2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Экономикалық  даму және сауда министрлігі

 

 

 

 

Тақырып: 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына  шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама

(оның ішінде облыстар бөлінісінде)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы

шілде, 2012ж

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

1.

КІРІСПЕ…......……………………………………………………………......…

3

2.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ 2012 ЖЫЛҒЫ

 1 МАУСЫМДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ …………….............................……

 

4

3.

БИЗНЕС-АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ…......……………………………………

12

3.1

Рұқсат беру жүйесін жетілдіру және бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру ….............……………………..………………………………….

 

12

3.2

Тәуекелдерді бағалау  жүйесін (ТБЖ) енгізу…………………………………...

13

3.3

Дүниежүжілік Банктің  «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымы……....................................................................................................…

 

14

4.

«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫН 

ІСКЕ АСЫРУ........................................................................................................

 

16

4.1

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау

шаралары ……………………………………………....................………………

 

16

4.2

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдау

шаралары ……………………………………………....................………………

 

19

5.

«МОНОҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ……...………

 

 

23

6.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ …..............................

24

6.1

Бизнес-инкубаторлардың, технологиялық парктердің және кәсіпкерлікті  қолдау орталықтарының (КҚО) жай-күйі ……..............…………………….…

 

24

6.2

Жергілікті атқарушы органдар жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер………...………...………...……………..….

 

27

7.

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………….........……………………………

29


 

 

 

 

 

 

 

1. КІРІСПЕ

 

Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау  мақсатында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне Ақпараттық материалдарды ұсынудың 2012 жылға арналған кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы                 №01-38.143 бұйрығының 60-тармағына сәйкес жартыжылдық негізде Шағын бизнесті (оның ішінде облыстар бөлінісінде) дамыту туралы талдамалық баяндаманы қалыптастырады.

Осы талдамалық баяндамада 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары туралы ақпараттар көрсетілді.

Мәселен, қолайлы іскерлік климатты құру үшін елде кәсіпкерлік  қызметін реттейтін нормативтік құқықтық база жетілдірілуде, бизнеске салық жүктемелерін төмендетілуде, кәсіпорын ашу рәсімдері жеңілдеуде, қаржылық және қаржылық емес шаралар түрінде бизнесті кешенді қолдау жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыты шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Бұл үшін арнайы құрылған ұйымдар арқылы қаржылық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша функциялар орындалады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы белсенді іске асырылуда, ол ілеспе Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы ретінде жалпы кәсіпкерлердің арасында табысты және сұранысқа ие болды.

Моноқалаларда ШОБ қолдаудың теңдессіз шаралары көзделген. Бекітілген Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде экономикалық әлеуеті төмен және орта қалаларда ШОБ үшін салалық шектеулерді алып тастау және пайыздық ставкаларды субсидиялау мөлшерін ұлғайту көзделген.

Салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылы салық есептілігін 30%-ға қысқарту бойынша қосымша шаралар әзірленді, бұл бизнестің есептілігін беру уақыты мен шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Бизнес-ахуалды жақсартуға және артық әкімшілік кедергілерді жоюға, оның ішінде лицензиялаумен және рұқсат берумен байланысты ауырпалықты азайтуға бағытталған кәсіпкерлікті және рұқсат беру жүйесін реттеу саласында бірқатар реформалар қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ 2012 ЖЫЛҒЫ                                        1 МАУСЫМДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігігің деректері  бойынша                2012 жылғы 1 маусымдағы, белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің саны және  өнім шығарылымы (салыстырмалы бағаларда) сияқты Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жай-күйін сипаттайтын негізгі индикаторлардың өсуі байқалды.

Тіркелген ШОК субъектілерінің  саны осы күнге 1 495 976 бірлікті құрады, оның ішінде 234 538 - шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы санның 15,7%), 1 064 519 жеке кәсіпкерлер (71,2%) және 196 919 - шаруа (фермер) қожалықтары (13,1%).

ШОК белсенді жұмыс істейтін субъектілерінің саны республикада өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 23,6% ұлғайғанын және 839 345 бірлікті құрағанын көрсетті, оның ішінде 62 207 - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы санның 7,4%) және 7 613 - орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (0,9%),                589 640 жеке кәсіпкерлер (70,3%) және 179 885 - шаруа (фермер) қожалықтары (21,4%) (1-кесте, 6-кесте).

