Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі»

 



Мазмұны

 

 

Кіріспе___________________________________________________________3

1 бөлім Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері_______________________________________________10

1.1 Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениеті – психологиялық-педагогикалық проблема_____________________________________________10

1.2 Мектеп, отбасы, жұртшылық  – жеткіншектер бойында қарым-қатынас  мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік  ортасы________________________22

 

Тұжырым_________________________________________________________40

 

2 бөлім  Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары__________________________________________________________41

2.1 Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін дамыту жұмысының мазмұны ______________________________41

2.2   Тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижелері___________________52

 

Тұжырым_______________________________________________________62

 

Қорытынды_____________________________________________________63

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі_____________________________________65

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

        Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, білім, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттың жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайларында ұлттық ерекшеліктерді айқындайтын қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.

    Білім беру саласында жеке тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Үнемі өзгеріп тұрған күрделі әлеуметтік-мәдени жүйеде өскелең ұрпақ өкілі жаңа жағдайларға жылдам бейімделу, өз білімін үнемі жетілдіру қабілеттеріне ие болып, өзінің өзгелермен қарым-қатынасын өзара сыйласымдық, түсінушілік және ынтымақтастық негізінде қалыптастыра білуі өте маңызды мәселе.

     Алайда  бүгінгі күні өзара қатынас барысында шыдамсыздық таныту, өзгені тыңдай  және түсіне білмеу, өзгенің ойымен есептеспеу секілді қарым-қатынас мәдениетіндегі кемшіліктерді қоғамдық қатынастардың әрбір деңгейінде жиі кездестіруге болады. Отбасы мүшелері мен ұрпақтар арасындағы, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және этностық топтар арасындағы қарым-қатынас деңгейінің төмендігі дау-дамайлар мен шиеленістерге әкеліп соқтырады. Сол себепті қазіргі қоғамның әлеуметтік және рухани мәселелерін талдау адамаралық қатынастар жүйесін жетілдіру қажеттігін көрсетіп отыр.

      Қарым-қатынас жасау мәдениетінің фундаменті балалық шақта салынып, мектеп қабырғасында қалыптасады және одан әрі дамиды. Сондықтан өскелең ұрпақтың қарым-қатынас мәдениетін ізгілендіруге, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеруге қолайлы жағдайлар жасау – мектептің, қоғам мен отбасының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.  Бұл орайдағы мектептің ұйымдастырушы орталық ретіндегі қызметі – әрбір адамның және жалпы қоғамның мәдени ілгерілеуін қамтамасыз ететін қарым-қатынас мәдениетін  қалыптастыруға бағытталған ортақ істе мектептің, отбасының және жұртшылықтың  күшін біріктіру. Қазақ халқының киелі ошағы үш аяқты болып келеді. Егер оның бір аяғы жоқ болса, немесе майысып тұрса, ошақ тік тұра алмайды. Үстіндегі қазан төңкеріледі, яғни ырыс төгіледі. Сол секілді жас ұрпаққа негізгі тәрбие көзі болып саналатын мектеп, отбасы және жұртшылықтың да атқарар қызметі өте күрделі. Белгілі педагог В.А.Сухомлинский өз еңбектерінде «мектептік-отбасылық тәрбие» ұғымын кең қолданып, тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады деген тұжырым жасайды.

   Біртұтас педагогикалық үрдіс субъектілері (мұғалім, оқушы, ата-ана, әкімшілік, т.б.) арасында шынайы мәдениетті қарым-қатынас орнамайынша, оқу-тәрбие үрдісін ұтымды ұйымдастыру да, үйлесімді дамыған жеке тұлға қалыптастыру да мүмкін емес. Қоғам мен мектептегі тиімді де өнімді қарым-қатынастың қайнар көзі – ізгілік қатынастарға негізделген ынтымақмастық, өзара түсінушілік және әрекеттестік [1].

