2009 жылғы халық санағы

Кіріспе

1.Қазақстан Республикасының  2009 жылғы халық санағының ұйымдастырылуы

2. Санақ – әр азаматтың жауапкершілігіне сынақ

3. 2009 жылғы халық санағының маңызы

4. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы халық санағының нәтижесі жайлы

Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 28 қарашасындағы  «Қазақстан Республикасының 2009 жылғы  ұлттық халық санағы туралы» қаулысымен сәйкес, 2009 жылдың 25 ақпанынан 6 наурызына  дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында  екінші Ұлттық халық санағы жүргізілді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі халықтың өмір деңгейін жақсарту мақсатында, денсаулық  сақтау, білім беру, сауда кәсіпорындар, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындар желісімен және коммуналдық өріс  қызметімен толық қамтамасыз ету  үшін халықтың тұрмыс жағдайын және инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бағдарламасын  жетілдіп жатыр.

      Бірақ ешқандай бағдарлама республика аумағында, облысында, елді мекенде тұратын  халықтың дәл санын білмей жасалына алмайды.

     Атап  айтқанда, әр 10 жыл сайын халықтың нақты сипаттамасы туралы мәліметті  жинау, өңдеу, беру мақсатында  Халық  санағы өткізіліп отырады.

     Республика  Үкіметі халық санағының маңызды  екенін ескере отырып осы жұмысты  өткізуге республикалық бюджеттен  қаражат бөліп отыр.

     Ең  алғашқы халық санағы 1827 жылы Қазақстан  Ресей империясының құрамында болған кезде, одан кейін 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдары Бүкілодақтың құрамында  болған кезде өткен. Қазақстанда  алғашқы халық санағы 1999 жылы өтті.

      2008 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша  Қазақстанда 15730,5 мың адам өмір  сүрген, бұл көрсеткіш 1999 жылғы  Халық санағы бойынша 777,4 мың  адамға немесе 5,2% артық. Республикада  бейбітшілік пен достықта 100 ұлт  өкілдері өмір сүріп жатыр.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.Қазақстан Республикасының 2009 жылғы халық санағының ұйымдастырылуы 
 

     Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі  төрайымының 2008 жылғы « 28 » мамырдағы №79  және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы « 17 » маусымдағы  №378 біріккен бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің объектілерінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын жүргізу тәртібі бекітілді. 

      1.1. «2009 жылғы Қазақстан Республикасы  халқының  ұлттық санағы  туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 қаулысына  сәйкес 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурызға  дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында  халық санағы өткізіледі.

      1.2. Халық санағына Қазақстан Республикасының  барлық азаматтары, халық санағы  өткізілетін күні Қазақстан аумағында  тұратын шетел азаматтары және  азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан  аумағында тұрғылықты тұратын,  бірақ халық санағы өткізілетін  күні оның аумағында уақытша  болмай қалған адамдар жатады.

      1.3. Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлігінің (бұдан әрі  – ҚР ДСМ) органдары халықтың  мына санаттарына санақ жүргізеді: 

      1.3.1. Республикалық психатриялық ауруханада  жатқан адамдар. 

      1.4. ҚР ДСМ органдары өз өкілеттіктеріне  сәйкес өздерінің объектісінде  санаққа дайындық жүргізу мен  өткізуге көмек көрсетеді. 

      1.5. ҚР ДСМ органдарының басшылары  халық санағын өткізуді ұйымдастыруға  арналған қажетті жағдайларды  жасайды және ұйымдастыру жоспарын  дайындау кезеңінде  өздерінің  объектісінде тұрып жатқан адамдар  тізімін Қазақстан Республикасы  Статистика агенттігіне ұсынады. 

      1.6. ҚР ДСМ объектісінде халық  санағының өткізілуін бақылау  статистика органдарында қалады.    
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Санақ –  әр азаматтың жауапкершілігіне сынақ  

      2009 жылғы халық санағына елімізде ерекше маңыз берілген. Ол “Әркім де маңызды” ұранымен өткізіді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша елімізде 15 миллион 778 мың адам тұрады. Халық ең көп шоғырланған өңірлер – Оңтүстік Қазақстан облысында 2 миллионнан астам, Алматы облысында 1 миллион 600 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 400 мың тұрғын бар. Алдағы халық санағы бұл деректерге нақты өзгерістер мен толықтырулар енгізетіні сөзсіз.

     Елімізде халық санағын өткізуге жан-жақты дайындық жасалынған. Санақ жүргізетін негізгі 53 мың 706 есепші-санақшы белгіленген. Оған қосымша жергілікті жерлерде негізгі жұмыс орындарында 20 пайыз жалақысы сақталып, санаққа қатысатын 2 мың есепші-санақшы бекітілген. Сөйтіп, еліміз бойынша 2009 өткен халық санағын 58 мың 368 есепші-санақшы жүргізген. Санақ жұмысына бақылау жасайтын нұсқаушылар тиісті оқу курсынан өткен. Сол сияқты ішкі істер, қорғаныс, әділет, төтенше жағдайлар органдарына қарасты мекемелерде санақ жүргізетін арнаулы топ та дайындықтан өткізілді. Алдын ала белгіленген есеп бойынша бір есепші-санақшыға жүктелетін міндет – 78 пәтерді аралап, жобамен 290 тұрғынның есебін алу.

     Есепші-санақшылар арнайы киім үлгісімен жабдықталДЫ. Олардың әрқайсысының қолында санақ бланкілері салынған көк түсті портфель, арнайы логотив белгісі бар көк түсті бөкебай, ысқырық және қолшамы болды. Пәтерлерге есепші-санақшылардың атын жамылып, бұзық ойлы бөгде адамдардың кіріп кетпеуі үшін ойластырылған тағы да басқа шаралар бар. Санақ алдында әрбір тұрғылықты жерлерде, шағын аудандарда, елді мекендерде есепші-санақшыларды таныстыруға арналған арнайы кездесулер мен жиналыстар өткізілді. Сондай-ақ, бірқатар қоғамдық орындарда стационарлық санақ учаскелері ұйымдастырылды. Мәселен, темір жол вокзалдарында – 56, автокөлік вокзалдарында – 24, әуежайларда 10 осындай санақ учаскелері ұйымдастырылған. Еліміз бойынша 1674 санақ бөлімшелері құрылады. Түрлі себептермен санаққа кірмей қалған тұрғындар осы учаскелерге келіп, тіркелуіне болады.

     Сонымен, 25 ақпан — 6 наурыз аралығында елімізде кезекті халық санағы өттіі. Санақ жұмысы тек осы мерзіммен аяқталған жоқ. 7-16 наурыз аралығында қайтадан бақылау санағы өткізіліп, қамтылмай қалған тұрғындардың есебі алынады. 16-18 наурыз аралығында санақ карточкалары есептеуден өткізіле бастады. Әр күн сайын халық санағының есебі беріліп отырады. Белгіленген меже бойынша күн сайын есепші-санақшылар 1 миллион 400 мың тұрғынның есебін алып отырған.

     Селекторлық кеңесте халық санағын өткізуге байланысты жасалып жатқан шаралар туралы Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Әділет министрліктерінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері есеп берді.

     Кеңесті Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов  қорытындылап, он жылда бір өткізілетін  бұл саяси-әлеуметтік шараның маңыздылығына тоқталды. Сондықтан санақты ұйымдасқан түрде сапалы дәрежеде өткізу әрбір мемлекеттік органның кезек күттірмес міндеті болып табылады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.2009 жылғы халық санағының маңызы

     Қазірде мемлекетімізде экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңарулар орын алып, оларды ілгерілету үшін жағдайлар жасалып жатқаны белгілі. Осы қарқынды ілгерілеушіліктер Қазақстанның әлемдік аренада біршама беделге ие болуына сеп болуда. Осы беделді ұстап тұру үшін халықтың мәселесі жан-жақты шешілуі тиіс. Ал, мәселелердің жан-жақты шешілуі үшін тұрғындар мемлекеттік маңызы бар мәселелерден тыс қалмауы тиіс.

     Халық санағы – демографиялық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың және талдаудың бірыңғай үдерісі. Қазірде халықтың назар аударып отырғаны мәселесі –  әлеуметтік жағдайлар. Халық санағының нәтижесінде тұрғындар мемлекеттен әлеуметтік мәселелер бойынша көмек күтеді.

     Бұқаралық ақпарат құралдарында санаққа байланысты жарнамалардың күннен-күнге ұлғайып келе жатқанын көріп жүрміз. Осы жарнамалар арқылы ауруханалардың, білім ордаларының жеткіліксіздігі айтылуда. Ал аталған үдеріске барлық министрліктер, мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар атсалысып жатыр.

     Қазақстанның  сайлау жүйесі демократияның даму даңғылына  түскен таңдаулы тәжірибесімен ерекшеленеді. Бұл жөнінде Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы елдері де, Еуропа Кеңесінің  Парламенттік Ассемблеясы да, халықаралық  байқаушылар да оң бағасын берген. Халық санағы да осы сайлау мәселесінен  кем түспейді. Сайлау – мемлекетімізді басқаруда ерекше қажеттілік тудырса, халық санағы – халықтың жағдайын жақсартуға ерекше жағдай жасайтыны  белгілі.

     Халық санағын жүргізу туралы шешім  қоғамның экономикалық және әлеуметтік-демографиялық  жағдайы туралы ақпаратты алуға  дайындықтың индикаторы болып табылады. Сондықтан халық санағы дамыған елдерде тұрақты 10 жыл сайын, тіпті кейбір мемлекеттерде 5 жыл сайын өткізіліп тұрады. Өйткені, елдің ұлттық статистикалық жүйесінің ажырамас бөлігін құрайтын халық санағы халықтың жағдайы туралы деректердің негізгі көзі болып табылады.

     2008 15 ақпанда “2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы” Үкіметтің қаулысы шықты. Осы комиссия құрамына Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етіп, министрліктердің, агенттіктердің басшы қызметкерлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, тағы басқа да лауазым иелері енгізілген. Осы тектес комиссия біздің облысымызда да бекітіліп, оған мүше ретінде облыстағы департамент, басқармалардың басшы қызметкерлері енгізілді. Қазірде осы комиссия санаққа қызу дайындық жұмысын жүргізуде. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдар жасалды. Мысалы, ішкі істер департаменті, ішкі істер желілік бөлімі және Статистика департаменті бірлескен бұйрық жасап, осының нәтижесінде әр санақ бөліміне учаскелік полиция инспекторлары бекітілді. Халық арасында бұқаралық-түсіндірме жүргізу, санақ кадрларын іріктеу мен оқыту, материалдық-техникалық қамсыздандыру сияқты толып жатқан мәселелер бірлесіп жұмыс жасағанда ғана нәтиже беретіні белгілі. Осы қағиданы есте ұстаған комиссия мүшелері облыстағы органдарды жұмылдыра жұмыстар жасалды.

     Әр  тұрғын санаққа қатысуды өзінің борышы санап, санақ барысында толтырылуы тиіс парақшаларды мұқият зерделей отырып, шынайы түрде мәліметтер берді.

     Санаққа дайындықтың маңызды бағыттарының бірі –бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру. Бұл ақпараттарда елдің барлық тұрғындарына санақ жүргізілетіндігі туралы ақпарат беру, санаққа қатысуға және өздері туралы шынайы мәліметтер беруге ынталандыру, санаққа күштеп, мәжбүрлеп қатыстыруға жол бермеу сияқты мәселелер қамтылуы қажет.

     Халық санағы 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы  аралығында жүргізіледі. Санақ халықтың нақты тұрып жатқан жері бойынша  ғимараттарды аралау, сауал салу негізінде  тұрғындар тізіміне мәліметтерді жазу арқылы есепшілер дайындаған санақ парақшаларына мәліметтерді түсіру деген сөз.

     Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел  азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, ел аумағында үнемі тұратындар санақ  кезінде ел ішінде болғандығына немесе уақытша болмағандығына қарамастан, санақтан өткізіледі.

     Халық санағы сәбилер үйінде, балалар үйінде, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балалар мен балаларға арналған мектеп-интернаттарда, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде, мейрамханаларда және басқа да мекемелерде сол мекемелердің әкімшілігі бөлген есепшілер арқылы жүргізілді. Ал, тұрғылықты тұратын жері жоқ азаматтардың санағы есепшілермен кездесетін орындарда өткізіледі. Бұл үшін осы санаттағы азаматтарға халық көп жиналатын жерлерде: вокзалдарда, автобекеттерде, стансаларда, аэропорттарда, сондай-ақ алысқа баратын пойыздарда да санақ пункттері құрылды. Тұрғындардың ескеруі тиіс бір жәйт, азаматтар туралы жеке мәліметтерді қолдану тәртібін бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. 

     Сарапшылардың айтуынша, 1999 жылғы санақ деректері  мен ресми статистика арасында едәуір айырмашылықтар болған, себебі есепке алынбаған азаматтардың пайызы 5,3-ті құраған. Осы сияқты жағдайларды  болдырмау мақсатында, біздің сайтымызда Қазақстандағы санақ процедурасы  ережелерімен және оның негізгі бағыттары  мен міндеттемелерімен таныстыратын «сұрақ-жауап» нысаны бойынша барлық қажетті ақпарат орналастырылды. Сұрақ-жауап Ұлттық халық санағы дегеніміз не? Халықты есепке алу өте көне заманда король Августың тұсында мемлекеттің салық және әскери қызметіне және олардың әкімшілік құрылымы міндеттеріне байланысты пайда болған. Негізінде бұл міндеттер бүгінгі күнге дейін сақталған, бірақ қоғамның тарихи даму барысында анағұрлым кеңейді. «Халық санағы» ұғымы туралы энциклопедияларда былай деп жазылған: «белгілі бір уақытқа елдің барлық тұлғаларына немесе нақты шектелген бөлігіне қатысты демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді бірыңғай жинау, жалпылау, талдау және жариялау процесі. Халық санағы ұғымына сонымен бірге кейде мәліметтерді жинақтау, өңдеу және жариялау процестерін де қосады». Қазақстанда алғашқы санақ 1897 жылы, соңғысы 1999 жылы өткізілді. Қазақстанда санақ өткізу реттілігі он жылда бір рет өткізу тәртібін қарастырады. Осындай реттілікті БҰҰ ұсынған. Ресей Федерациясы аумағында да осындай реттілік қолданылады, ал кейбір елдерде санақ рәсімі әр 5 жыл сайын өткізіледі. Қазақстанда халық санағы қандай мақсатта өткізіледі? Санақтың мақсаты оның нәтижелері болып табылады. Санақ қорытындысы бойынша халық санын, олардың қала және ауылдық елді мекендер, жасы мен жынысы, некелік және отбасылық жағдайы, ұлттық құрамы, тіл меңгеру деңгейі, білім деңгейі, оқумен қамтылуы, үй шаруашылығының саны мен көлемі, күнкөріс көздері, жұмыспен қамтылуы және тұрғын үй жағдайы бойынша бөлінуін сипаттайтын ауқымды көрсеткіштер алынады. Санақтың негізгі ролі статистикалық деректерге сұраныстың болуымен, елдегі статистикалық жүйе құрылымының бағытын өзгертуге қажеттіліктің маңыздылығымен, деректердің дұрыстығын жоғарылату қажеттілігімен анықталады. Осы жағдайда статистикалық жүйенің ролі мен маңызын жоғарылату қажеттілігі пайда болады, себебі елдің экономика саласында жүргізілетін кез келген саясат сапалы, шынайы мәліметтерге негізделуі керек. Ақырында, егер статистика жақсарып, жетілдіріліп отырса, ең алдымен экономиканың әлеуметтік бағыттылық деңгейі, құрамын, әлеуметтік-демографиялық құрылымын есепке ала отырып, халық сипаттамалары бойынша өзгеруі көтеріледі, сонда ғана экономика нәтижелі дамиды және әрбір тұрғынның әл-ауқатының өсуіне бағытталады. Халық санағы рәсімін кім жүргізеді? Санақ 2007 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде өткізіледі. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі халық санағын ұйымдастыру және өткізу бойынша уәкілетті орган болып табылады. Санақ бағдарламаларын әзірлеуді, жаппай-түсіндіру жұмыстарын өткізуді, елдің барлық өңірлерінде санақ мамандарын іріктеу және оқытуды қоса, барлық ұйымдастырушылық және әдіснамалық сипаттағы даярлау іс-шараларымен айналысу Агенттікке тапсырылды. Халық санағы әрбір азаматтан сұрау арқылы өтеді. Бұл үшін арнайы уәкілетті және оқытылған қызметкерлер (есепшілер) дайындалған. Олар әрбір тұрғын үйге кіріп, берілген санақ парақтарын толтырады. Санақ парақтарын жауап берушілердің сөзі бойынша есепшілер толтырады. 2009 жылғы халық санағы рәсіміне кім қатысады? 2009 жылғы санақ рәсіміне Қазақстанның барлық азаматтары, сонымен бірге, халық санағы кезінде республика аумағындағы болған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар қатысады. Сол сияқты санақ Қазақстанда тұрақты тұрып жатқандарға, бірақ науқан кезінде елдің шегінен тыс жерлерде болған азаматтарға да қатысты. Халық елді мекен, үй, пәтер, бөлме ретінде белгіленген жауап берушінің тұрып жатқан мекен-жайы бойынша санақтан өткізіледі. Бұл мекен-жай жауап беруші адамның тіркелген орнымен сәйкес келмеуі де мүмкін. Есепшілер үй шаруашылығындағы ересек мүшелердің жасына, азаматтығына, тұрақты немесе уақытша тұрып жатқанына қарамастан жазуларды ауызша сұрау арқылы жүргізеді, ал үй шаруашылығының жекелеген мүшелерімен бетпе-бет кездесу мүмкін болмаған жағдайда, осы үй шаруашылығының басқа ересек мүшесі жауап бере алады. Санақты өткізу кезінде халықтың белсенді қатысуы өте маңызды. Есепшінің сұрағына дәл жауап беруіміздің әрбір азаматының қоғамдық міндеті болып табылады, себебі халық туралы осы мәліметтер кейін оның әл-ауқатын жақсарту үшін қолданылады. Санақ парақтарына қандай сұрақтар енеді? А4 форматты, әрбір санақ парағына, халықтың барлығына арналған сұрақтар енеді. Санақ парағы –халықтың ұлттық санағының негізгі құжаты – тұрғын үй-жайда тұрып жатқан адамдар туралы мәліметтер алуды көздейтін бірқатар сұрақтарды қамтиды. Санақ бағдарламасында тұрғын үй-жай туралы мәліметтер - түрі, салынған мезгілі, қабырға материалдары неден салынғаны, тұрғын және жалпы аудан көлемі, бар қолайлықтың түрлері және үйдің өзге де сипаттамалары бар. Үй-жайда тұратын адамдардың негізінде халықтың маңызды сипаттамалары жиналады: туған күні, жынысы, ұлты, азаматтығы, отбасылық жағдайы, жұмыспен қамтылуы, күнкөрістің көздері. Сұрау кезінде санақшы табыс көлемін сұрайды, сонымен бірге күнкөріс көзін, яғни қандай еңбек қызметі түрінен табыс табатынын көрсету қажет: бұл кәсіпкерлік қызмет, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, жеке қосалқы шаруашылық және с.с. болуы мүмкін. Азаматтар санақтан өту үшін есепшіге қандай да бір құжаттарды көрсетуге міндетті ме? Халық санағын өткізу барысында азаматтар санақшыға құжаттар көрсетуге міндетті емес. Барлық деректер сауалнамаға тұтастай ел бойынша барлық санақ қызметкерлерімен жүргізілетін жазбалардың біркелкі сипатын қамтамасыз ететін алдын-ала белгіленген ережелер негізінде жауап берушінің сөзінен жазылады. Мұның өзінде, есепшілер бұл мәліметтерді құжаттардан емес, жауап берушілердің сөзінен алады (паспорт, жеке куәлік, оқу орнын бітіргені жөніндегі диплом, неке туралы куәлік және тағы басқа құжаттарды көрсетпей-ақ). Қазақстанда халық санағы қай мерзімде өткізіледі (санақ рәсімі қашан басталады және аяқталады)? Халық ұлттық санағын өткізу рәсімі Қазақстанда 2009 жылғы 25 ақпанда басталып 2009 жылғы 6 наурызда аяқталды. Наурыз 6-сы мен 16-сы аралығында бақылап аралап шығу жоспарға сәйкес орындалған. Жынысы және тұрып жатқан жеріне байланысты бөлінуіне қарай халық саны бойынша алғашқы алдын-ала қорытындылар 2009 жылдың 2-ші жартыжылдығынан басында жарияланды. Санақ рәсімі Қазақстан азаматтарына және осы елдің азаматтығы жоқ, бірақ мемлекеттің аумағында тұрып жатқан азаматтар үшін міндетті болып табыла ма? Халық санағы рәсімі Қазақстан Республикасының азаматтығы бар жоқтығына қарамастан, сол сәтте мемлекетте тұрып жатқан барлық азаматтарға міндетті болып табылады. Санақ жүргізу сәтінде мемлекеттен тыс жерде тұрып жатқан Қазақстан азаматтары туралы деректер қалай жиналады? Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері көмегімен жүзеге асырылды. Тұтастай алғанда, Сыртқы істер министрлігінен басқа, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне халық санағын даярлауға және өткізуге, ведомстволарға қарасты объектілер мен ұйымдарда халық санағына жауапты министрліктер мен ведомстволар көмек көрсетті. Бірқатар министрліктер мен ведомстволар халық санағына ұйымдастырушылық, сондай-ақ халық туралы әкімшілік дерек көздерінен ақпараттарды ұсыну жағынан қолдау көрсетеді. Деректер жиналғаннан кейін халық санағының ақпараты қайда сақталады? Ақпарат Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде біріктірілген нысанда арнайы қалыптастырылған ақпараттық базада сақталады. Санақ барысында тұлға туралы жиналған ақпараттың құпия болып қалатынына сенуге бола ма? Санақ барысында жиналған жеке тұлғаға қатысты мәліметтер тек жалпыланған түрде статистикалық мақсатта қолданылады. Санақ рәсімін іске асырушы мамандарға санаққа алынған азаматтардың жеке басына қатысты мәліметтерді кімге болсынхабарлауына тыйым салынады. 2009 жылғы халық санағының деректеріне кімге қол жетімді? Барлық ақпараттарды жинақтаудан кейін оларға кім қол жеткізе алады және кейіннен қандайда бір жерлерде таратыла ма? Санақ қорытындысы бойынша пайдаланушыларға анықтамалықтар, жинақтар, баспасөз хабарламалары, баспасөз басылымдары, мақалалар және басқа да статистикалық және талдамалық материалдар дайындалады. Санақ материалдары Президент әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Үкіметі, Республика Парламенті, министрліктер, ведомстволар, агенттіктер, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік жоғарғы оқу орындары және кітапханалар, халықаралық ұйымдар, ғылыми зерттеу институттары және басқа да мекемелер кіретін пайдаланушылардың кең аясына ұсынылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

4. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы халық санағының нәтижесі жайлы

     2009 жылғы санақ нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының халық саны 16млн.004мың 800 адамды құрды, өткен (1999ж.)  санақпен салыстырғанда 1млн.022мың 900 адамға немесе 6.8% өсті.  
 

  адам 2009ж .  
% бен, 1999жыл 
ға
өсім+кему,  –2009 1999жылға
1999 жыл 2009 жыл человек в %
Халық саны.
Шығыс Қазақстан облысы 1531024 1396593 91.2 -134431 -8.8
Өскемен қ. 320234 314953 98.4 -5281 -1.6
Семей қ. 298047 324492 108.9 56445 8.9
Шемонаиха ауданы 57815 49202 85.1 -8613 -14.9
Қала халқы.
Шығыс Қазақстан облысы 898497 801475 89.2 -97022 -10.8
Өскемен қ. 310950 303720 97.7 -7230 -2.3
Семей қ. 274831 303138 110.3 28307 10.3
Ауыл халқы.
Шығыс Қазақстан облысы 632527 595118 94.1 -37409 -5.9
Өскемен қ. 9284 11233 121 1949 21
Семей қ. 23216 21354 92 -1862 -8.0

     ҚР  Статистика агенттігінде халық санағының  қорытындыларына арналған брифингте  Агенттік төрағасы Әлихан Смайылов 2009 жылғы ҚР Ұлттық халық санағының  нәтижелері статистикалық жинақ  болып жарыққа шыққандығын хабарлады

Жинақта соңғы 50 жылдағы Қазақстанның тұрақты  халық санының өзгеруі туралы деректер көрініс тауып отыр. Ал жинақтың қазақ және орыс тіліндегі  электрондық нұсқасы ҚР Статистика агенттігінің сайтында орналастырылған. «Жинақта 1999 және 2009 жылдар арасындағы кезеңдегі жекелеген ұлттар бойынша халық санының өзгерістері туралы мәліметтер жарияланды. Ана тілі туралы және халықтың жеке тілдерді меңгеру деңгейі жөніндегі мағлұматтар және халықтың дін ұстануы туралы деректер берілген», деп атап көрсетті ол. 
ҚР Статистика агенттігі жыл соңына дейін, 2009 жылғы ҚР Ұлттық халық санағының нәтижелеріне арналған жинақтардың барлығын басып шығуды жоспарлауды. Ол жинақтар көші-қон, білім беру, үй шаруашылығы, отбасы және неке, жұмыспен қамту, өмір сүруге қажетті кіріс көздері, жастар, қала және ауылдың портреті, тұрмыстық жағдай тақырыптары бойынша ұсынылмақ.

2009 жылғы  ҚР Ұлттық халық санағының  нәтижелеріне республикада қазақтардың  ең тығыз шоғырланған жері - Қызылорда  облысы екенін атап өтті. Қазақстанда саны бойынша неғұрлым көп болып табылатын қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және немістер, олардың үлесіне елдің 95, 6 пайыз халқы жатады. 
«Жекелеген ұлттардың өңірлер бойынша орналасуы әртекті. Санақ бойынша Қызылорда облысындағы халықтың 95 пайыздан астам үлесін қазақтар құраса, келесі облыстарда: Маңғыстау - 88,2 пайыз, Ақтөбе - 79,4 пайыз, Оңтүстік Қазақстан - 72,3 пайыз, Батыс Қазақстан мен Жамбыл - 71,4 пайызды құрады. 
Ұлттық халық санағының нәтижелеріне, Қазақстандағы өзбектердің 87,9 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Ал ұйғырлардың 96 пайызға жуығы Алматы қаласы мен Алматы облысында шоғырланған. Немістердің 70 пайыздан көбі Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай мен Қарағанды облыстарында тұратыны анықталған.

     Жинақта санақ өткен (1959, 1970, 1979, 1989, 1999 және 2009 жж.) жылдар ішінде тұрақты халық  санының өзгеруі туралы деректер жарияланып отыр. Тұрақты халық саны (санақ өткізу күніне – 2009 ж. 25 ақпанына) өңірлер бөлінісінде, қала және ауыл бойынша және жынысы мен этностар бөлінісінде жарияланған. Қорытындылар абсолюттік және салыстырмалы түрде келтірілген. 2009 жылғы тұрақты халық саны алдыңғы санақ деректерімен салыстырылып берілген. 
Аталған жинақта 1999 және 2009 жылдардағы жекелеген ұлттар  арасында халық санының  өзгерістері туралы деректер жарияланды. Азаматтық алған елдері бойынша халық саны келтірілген. Ана тілі туралы және халықтың жеке тілдерді меңгеру деңгейі туралы деректерде көрсетілген. Сондай-ақ, халықтың дін ұстануы туралы деректер жарияланыпты. 
Жекелеген этностар ана тілі ретінде өзге тілдерді атаған, негізінен олар: украиндар, немістер, беларусьтар, поляктар, кәрістер, татарлар. 
Осыған тұтастай ел бойынша (15 және одан үлкен жастағы) қазақ тілін меңгерген халықтың үлесі 74 пайызды құрады, қазақ тілін меңгергендер үлесінің көбеюі орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар, немістер және беларусьтар арасында байқалды. Орыс тілін жоғарыда аталған этностардың 90 пайыздан астамы меңгерген. Ағылшын тілін меңгеруден қазақтар, орыстар, ұйғырлар және татарлар арасында бірқатар жоғары көрсеткіштерге жеткен.  
Ауыл халқы арасында ерлер мен әйелдер арақатынасы қала халқынан едәуір басым түсті, 1000 әйелге 991 ер адамнан келеді (қала халқында – 1000 әйелге 880 ер адам). 
Халықтың дін ұстануы туралы сұрақ алғашқы рет 2009ХС санақ парағына енгізілген болатын. Елдегі халықтың 70 пайыздан астамы ислам, ал, халықтың 26,2 пайызы христиан діндерін ұстанады. Қала халқымен салыстырғанда ауыл халқында ислам дінін ұстанатындардың үлесі жоғары, 80 пайызды құраған. Ал, христиан діні қала халқы арасында  көбірек таралған, ауыл халқының 34,2 пайызы осы дінді ұстайды. Өңірлер бөлінісінде ислам дінін ұстанатын халықтың үлесі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Алматы және Ақтөбе облыстарында жоғары, олардың үлес салмағы 80 пайыз бен 96 пайыз аралығында. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары халқының 50 пайыздан астамы және Қарағанды мен Павлодар облыстары халқының 40 пайыздан астамы христиан дінін ұстанғандар. Осы екі негізгі діни ұстаным түрлері бойынша ерлер мен әйелдердің үлесі тиісінше қала халқында, сол сияқты ауыл халқында шамамен бірдей.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     «Халық  санағы – ұлттық маңызы бар іс-шара. Санақтың жетістікпен өтуі халықтың санақ мақсаттары мен міндеттерін, оның маңызын түсінуіне байланысты. Санақты өткізу еліміздің әр азаматының қатысуы мен ынтымақтастығын  талап етеді. Санақтың жетістілігі  халық бұл іс-шараның мемлекеттік  маңыздылығын және өз қатынасының мәнін, сонымен бірге санақ парағының  сұрақтарына шынайы жауап беруінің қажеттілігін қаншалықты дұрыс ұғынуына тәуелді». Ә. Касенова, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Демографиялық  және әлеуметтік статистика департаментінің  директоры, Астана қ. Қазақстанда 2009 жылдың бірінші тоқсанында өткен соңғы онжылдықтың ең ірі ауқымды іс-шараларының бірі – Ұлттық санақ. Бұл науқан «елімізде қанша адам тұрып жатыр», «олардың ішінде ерлер мен әйелдердің, балалар мен қарттардың үлесі қандай», «еліміздің аумағында қанша және қандай ұлт өкілдері тұрып жатыр», «қазақстандық отбасылардың табыс деңгейі» сияқты және өзге де көптеген сұрақтарға жауап беру үшін арнайы өткізіліп отыр. Бұл көрсеткіштердің барлығы Қазақстанның ішкі мемлекеттік құрылымының айқын статистикалық әлеуметтік-экономикалық бейнесін көрсетуі қажет. Санақ нәтижелері өз кезегінде, мемлекетке болашақта саяси бағытты нақты деректердің негізінде айқынырақ құруына мүмкіндік берді. 2009 жылғы Халықтың ұлттық санағының ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі қоғам арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді. Бұл жұмыстың мақсаты 2009 жылы санақты өткізу бағдарламасының қағидалары мен әдістері туралы халықтың барлық топтарын ақпараттандыру болып табылады. Еліміздің көптеген азаматтары санақшылармен ешқашан кездеспеген де болуы мүмкін және сол себепті науқан барысында санақ рәсімі бойынша түрлі сұрақтар туындайтыны белгілі. 1999 жылы санақшыларды пәтерлер мен үйлерге кіргізбеген жәйттер де орын алған. Кейбір адамдар күдікпен қарап, сенімсіздік танытқан. Бұл жәйт, өткен санақтың нәтижелеріне өз әсерін тигізгені даусыз.  
 
 
 
 

2009 жылғы халық санағы