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы ШОК белсенді субъектілерінің үлесі – 56,1% құрайды (2-кесте).

ҚМ СК деректері бойынша белсенді жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің ең көп саны Оңтүстік Қазақстанда – 63 076 (10,7%), Шығыс Қазақстан облысында – 55 122 (9,3%), Алматы облысында – 56 288 (9,5%), Алматы қаласында – 78 232 (13,3%) шоғырланған.

Белсенді жұмыс істейтін шаруа (фермер) қожалықтарының едәуір бөлігі Оңтүстік Қазақстанда – 66 640 (36,9%), Алматы облысында – 51 805 (28,2%), Жамбыл облысында – 15 496 (8,6%), Шығыс Қазақстан облысында – 15 217 (8,3%) белгіленген.

Республиканың барлық өңірлерінде  ШОК белсенді субъектілер санының  ұлғайғаны байқалды. Мұндай жағдай облыстар бөлінісінде былайша көрсетіледі: Атырау облысында олардың саны 21,0% өсті, Маңғыстау облысында – 20,0%,  Қызылорда облысында – 28,9%, Батыс Қазақстан облысында – 20,0%, Ақтөбе облысында – 30,5%, Солтүстік Қазақстан облысында – 23,6%, Павлодар облысында – 24,6%, Жамбыл облысында – 25,5%, Қостанай облысында – 24,2%, Алматы облысында – 21,0%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 19,4%, Шығыс Қазақстан облысында – 25,2%, Қарағанды облысында – 24,0%, Ақмола облысында – 21,9%. Астана және Алматы қалаларында – 32,9% және 25,5% өскені байқалды (1-кесте, 3-кесте).  

Талданатын кезең бойынша ШОК жұмыспен қамтылғандардың саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,5% ұлғайды және 2650,6 мың адамды құрады, оның ішінде 739 034 - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (жалпы саннан 27,9%) және 652 825 орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар (24,6%), 877 448 жеке кәсіпкерлер (33,1%) және 381 298 - шаруа (фермер) қожалықтары (14,4%) (1-кесте, 6-кесте).

Мұндай жағдай облыстар бойынша былайша көрсетіледі: ШОК  жұмыспен қамтылғандар санының ұлғаюы Жамбыл облысында (2,2%), Ақмола облысында (4,5%), Алматы облысында (1,3%), Қарағанды облысында (5,8%), Қостанай облысында (9,3%), Қызылорда облысында (9,0%), Оңтүстік Қазақстан облысында (6,6%), Солтүстік Қазақстан облысында (9,9%), Шығыс Қазақстан облысында (9,6%), Маңғыстау облысында (3,1%), Павлодар облысында (5,3%), Атырау облысында (4,4%), Батыс Қазақстан облысында (4,9%) және Ақтөбе облысында (7,5%) және Астана қаласында (9,2%) және Алматы қаласында (9,5%) байқалды         (1-кесте, 4-кесте).

ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы (салыстырмалы бағаларда) өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылғы қаңтар-мамырдағы жедел мәлімет бойынша 2,9% ұлғайды және 2270,2 млрд.теңгені құрады, оның ішінде                 617,6 млрд. теңге (27,2%) - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар және                    13,08,3 млрд.теңге (57,6%) орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 307,8 млрд.теңге (13,6%) жеке кәсіпкерлер және 36,3 млрд.теңге (1,6%) - шаруа (фермер) қожалықтары (1-кесте, 6-кесте).

Көрсетілген кезеңде  ШОК субъектілерінің өнім шығарылымының (салыстырмалы бағаларда) ұлғаюы барлық облыстарда байқалды: Атырау облысында (2,0%), Алматы облысында (1,6%), Қарағанды облысы (1,9%), Қостанай облысында (1,7%), Ақтөбе облысында (2,9%), Шығыс Қазақстан облысында (3,5%), Қызылорда облысында (2,1%), Павлодар облысында (2,7%), Оңтүстік Қазақстан облысында (3,1%), Ақмола облысында (2,8%), Батыс Қазақстан облысында (2,0%), Солтүстік Қазақстан облысында (3,2%), Жамбыл облысында (1,9%), Маңғыстау облысында (1,1%) және Астана қаласында (3,5%) және Алматы қаласында (4,0%) (1-кесте, 5-кесте).