  Қарым-қатынас мәдениеті және оны қалыптастыру мәселелерінің түрлі аспектілері философия және мәдениеттану    (М.М. Бахтин, B.C. Библер, С.Н. Иконникова, И.А. Ильяева, М.С. Каган, О.Е. Савельева, Э.В. Соколов), психология және педагогика (К.А. Абульханова-Славская, М.И., А.А. Бодалев, Л.С. Выготский, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, В.В. Рыжов,  Я. Корчак, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, К.Д. Ушинский, т.б.) және басқа да ғылымдар саласында қаралған. Көптеген ғалымдар «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымын «мінез-құлық мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «коммуникативтік мәдениет» ұғымдарымен тығыз байланыста қарастырады [2].

     Аталған проблема төңірегіндегі қазіргі ғылыми зерттеу бағыттарына мынадай ерекшеліктер тән: біріншіден, идеологиялық ұстанымдардың ұжымдық сипаттан жекелікке ауысуы білім беру және тәрбиелеу жүйесін қайта құруға, оқу-тәрбиенің жаңа үлгілерін іздестіруге негіз болды, сондықтан педагогика мен психологиядағы қарым-қатынас туралы базалық теориялар біршама өзгеріске түсті. Сондықтан жалпы және әлеуметтік психология, әлеуметтік педагогика оқулықтарының жаңартылған нұсқаларында қарым-қатынасты басқару және оңтайландыру, оның нәтижелігін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Екіншіден, ұлттық сана-сезімнің дамуы мәдениетаралық ынтамақтастықтың  артуына себепші болды.

   Қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты және тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес, адамдардың әлеуметтік қатынасы тек қарым-қатынас барысында жүзеге асады.

«Қарым-қатынас» түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Р.Ж.Божбанова, Қ.Б.Жарықбаев, және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Л.С. Выготский, Б.Н. Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі деп қарастырды. Аталған проблеманы оқып зерттеуде психологтар Леонтьев А.А., Бодалев А.А. қарым-қатынастың стилі мәселесіне ерекше мән береді. Авторлар қарым-қатынас стилінде адамдардың коммуникативтік мүмкіндіктері, бір-біріне қатынасы, қалыптасқан қарым-қатынас дағдылары көрініс табады деп көрсетеді [3].

   Адамаралық қарым-қатынас әлеуметтік психология мен әлеуметтік педагогиканың негізгі зерттеу проблемаларының бірі болып табылады. Аталған мәселе Г.М.Андреева, А.У.Хараш, М.И.Бобнева, В.Н.Куницына, Б.Д. Парыгин  секілді зерттеушілердің еңбектерінде жан-жақты көрініс тапқан. Олар өз еңбектерінде қарым-қатынасты өзара түсіністік орнатуға талпынған өзара әрекеттестік жағдайындағы индивидтердің байланыс (ақпарат алмасу) жасау тәсілі ретінде қарастыра отырып, оның адам психологиясы мен мінез-құлқының сан қырлы жақтарын дамытудағы ерекше рөлін атап көрсетеді.

Қарым-қатынас мәдениетін сипаттай отырып, зерттеушілер оны қалыптастырудың негізі ретінде адамдардың мынандай әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін атап көрсетеді:

- өзге адамның ішкі  дүниесін түсіне білу қабілеті  – рефлексия;

- өзін басқа адаммен  теңдестіру білу қабілеті –  идентификация;

- қарым-қатынастағы партнерге жағымды әсер ете білу қабілеті – динамизм;

- өзгенің уайым-қайғысын  бөлісе білу қабілеті – эмпатия;

- өз-өзін басқара білу  қабілеті – эмоциялық тұрақтылық.

Өзгелермен қарым-қатынас  жасау – бұл тіршілікке аса  маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз. Адам  қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Қарым-қатынастың мұндай маңыздылығы мен мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері ұжымдық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалады. Ең алдымен тікелей еліктеу, содан соң сөздік нұсқаулар арқылы қалыптасатын қарым-қатынас дағдылары арқылы бала негізгі өмірлік тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені балаға беретін онымен тікелей қарым-қатынас жасайтын адамдар, себебі кез келген тәжірибе тек тікелей байланыс орнату арқылы ғана игеріледі. Сонымен қатар, қарым-қатынас жиілігі, оның мазмұны мен формасы баланың жалпы дамуымен қатар, оның мәдени және рухани жетілуіне де негіз болады.

