Абай аудармалары
Қостанай инженерлік педагогикалық университеті
Қазақ тілі және әдебиетікафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Абай аудармалары
Орындаған: Рахимжанова С.Қ.
Тексеруші: Шилтиова У.К.
Қостанай 2011 ж.
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………… 1 Абай аудармаларының негізгі сипаттамалары................. 1.1 Абай аудармаларының айшықтары..................... 1.2 Абай аудармалары және оның тілі.......................... 2 Абай аудармаларының ерекшеліктері................. 2.1 Абай Құнанбаевтың Евгений Онегиннен аудармасы …………………. 2.2 Абай аудармаларының ерекшеліктері................. Қорытынды..................... Қолданылған әдебиеттер тізімі........................ | 3 5 5 10 21 21 30 37 38 |
Кіріспе
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - «Вадим» атты Лермонтовтың ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма.
Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы да (мысал өлеңдер), ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басня екі түрлі вариантта аударылған)
Орыстың атақты жазушы-ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Онегині» тек Азербайжанда ғана аударылған. Сонан кейінгі аударған қазақ - Абай. Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен Сарыарқада жатқан Абай орыстың ұлы ақыны Пушкиннің дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған еңбегінің ұлылық қасиетін танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.
Абайдың өмірбаянын жазған тарауда Абай 70-80 жылдардан бастап орыс мәдениетіне түгелдей бет бұрды, ол кездегі орыстың алдыңғы қатардағы идеясымен жақсы танысып, Сарыарқадан оларға үн қосушы бірінші ақын да Абай еді дедік. Демек, болашағы мол ұлы орыс халқының тез ілгерілеуіне бөгет болып отырған аграрлық-патриархалдық патшашыл Россияның құрылысын, әлеумет өміріндегі әртүрлі кемшіліктерді қатты шенеп, соларды жою арқылы Россияны алға апаруға күш салған, ол жолда шатқалаң қиын соқпақтарға кездесіп, талай қиыншылықтарды бастарынан кешірген Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармалары Абайға қона кетуі, олармен өзінің мұңдас болуы, екі елдің ұлы ақындарының идея-тілектерінің бірлігі еді. Крылов жазған «Қасқыр мен қозы», «Қарға мен түлкі» оқиғалары, тағы басқалар ол кезде қазақта да аз емес болатын. Сонымен қатар орыстың ұлы ақындарының жалпы адамгершілікке үндеген әртүрлі мысалдары мен үлгілі өлеңдері, өз елінің басшысы, ұстазы боламын деген кемеңгер ақынға осы жағынан да дәл келді. Бұл - бір.
Екінші, Пушкин, Лермонтовтардың шын мәніндегі искусство иелері екендігін Абай жақсы ұғынды.
Абайдың аудармаларының характеріне жалпы шолу жасасақ, жоғарғы ақындардың ол кез келген өлеңдерін аудара бермеген. Таңдап, талғап аударған.
Абайдың аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не терең ой, философиялық, не үздік көркем өлеңдер болып келеді. Крыловтың мысалдары, «Теректің сыйы», «Тұтқын», «Татьянаның Онегинге», «Онегиннің Татьянаға» жазған хаттары, тағы басқа осылар тәрізді атышулы өлеңдер. Сөйтіп, Абайдың Пушкин, Лермонтов, Крылов тәрізді орыстың ұлы классиктерін аударуы кездейсоқ емес, заңды, жоғарғы айтылған екі түрлі күрделі себептерге негізделген деуге болады.
Жұмыстың мақсаты: Абай аудармаларының қыр-сырын зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
1.
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімдегі екі тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Абай аудармаларының негізгі сипаттамалары
1.1 Абай аудармаларының айшықтары
Орыс әдебиетінің классигі М.Ю.Лермонтов мұрасының қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Бұл әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғындағы ұлы Абай аудармаларымен құнды.
Қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ол Лермонтов өлеңдерін Пушкин мен қатар қойып, сүйіп оқып қана қойған жоқ немесе ұлы ақынның өлеңдерін өзінің ана тіліне аударуды ғана мақсат етіп қойған жоқ, өз халқының қиян-кескі тағдырын ойлап, бұлдыр болашағынан саңылау іздеп ой-санасымен арпалысқан Абай - орыстың бұл дана ақынын - халқына да, өз жанына да рухани серік, сыршыл дос еткісі келді. Ең бірінші аудармасы - «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, қысқартып жазған поэма.