Салалық бөліністе 2012 жылғы қаңтар-мамыр ШОК субъектілері шығарған өнімдердің жалпы көлеміндегі үлесін бөлу келесі нұсқада көрсетіледі: өнеркәсіпке – 23,1%, көтерме және бөлшек саудаға, автокөліктер мен мотоцикл-дерді жөндеуге – 23,6%, құрылысқа – 17,0%, ауыл, орман және балық шаруашы-лығына – 4,9%, жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 3,6% және басқа салаларға – 27,8% .

1-таблицада көрсетілген деректер 2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасындағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 40%-ға өскенін (2006ж. – 10 214 млрд.теңге, 2011 ж.– 27 334 млрд.теңге.), сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 4 есеге өскенін көрсетті.

 

1-таблица

 

 

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж.

Жалпы ішкі өнім, млрд.тг

10 214

12 850

16 053

17 008

21 816

27 334

ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы, млрд.тг

1 930

2 525

4 873

5 367

7 276

8 105


 

2012 жылғы 1 тоқсанда өндірілген Жалпы ішкі өнімнің көлемі (жедел деректер бойынша) 5 838 280,5 млн. теңгені құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (5 162 325,0 млн.теңге) нақты көлемінің өзгеру қарқыны 5,6% ұлғайды.

2-таблица

 

 

2012ж. 

1 тоқсан

 млн.теңге

пайызбен

өткен жылдың тиісті кезеңіне

қорытындыға

нақты көлем  индексі

дефлятор

2012ж. 

1 тоқсаны

Жалпы ішкі өнім

5 976 722,5

105,6

106,7

100,0

 Тауарлар өндіру

2 358 163,5

102,1

105,2

39,4

  Ауыл, орман және  балық 

  шаруашылығы

133 624,0

95,0

113,5

2,2

  Өнеркәсіп

1 967 596,5

103,0

104,9

32,9

   Кен өндіру  өнеркәсібі және 

   карьерлерді қазу

1 143 503,3

99,6

104,5

19,2

   Өңдеу өнеркәсібі

650 928,0

108,8

104,7

10,8

   Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

152 777,3

107,5

108,2

2,6

   Сумен жабдықтау;  кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын  және 

   таратылуын бақылау

20 387,9

92,6

106,9

0,3

   Құрылыс

256 943,0

99,3

103,8

4,3

 Қызметтер  өндіру

3 177 112,8

107,8

109,5

53,2

  Көтерме және бөлшек  сауда;

  автомобильдерді  және

  мотоциклдерді жөндеу

771 368,3

113,7

101,1

12,9

  Көлік және қоймалау

413 005,0

107,0

105,9

6,8

  Тұру және тамақтану  бойынша қызметтер

63 853,0

107,6

104,8

1,0

  Ақпарат және байланыс

140 205,5

113,9

89,3

2,4

  Қаржы және сақтандыру  қызметі

149 167,2

101,4

108,6

2,6

  Жылжымайтын мүлікпен  жасалатын операциялар

551 021,9

101,8

118,5

9,3

  Кәсіби, ғылыми және  техникалық  қызмет

342 016,7

115,4

106,2

5,8

  Әкімшілік және  қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

125 496,9

107,4

100,4

2,1

  Мемлекеттік басқару  және қорғаныс; міндетті әлеуметтік  қамтамасыз ету

138 276,2

101,6

137,6

2,3

  Білім беру

251 556,6

104,0

125,3

4,2

  Денсаулық сақтау  және әлеуметтік қызметтер

143 333,2

105,1

125,7

2,4

  Өнер, ойын-сауық және  демалыс

38 027,3

107,8

116,6

0,6

  Өзге де қызметтер  түрлерін ұсыну

45 679,1

113,3

104,2

0,7

  Үй қызметшісін  жалдайтын және өзі тұтыну  үшін тауарлар мен қызметтер  өндіретін үй шаруашылықтары  қызметі

4 105,9

64,3

128,7

0,1

Жалпы қосылған құн*

5 535 276,3

105,3

107,6

92,6

Азық-түлікке және импортқа

    салынатын  салықтар

441 446,2

109,7

95,9

7,4


 

Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ-гі үлестері тиісінше 39,9% және 55,0% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп – 33,5% құрайды.