Мемлекет халық өмірінің базалық деңгейін қамтамасыз етуге қатынасын шектеп, адамның өз тағдыры үшін жауапкершілігі өз қолына тиіп отырған    қазіргі кезеңде тіршіліктің кез келген саласында табысты іс-әрекет жасауға қабілеті бар белсенді тұлға ғана өзіне өзінің және елінің болашағы үшін жауапкершілік жүктей алатындығы баршаға белгілі.

      Азаматтық  қоғам құруға байланысты жүргізіліп  жатқан қазіргі үрдістер жеке  тұлғалардың және ұжымдардың  өзін-өзі айқындауға жан-жақты  жағдайлар жасауға бағытталған.  Қазіргі жағдайдағы қоғам дамуының өзекті мәселесі - әлеуметтік әрекетсіздік пен енжарлыққа жол бермеу, әрбір адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінде креативтік бастамаларды қалыптастыру.

     Елімізде  болып жатқан осындай елеулі  өзгерістер өскелең  ұрпақты тәрбиелеу ісіне үлкен міндеттер жүктейді. Қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын тұлға қалыптастырудың бастапқы шарттарының бірі – білім алушыны оқу-тәрбие үрдісінің  объектісінен  өз бетімен білім алатын, өз бағыт-бағдарын айқындай білетін, өзін-өзі үнемі жетілдіре алатын субъектісі  айналдыру. Ендеше бұл мектептегі  оқу-тәрбие үрдісінің алдында  тұрған міндеттердің бірі - өскелең ұрпақтың жалпы және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Себебі тұлға дамуында тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, оның қоршаған орта мен тұқымқуалаушылық әсерлердің енжар объектісі деп тануға болмайды. Бұл үрдісте жеке адамның өз белсенділігі мен шығармашыл-жасампаздық іс-әрекетінің маңыздылығын ескеру қажет.

     Қарым-қатынас мәдениеті проблемасын қоғамдық ғылымда қарқынды зерттеу 60-жылдардың бірінші жартысынан бастап қолға алынды. Бұл жөнінде Л.М.Архангельский, В.Т. Ефимов, Л.Н.Каган, Г.С.Лапина және т.б. философтардың еңбектері пайда болды. Проблеманың әлеуметтік аспектісі Ф.А. Батурин, И.С. Кон сияқты әлеуметтанушылардың еңбектерінде ашылды. Психология ғылымында бұл мәселеге Л.С.Выготскийдің, С.П.Рубинштейннің, Б.Г.Ананьеваның бірқатар еңбектері арналған. Проблеманың теориялық және қолданбалы мәселелері Т.Н.Мальковская, В.А.Сластенин сияқты педагогтардың зерттеулерінде көрсетілген. Қазақстанда бұл мәселені қарастыруға Г.А.Уманов, К.К.Жампеисова, Б.И.Мұқанова, Г.К.Нұрғалиева,т.б. үлес қосқан [4].

     Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселесі педагогика ғылымындағы негізгі проблемалардың бірі. Педагогика теориясында бұл мәселені зерттеуге Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б. көп көңіл бөлген. Олар «қарым-қатынас мәдениеті» терминін қолданбаса да, бұл ұғымның мәнісін тәрбие үрдісінің мақсаттары, міндеттері, құралдары арқылы ашып көрсеткен.       Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселесі одан әрі қарай өз шешімін философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтар мен педагогтардың еңбектерінен тапты

    Қарым-қатынас мәдениеті әрбір жас кезеңінде оқушының әлеуметтік міндеттер көлемі мен жинақтаған тәжірибесіне байланысты артып отырады. Мұндай жағдайда әлеуметтік белсенділік жеке тұлғаның қоғамдық функциялары дамуының және оның қоғамдық өмірге табысты бейімделуінің  маңызды алғышартына айналады. қарым-қатынас мәдениеті ерекшеліктері және оны қалыптастыру жолдарын қарастырамыз.

    Жеткіншектік жасқа қатысты қарым-қатынас мәдениеті феноменін қарастыру бұл санаттағылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік іс-әрекет потенциалымен және қандай да бір белсенділікке бейімділігімен түсіндіріледі. Бұл орайда, өскелең ұрпақты «әлеуметке қарсы» немесе «девиантты» ұғымдарымен түсіндірілетін деструктивті белсенділік көріністерінен қорғап, тұлғаның табиғи белсенділігін тиісті арнаға бағыттау аса маңызды мәселе.

    Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

    Ауқымды қарым-қатынас мәдениеті– жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады.

    Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың мәні мен мазмұнын, ерекшеліктерін  қарастыруда біз философияның «адам - белсенді әрекет ететін тіршілік иесі» деген фундаменталдық ережесін басшылыққа аламыз. Демек, іс-әрекетті ұйымдастыру     қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық принципі болып табылады. Жалпы философиялық, дүниетанымдық бағытта іс-әрекет өмір салтының негізі ретінде объективтік ақиқатты түрлендіруге,  материалдық және рухани құндылықтарды жасауға бағытталған белсенділікті білдіреді. Ол адамның қоршаған болмысты меңгеруінің өзіндік құралы, сонымен қатар адамның өзін-өзі қалыптастыруының, өзінің рухани және дене күшін дамытудың тәсілі болып табылады. Тұлғаның дамуы оның қоршаған ортаны тануға және ақиқатты қабылдауға, өзгертуге бағытталаған өзіндік іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Іс-әрекет нәтижесіне тұлғаның дербес ерекшеліктері, сапалары мен қасиеттері, қабілеттері әсер етеді. Әлеуметтік белсенділікті зерттеушілер кең мағынада әлеуметтік белсенділік және іс-әрекет ұғымдары синонимдер болып табылады деп көрсетеді, себебі іс-әрекеттің өзі, ең алдымен, белсенділікті білдіреді. Сондықтан  белсенділік, тұлға және оның іс-әрекеті ұғымдарының арасында органикалық байланыс бар. 

     Білім беру ұйымында жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі, ең алдымен, негізгі қызмет болып табылатын оқу әрекеті арқылы шешілуі тиіс. Оқу әрекетіне жауапкершілікпен қарау – тұлға   белсенділігінің маңызды сапасы және әлеуметтік белсенділік қалыптасуының бірден-бір көрсеткіші. Алайда қазіргі мектепте жеткіншектерді оқу міндетіне, қоғамдық-пайдалы қызметке саналы түрде жауапкершілікпен қарауға дайындау мәселесі толық шешімін таппай отыр. Сондықтан жеткіншектердің әлеуметтік ортаға еркін бейімделуін қамтамасыз ететін өзіндік белсенділігін қалыптастыру қажеттігі мен бұл мәселенің қазіргі мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі жағдайы арасында қайшылықтар бар екенi байқалады. Осы қайшылықтардың тиiмдi шешiмiн iздестiру бiздiң дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі» деп таңдауымызға негiз болды.

     Зерттеу мақсаты: жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда әлеуметтік институттардың маңызды ықпалын теориялық тұрғыдан негіздеп,  тәжiрибелiк  эксперимент жүзінде дәлелдеу.

    Зерттеу міндеттері:

  • жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасын теориялық тұрғыдан саралау;
  • қарым-қатынас мәдениетті дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың  мүмкіндіктерін  анықтау;
  • жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру, оларды  тәжірибелік эксперимент негізінде тексеріп, нәтижесін шығару.  

     Зерттеу объектiсi: орта мектептердегi оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру кешенi

     Зерттеу пәнi: жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үрдісі.

     Зерттеудің болжамы: егер жеткіншек тәрбиесінде отбасы, мектеп, жұртшылықтың жан-жақты әсері  қамтамасыз етілсе және мұндай әрекеттерді жүзеге асыруда аса маңызды адамгершілік ұғымдар мен қарым-қатынас дағдылары жетілдірілсе, онда жеткіншектің жеке тұлға ретіндегі әлеуметтік маңызды қасиеттері, ең алдымен, қарым-қатынас мәдениеті қалыптасып, одан әрі дамиды. 

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

-жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасын теориялық тұрғыдан сараланды;

- қарым-қатынас мәдениетті дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың  мүмкіндіктерін  анықталды;

- жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастырылып, оларды  тәжірибелік эксперимент негізінде тексеріліп, нәтижесін шығарылды.

   Зерттеу әдiстерi: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге теориялық талдау  жасау;  әлеуметтік белсенділіктің қалыптасуына мүмкіндік беретін жаңа әдіс-тәсілдерді оқып зерделеу; жаңашыл педагогтардың озық тәжiрибесiн оқып зерттеу, жинақтап қорытындылау; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; әңгiмелесу; эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеу және бағалау. 

     Зерттеу базасы: Ақтау қаласының №23 орта мектебі.

     Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдар мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу пәні мен объектісі және зерттеу әдістері сипатталды.

       Дипломдық жұмыстың «Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімінде әлеуметтік белсенділік проблемасының философия, психология және педагогика  ғылымдарында зерттелу деңгейі қарастырылып, бұл сапаның жеке тұлға дамуындағы маңызды рөлі негізделді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі жеткіншектердің әлеуметтік белсенділігінің ерекшеліктері сипатталды. Екінші бөлімде жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетіліп, зерттеу жұмысының тәжірибелік-эксперименттік қорытындылары шығарылды.

 

    1. Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениеті – психологиялық-педагогикалық проблема

     Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-ҮІП сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бір-ақ жеткіншектік жастын, іс жүзінде басталуы бесінші сыныпқа  көшуімен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.

   Жеткіншектік  кезеңнің баланың дамуындағы  ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген  атауларында бейнеленген. Бұл  атауларда осы жастарда болатын,  өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған.  Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасы, олармен әлеуметтік езара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектің жеке басы дамуының аса мақызды факторы  – оның  өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінін, жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады. Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, көптеген жағдайларға байланысты болады. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен, ал, екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. Міне, осы жоғарыда айтылған жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың арасындағы қарым-қатынас мәдениетінен бұрын алдымен адамның әлеуметтік дамуының ерекшеліктеріне тоқталайық [5].

   «Адам» ұғымы  барлық индивидтерге  тән, ортақ қасиеттер мен ерекшеліктерді симпаттауда қолданылады.  Индивид -  биоәлеуметтік жан ретіндегі жеке адам. Тұлға – қоғамдық  қатынастардың субъектісі. Индивид қоғаммен нақтылы әлеуметтік  қауымдастықтар, институттар арқылы ықпалдасқанда, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, әлеуметтік байланыстарды жүзеге асырғанда ғана барып тұлға дәрежесіне көтеріле алады.

  Тұлғаны әлеуметтік тұрғыдан талдау оның құрылымын анықтаудан басталады.  Оны қарастырудың түрлі жолдары бар. Олардың арасынан тұлғаның құрылымының үш элементі «ол», «мен», және олардың жоғары «супер эго» түрінде қарастыратын З.Фрейдтің тұжырымдамасын бөліп айтуға болады.  «Ол»  - бұл біздің түйсіктеріміз басым, айсбергтің көрінбейтін бөлігі сияқты сана түкпіріміз. «Мен» - бұл түйсіктермен байланысты, дүркін- дүркін оған кіріп, отыратын сана. «Эго» санасыздықты қоғамға ыңғайлы қалыпта ұсынуға  тырысады,  «меннен» жоғары,  моральдық нормалармен принциптердің жиынтығын құратып, адамгершіліктің «қадағалаушысы», ішкі бақылаушысы  іспетті.

   Сондықтан да біздің санамызда барлық уақытта, бір жағынан, оған кіретін түйсіктермен, екінші жағынан, «меннен жоғары» талап қоятын моральдық тыйым салулар арасындағы тартыс жүріп жатады. Фрейд мұны шешудің механизмі ретінде «олдық сублимациясын» (ығыстырылуын) ұсынды. Фрейд  «біздің психикалық тіршілік иесін «ол» «мен»және   «меннен жоғары» деп қарастыруымыздың өзі осы психикалық тіршілік иесі жайындағы алға жылжуын көрсетеді, осы бөлу психикалық  өмірдің динамикалық арақатынастарын бұдан да тереңірек түсінудің, жақсмылап сипаттаудың құралы болуы тиіс» деп жазған екен. «Меннің» айрықша түсінісу ықпалының әсерінде екені анық, былайша айтқанда, «ол» үшін түйсіктің маңызы қанша үлкен болса, «мен» үшін түсінудің маңызы да соншалық. Мұнымен бірге «мен» де «ол» сияқты түйсік әрекетіне бағынады. «Мен» «олардың жетілдірілген бөлігі болып саналады [6].

   Әрбір адам өз өмірінде әлеуметтендіру объектісі болып табылады. Әлеуметтендіру үрдісінің мазмұны қоғамдағы адамдардың өз ролін жақсы меңгеруімен  (ата -  ана, әйелі, күйеуі, баласы), қоғамның әлеуметтік және экономикалық өміріне араласуымен, заңға бағынатын, заң талабын орындайтын азамат болуымен анықталады. Әлеуметтендіру тұрғысынан адамға қоғамға ғана талап қоймайды, сонымен бірге нақты топтар мен ұйымдар да белгілі бір талаптар қояды. Талап мазмұны адамның жасы мен қоғамға, ұйымда, топта алатын орнына байланысты. Эмиль Дюркгейм әлеуметтендіру үрдісін қарастыра отырып, оның басталуы, қоғаммен байланысты, және қоғам әлеуметтендіру субъектісі борлып табылады. «Қоғам мүшелерінің арасында айтарлықтай деңгейде бірлік болғанда ғана қоғам бола алады. Сондықтан қоғам адамды «өз үлесі бойынша» қалыптастыруға тырысады, - деп жазып Эмиль Дюркгейм, соңғысын қоғамды әлеуметтендіру әрекетінің объектісі ретінде қарастырды. Э.Дюркгеймнің көзқарасы Толкот Парсонстың құрылымдық структурализм деген әлеуметтік теориясына негіз болды. Бұл теорияның іргетасы – «әлеуметтік әрекет» тұжырымдамасы болды. Қоғамдық өмір – адамдар (индивидтер) қарым қатынасының шексіз көптігі мен шырмауы, ал қоғам – адамдардың дәлелі бірлескен әрекет және ол белгілі бір ортада әрекет ететін индивидтерден тұрады. Парсонстың пікірінше, кез келген әлеуметтік құбылысты адам мінез құлығын (жеке әлеукметтік әрекетін) зерттеу арқылы түсіндіруге болады. Парсонста әлеуметтік әрекеттің суъектісі моральдік индивид болып саналады.

   Әлеуметтік әрекеттің  белгілі бір құрылымы бар: әрекет  етуші тұлға, мақсат, ситуация (жағдай); нормативті бағдар, әрекет затының  реакциясы. 

Осының бәрі индивид неге осылай әрекет еткеніне түсінік беруі тиіс. Ең алдымен, адам мінез құлығы адамға қоғамның таңып беретін мәртебелік – рольдік мінез – құлығының мазмұнымен байланысты. Осылайша адам әлеуметтік сахнадағы «актерге» айналады.

  Адам «актер» ғана  емес, шынайы әлеуметтік әрекеттің «архитекторы» да. Өз таңдауын, өз мақсатын ол сол қоғамның мадениеті және өз тұлғасының мәдениеті негізінде жасайды. Егер рольден күтілетін нәтиже анық және ол дұрыс орындалатын болса, қоғам тепе – теңдікте болады. Сондықтан әлеуметтік әрекеттердің табыстылығы, яғни күтілетін міндеттердің дұрыс орындалуы әрекетке сай құралдар  әдістерді дұрыс таңдай білуге байланысты (позитивті көз жеткізу, негативті мәжбүрлеу, эгоисттік компромисс).

   Бірақ қоғам  өз мүшелерінің әлеуметтік ролді орындауға мәжбүр ету, рольдік ауытқулар, болған жағдайда оны түзетіп отыру керек.

    Т.Парсонстың  жалпы социологиялық теориясында  құрылымдық талдау мәселесі маңызды  орын алды. Бұл жерде ол әлеуметтік  жүйені қызмет ету тұрғысынан  ғана емес, даму тұрғысынан да қарауды ұсынды. Бұл үшін ол тең дәрежелі және интеграция идеяларына, «тәртіп», «әрекет», «құрылым», «талап»түсініктеріне назар аударады (ғалым  оны «айнымалылар» деп атайды, бұл эмперикалық социология термині, ұғымы).

   Әлеуметтік жүйе  несіз өмір сүре алмайды? Ненің көмегінсіз табысты қызмет ете алмайды?

Парсонс төрт негізгі  қызмет көрсететін мәселені көрсетеді?

 

1 кесте - Парсонстың әлеуметтік жүйесінің үлгісі

 

Функция

Жүйе салалары

Әлеуметтік институттар

Норма-рольдерді  орындаушылар

1. Бейімделу

Экономика

Зауыттар,банктер, дүкендер

Кәсіпкер - жұмысшы

2.Мақсат бағдары

Саясат

Партиялар, қозғалыстар

Функционер қатардағы  мүше

3. Интеграция бақылау

Әлеуметтік аппарат  институттары

Мемлекеттік

Шенеунік азамат

4. Мінез-құлық үлгісіне  қолдау көрсету

Әлеуметтену

Отбасы, мектеп, дін

Оқытушы-оқушы


 

 

  1. Тиімді ұйымдастыру және материалдық, адами, мәдени ресурстарды бөлу мәселесі. Бұл функциялды талаптар бейімделу мәселесі ретінде белгілі:  өмір сүруі үшін жүйе ішкі жағдайларға да, сондай – ақ сыртқы өзгерістерге де бейімделуі керек.

    Бұл функцияға  экономика сәйкес келеді: қоғам  мүшелері өмір сүре алатындай  белгілі бір қажеттіліктерді  қанағаттандыруға қажетті материалдық  өнімдерді жеткізеді және бөледі.

   Көрсетілген жүйе  салаларына бейімделу процестерін реттейтін зауыттар, банктер, дүкендер және т.б. сияқты  әлеуметтік институттар сәйкес келеді. Соңында қатынастар шеңберінде орындалатын норма – рольдер, кәсіпкер жұмысшы, тұтынушы және т.б.

  1. Негізгі мақсаттарды анықтау және оған жетуге қолдау көрсету процесі мәселесі. Бұл функцияға саясат және саяси ұйымдар – партиялар, қозғалыстар және т.б. сәйкес келеді. Олар мақсат қояды және функционерлер арқылы қоғам мүшелерін осы мақсатқа жұмыс істеуге ынталандырып саяси әрекеттермен айналысады.
  2. Интеграция  мәселесі – тұрақтылықты, бірлік, ынтымақтастықты сақтау. Бұл функцияны жалпы нормалармен құндылықтарды, белгілер жиынтығы мен жалпы мәдениетті құру және оған  қолдау көрсету жолымен әлеуметтік бақылау институттары жасайды. Адамдардың мінез – құлқына қоғамның әдейі әсер етуі арнайы ұйымдар – мемлекеттік аппарат пен заңды институционалды құралдар арқылы жүзеге асырылады, олар теңдіктің бұзылуы мен жүйені қайта өндіруді талаптану және мәжбүрлеу формалары арқылы табысты жүргізуге мүмкіндік береді.
Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі»