Гидромаш-Орион көпір темір бетон конструкция» ЖШС-де бетонды өндіру технологиялық процесін басқару, сынау және сапасын бақылау маман

Қазақстан Республикасының білім және ғылым  министрлігі

Батыс-Қазақстан  инженерлік-гуманитарлық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

Карагойшы К.Т.

 

 

 

 

 

 

 

«Гидромаш-Орион  көпір темір бетон конструкция» ЖШС-де бетонды өндіру технологиялық  процесін басқару, сынау және сапасын бақылау

 

 

мамандық 050732 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал – 2011

Қазақстан Республикасының білім және ғылым  министрлігі

Батыс-Қазақстан  инженерлік-гуманитарлық университеті

 

 

 

 

 

Жұмыс қорғауға жіберілді

экология  және биотехнология

кафедрасының  меңгерушісі

___________  Л.И. Байтлесова

«____» ______________ 20__ж.

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

«Гидромаш-Орион  көпір темір бетон конструкция» ЖШС-де бетонды өндіру технологиялық  процесін басқару, сынау және сапасын  бақылау

 

050732 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау»  мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған                                                                        К.Т. Карагойшы

 

Ғылыми  жетекші                                                              Б.Е. Шабаков

 

 

 

 

 

 

 

Орал – 2011

Батыс-Қазақстан  инженерлік-гуманитарлық университеті

Мамандық __________________________________

 

 

 

 

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі 

__________  Л.И. Байтлесова

(қолы)             (ТАӘ)

«____» ______________ 20__ж.

 

 

 

 

Дипломдық жұмысқа

ТАПСЫРМА

 

 

Студент _______________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің  аты)

Жұмыстың тақырыбы _____________________________________________

__________________________________________________________________

Жұмысқа қатысты деректер ________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Дипломдық жұмыс бөлімдерінің мазмұны _____________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Нақты сызбалары көрсетілген  графикалық материалдар тізімі

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 
Дипломдық жұмыстың бөлімдерінің күнтізбелік жұмысы кесте

 

Дипломдық жұмыстың бөлімдерінің атауы

Жұмыстың бөлімдерінің орындалу уақыты

Тапсырманы  орындауы туралы

       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманың берілген уақыты________________________________________

 

Біткен жұмысты тапсыру  уақыты _____________________________________

Тапсырма  орындауға қабылданды _______________ _____________________

                                                                 (қолы)                       (ТАӘ)

 

Жұмыстың жетекшісі                        _____________ ______________________

                                                                     (қолы)                       (ТАӘ)

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе.....................................................................................................

6

1

Ғылыми әдебиеттерге шолу.................................................................

8

2

Гидромаш Орион МЖБК өнеркәсіп  орнына жалпы сипаттама .......

11

 

2.1 Гидромаш  Орион МЖБК өнеркәсінде шығарылатын  өнімдер түрлері ....................................................................................................

13

 

2.2 Өнімдер өндірісіндегі  технологиялық процестер .......................

14

 

2.3 Термиялық және механикалық өңдеу, орау және сақтаудың технологиялық прцесі ..........................................................................

18

3

Өнім мен  шикізатқа қойылатын стандарт талаптары .......................

19

 

3.1 Сәйкестiктi растау тәртiбi .............................................................

19

 

3.2 Кәсіпорынның  сапа менеджмент жүйесі ......................................

22

 

3.3 Өндірісті  метрологиялық қамтамасыздандыруды  бетон өнімдерін шығаруда қолдану  ..............................................................

26

4.

Төзімділігі жоғары және тез қататын бетон құрастырмалар  мен бұйымдар дайындау технологиясы ....................................................

28

5.

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау ..............................................

32

 

5.1 Бетон конструкцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар ............................................................................

32

 

5.2 Өнiмнiң Қазақстан  Республикасының нарығында айналымда  болу шарттары ......................................................................................

36

 

5.3 Қауiпсiздiкке  қойылатын жалпы талаптар ...................................

37

 

5.4 Бетон және бетон конструкцияларын өндiру кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

39

 

5.5 Санитарлық-эпидемиологиялық  қауiпсiздiк талаптары

40

 

5.6 «Гидромаш  – Орион МЖБК» ЖШС кәсіпорынындағы  еңбекті қорғауды ұйымдастыру  .......................................................................

41

 

5.7 Қоршаған  ортаны қорғау бойынша шаралар ...............................

48

6

Экономикалық  тиіділік ........................................................................

51

 

Қорытынды мен  ұсыныстар.................................................................

59

 

Пайдалынған әдебиеттер тізімі............................................................

61

 

Қосымшалар...........................................................................................

64


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Қазақстан Республикасының  Президенті халыққа жолдауында Қазақстанның ең бәсекеге қабілетті және бірқалыпты дамып келе жатқан елдердің арасынан табылуы үшін қажетті негізгі басымшылықтарды атап кеткен болатын. Бірінші басымшылықты жүзеге асыру мақсатында Үкіметке БСҰ-на кіру аясында біздің экономикамыздың көшпелі кезеңде дамуға қажетті бірнеше салаларын, соның ішінде әлеуметтік жағдайларды жақсарту, тұрғын үй құрылысын қолдайтын арнайы экономикалық бағдарламаны жасақтап, жүзеге асыру тапсырылды. Қазақстанның экономикасын көтеру, әлеуметтік объектілер жағдайларын жақсартуға деген ұмтылысы республикада тұрғын үй құрылысын және темір бетонды конструкциялар өндірісін өзекті салаға айналдырды. Темір бетонды конструкциялар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының басымдыққа ие бағыттарының бірі анықталды және жалпы ұлттық сипаттағы ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Бетон және темірбетон конструкциялар өнімдерін әртүрлі құрылыста кең көлемде қолдану қарқынды күш алып отыр. Қазір бетон және темірбетон конструкциялардан неше түрлі үй және басқада ғимараттарды тұрғызу үшін кеңінен қолданатын материалдар мен бұйымдар. Олар құрылыстың барлық сатысында ең көп қолданатын маңызды материалдар, бұйымдар және конструкциялар болып қала беруінде күмән жоқ. Сейсмикалық жағдайда жұмыс істейтін төзімділігі жоғары құрастырмалар мен бұйымдар дайындау үшін пайдалану сенімділігі жоғары және ұзақ мерзімін қамтамасыз ететін тез қататын бетондар өндірісінің жаңа ресурс пен энергияны үнемдеуші технологиялары болып отыр.

Бетон-белгілі  мөлшерде алынатын щебеннен, құмнан, қоспалардан  тұратын бетондық араластын қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материалы. Бетондар өнеркәсіптік, азаматтық, гидротехникалық және басқа да ғимараттарда кеңінен қолданылады. Олардан тұтастық және жиналмалы ғимараттар элементтерін, жол және әуежайлары жабындыларын жасайды. Бетондар жұмысын қысқы мезгілде және жылдың кез келген уақытында орындай беруге болады. Бетонның физикалық-механикалық қасиеттерін кең аралықта реттеу және берілген бағытта қалыптастыру үшін тиісті құрамын таңдап алады, бетондар араласпасын өндірудін рационалдық технологиясын қолданады және структурасы құрылу процесін реттейді. Прогрессивті құрылыс материал ретіндегі бетоннын ең маңызды сипаттамасы-технологиялық процестерін толық механикалау және автоматикалау мүмкіндігінде.

Бетонды бұйымдардың қолданылуына қарай, оларды дайындау кезінде төзімділік пен сенімділік талаптарына жауап бере алатын әр түрлі сападағы бетондар қолданылуы мүмкін.

Бетонды және темірбетонды конструкциялар құрастырмаларды құрылыста  кеңінен пайдалану және ғимараттар мен құрылыстарды пайдаланудағы жинақталған үлкен тәжірибе бетонға тән қасиеттерін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар оларды пайдаланудың кезеңі бойы сақтау да маңызды екенін көрсетеді. Бетонтанудың және құрама мен тұтасқұймалы темірбетон технологиясының дамуы бетонның ұзақ уақытқа жарамдылығын елеулі арттыруға, оның сапасын жақсартуға, әртүрлі факторлардың әсерінен құрастырмалардағы бетонның жай-күйін болжауға мүмкіндік берді. Пайдалану процесінде бетон қасиеттерінің ұзақ тұрақтылығын қамтамасыз етуге нақты мүмкіндік пайда болды.

Жұмыстың мақсаты  болып «Гидромаш Орион көпір  темір бетон конструкция» ЖШС-де бетон өндіру технологиялық процесін басқару, сынау және сапасын бақылау  болып табылабы.

Осы мақсатқа жету үшін алдымызға мынандай міндеттер алға қойылды:

- Гидромаш Орион  МЖБК өнеркәсіп орнына жалпы  сипаттама беру;

- Гидромаш Орион  көпір бетон конструкция ЖШС-де шығарылатын темір бетондардың түрлерін анықтау;

- кәсіпорынның  сапа менеджмент жүйесімен танысу;

- бетон өндіру технологиялық процесін басқару, сынау және сапасын бақылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Ғылыми  әдебиеттерге шолу

 

 

А.В Гличевтын деректері бойынша бетон және темірбетон жабдығының құрамы мен технологиялық схемасы бетонды қолдану және жобалау жөніндегі мемлекеттік стандарттар, метрологиялық норма мен ережелер, ведомтстволық нормативтердің талаптарына сай болуы керек. Резервтік (тауарлық) парктердегі бетонын сапа көрсеткіші ен сан өлшемі жүйесі [1].

А.В Гличев пен В.А Ермакова дәлелдемелерінде тауарлық парктер – жүк жіберушіден бетон құбыры жүйесінде транспорттау үшін қабылданған бетон сақтау, әзірлеу, ауыстыру үшін, бетонын сапасы мен көлемін өлшеуге арналған резервтік схема ретінде арналған технологиялық міндетті резервуарлардың тобы. Барлық резервуарлардың градустайтын кестелері болуы және автоматтық өлшем жүйесі болуы керек [1].

М.Б Самсаевтың тұжырымы бойынша сапаны зерттеу мен жобалау  сатыларында метрологиялық қамтамасыз ету, өлшеу әдістері мен құралдарын дайындау, сонымен қатар операциялық және қабылдау бақылауы кезінде, өнімнің сапасын бұзбай бақылау құралдарын дайындауға негізделген. «ҚазМетрИн» РМК-да құрылған Мемлекеттік эталондар және ғылыми зерттеулер орталығы физика-химиялық өлшеулер, электрлік өлшеулер, механикалық және оптика-физикалық өлшеулер зертханаларынан тұрады делінген.

Тексеру барысында  тексеріс үшін қолданатын эталондар  ҚР-ң көлем бірлігінің мемлекеттік  эталонына сәйкес болуы қажет. Мемлекеттік  метрологиялық бақылауға жататын  өлшеу құралдары өндірістен шығарылу немесе жөндеу, пайдалану мен импортқа шығару барысында тексеруге тартылады.

Нақты тұрақтылыққа қатысты  тексеру аралығын пайдалану талаптарын өлшеу құралдарының жүктемелі дәрежесін  тиісті орган белгілейді. Тексеруге  жатпайтын өлшеу құралдары калибрленеді. Калибрлеу мемлекеттік метрологиялық  бақылауға жатпайтын өлшеу құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау болып табылатындығын айтқан [2].

Металдар және олардан  жасалынатын бұйымдар мен конструкциялар сапасын механикалық ,химиялық ,технологиялық  метаографикалық сынақтар және жалпы  көрінісін тексеру нәтижелері бойынша бағалайды деп жазылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысымен Қазақстан Республикасының  Индустрия және сауда министрлігі  Техникалық реттеу және метрология комитетінің  «Қазақстан метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ҚазМетрИн» РМК) құрылды және халықаралық талаптарға сай өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология жөніндегі техникалық (эталондық) базаны және нормативтік құжаттардың үйлесімділігін жетілдіру, осы салада мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мақсаттарды орындау үшін Қазақстан Республикасындағы метрология бойынша жалғыз институт болып есептеледі.

Өндірісті метрологиялық  қамтамасыздандыру өндірісте дайындауды метрологиялық қамтамасыз етуді метрогиялық қадағалау дегеніміз Уәкілетті мемлекеттік органның өлшеу құралдарының шығының олардын жай күйін өлшеу.орындау әдістері қолданылатын метролгиялық ережелер мен нормалардын сақталуын сату кезінде кез- келген түрдегі бума тауардын санын қадағалау жөніндегі жүзеге асырылатын қызмет болып табылады делінген [2].

Метрологиялық бақылауда  метролгиялық қызметтін мамандары  жүргізеді. Мемлекеттік басқару  метрологиялық тартіппен сақталынады, және мемлекеттік басқару органдары  жеке занды тұлғалардын метролгиялық қызметі жүргізеді.

Өндірісті метрологиялық  қамтамасыздандыруң жұмыс бағыттары:

1. өлшеу далдігінің оптималды  нормасын өлшейтін параметрлердің  рационалды номенклатурасын бекіту;

2. өлшенетін шаманың ақпаратын  қамтамасыз ету;

3. сапалы өнім шығаруға  әрекет жасау;

4. ең алғашқы өткізу  өлшеу әдістерін және зерттеу  дайындау;

5. ұсыныстарды зерттеп  дайндау, өлшеу құралдарың пайдалану  және олардың мүмкіндктерін анықтауға  зерттеп дайындау;

6. метролгиялық аттестаттаудан  өткен өлшеу құралдарын аз температурада қамтамасыздандыру.

Е.А Клейман жазбалаларында зертханаларда физикалық шамалар  бірліктерінің өлшемдерін мемлекеттік  эталондардан метрология қызметтердің бастапқы эталондарына беру жұмыстары, мемлекеттік эталондарды жаңарту, қамтамасыз ету және зерттеу жұмыстары атқарылады және халықаралық ғылыми метрологиялық институттардың эталондарды салыстыру жұмыстарына қатысуы керек және өлшеу құралдарын салыстырып тексеру оның бекітілген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау мен бекіту, сондай-ақ олардың қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында жүргізеді делінген [3].

С.Қ Хамзин деректерінін бірінде бетонын есебін жүргізуге  арналған статистикалық әдісте бетонын  көлемі мен сапа көрсеткіші өлшемінің  жүйесі қолданылуы керек Берілген жүйелерге құрамы бойынша талаптар егер эталондық жабдықпен қамтылмай, бетон құбырлары арасындағы жүк потоктары таралатын, сонымен қатар екі аймақтық басқару арасындағы бетон құбырының шектерінде қолданатын болса,  1 пунктқа сай болуы керек делінген [4].

Бетон белгілі мөлшерде алынатын шебеннен құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араластын қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материаиялы. Бетондар өнеркәсіптік, азаматтық гидротехникалық және басқа да ғимраттарда кенінен қолданылуда.

Темірбетон конструкцияларын арматуралауға шыбықтар, сымдар, пісірілген торлар, каркастар түріндегі құрыштар қолданылатындығы және сонымен қатар арматуралық құрыштар ыстықтай тартылған және суықтай тартылған болуы мүмкін дегедігі айтылған.

С.Қ Хамзин мен К.Ғ Ахметов деректкрінде темірбетон бұйымдары мен конструкциялары құрылыс комбинаттарында және темірбетон зауыттарында жасалынатыны белгілі.сондықтан оларды жобаларда бұйымдардын зауыттық технологияға қойылатын талаптары ескеріледі. Бұл талаптар элементтердің шектік массасын, олардың геометриялық өлшерін пішінін және элементтер қимасын олардың арматуралауын зауыттық дайындық дәрежесін анықтауға негіз болып табылады.

Қ.Г Ахметов пен Е.П  Блишеевтын айтуынша темір бетон  бұйымдарын өндіру бойынша зауыттар қазіргі құрылыс жағдайында үздік өнімді: бетондар мен ерітінділердің әр түрлі түрлері, сондай – ақ құрылыстың барлық түрлерінде қолданылатын темір бетон бұйымдарының кең ауқымын шығарады. Бұл жол тақталары, іргетас блоктары, бағана, жол тақталары, іргетас блоктары, ФБС іргетас тақаталары, құдық сақиналары, басқаштар және жалғастырғыштар.Темір бетоннан жасалынатын бұйымдар өндірісі едәуір күрделі технологиялық циклге ие, үдерістің әр бір сатысында технологиялық талаптардың орындалуын талап етеді [5].

Темір бетонды кез-келген құрылым оны қүұраушыға ие бетон және арматура. Бұйымдардың қолданылуына қарай, оларды дайындау кезінде төзімділік пен сенімділік талаптарына жауап бере алатын әр түрлі сападағы  бетондар қолданылуы мүмкін. Едәуір жүктемені көтеруге тиісті іргелік блоктар мен үшін жоғары сапа бетоны қолданылады.Пайдалану кезінде едәуір күш түсетін қоршау секциялары мен басқа бұйымдар бетонның едәуір арзан түрі қолданылады.Арматура цехы дайындау, дәнекерлеу, жинақтау бөлімі және таттанудан арматураны қорғайтын бөлімдерден тұрады.

Темір бетонды өндірістік метрологиялық қамтамасыздандырудың мақсаты студенттердің ғылыми ұйымдардын негізін өлшеудін бірлігімен талап етілетін дәлдігіне қол жеткізу үшін қажетті техникалық құралдарды ережелермен нормалады анықтау және қолдануы бойынша теориялық және практикалық бірлікті иелену болып табылады.

Қ.Б Бердалиеваның деректерінде өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыруң  норма тәртіп олшеу құралдарын ғылыми және ұйымдастыру негіздерін қолдану  бекіту өлшемнің талапты дәлелдеуде және қажеттілікті бірлігіне жету негізгі мақсаттары көрсетілген. Метролгиялық қадағалу дегеніміз- техникалық реттеу және метрологиялық жөніндегі уәкілетті органнын және оның аумақтық бөлімшелерін өлшем құралдарды шығаруын олардын жай күйін және қолданылатын, өлшемдерді орындау әдістемелер қолданылатын, метрологиялық ережелер мен нормаларын сақталуын, сату кезінде тауардын санын сондай ақ бума тауарларды алу сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі қызмет [6].

 

 

 

 

2. Гидромаш  Орион МЖБК өнеркәсіп орнына  жалпы сипаттама

 

 

Зауыт өз қызметін 1964 жылы 25000 м3 технологиялық бетон және 30000 м3 тауар бетонының қуатылығы бар темір бетон бұйымдарын шығаратын зауыт ретінде бастады. Басқа көптеген кәсіпорындар тәрізді кеңес үкіметі ыдыраған кезеңде өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. 2001 жылы жаңа инвесторлардың келуімен зауыт қайта қалпына келтіріліп, техникалық жағынан жабдықталды. 2005 жылдың өзінде зауыт жобалық қуаттылығынан алып, 2006 жылы 35000 м3 технологиялық темір бетон және 40000 м3 тауар бетонын өндірді.

Бүгінде «Гидромаш  – Орион - МЖБК» ЖШС – жол, кәсіпкерлік және азаматтық құрылыс үшін темір бетон құрылғыларын – 30 жылдан астам уақыт бойы өндіріп келе жатқан, ірі кәсіпкерлік кәсіпорын. Көп жылдық тәжірибе, кәсіпқойлық және сапа компания қызметінің негізі болып табылады.

Кәсіпорында 300 адам жұмыс істейді, олардың ішінде кәсіби білікті жұмысшы мамандар, жоғары кәсіпқой инженерлік техникалық қызметкерлер, басқару және әкімшілік  құрам бар. Жалпы көлемі - 11 га аймақты құрайды.

Зауытта қазіргі  кезге сай технологиялық парк бар.

Оған:

  • бетон араластырушы;
  • пішіндеуші;
  • жүк құрылғылары;
  • арматуралық жұмыстарға арналған қондырғылар жатады.

Сондай-ақ автокөлік паркі – бульдозерлер, жүк тиеушілер, самосвал мен ұзын тягочтар бар. Олар жинақтық темір бетонын өндірудің технологиялық үрдісіне қызмет етеді.

Кәсіпорынның  жылдық өнім шығару қуаттылығы құрайды:

  • 100 000 м3 темір бетонын
  • 100 000 м3 тауар бетонын.

«Гидромаш –  Орион - МЖБК» ЖШС қойма орындарын, теміржол тұйығы, дайын өнімді сақтау қоймасын, маневрлік тепловоз, 20 көпір, кран жүк көтерімділігі 30 тоннаға дейінгі крандарды қамтиды.

Біздің тасымал  тәжірибемізге мектеп, аурухана, сауда, ойын – сауық орталықтары, Орал қаласындағы  және БҚО – дағы тұрғын үйлерді, Қарашығанақ және Чинарово мұнай- газ кен орындарындағы бұрғылау алаңдарын орнықтыруды, Атырау облысы Батыс Ескендегі Қашаған кен орындағы құрылыс объектілерін, сондай-ақ республикалық Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы көптеген әр түрлі қолданылымға арналған нысандарды жатқызуға болады.

Жылдар бойы кәсіпорын тұтынушылары арасында Аgip KCO, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг, СNPC – Ақтөбе мұнай – газ, Bonatti Sp Kazakstan Bronch, «Трансстроймост» АҚ, «Теміржол  құрылыс Атырау» ЖШС, «Еврострой - А» ЖШС, «Альтаир» ЖШС және басқалары сияқты компаниялар бар.

Қарашығанақ Петролиум  Оперейтинг б.в. компаниясымен серіктестік 2008 жылдың ақпанынан басталады, бұл  жылы №АР/С/07/3772 бұрғылау алаңдары үшін темір бетон тақталарын жеткізу  жөнінде келісімшартқа қол қойылды. 2008 маусымынан  – 2009 жылдың шілдесі аралығында кен орнына 7000 нан астам тақта жеткізілді. Қазіргі уақытта компания УКПГ – 3 ке 01.06.2009 ж. №АР/С/09/2159 келісімшарты бойынша қалдықтарды уақытша сақтау алаңының құрылысын жүзеге асырады.

Кен орындарындағы  темір бетон бұйымдарын жеткізу және басқа да жұмыстар келісімшартардағы талаптарға сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы ИПО Б.в. қажетті процедураларын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Біздің артықшылықтарымыз 2003 жылы СМЖ енгізілді, ол өзінің ИСО 9001:2001 сапа менеджменті шекті стандарттарына сәйкестігіне 2003 жылдың 14 шілдесінде «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ БҚФ – да растайды.

Кәсіпорында сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі қызмет етеді. Ол ИСО 9001:2008 сапа менеджменті  стандарты, ИСО 14001:2004 экологиялық менеджменті және ОHS/+S 18001:2007 еңбекті қорғау және кәсіби қауіпсіздік сапасындағы менеджментке сәйкес келеді. 2009 ж. Қарашасында сертификациялық аудиттен сәтті өтті және Lioyd’s Kegister quality Assuranse Kazakstan компаниясының сәйкестік сертификаты алынды.

Кәсіпорында арнайы құрылғымен жабдықталған анкредитацияланған санақ зертханасы бар. Зертхана мамандары  келіп түскен материалдардан бастап негізгі нормативті талаптарға сәйкес дайын бұйыммен аяқтай отырып, өнімді дайындаудың барлық кезеңдерінде сапалы бақылауды жүзеге асырады.

Зауытта қолданылатын технологиялар мен қолданылатын материалдар төзімділігі, суыққа төзімділігі  және суға төзімділігі жағынан әр түрлі техникалық сипаттамаларға ие. 100 типороминдегі темір бетон құрылғылары мен бетон бұйымдарын дайындауға мүмкіндік береді. Арнайы жобалар бойынша біздер 25 тоннаға дейінгі күрделі геометриялық құрылымды бұйымдарды дайындаймыз.

Кәсіпорынның  барлық өнімі ТОСТ, ҚР СТ, ЖШС СТ және басқа да нормативті – технологиялық құжаттарға сәйкес шақырылады және ҚР қауіпсізділігі мен сапасы талаптарына сәйкес сертификатталған.

Өнім республиканың  әр түрлі аймақтарына тасымалданады, өнімді өткізудің негізгі орындарына Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау  облыстарын жатқызуға болады.

Инновациялар

2008 жылы «Гидромаш  – Орион - МЖБК» зауыты базасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен таза жоғары техникалық темір бетонды жинақтау өндірісі бойынша құрылып, ресми түрде ашылды. Бұл зауытта өндіріс циклі едәуір қысқартылған, сапасы мен шығарылатын өнім көлемі арттырылған.

Жаңа зауыттың негізгі қолданылуы – бұл жинақтаушы – монолитті қаңқасы негізінде  ғимараттар мен құрылымдардың салу үшін темір бетондау бұйымдарды өндіру.

Өнім алдын  – ала тығыздалған темір бетон  өндірісіне арналған испан өндірісінің технологиялық линиясымен шығарылады.

Өнімді қалыпсыз пішіндеу линиясынан басқа қабырға және жол бұйымдарын шығару өндірісіне бойынша құрылғымен, екі бетон араластырушы түйінмен, колонияларды шығару стенділерімен, басқа шашы және алаңдармен, қаңқалы үйдің басқа да элементтерімен жабдықталған. Бұндай зауыттағы қондырғылар жеке коттедждер мен көп қабатты үйлерге дейінгі жинақтаушы – монолитті, қаңқалы ғимараттарды салу кезінде қолдана алады. Мұндай қондырғы қаңқаның барлық негізгі элементтерін: бағана, ірге тастар, арқалық, қабатаралық жабу тақтасы, қабырғалы көбікті – бағанды блоктар және жылы блоктар дайындауға мүмкіндік береді.

 

 

2.1 Гидромаш  Орион МЖБК өнеркәсінде шығарылатын  өнімдер түрлері 

 

Шығарылатын өнімдердің жоғары сапасы мен құрылымы Дж мөлшерлеуге компьютермен басқару жүйесімен жабдықталған бетон араластырушы құрылғымен қамтамасыз етіледі.

Кәсіпорын жылына 200000 м3 – қа дейінгі тұрғын үй құрылысын темір бетон бұйымдарымен қамтамасыз ете алады.

Компаниямен жүргізілетін өндіріс қуаттылығы мен технологияны жетілдіру саясаты өнімнің сапасын үздіксіз арттыру мен оның өзіндік құнын төмендетуге бағытталған, бұл біздің компаниямен серіктестікті сенімді тұтынушылар үшін едәуір қолайлы ете түседі. 1-кестеде Гидромаш Орион МЖБК өнеркәсінде шығарылатын өнімдер түрлері көрсетілген.

 

1-кесте 

Гидромаш Орион  МЖБК өнеркәсінде шығарылатын өнімдер  түрлері көрсетілген.

 

Өнім түрлері

1

2

Үй салу және жақсы жабдықтау элементтері

1

тақтамен жабу

2

жалпақ аралық белдеме

3

ірге тас  блоктар

4

ірге тас  таянышы

5

бағаналар

6

баспалдақтар  және алаңдар

7

канализациялық  сақиналар

1

2

8

құдықтардың қақпағы  және түбі

9

жиектер және паребфиктер

10

тротуардың  плиталары

11

қабырғалық  блоктар

12

электр қуатын беретін құрылғылар желісінің тірегі

Өнеркәсіптік құрылысқа қажетті конструкциялар

1

қағып кіргізілетін бағаналар

2

өнеркәсіптік  ғимараттарды жабатын тақталар

3

магитральді құбырларды ауырлатқыштар

4

құранды бетон  тіректері

5

жолды уақытша  жабу тақталары

6

әуежай және жолдардың ауыр тақталары

Көпірсалу және жол салу элементтері

1

көпірге арналған бағаналар

2

жағаны күшейту  тақталары

3

тюбингтер

4

су өткізетін  құбырлар бөліктері

5

портальды жақтаулар

6

қабырғаның  баурайлы жақтаулары

7

лекальды блоктар 

8

аралық тіректер блогы

9

ригельдер

10

қондырма блоктар

11

карнизді блоктар

12

өтпелі тақталар

13

ағызғыштардың блоктары

Гидромаш-Орион көпір темір бетон конструкция» ЖШС-де бетонды өндіру технологиялық процесін басқару, сынау және сапасын бақылау маман