2012 жылғы қаңтар-мамырдағы  өнеркәсіп өнімінің нақты көлем  индексі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3% құрады. Өндірістің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында және Астана қаласында тіркелді.

 

Өңірлер бойынша  өнеркәсіп өнімі көлемдерінің өзгеруі 

 

1-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге %-бен

 

 

Шығыс Қазақстан  облысында 2012 жылғы қаңтар-мамырдағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 123,9%-ды құрады. Мыс және қорғасын-мырыш кендерін өндіру артты, тазартылған алтын және күміс, жеңіл автомобильдер, тиындар мен медальдар, құнбағыс майының шығарылымы артты.

Алматы қаласында құнбағыс майы, сыра, шай, шоколад, жылу энергиясы  және өнеркәсіптік сипаттағы қызметтердің шығарылымы артты (114,3%).

Ақтөбе облысында мұнай, мыс кендері мен қойыртпалары, пропан және бутан өндірісі артты (107,9%).

Оңтүстік Қазақстан облысында нақты көлем индексі  107,4% құрады. Уран және оның қосылыстары, бензин, керосин, газойльдер, ұн,  кардо және тарақпен түтілген мақта  өндірісі өсті.

Солтүстік Қазақстан  облысында ұн, тазартылмаған құнбағыс майы, сүт, макарон, локомотивтерге арналған индикаторлы панельдер, жылу энергия өндірісі артты (107,4%).

Алматы облысында шылым, алкогольсіз сусындар, сыра, сүт және электр энергиясы шығарылымы артты (105,7%).

Павлодар облысында бензин, газойльдер, оттық мазут, ферросиликохром және электр энергия өндірісі артты (103,4%).

Негізінен мұнай және ілеспе газ өндіру артуы есебінен Қызылорда облысында нақты көлем индексі 102,9%-ды құрады.

Жамбыл облысында цемент, газойльдер, фосфорлы тыңайтқыштар, электр энергия, ферросиликомарганец және оттық мазут шығарылымы артты (102,3%).

Нақты көлем индексі Қостанай облысында 101,6%-ды құрады. Теміркенді қойыртпалар, құрамында алтыны бар кендер өндіру, жеңіл автомобильдер, Доре қорытпасындағы алтын және ұн өндірісі артты.

Атырау облысында өнім көлемі (99,4%) мұнай өндіру мен пропан және бутан өндірісінің азайуынан төмендеді.

Ақмола облысында нақты көлем индексі 99%-ды құрады. Құрамында алтыны бар кендер өндіру мен тазартылмаған алтын, бетоннан жасалған құрылыс конструкциялары, пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер өндірісі төмендеді.

Батыс Қазақстан облысында газ конденсатын өндіру және газойльдер өндірісі төмендеу есебінен нақты көлем индексі 98,7%-ды құрады.

Маңғыстау облысында мұнай және газ конденсатын өндірудің төмендеуі есебінен нақты көлем индексі 96,7%-ды құрады. 

Қарағанды облысында тазартылған мыс, легірленбеген болат, жазық илек, тазартылған күміс өндірісі төмендеуінен нақты көлем индексі 95,1%-ды құрады.

Локомотивтер, қара металдан жасалған конструкциялар, бетон өндірудің төмендеу есебінен Астана қаласында нақты көлем индексі 92,2%-ды құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) дамуын сипаттайтын негізгі

индикаторлардың ұлғаюы (азаюы)

2-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

 

Тіркелген ШОК субъектілерінің  жалпы санындағы 

ШОК белсенді субъектілерінің  үлесі

3-кесте

 

Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) дамуын сипаттайтын

негізгі индикаторлардың  ұлғаюы (төмендеуі) (облыстар бөлінісінде)

4-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

 

 

5-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

 

6-кесте

өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен

 

2012 жылғы 1 маусымдағы ШОБ қызметіндегі құрылым көрсеткіштері

 

7-кесте

пайызбен

 

 

3. БИЗНЕС-АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ

 

Кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдауға қаржыландыру мәселелері ғана емес, сонымен бірге, бизнес-ахуалды жақсарту және бизнестің дамуына кедергі болатын әкімшілік кедергілерді азайту да кіреді.

Республикада бизнес-ахуалды  жақсарту бойынша жұмыс жүйелі және нақты (басым шаралармен) жүргізілуде. Біріншісіне рұқсат беру жүйесін реформалауды және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіруді жатқызуға болады.

 

3.1 Рұқсат беру жүйесін жетілдіру және бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылы рұқсат беру құжаттарының және рәсімдерінің саны 34%-ға қысқартылды, бұл шығынды  едеуір төмендетті және ШОБ қызметінің тиімділігін арттырды, ал кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар заңдар, жарғылар және Үкіметтің қаулылары деңгейінде ғана белгіленеді.

Ағымдағы жылы лицензияларды электронды форматта беру және жекелеген рұқсаттарды хабарлама тәртібіне көшіру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қадағалау-бақылау функцияларының тізбесін қысқарту және бизнесті тексеруді оңтайландыру арқылы лицензиялар мен рұқсаттарды тағы 30%-ға қысқартуды көздейтін заң жобасы әзірленді.

Заң жобасында анықталған 1096 рұқсатты жоғары қауіптерден қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтін 257-сінің күшін жою және ақпараттық сипаттағы азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер келтірмейтін,                          40 рұқсатты хабарлама тәртібіне көшіру көзделген.

Сондай-ақ, тіркелген  сәттен бастап үш жыл бойы шағын бизнес субъектілеріне жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салуды енгізу, «тыйым салынбағанның барлығына рұқсат беріледі» деген бизнестің толық еркіндігі қағидатын және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған басқа нормаларды заңнамалық бекіту көзделген.

Бұдан басқа, Еліміздің барлық рұқсат беру жүйесін реттеу мақсатында жаңа 2012-2015 жылдарға арналған рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау тұжырымдамасы әзірленді (бұдан әрі - Тұжырымдама), ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 929 қаулысымен бекітілді.

Тұжырымдаманың негізгі  қағидаты рұқсат беру құжаттарын сыныптау және оларды қауіптілік дәрежелері бойынша  санаттауды көздейтін Интеграцияланған рұқсат беру жүйесін енгізу болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асыру  шеңберінде барлық рұқсат беру құжаттарына  түгендеу жүргізіледі және оның қорытындысы  бойынша сыныптар мен санаттар бөлінісіндегі  рұқсат беру құжаттарының толық тізбесі  қалыптастырылатын болады, ол кейіннен «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң жобасында бекітіледі.


 

 

3.2 Тәуекелдерді бағалау жүйесін (ТБЖ) енгізу

 

2011 жылғы қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгізілді, оған сәйкес бизнестің орындауын міндетті талаптар заңдар, жарғылар және Үкіметтің қаулылары деңгейінде белгіленеді.

Осы Заңды іске асыру  үшін мемлекеттік органдар қолданыстағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексеру парақтары мен ведомстволық есептіліктердің нысандарын бекіту туралы бірлескен бұйрықтардың (бұдан әрі - бірлескен бұйрықтар) күшін жойып, жаңадан бекітуде.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында Министрліктің қарауына барлығы 24 бірлескен бұйрық енгізілді (тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері мен тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы - 18; міндетті ведомстволық есептілік нысандарың бекiту туралы – 6), олардан ЭДСМ-де 21 келісілді (3 бірлескен бұйрықтарға ескертулер берілді, мемлекеттік органдармен пысықталуда).

Есепті кезеңде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің саны 13%-ға төмендегені байқалады ( 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында тексерулердің саны 116 534 құрады, 2011 жылдың ұқсас кезеңі – 134 108).

Есепті кезеңде жалпы өткізілген тексерулердің 41 % - жоспарлы, 59 % - жоспардан тыс тексерулерді құрады. Жоспарлы мен жоспардан тыс тексерулердің арасындағы айырмашылықтың азаюы себебі, ол осы тексерулер бақылау субъектісі әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін бұзушылықтар анықтамайтындықтан, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен осы тексерулерді статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органда тіркеуді талап етпейтін бақылаудың басқа нысанына жатқызу туралы өзгерістер енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3 Дүниежүжілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымы  

 

Дүниежүзілік Банк жыл сайын «Doing Business» рейтингінің                               11 индикаторы бойынша 183 елде бизнес ахуалдың жағдайын бағалау жүргізеді (рейтинг, бизнесті жүргізудің жеңілдігін анықтайды).

Қазақстан ТМД-нiң Украина (152 орын), Тәжікстан (147 орын), Ресей (120 орын), Қырғызстан (77 орын), Беларусь (69 орын) және Әзірбайжан (66 орын) сияқты елдерін және Қытай (91 орын), Италия (87 орын), Түркия (71 орын), Польша (62 орын), Люксембург (50 орын) сияқты дамыған елдердi басып озды.

Нәтижеде қабылданған шаралар:

«Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан 34 ұстанымға көтерілді (44-тен 10-ға), бұған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредиттеу және қаржылық қызметті тұтынушылар мен инвесторлар құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізген, бұған 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуі ықпал етті.

Мүдделі тұлғалар арасындағы мәмілелерді  мақұлдауға және мүдделі тараптар арасындағы нұқсанды мәмілелер кезінде талап  қою процесін оңайлатуға қатысты  талаптарды өзгерте отырып, Қазақстан  инвесторларды қорғау құқығын күшейтті.

«Салық салу» индикаторы бойынша Қазақстанның ұстанымы екі жыл бойы жақсарғандығы байқалады. Егер былтырғы есепте 14 ұстанымға көтерілгені байқалса, биыл 13 ұстанымға көтерілді.

Ұстанымның көтерілуіне ықпал еткен негізгі фактор – жаңа Салық кодексінің күшіне енуі болды, бұл «Салық салу» индикаторының құрамдарын жақсартуға мүмкіндік берді. Жалпы салық ставкасы (пайда %-да) Қазақстанда әлемнің 183 елінің ішінде ең төменгісі - 28,6% (Еуропа және Орталық Азия мемлекеттерінде – 40,4%), төлемдер саны 7 төлемді құрады (37 төлем)), ал өзінің міндеттемелерін орындау үшін салық төлеушілерге – 188 сағат (302 сағат) уақыт қажет.

Қазақстан «Меншiктi тiркеу» индикаторы бойынша 29 орында тұр. Мемлекеттiк тiркеудiң мерзiмдерi 11-ден 5 күнге дейiн қысқартылған, жылжымайтын мүлiк объектілерiне ақпараттық анықтама алу мерзiмі 3 күннен          30 минутқа дейiн, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жылжымайтын мүлiк кепiлдiгi келiсiмшарттарын мемлекеттiк тiркеу мерзiмi қысқартылды.

«Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша Қазақстан – 57-ші орынды иеленді. Үкімет қаулысымен шағын кәсіпкерлердің және үлгілік жарғы негізінде қызметін жүргізетін орта және ірі кәсіпорындар болып табылатын заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуі бір жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Өз қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүргізетін орта және ірі кәсіпорындар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қазақстан «Кәсiпорындарды тарату» индикаторы бойынша 54 ұстанымда орналасқан. Борышкердің мүлкін сату тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында сол бір лот бойынша екі және одан да көп сауда-саттық өткізу жойылған, сауда-саттық ұйымдастырушыны конкурстық негізде тарту көзделген.

Сонымен бiрге, жеке индикаторлар бойынша Қазақстанның ұстанымы жоғары емес. Жүргізілген жұмысқа қарамастан, республика «Құрылысқа рұқсат алу» және «Халықаралық сауда» индикаторлары бойынша тиісінше 147 және 176 орында тұр.

Мәселен, құрылыс жүргiзуге рұқсат алуды жеңiлдету мақсатында рұқсат беру жүйесін оңтайландыруға және жетілдіруге бағытталған түзетулер заңнамада бекiтілген. Бұл: жұмыстардың лицензия беретін түрлерiн қысқарту; лицензиялау саласына санаттауды енгiзу; мемлекеттiк емес сараптама орталықтарын акредиттеу және сарапшыларды аттестаттау рәсімдерін алып тастау; меншік немесе жер пайдалану құқығында тапсырыс берушіге тиесілі учаскені құрылысқа пайдалануға рұқсат беру туралы талабын алып тастау; мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамын қысқарту; объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелері қол қойғаннан кейін оны бекіту рәсімін алып тастау.

«Халықаралық сауда» индикаторының төмен көрсеткiшіне теріс ықпал етуінің негiзгi себептері Қазақстанның ең басты іскерлік орталығы Алматы қаласының ең жақын теңіз портынан қашық орналасқаны. Бұл индикаторды жақсарту мақсатында 2012 жылға жекелеген егжей-тегжейлі жоспар әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы талдамалық баяндама