Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

Мазмұны

 

Кіріспе...........................................................................................................................3

1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға

   қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7

    1. Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи

ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу  және даму  

тарих........................................................................................................................7

1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға

      қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14

1.3 Қоршаған ортаны  қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында

      басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің

      рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19

2 Азаматтар мен қоғамдық  бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында

    құқықтар мен  міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34

2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен

     міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34

2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны

      қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы

      анализі........................................................................................................................59

Қорытынды........................................................................................................................73

Әдебиеттер  тізімі.........................................................................................................78

 

 

Кіріспе

 

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Егеменді және тәуелсіз Қазақстан табиғи ресурстарга бай мемлекет болып табылады. Алайда , біздің еліміздің табиғи ресурстарының соншама молдығына қарамастан, оған қамқорлықпен қарау әрқашан туындап отырады. Қоғамның қазіргі дамуы табиғи ресурстардың шаруашылық мұқтаждықтарына кең түрде пайдаланылуына сүйенеді. Бұл процесс нарықтақ қатынастар дами түскен сайын одан әрі күрделене береді.

Сондықтан, ғалымдар мен  бүкіл қоғамның табиғи ресурстарын  пайдаланудың адам үшін қажеттілігі  мен табиғи ортаны қорғаудың қажеттілігі  арасындағы қарама - қайшылықтарға  байланысты дабыл қағуы өте орынды болып табылады. Осыған байланысты зор маңызды табиғи ресурстарды өте көп мөлшерде шаруашылық мақсатқа пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін теріс зардаптары мен залалдарын жеңілдету, барынша азайту және табиғи байлықтарды молайту жөніндегі шараларды жасау міндеті туындайды. Табиғатты тиімді түрде үнемді пайдалану және оны қорғау шаралары, оның ресурстарын пайдалану кезіндегі тепе-теңдікті белсенді түрде сақтау, қоршаған табиғи ортаны жақсарту, ал бұл талаптар бұзылған жағдайда оны қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігін тудырып отыр.

Осыған орай «Қазақстан - 2030» стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы мақұлданды. Бұл тұжырымдамада еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық бағыттар көрсетілген - экономиканы, Ұлттық заңнамаларды және қоғамды экологияландыруға байланысты, экологиялық үгіт-насихат және жүртшылықтың қатысуы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту [1].

Табиғатты қорғау мен оның байлығын тиімді пайдалану  мәселесін шешуді қамтамасыз ететін әдіс - тәсілдер жүйесін жасауға әр түрлі құқықтық институттар белсенді түрде қатысады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы қызметке көптеген субъектілер қатысады, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғалар, азаматтар, қоғамдық бірлестіктер және т.б.

Қоршаған ортаның жағдайымен байланысты мәселелер қазіргі таңдағы адамзат мәселелерінің ішінде бірінші орынға шықты.

Бұл мәселерді шешуде маңызды рөл азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктерге беріледі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 23 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар деп көрсетілген. Яғни, азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға қатысуы қоғамдық экологиялық бірлестіктерге бірігу құқығы арқылы жүзеге асырылады [2].

Ал қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуы саласындағы қызметінің маңызы дүниежүзі қауымдастығымен танылған БҰҰ- ның Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта жоне даму туралы Конференциясында қабылданаған негізгі қүжаттарының бірінде, қоршаған ортаны қорғау саласында үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдардың күштерін біріктіру қажеттілігі бекітілген [3].

Осыған сәйкес Қазақстанда  да қоғамдық экологиялық бірлестіктердің  рөлі маңызды. Қазіргі таңда біздің елімізде әртүрлі деңгейде өрекет ететін және бір - бірінен қызмет аясы, ұйымдық құрылымы және идеологиялық қағидаларымен ажыратылатын, бірақ ортақ мақсаты қоршаған ортаны қорғау және азаматтардың экологиялық құқықтарын сақтау болып табылатын 200 жуық қоғамдық экологиялық бірлестіктер бар.

Қазақстан Республикасында  қоғамдық экологиялық бірлестіктердің күрылу тәртібін, мемлекеттік тіркелуін және өкілеттіліктері мен қызметін реттейтін бірқатар құқықтық актілер қабылданды. Олардың құқықтық жағдайларын реттейтін құқықтық нормалардың көптеген бөлігі барлық коммерциялық емес ұйымдарға және қоғамдық бірлестіктерге қатысты заң актілерінде бекітілген.

Қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің құқықтық жағдайын реттейтін нормативтік актілерді, олардың бұндай бірлестіктердің қызметінің құқықтық мүмкіндіктерін ашатын артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау үшін зер салып және терең зерттеу қажет .

Баяндалып отырған мән - жайларға байланысты осы диплом жұмысында таңдап алынған зерттеу тақырыбы өте өзекті болып табылады және тәжірибиелік мән -маңызы бар деп айта аламыз.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы, зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен тығыз байланысты, өтпелі нарықтық экономика жағдайында, жаңа құқықтық, саяси, экологиялық және әлеуметтік жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласында азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қызметін құқықтық жағынан реттеу мәселелерін кешенді түрде қарастырған және елімізде түңғыш мемлекеттік тілде орындалған ғылыми еңбек болып табылады.

Бұл диплом жұмысына азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдарын, олардың қағидаларын жүйелі түрде зерттеген. Және табиғат қорғау саласындағы заңдар мен қоғамның басқа салаларын құқықтық реттейтін заңдарда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттеріне сипаттама берілген. Жалпы басқару саласындағы қоғамдық басқарудың орны анықталған. Бұл еңбекте азаматтардың экологиялық құқықтары сараланып, соның ішінде қолайлы қоршағаи ортаға құқықтық маңыздылығы анықтылған.

Қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің түсінігі анықталып, оның белгілері ашылған. Қоғамдық экологиялық бірлестіктердің міндеттеріне, қызметтеріне және өкілеттіліктеріне негізделген, олардың жіктелуі үсынылып отыр. Шетелдердегі қоғамдық экологиялық бірлестіктердің құқықтық жағдайының талдауы беріліп отыр.

Орындалған зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы бар. Оның нөтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктердің тәжірибелік қызметі кезінде және бұл қатынастарды реттейтін заңдарды қолдану барысында пайдаланылуы мүмкін. Жұмыста үсынылып отырған ұсыныстар бұл саладағы заң актілерін жетілдіру кезінде қолданылуы мүмкін.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.

Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың қазіргі  ғылыми  мәселелерді шешу, ахуалын  бағалау. Қоршаған ортаны және жекелеген табиғи ресурстарды қорғауға азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қатысуы саласындағы теориялық мәселелері көп жылдардан бері заңгер ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Қазақстан ғалымдары бұл мәселені зерттеуге зор үлес қосқаны баршаға мәлім. Мәселен, С.Б. Байсаловтың, Д.Л. Байдельдиновтың, Ә.Е. Бектүрғановтың, Ә.Е. Ереновтың, Л.Қ. Еркінбаеваның, Б.Ж. Абдраймовтың, А.С. Стамқүловтың, Н.Б. Мүхитдиновтың, Ж.Т. Холмуминовтың, Н.С. Байымбетовтың, П.А. Асылбековтың еңбектерінде осы мәселелерге қатысты құнды ұсыныстар мен қорытындылар енгізілген.

Кеңес Одағының таратылуына  дейін қоғамдық экологиялық бірлестіктердің  құқықтық жағдайы саласында көптеген зерттеулер жүргізілген.

Бұндай зерттеулер Ф.И. Адихановтың, Г.Е. Быстровтың, С.А. Боголюбовтың, О.С. Колбасовтың, В.К. Максименконың, В.В. Петровтың, Ю.С. Шемшученконың және т.б. Басқалардың еңбектерінде жүргізілген. Г.И. Азаров пен А.Г. Тарнавский қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортан қүкықтық қорғаудағы рөлімен байланысты мәселелерге арнайы зерттеулер жасады. М.И. Васильеваның, М.М. Бринчуктың, А.К. Голиченковтың, С.А. Боголюбовтың, Т.Р. Громованың және басқалардың еңбектерінде қоғамдық экологиялық бірлестіктердің құқықтық жағдайы мәселелері, сонымен қатар қазіргі құқықтық жағдайдағы азаматтардың экологиялық құқықтары қарастырылған.

Қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің құқықтық жағдайы  мәселелері шетелдерде В. Дугластың, М. Фешбахтың, А. Френдлидің, И. Руттерманның, Я. Хаампвердің, Д. Брайсонның, М. Макгиннестің еңбектерінде көрініс тапқан.

Ұсынылып отырған ғылыми еңбектің басқа ғылыми зерттеулерден айырмашылығы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысу нысандарын зерттеген және олардың экологиялық құқықтардан туындайтынын анықтаған.

Алайда жоғарыда аталған  ғалымдардың көптеген еңбектері  мемлекетіміздің нарықтық қатынасқа  өтуінен бүрынғы кезеңдердегі зерттеулері  болғандықтан, оларда қазіргі жаңа заң актілерінің ерекшеліктері мен жаңадан қалыптасқан ғылыми көзқарастар көрініс таппаған.

Зерттеудің мақсаты  мен міндеттері. Дипломдық зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға көшу, кейбір табиғи ресурстарға жеке меншік құқығын енгізу жағдайындағы табиғи ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қызметін кешенді түрде зерттеу және осы мәселелер бойынша заң шығару ісін жетілдіру жөнінде нақты тәжірибиелік, теориялық ұсыныстар жасау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа байланысты автор өзінің алдына мынадай міндеттер қояды:

  • азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың қалыптасу мен даму тарихын зерттеу;
  • азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуын реттейтін заңдардың қағидаларын және олардың мазмұнын ашу;
  • әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде экология саласында мемлекеттік басқарудың және қазіргі таңда қоршаған ортаны құқықтық қорғауда қоғамдық экологиялық бірлестіктердің рөлі мен орнын анықтау;
  • қоғамдық экологиялық бірлестіктердің түсінігін анықтау және олардың түрлерін жіктеу;
  • адамдардың экологиялық құқықтарын, соның ішінде қолайлы қоршаған ортаға құқығын сипаттау;
  • халықаралық - құқықтық тәжірибиеде қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қызметтерін сипаттау;

- қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің жағдайын құқықтық  реттеудегі кемшіліктері мен  ақаулықтарын анықтай отырып, осы  саладағы қазақстан республикасы  заңдарын жетілдіру.

Зерттелу обьектісін азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеудің қоғамдық қатынастары табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Дипломдық зерттеудің теориялық негізі қоғам мен табиғаттың арақатынасы туралы, азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы туралы, азаматтар мен қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері туралы ғылыми ілімдер құрайды.

Зерттеу барысында ғылыми зерттеудің кешенді, жүйелі - құрылымдық, салыстырмалы - құқықтық талдау жасау және тағы да басқа әдіс - тосілдер пайдаланылды. Қолданылып жүрген заңдар, сонымен бірге ведомстволық нормативтік актілер, құқықты қолдану тәжірибелері, мерзімді баспасөзде жарияланған материалдар зерттелді.

Диплом жұмысының  көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердщ қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

 

 

1.1 Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму тарихы

 

 

Егер де адамзат қазіргі  даму бағыттарымен әрі қарай жүре берсе, екі-үш үрпақтан қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету біздің мемлекетіміздің экологиялық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда қоршаған ортаны ластануы, табиғи ресурстардың азамат және экологиялық байланыстың бұзылуы өзекті мәселелердің бірі.кейін табиғи апатқа үшырайтыны анық.

Табиғат өзінің объективтік  заңдылықтарымен дамиды. К. Маркстың көзқарасы бойынша табиғат - бұл адамның денесі, ол өліп қалмау үшін онымен өзара арақатынаста болуға мәжбүр [4].

