Бизнес жоспар

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Д.Серікбаев  атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік  Техникалық  университеті

 

 

 

 

 

Бақылау жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

                                                                 Факультет: «Экономика және менеджмент»                 

                                                                  Кафедра: «Кәсіпорын экономикасы»

                                                                  Мамандық «Экономика»                

                                          Орындаған: Құскенова Аяулым

                  11- Бэкз-3  тобы

                                           Қабылдаған: Сулейменова Т.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

2013 жыл

 

 

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық  университеті

 

 

 

 

 

Курстық  жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

                                                                 Факультет: «Экономика және менеджмент»                 

                                                                  Кафедра: «Кәсіпорын экономикасы»

                                                                  Мамандық «Экономика»                

                                               Орындаған: Құскенова Аяулым

                   11- Бэкз-3  тобы

                                               Қабылдаған: Сагидолдина А.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

2013 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Dreamland» шаштаразының

бизнес-жоспар мазмұны:

 

 

    1.   Көрсетілетін бет
    2.   Проект резюмесі
    3. Шаштараз туралы мәлімет
    4.   Қызымет көрсету бәсеке
    5.   Маркетингтік жоспар
    6.   Персанал бойынша жоспар
    7.   Фирманың құқықтық қамтамасыз етілуі

  8.  Жұмыс орындарын жабдықтау

9. Қаржылық жоспар

10. Тәуекелдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Көрсетілетін бет:

Кәсіпорын атауы: ЖК «Dreamland» шаштаразын 2014 жылдың маусым айында ашу жоспарланған.

Директоры: Құскенова Аяулым Ермекқызы

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Питер Коммунарлар көшесі, 7 үй.

Телефон: 8(7232)20-77-01

Факс: 8(7232) 20-77-01

Сергей Зверев Ресей  стилисты  «Ең кішкентай және сүйкімі шамалы шаштараз ешқашан құр қалмайды» дейді. Мен неге осы кәсіпкерлікті таңдадым? Өйткені, кез келген уақытта, кез келген уақытта, кез келген мезгілде құрылысшы, етікші, шаштаразшы керек.

Шаштаразды көп жағдайда салон ретінде қарастырады. Мамандар дәл осындай мекеме ашу арқылы салон бизнесіне енуді ұсынады.

Жақсы қиылған шаш, жарасымды  шаш үлгісі сырт бейненің негізгі  құраушысы болып саналады. Сондықтан  осы бизнес түріне тұтынушы қашан  да табылады.

Салон өз тұтнушыларына  заман талабына сай жаңа мода тенденцияларынан қалыспай қызмет көрсетеді.

Алғашқы жарғылық қор директордың өз қаржысынан құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Проект резюмесі

2.1. Салондардың негізгі түрлері

Қазіргі шаштараз салондары  баға, қызмет көрсету деңгейі және тұтынушылары бойынша жіктеледі.

 

 

1. Базалық деңгейдегі салон (классикалық шаштараз)

          Мұндай салонның  тұтынушылары  болып көрші тұрған үйлердегі  тұрғындар немесе жақын жерде  жұмыс істейтін адамдар табылады.

Салонның мамандануы – дәстүрлі және аз шығынды қызмет түрлерін көрсету, мысалы: шашты бояу және қию.

Классикалық шаштараздың  басты сипаты – ыңғайлы жерде  орналасуы және ыңғайлы жұмыс  графигі.

Бұндай шаштараз салонының  тұрақты тұтынушылары әдетте «өз» шеберлерінің қызметін пайдаланады.

Шашты қию мен укладканың бағасы – 800-1000 теңге шамасында болады.

 

2. Орташа деңгейдегі салон (middle)

Әдеттегі қарапайым  шаштараз салондарымен салыстырғанда  аталған салонның  көрсететін қызмет аясы біршама кең. Атап айтқанда мұнда  шаш бояу, қию, үлгілер жасаудан басқа маникюр, педикюр, косметикалық кабинет қызметі мен солярий бар.

Мұндай салондарда жұмыс  істейтін қызметкерлер анағұрлым маманданған  болады. Мысалы, қазіргі жаңа мода тенденцияларының бағыттарын жақсы білетін шеберден кеңес (консультация) алуға болады.

Орташа деңгейдегі салондар сапалы және индивидуалды қызмет көрсетумен тұтынушыларды тартады.

Шаш қию + укладка бағасы – 1000-2000 теңге аралығында.

Әдетте middle-класс шаштараз салондарында шеберден кеңес алғаннан соң сатып алуға болатын тауарлары бар дүкендер болады. Онда шаш күтіміне арналған құралдар мен заттарды, сондай-ақ аксессуарларды сатып алуға болады.

 

 

 

3.Салон –студия (luxe)

Жоғары деңгейдегі шаштараз салондарының басты ерекшелігі –  эксклюзивті қызметтер көрсету. Мұнда тұтынушылар шаш үлгісін жасату үшін ғана емес, сонымен қатар жақсы көңіл-күймен шығу үшін де келеді.

Әдетте барлық «Люкс»- класс салондары авторлық болып  келеді. Яғни халықаралық сайыстардың  және чемпионаттардың жүлдегерлері болған атақты шаштараз-дизайнерлердің маркасы мен басшылығында жұмыс істейді.

Бұндай жоғары деңгейдегі қызмет көрсетумен қатар, жаңа образ  жасауға, шаштың, бет пен дене терісінің  күтімі бойынша өте кең және сан  алуан қызмет түрін ұсынады. Көп  жағдайда SPA, талассо, ароматерапия қызметтерін де көрсетеді. «Люкс» салоны өз тұтынушыларын «мерекелік күндерде» ғана өздеріне күтім жасауға емес, сондай-ақ күнделікті тонус пен форманы ұстау процедураларын жасап отыруға шақырады.

Жоғарыда аталған зерттеулерге сүйене отырып, біз аралас шаштараз салонын, яғни базалық және орташа деңгейдегі салон ашқалы отырмыз.

 

 

2.2. Көрсетілетін қызмет түрлері келесідей:

І. Шаштараздың  көрсететін қызметтері:

Қыздар үшін:

  • Шаш қию
  • Милирование
  • Кекіл қию
  • Шаш үлгісін жасау
  • Қалыңдыққа арналған шаш үлгісін жасау
  • Укладка
  • Шаш бояу
  • Шаш өсіру (наращивание)

Ер адамдар үшін:

  • Шаш қию
  • Шаш үлгісін жасау
  • Сақал мен мұртты түзету
  • Шаш бояу
  • Милирование

ІІ. Маникюр  бөлімі бойынша:

  • Тырнақ бояу
  • Тырнаққа сурет салу
  • Тырнақ өсіру (наращивание)
  • Тазалау

ІІІ. Косметологтың  ұсынатын қызметі:

  • Макияж жасау
  • Қас корециясын жаса
  • Қас өсіру (наращивание)

ІҮ. Сонымен  бірге салонда қажетті заттарды сататын  дүкен бар.

3.Шаштараз туралы мәлімет

Шаштараз ашу үшін ең бірінші нақты потенциалды  тұтынушылар шеңберін анықтау қажет. Тек осы ақпараттарға сүйене отырып өзіміздің бизнес-стратегиямызды жасау керек.

Ең алғашқы қадам  – ол шаштараздың орналасатын  территориясы.

Сонымен шаштараз-кабинеттер «ағымда» пайда табады. Олар көпшілік көп жүретін жерлерде орналасады: қаладан алыс аудандарда, вокзалдарда, қонақүйлерде, аэродромдарда, сауда орталықтарында және т.б. Қымбат емес, жылдам және сапалы қызметтер көрсете отырып, біз әрдайым тұтынушылармен қамтамасыз етілеміз. Пайда табу мөлшері өзіміздің осы ағымды қалай ұйымдастыратынымызға байланысты.

Негізі, шаштараздың ашатын орнын іздеуге  байланысты мәселе туындамайды. Мысалы, бір шаштаразы бар көпқабатты үйге шаштараз ашса, немесе керісінше сіз бірінші болып көпқабатты үйде шаштараз ашсаңыз, кейін дәл сол үйде сіздің бәсекелесіңіз пайда болса, шаштаразыңыз клиентсіз қалады деп уайымдамауға болады.Яғни, егер біздің шаштараз көпшілік жүретін жерде (үлкен көшелерде, алаңдарда) немесе бизнес-аудандарда (жаңа үйлер, офистік орталықтар) орналасса орташа деңгейдегі салон ашуға болады, себебі оның потенциалды тұтынушылары – жұмыспен қамтылған ақшасы бар адамдар.

.  Қаламыздың нарығын  зерттей келе шаштаразымызды Өскемен қаласының  Әдемілік салондары аз орналасқан аймағында ашуды жөн көрдік. Сол себепті Питер Коммунарлар көшесінде, көпшілік халық жүретін көшені таңдадық. Мұнда біз ұсынатын қызметтердің тұтынушыларының жас ерекшеліктері де, қажеттіліктері де, әлеуметтік статусы да әр түрлі. Біз үшін бұл тиімді болып келеді.

 

Шаштараз  ашу үшін мына төмендегілер қажет:

  • Ғимарат, бөлме таңдау.
  • Нарық сегментін анықтау (тұтынушылар базасын).
  • Қызмет түрлерін және ыңғайлы жұмыс режимін құру.
  • Бәсекелестердің алдындағы артықшылықты көрсету (өзіміздің ерекшелігімізді табу). Ол ғимараттың дизайны, ерекше қызметтер, персоналдың корпоративтік стильдегі бірыңғай киім формасы, кезек күтіп отырғанда тегін кофе және т.б. болуы мүмкін.
  • Квалификацияланған қызметкерлермен қамтамасыз етілу (курстарды бітірген түлектерді немесе нашар шеберледі жұмысқа алуға болмайды). Яғни профессионализм бірге шеберлердің психологиялық дайындығы. Себебі, шаштараз тұтынушыларының басым бөлігі нәзік жандылар, олар жұмыс барысында өз мәселелерін, жағдайларын баяндайды. Есте сақтау керек: салонға тұтынушыларды шеберлер тартады.
  • Нормативтік құжаттар бойынша талаптарды білу (санитарлық талаптар, ғимарат, құрал-жабдықтар және материалдар бойынша нормативтер, салонның разрядтарына талаптар) және оларды орындау.
  • Кәсіби құрал-жабдықтар мен материалдар бойынша жеткізуші табу.
  • Салонның жарнамасы мен қызметкерлердің үздіксіз ақпаратпен қамтылуын қадағалау .
  • Жұмысты бастау!

 

Ғимарат- 50 ш.м (бұл 2 бөлмелі). Шаштараз ашу құны 5-6 мың $ арасында болады. Бұл жағдайда бастапқыда бізге әрбір нәрсеге үнемдеуге тура келеді. Салыстыру үшін қарастырып көрейік: орташа деңгейлі салонды жобалауға, дизайн мен құрал-жабдықтарға 10-35 мың $ шамасындағы сома қажет.

  4. Қызмет көрсету, бәсеке

Біздің бәскелестеріміз  «Студио А» сұлулық салоны, «Студио МК» сұлулық салоны, және «Алина» шаштаразы болып табылады.Әр қайсысына тоқталып өтсек: «Студио А» сұлулық салоны бағасы орташа, тұтынушылары аз болып табылады. «Студио МК» баға деңгейі жоғары,өзінің тұрақты тұтынушылары бар, алайда барлық адамдар

Кестеден көргендей  біздің басты бәсекелесіміз «Ваш каприз» салоны болып таблады. Дегенмен бәсеелестеріміздің көрсететін қызмет аясы тар, әрі баға деңгейі де жоғары. Сол себепті біз баға және ұсынатын қызмет түрлері бойынша артықшылықтарға иеміз. Салонымыздың тұрақты тұтнушыларына жеңілдік карточкаларын ұсынамыз. Бәсекелестерден тағы да бір артықшылығымыз – үйге барып қызмет көрсету.

 

5. Маркетингтік жоспар

          Маркетингтің стратегиясы және мақсатына келетін болсақ, онда фирманың стратегиялық жоспарының қорытындысына, негізгі тауарларды сатудағы маркетигтік мақсатына, ассортиментіне үлкен нарықтық қатынастарға кіру, жаңа сатып алушылардың арасындағы нарықтың перспективасының өсуін, жаңа тауарлар шығару және жаңа қызмет көрсету, диверсификация бойынша нарықта бәсекеге қабілеттілігі, маркетинг бюджетіне байланысты сұрақтарды қарастырамыз. Содан кейін мақсатқа жету үшін маркетингке нақты стратегияны анықтаймыз.

Кәсіпорынның  негізгі мақсаты – пайда табу, нарықта тұрақты орнын табу, тұтынушыларының сеніміне ие болу.

Осы мақсатымызға жету үшін біз өз бәсекелестерімізді талдау барысында барлық факторларды қарастыруымыз керек.

Баға құру барысында  бәсекелестердің баға саясатын ескереміз. Нарыққа ену үшін ең басында қызметтеріміздің бағасын бәсекелестерден төмен қоямыз, ал нарықта тұрақты орнымызды тапқаннан кейін баға деңгейін біртіндеп көтере бастаймыз.

Тұтынушыларымызды тарту  мақсатында әр апта сайын жеңілдік күндерін белгілейміз, мысалы бейсенбі сайын кез келген қызмет түріне 5%-дық жеңілдіктер ұсынамыз. Сондай-ақ тұрақты тұтынушыларымызға жеңілдік карточкаларын береміз.

Жарнама ретінде Микс радиотолқынында, Қазақстан Өскемен телеарналарынан хабарлама жүгіртпе жол береміз.

 

 

 

 

 6. Персанал бойынша жоспар

Персоналға қойылатын  басты талап – білікті кәсіби даярлық.

Ұйым бір директор, 1 әкімшілік (ол бухгалтер кассир, әрі телефон қоңырауларына жауап беруші болады), 6 шаштараз-шеберлер, 1 маникюр жасаушы, 1 еден жууышыдан құрылады.

 

7.Фирманың құқықтық қамтамасыз етілуі         

Шаштараз салонын ашу  үшін кем дегенде 3 инстанцияның рұқсатын алу керек:

    1. СЭС
    2. Госпожнадзор
    3. Территориялық мүлік басқармасы

Бұл мәселені өздігімізден шешуге болады, сондай-ақ арнайы маманданған  компаниялардың көмегіне жүгінуге болады. Олар барлық құжаттарды жинап, дайындап береді.

Шаштараздыққа лицензия алудың қажеті жоқ.

Жұмыс орындарын  жабдықтау

 

Қызметкерлер

Әрбір жұмыс орнының  жабдығы:

Шаштараздың  жұмыс  орнын жабдықтау.

  1. Кресло (айналмалы, көтеріліп-түсірілетін);
  2. Құралдарды қоюға арналған полкасы бар айна;
  3. Жарық;
  4. Электрожабдықтарға арналған розетка;
  5. Құралдар мен материалдарға арналған сүйретпе;
  6. Кір орамалдарды (киімдерді) жинауға арналған корзина.

Маникюр жасаушы адамның  жұмыс орны

  1. Арнайы жұмыс үстелі;
  2. Құралдарға арналған стерилизатор (ультракүлгін тазалау мен қайнату);
  3. Материалдарды сақтауға арналған шкаф;
  4. Кір орамалдарға арналған корзина.

 

 

8.Қажетті орамалдар мен жабдықтар.

СЭС талаптарына сай  әрбір жұмыс істеуші шеберде  ауыстырылып отыратын 3 жұмыс киімі  болуы қажет. Қарапайым принцип: бірінші аустырылатын киім жууға  берілген, екіншісі жұмыста, үшіншісі таза тұрады.

Тұтынушыларға арналған комплект 2 орамалдан, пеньюар мен салфеткалардан тұрады. Әр шеберге 1 ауысымда (сменада) орташа есепппен 10 набор келу керек.

Шаштараз салонының  орамал, киімдері үшін табиғи материалдар  – мақта немесе лен қолданылады. Орамалдар мен құралдардың тазалығы медициналық нормалар сияқты талаптарға сай болады. Бұл мәселені шешудің бірнеше жолы бар:

    1. Арнайы киім жуатын фабрикалармен (фабрика-прачечная) келісімге келу;
    2. Бір реттік қолдануға жарайтын (одноразовые) орамалдарды, құралдарды пайдалану.

Салондағы тазалыққа  тұтынушылар риза болады.

Сонымен бірге бір  өртсөндіргіш орнату,

Сондай-ақ бірыңғай жұмыс  киімін енгізген дұрыс. Бұл салонның имиджіне де , тұтынушыларға да, қызметкерлерге де оң әсерін тигізеді.

 

9. Қаржылық жоспар

Салон жұмысына қажетті  материалдық шығындар тізімі:

Құралдар

Саны

Бағасы, теңге

Түзу қайшылар (әр түрлі ұзындықтағы, тарағымен, тарақсыз)

8

450

Филировкаға арналған қайшылар (әр түрлі  ұзындықтағы және формадағы)

6

350

Тарақтар наборы (ұзынша, түзу, фенге  арналған, массажка, жиі, сирек басты  т.б.)

6

500

Щеткалар

6

150

Қиюға арналған бастары бар кәсіби бритва

6

1500

Профессионалды фен (ыстыққа төзімді, ұзын сапты, 2-3 жылдамдықтағы, 2 температура  режимі бар, 1200 Вт қуаттылықтағы)

6

2500-5000

Шаш қиюға арналған машинка

6

2600-4000

Айна (үлкен, кіші)

3-4

4000-7000

Электрожұлғыш (жайпақ, дөңгелек)

2

4500

Шампунь

7

350

Бальзам

7

350

Бояуға арналған сұйықтықтар (әр түрлі түсті)

10

450-500

Шаш бояуға арналған ыдыс пен кисточка

3

250

Гель

4

200

Шашқа арналған лак

4

350-500

Қыстырғыштар

30

50

Мақта

15

100

Орамалдар, салфеткалар

20

250-400

Қызметкерлердің бірыңғай жұмыс киімдері т.б.

5

1500-2000


 

Басқарушы салонда айлық  қордың болуын және сатылатын препараттар  резервінің таусылмауын үнемі қадағалап  отыруға міндетті.

Айта кететін жайт: көрсетілген қызметке көңілі толған тұтынушылар жұмыс барысында шебер пайдаланған препараттарды көп жағдайда сол салоннан сатып алады.

 

 

«Dreamland» шаштаразында көрсетілетін қызметтер түрлерінің құны:

 

Қызмет түрлері

Бағасы (қыздарға)

Бағасы (ұлдарға)

  • Шаш қию

800-ден

600-ден

  • Милирование

3000-5000

2000-4000

  • Кекіл қию

150

100

  • Шаш үлгісін жасау

2000-5000

1500-4500

  • Қалыңдыққа арналған шаш үлгісін жасау

2500-6000

-

  • Укладка

600-2000

-

  • Шаш бояу

600-800

300-600

  • Шаш өсіру (наращивание)

20000-нан жоғары

-

  • Сақал мен мұртты түзету
 

350-500

  • Тырнақ бояу

500

-

  • Тырнаққа сурет салу

600-ден жоғары

-

  • Тырнақ өсіру (наращивание)

1500-3000

-

  • Тазалау

500-1000

-


 

 

Салонның еңбек ақы бойынша шығындары:

Шаштараз-шебердің үлкен емес еңбекақы мөлшері (оклад) мөлшері және түсімнен пайыз % болады, яғни көп жұмыс істесең, көбірек аласың.

 

Қызметкерлер

Еңбекақысы

Директор

50000

Әкімшілік

40000

Шаштараз-шебер 6 адам

35000*6

Маникюр жасаушы

30000

Еден жуушы

25000


           Егер әр ай сайын салонға 450-дей адам келеді деп есептесек, онда ай сайынғы алатын түсіміміздің мөлшері 970100 теңгені құрайды.

Салонның  жалпы шығындары:

Шығындар

Сомасы

1

Материалдық шығындар

63150

2

Еңбекақы шығындары

355000

3

Салық және салымдар

200000  

4

Жалға алу шығыны

70000

5

Энергия шығыны

2500

6

Теплосеть

4000

7

Ыстық және суық суға шығындар

800

8

Технологиялар амортизациясы

10000

9

Телефон бойынша шығындар

450

10

Барлық шығындар

705900

11

Қызмет көрсетуден түскен түсім

958100

12

Таза пайда

252 200


 

        Қаржылық талдаудан көріп отырғанымыздай кәсіпорынның таза пайдасы 252 200 теңгені құрайды. Кәсіпорында оң әсер байқалады. Келешекте материалдық шығындарды азайтып, қызмет көрсетуден түсетін түсімді арттыру арқылы таза пайданың мөлшерін жоғарылату жоспарлануда.

 

 

 

 

 

Жұмыс уақыты: сағат  9.00-20.00 ге дейін. Үзіліссіз және демалыссыз. Шаштараз шеберлер 2 күн сайын 3 адамнан жұмыс істейді (2 күн жұмыс, 2 күн демалыс).

 

10.ТӘУЕКЕЛДЕР

 

  1. Ыстық немесе суық судың болмай қалуы.
  2. Тоқтың болмай қалуы.
  3. Тұтынушыларымыздың бәсекелестерге ауып кетуі.
  4. Шаштараз-шеберлердің белгілі себептермен жұмысқа шыға алмауы.
  5. Технологияның бұзылуы.
  6. Қызмет көрсетудің төмен болуы.
  7. Өрт және ұрдық қауіпі т.б.