Кадрлар бөлімі АЖО құру

 КІРІСПЕ

 

Қазіргі техника мен  технологияның дамып, маңызы артқан XXI-ғасыр заманында автоматтандырылған жұмыс орнын құру адамзат баласы өмірінің бір бөлшегіне айналып  отыр. Ал мәліметтер қоры қазіргі таңда  кез келген сферада қолданылып жүргені  бәрімізге мәлім. Бұл туралы тұрақты анықтама жоқ, себебі бұл ұғымның қасиеттеріне байланысты аясы кең болып саналады. Мәліметтер қорын деректер қоры деп те айтады. Екеуінің мағынасы бір. Delphi-дегі мәліметтер қоры – бұл ең дамыған механизм, мұнда мәліметтер қорының бағдарламасын жасауды қамтамасыз ететін кітапханасының күшті қоры құрылып, ол әмбебап интерфейс арқылы жүзеге асырылады. Мәліметтер қоры деп бір немесе бірнеше компьютерден  қолдануға болатын ақпараттың электрондық жинақтамасын айтады.

Қазіргі қолданбалы программаларды дайындау технологияларының өте мықтылығына қарамастан, егер программаның жобасын жасауға, шешілуге тиісті мәселелерді анықтау кезеңіне барынша назар аударып, әбден пысықтамаса, соңында оны жөндеуге көп уақыт кетуі мүмкін. Егер программа құрылымы, жобасы дұрыс келістірілмеген болса, программаға жаңа функция енгізу немесе ондағы кемшіліктерді жөндеу үлкен қаржы шығынына да ұшыратуы мүмкін. Қолданбалы программаларды жобалаудың негізгі кезеңдері бар:

  • Мәселенің қойылымы
  • Мәселелердің шешілу тәртібін анықтау
  • Алғашқы мәліметтерді таңдау
  • Мәліметтер құрылымын анықтау
  • Қолданбалы программа дайындау
  • Программаның дұрыстығын бақылау, жетілдіру.

Бұл кезеңдерді локальды мәліметтер қорын қолданып BorlandDelphi7 ортасында орындау әрі жеңіл, әрі тиімді. Осы орайда мәліметтер қорын қолдана отырып ақпараттық жүйелерді құру және автоматтандырудың жобасы жасалынып, оның орындалуына әдістемелік нұсқаулар жазылды.

Ақпараттық технологиялардың негізінде кез келген жұмыс орнының  автоматтандырылған жүйесін құруға болады. Бұндай автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) жұмыстың өнімді жүруіне және уақыт пен шығынын азайтуға тиімді программа болып саналады. Қоғамдағы  берілгендерді  өңдеуде  автоматтандырылған  жүйені  күнделікті  қолдану   барысында  көптеген мәселелер туындап жатады. Ол мәселелерді шешу мен тиімді жағын қарастыру, оңтайландыру қажеттігі туындайды.

Бұл дипломдық жобада осы мәселелерді негіздеп, Шардара  әкімшілік аппаратының кадрлар  бөлімінің автоматтандырылған жұмыс  орнына арналған мәліметтер қоры жасалынды.

Программаны жобалап жасау нәтижесінде білім мен біліктілікті шыңдай түсетіндігі дәлелденді. Желі арқылы қолжетімділікті ескеру және оның қауіпсіздігін сараптау осындай программалардың басты талаптары болып саналады. 

Тақырыптың  өзектілігі: Мәліметтер базасын құра отырып, автоматтандырылған жұмыс орнын құру, саралау, оңтайландыру. Уақыт пен шығын қаражаттарын тиімді үнемдеу.

Жұмыстың  мақсаты: Автоматтандырылған жұмыс  орнын пайдалана отырып, әкімшілік  аппаратының кадрлар АЖО-сын құру. Мәліметтер базасын құру. Есеп беру.

Жұмыстың  міндеті: Әкімшілік аппаратының  кадралар бөлімінің ақпарттарын  қолдана отырып, “Кадрлар бөлімі”  АЖО-сын құру.

Жұмыстың  зерттеу әдістері: “Кадрлар бөлімі” АЖО-сын құру барысында көптеген мәселелерін шешу. Ақпараттық қауіпсіздігін жобалау, мәліметтер қорын құру және Delphi ортасында жобалау.

Жұмыстың  жаңалығы: Автоматтандырылған жұмыс  орнын құру барысында, кадрлар бөліміне қатысты мәскелелрді шешу.

Зерттеу жұмысының  құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, программаны  жобалауға кеткен шығындарды есептеу, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бағдарламалау тілінің сипаттамасы

 

1.1 Delphi бағдарламасының  құрылымы

 

Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.

Онда көптеген операторларды  пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындау да мумкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі Р — кодқа емес, бірден машиналық кодқа компиляциялайды. Осы себепті, кәзіргі кезде ол дүние жүзіндегі компиляторлардың ең жылдамы. Оның компиляциялау жылдамдығы Паскальда компиляциялаудан 10 еседен артық, бір минутта шамамен 120 мың жолдан асады. Delphi екі түрде дайыңдалған: біріншісі - күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар ушін (Delphi Client - Server), екіншісі - қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрі. Ол тек маман программалаушылар емес, барлық Delphi- мен жұмыс істеушілерге арналған. Әдетте пайдаланылатыны — екінші түр.

Delphi-ді Паскаль программалау тілімен жұмыс істеген адамдардың меңгеруі көп қиындық келтірмейді. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет түсініктерімен еркін танысып, онда компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу кажет.

Delphi-де пайдаланылатын оқиғалар және түрлі кластарға, компоненттерге меншіктелетін қасиеттер мәндері көп. Нақты есептерді шешу программаларын құруды үйрену арқылы ғана Delphi-де программалауды үйренуге болады [1].

 

 

1.2 Delphi ортасы

 

      Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы:

Іске қосу - Программалар - Borland Delphi 7-Delphi 7 экранда 2.1 суретіне сәйкес Delphi ортасының үш терезесі керінеді.

  1. - Delphi 6-тің негізгі терезесі;
  2. - Форма (Form1);
  3. - Объект инспекторы терезесі (Object Inspector).

      Жалпы, ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де іске қосылады (Unit1.pas). Форма терезенің астында орналасқаннан көрінбейді.

 

 

Сурет 1.1 Delphi ортасы

 

    Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген. Негізгі мәзір пунктгеріне (ішкі мәзірлерге) 2.2 суретіне сәйкес Delphi жұмыс істеу команпдалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.

 

 

Сурет 2.2 Delphi-дің негізгі терезесі

 

Стандартты  түймелер:

 

 - New (Жаңа);

 - Open (Ашу);

 

 - Save (Сақтау);

 

   -Open Project (Проектіні ашу);

 

                          -View Form (Форманы көрсету);

 - Run (Іске қосу):

 

 

 - Pause (Үзіліс);

 

 

 -Add file to Project (Проектіге файл қосу), т.б.

 

Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу киын емес.

Құрылатын программада  пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компонентгердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.

Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.

       Форманың  және формаға енгізілетін компоненттердің (компоненттер жөнінде келесі такырыптарды караңыз) түрлі касиеттері   бар   (оларды   компонент   "паспорты"   деп   те атайды). Қасиет (сипаттама,   параметр)  -  айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін аныктайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері - форма такырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске косылған кезде форма касиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.

       Форманы  не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір касиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы тандау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына тандалған объект атауы да жазылып койылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған касиеттер терезесінде көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар — олардың мәндері .

Форма қасиеттері;

Name (Amay) - формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің

(компоненттердің) негізгі  касиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруте болады. Форманың іс-әрекеті атауынан белгілі болуы үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, форма квадрат тендеуді шешуге пайдаланылатын болса, Form1 opнына KvTend атауын енгізу. Ол үшін касиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.

Font (Шрифт) — формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны тандап, оң жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт: 2.3 суретіне сәйкес таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті шрифт типін, өлшемін тандап (мысалы, Times Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.

 

 

Сурет 2.3 Шрифт таңдау терезесі

 

Caption (Тақырып, бетіне жазу) — форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне тақырып үшін Forml сөзі енгізіліп қойылған. Оны "Redactor" не басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты (қасиет мәні енгізілген соң КҚ (каретканы қайтару, енгізу) клавишін басып қойған жөн).

Color (Түс) — форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі — қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.

Width (Ен), Height (Биіктік) — пиксель өлшем бірлігімен берілген

форманың ені мен  биіктігін орнату қаснеттері (бұл  мәндер форманы қолдан

кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).

Объект қасистін программа (программалық код) ішінде орнату да мүмкін. Мысалы, форма тақырыбы шрифтінін өлшемін 14 ету үшін программаға Forml.FontSize := 14 меншіктеу операторын енгізуге болады.

Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап, F1 клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Dеlphi-де анықтамалар ағылшьш тілінде жазылған. Ол түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін "Сократ 97" сияқты арнайы дайындалған программамы пайдаланған жөн (мұндай программа Компьютерге орнатылса, оны пайдалану қиын емес).

Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11  клавиші басылған кезде де көрінеді.

3. Dеlphi-де  программа  дайындау үшін  компоненттік  тәсіл пайдаланылған: пайдалаиушы программаларынын кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратып) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясына нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті.

Delphi пакеті қиын программаларды  программалаудың қарапайым және әрлеу әдістерімен құруға арналған. Программамен жұмыс істегенде екі екі стадияға бөлуге болады. Бірінше стадия – жобалау стадиясы. Бұнда программа бөлек құрама бөліктерден құралады да оған қажетті параметірлерімен мінездемелер белгіленеді. Дәл осы стадияда әлі программа жұмыс атқарғанға дейінгі нәтижелерін көруге болады және визуалды программалаудың әдістері қолданылады. Екінші стадия – программаның жұмыс атқару стадиясы және аралық, үшінші стадияны бөліп қарастыруға болады. Бұл стадияны – тексеру стадиясы деп атаймыз. Тексеру кезінде программаның қателіктерін, дұрыс жұмыс атқарылуын қарастырады.

 Жобалау болімінде  бірнеше файлдар құрастырылып  қолданылады. Негізгі бөлігі жоба (Borland\Turbo Pascal – да бұл бөлік  программа деп аталған). Жоба орналасқан файл *.dpr кеңейтілуімен. Әдеттебұл бөлік бүкіл программаның жинақтауыш бөлігі болып келеді, бірақ керек жағдайда өзіне қажетті  өзгертулер енгізуге болады.

 Программаның жұмыс  істеу стадиясында әртүрлі динамикалық  кітапханалы файлдарды (DLL – Dynamic Link Library) қолданылуы мүмкін, кеңейтілуі *.dll. Программаның жұмыс істеу барысында әртүрлі текстік немесе текстік емес файлдарды қолданылуы мүмкін, мұнда қажетті мәліметтер орналасады.Delphi – дің жұмыс барысында жоғарыда айтылған файлдардан басқа керк жағдайларда ресурсты файлдар құрастырылады, кеңейтілуі *.res

бұл жоба үшін, ал *.dfm – файлдың модулі үшін және *.dcr – компонент

кітапхасының элементтері  үшін [2].

 

 

1.3 Программа кодының терезесі

 

    Программа немесе Модуль кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оның түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы – Object Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi ортасы іске қосылғанда 2.4 суретіне сәйкес программа кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынана тұрады. Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.

     Жобаны  құру барысында осы кодқа қажетті  өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы Unit, Unit 1 және implementation қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы – {SR*DFM} және END қатарлар аралығы бойынша.

 

 

Сурет 2.4 Программа кодының терезесі

 

         Delphi – де дайын бөліктерді біріктіру арқылы программа құруға болады және осы құрылған программаны тексеруге жәнежұмыс істеуге болады.

        Delphi – дегі программалаудың бір ерекшелігі, программист өзінің істеп отырған жұмыстарын шешімдерін, нәтижелерін көзбе – көз көруіне болады болып табылады (визуалды программалау).

       Программаны құруды пернетақта   және  тышқан арқылы басқаруға болады. Delphi- дің көптеген элементтері Windows – тің стандартты компоненттеріне ұқсас болып келеді. Delphi – дің интегралдау аймағына келесі мүмкіндіктермен кіруге болады .

       Windows – тың жұмыс аймағында – монитор экранындағы негізгі аймақ Delphi – дің сілтеуіші орналасуы мүмкін. Оны тышқанмен активтендіру керек. Бұл нұсқа ең тез және оңай болып келеді [3].

 

 

       1.4 Delphi – дің программалау аймағының қосымша элементтері

 

  • Жоба администраторы (Project Manager);
  • Компоненттер кітапханасы (Component Library);
  • Обьектілер архивы (Object Repository);
  • Обьектілердің навигаторы (Browser);
  • Мәзір конструкторы (Menu Designer);
  • Локальді мәзір;
  • Анықтама жүйесі;

    

      Бұл  айтылған компоненттерден басқа  Delphi – ді орнатқанда автоматты  түрде графика редакторы (Image Editor) және мәліметтер  базасы (Database Desktop) қосылады;

       Delphi – де бағдарламалауда бағдарламашының  жұмысы негізінен оқиғаны өндеу үрдісін (ішкі бағдарлама жасаумен аяқталады. Жасалған ішкі бағдарламалардың байланысын ұйымдастыру есебін Delphi өзіне алады [2].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Delphi ортасында АЖО мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын механизмдер

 

Delphi7 бағдарламалау ортасында бірнеше мәліметтер қорына қатынау механизмдері бар: InterBase, Informix, IB Server, BDE, ODBC және де ADO технологиясы. Солардың ішінен біразына тоқталып өтейік.

 

 

 2.1 BDE және ODBC механизмдері

 

Delphi көмегімен құрылған  және файл-серверлік мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар арнайы BDE (Borland Database Engine – Borland корпорациясының мәліметтер қорының машинасы) бағдарламалар кітапханасына негізделеді. BDE әр түрлі форматтағы төмен деңгейлі DLL кітапханасының жиынтығын ұсынады. BDE Delphi-ді орнатып жатқан кезде автоматты түрде орнатылады және Windows-тің 32-разрядты нұсқамасында тіркеледі. BDE МҚБЖ-ның көптеген кестелерімен жұмыс атқара алады, мәселен, файл-серверлік (dBase, Paradox, FoxPro, Clipper), сондай-ақ клиент-серверлік (Inter Base, Microsoft SQL Server, Oracle және т.б). BDE механизмінде SQL тілінің өзінің интерпретаторы бар, яғни соның арқасында тек мәліметтер қорының серверіне ғана емес, сонымен бірге, файл-сервер кестелеріне де сұраныс құра алады.

Компьютерде BDE орнатылмаса және тіркелмесе Delphi-де жасалған және BDE механизмін қолданатын бірде бір мәліметтер қоры жұмысын жалғастыра алмайды. Бұл жағдай бағдарламаны таратуды қиындата түседі, себебі бағдарламамен бірге BDE кітапханасының жиынтығын да бірге жіберу керек болады.

BDE механизміне ұқсас  ODBC (Open Data Base Connection – мәліметтер қорымен  ашық байланысу) драйверлер жүйесі  де қолданылады. ODBC драйверлері де BDE механизмінің функцияларын, яғни  төмен деңгейлі мәліметтер қорына  қатынас құрады және бағдарламамен бірге таратылады.

Microsoft фирмасының өңдеуімен  жасалынған МҚБЖ мүмкіндіктерінің  өзара байланысы болып табылады. Ол қолданып отырған МҚБЖ мен  деңгей қосымшаларының арасындағы  байланысты орнатады. ODBC қызметі  - қосымшалардан таңдалып алынған ақпарат бойынша сұраныстар қабылдау және оларды мәліметтер қоры ядросының тіліне аудару.

ODBC механизмінің негізгі  тағайындалуы: қосымшаларды абстрогирлейді, яғни сол арқылы серверлік  мәліметтер қоры кез келген  клиенттік қосымшаларға ашық, қол  жеткізімді бола алады.

ODBC механизмінің артықшылығы  болып оның қосымшаларды өңдеудегі  қарапайымдылығы және МҚБЖ-ның  кез келген қорына қатынау  мүмкіндігінің болуы табылады.

Негізгі МҚБЖ-ның мүмкіндіктерін пайдаланып, клиент-серверлік

қосымша, ал SQL Server-дің  мүмкіндіктерін пайдаланып, сервер бөлігін тағайындауға болады.

Негізгі кемшілігі мәліметтер қорына қатынау жылдамдығын баяулататын  сұраныстар трансляциясы болып табылады. Клиент-сервер жүйесінде бұл олқылық сұранысты клиент-компьютерінен сервер компьютеріне ауыстыру арқылы жойылады.

Delphi7-де BDE мен ODBC- ден  басқа кеңірек қарастырылып отырған  ADO  механизмі қолданылады [4].

 

 

 2.2 ADО механизмі

 

   Delphi-де  мәліметтер қорына қатынаудың Borland Database Engine және ODBC сияқты дәстүрлі құралдары сияқты Microsoft ActiveX Data Objects (ADO) технологиясын да қолдануға болады, яғни бұл технология СОМ мүмкіндіктеріне, соның ішінде OLE DB интерфейсіне негізделген.

ADO технологиясы әмбебаптылығының  арқасында өңдеушілер арасында  танымалдылыққа ие болды. Енді OLE DB интерфейсінің базалық жинақтамасы Microsoft операциялық жүйесінің барлығында бар десек те болады. Сондықтан да  осы жолмен мәліметтерге қатынау үшін тек ADO байланыс провайдерін көрсетіп, қажет мәліметтер қоры мен ADO орнатылған кез келген компьютерге бағдарламаны тасымалдай аламыз.

Delphi компоненттерінің  палитрасында мәліметтерге ADO арқылы қатынасатын, мәліметтер қорының толық қосымшасын жасай алатын компоненттер жиынтығынан тұратын ADO парағы бар.

Microsoft ActiveX Data Objects (ADO)  МҚ қосымшаларынан мәліметтерге әмбебап қатынауды қамтамасыз етеді. ADO технологиясы мен OLE DB интерфейсі қосымшаға әр типті мәліметтер негізіне бірегей қатынау әдісін қамтамасыз етеді (4-сурет).            

Мысалы, ADO-ны қолданатын қосымша корпоративті SQL серверде сақталатын мәліметтерге де, электронды кестелерге де, жергілікті МҚБЖ-ға да бірдей қиындықты операцияларды қолдана береді. ADO арқылы кез келген мәліметке жіберілген SQL сұраныс орындалады.

Мынадай сұрақ туындауы мүмкін: бұл сұранысты деректер көзі қалай атқара алады?

МҚ серверлерін көп  ойлап қажеті жоқ, SQL сұраныстарын өңдеу  – олардың басты міндеті. Файлдық  тізбек, электронды кесте, электронды почта және т.б. үшін ADO механизмі  мен OLE DB интерфейсі шақырылады. OLE DB мәліметтерді өңдеудің стандартты функцияларын инкасулирлейтін арнайы СОМ объектілер жиынтығы мен объектілер арасында деректер алмасуды қамтамасыз етіп отыратын арнайы деректер көзінің функциялары мен интерфейстерді ұсынады.

ADO технологиясына сәйкес  кез келген дерек көзі (мәліметтер  қоры, электронды кесте, файл), мәліметтер провайдерінің көмегімен қосымшаға қатынасатын мәліметтер қоймасы деп аталады. Қосымшадағы минимальді компоненттер құрамына байланыс объектісі, деректер тобының объектісі, сұраныстар процессорының объектілері кіреді.

Жалпы, ADO технологиясы тек өзіне OLE DB объектілерін ғана емес, қосымша мен деректер объектілерінің өзара қатынасын реттейтін механизмдерді де енгізеді.

Мұндай архитектура  объектілер жиынтығы мен интерфейсті  ашып әрі кеңейтеді. Объектілер жиынтығы мен сәйкес провайдер кез келген деректер қоймасына ағымдағы ADO құрылымын өзгертпей-ақ құрылуы мүмкін. Осы кезде–ақ мәліметтер ұғымы кеңейе түседі, яғни дәстүрлі емес кестелік деректерге объектілер жиынтығы мен интерфейсті өңдеп шығуға болады.

 

ADO негізі

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 4 Мәліметтерге ADO арқылы қатынау схемасы

 

       Мысалға, геоақпараттық жүйенің графикалық деректері, жүйелік

 реестрдегі ағаштық құрылымдар немесе CASE – құралдарының деректері

 және т.б. болуы мүмкін.

        ADO технологиясы Windows-тің жүйелік механизмі болып табылатын

СОМ стандартты интерфейстеріне  негізделгендіктен бағдарламалық  кодтың көлемін азайтып, МҚ қосымшаларын қосымша бағдарламалар мен кітапханалардың  көмегінсіз таратуға мүмкіндік береді.

OLE DB спецификациясы объектілерді келесі типтерге бөледі:

  • Тізімдеуші (Enumenator) дректер көзін немесе басқа да тізімдеуіштерді іздестіреді. ADO провайдерлерінің функционерленуін қамтамасыз етіп отырады;
  • Деректер көзі объектісі (Data Source Object) деректер қоймасын ұсынады;
  • Сессия(Session) бір деректер қоймасына жүгінетін объектілер жиынтығын біріктіреді;
  • Транзакция (Trasaction) транзакцияны орындау механизмдерін инкапсулирлейді;
  • Команда (Command) өзінің бұйрық мәтініне ие және оның орындалуын қадағалайды. Команда ретінде SQL сұранысы, мқ кестелік ұсынысы және т.б. болуы мүмкін;
  • Қатарлар жиыны (Rowset) - ADO бұйрығының орындалу нәтижесі болатын деректер жолының жиынтығы;
  • Объект қатесі (Error) ерекше жағдай жайлы ақпаратты қамтиды [5].

 

 

2.3 ADO провайдерлері

 

ADO провайдерлері мәліметтерді ADO арқылы қолданатын қосымшаны деректер көзімен (SQL сервермен, жергілікті МҚБЖ –мен, файлдық жүйемен және т.б.) байланыстырады. Әр мәліметтер қоймасында ADO провайдері болуы тиіс.

Провайдер деректер қоймасының қайда  орналасқанын және оның мазмұнын «біледі», сұранысы бар мәліметтермен жұмыс істеп, қосымшаға оны қайтару мақсатында ақпаратты интерпретациялайды.

Операциялық жүйеде орнатылған провайдерлер тізімі TADOConnection компонентімен байланыс орнатқан кезде мүмкін болады.

Microsoft ActiveX Data Objects инсталляциясы кезінде операциялық жүйеде келесі стандартты провайдерлер орнатылады:

  • Microsoft Jet OLE DB Provider ОАО технологиясының жабдықтауымен Access  МҚБЖ мәліметтеріне байланыс орнатады;  
  • Microsoft OLE DB Provider for Microsoft Indexing Service файлдарға және Microsoft Indexing Service Internet-ресурстарына тек оқу қатынасын орнатады;  
  • Microsoft OLE DB Provider for Microsoft Active Directory Service каталогтар қызметінің ресурстарына қатынас орнатады (Active Directory Service);
  • Microsoft OLE DB Provider for Internet Publishing, Microsoft FrontPage,  
  • Microsoft Internet Information Server, HTTP-файлдары ұсынатын

ресурстарды қолдануға  мүмкіндік береді;  

  • Microsoft Data Shaping Service for OLE DB мәліметтердің иерархиялық жиынын қолдануға мүмкіндік береді;  
  • Microsoft OLE DB Simple Provider OLE DB-ның тек базистік мүмкіндіктерін қолдайтын деректер көзіне қатынау ұйымдарына арналған;  
  • Microsoft OLE DB Provider for ODBC drivers ODBC драйверлерінің көмегімен «жазылып қойған»мәліметтерге қатынас орнатады.

Бірақ осындай жат  нұсқалар байланысын пайдалану қиындыққа  әкеледі. ODBC драйверлерінің өзі ақырын жұмыс істегендіктен қосымша  сервистердің қажеті де болмайды; Microsoft OLE DB Provider for Oracle Oracle серверімен қатынас орнатады.

 

 

2.4 ADO-ны Dеlphi-де  жүзеге асыру

 

Мәліметтерге ADO арқылы қатынасатын  механизмдер, көптеген объектілер, интерфейстер, Dеlphi-дің ADO беттерінде, VCL-де компоненттер жиыны ретінде орналасқан. Компоненттер жұмысын қамтамасыз етіп тұрған барлық интерфейстер \Delphi7\Source\Vcl бумасында OleDB.pas және ADODB.pas файлдарында көрсетілген.

TADOConnection компоненті тізімдеуіштің,  деректер көзінің және транзакцияны  қабылдау мүмкіншіліктері бар  сессияның мүмкіндіктерін жинақтады. ADO-ның мәтіндік командалары  TADOConnection компонентінде жасақталған.

Қатарлар тізімін TADOTable, TADOQuery, TAOostoredProc компоненттерінің көмегімен  алуға болады. Осылардың әрбіреуі деректер қоймасындағы мәліметтерге қатынас  орната алады. Осыдан былай деректер көзінен қайтарылатын жолдар жиынын Inprise құжаттамасына сәйкес жазбалар жинтығы деп айтсақ та болады.

ADO компоненттерінің әдістері  мен қасиеттері МҚ қосымшасына  қажет барлық  функцияларды қамтамасыз  етеді. ADO компоненттерін қолдану  VCL-дің басқа да стандартты  компоненттеріне аса ерекшеленбейді. Бірақ, қажет кезінде өңдеуші сәйкес ADO объектілері арқылы ADO интерфейсінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Объектілерге бағытталған сілтемелер компоненттерде болады.

 

 

2.5 ADO деректер көзімен байланыстыратын механизмдер

 

ADO мәліметтеріне қатынайтын компоненттер деректер көзіне байланысатын екі нұсқаны пайдалана алады. Яғни, стандартты ADO мен Delphi әдістері.

Кадрлар бөлімі АЖО құру