Абайдың аудармаларына жалпы шолу жасасақ, ол үнемі таңдап, талғап аударған. Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не терең ой - философия, не үздік көркем өлеңдер болып келеді. Сондықтан ұлы ақындардың өлеңдеріндегі идеялық-мазмұндық ұқсастықтар мен көркемдік бояу нақыштары жүрекке жағымды келеді. «Абай Лермонтов өлеңдерін аса бір ұқыптылықпен әрі ерекше сүйіспеншілікпен аударды. Әсіресе «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Теректің сыйы», «Желкен» сияқты Лермонтов шығармаларының ең үздігін алып аударған. Ал бұлардың бәрі орыс классиктерінің ішінде шеберлік жағынан теңдесі жоқ туындылар болып отыр» деген екен Абай аудармалары туралы кезінде Мұхтар Әуезов. Лермонтов әуені Абай шығармашылығында жарасымды үндестік тапқан.
Абай неліктен Лермонтовқа соншама ден қойды екен? Зерттеушілер бұл мәселеге мән бермей келеді.
Абай Лермонтов өлеңдерін аудару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шығармашылық нысанын білдіретін ұғымдардың аттарын аударуда ықшамдау принципін ұстанады. Түпнұсқаның негізгі мазмұнын, мағыналық өзегін сақтауда, сөйтіп автордың ойын жинақтап жеткізуде бұл принцип оңтайлы және едәуір тиімді көркемдік қызмет атқарады. Мұндай сипатты аудармада түпнұсқа мәтіндегі тікелей аударуға болмайтын ұғымдарды сөзбе-сөз немесе сипаттай аудару аударманың мазмұны мен мағынасы арасындағы келісім мен жарасымға көлеңкесін түсіруі ғажап емес. Түпнұсқада үлкен мағыналық жүк көтеріп тұрған мұндай тілдік құралдардың сөзбе-сөз аудармасы аударма мәтіні жүйесіндегі «бөтен сөзбен былғануына» алып келеді. Осы тұрғыдан келгенде, аудармада ықшамдау, жинақтау принципін қолдану да бір жағынан тиімді және мұның өзі айтарлықтай шығармашылық нәтижеге алып келетінін Абай аудармаларынан байқауымызға болады.
Абай аудармаларындағы мазмұны дәлме-дәл аударылған «Менің сырым, жігіттер, емес оңай» («Я не хочу чтобы свет узнал») деген өлеңінің көлемдері екі тілде де 16 жолдан. Бұлай аудару үлкен шеберлікті танытады. Айта берсе, Абай аудармалары шетінен асқан талант иесі екенін дәлелдейді.
«Көңілім менің қараңғы, бол-бол ақыл» шығармасы да осындай әсерлі өлеңдерінің бірі. Бұл - Байронның «Моя душа темна» атты туындысын еркін аударған Лермонтов нұсқасы. Орысша нұсқасы ақынның көзі тірісінде «Отечественные записки» журналында басылып, кейін өзінің жинақтарында басылған.
Абай осы өлеңнің алғашқы сегіз жолын ғана аударған. 1933 жылға дейінгі жинақтарда «бол,бол ақын» «бұлбұл ақын» болып басылып келген екен [2,261]. Алғашқы басылымдарда «Еврей күйі» деп берілсе, кейінгі басылымдардың барлығында Лермонтовтан деп қана беріліп жүр.
Мәтіндерді салыстыратын болсақ.
Түпнұсқада:
Душа моя мрачна! Скорей, певец, скорей!
Вот арфа золотая:
Пускай персты твой, промчавчейся по ней,
Пробудят в струнах звуки рая.
И если не навек надежды рок унес,
Они в груди моей проснутся,
И если есть в очках застывших капля слез -
Они растают и прольются.
Аудармада:
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерсе?!
