Банк жүйесінің теориялық негіздері

Мазмұны

Кіріспе

 

1.Банк жүйесінің теориялық  негіздері 

 

   1.1 Банк жүйесі түсінігі және экономикалық мәні

   1.2 ҚР банк жүйесінің қалыптасу тарихы

   1.3 Банк жүйесі дамуының шетелдік тәжірибесі

 

 2.ҚР банк жүйесінің қазіргі жағдайына талдау және қаржы дағдарысынан         кейінгі даму тенденциялары

 

   2.1 ҚР банк жүйесінің қазіргі  кездегі жағдайын талдау

   2.2 2009-2011 жж аралығында ҚР екінші деңгейлі банктерінің қызметін ұйымдастыруын талдау

  2.3 ҚР банк жүйесіндегі АҚ «Темірбанк» рөлін бағалау

 

3.Қазіргі жағдайда банк  жүйесінің даму мәселелері мен  жетілдіру жолдары 

 

3.1экономикалық тұрақсыздық  жағдайында банк жүйесінің мәселелері

3.2Қаржы дағдарысының  салдарын жою мақсатында банк  жүйесін жетілдіру және тұрақтандыру  бағдарламасы 

 

Қорытынды

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кез келген мемлекеттің  экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын  және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің  дамуының  негізі – банк жүйесінің  қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік  практика көрсетуде.

Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат  құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық  тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар –  халықтың  өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.

Банктің  мазмұны мен  атқарылымы оның  экономикадаы маңызын  көрсетеді. Банктің  маңызы оған жүктелген  міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген  міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:

   - өндірістің  үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;

   - ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.

 Президенттің «Жаңа  әлемдегі жаңа Қазақстан» атты  жолдауында елдің бейтараптандыру  жағдайындағы қаржы жүйесінің  тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттіліктің  жаңа деңгейіне жету өз қаржыларын  инвестициялау ісіне белсенді  салуларына көмектесу жолдары  арқылы да қарастырылған. 

Елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банк ісін дамытуда жаңа кезеңге  жол ашты. Нарық жағдайына өтуде  банктерді дамыту мен оны тәжірибеде  жүзеге асыру мәселелері басты назарға  алынып отыр.

Қойылған мақсатты орындау  үшін Қазақстандық және шетел банктері жұмысын жете зерттеп, ең тиімді деген  жолдорды тәжірибеде орындау қажет.       Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін  бекіте түседі.

Соңғы жылдары

Банк -өзінің  жарғысы  бар, толық шаруашылық есеп және өзін өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қараатын тарту, орналастыру және басқа банктік  операцияла жүргізетін мекеме.

Уақытша бос ақша ресурстарды  шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан  банк уақытша бос ақша ресурстарын  жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа  уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге  беруші.

Банктердің  ақша қаражатын  шоғырландыру, кейіннен оларды қайта  бөлу, өндіріс пен айналымның  үздіксіздігін қатамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің  процессін жеделдетеді.

Банк ісінің  ерте сатысының  өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің  ақша белгісін, екінші елдің  валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері  банктің  ісінің  техологиясы  айтарлықтай өзгерген. 

Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің  барығында  дерлік екі денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.

Қазақстан Республикасында  «Қазақстан Респубикасы банктер  жәе банк қызметі туралы» республика Президентінің  1995 жылғы 31 тамыздағы  заң күші бар жарлығында «Қазақстанның  екі денгейлі банк жүйесі бар бірінші  денгейдегі мемлекеттің  Ұлттық банкі, ал басқа бактердің  барлығы екінші денгейлі яғни коммерциялық банктер» делінген.

Банк және тауарлы, ақшалай  қарым қатынастардың  даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара  тығыз байланыста болады. Банктік  шаруашылық өмірдің  орталығы барлық эконмиканың  негізгі түйіні болып  табылады.

Соңғы жылдары Қазақстан  Республкасының  экономикалық ахуалының  дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің  белгілерімен сипатталады. Бұл белгілер ұлттық валютаның  әрекет етумен шектелмейді  және ол мемлекет тарапынан тыс еркін  конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының  төмен денгейіндегі өтімділігімен  сипатталуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметі  жалпы экономикалық тұрақтылық және инвесторлар сенімін өсіруді  қамтаасыз ету үшін бірқатар шараларды  қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ  экономикаық тұрақтылықтың  перспективалары  мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы  Министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа да мекемеердің  қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға тіклей тәуелді.

Курстық жұмыстың  мақсаты- банк ісінің  және банк жүйесінің  дамуына, шыу тегіне сипатама бере отырып, Қазақстаннның  банк жйесінің  дамуына  және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып  табылады.

