжірибесі олардың маскималды дәрежеде жүктеме үздіксіздігі, жүктелетін шихта саны, жұмыс сенімділігі бойынша үдеріс талаптарын қанағаттандыратындығын көрсетті.

1 — шихталық бункерлер; 2 — ленталық қоректендіргіштер; 3 — транспортерлар; 4 —ПЖВ-20 пеші; 5 — шыңдық камералы газ жүргіш; 6 – бейнелеу бөлімшесінің борлар құрамасы; 7 — шлак тасушы; 8 — шлак копильнигі; 9 — шлактық сифон; 10 — шлак желоб; 11 — штейндік желоб; 12 — штейндік сифон, 13— штейн копильнигі; 14 — штейндік арба

Сурет 2 - ПЖВ-20 кешенінің аппараттар тізбегінің сұлбасы

Шихталарды пешке жүктеу үшін берілген құрам шихтасының балқымасын қамтамасыз ететін екі тәуелсіз транспорттық тізбекті қолданады. Қажет жағдайда пеш бір тізбек бойынша 6-8 сағат аралығында жұмыс істей алады. Транспортерлардан шихта екі күмбездік күйлеу арқылы пешке жүктеледі. Шихта құрамымен жедел басқару үшін пеш жанында құрамдас шихталарды таза күйінде жүктейтін қоректендіргішті бункерлер орнатылған.

1.1.2 Конвертер (ағыл. converter, латыншадан converto — өзгертемін, айналдырамын) – бұл бастапқы мысты немесе штейн арқылы ауаны үрлеумен франштейнді алу үшін арналған аппарат. Металды үрлеу үшін конвертордың жалпы түрі 3 суретте көрсетілген.

 

1-корпус; 2-қуыс цапфа; 3-патрубок; 4-ауалық қорап; 5-редуктор; 6-түп; 7-фурма;8-қылта.

Сурет 3 - Бессемерлік конвертер

 

Корпус 1 бұл болати қабық, отқа төзімді кірпішпен футерленген. Футерленген түп ауаны беру үшін түтіктермен жабдықталған. Түтіктер не болмаса тікелей түпке өтіп кетеді, не болмаса жекелей отқа төзімді (шамоттық) кірпіштерде – фурмаларда орындалған. Ауа қуыс цапфа әжне патрубок арқылы ауалық қорапқа беріледі, одан төмен қарай металға түседі және оны үрлейді. Үру қысымы металдың ферростатикалық қысымынан айтарлықтай үлкен, соның нәтижесінде металл үру кезінде түтіктерді толтырмайды.

Корпус оське қатысты  симметриялы емес, ол конвертор арақсы деп аталатын  иінге ие. Бұл конвертордың көлденең жағдайында сыйымдылықты жоғарлату үшін істелген. Қылта деп аталатын жоғарғы тесік арқылы металды құяды, болат пен шлакты төгеді; ол арқылы үру кезінде конвертерлік газдар шығады. Конверторлың бұрылысы гидравликалық цилиндр поршенімен немесе эелектроқозғалтқыш редукторы арқылы қозғалысқа келетін штокпен тісті рейкамен жүзеге асады. Металды құю кезіндегі жағдай көлденең, үру кезінде - тік. Кіші бессемерлік конверторде түп керең, ал түтік ауалық немесе комбинацияланған (оттекті ауа) үру металл бетіне бағытталатындай етіліп артқы қабырғаға көлденең орнатылған.

Бессемерліктен айырмашылықта  томастық конвертерлерде шойынды үстінен  үру үшін жоғарыда ауалық орап фурмасынсыз  керең түпке ие және шлеммен жабдықталған.

Консертерлік үдеріспен басқару  үдеріс көрсеткіштері жайлы ақпараттар енгізілетін ЭЕМ көмегімен жүщеге асады.

4 суретте дайындық цехінің технологиялық сұлбасы және жабдығы көрсетілген.

