Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………… |
3 |
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН
ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ........................ |
6 |
|
6 |
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………. |
16 |
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер………….. |
22 |
1.3 Жеткіншектердің есірткі
қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………. |
24 |
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық |
44 |
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ
КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ.................... |
44 |
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес
жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………… |
50 |
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі………… |
56 |
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………. |
61 |
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………….. |
63 |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес қазақ қоғамының гүлденуі мен ҚР азаматтарының құқықтық кепілдігінің еркіндеуі мен заңды мүдделерінің негізінде жасалған.
Негізі 1997 жылы 10 қазанда еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақ халқына жолдаған жазбаша Үндеу хатында ең бастысы ішкі және саяси негізгі нашақорлық пен есірткіге қарсы күресті нығайтудың қажетті екендігіне баға беруі және бұл берілген мәселенің шешілуі 2030ж. Республиканың өркендеу стратегиясындағы мемлекеттің деңгейіндегі беделіне ие болды.
Нашақорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуының негізгі шарты ретінде, оның іске асатындығы, уақыттың барлығы және жағдайға бейімделуі болуы тиіс, сондай-ақ басқа да саладағы жалпы мемлекеттік саясаттың байланыстылығының болуы. Сонымен, қандай да болмасын есірткімен байланысты барлық жағдайларда бақылаушылықты күшейту керек. Себебі, нашақорлық, яғни жағымсыз әдеттердің алдын-алу басты міндет бола отырып, оның қоғамның дамуына кері әсері зор болатынын айта кетеміз.
Есірткіні заңсыз айналдыруға қарсы күрестің аймағындағы саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік статусына негізделген. Ол алдымен қоғамдағы есірткілік құралдарын және психотроптық заттардың таралу процесі адамзаттың рухани құндылығына кері әсерін тигізеді.
Қоғамның экономикасына және оның рухани бастауларына материалдық және рухани-адамгершіліктеріне зиян келтіреді. Есірткіні қиянаттық қолдану өлімнің көбеюіне алып келеді, әсіресе жастардың арасында қылмысқа барушылықтың көбеюі, ол нашақорлардың күйреуі жағдайына әкеліп соғады.
Бүгінгі таңда кәмілетке толмағандардың арасындағы есірткі жағдайы Қазақстанда, ТМД елдерінде және бүкіл әлемнің көкейкесті мәселесі болып отыр. Жеткіншектер нашақорлығы мәселесімен тікелей айналысатын наркологтар мен мамандар "Нашақорлық ауруы жылдан жылға жасарып келеді" деп дабыл қағуда. Өкінішке орай бұл бағытпен күресті есірткіге тәуелділік қалыптаса бастағанда емдей бастаса, оның салдары жеңілірек болады. Сол уақытта алғашқы профилактика жұмысына көбірек көңіл аударылады.
Нашақорлықпен байланысты сұрақтарда ақпараттар мен психологиялық көмекті негізінен қажет ететін буын - жалпы білім беретін мектеп, колледж, лицей орта және үлкен буындары, яғни "өтпелі" кезеңде тұрған жеткіншектер болып табылады. Жеткіншектердің ең басты ерекшелігі - тұлғалық тұрақсыздығы. Қарама-қарсы қырларға ұмтылу, мінездегі қарама-қайшылықты анықтау мен өсіп келе жатқан баланың мінез-құлқы. Үлкендерге тән сезімнің қалыптасуы және "Мен тұжырымдамасын" ерекше ажыратуға болады [1].
Үлкендерге еліктеу мінез-құлықпен, киіммен шектелмейді. Еліктеу көңіл көтеру, сезімге толы қатынас бойынша жүреді және осы қатынастардың мазмұнын тікелей үлгі етіп алады.