Жұмыстың  міндеттері болып:

Қазақстанның  банк жүйесі мен банк жүйесінің  даму тарихына тоқталу;

Орталық банктің  дамуы  мен қызметтерін қарастыру;

коммерциялық банктердің  дамуы мен қызметтерін қарастыру.

 Курстық жұмыс екі  бөлімнен: бірінші бөлімде банк  жүйесінің  теориялық негізі  онда:банк жүйесінің  даму тарихы  мен банк жүйесінің  құрылымы  мен қызметтері, ал екінші бөлімде  Қазақстан Республикасының  банк  жүйесінің  дамуын талдау және  жетілдіру жолдары онда: Орталық  банк және оның  қызметтері  талдау, коммерциялық банк және  оның  қызметтерін талдау жасай  отырып, Қазақстан Республикасындағы  банк жүйесіндегі проблемалар  және жетілдіру жолдары қарастырылған  және қорытынды мен пайдаланылған  әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

1.Банк жүйесінің теориялық  негіздері 

 

1.1Банк жүйесі түсінігі  және экономикалық мәні

 

  «Қазақстан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің  Жарлығында 1995 жылғы  31 тамыздағы заң күші бар жарлығындағы  «Қазақстанда екі денгейлі банк жйесі бар» деліген. Ұлттық банк –мемлекеттің  орталық банкі, ол банк жүйесінің  жоғарғы (бірінші денгейіндегі) банк. Басқа банктердің  барлығы банк жүйесінің  төмегі (екінші) денгейіндегі банктер делінген.

     Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.  
      Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.  
     Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды. 
      Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

Коммерциялық банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, ондай ақ халыққа тікелей  және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың  басқа арнаулы несие мекемелерінен  айырмашылығы. Ал банктік емес несие  мекемелерінің  банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар  жүргізумен және кейбір қызмет түрін  көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің  негізгі мақсаты  неғұрлым жоғарғы пайда табу.

Банктің  жарғылық қоры оның  міндеттемелерін  қамтамасыз етіп, банктік опреациялар  жүргізудің  негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың  жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің  құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған  акцияларына тек ақша төлеуге  міндетті. Жабық акционерлік қоғам  түріндегі банктің  акциясын төлеуге  оның  несиеге алған, кепілге алған  және басқа да тартылған қаражатты  қолдануға болмайды. Банктің  акциясы  алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның  көрсетілген  құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің  оның  құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының  елу  процентін акционерлері банк тіркеден өткен кезге дейін, ал тіркеуден  өткен кезеңнен басап бір жыл  ішінде түгел төлеуі қажет /10/.

Жарғылық қорды молайту екі  жолмен жүргізіледі:

Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның  ішінде банктің  пайдасын капталдандыру  және банктің  облигациясын оның  акциясына айырбастау есебінен.

Жалпы банктердің  қызметтерi:

-уақытша бос ақша қаражатын тарту жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

-кәсiпорындарға мемлекетке жеке тұлғаға несие беру, бағалы қағазбен операция жүргiзу;

-ақша айналымын реттеу;

-айналымға несие құралын шығару;

-экономикалық, қаржылық кеңес беру;

-эмиссиялық қызмет атқару.

Банк әртүрлі операциялар  мен қызметтерді жүзеге асыратыны  белгілі. «Қазақстан Республикасындағы  банктер мен банк ісі туралы»  заңында банк әрекетіне «банк  операцияларын жүзеге асыру сонымен  қатар баптарда көрсетілген  қызметтерді  жүзеге асыру» деп анықтама береді. «Ресей Федерациясындағы банктер мен  банк ісі туралы» заңында «банк  әрекеті-банк операциялары мен өзге де әрекетерді жүзеге асыру» деп анықтама береді. Аталған екі ұғымға да көптеген мінездемелер беріледі. В.Ф.Гарбузовтың  басшылығымен шығарылған «Финансово-Кредитный  словорь» сөздігінде банк операцияларына мынадай түсініктеме беріледі: банк операциялары-ақша құралдарын тарту  мен орналастыру, шығару мен қолданыстан  алу, есептеу жүргізу және т.б., банктік  операциялары. Бұл мәселеге жете түсіну үшін, алдымен «банк» ұғымын қарастырайық./4/

«Банк» - заңды және жеке тұлғалар ақшаларының ағымымен байланысты және сол ақша құралдарына қызмет көрсететін экономикалық институт.

Банк өзге қаржы делдалдардан несімен ерекшеленеді? Біріншіден банктерге  қарыз міндеттерін екі жақты  алмасу тән: олар жеке қарыз міндеттерін  орналастырып, осы негізде мобилизацияға  ұшыраған құралдарды қарыздық міндеттемелерге  апарады және құнды қағаздарды да дәл осылай орналастырады. Екіншіден, банктер заңды және жеке тұлғалар қарыздарын қабылдар алады. Үшіншіден  банктер мемлекеттер, өндерістер, халық  арасында ақша құралдарының таратылуына  дәнекер болып, электронды ақшалар  мен пластикалық карточкаларды  шығарады. Банк қызметі өндіріске  тікелей қатыспайтын капитал  көмегімен жаңа қызметтерді жасап  шығаруда жатыр. Яғни банктер өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдал болып, екі жақты айырбасқа қатысады.

Банктік жүйе-нарық эканомикасының ең қажетті және бөлінбейтін құрлымы. Банктер қаржылық делдалдар есебінде шаруашылықтардың қаржысын, халықтың сақтаған ақшалары мен шаруашылық әрекеті  негізінде босайтын ақша құралдарын тартып, оны уақытша несие алушыларға береді, ақша есептеулері мен экономикаға  қажетті өзге де түрлі қызметтерді  жүзеге асырады, сол арқылы өндіріс  тиімділігіне оңды әсерін тигізеді.

Елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банк ісін дамытуда жаңа кезеңге  жол ашты. Нарық жағдайына өтуде  банктерді дамыту мен оны тәжірибеде  жүзеге асыру мәселелері басты назарға алынып отыр.

Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстандық және шетел банктері жұмысын  жете зерттеп, ең тиімді деген жолдорды тәжірибеде орындау қажет.  Банктің  жоғары асқаушы органы акционерлердің  жалпы жиналысы, оның  ағымдағы қызметін банктің  басқармасы жүргізеді. Банктің  басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің  төрағасы және оның  мүшелері, Басқарманың  төрсағасы және оның  орынбасарлары, банктің  бас бухгалтері және оның  орынбасарлары, банк бөлімшесінің  бірінші басшысы және басбугалтері мен олардың  орыбасарлары саналады. Банктің  заңға сәйкес банктің  Басқармасының  төрағасы және оның  орынбасарлары, банк бөлімшесінің  бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің  келісімімен тағайындалады. әдетте оладың  банк үйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың  орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің  келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.

Акционелердін жиналысы кезекті және кезектен тыс блып бөлінеді. Кезекті  жиналыс жылма жыл есепті жылдағы  банк балансы жасалғаннан кейін  бір айдан аспай шақырылуы  керек,  ал кезектен тыс жиналыс  құрылтайшылардың , қадағалау кеңесінің , Тексеру комиссиясының  талабы бойынша  шақырылады.

Банктің  Ұйымдық құрылымы әрқайсысы  белгілі бір міндетер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен  бөлімшелерден тұрады.

Жалпы кез келген банктің  ұйымдық  құрылымы банктік оерацияларды атқаратын  міндеттерін ескеріп қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2ҚР банк жүйесінің  қалыптасу тарихы 

 

 

 Банктер несие жүйесiнiң  негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен  кәсiпорындардың . Акционерлiк Қоғамның  және шаруашылық субъектiлердiң халықтың  бос ақшасын шоғырландырып iс  жәзiндегi капиталға айналдырады. Осы  айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жәргiзедi.

Ежелгі  ғасырлар тарихы кейінгі  ұрпаққа банктердің  қашан пайда болғаны  туралы ғана емес, сондай ақ олардың  қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.

   Кейбір ғалымдардың  пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің  мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның  жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың  еңбектерінде банк тауар шаруашылығының  ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының  ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының  дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

XVI-XVII ғасырларда Венецияда,  Генуеде, Миланда,  Амстердамда, Гамбургте,  Нюркбергте саудагер  клиентте арасында  қолма қол ақшасыз  есеп айырысуды  жүзеге асыру үшін  Жиробанктер құрылды.  Жиробанктер өздерінің   клиенттері арасында  белгілі салмағы  бар бағалы металдардан  жасалан ақша бірліктері  арқылы есеп айырысулар  жүргізді. Өздеінің  ос ақша қаражаттарын  жиробанктер мемлекетке, қалаларға және  артықшылығы бар  компанияарға ссудаға  берді. 

Ал  кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп  атайды. Олар феодалдық  шаруашылық тұсында  банктегі төлемдегі  делдалдық қызметінің  қажеттілігінен пайда  болғанын айтады /3/.

Дегенмен  осы декектерге сүйене отырып, банктердің  пайда болуының  екі мың  жылдық тарихы бар екендігін  айтуға болады.