 

Сурет 4 – Дайындық цехінің жабдығы

 

Конвертерлерде алынған  бастапқы мыс сұйық күйде мыс электролизінің цехіндегі (МЭЦ) анодтарды шақырумен және анодтық мыстың тізбекті розливімен иілуші цилиндр пештерде оттық рафинатталу үшін анодтық бөлімшеге жіберіледі. Анодтық мысты электролиттік рафинаттау кезінде қымбат металдардан тұратын катодтық мыс пен шламдарды алады.

Электропештер мен конвертерлардың  газдары – шаңдық камералар мен  циклондардағы долбарлы тазартудан, құрғақ және дымқыл электросүзгілерде  жіңішке тазартудан кейін – көмірқышқыл  цехіне (КҚЦ) көмір қышқылын өндіруге жөнелтіледі кейін. КҚЦ жуып тазарту бөлімшесінде газдарды жуып тазрату кезінде алынған жуып тазартылған қышқыл рениларды шығару үшін сирекметал цехіне түседі.

ЖИЗ негізгі өнімі  болып 99,9% құраммен катодтық мысты алу табылады.

1.1.3 Катодтық мысты өндіру және электролитті регенерациялауды катодтық учаскіде жүзеге асырады (сурет 5).

Металлургиялық цехтің анаодтық бөлімшесінен арнайы анодтық  вагонеткаларда СТП 3820-V-8.01.02 сәйкес келетін анодтар жеткізіледі. Электрлік көпірлік крандармен анодтар арнайы жабдық көмегімен (анодтық борондар) ванналарға тиеледі. Әрбір ваннаға бір уақытта 35 штуктан тиейді. Балқытпа номері және вагонеткалардың номерлерін технологиялық журналда белгілейді.

Бір серия ванналарын тиеу үшін 227-236 т анодтық мыстар талап  етіледі (үш балқыма). Ванналарға тиелген анодтар бір жағынан ағаштан жасалған оқшауланған рейкаға, екінші жағынан теңестіруші мыстан жасалған тоқ өткізгіш шинадарға сүйенуі және тік қалыпта болуы тиіс.

Арнайы стеллаждарда катодтық негіздер көпірлік крандар  арқылы ванналар сериясына жеткізіледі. Тек қана сапалы, дұрыстап түзетілген катодтық негіздерді ғана қатты бекітілген құлақшалармен бүркейді. Бүркеуіштердің сапасы анодтармен қысқаша тұйықталу мүмкіндігін жоюы және ванна қабырғаларына жанасуды жоюы тиіс. Бүркеуден кейін негіздер орталықтанады, байланыстар ыстық конденсаттармен жуылып тазартылады. Анодтармен тиелген және катодтық негіздермен бүркелген серияны жылуалмастырғышта қыздырылған және патрондық сүзгіде сүзгіленген циркуляциялық банкадан электролитпен толтырады. Патрондық фильтр арқылы өткен электролиттің жалпы көлемі 10-15% құрайды (поз.22).

Сериядағы электролит температурасы  тоқтың қосылу моментінде 50°С төмен  болмайы тиіс.

Электролитті  қыздыру түтас бумен түтікті  жылуалмастырғыштарда жүзеге асады. Жылуалмастырғыштардан конденсат цехтың техникалық қажеттіліктері үшін, электролитті сұйылту үшін, катодтарды жуып тазарту үшін қолданылады. Конденсатардың артығы бейтараптандыру станциясына айдап шығарылады.

 

Сурет 5 - Катодтық мысты өндіру және электролитті регенерациялауды катодтық учаскісі

Мыстың катодтық тұнбалары ұсақкристаоды құрылымға  және жұмсақ бетке ие болуы тиіс. Катодтық тұнбаның сапасын жақсарту үшін электролитке дозатор арқылы коллойдтық қоспаларды енгізеді: желатин, тиомочевин және хлор-ион ерітінділерін тұз қышқылы түрінде. Электролитке енгізу үшін қосымшалардың салмақтық саны берілген нұсқаулықпен қарастырылған катодтардың бір тоннасына қосымшалардың шығынының нормасымен цехтің техникалық басшысымен орнатылады.

Ерітілген қосымшалар плюс 9,6 м белгісінде тұратын бак-мөлшерлегіштерге толтырылады. Желатинмен мөлшерлегіштерге хлор иондары тұз қышқылы түрінде қосылады.

