Банк заемы шарты



МАЗМҰНЫ

 

 

 

Кіріспе    ………………………………………………………… 4-5

 

    1. Банк заемы шартының түсінігі және оның элементтері
    1. Банк заемы шартының түсінігі және ерекшеліктері …. 6-8
    1. Банк заемы шартының элементтері ……………………. 8-15

1.3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру ………………  15-18

 

ІІ.  Банк заемы шарты бойынша міндеттемелердің

орындалуын  қамтамасыз ету

    1. Кепіл …………………………………………………….. 19-24
    2. Кепілдік және кепіл болушылық ………………………. 24-27
    3. Банк заемын сақтандыру ………………………………. 27-34

 

ІІІ. Банк заемы шартының орындалуы ……………………. 34-35

 

Қорытынды …………………………………………………….  36

Қолданылған әдебиеттер тізімі ……………………………..  37-39

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық экономиканың қалыптасуы, кәсіпкерлік қызмет аясында  құқықтық реттеудің принциптерін түбегейлі  өзгертіп, жаңа жолдарды қолдануды  талап етеді. Жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың тиімділігін арттырудың негізгі факторы болып, банктік қызмет аясында нарықтық өзгерістер табылады. Соның ішінде ерекше ролге банктің кәсіпкерлік қызметін және банктік қызметті жүзеге асырған кездегі экономикалық қатынастардың құқықтық нысаны болып табылатын, банктік шарттарды құқықтық реттеуді рефомалау ерекше ролді атқарады.

Диплом жұмысы банктік қызмет аясында кеңінен қолданылатын шарт түріне банк заемы шартына арналған. Бұған дейін азаматтық айналымда қолданылған "несие шарты", "ссуда шарты" терминдерін Азаматтық Кодекс біріктіріп, ендігі кезде "банк заемы шарты" деп атайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасында нарықтық типтегі  2 деңгейлі банк заемдік жүйе қалыптасты. Оның бірінші деңгейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін заемдар, екінші деңгейін коммерциялық банктер мен банктік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар беретін заемдар құрайды.

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі келесі мән-жайлардан туындайды: Біріншіден, банк пен клиент арасындағы қарым-қатынасының сипатының өзгеруіне байланысты (Кеңес Одағы кезінде банктер сом арқылы мекемелер мен ұйымдардың халық шаруашылық жоспарларын орындауына бақылау жасады) бұған дейін жүргізілген зерттеулер ескіріп, жаңа заңнамаға сәйкес, әсіресе казақ тіліндегі зерттеулер аз. Екіншіден, қазіргі уақытта аталған мәселеге аз көңіл бөлінеді, оны обьективті себептер бойынша түсіндіруге болады. Банк заемы шартын құқықтық реттеу екі дербес құқық саласының зерттеу обьектісі ( азаматтық және банктік құқық), сонымен қатар банк заемы шартының құқықтық табиғатына жиі өзгеріп отыратын банктік заңнама өз әсерін тигізеді. Үшіншіден, қазіргі кезде банк заемын беру экономика саласында маңызды орын алды. Статистика мөліметтеріне сәйкес банктермен берілген заем сомалары: 1999жылы 148млрд.380млн.теңге, 2000 жылы 276 млрд. 218 млн. тенге, 2001 жылы 339 млрд. 860 млн. теңгені құрады. Заемдардың мұндай масштабы, қалыптасқан қатынастарды құқықтық реттеудің нақты механизмінің болуын талап етеді.

Алайда қоғамның нарықтық экономикаға көшуіне және азаматтық құқық саласындағы заңнаманың өзгеруіне байланысты бұл еңбектер ескіріп қалды. Жаңа заңнамаға сәйкес жазылған еңбектерге Агарков М.М., Суханов Е.А., Павлодский Е.А., Осипов Е.Б., Ефимова Л.Г., Кумок С.И., Эриашвили, Худяков А.И., және тағы да басқа авторлардың жұмыстары жатады.

Жұмыстың мақсаты  азаматтық және банктік заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, банк заемы шартын құқықтық реттеу механизмін жанжақты және толық ашу болып табылады.

Зерттеудің пәні — банк заемы шартын жасау барысында, банк пен заемшы арасында пайда болатын қатынастардың құқықтық табиғатын зерттеу.

Жұмысты жазуда азаматтық  құқық пен банк құқығының ғалымдарының еңбектерімен қатар, экономика саласының ғалымдарының еңбектері, сот практикасы зерттелінді.

Сонымен қатар бұл қатынастарға заем шартының ережелері қолданылуы мүмкін. Банк заемы шарты аталған азаматтық құқықтық нормалармен қатар, арнайы банктік заңнаманың нормаларымен реттеледі. Атап айтқанда банктер мен банк қызмет туралы" заң, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" заң. Бұл нормативтік құқықтық актілерде банк заемы шартын детальды түрде құқықтық реттеу көрсетілмейді, тек Ұлттық Банкке банктердің қызметін заңға сәйкес реттеуге, нормативті негіздеме беретін сілтеме болып табылады.

 

І. Банк заемы шартының түсінігі және оның элементтері

 

    1. Банк заемы шартының түсінігі және ерекшеліктері

 

Қазақстан   Республикасының   Азаматтық   Кодексінің   727 бабына сәйкес:

1. Банк заемы  шарты бойынша заем беруші заемшыға қарызға ақша беруге міндеттенеді.

2.   Банк   заемы   шартына   Азаматтық Кодекстің 728 бабында көзделген   ерекшсліктерімен   қоса   заем    шартына    қатысты ережелер колданылады.

Банк заемы шартының ұғымы мен құқықтық табиғаты туралы бірнеше пікірлер кездеседі. Кейбір авторлар оны заем шартының бір түрі ретінде қарастырады. Басқалары банк заемы шартын, шарттың дербес түрі ретінде қарастыру керек деген. Соңғы авторлар өз пікірін, Совет дәуірі кезіндегі банктің ерекше ролімен, яғни мемлекеттік монополиялық шаруашылық кезеңінде заемдік ресурстарды (көбінесе бюджеттік ресурстарды) жоспар негізінде мсмпекеттік кәсіпорындар арасында таратылғандықтан, оның заем шартымен ұқсастығы алшақ деген.1

Қазіргі уақытта  екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік  басқару органдары болып табылмайды. Сондықтанда да банк заемы шартын шарттың дербес түрі ретінде қарастыруға негіз жоғалды деуге болады. Мемлекеттің экономикасында көптеген өзгеріетер орын алғандықтан заемдік қатынастарға мемлекет тарапынан реттеуде, заңнамада өзгерді. Қазіргі заңнамаға сәйкес банк заемы шарты шартының бір түрі ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар банк заемы шартының табиғатында алдынвла жасалатын шарттың белгілері бар болғандықтан, оның реалды немесе консенсуалды шарт ексндігі туралы сұрақ туындайды. Мысалға, С.И.Вильнянский, И.С.Гурсвич, О.С.Иоффе банк заемы шартын реалды десс, Э.А.Зинчук, Е.А.Флейшиц конеснеуалды деп, ал Суханов Е.А. реалды консенсуалды деп санайды.

Банк заемы  шартын реалды деген көзқарасты ұстанатын авторлар өз пікірін, банк заемы шарты, заем шартының бір түрі болғандықтан, ал заем шарты реалды, сондықтан банк заемы шарты реалды болады деп негіздейді.

РСФСРдің 1922 жылғы Азаматтық Кодексінде 2 түрлі шарты көрсетілді: реалды заем шарты (банк заемы шарты) және консенсуалды шарт (заемды беру туралы міндеттеме). Мұндай көзқарас М.М.Агарковпен 1922 жылғы Азаматтық Кодекстің 218,219 бапғарының негізінде айтылған/

Банк заемы  шартын консенсуалды шарт деп санайтын авторлар, оның алдынала жасалатын  шарт элементтерін банк заемы шартының ажырымас бөлігі ретінде қарастырып, банк заемы шарты өз күшіне тараптар қол қойғаннан кейін күшіне енеді, сондыктанда оны консенсуалды шарт деп санау керек  деген. Сонымен қатар шартты жасау келесі кезеңдерден тұрғандықтан:

1)  Заемшы мен банктің заем шартынын, мазмұнын құрастыру (заем түрі, оның сомасы, мерзімі, қамтамасыз етілуі) ;

2)   Банкпен заемшы ұсынған құжаттардың қаралуы. Құжаттар негізінде заемшының заемдік мүмкіндіктерін, яғни алған заемды уақытында қайтару қабілеттігін қарастыру;

П.Г.Ефимова "Банковское право" М1994 ж.182 бет Парков М.М. "Основы банковскою нрава" М1УУ4 ж.   82б.

3)  Тараптардың бірігіп шарттың жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

4)  Тараптардың шартқа қол қоюы; Бұдан туындайтыны, шарт тараптар өзара мүдделерді қанағаттандыратын талаптар орындалып, көрсетілген кезден бастап, яғни келісімге келгеннен кейін шарт өз күшіне енеді деуге болады. Сондықтанда банк заемы шарты консенсуалды шарт болып табылады.

Банк заемы шартының консенсуалдығынан, оның екі жақты міндеттілігі туындайды. Себебі шарт бойынша банк заемшыға заем, беруге міндеттенеді, ал заемшы оны талап етуте құқылы(бірінші міндеттеме). Өз тарапынан заемшы заемды қайтаруға міндетті, ал банк оны талап етуге құқылы (екінші міндеттеме). Сонымен қатар, осы міндеттемелердің әрқайсысы бір-біріне негіз болып табылады. Сондықтанда банк заемы шарты каузальды мәміле болып табылады.

Банк заемы шартының ерекшеліктері:

1) Заем беруші ретінде ақшалай нысанда заем беруге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің лицензиясы бар банк және өзге де заңды тұлға болады. Себебі банктік заңнамаға сәйкес, банк заемын беру лицензияланатын қызмет түрі және Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болады.

2) Шарттың нысанасы алда берілуі мүмкін ақша болып табылады. Соңғы жағдайда шарт, егер осы шартта өзгеше көзделмесе,оның жасалған кезінен бастап күшіне енеді деп есептеледі. Бұл мән жай, біріншіден, банк заем шартының табиғатында алдынала жасальш шарт белгілерінің болуымен, екіншіден, ҚР АК 393 бабына сәйкес, тараптардың арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайлар талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептелетіндігімен түсіндіріледі.

3) Шарт жазбаша  нысанда жасалуы тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Шарттың жазбаша нысаны туралы талап ҚР АКнің 152 бабының 1 тармағына сәйкес егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызметі өндірісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырыпатын мәмілелерге таралады. Ал жазбаша нысанда сақтамау АК 53 бабының 2 тармағында, заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәмілінің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеледі.

4) Заемды мемлекеттік банктер берген немесе ол мемлекеттік ақша қорларының есебінен берілген жағдайда заем берудің тәртібі мен шарттары заң актілерімен, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерімен реттелуі мүмкін. Бұл жағдайда заем беру, заем берушінің міндеті болып табылады да, ал оның жасасқан шарты аталған заң актілерінде белгіленген ол үшін міндетті ережелерге сәйкес болуы тиіс. Бұл жағдайда мемлекеттік банктер мен қорлар оның арнайы құқық қабілеттігі заң актілерімен бекітілгендіктен, олардың шарттық автономиялары шектеліп, ал басқа банктер үшін мемлекеттік (бюджеттік) ақша қаражаттары есебінен несиелік иеленудің ерекшеліктері анықталған. Аталған нормативтік актілерге: "Ұлттық Банкпен банк заемдарын беру, олар ойынша қамтамасыз етуді қабылдау және сәйкесінше құжаттарды жүргізу ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің 15 қараша 1999 жылы қабылданған N 404 қаулысын жатқызуға болады.

В) Азаматтық Кодекстің 722 бабының 2 тармағындағы заем шартында орын алатын заемшының міндеттемелері (ақша заем шарты бойынша борыш есебіне тектік белгілермен айқындалған заттарды қабылдау) банктік заңнамаларда көрсетілген жағдайда ғана қолданылады.

Сонымен қатар  ғалымдар банк заемы   шартының мынадай ерекшелігін келтіреді: егер заем шарты кәсіпкерлік және тұтынушылық сипатта болса, банк заемы шарты  тек кәсіпкерлік сипатағы мәміле болып табылады. Себебі шарттың бір тарабы банк.

 

    1. Банк заемы шартының элементтері

 

Жоғарыда айтылып  кеткендей, Қазақстан Республикасында банк заемын беруге байланысты қатынастар азаматтық, банктік заңнамамен, сонымен қатар Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Шарттың тараптары заем беруші мен заемшы болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 728бабының тармағы заем берушіге арнайы талап қояды, яғни заем беруші ретінде тек банк немесе банк заемын беруге Ұлттық Банктің лицензиясы бар заңды тұлға бола алады. Заем берушілер болып:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келесідей банк заемдарын береді: күндізгі заем  екінші деңгейдегі банктерге олардың Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотында қаражат болаған жағдайда төлемдер мен клиенттердің төлем тапсырыстары бойынша аударымдарды жүзеге асыру үшін беріледі; "оисрнайт" заемы — банктердің корреспонденттік шотында есеп айрысуға байланысты дебеттік сальдо пайда болған кезде бір түнге берілетін земы; ең соңғы инстанцияда заем беруші ретінде берілетін заем арнайы мақсаттағы заемдар. Аталған заемдарды бар тәртібір Ұлттық Банктің актілерімен реттелгенмен, заемдарға байланыс ҚР Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі қарым-қатынастар Азаматық Кодекс нормаларымен реттеледі.

2)  2 ші деңгейдегі банктер:

а) Мемлекеттік банк  Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен құрылған 2 ші деңгейдегі банк.

б) Коммерциялық банктер банктік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар, заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Банктің ресми мәртебесі оның банк ретінде Әділет Министрлік орындарында тіркелумен және банктік операнияларды жүзеге асыруға Ұлттық Банктің лицензиясының бар болуымен анықталады.

3) Жекелеген банктік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар банк болып табылмайтын, жекелеген банк қызметі түрін Ұлттық анктің лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға.

Заемшыға заңнама арнайы талап қоймаған. Сондықтанда заемшы ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде банктер де бола алады. Алайда заем беруші банк өзінің заемшыларына келесідей талаптар қою мүмкін:

Заемшы ретінде банк болатын болса, Қазақстан Республикасының территориясында, ал кейбір жағдайда Ресей және ТМД территориясында банктік қызметті реттеу заңнамасының барлық талаптарын орындау; Банктің қаржылық жағдайының тұрақтылығы ;

Оң заемдік тарихы — бұрын берілген банкаралық заемдарды және оларды пайдаланғандығы үшін пайыздардың өз уақытында қайтару;

Заңды тұлғалар үшін:

1) Заемшыны оң рспутациясы;

2) Оң заемдік тарихы;

3) Заемшының тұрақты қаржылық  жағдайы және төлем қабілеті;

4) Заемшының  көрсететін қызметі немесе өндіретін  тауарына нарықта сұраныстың  болуы арқылы, тұрақты түрде қаржының  түсіп отыруын қамтамасыз етілуі  керек; 

Міндеттемені  ликвидті кепілмен қамтамасыз ету;

Жеке тұлғалар үшін негізгі талап, сәйкесінше сомада кепілмен қамтамасыз етілуі болып табылады.

Шарттың пәні - қолма-қол және қолма- қолсыз нысандағыша болады. Заемдар теңгеде, шет ел валютасында берілуі мүмкін.

Шарттың нысаны - банк заемы шарты тек жазбаша нысанда асалады. Азаматтық Кодекстің 728 бабының 3 тармағына сәйкес, арттың жазбаша нысанын сақтамау шарттың жарамсыздығына келеді. Әдетте тәжірбиеде, банктер және банк заемын беруге лицензиясы бар заңды тұлғалар, заем шартының алдынала жасалған формаларын қолданады. Алайда бұл проформалар заемшы үшін оларға өзгеріетер мен толықтырулар енгізу қиын және онда банктің құқықтары басым болады. Сондықтанда көп жағдайда бұл қосылу шарты сипатынды болады. Егер банк заемы шарша қозғалмайтын мүліктің кепілі жөнінде ережелер енгізілетін болса, мұндай шарт нотариалды куәландырылып Қазақстан Республикасының   "Жылжымайтын   мүлікке   қүқықтарды   және сонымен жасалатын мәмлелерді тіркеу туралы   "Заңына сәйкес, мемлекеттік тіркеуге жатады.

Банк заемы шартын жасасу, заңда арнайы көрсетілмеген жағайдайларды   алмағанда тараптардың ерік білдіруі арқылы жасалады.

Заемный бағасы банк заемын пайдаланғандығы үшін төленетін сыйақы болып табылады. Ол жылдық пайызбен есептеледі. Оның құрамына Ұлттық Банктің қайта Қаржыландыру ставкасы заемдік ресурстың құны және банк белгілеген пайда кіреді. Инфляция және гиперинфляция жағдайында банктерге мерзімі 1 жылға жетпейтін қысқа мерзімді заемдар беруге тиімді. Бұл    жағдайда Заемды   пайдаланғандығы   үшін   жылдық   пайыздағы   сыйақы ставкасы, күндік пайызға 1 жылдағы орташа күндер санын ескере отырып аударылады. Қазіргі уақытта бұл қатынастар Ұлттық Банктің 1999  жылғы 20  қыркүйектегі N293   қаулысымен бекітілген ұлттық Банктің, банктердің заемдары, ссудалары және депозиттері бойынша сыйақыларды есептеу ережесімен және екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің банк заемын беру ережелерімен реттеледі.2 Бұл қаулыға сәйкес сыйақы ставкасы тұрақты (кесімді ) және ерікті болады. Кесімді сыйақы ставкасы банк заемын қолданатын бүкіл мерзім ішінде өзгермейді. Ұлттық Банк сыйақыны, тараптардың шартта келісілген талаптарына сәйкес   банк заемын қолданатын бүкіл мерзім ішінде, қаржы нарығындағы жағдайға, емдік ресурстарға сұраныс пен ұсынысына, заемшының жағдайына байланысты өзгерте алады.

Банк заемы шартын жасасқан кезде тараптар сыйақы ставқаны есептеу кезеңін, мерзімін, оны есептеу және өндіріп алу тәртібін сыйақы ставкасының мөлшері сомасының банк заемының көлеміне қатынасын келісіп алады.

Сыйақы есептелетін уақыт аралығы есептеу кезеңі деп атаы. Сыйақыны есептегенде бір айдағы күн саны шартты түрде ал бір жылдағы күн саны 360 болады деп алынады, ал 31 күнн түратын айларда 31 күн есепке алынбайды, ақпанда ең соңғы ннен  кейінгі  қалдық 30ға қанша күн жетпесе сонша рет айталанып отырады. Аталған шартта сыйақыны есептеу мерзімі орындалмаса, сыйақы банк   заемы орналастырылған күннен бастап, банк заемы бойынша қарыз қайтарылғанға дейін есептеледі.

Банк заемы  бойынша сыйақыны есептеудің 2 әдісі қолданылады: "қарапайым пайыз" әдісі арқылы, сыйақы тек қарызға есептеледі; "күрделі пайыз " әдісі арқылы сыйақы қарызбен қатар белгілеп койған сыйақыдан алынытын пайдаға есептеледі. Егер артта сыйақыны есептеудің нақты әдісін қолдану туралы ереже болмаған жағдайда, "күрделі пайыз" әдісі қолданылады.

Бұған дейін  күшінде болған Ұлттық Банктің 1995 жылғы 18 амырда қабылданған N19 қаулысынмен бекітілген "Пайыздарды 'ептеу мен оларды бухгалтерлік есеп шоттарда белгілеу тәртібі фалы " ережесінде, керісінше норма көрестілген. Егер шартта озшс көрсетілмесе, сыйақыны есептеуде "карапайым пайыз" әдісі қолданылады. "Күрделі пайыз" әдісін қолдану шартта арнайы көрініуі керек болған.

Банкпен, банк заемы шартының сыйақыға қатысты ежелерін бір жақты өзгертуге тек шартта көзделген немесе заемының жазбаша түрде алынған келісімі негізінде жол беріледі. Егер банк заемшының шотынан акцептеіз тәртіпте акша сомасын атын болса, заемшы сотқа, акша сомасын қайтару мен Азаматық Кодекстің 353 бабына сәйкес, басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғандығы үшін Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, айыптөлем төлеуді талап ету үшін жүгіс алады. Егер шартта банкпен бір жақты түрде сыйақыны өзгерту құқығы көрсетілген болса, онда банк бұл өсімді жазбаша негіздей тырып, заемшыға хабарлау керек. Бұл ереже орындалмаған жағдайда, заемшыда банктің әрекетіне шағым жасау құқығы пайда болады.3

Қазақстан Республикасының  заңдарымен банктік заем шарты бойынша сыйақының шекті көлемі көрестілмейді. Егер заем Ұлттық Банк арқылы берілетін болса, Ұлттық Банк биржа ставсын белгілейді (банкпен заемдік ресурстар үшін төленетін сыйақы мен заемшыдан алынатын сыйақы ставкасының айырмашылығы).

Халықаралық деңгейде банк заемы шартына қатысты LIBOR ставкасы қолданылады. LIBOR - халықаралық валюта нарығында банктер заемды ала алатын  валютаның әр түрлері бойынша пайыздық ставка. Бұл ставка Лондонда орналасқан 16 ірі банктермен валютаның әртүрлері бойынша (АҚШ доллары, Ағылшын фунты, Жапон иенасы, ЕВРО, Швейцарлық франк, Австралиялық және канадалық доллар ) мерзімі 1 аптадан 1 жылға дейінгі заем берудің нәтежесінде қалыптасатын ставка. Заем мерзімі 1 жылдан асатын болса, сыйақы ставкасы валюта шыққан елдің мемлекеттік облигациялары бойынша анықталады.4

Шарттың мерзімі  кейбір авторлардың пікірінше, банк заемының мерзімі шарттың елеулі ережесі болып табылады және шарт талап еткенге шейін " жасалмайды. Банк заемы шарты кәсіпкерлік сипатта болғандықтан, заемды мерзімінен бұрын қайтарға тек ем берушінің келісімімен ғана жол беріледі.

Л.Г.Ефимова  банк заемы шартында мерзім көрсетілмесе, шарт талап еткенге шейін" жасалады, деп санайды. Соған байланысты банк заемы шартына, заем шартында қолданылатын ережелер яғни шартта заем мерзімі белгіленбесе, оны заемшы ол туралы талап өткен күннен бастап отыз күн ішінде қайтарылуы тиіс туралы ережесі қолданылады.

Біздің Азаматтық  Кодексте банк заемы шартының мерзімі туралы ереже көзделмеген. Бірақ егер банктік заңнамаға сілтеме жасасақ, 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған "Банктер және банктік қызмет туралы заңның 34 бабында: "Заемдар банкпен мерзім, төлемдік, қайтарымдық талаптарына сәйкес беріледі" деген ереже  орын   алған. Соған   байланысты   банк   заемы    шартында, шарттың мерзім көрсетілуі керек. Себебі осы мерзімге байланысты заемдік ресурстарды пайдаланғандығы үшін заемшы сәйкесінше пайыздарды төлейді. Банк заемы шарты өз күшіне тараптар қол қойған  кезден  бастап  енеді.   Бірак заемдік  ресурстарды   пайланғандығы үшін пайыздар, заем сомасының заемшының есеп шотына аударылған сәттен бастап есептеледі. Себебі осы  кезден бастап заемшы реалды түрде осы ақша сомасын басқара алады.

Шарттың  мазмұны  казіргі   кезде   банк   заемы    шарты келесідей тараулардан тұрады : Жалпы ережелер.

Шартты жасап  отырған тараптардың атаулары,  шарттың пәні, заем түрі, оның сомасы, мерзімі, мақсаты, пайыздық ставкасы, заем үшін пайыздарды есептеу мен төлеу тәртібі,   заем бойынша міндеттеменің   орындалуын   қамтамасыз   ету   (кепілдік,   кепіл алушылық, кепіл, сақтандыру), заемды беру мен қайтар тәртібі: Заемшының құқықтары мен міндеттері

Заемшының құқықтары мен міндеттері заңнамаға сәйкес, сонымен қатар әрбір шарттың ерекшеліктерімен, заем  ресурстары нарығындағы   жағдаймен,   заемшының   заемдік   қабілеттілігімен анықталады.

Банк   заемы   шартында   заемшының  келесідей   құқықтары әсер етілуі мүмкін: шартпен көзделген көлемде және мерзімде заемның берілуін талап етуге; шарттың талаптары мен ережелерін өзгерту мақсатында, қажетті негіздер мен есептеулер жүргізіп банкке жүгінуге; заем бойынша қарызды мерзімінен бұрын қайтаруға (толық немесе бөлшектеп); банкпен  шарт ережелері сақталмағанда және  өзінің экономикалық пайымдауы бойынша шарттан бас тартуға; обьективті   себептер   бойынша    шарт    ережелерінің   пролонгациясын талап етуге және  Ұлттық  Банктің  қайта қаржыландыру ставкасының төмендеуіне байланысты пайыздық ставканы төмендетуді талап етуге; банк заемы шарты бойынша, банктің келісімімен құқықтар мен міндеттерді 3-ші тұлғаларға толық немесе ішінара беріп жіберуге; заемды пайдаланғандығы үшін пайызды төлеуді жүзеге асыруға; заемды, осы банктегі немесе басқа банктегі кез келген шоттан өтеуді жүзеге асыруға; заемшының міндеттері: заемды шартта көрсетілген мақсаттарда пайдалануға; берілген заемды шартта көрсетілген мерзімде қайтаруға; заемды пайдаланғандығы үшін өз уақытында пайыздарды төлеуді жүзеге асыруға; банкпен берілген заемға бақылауды жүзеге асыру үшін өз уақытында балане пен қажетті құжаттарды беруге; заемды алу үшін және оның пайдаланылуына бақылау жасау үшін  банкке  берілетін  мәліметтердің шындыққа сәйкестігін қамтамасыз ету; заем  шарты  бойынша және кепіл шарты бойынша міндеттемелердің  орындалуын   бақылауды  жүргізетін банк   қызметкерлерін өзінің барлық обьектілеріне жіберуге; заңды тұлға таратылғанда немесе қайта құрылғанда, банк заемы шартының  мерзімінің  аяқталмағандығына  қарамастан, заемды қайтарып, ол бойынша пайызды төлеуге міндентті; шартта банктің келесідей құқықтары көрестілуі мүмкін : берілген заемның қамтамасыз етілгендігіне және заемды шартта көрсетіген мақсаттарына сәйкес пайдаланылуына бақылау жасау; заемшымен шарттың ережелері бұзылғаны үшін, берілген бухгалтерлік есептердің шындыққа сәйкес келмеуіне байланысты, заем бойынша пайыздардың өз уақытында төлемегендігіне байланысты, қаржылық жағдайдың төмендеуіне байланысты, жаңа заемның берілуін тоқтатып, бұрын берілген заемды қайтару туралы талап қоюға; заемшының келісімімен немесе оның келісімінсіз-ақ шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға толық немесе ішінара беру; бір жақты түрде заемды пайдаланғандығы үшін төленетін пайыздарды, Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкаларының өзгеруіне байланысты, сонымен қатар коммерциялық банктердің,    Ұлттық Банкпен денонсациялатын  міндетті нормаларының  өзгеруіне  байланысты  және   Ұлттық валютаның инфляциясына байланысты өзгертуге; банктің келесідей міндеттері бар: шартпен көзделген көлемде және мерзімде заемды беруге; заемшыға заемды мерзімінен бұрын қайтарып алу фактісі туралы және оның себептері туралы хабарлау; әр ай сайын, шартта белгіленген мерзімде заемшымен заемды пайдаланғандығы үшін пайыздарды есептеп, ол туралы заем алушыға хабарлау. Тараптардын жауапкершілігі Қазақстан   Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының 8 қаңтар 1995 жылғы N 4 "Қазақстан Республикасының Арбитраждық соттарымен банктік қызмет аясында туындаған дауларға заңнаманы қолдану туралы "   қаулысына сәйкес заемды өз уақытында қайтармағандығы үшін санкция, тараптармен нақты сомада (айыппұл, бір реттік айып төлем) немесе   ағымдағы   (өсім, пайыздардың   жоғарлатылған   ставкасы) заемдағы сомада анықталады. Егер шартта айып төлем жөнінде не болмаса немесе оның мөлшері нақты анықталмаса, айып төлем мөлшеріне ҚР АК 353   бабы   қолданылады. Бұл жағдайда айып төлем мөлшері ақшалай міндеттеме орындалуы тиіс күндегі Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасымен анықталады. Банк заемы шартының ерекшелігі болып, заемды пайдаланғандығы үшін төленетін сыйақыға ескіру мерзімінің жүрмеуі табылады. Қазақстан Республикасының "Банктер және банктік қызмет туралы" заң күші бар жарлығының 37-ші бабына сәйкес, банктердің шартты тиісті түрде орындамағандығы жөніндегі талаптарға, талап қою мерзімі мен ескіру мерзімі жүрмейді. Ал көрсетілген залалдарды өндіріп алу және өтеу санкцияларына айланысты даулар ескіру мерзімінің ішінде қаралуы тиіс арызды соттық тәртіппен өндіріп алған кезде, Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкасы талап қою, шешімді шығару төлемді акты өтеген күнгі ставка бойынша анықталады.

ҚР   АК 297 бабына сәйкес, сот, айыптөлем мөлшері заем берушіге келтірілген нақты шығыннан едәуір үлкен деп таныса азайтуы мүмкін.

Банк заемы шарты бойынша жауакершіліктің бір түрі  жоғарлатылған  пайыздарды  төлеу  болып  табылады.   Жоғарлатылған пайыздардың табиғатын 5 түрде қарауға болады: Заемды қайтару мерзімін бұзғандығы үшін төленетін айып пұл; Ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін немесе тиісті түрде орындамағаны үшін төленетін пайыздардың түрі; Заемды қайтару мерзімі өткеннен кейін, берілген заем  үшін төленетін сыйақы.

Банкпен берілген заемды пайдаланғандығы үшін төленетін  сыйақымен, заемды қайтару мерзімі бұзылған жағдайдағы сыйақыдан асатын бөлігінен құралатын күрделі құқықтық институт;

Заемдық ақшаны пайдаланғандығы үшін төленетін  сыйақымен, міндеттемені орындамағандығы  үшін жауапкершілік ретінде қолданатын пайыздардың сыйақыдан асатын сомасынан  асатын күрделі құқықтық институт.

Банк заемы  шарты  бойынша туындайтын  жауапкершіліктің әр түрі ретінде заем  берушінің бір жақты түрде шарттан бас тартуды қарастыруға болады. Заем берушінің бұл құқығы келесі жағдайда көрініс табады:

Егер банк заемы шарты бойынша, заемды бөліп қайтару көзделген болса және заемшымен кезекті заем бөлігін қайтару мерзімі бұзылса;

Заемшы   банк заемын қайтаруын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін  орындамаған жағдайда және  заемды қамтамасыз ететін мүлік жоғалған жағдайда немесе заем беруші, жауап бермейтін жағдайға байланысты мүліктің сапасының төмендеуі;

Егер заем белгіл мақсаттар үшін беріліп, ал заемшы бұл ережені сақтамаса және заем берушінің заемның бақылауынан   бұлтарған    жағдайда  банк заемы шарты бойынша көзделген заемды беруден заемшы берілуге тиіс заем сомасына келтірілген тараптар арасында шарттың мерзімі; туындаған дауларды шешу тәртібі; Тараптардың мекен-жайы, Қолдары мен мөрлері;

1.3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру

 

Заемде қабылданған  тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қарашандырудың негізгі бағыттары  құрылыстық жинақ жүйесімен ипотекалық банк заемын беру болып табылады. Сондықтанда Қазақстан үшін тұрғын үй саясатының басым бағыттарының бірі ипотекалық банк заемын беру мен құрылыс жинақ жүйесін қалыптастыру болады.

Құрылыс жинақ  жүйелерін қалыптастыру бойынша қарым-қатынастар 2000 жылы 7 желтоқсанда қабылданған "Қазақстаң Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Заңымен реттеледі.

Құрылыстық  жинақ тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі шаралар жүргізу үшін банк  заемын  алуға құқығы бар,  жеке капитал жинауға негізделген тұрғын үйді қаржыландыру жүйесі. Құрылыстық жинақ жүйесінің мәні мынада, яғни, өзінің тұрғын жағдайын жақсартылса ықыласты азаматтар банктің заемдік жинақ   шотына   өздеріне   керек   қаражаттың   қажетті   бөлігін шақтауға міндеттеме алады да (тұрғын үй құнының 50%-нен кем емес), ал банк (тұрғын үй құрылысы ақшасын жинақта тұрғын үй құрылысы банктері арқылы ғана жүзеге асырылады) салымшыға берілген сома  мен   оның жеке  жинақ сомасының арасындағы мөлшерінде банк заемын беруге міндеттенеді. Құрылыс жинақ жүйесінің негізгі ерекшелігі сол, яғни, халық ұсынатын банк заемына бәсекенің болмауы, сондықтанда сый (мүдде) ставкасы ел   бойынша  төмен   және   берілген мерзім ішінде заемды өтеуге кепілдіктің берілуі болып табылады. Бұл өтем банк   заемынын   құрылыстық   жинақ   жүйесінің   басты бөлігі болып саналады. Құрылыстық жинаққа маманданған банктер төменгі сыйақы (мүдде) ставкасына кепілдік бере алады, сондықтанда бұл ұйымдар рынок капиталынан тыс жұмыс жасайды және сыйақы ставкасының тұрақсыздығынан оған тәуелді болмайды. Салымшы мен заемшы бір тұлға болуы құрылыс жинақ жүйесінің айрықша белгісі.

Бұл орайда, құрылыстық жинақ жүйесінің дамыған қаржылық банктарды қажет етпейтіндігіне және орташадан төмен табыстары  әр халықтың қалың жігіне бағытталатындығына назар аудару керек. Сонымен бірге, ол халықтың қалың жігінің тұрғын үйге деген мұқтажын қанағаттандырады.

Тұрғын үй құрылысы жинақ  ақшасының салымшысына шарт сома мына жағдайларда:

1) Шартта белгіленген сома жинақталғанда;

2) Шартта белгіленген жинақтау мерзімі аяқталғанда, бірақ Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасалғаннан кеиін кем дегенде 3 жылдан соң;

3) Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшының шарт бойынша өз міндеттемесін орындалуын, жинақтау мерзімін және жинақталған ақша сомасын ескере отырып есептейтін бағалау көрсеткіші негізінде айқындалатын төлеу кезегі жеткенде;

4) Салымшы тұрғын үй заемын қажетті қамтамасыз етуді ұсынғанда төленеді.

Тұрғын үй құрылысы жинақ  ақшасы салымшысының ең аз сомасы жинақталған  жағдайда аралық тұрғын заемын алуға болар. Аралық тұрғын заемын беру шарттары тұрғын үй жинақ ақшасының салымшысы арасында жасалатын заем шартымен реттеледі.

Мемлекет Қазақстан  Республикасының азаматтарынаТұрғын үй құрылысы жинақ банкінің салымшыларына  тұрғын үй құрысы жинақ салымдары бойынша сыйлықақы береді. Қазақстан Республикасының жасқа толмаған азаматтарының салымдары немесе олардың атына арнап басқа адамдар салған салымдар да сыйақымен ынталандырылады.    Сыйлықақының    мөлшері салым   сомасының   20    пайызын   құрайды. сыйақақымен ынталандырылатын салымға тұрғын үй құрылысының банкінде есеп шот ашылған күннен бастап есептелетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақша салым сомасы мен сол бойынша птелетін   пайыз   кіреді.   Сыйлықақыны   жыл   сайын   жыл қорытындысы     бойынша    беріліп    тұрады.     Сыйлықақымен; ынталандыратын  сома 60  айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.

Халыққа ұзақ мерзімді ипотекалық банк заемын беру құрылыстың, жинақ жүйесімен қатар елде тұрғын проблемасын кешенді шешуге мүмкіндік беретін тұрғын үйді қаржыландырудың тиімділігін жасаудың   маңызды және келешегі бар бағыты мен тәсілі болып табылады.

Ипотекалық банк заемы — банктермен жылжымайтын мүліктің кепілі негізінде берілетін ұзақ мерзімді заем, оған меншік құқығы, мүліктің өзі заемшының пайдалануында болса да, заем беру кезі заем берушіге ауысады.

Ипотекалық банк заемын беру екі бағытты көздейді: шаруашылық субьектілеріне немесс халыққа тікелей ипотекалық заем беру; заем беру үшін қосымша ресурстардың келуін қамтамасыз даін.ипотекалық заемдарды қайталама нарықта сату. Бірінші  бағытпен   негізінде ипотекалық банктер айналысады, мүліктік   кепілмен   қамтамасыз   етілген   ипотекалық активтерін  сатып алумен  айналысатын  және  кейін оның негізінде өз атынан бағалы қағаздарды (ипотекалық облигациялар) шығаратын қаржылық компаниялар мен қорлар айналысады. Мысалға, "Қазақстандық Ипотекалық Компания". Шығарылған бағалы қағаздар (ипотекалық облигациялар) ликвидті себебі мүлік кепілімен қамтамасыз етілуімен қатар, инвестиция бойынша ұзақ мерзімді және тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді. АҚШтағы ипотекалық облигациялар нарығы бағалы қағаздардың барлық көлемінің үштен біріне жуығын құрайды және көлемі жағынан мемлекеттік облигциялардан азырақ қана төмен.

Банк заемы шарты