Банк  италян сөзiнен Bank –  орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас  орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны  туарлармен сауда  жасалатын алаңдарда  құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың  жекелеген  тұлғалардың  әртүрлі  монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың  біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың  сауда  саттық барысында  әртүрлі формадағы  монетаар кедескен. Банктер пайда  болар алдын ақша сауда капиталының  өкілдері саудагерлердің  ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі  елдің  ақшаларын  айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте  келе, айырбастаушылар  бұл салымдарды, сондай ақ өздерінің  ақша қаражаттарын ссудаға  беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге айналды,

   Біздің  түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың  және олардың  айырбас орындарының  болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің  Италияда пайда болу себебі, оның  сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің  ақшалары мен тауарларының  сол елге қарай ағылып, банкирлердің  сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың  пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің  сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің  тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.

Тарихшылардың  пайымдауынша алғашқы  банктік операцияларды  жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай  қаражаттары бар  шіркеу мекемелері жүргізген  екен.

Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын  ең сенімді орындар  болған. Сол уақыттары  елгілі гректің  шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид  шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің  салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне  барлық еуропалық  Грецияның  бос  ақша қаражаттары  шоғырланыпты.

Сөйтіп, алғашқы банктер  жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз  жатуға болмайтындығын, оарды уақытша  пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

Банктер несиелік оерациялар жүргізумен қатар, салым  иелеріне біртіндеп  есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің  бір шотынан басқа  бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.

Есеп  айырысуларды жеңілдету  мақсатында ежелгі банктер  өздерінің  банктік  билеттерін шығарды. Олар толық құнды  ақшалармен қатар  айналыста жүрді. Алғашы акционерлік  банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен  банкнота шығаруға құқық  алды.

Мұның  өзі алғашқы бактердің  капитализмнің  мануфакиура  жағдайында, банкирлер  үйлері ретінде пайда  блғанын куәландырады. Мұндағы несие  беруші мен қарыз  алушылардың  болуы  банктердің  пайда  болуының  тек  алғышарттарын ғана сипаттайды.

Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме»  ретінде сипатталады. Несиелік істің  даму денгейіне байланысты және несие берушілердің  несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру  нәтижесінде жеке несие беруші өзінің  несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың  қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің  клиентінің  тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының  осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін бітұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің  мануфактура сатысынан да бұрын яғни мемлекеттің  құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың  құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.

   Ежелгі Римде нормалары болан, ол нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың  айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған. Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің  жалпы операциялары мен қызметтерінің  банктедің  дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің  дамуына кееті болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің  дамуы келесі кезеңдерден тұрды:

   Бірінші кезең; 1917 ж.мен 1930 жылдар араығында патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

   Екінші кезең:  1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің  Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.

   Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің  құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің  банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың  әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басыда кооперативтік әне коммерциялық банктер де құрыла бастады.

   Төртінші кезең, 1991 жылдан қазірі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің  қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың  нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі денгейлік банк жүйесінің  пайда болуы және дамуы.

   Осы кезеңдерді сипаттаманы келе келесі кестеден көруімізге болады.

Кесте 1

   Қазақстанда банк жүйесінің  қалыптасу және даму кезеңдері

 

1930 жылға дейінгі банк жүйесі

1930-1987 жылдар (одақтық бір денгейлі банк жүйесі)

1988-1990 жылдар (одақтық бірденгейлі маманданған банктер жүйесі)

1991 жылдан бастап (дербес екі денгейі банк жүйесі)

Ресей Мемлекеттік банкі  және көптеген несие  банк мекемелері

1КСРО  Мембанкі (оның  ішінде  КСРО мемлекеттік  еңбек жинақ кассалары  жүйесі).

2КСРО  Мемлекеттік Құрылыс  банкі.

3 КСРО Сыртқы сауда  банкі.

1банк  жүйесін қайта  ұйымдаст-ыру:КСРО  Мем-банкі және  маманданды-рылған  банктер: КСРО  Өнеркәсіп құрылыс  банкі, КСРО Агроөнеркәсіп  банкі, КСРО Тұрғын  үй әлеуметтік  банкі. КСРО Жинақ  банкі. КСРО Сыртқы  экономика банкі. 

2 Жаңадан кооперативтік  және коммерциялық  банктердің  құрыла  бастауы. 

Егемен  Қазақстанда өзінің  банк жүйесінің  құрылуы. Екі денгейлі банк жүйесі Ұлттық банк және коммерциялық банктер.

Банк жүйесінің теориялық негіздері