Электролит көлемін  толықтыру және талап теілген  құрамды ұстау үшін цикуляциондық  жүйеге конденсат, шламдық бөлімшенің сүзгіленген ерітінділерін, залалсыздандырудың екінші кезеңінің ерітінділерін, өнеркәсіптік бактар мен зумпфтардан ерітінділерді енгізеді.

Мысты электролиттік рафинаттау үдерісінде сериялар, заңдылық бойынша, үш мерзімде жұмыс жасауы тиіс, яғни анодтардың бір партиясын қайта жасау уақытында катодтар үш рет түсіріледі. Серияның 4 мерзімге жұмысына рұқсат етіледі. Серияларды өңдеу келесі негізгі операциялардан тұрады: 1 – жаңа анодтарды тиеу; 2 – катодтық негіздердің бүркеулері; 3 – катодтардың катод жуатын машиналарда электролиттен тізбекті жуылуымен түсірілуі; 4 – анодтық қалдықтарды сіру; 5 – ванналарды тазарту.

Жұмыс жасайтын серияларда көрші ванналар сияқты бір ваннаның әр аттас электродтары арасындағы қысқаша  тұйықталуларды жоюды қатаң бақылау  орнатылуы тиіс.

Қысқаша тұйықталуларды табу үшін электро сүңгілер немесе бекітілген нұсқаулық бойынша цехтің химиялық зертханасында жасалған «ТИП-МПЗ» термоиндикаторлық жабын (бояу) қолданылады. Катод құлақшаларына байланыс жағынан түстің өзгеруі бойынша ваннадағы қысқаша тұйықтауллардың барлығы жайлы талдайтын бояулар енгізіледі. Қысқашша тұйықталулар орын алған кезде бояу өз түсін қызылдан қоңырға дейін өзгертеді.

Сериядан катодтарды түсіруді міндетті түрде ажыратылған серия кезінде  басты тоқ өткізгіш шина жағынан  бастайды.

Арнайы борона мен кранның  көмегімен катодтар сериядан түсіріледі және электролиттердің құйылуы үшін ванна үстінде жарты минут  аралығында ұсталады.

Осыдан кейін катодтар катод жуатын машиналарға беріледі, мұнда конвейерлік тізбектерде  ілінген олар душтаушы құрылғылардың астынан өтеді, содан кейін катодтық кагонеткаға бағыттаушы арқылы тізбектен лақтырылады.

Катодтарды жуып тазарту 60°С кем емес температурада жуу  құралын қосумен конденсатпен катод  жуатын машиналарда (КЖМ) жүзеге асырылады. Жуатын ерітінді 2,5-3,0 кгс/см2 (2,5х105 - 3,0х105 Па) қысыммен беріледі.

Жуылған катодтық мыс дайын өнім қоймасына тасымалданады, онда өлшенеді және кірістіріледі. Ерітінділер катодтарды жуғаннан кейін жуып тазарту суларының багында жиналады (поз.9) және электролитті еріту үшін қолданылады, артығы бейтараптандыру станциясына шығарылады.

Анодтық қалдықтар анодтық  бороналар көмегімен кранмен  түсіріледі және электролитті құю үшін ванна серияларында ұсталады. Одан кейін анодтық қалдықтар душтаушы ванналарға тасымалданады, мұнда шламнан конденсатпен жуып тазартылады. Жуғаннан кейін анодтық қалдықтар плюс/минус 0,00 м белгісіне беріледі, мұнда қалақтарға тиеледі және платформаларда анодтық учаскіге қайта балқытуға шығарылады.

Ванна борттарынан сұрыптау үшін рейка жиналады: рейканы қайта қолдану үшін жарамдылары арнайы торларға салынады, ал қалғандары анодтық пештерде жағылады.

Толығымен түсірілген сериядан электролит ванна түбінен 0,25 м деңгейге дейін құю труба  жетектер арқылы сифондармен жойылады. Сифондалушы электролитті айналымда негізгі колеммен араластырмай сүзгіге жібереді - РЗМ 100-1К-001 рамалық пресс-сүзгіге. Электролитті жойғаннан кейін ванналарды шламнан тазартуға кіріседі. Ванна түбінен анодтық қалдықтарды және ірі скраптарды таңдай отырып ары қарайғы жуу үшін тұғырыққа ваккум-сорғы қосады. Арнайы храповик және шланг арқылы, ваккумның әсерінен шлам трубоөткізгішке түседі және ол бойынша бактық аралықта орналасқан шлам жинауышқа (рессивер) түседі. Рессивердан ары қарай сорғылармен шлам шламдық бөлімшелерге шығарылады.

Артық мысты  регенеративтік ванналарда катодтық негіздерге электрохимиялық тұндыру жолымен  электролиттен жояды, мұнда анод ретінде қорғасындық ерімейтін  электродтар қолданылады.

Қорғасындық анодтарды 350-500 °С температурада пештерге сүрмелерді қосумен қорғасында қайта болқытумен алады. Қорғасындық анодтар ваннаға бүркеу алдында және катодтардың әрбір түсірілуінде түзетуге және шламнан тазартуға тартылады. Регенеративтік ванналардың қосылу алдында электролит айнасын цех атмосферасына газдық көбіктердің бөлінуін болдырмау үшін минералды майлармен жабады. Генеративтік ванналарға тек қана рубильникқа қарсы жақтан анодтық шина жанында шектік ванналарды қолданады.

Регенеративтік  ванналардың ажыратылған айналымдарда жұмысына жол берілмейді.

Регенеративтік ванналардан түсірілген катодтарды  КЖМ-да жуып тазартады.

Катодтардың МЕСТ 859 сәйкессіздігі  кезінде олар анодтық бөлімге  қайта балқыту үшін жіберіледі.

Мыстық катодтарды тұтынушыларға түсіру тек қана пакеттерде жүзеге асырылады, пакеттеу МЕСТ 546 сәйкес автоматтандырылған желіде жүзеге асырылады. Пакет маркалануы МЕСТ 21399 және МЕСТ 14192 сәйкес келуі тиіс.

Мыс электролизінің үедрісінің режимдік параметрлері 1.1 кестеде келтірілген.

Кесте 1.1 – Мыстың электролиттік рафинатталу үдерісінің режимдік параметрлері

Көрсеткіш атауы

Технологиялық режим нормалары

Тауарлық  серия

Матрицалық  серия

Электролиттегі массалық үлес:

-мыс, г/л

- еркін күкірт қышқылы, г/л

- мышьяк, г/л, көп емес

- хлор-ион,  мг/л                                             

 

40-60

130-200

20

30-70

 

35-50

90-135

20

10-50

Сериядаға анодтар  массасы, т

227-236

227-236

Желатин массасы (немесе столярлық желімнің),кг

Катодтық  мыстың 60-110 г/т есебінен нормаалнады

 

Тиомочевин, кг                                 

Катодтық  мыстың 70-120 г/т есебінен

 

Су температурасы, °С:

 - желатинді сулау кезінде           

 - оны еріту кезінде                                          

 

25-30

50-60

 

25-30

50-60

Электролит  жылдамдығы, л/мин   

12-20

12-20

Электролит  температурасы, °С                         

55-65

55-65

Бу температурасы, С                                     

150-200

150-200

Бу қысымы, кгс/см2 :

  -кіріс 

-шығыс

 

10(х105 Па)

4(х105 Па)

 

Бу шығыны,

20

20

Серияға кернеу, В:

- 12500-13200 А тоқ күшінде   

- 13200-14500 А тоқ күшінде       

- 24500-15500 А  тоқ күшінде                                                              

 

7-12

7,3-13,0

7,5-13,5

 

7-12

7,3-13,0

7,5-13,5

5 Регенерацияланған ванналардағы кернеу, В                                                          

2-5

 

Регенерацияланған ванналардағы ауналым жылдамдығы, л/мин                                    

24-40

 

Жуу ерітіндісінің қуаты, °С, кем емес                                                         

60

 