Жеткіншектер үшін үлкендер өмірінің негізгі атрибуттарының бірі есірткі құралдарын пайдалану болып табылады. Бірақ та пайдалану мотивациясы әртүрлі болып келеді. Құрдастарымен қарым-қатынас жеткіншектер өмірі үшін ерекше орын алады және барлық өмірлік сферасында айрықша ізін қалдырады. Ол үшін маңыздысы референтті топқа ену, яғни, ол жерде кімнің кұндылықтарын қабылдайды және кімнің мінез-құлық нормасы мен бағалауына бағдарланады. Сол уақытта жеткіншектер үшін жақын адамдардың эмоциясына ұмтылу да тән. Ата-аналарды, олардың махаббаты мен қамқорын, олардың пікірін қажетсіне отырып, олар дербестікке ұмтылуды сезінеді және олармен тең құқықта болғысы келеді.
Тұлғалық дағдарысты алып жүретін бұл кезең пайдаланудың тәуекел бастамасына қақтығысады, ал оның салдары есірткіні теріс пайдалануға әкеліп соқтырады. Бірақ, пубертатты кезеңнен өтетін барлық адамдар нашақор болып қалыптаспайды. Бұл отбасындағы тәрбие уақтысында ұзақ уақыт бойы калыптасатын психологиялық қорғаныс механизмі арқасында жүреді. Неліктен біздің қоғамымызда жеткіншектер нашақорлығы сияқты құбылыс жүзеге асады?
Осы кезеңдегі жеткіншектердің салауатты өмір сүруі немесе "есірткілік сандырақты" таңдауына маңызды әсер етуші фактор, отбасының өзара катынасының құрылымы, оның жүзеге асуының нәтижесі құндылықтар мен иландыруды қалыптастыру болып табылады. Соның ішінде өзіндік "Мен" кұндылығы, өзіндік денсаулық пен өмір енеді. Өзіне қатынасы бойынша негативті бағдарда "өзін-өзі бұзу" бағдарламасы жүзеге асады, яғни көбіне есірткілік кұралдарды пайдалануда байқалады.
Есірткіге тәуелділіктің арақатынасы мәселесімен және отбасындағы эмоциялық өзара қатынас факторларымен айналысқандар Н.С. Курек, А.Е. Личко, В.К. Мягер, В. Буриан, Т.И. Петракова, Д.Л. Лимонава, Е.С. Меньшикова, Е. Джеликен.
Біздің зерттеуіміздің өзекті тақырыбы болып психологиялық кеңес беру жағдайында психодиагностикалық зерттеулердің мазмұны мен ұйымдастыру болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – жағымсыз әдеттерге қарсы күрес жүргізуге байланысты жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқу себептерін (нашақорлықпен байланысты) зерттеу және оларға психологиялық кеңес беру жолдарын жетілдіру.
Зерттеу объектісі – жағымсыз әдеттердің туындау (нашақорлармен күрес) себептері бойынша жеткіншектерге психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру жолдары.
Зерттеудің пәні – Жағымсыз әдеттерге қарсы күреске байланысты жеткіншектерге психологиялық кеңес беру.
Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты зерттеудің негізгі болжамы төмендегідей тұжырымдалды:
Егер, жеткіншектерге жағымсыз әдеттер туралы жүйелі кеңестер ұйымдастырылып отырса, онда, оны (нашақорлықпен байланысты) болдырмау жолдары өз тиімділігін береді.
Зерттеудің болжамы - жеткіншектерге нашақорлық жайлы терең психологиялық сауаттылықты беру психикалық дамуындағы ауытқудың (нашақорлықпен байланысты) алдын алады.
Зерттеудің теориялық негізі - жеткіншек тұлғасының дамуындағы жағымсыз әдеттерді (нашақорлықпен күрес) зерттейтін жұмыстарға бағытталған. Жас ерекшелік-психологиялық кеңес беру баланың психикалық дамуының барысындағы нормативті мазмұнның түсініктері және осы процестің кезеңдік негізінде бақылаудың мақсатын Г.В. Бурменская, Р.А. Карабанова, А.Г. Лидерс зерттеулерінде қарастырылады.
Жұмыстың теориялық мәнділігі - зерттеу барысында жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, Д.Б. Эльконин, Г.В. Дрогунова, И.С. Кон және басқалардың да теориялық зерттеулері нысанаға алынды.
Жұмыстың практикалық мәнділігі: жүргізілген зерттеулердің негізінде жеткіншектерге жағымсыз әдеттерге қарсы күрес жүргізуде алғашқы психологиялық кеңес беруге ұсынылған бағдарламалар жұмыстың сапасын жоғарылатады.
Зерттеу әдістері: Сауалнама, анкета, проективті әдіс «Отбасы суреті», «Отбасылық сұхбаттасу»
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
Зерттеу жұмысының базасы: 38
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
- Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері
Психологияның практикаға кеңінен енгізілуі оның сол аймақтың дамуына заңды түрде әкеліп соғады, яғни дәстүрлі түрде психологиялық әсер етудің танымал әдісі ретінде белгіленеді. Соның ішінде маңыздыларының бірі болып психологиялық кеңес беру болып табылады. Бұл іс-әрекеттің түріне тура анықтама беру және оның қолданылу сферасын бір жақты көрсету қиын. Психологиялық білімдердің қолданылатын кез-келген сферасында кеңес беру жұмыс формасының бір түрі ретінде қолданылады. Кеңес беру өзіне кәсіби кеңес беруді, педагогикалық, өндірістік кеңес беруді және тағы басқаларды қамтиды [2].
Психологиялық кеңес беру тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал етуге бағытталған. Ол практик-психолог жұмысының бір бөлігі болып табылады (психодиагностика және тренингтің жұмыстарының жүргізілуімен қатар). "Кеңес беру" сөзі латынның consultare, яғни кеңесу, ақылдасу деген мағынаны білдіреді. Психологиялық кеңес берудің мақсаты тұлғаға қамқорлық жасау, яғни қалыптасу мен өсудің үздіксіз процесі болып табылады. Кеңес беру адамның қабілетінің дамуына адекватты көмек береді және өзі мен басқаларды толығымен қабылдайды, ішкі тұлғалық және тұлғааралық қатынастар жүйесін өзгертеді. Кеңес беруші психолог тұлғаның ішкі күйлерін түсінуге бағыттап, шешім жасауға көмектеседі. Дәлірек айтсақ, азды немесе көпті клиентті өз мінез-құлығы мен іс-әрекетін жүйелі реттеуге және оның ішкі проблемаларын шешуде көмек үшін шақырылуы мүмкін.
Кеңес берудің түрлері клиент немесе топтың өміріне кеңесшінің араласу деңгейіне байланысты. Практикалық психологияда кеңес берудің келесі деңгейлері мен түрлерін ажыратады:
1. Индивидуалды даму немесе өзгеру, өзгеру объектісіне жеке адам түскен кезде, өмірлік іс-әрекеттің әртүрлі сферасының жүзеге асу белсенділігі мақсатында: кәсіби, коммуникативті, тұлғалық және тұрмыстық. Осы деңгейде психодиагностика және коррекциямен индивидуалды кеңес жүргізіледі.
2. Тұлгааралық қатынасты белсендіру өмірлік іс-әрекеттің әртүрлі сферасында: бұл жерде тренингтің элементтерімен топтық кеңес жүргізілуі мүмкін.
3. Ұйымдастырылган даму ұйымдасқан құрылым және басқарудың жүзеге асуын ұйғарады. Бұл деңгейде күрделі басқарудағы кеңес беру жүзеге асады [3].
Сурет 1 - Кеңес берушінің іс-әрекеті
Психологиялық көмек көрсету туралы көзқарастар екі жақты болып отыр: біріншісі психологиялық кеңес берудің өзінің пәні жоқ және тек психологиядағы басқа теориялық өңдеулердің қолданбалы саласы болып табылады; екіншісі психолог-кеңес беруші кез-келген клиенттің тұжырымдық құрылымдарының теориясына сүйенеді.
Психологиялық кеңесті дұрыс ұйымдастыру клиентке өзіне және өз өмірлік ситуациясына жаңа көқараспен қарауға, өз әрекетінің шынайы мотивін ұғынуға, тұлғаішілік және тұлғааралық шиеленісті тұтастай көруге, ең бастысы- жаңа жеке тәжірибе алуға, шиеленісті шешу тәсілін меңгеруге және проблемалық ситуацияны жаңуге мүмкіндік береді.
Кеңес беру барысында сенімді атмосфера құру үшін төмендегідей жағдайларды сақтау қажет:
- кеңес беру барысында басқа іске көңіл бөлмей, барлық зейінді клиентке аудару қажет (телефонмен сөйлесу, басқа адамның араласуы);
- клиентке толық жеткізуге мүмкіндік беру, оның өміріне қызығушылық таныту, шектен тыс білуге құмартпау, жауап алмай, сұрау қажет;
- әдептілік таныту, шекара сақтау;
- психологтың этикалық кодексін сақтау;
- клиентті күнәламау және бағаламау;
- ақыл-айту керек емес, өмірлік маңызды шешімді өз бетінше жасау үшін жағдай құру;
- достық, табиғилық, адалдық таныту;
- жекелік және кәсіби қатынастарды шектеу;
- тыныш, дыбыссыз, шусыз жерлерде, бір жерде кеңес беру, өте ашық түстің қажеті жоқ.
Психологиялық кеңес берудегі тарихи негізгі бағыттары:
- тереңдік психология- психоанализ (З.Фрейд), индивидуальді психология (А.Адлер), аналитикалық психология (К.Г. Юнг), трансактілі талдау (Э. Берн);
- бихевиоральді бағыт- әлеуметтік үйрену, әлеуметтік құзіреттілік тренингтері;
- өзіндік үйрету;
- когнитивті терапия;
- рациональді- эмоциялық терапия (А. Эоллис);
- гуманистік бағыт- гештальтерапия (Р. Перлз), топтық терапия (К. Роджерс), логотерапия (В. Франкл), психодрама (Мрено).
Тереңдік психология немесе психодинамикалық теория негізін қалаушы З. Фрейд. З. Фрейд- бейсаналылық тұжырымдамасы- негізгі бөлім. Бейсаналылық ұғымы адам өмірінің күрделілігін және бір мәнді емес екендігін суреттеуге мүмкіндік береді.
Психоанализдің негізгі міндеті адамды басқарып отыратын сана астары аймағын анықтау және меңгеру.
Психодинамикалық теория позициясында психолог клиентпен жұсмыс жасағанда өзінің санаастары процестерін түсінуге және оған ықпал етуге үйрету болып табылады.
Адам өмірі оның өткенімен анықталады. Эмоциялық және мінез-құлықтық стереотиптерді тануда тұлғаның қорғаныс механизмдерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болады.
Психоаналитикалық кеңес беру клиент проблемаларының қайнарын ұғынуды ортылық буынға қояды.
Тұлғалық шиеленісті З. Фрейд «Ол», «Мен», «Жоғары мен» терминінде суреттеді. Психологтың басты міндеті адамның Мені арқылы Ол мен Жоғары –Мен арасындағы қарама-қайшылықты туындататын қатынасты табу болып табылады. Ол- бұл бейсаналылық аймағы. Жоғары Мен – бұл әлеуметтену процесінде адамның игерулері. Мен - бұл Жоғары Мен және Ол арасындағы жолсерік.
Ол мен Жоғары Мен арасындағы қарым-қатынасты реттеуші күшті Мен – мақсатқа жетудің маңызды жағдайы.
Меннің басты міндеті сыртқы (әлеуметтік) күштер, адамдардағы ықпал етуші және адамның өзіндік қорғаныс механизмдері, ішкі (бейсаналық) арасындағы балансты сақтау болып табылады.
Психодинамикалық теория негізінде жұмыс жасайтын психолог интервью процесінде төмендегі тәсілдерді пайдаланады:
1) күнделікті белгілерді талдау,
мысалы, берілген сөйлемдерге
2) «Фрейдтік қателік»- клиенттің
бейсаналылық сезімдерін
3) Түс мазмұны бойынша еркін
ассоциациялар ағымы арқылы
4) Қарсыласуды талдау ығысу
Психолог кеңес берудегі бихевиористік бағыт. Бұл бағыттағы психологтың әдіснамалық позициясы клиентке өз әрекетін қадағалату және өз мінез-құлығында нақты өзгерістерді туындату.
Бұл бағыт тарихи түрде Д. Уотсон және Б. Скиндер жұмыстарынан бастау алады: психолог клиенттің өмірлік жағдайларын өзгерту мақсатында араласады. Бұл төмендегі негізгі жағдай бойынша құрылады: 1) психолог пен клиенттің қатынасы; 2) мінез-құлықты операциялау арқылы проблеманы анықтау; 3) функциялық анализ арқылы проблема жағдайын түсіну; 4) клиент үшін әлеуметтік маңызды мақсаттарды анықтау.
Бихевиористік анализ- бұл адам нақты әрекет және қылықтарға екпін жасайды.
Психолог- бихевиорист әрекет туралы ойларына емес, адам іс-әрекетіне баса назар аударады (тұрақтылық жаттығулар- сұрақтар рөлдер).
Гуманистік бағыт.
Мұнда клиент тұлғасы орталық буында болады. Психолог шешімін қабылдаудың бақылаушы орталығы болып табылады. Психодинамикалық бұл буынның қазіргіге ықпал етуіне; бихевиористік тұлғаға сыртқы ортаның ықпалына екпін жасалады.
Адамның өмір сүруі мен әрекет етуінде өз тағдырын анықтау, шешімдер адамның өз ішкі күйінде болады, қоршаған ортаның қатыссыздығы анықталды. Психолог клиенттің психикалық денсаулығына талдау жасап, өз ішкі дүниесімен жанасуға мүмкіндік береді. Негізгі ұғымдар- нақты клиенттің дүниесін түсіну.
Клиент әлемімен жұмыс онымен өзара әрекеттестікті орната отрып, шынайы және идеалды «Мен» бейнесіндегі қарама-қайшылқпен жұмыс жасауы қажет. Клиенттің даралық дамуына бағдарланады.
Психологиялық кеңес беру мақсаттары- перспективті сезімдері бар, саналы түрде әрекет ететін, мінез-құлықтың түрлі стратегиясын жүзеге асыруға қабілетті, түрлі көзқараста ситуацияны талдай алатын мәдени -өнімді тұлға қалыптастыру.
Психолог –кеңес берушінің басты міндеті мәдениет мүмкіндіктеріне сәйкес әрекет етуге мүмкіндік беретін, психикалық дені сау, қалыпты клиентке жағдай құру болып табылады.
Психолог –кеңес беруші клиентпен өз әрекеттесуін жаңа тәсілдер, жаңа әсерленулер, жаңа ойлар, жаңа мақсаттар табуға бағыттай алуы тиіс.
Бұл жағдайда психологқа, оның теориялық бағдарларына тәуелсіз, өмір, өмір мазмұны, өмірдегі адам орны, құндылық, даралық сияқты ұғымдарды пайдалану талап етіледі.
Психологиялық кеңес беру диагностикалық (зерттеушілік) әңгімелесуден басталады. Осы жағдайда психолог өзінің алдындағы клиенттің қиыншылықтарын, жеке ерекшеліктерін (психологиялық күйін, қасиетін, психикалық процестерін) байқай алады. Кеңес беру клиент әңгімесінен бастау алады, яғни, әңгімелер мазмұынына көңіл бөлу, сөйлеу тәсілін бақылау, көңіл- күйін және т.б. ерекшеліктерін байқап, сынап отыру.
Кеңес алуға келген клиенттің белгілі бір нақты қиыншылығы көрінбесе, түрлі көңіл-күйінің төмендігін айтатын болса, психолог отбасы, достары, жұмысы немесе махаббат жөнінде сөз қозғауы қажет. Бұл арқылы клиентті мазалайтын сұрақтар, тақырыптар айқындалады.
Психологиялық кеңес берудің алғашқы кезеңі- клиентпен кездескенде алғашқы сұрақ төмендегідей болуы қажет: «Сізді мұқият тыңдап отырмын», «Айтыңызшы, Сіздің бізге келуіңіздің себебі не?».
Алғашқы келгенде клиентке қандай көмек алатындығы, неге үміттене алатындығы жөнінде алдын –ала ескертіп, психикалық кеңес берудің не екенін түсіндіру қажет.
Егер клиент: «Сіз маған көмектесе алатындығыңызға сенімдісіз бе?» деген сұрақтар қойса, Сіз 100 % кепілдік білдірмей, жай ғана «Екеуміз бірге шешіп көрейік» деген ұсыныс тастаңыз.
Жұмыс кезеңі- жұмыс барысында, диагностикалық әңгіме жүргізуде практик- психолог әдістемлерді қолдана білуі қажет. Мысалы, Розенцвейг, Люшер әдістемесі. Егер кеңес беру барысында әңгімеңізге тестілік материалдарды қолдана білсеңіз, клиенттің. Сізге деген сенімі артып, әңгімелесу өз нәтижесін береді. Әр клиент жұмыс жасай отырып, психолог жеке бағдарлама дайындайды, кеңес беру кезеңдеріндегі ерекшеліктер, мақсаттар мен міндеті, практикасы міндеттері, ұсыныстары жазылады (аптасына 1-2 рет, 50-60 мин. аспайды).
Қорытынды кезең- психолог кездесулер жиілігін анықтап отырады. Соңғы кезеңде видео және аудио кассеталарды сыйға тартуға болады. Мұнда кеңес беру барсы көрсетіледі.
Жалпы психологқа кеңес алу үшін келген клиенттердің негізгі мотивтер, себептері бұл: қарым-қатынасқа түсу қиыншылығы, стресстік күй, қорқыныш, депрессиялық жағдайлар, дағдарыстық күй, отбасы жағдайлары, кемшіліктер болуы мүмкін.
Бір жолғы кеңес беру жүргізілуі немесе психотерапевтік жұмыстық жүргізілуіне қарамастан, кеңес беру диалектикалық процесс ретінде және бірнеше сатыда қарастырылуы мүмкін:
- Клиентпен арадагы контрактіге келу кеңеске өз еркімен ұсыныс жасауы, көмек беруге келіскен кеңесші кеңес беру барысында қауіпсіздікті және қолдауды қамтамасыз етеді.
- Сауалды тусіну жне проблемалық ситуацияны талдау. Бұл сатыда кеңесшіге клиенттің проблемасын зейін қоя отырып тыңдап, ашық сұрақтарды пайдаланып, жеткілікті мәліметтерді алу үшін қайта сұрауға бағытталуы қажет. Сол уақытта кеңесші өзінің және клиенттің сезіміне рефлекс жасап, оның ары қарай проблемаға терең енуіне психотерапевтік мақсатта жағдай жасайды.
- Проблеманы қайта өңдеу және психотерапевтік мақсатты орнату, контрактіні нақтылау. Бұл сатыда проблеманың шарттарын түсіну және жағдайдың пайда болуы, сезімді талдау және проблеманың мәніне клиенттің қатысы анықталады. Бұл жерде ең бастысы клиент өзінің проблемасын психологиялық көзқараста түсінуі.
- Проблеманы шешудін тәсілдерін іздестіру. Бұл кезеңде клиенттің өзінің психологиялық қиындығын зерттеуге келісімі қажет, таңдалған шешімге жауапкершілікті іздеу және қабылдау.
Клиентке кеңес беру процесінде оның тұлғасына және өміріне толығымен әсер ететін өзгерістер жүреді. Қандай жағдайда болмасын клиентке жаңа тәжірибе және оны ол қаншалықты терең сезінсе, соншалықты кеңес берудің нәтижесі жоғары болуы мүмкін.
Кеңес беру жұмысының клиентте өтетін өзгеру деңгейіне байланысты шамамен төмендегідей салдарларын бөлуге болады:
- өзіндік қажеттіліктерге, әсерленулерге және ойларға зейінді күшейту;
- өзін тануға және жаңа тәжірибені үғынуға қабілеттілікті дамыту;
- өзіне және қоршаған ортасына қатынасын өзгерту,
- өзіне қамқорлық жасауға, өзінің проблемасын өз бетінше шешуге, таңдау жасай алуға, шешім қабылдай отырып, соған жауапкершілікпен қарауға икемдеу.
Кеңес беру адамдарға көмек беруде олардың проблемасын шешудің бір түрі болып табылады және әрине барлық сұрақтарға жауап беруі мүмкін емес. Бұл басқаларды түсінуге, олардың жеке мақсатына жетуде көрінуі мүмкін. Кеңес берумен қатар басқа да көмек берудің түрлері бар: кеңес, хабарлар жасау, тікелей әрекет, оқыту, жүйелі өзгерістер.
Кеңесші нақты жұмысында осы стратегияларды жағдайдың ерекшеліктеріне және оның динамикасына байланысты сөзсіз пайдалануы мүмкін. Стратегияны ыңғайлы таңдау және оны ауыстыру қабілеттілігі оның шешім жасауға көмектесуі және айналасындағылармен тұлғааралық қарам-қатынасын ретке келтіруі тиіс. Бірақ сұраққа бір жақты психологиялық көмек қалай көрінуі мүмкін екеніне жауап беру оңай емес.
Индивидуалды кеңес жүргізудің алғашқы шарты сол уақытта клиент үшін қауіпсіздігі мен жағдайын жасау қажет, оған: кеңес алуға өз еркімен келісім беру, өзіне және өзінің проблемасына сол адамның белсенді, зерттеу және творчестволық қатынасы; кеңесшіге сенімді қатынас.
Психологиялық кеңес беру әрқашан тұлғаның сана-сезіміне, адамның өзінің даралық ерекшеліктеріне, сезінуіне, тілек, мақсат, қабілеттілік, сезім, ой және әрекетіне бағытталады. Сана-сезім индивидуалды "Мен" әртүрлі аспектілерін тереңдеуіне ықпал етеді, тұлғаның мотивациялық, эмоциялық және интеллекттік компоненттерін кеңейтеді. Сана-сезім біруақытта тұлғаның өсуінің алғы шартын және нәтижесін, оның, қалыптасу процесінің жемісін, құндылықтарының қалыптасуын, оның жүріс-тұрыста жеке түрде жүзеге асуының өмірлік жоспарлары мен тәсілдерін көрсетеді.
Индивидуалды психологиялық кеңес беруді жүргізу арнаулы тұлғалық қасиеттер мен бағдарды қажет етеді. Тиімді кеңес беру жұмысы үшін тұлғаның басқа адамға (клиентке) жағымды бағдары болуы тиіс.
Психологтың және басқа адамның өзара әрекеттестігі мақсатының арасында келесі мақсаттың тобын ажыратуға болады: әлеуметтік, этикалық, адамгершілік және өзіндік психологиялық. Әлеуметтік мақсат адамның өзіне белгілі жалпы нормаларға сәйкес әрекетін және бастан кешіруін ұсынады, мысалы, жас ерекшелік, жыныстық, кәсіби, құқықтық және т.б. Бұл мақсаттар әрекеттердің және бастан кешірудің эталондарының қатысуын ұсынады, яғни соған сәйкес болуы тиіс. Этикалық мақсат "жақсы-жаман" критериінің клиенттің әрекетіне сәйкес келуі және адам соған сәйкес бағалауды өзі таңдауы тиіс.
Тұлғаның ең басты психологиялық мақсаты адамның өзінің қажеттіліктері мен әрекеттің сәйкес келуін ұсынады, яғни бұл қажеттіліктердің жүзеге асуы психологиялық жағдаймен байланысты.
Біздің еліміздегі психологиялық кеңес беру жағдайы бұдан жиырма жыл бұрын еуропа мемлекетінің бастан кешіргендеріне ұқсас болып отыр, алғашқыда әлеуметтік процестерде терең өзгерістерге ұшырады және қоғамдық құрылымдардың әртүрлі сфераларында қажетті бөлігінің бірі болып табылды. Белгілі Британ психологы М. Хорберт бұл жағдайды былай сипаттайды: "кеңес берушілер барлық жерде... сіз оларды мектепте, өндіріс орындарында, ауруханаларда, әлеуметтік қызметтерден кездестіруіңіз мүмкін... неке, ажырасу, карьераны жоғарлату, жақыныңды жоғалту сұрақтары бойынша кеңесшілер бар, ата-аналарды, студенттерді, зейнеткерлерге және т.б. кеңес беру. Осыған сәйкес кеңесшінің міндеті клиентті зерттеуге толығымен мүмкүндік беру және оның ары қарай толық құнды өмір сүруіне қайнар көзін анықтау мен жолын табу. Бұл өте ауқымды анықтама кеңес беру әртүрлі бағыттардың қолданылуға болатынына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тіпті психологиялық кеңес беру бір бағыттың өзінде қолданылу аймағына байланысты әртүрлі пайдаланылуы мүмкін. Жалпы психологтардың кеңес беруі кәсіби біліктілігіне тәуелді болып табылады [4].
Психологиялық кеңес беру - адамдармен тікелей жұмыс, психологиялық проблемалардың әртүрін шешуге бағытталған, тұлғааралық қатынастардың қиыншылығына байланысты, негізгі әсер етудің құралы ұйымдасқан әңгімелесу болып табылады [2]. Психологиялық кеңес берудің мәні психолог арнайы кәсіби ғылыми білімін пайдалана отырып, басқа адам үшін жағдай жасайды, яғни ол оның психологиялық міндеттерін шешуде өзінің жаңа мүмкіндіктерін ойластырады [5].
Психологтың кәсіби іс-әрекетінің бұл түрінің тиімділігінің көрсеткіші басқа адамда өзінің міндеттері бойынша жаңа әсерленулердің пайда болуы болып табылады. Психологтың өзінің көзқарасы бойынша іс-әрекеттің бұл түрінің тиімділігінің көрсеткіші басқа адамның міндеттерімен оның жұмысының сәйкес көрсеткіштері болып табылуы мүмкін. Мұндай сәйкестілік (сәйкестілік емес) шкала бойынша тексеріледі:
1. Психолог зейінді болуға қабілетті емес, клиенттің көңілін бөледі, маңызды ақпаратты жіберіп қояды.
- Психологтың әрекеті конструктивті емес; ол басқа адамға әсер етуге қатты ұмтылады.
- Клиент айтқандары естілмейді немесе өте аз естіледі; психолог өзіне көп кеңіл бөледі.
- Клиенттің әсеріне психологтың жауабы теңдей.
- Психолог өз индивидуалдығын жоғалтпастан клиентке қосылады.

- Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі»
- Живопись архитектурного пейзажа как средство развития художественно – творческих способностей обучающихся в системе дополнительного об
- Животный мир,как объект правовой охраны
- Жизненный успех мужчины в интерпретации российских СМИ
- Жизнестойкость, креативность и адаптивность как факторы здоровья спортсменов-футболистов
- Жизнь и общественно-политическая деятельность Эвы Перрон (1919-1952 )
- Жизнь и подвиг святителя Тихона (Беллавина), патриарха Московского и всея Руси
- Жергілікті бюджеттің кірісін арттыру жолдары
- Жергілікті деңгейдегі монополияға қарсы реттеудің мәселелері
- Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін жетілдіру
- Жер қатынастарының мәні және олардың аграрлық қатынастар жүйесіндегі
- Жертвы насильственных преступлений социологический взгляд на проблему
- Жест и мимика героев фильмов Федерико Феллини
- Жестокое обращение с детьми