Адам өмір сүруі үшін барлық қажетті заттарын табиғаттан алады, дамуы қоғамдық заңдылықтармен анықталатын экологиялық қызметтің барысында өз еңбегімен табиғатты игереді. Адам табиғат күштерінің қүлы болып табылмайды. Ол өзі және қоғам үшін оң және теріс нәтижелер ала огырып, өзінің қажеттіліктеріне табиғи ортаны пайдаланады. Бірақ, бұндай қызметтің салдарына байланыссыз адам әрқашан және барлық жағдайда табиғаттың ішінде болады және экологиялық жүйесің бір түйіні болып табылады. Адам мен табиғаттың ара қатынасының мәнін Ф. Энгельстің сөздерімен сипаттауға болады. Оның пікірінше, «Адам, жаулап алушы басқа елге билік еткендей, табиғатқа билік ете алмайды. Ол өзінің тәнімен, қанымен, миымен табиғатқа тиесілі және оның ішінде. Адам басқа тіршілік иелеріне қарағанда, табиғат заңдарын тани біледі және оны дұрыс қолдана алады.

Ғылыми - техникалық төңкеріс өндірістік күштердің кең түрде дамуына алып келді. Өндіріс пен технологияның жаңа салалары пайда болды, ғылымның өзі өндірістік күшке айнала бастады. Адам табиғат қүпияларын ашты [5].

Адам мен табиғат  арасындағы заттар алмасуы тез әрі сапалы түрде өзінің сипатын өзгертті. Адамның табиғатқа араласуы тереңдей түсті. Бірақ оның салдарының теріс жақтары да, оң жақтары бар. Адамдар қалпына келмейтін табиғи ресурстарды сарқылтты және қалпына келетін табиғи ресурстарды жойылуы қаупін туғызды. Адам табиғаттың құрамдас бөлігі, биологиялық және әлеуметтік феномен ретінде оның өмір сүруі оған байланысты болып отыр. Қазіргі өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының, көліктің және т.б. Қызметтердің әсерінен табиғи ресурстар сарқылып қана қоймай, адамның айналасындағы ортаның табиғи элементтерінің сапасы мен саны азаюда және экологиялық жүйеге зиян туғызуда және жойылып кету қаупі туындады. Табиғи ортаның қайта қалпына келу қабілеттілігі табиғатқа келтіріліп отырған антропогендік зиянмен күресуге мүмкіндігі жоқ.

Табиғи ортаның жағдайы  қоғам мен табиғаттың өзарақатынасының жаңа нысанының пайда болуына  алып келді. Ол - қоршаған табиғи ортаны қорғау.

Алғашқыда ол табиғи экологиялық  жүйені, табиғат ескерткіштерін, табиғаттың ерекше объектілерін қорықтық, консервативтік қорғау нысанында болды [6].

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты табиғи байлықтарды  қарқынды пайдалану табиғатты қорғаудың  жаңа түрінің табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігіне алып келді. Бұнда табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты шаруашылық қызмет процесі барысында табиғи ресурстарды қорғау талаптары тікелей қарастырылады [7].

Өндірістік қызмет аясының  өсуі өмір сүру ортасы ретінде табиғатқа  адамның зиянды әсерінің үлғаюына алып келді. Ал бұл ез кезегінде адамдардың қазіргі және болашақ үрпақтарының мүдделеріне, адамның өміріне, денсаулығына қауіп туғызды. Бұндай жағдайларда табиғаттың адамға тәуелділігінен басқа, адамның табиғатқа тәуелділігі айқын көріне бастады. XX-ғасырдың 50-шы жылдары қорғаудың тағы бір нысаны - адамға қолаылы қоршаған ортаны қорғау пайда болып, дами бастады. Бұнда негізгі мәселе адам, оның өмірі, денсаулығы, оның өмір сүру үшін қолайлы қоршағаи ортаға құқығы болды.

Осы жоғарыда көрсетілген қоғам мен табиғаттың арақатынасынан туындап отырған зиянды салдарды реттеудің нысандарын құқықтық түрғыдан жүзеге асыру табиғатты қорғау заңдарын қабылдау арқылы реттелді [8].

Қоршаған табиғи ортаны қорғауға азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуы осы табиғат қорғау заңдарында қай жылдардан бастап көрініс тапқанын анықтау үшін осы заңдардың пайда болу және даму кезеңдерін ашу керек[9].

Табиғат қорғау заңдары елімізде табиғатты қорғау талаптары мен тортібін, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің қүзыреттілігін, табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін, табиғат қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті анықтайтын нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады. Табиғат қорғау заңдары мемлекетіміздің табиғатын құқықтық қорғаудың заңдық негізі болып табылады. Ол кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында пайда болды. Табиғат қорғау заңдарының қалыптасуы мен дамуында В.И. Лениннің ролі ерекше. Ол табиғат қорғау Ісінің негізін салушы. Оның көптеген мақалалары мен сөздерінен, ол кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ еліміздің табиғи ресурстары, оларды пайдаланудың болашағы туралы көп ойлағанын байқаймыз. В.И. Ленин еңбектерінде табиғат қорғау қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, мемлекеттік қорықтарды құру; табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға байланысты арнайы мемлекет органдарын құру қажеттілігі туралы нақты нұсқаулары бар. Ол табиғат қорғау заңдарын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту, табиғат пайдалану мен табиғат қорғау саласында заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың жүйесін нақты және дұрыс анықтады [10].

В.И. Ленин табиғатты  қорғау мен ұтымды пайдаланудың қажеттілігінің негізін салып қоймай, табиғат қорғау қызметінің негізгі қағидалары мен құралдары белгіледі. Кеңес мемлекетінің дамуының алғашқы кезеңдерінде табиғатты қорғауға байланысты 234 заң актілері қабылданды.

Қазақ ССР-нің Жер қойнауы  Кодексінде 1976 жылы 4 тамызда қабылданған, жоғарыда көрсетілген мәселеге байланысты арнайы нормалар бар. Бұл заңда кәсіптік одақтар, жастар ұйымы, табиғатты қорғау қоғамы, ғылыми қоғамдар және басқа да қоғамдық ұйымдар мен азаматтар жр жылы қойнауын қорғау мен оларды ұтымды пайдалану саласында шараларды жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдарға көмек көрсетеді деп көрсетілген. Қоғамдық бірлестіктер жер қойнауын қорғау мен оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерге заң актілеріне және олардың жарғыларына сәйкес қатысады. Мемлекеттік органдар жер қойнауын корғау мен оларды ұтымды пайдалануға байланысты шараларды жүзеге асыру барысында қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың ұсыныстарын жан-жақты ескеру қажет [11].

Осы заңға сәйкес азаматтар  жер қойнауын қорғау мен оларды үгымды пайдалану шараларын жүзеге асыруда  мемлекеттік органдарға мынадай  көмектер көрсетеді: қажетті жұмыстарды    жүргізуге қатысу; жер қойнауын қорғау мен оларды ұтымды пайдалануды жақсартуға ұсыныстар енгізу; оларға белгілі жер қойнауын қорғау мен пайдалану ережелерін бұзушылықтар туралы хабарлау.

Қазақ ССР-нің 1981 жылы 12 маусымда қабылданған «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңына сәйкес, кәсіптік одақтар, жастар ұйымы, табиғатты қорғау қоғамы, ғылыми қоғамдар және басқа да қоғамдық ұйымдар, еңбек коллективтері атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға көмек көрсетеді. Қоғамдық бірлестіктер атмосфералық ауаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерге заң актілеріне және олардың жарғыларына сәйкес қатысады [12].

Азаматтар атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шараларды  жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға мьшадай жолмен көмек көрсетеді:

Атмосфералық ауаның қорғалуын жақсарту туралы ұсыныстар енгізу; атмосфралық ауаны қорғау жөніндегі ережелерді өздеріне мәлім болған бұзушылықтар туралы хабарлау;

Атмосфералық ауаны  қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тікелей қатысу.

Қазақ ССР-нің «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» заңында да қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға қатысуы   қарастырылған.

Жоғарыда көрсетілген  заң актілерінің барлығында да қоғамдық бірлестіктердің табиғи ресурстарды қорғауға қатысуы мемлекеттік органдарға көмек көрсету нысанында берілген. Және де олардың бұл саладағы атқаратын қызметтерінің мазмұны, механизімі ашылмаған, тек қоғамдық бірлестіктердің жарлығына сілтенген. Ал, азаматтардың табиғи ресурстарды қорғауға қатысуы мемлекеттік органдарға көмек көрсетуінің үш жолымен сипатталған [13].

Бірақ, бұл заңдарда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуы тиісті деңгейде реттелді деп айта алмаймыз. Себебі, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері заңдарда толық ашылып көрсетілмеді.

Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуының екінші кезеңі - егемендік алғаннан кейінгі кезең. Бұл кезеңде экологиялық заңдарды жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында дами бастады. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолында табиғат қорларын пайдалану мен қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды толық қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мақсатымен көптеген жұмыстар жүргізілді [14].

1991 жылдың 18 маусымында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы қабылданды. Қарастырылып отырған сұраққа байланысты бұл заңда екі тарау арналған. II тарауда айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында азаматтардың күқыктары мен міндеттері анықталса, XI тарауда айналадағы табиғатты қорғауға халықтың қатысуы анықталған [15].

1993 жылдың  аяғына дейін жер, жер қойнауы  және минералды шикізатты үқсату туралы, Орман, Су кодекстері, «Жануарлар дүниесін қорғау, осімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың  негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуіріндегі  окімімен мақұлданған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары қарастырылған болатын. Аталған тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық қүжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Мысалы, 1997 жылдың 15 шілдесінде Қазақстан Республикасының ҚР Экологиялық кодексі, «Ерекше қорғалатын табиғи ресурстар туралы» заңы, 2002 жылы 11 наурызда Қазқақстан Республикасының «Атмосфералық ауаны қорғау» гуралы заңы, 2003 жылы 8 шілдеде Жер кодексі, Орман кодексі және Су кодекстері және 2004 жылы 9 шілдеде «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңы қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортраны қорғау туралы» заңының екінші тарауында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері бекітілген. Әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасы аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай - күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулыгы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуіне құқығы бар [16]. Бұл ереже жартылай түрде, еліміздің негізгі заңы - Конституцияда (31 -бап) көрініс тапқан. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы деп нені түсінеміз. М.И. Васильеваның көзқарасы бойынша, «Қолайлы қоршаған ортаға құқық - бұл субъектіге нақты тиесілі, үздіксіз жүзеге асырылатын, заңда бекітілген мемлекетпен кепілдік берілетін және қорғалатын денсаулық үшін қауіпсіз табиғиғ игіліктерді талап ету және пайдалану мүмкіндігі, мемлекеттен, барлық басқа азаматтар мен заңды тұлғалардан табиғатты пайдалануды және экологиялық маңызды басқа да қызметті жүзеге асыру барысында халықтың денсаулығын қорғау бойынша міндеттерді орындауды талап ету, және де бұл ережелер бұзылған жағдайда мемлекеттік және қоғамдық қорғауға жүгіну» [17].

Қазақстан Республикасының қазіргі заңында азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығының анықтамасы берілмеген. Заңда тек қолайлы қоршаған ортаны түсінігі берілген, яғни қолайлы қоршаған орта-объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта.

Азаматтардың қолайлы  қоршаған ортаға құқығы олардың қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беру және оларды қарауды талап ету; қоршаған ортаны

Қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құру, қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысу және тағы басқа арқылы жүзеге асырылады. Осы заңның 6 бабында қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері бекітілген.

Қоғамдық бірлестіктердің  қоршаған ортаны қорғау саласында өздерінің  экологиялық бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды ерікті негізде қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді қызметке тартуға; коршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметіне қатысуға; экологиялық тәрбие мен білім беру жөніндегі жұмыстарды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді белгіленген тәртіппен орындауға; мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуді талап етуге және қоғамдық экологиялық сараптама өткізуге; қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттік органдар мен ұйымдардан коршаған ортаның жай-күйі және оны сауықтыру жөніндегі шаралар туралы дер кезінде, толық және анық ақпарат алуға; қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара іс-қимыл жасауға, олармен келісімдер жасаса отырып, олар үшін шарттар бойынша заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстарды орындауға; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заң жобаларын талқылауға қатысуға; кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тулғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу, тоқтата туру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге; айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі гуралы сотқа талап - арыз беруге құқықтары бар [18].

Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу