Microsoft Excel программасы

Microsoft Excel программасы

Microsoft Excel — бұл құжаттарды  тез арада таблица түрінде  дайындауға арналған программа.Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады. EXCEL программасын іске қосу үшін «Пуск» менюінің «программы» тобынан «Microsoft Excel» таңдаңыз. Excel терезесі ашылады. Excel: 1- меню жолынан тұрады, яғни «Файл», «Вставка», «Правка», «Вид» және т.б. 2- Стандартты аспаптар тақтасы 3- Форматтау аспаптар тақтасы. Excelде құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру т.б операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды өндеуге және көрнекті қылдырып көрсету үшін форматирование аспаптар тақтасы қолданылады немесе меню командалары қолданылады. 4- Формула жолында біріншісі- төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың адресін көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да көрсеткіш тұрған ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б мәндерді көрсетеді. Егер ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге болады. Одан төмен Excel жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының төменгі жағында Excel жұмыс режимінің көрсеткіші орналасқан. Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Готов сөзін көрсетеді. Excelде мәлімет енгізу және қорғау. Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар:

1. Сан; 2. Текст; 3. Дата (мерзім); 4. Формула.

1. Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады.

2. Текст- Excel санға не формулаға  ұқсамаған кез келген символды, әріпті текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады. Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.

3. Дата – Excel дата енгізгенді  тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1 май 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.

 

4. Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады. Арифметикалық операция белгілері:

 

+ (қосу), — (алу), / (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық  адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б мәліметте қате кетсе түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп курсорды қойып түзейміз. Қате жөндеген соң Enter басып шығамыз.

 

Бірнеше ұяшықтағы мәліметті, яғни сандардың барлығын қосу үшін ерекшелеп аспаптар тақтасындағы «автосумма» кнопкасын қолданасыз.

 

СУММ (С1:С100)

 

С1 клеткасынан С100 клеткасына дейінгі сандар қосындысы. : белгісі ерекшеленген диапазон, яғни С1 ұяшығынан С100 ұяшығына дейінгі клеткадағы мәліметтер жиыны.

 

СУММ (С1,С4,С6) бұл осы нақты көрсетілген клеткалардағы сандардың ғана қосындысы.

 

Excelде курсорды бір клеткадан басқа клеткаға жылжытып отыру үшін ¬ ­ ® ¯ курсорды басқару клавишалары (клавиши управления курсором) қолданылады, немесе Shift+Enter клавишасын басса курсор жоғарғы клеткаға, Tab+Enter клавишасын басса төмен қарай, Tab клавишасын басса оң жақ клеткаға жылжып отырады.

 