Жуу ерітіндісіндегі  массалық үлес, г/л

- мыстың, көп емес

- күкірт қышқылының, көп емес                                  

 

2

10

 

Жуу ерітіндісіндегі ПАВ («Новость» және т.б.) массасы, кг                                 

Катодтық  мыстың 0,0038 г/т есебінен

 

Титан матрицалардың  геометриялық өлшемдері, мм                                                 

-

1180х880

Катодтық негіздің геометриялық өлшемдері, мм      

-

980х860

Катодтық  негіздің қалыңдығы, мм                            

-

0,5-1,0

1 бет массасы, кг                                                 

-

4-7


 

ЖМЗ-дағы бақылау және метрологиялық қамтамасыздандыру әдістерінің сараптамасы

 

Мыстың электролиттік  рафинатталу үдеірісіндегі катодтық тұнба сапасы (сыртқы түрі, тұнба  құрылымы) цехтың техникалық басшысымен визуалды түрде күн сайын жүзеге асырылады.

1.2.1 Барлық айналым жүйесіндегі электролит температурасы РП-160 (1-8 айналым) және МФС (9-12 айналым) типті тіркеуші приборлар көмегімен үздіксіз бақыланады, сонымен қатар орындау механизмдері мен регенерацияланушы арматура арқылы Р-25.1 типті реттеуші көмегімен электролит температурасын реттеу жүргізіледі.

1.2.2 Бу қысымы коллектордың кірісінде және шығысында ферродинамикалық (ИДФ) және өзіндік жазатын прибормен (ВФС) бақыланады. Шығыстағы қысым орындау механизмдері мен регенерацияланушы арматура арқылы Р-25.1 типті реттеуші көмегімен реттеледі.

1.2.3 Цехқа кірістегі бу шығыны дифманометрмен (ДМ-3583ФМ), екіншілік ферродинамикалық өзіндік жазатын прибормен (ВФС), импульстік сандық санағышпен (СЧ) бақыланады.

1.2.4 Цех кірісіндегі бу температурасы ферродинамикалық өзіндік жазғыш көпір көмегімен бақыланады (МФС).

1.2.5 Коллойдтық қосымшалар шығыны РВР-2 уақыт реттегішімен және импульстар түрлендіргішімен (ИП-32) реттеледі. ПАВ беруін бақылау берілген нормаға сәйкес бір импульс ішінде ПАВ беру көлемінің өлшеу стақанымен өлшеу жолымен әрбір екі сағат сайын жүзеге асырылады. ПАВ нормаларын беру электролиз үдерісінде тоқтың толықтығы мен жұмыс жасаушы сериялардың санына сәйкес цехтің техникалық басшысымен орнатылады.

1.2.6 Кезегіне бір рет барлық айналым жүйесіндегі электролиттегі еркін күкірт қышқылының және мыс концентрациясының анықталуы жүргізіледі. Әрбір айналымнан электролит үлгісі жекелей алынады, ал мыс пен қышқыл концентрациясы СТП 3820-V-8.17.15 сәйкес цехтің экспресс-зертханасында зертханалық жолмен алынады.

Жылу алмастырғыштардан  кейін конденсаттың қышқылдылығын  желілік дабыл көрсетеді.

1.2.7 Барлық төрт өнеркәсіптік бактардағы жуып тазарту суының температурасы МФС көмегімен бақыланады.

1.2.8 Катодтық мыстың жуып тазартудан кейін қабылдауықоймаға дайын өнімді шығару үшін дайындалған вагонтектарда ОТК жүргізіледі.

Әрбір сериядане (партиядан) үлгілерді іріктеу түсіруге дейін бір тәклікте жүзеге асырылады, үлгілерді іріктеу және дайындау МЕСТ 546 сәйкес жүргізіледі.

Қышқылдың құрамына сараптама  үшін үлгілерді өңдеу әжне дайындау МЕСТ 13938.13 бойынша жүргізіледі. Катодтардың химиялық құрамы МЕСТ 13938.1 - МЕСТ 13938.12, МЕСТ 9717.1 - МЕСТ 9717.3, МЕСТ 25086 бойынша анықталады.

Анализатор АР-31