Таблица арқылы мәлімет енгізу қолайсыз болса, таблицаны ерекшелеп  алып, «Данные» ®«Форма» командасы арқылы Форма жасап, мәліметтерді таблицаға содан енгізіңіз. Егер добавить кнопкасын басып формада жаңа мәлімет енгізсеңіз, ол мәлімет таблицаның астыңғы жағына автоматты түрде пайда болады. Мәліметтерді бөгде адамдар бүлдірмес үшін «Сервис»®«защита» командасы арқылы парақты не толық кітаптың өзін пароль қойып қорғауға болады. Ұяшықтардың абсалюттік және салыстырмалы адресі. Клетканың адресін түсіндіру үшін, мына таблицаны келтіремін: Мекемеден қызметкерлер 1 айға 5% өсімімен қайтаруға қарыз алған. На месяц бағанасында өсімі есептелген. Яғни қарыз сомасын В6 клеткасына (5%)көбейткен. Егер мен Е9 клеткасына =D9*B6 деп жазып, басқа төмендегі клеткаға толтыру маркері арқылы көшіре бастасам, В6 адресі В7, одан төмен В8 болып өзгертіле бастайды. Ал бұл клеткалар өздеріңіз байқап отырғандай бос тұр. Формула жазғанда клетка адресі өзгермеу үшін жоғарыдағы суреттің формула жолында көрсетілгендей $ символын қолдану қажет. Клеткалардың адресін (атын)өзгертуге болады. Мысалы В6 клетка адресін өзгерту үшін оны түртіп, «Вставка»®«Имя»®«присвоить» командасын орындаңыз да процент атын беріңіз. Енді жоғарыдағы формуланы =D9*процент деп жазып, ешқандай $ символын қолданбай толтыру маркерімен басқа клеткаға көшіре аласыз. Excel—де функция қолдану. Таблицамен жұмыс жасағанда мәліметтерді есептеуде функция өте көп көмек береді. Математические, статистические, логические, финансовые бөлімдерінде әртүрлі функциялар бар. Функция қолдану үшін аспаптар тақтасындағы мастер функций кнопкасын басыңыз немесе «Вставка»®«функция» командасын таңдаңыз. Мастер функций- шаг 1 из 2 сұхбат терезесі ашылады. Қажетті категорияны таңдап, ондағы функция бойынша қай ұяшықтағы мәліметті есептеу қажеттігін көрсетесіз. Төмендегі суретте кейбір қажетті функциялар бойынша есептеулер көрсетілген. Мысал ретінде 64 және 4 сандары алынған. Мастер функций кнопкасын басу арқылы осы сандарға әртүрлі функция есептеуге болады.

 

 

 

Математикалық функциялар да өте көп. Төменде солардың кейбірін қолданып есептеулер жүргізілген. Мысал ретінде 16 саны алынған. Бұл функциялар математикалық есептеулер жүргізгенде өте қолайлы.

 

 

 

Бұл программада басқа да математикалық функциялар бар. Олар: ACOS, ABS, ASIN,ATAN, ATANH, TAN, TANH, MOБP, МУМНОЖ, НЕЧЁТ және т.б.

 

 

 

Анықтама алу. Excel-дегі көмекшіңіз.

 

 

 

Excel-де кейбір сұрақтарыңызға жауап алу үшін аспаптар тақтасындағы «помошник» кнопкасын басыңыз немесе F1 клавишасын басыңыз. Анықтама бөлімінің бүкіл бөлімін қарап шығуыңызға мүмкіндік бар. Төменде көрсетілгендей анықтама бөлімі ашылады. Қажетті бөлімді ерекшелеп алып, Enter клавишасын басыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы.

 

Математикалық функцияларды қолдану.

 

Microsoft Excel  — бұл құжаттарды  тез арада таблица түрінде дайындауға арналған программа.

 

Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады.

 

EXCEL программасын іске  қосу үшін «Пуск» менюінің  «программы» тобынан «Microsoft Excel»  таңдаңыз. Excel терезесі ашылады. Excel:

 

1- меню жолынан тұрады, яғни «Файл», «Вставка», «Правка», «Вид» және т.б.

 

2- Стандартты аспаптар  тақтасы

 

3- Форматтау аспаптар  тақтасы

 

Excelде құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып  шығару, қате тексеру т.б операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды өндеуге және көрнекті қылдырып көрсету үшін форматирование аспаптар тақтасы қолданылады немесе  меню командалары қолданылады.

 

4- Формула жолында біріншісі- төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың адресін көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да көрсеткіш тұрған ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б мәндерді көрсетеді. Егер ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге болады.

 

Одан төмен Excel жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының төменгі  жағында Excel жұмыс режимінің көрсеткіші орналасқан. Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Готов сөзін көрсетеді.

 

Excelде мәлімет енгізу және қорғау

 

Excelде мәлімет енгізудің  4 түрі бар:

 

1. Сан   2. Текст

 

3. Дата (мерзім)  4. Формула

 

1. Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады.

 

2. Текст- Excel санға не формулаға  ұқсамаған кез келген символды, әріпті текст ретінде санайды да,  автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады. Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.

 

3. Дата – Excel дата енгізгенді  тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1 май 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.

 

4. Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған  формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады. Арифметикалық операция белгілері:

 

+ (қосу), — (алу), / (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық  адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б мәліметте қате кетсе түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп курсорды қойып түзейміз. Қате жөндеген соң Enter басып шығамыз.

 

Бірнеше ұяшықтағы мәліметті, яғни сандардың барлығын қосу үшін ерекшелеп аспаптар тақтасындағы «автосумма» кнопкасын қолданасыз.

 

СУММ (С1:С100)

 

С1 клеткасынан С100 клеткасына дейінгі сандар қосындысы. : белгісі ерекшеленген диапазон, яғни С1 ұяшығынан С100 ұяшығына дейінгі клеткадағы мәліметтер жиыны.

 

СУММ (С1,С4,С6) бұл осы нақты көрсетілген клеткалардағы сандардың ғана қосындысы.

 

Excelде курсорды бір клеткадан басқа клеткаға  жылжытып отыру үшін ¬ ­ ® ¯ курсорды басқару клавишалары (клавиши управления курсором) қолданылады, немесе Shift+Enter клавишасын басса курсор жоғарғы клеткаға, Tab+Enter клавишасын басса төмен қарай, Tab клавишасын басса оң жақ клеткаға жылжып отырады.

 

Таблица арқылы мәлімет енгізу қолайсыз болса, таблицаны ерекшелеп  алып, «Данные» ®«Форма» командасы арқылы Форма жасап, мәліметтерді таблицаға содан енгізіңіз. Егер добавить кнопкасын басып формада жаңа мәлімет енгізсеңіз, ол мәлімет таблицаның астыңғы жағына автоматты түрде пайда болады.

 

Мәліметтерді бөгде адамдар бүлдірмес үшін «Сервис»®«защита» командасы арқылы парақты не толық кітаптың өзін пароль қойып қорғауға болады.

 

Ұяшықтардың абсалюттік және салыстырмалы адресі

 

Клетканың  адресін түсіндіру  үшін, мына таблицаны келтіремін: Мекемеден  қызметкерлер 1 айға 5% өсімімен қайтаруға қарыз алған. На месяц бағанасында өсімі есептелген. Яғни қарыз сомасын В6 клеткасына (5%)көбейткен. Егер мен Е9 клеткасына =D9*B6 деп жазып, басқа төмендегі клеткаға толтыру маркері арқылы көшіре бастасам, В6 адресі В7, одан төмен В8 болып өзгертіле бастайды. Ал бұл клеткалар өздеріңіз байқап отырғандай бос тұр. Формула жазғанда клетка адресі өзгермеу үшін жоғарыдағы суреттің формула жолында көрсетілгендей $ символын қолдану қажет.

 

Клеткалардың адресін (атын)өзгертуге  болады. Мысалы В6 клетка адресін өзгерту  үшін оны түртіп,   «Вставка»®«Имя»®«присвоить» командасын орындаңыз да процент атын беріңіз. Енді жоғарыдағы формуланы =D9*процент деп жазып, ешқандай $ символын қолданбай толтыру маркерімен басқа клеткаға көшіре аласыз.

 

Excel—де функция қолдану.

 

Таблицамен жұмыс жасағанда  мәліметтерді есептеуде функция  өте көп көмек береді. Математические, статистические, логические, финансовые бөлімдерінде әртүрлі функциялар бар. Функция қолдану үшін аспаптар тақтасындағы  мастер функций кнопкасын басыңыз немесе «Вставка»®«функция» командасын таңдаңыз. Мастер функций- шаг 1 из 2 сұхбат терезесі ашылады. Қажетті категорияны таңдап, ондағы функция бойынша қай ұяшықтағы мәліметті есептеу қажеттігін көрсетесіз.  Төмендегі суретте кейбір қажетті функциялар бойынша есептеулер көрсетілген. Мысал ретінде 64 және 4 сандары алынған. Мастер функций кнопкасын басу арқылы осы сандарға әртүрлі функция есептеуге болады.

 

 

 

Математикалық функциялар да өте көп. Төменде солардың кейбірін қолданып есептеулер жүргізілген. Мысал ретінде 16 саны алынған. Бұл функциялар математикалық есептеулер жүргізгенде өте қолайлы.

 

 

 

Бұл программада басқа да математикалық функциялар бар. Олар: ACOS, ABS, ASIN,ATAN, ATANH, TAN, TANH, MOБP, МУМНОЖ, НЕЧЁТ және т.б.

 

Анықтама алу. Excel-дегі көмекшіңіз.

 

Excel-де кейбір сұрақтарыңызға жауап алу үшін  аспаптар тақтасындағы «помошник» кнопкасын басыңыз немесе F1 клавишасын басыңыз. Анықтама бөлімінің бүкіл бөлімін қарап шығуыңызға мүмкіндік бар. Төменде көрсетілгендей  анықтама бөлімі ашылады. Қажетті бөлімді ерекшелеп алып, Enter клавишасын басыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

MS WORD РЕДАКТОРЫ ТУРАЛЫ  НЕГІЗГІ МАҒЛҰМАТТАР, WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ EXCEL ПРОГРАММАСЫ КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЛАР

 

Обсудить (0 мнений)

 

Главная / И / Информатика

 

бесплатно

 

 

 

 

 

 

 

Оценить:

 

Очень плохо

 

Плохо

 

Средне

 

Хорошо

 

Отлично

 

 

 

Тип: Реферат

 

Файл: Word (.doc)

 

Реферат

 

Тақырыбы: MS WORD РЕДАКТОРЫ  ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МАҒЛҰМАТТАР, WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ EXCEL ПРОГРАММАСЫ КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЛАР

 

 

 

MS WORD — мәтіндік құжаттарды  дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол — мәтіндік және графикалық ақпараттарды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.

 

Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограммалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын Құрал-саймандар және т. с. с. жетіп артылады.

 

WORD  редакторын іске  қосу және онымен жұмыс істеуді  аяқтау

 

WORD-пен жұмыс істеуді  бастау үшін Windows жүйесінің басқа  программалары сияқты оны бастапқы  нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден  немесе компакт-дискіден компьютерге  жазып орналастыру қажет.

 

Excel программасы туралы  жалпы мағлұматтар

 

Бұл сабақта Microsoft Excel электрондық кестесімен танысасыздар. «Электрондық кесте» термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:

 

1. Функциялар мен формулаларды  пайдалана отырып әртүрлі есептеулер  жүргізу.

 

2. Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

 

3. Тиімді ету мәселелерін  шешу.

 

4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

 

5. Графиктер мен диаграммаларды  тұрғызу.

 

6. Мәліметтерді статистикалық  талдау.

 

Электрондық кестелердің  құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу  тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы  болып табылады.

 

Microsoft фирмасының Excel программасы  — кестелік процессорлар немесе  электрондык кестелер тобына  жататын ең кең тараған программалық  кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй  программа ғана емес, оны көптеген  математикалық амалдарды, күрделі  есептеулерді көрнекті етіп көркемдеуге, әрі жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т. б. қамтамасыз ете алады.

 

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы  оны тек экономика саласында  ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

 

Бұл программамен жұмыс істеуді  үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды  енгізелік.

 

Электрондық кестенің жұмыс  аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула ) енгізеді.

 

Excel программасын іске  қосу

 

Excel программасын іске  қосу үшін осы программамен  байланысқан шартбелгіні тауып,  оны тышқанмен екі рет шерту  керек. Ол Excel программасын іске  қосқаннан кейін компьютер экранында  1-суреттегідей терезе шығады (программаны  баптауға байланысты өзгеруі ықтимал).

 

Енді осы стандартты Excel терезесінің элементтерін қарастырайық. Экрандағы Excel терезесінде мынадай  объектілер орналасқан:

 

Жоғарғы жол — басқару  батырмалары бар терезе тақырыбы.

 

Екінші жол — Excel мәзірі.

 

Үшінші және төртінші жолдар — Стандартты және Форматтау аспаптар тақтасы.

 

Бесінші жол — енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс  парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы  жолдар мен бағаналар белгілі  бір тәртіппен белгіленеді.

 

Терезенің ең төменгі жолы — қалып-күй (баптау) жолы. Төменгі  жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс  режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан.   Мысалы, Excel мәлімет  енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болса, режим индикаторы — «Дайын» деген сөзді көрсетеді.

 

Мәзір жүйесін екпінділеу WinWord программасындағыдай стандартты тәсілмен жүргізіледі: яғни Alt не F10 пернесін басу қажет. Сол сәтте мәзірдегі сөздердің бірі ерекшеленіп басқа түске боялады. Мәзірдің  керекті пункті басқару пернелері көмегімен таңдалынады. Enter пернесін басқанда, сол таңдап алған мәзірдің ішкі командалары ашылады, оларды пернелермен ауыстырады, ал команданы таңдау үшін Enter пернесін басу керек. Мәзірден шығу үшін Esc пернесін басады.

 

Excel мәзірімен жұмыс істеу үшін тышқан көмегін пайдалану өте ыңғайлы, қажетті мәзір пунктін таңдап алып, тышқан курсорын оған қойып, тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Осы тәсілмен мәзірдің ішкі командалары таңдалынып, қосымша беті ашылады да, жалаушалар орнатылады.

 

MS Word редакторындағыдай Excel-де  де орындалып жатқан әрекетке  сәйкес берілетін контекстік  тәуелді анықтамалық жүйе бар.  Әрбір істеп жатқан жұмысымызға байланысты әрқашанда көмек ала аламыз.

 

Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысалық.

 

Жол нөмірі — электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.

 

Бағана әрпі — электрондық  кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А -Z, содан соң АА — AZ, одан кейін ВА — BZ және т. с. с.

 

Ұяшық — электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, ВЗ адресі В бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.

 

Ұяшық көрсеткіші — ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген  тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.

 

Ағымдағы ұяшық — көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.

 

Блок (ұялар жиыны, аймағы) — тіркесе орналасқан ұяшықтардың  тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Мысалы: B13:D19 блогы — бұл B13-D13, D13-D19, D19-B19, B19-B13 торларымен шектелген ұяшықтар жиыны, А1:Н1, А1:А20, A12:D27 немесе D:F — D, Е, F бағаналарының барлық торлары, т.с.с. Әртүрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.

 

Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Ехсеl-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ, — кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді.      Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез-келген бетті ашып көруге болады.

 

Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. Осы  объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:

 

бағананы белгілеу — бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен тандап алып, оны бір рет шерту;

 

бірнеше бағананы ерекшелеу — алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;

 

жолды ерекшелеу — жол  нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, оны бір рет шерту;

 

бірнеше жолды ерекшелеу — алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, курсорды жоғары не төмен созу;

 

блокты ерекшелеу —  тышқан батырмасын блоктың алғашқы  ұясында басып, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың  ең соңғы ұяшығына жеткізу;

 

жұмыс парағын толық ерекшелеу  — тышқан курсорын бағана аттары мен  жол нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы  бұрышына алып барып, оны бір рет шерту.

 

Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстап тұрып, теңбілторды  блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе F8 пернесін басып, белгілеу режиміне көшеміз де, бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Esc пернесі ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады.

 

Бір-бірімен тіркесе орналаспаған блоктарды ерекшелеу қажет болғанда, былай істеу керек:

 

- алғашқы ұяшықты немесе  тіркес ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;

 

- Ctrl пернесін басу және  оны басулы күйінде ұстай тұру;

 

- келесі ұяшықты немесе  блокты ерекшелеу, т.с.с.;

 

- Ctrl пернесін қоя беру.

 

Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының  ерекшеленбеген кез келген бөлігінде шерту жеткілікті. Жаңа ерекшелеу де бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.

 

Формулаларды енгізу

 

Excel-де кез-келген арифметикалық  өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула «=» таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа C1+F5 формуласын енгізу үшін оны =C1+F5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.

 

Бағаналар ені мен жолдар биіктігін өзгерту

 

Бұл әрекеттерді тышқан арқылы немесе мәзір көмегімен атқаруға болады. Тышқанды пайдаланар кезде оның сілтемесін бағаналар әріптері арасындағы немесе жолдар нөмірі арасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме екі тілсызығы бар бағыттауыш бейнесіне айналғанда тышқанның сол жақ батырмасын басып, бағананы немесе жолдытарту (сығу) керек. Мәзірді пайдаланатын болсақ, көлемі өзгертілуге тиіс бағаналарды (жолдарды) ерекшелеп алып, Формат=>Жол=>Мөлшер немесе Формат=>Бағана=>Мөлшер  командаларын орындау керек.

 

Ұяшықтағы мәліметтерді түзету

 

Мәліметтерді түзету оларды ұяшыққа енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүзеге асырылады. Егер мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе, онда дұрыс енгізілмеген символдарды BackSpase пернесінің көмегімен өшіріп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Esc пернесі ұяшыққа енгізілген мәліметтерден бас тартып, оны қайта теруге мүмкіндік береді.

 

Мәліметтерді енгізуді аяқтағаннан  кейін оны түзету үшін көрсеткішті керекті ұяға ауыстырып, түзету режиміне көшу үшін F2 пернесін басу керек немесе тышқан курсорын формула жолындағы мәліметтер арасына алып барып, оны шерту қажет. Одан кейін керекті мәліметтерге түзетулер енгізіп, ең соңында Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басса болғаны.

 

Назар аударыңыздар! Мәліметтер енгізілісімен автоматты түрде  есептеу процесі басталып, өздеріне қатысты ұяшықтардағы нәтижелік  мәліметтер бірден өзгеретініне назар  салыңыздар!

 

Бұл — электрондық кестелердің ең маңызды қасиеттерінің бірі.

 

MS EXCEL -де функция мәнін есептеу

 

Функция мәнін есептеу есебін қарастырайық. Мысалы, бізге k=10  болған жағдайда  [-2;2] аралықта 0,2 қадамымен өзгеретін барлық Х мәндері үшін y=k(x*x+1)/(x*x-1)  функциясының мәндерін есептеу керек болсын.

 

Есеп шешімі кесте түрінде алынуы керек.

 

Ұяшықтар мен блоктардың абсолютті, салыстырмалы және аралас адрестері

 

Ұяшықтарды қолдану кезінде  бұған дейінгі сипатталған әдістерді  қолдануға болады: В3, А1, G9, сол сияқты. Бұндай адрестер салыстырмалы деп аталады, яғни Eхcel формулада қолданылатын ұяшықтардың ағымдағы ұяшыққа қатысты орналасуын есте ұстайды. Мысалы, егер сіз В4 ұяшығына =В1+В2 формуласын енгізсеңіз, Eхcel  формуланы өзінше былай талдайды: «үш қатар жоғары орналасқан ұяшық мәнін екі қатар жоғары орналасқан ұяшық мәніне қосу керек».

 

Ал, егер сіз осы  =В1+В2 формуласын В4 ұяшығынан С4 ұяшығына көшірсеңіз, формуланы: «үш қатар  жоғары орналасқан ұяшық мәнін екі  қатар жоғары орналасқан ұяшық мәніне қосу керек» деп талдай береді. Формула  С4 ұяшығында =С1+С2 түріне енеді.

 

Егер сіз көшіру барысында  нақты ұяшыққа немесе аумаққа сілтемені сақтап қалғыңыз келсе абсолютті адрестерді қолдануыңыз қажет. Ол үшін тік жол аты мен жатық жол аты алдарына $ таңбасын енгізуіңіз керек. Мысалы, $В$4 немесе $С$2:$F$48, және сол сияқты.

 

Сонымен формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы, ал кейбірін абсолютті түрде жазуға болады, мұндай түрде жазылған адрес — аралас түрдегі адрес деп аталады.

 

Енді негізгі және қосалқы  кестелерді толтыралық.

 

1. А1 ұяшығынан бастап негізгі кесте тақырыбын мынадай түрде толтырыңыз.

 

- А1 ұяшығына N-ді енгізіңіз;

 

- В1 ұяшығына х-ті енгізіңіз;

 

- С1 ұяшығына k-ны енгізіңіз т.с.с.

 

Бағаналар енін де ондағы жазылған мәліметтер толық көрінетіндей етіп қою керек.

 

2. Қосалқы кестені H1 ұяшығынан  бастап бастапқы берілген сандық  мәндерімен толтырамыз:

 

х0 step   k

 

-2 0.2    10

 

мұндағы х0 — х-тің бастапқы мәні; step — х-тің өзгеру қадамы; k — коэффицент (тұрақты).

 

3. Өздігінен толтырылатын  функцияны пайдаланып, A бағанасын  А2 ұяшығынан бастап 1 мен 21 аралығындағы сандармен толтырамыз, сонда А2:А22 блогына мәліметтер енгізіледі.

 

4. В бағанасына х мәндерін, яғни В2 ұяшығына =$Н$2 формуласын енгіземіз. Бұл В2 ұяшығына Н2 ұяшығындағы (бастапқы мән) сан көшіріледі, бірақ оның адресі өзгермейді деген ұғымды білдіреді. ВЗ ұяшығына =В2+$І$2 формуласын жазамыз, яғни х мәні І2 ұяшығындағы қадамға өсіп отырады. Енді ВЗ ұяшығындағы формуланы В4:В22 блогына көшіреміз. Сонда бұл бағана қадамы 0,2 болып келген +2-ге дейінгі мәндермен толады.

 

5. С бағанасына k коэффицентінің  мәндерін жазамыз:

 

- С2 ұяшығына =$J$2;

 

- СЗ ұяшығына =2-ні енгіземіз.

 

Бұл формулалар неге осындай болып жазылады? Соны түсінуге тырысыңыз.

 

СЗ ұяшығындағы формуланы  С4:С22 блогына көшіреміз. Бағана толық 10 санымен толтырылады.

 

6. D бағанасын у=х2- 1 функциясының мәндерімен толтырамыз, ол үшін:

 

- D2 ұясына =В2*В2-1 формуласын;

 

- D3: D22 блогына D2 ұяшығындағы  формуланы көшіреміз. Бұл бағана  оң және теріс у функциясы мәндерімен толтырылады, оның бастапқы, соңғы мәндері 3-ке тең.

 

7. Осы тәрізді етіп Е бағанасын у2-х2 +1 функциясының мәндерімен толтырамыз.

 

Барлық мәндер оң сан болып  тұр, бастапқы және соңғы мәндері 5-ке тең екеніне көңіл бөліңіз.

 

8. F бағанасын y-k*(х2-)/(х2-) функциясының мәндерімен толықтырамыз:

 

- F2 ұяшығына =C2*(D2/E2) формуласын  енгіземіз;

 

- F2 ұяшығындағы формуланы  F3: F22 блогына көшіреміз.

 

Бұл функция мәндері оң да, теріс те бола береді, алғашқы және соңғы мәндері 6-ға тең болатынына көңіл бөліңіз.

 

Қосалқы кестедегі бастапқы мәндерді өзгерткенде, негізгі кесте  мәндері қалай өзгеретінін байқаңыз:

Microsoft Excel программасы