Аударманың сәттілігін айтпаса да түсінікті. Лермонтовтың ойы, көңіл-күйі аудармада анық, дәл түпнұсқадағыдай. Абай «арфа» сөзін «домбырамен», «звуки рая» тіркесін «бейіштің үні» деп қазақ оқырманының тіліне сай етіп өте жатық аударыпты. «Пускай персты твой, промчавчейся по ней» - «Ішек бойлап он саусақ жорғаласа» деген тармақтың да баламасын ұйқасқа қарай да, мағынаға қарай да тауып қолданған.
Абай аудармаларына ғалымдар қай кезде де оң пікірлерін беріп келеді. Мысалы, Қ.Бекқожин бұл туралы былай дейді: «Эти и подобные им Абаевские переводы воспроизводят художественные особенности Лермонтовских творений, сохраняют по возможности точно их содержание. «Кинжал», «Пленник», «Дары Терека», «Дума», «В альбом», «Больное сердце бьется тихо» - это те переводы, в которых мы можем особенно сильно почуствовать силу таланта Абая, тонкость его художественного восприятия, истинно поэтическую ценность переведенных им произведений». Қ.Бекқожин осындай ойдан кейін, Лермонтовты аудару арқылы Абай қазақ поэзиясында жаңа классикалық үлгіні дамытқанын айтады.
Абайдың ақындық толғамдарын саралап қарасақ, идеялық мазмұн мен лирикалық тебіреніс тарапынан үш-төрт сарынға жіктелер еді. Меніңше, бірінші бағытта - халықтың тағдырын, заманның бет-бейнесі өзекті орын алса, екінші тарапта - халықтың мінез-құлқын түзету үшін ақыл айту, яғни дидактикалық сарын және салт сипатындағы тоғышарлықты мінеу, сатира әуені жатады. Содан кейін осы бағыттағы өнеге, өсиет жырлары мен шындықтан жаңғырық таппағандықтан - өз замандастарынан, өз ортасынан түңілу, торығу, қасірет шегу саздары өзінше бір арна болып толқиды. Сахара бозбаласының лирикасы - бір сала. Ал Абай поэзиясының тебіренісі басым әуендер - өз ортасынан, топас қауымнан түңілу, замандастарының әсіресе, тұсындағы жас толқынның надандығын, білімсіздігін көріп торығу. Жалғыздық жапа шегу сарындарының Лермонтов әуендеріне үндес келіп тұрғандығы таң қалдырады.
Алдымен, Лермонтовтың осы сарынына беріле үн қосуын айтпастан бұрын Абай өзге де келелі шығармаларын аудармауының себебі не екен? деген сұрақ туындайды. Лермонтов шығармашылығындағы басты сарын - бас бостандығы болса, Абай аудармаларында мұндай ереуілді әуендер кездеспейді. Тек, «Жартастан қыз құлапты терең суға» дегені болмаса. Абай заманында, тіпті қазақ қоғамында, әйел мәселесі болмаса, жеке бастың бостандығы айырықша орын аларлық күйде болған жоқ. Құлдық, крепостнойлық секілді сұмдықтарды Абай көрмесе керек. Сондықтан мұндай сарын Абайды тебірентпесе керек. Абайға керегі, жүрегіне жақыны, жалғыздық, халық қамы:
Жарлы емеспін, зарлымын,
Оны да ойла толғанып,
Жұртым деуге арлымын
Өзге жұрттан ұялып...
деп «Отанымды сүйемін мен өзгеше» немесе «Қош, Россия сорынан арылмаған» деген Лермонтов сарынымен сабақтас күңіренеді.
Мысалы, «Қараңғы түнде тау қалып» өлеңіндегі Абай дәл бере білген тұстардан үзінді келтірсек:
Выхожу один я на дорогу:
Сквозь туман кремнистый путь блестит
Ночь тиха. Пустыня внемлет богу
И звезда со звездою говорит -
дегенді Абай былай аударған:
Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз,
Тасты жол жарқырайды бұға амалсыз
Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп,
Сөйлесіп, ымдасқандай көкте жұлдыз.
Абай өзінің аудармасында ақынның ойын, жан-сезімінің сәулесін, құбылысын еркін түсініп жеткізіп бере алған. Мұнда «пустыня» сөзін «елсіз жер» деп сәтті қолданған.
Абай аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Біріншісі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлең буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі - тоникалық не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі - силлобикалық өлең құрылысына жатады.
Шығарма орыс ақынында да, қазақ ақынында да 20 жол. Өмірге ой көзімен қарай білудің, терең сезімталдық, сыршылдықтың үлгісі боларлықтай лирикалық туынды. Ақын жарық түнде жалғыз жолға шыққанын айта отырып, аспан мен жердің, жоғарыда жылт-жылт етіп көрінген жұлдыздардың ғажайып әдемілігін тамашалап, ғарыштық кеңістікті бар жанымен сезінгендей болады. Сондықтан оның өз көңіл-күйін қозғайтын әр сөзі ерекше салмақты, мәнді болып шыққан. Өлеңдегі мұңды сарын да, тыныштық, азаттық іздеу де адамды жадырататындай әсер береді. Осы өлеңнің идеялық өзегі, тірегі болған өмірге құштарлық:
"Көкірегімде өмірдің күші тұрып,
Іздеймін дем алысты үзбегенін..." -
деген сөздерден әсіресе айқын танылады.
Абайдың өлеңі Лермонтов нұсқасына жолма-жол сәйкес келіп отырады, мағынасы жағынан әбден жақын және көркемдігі де өте жоғары. Лермонтовта:
В небесах торжественно и чудно!
Спит земля в сиянье голубом...
Что же мне больно и так трудно?
Жду ль чего? Жалею ли очем?
Уж не жду от жизни ничего я,
И не жаль прошлого не чуть;
Я ищу свободы и покоя!
Я б хотел забыться и заснуть", -
деп келсе, Абай бұл екі шумақты былай тәржімалаған:
"Мен көрдім көктің ғажап жасалғанын,
Жер ұйықтап, көкшіл шықпен бу алғанын.
Менің не мұнша қапа, қысылғаным?
Үміт пе, өкініш пе ойлағаным?
Дүниеден үмітім жоқ менің деймін,
Өмірге өткен титтей өкінбеймін.
Азаттық пен тыныштық көксегенім,
Ұйықтамақ пен ұмытпақ деп іздеймін..."
Тек соңғы шумақ қана еркін аударылған.
"Чтоб всю ночь, весь день мой слух лелея,
Про любовь мне сладкий голос пел.
Надо мной чтоб, вечно зеленея,
Темный дуб склонялся и шумел" - деп, Лермонтов махаббат жыры мен ағаш сыбдырын аңсаса, Абай тамылжыған табиғаттың демімен, жылылықпен, достықпен өніп өскеннің мадақталуын армандайды:
"Су сылдырлап, жел гулеп, күн шуақтап,
Жылылық пен достықты тұрсын мақтап.
Өнген, өскен жақсы деп емен ағаш,
Теңселіп айтып тұрса ол шайқақтап..."
Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғашқы рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген "Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі" атты жинақта жарияланған. Өлең басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945 жылғы басылымда 1-ші шумақтың 2-ші жолы "Тасты жол жарқырайды буға амалсыз" делінсе, кейінгі басылымдарда 1909 жылғы жинақ бойынша бұл жол "Тастақ жол жарқырайды буға амалсыз" деп алынған. 1945, 1954 жылғы жинақтарда 2-ші шумақтың 3-4-ші жолдары "Менің де мұнша қапа, қысылғаным, Үміт пе, өкініш пе ойлағаным", 4-ші шумақтың 2-ші жолы "Ұйқы, тыныштық, ұмыту - бір дегенім" болса, кейінгі басылымдарда бұл жолдар 1909 жылғы жинақ негізінде "Менің не мұнша қапа қысылғаным", "Үміт пе, өкініш пе ойланғаным?" "Ұйқы, тыныштық, ұмыту - бер дегенім" болып қабылданған. Өлеңге композитор І. Жақанов ән шығарған.
Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұқсастарын, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады:
Қазақшасы:
"Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап,
Даланы жым-жырт дел-сал ғып,
Түн басады салбырап.
Шаңдай алмас жол-дағы,
Сыбдырламас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы...
Сабыр қылсаң азырақ..."
Орысшасы:
Горные вершины
Спят во тьме ночной,
Тихие долины
Полны свежей мглой.
Не пылит дорога,
Не дрожат листы;
Подожди немного -
Отдохнешь и ты
Осы өлеңнің, әсіресе, соңғы төрт жолын алсақ, орысшасына дәлме-дәл. Әрине, алдыңғы жолдарын да дәл емес деуге болмайды. Лермонтов поэзиясының құдіретті күші де, өр мінезі, ызғарлы ызасы, от лепті күрсіну де аудармада дәл берілген.
Абай аудармаларының жоғарыдағыдай үздік болуының, меніңше, үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, көркемдік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы.
Түгелдей алғанда өте еркін аударылғандықтан Абайдың бұл өлеңі өзінің төл шығармасы саналып келген. Өйткені, бұл түгелдей алғанда нәзира дәстүрімен жарыса жазылған өлең деген баға берілген.
Жалпы Абай аудармаларындағы ерекшелік үнемі толығып, дамып, бүтіндей байланысып отырады. Екі халықтың екі ұлы тұлғасының поэзиясындағы үндестік, жалғастық - олардың асқан талант иелері екендігін танытады.
Қорыта айтқанда, Лермонтовтың асыл мұрасын терең таныған, ақындығына берік ден қойған, орыстың дана ақынын өзіне ұстаз тұтқан Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Сондықтан, ұлы ақындар арасындағы шығармашылық байланыс пен поэзиялық үндестікті аударма нұсқалар арқылы тану бүгінде ең маңызды зерттеу мәселелердің бірі болмақ.
1.2 Абай аудармалары және оның тілі
Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, сұқтанар сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазаққа өз ақындарындай сүйгізді. Абайдан бергі, әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін «Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» (Кинжал), «Жалғыз жалау жалтылдап» өлеңдерін білмейтін қазақ аз шығар. Сөйтіп Абайдың аудармалары алдағы халықтың мәдениеті, үлкен идея, ұлы ақындары мен қазақ халқының жұртшылығы араларындағы дәнекер болды.
Абай оларды тек қана дос көріп қойған жоқ, әрі өзінің ұстазы тұтты.
Абайдың ұлттық шеңберден шығып, жалпы адам баласылық идеяны көксеген, интернационалдық жүректің иесі ақындығын осы орыс жазушыларына көзқарасының өзі-ақ дәлелдейді. Абайдың жастарға үлгі ал, өнеге үйрен деген адамдары қазақ емес, Толстой, Салтыков-Щедрин, т.б. болды.
«Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой».
Бұл сөзден Абай өз халқын жек көрді деген ұғым тумайды. Абай айналасындағы әлеумет өмірін, «ел еркесін» сынағанда, өмір уын ішіп, бүк түсе қайғырғанда сол халық үшін қайғырып, халық қамы үшін өмірден тыныштық көре алмайды. Бар өмір, бар асылын сол халық үшін жұмсады. Бірақ ол кезде қазақта Салтыков пен Толстой жоқ еді. Ендеше өмірге адамгершілік көзбен қараған, интернационалдық жүрегі бар ақынның объективтік көзқарасы Салтыков, Толстойды қазаққа үлгі еткізді.
Енді аударманың құрылысы жағына келсек, Абай аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Біріншісі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұйқастарын, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады:
Қазақшасы:
«Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт дел-сал қып
Түн басады салбырап.
Шаңдай алмас жол дағы
Сыбдырламас жапырақ,
Тыншығарсың сен дағы,
Сабыр қылсаң азырақ...»
(Абай, ІІ том, 94-бет)
Орысшасы:
«Горные вершины
Спят во тьме ночной,
Тихие долины
Полны свежей мглой.
Не пылит дорога,
Не дрожат листы,
Подожди немного -
Отдохнешь и ты...» (227)
Осы өлеңнің, әсіресе соңғы төрт жолын алсақ, орысшасына дәлме-дәл. Әрине алдыңғы жолдарын да дәл емес деуге болмайды. Бір тілден екінші тілге аударғанда, сөз орнын ауыстыру, бір сөздің орнына басқа синонимдер алу - аударманың жалпы заңы. Оның бұдан басқа да бірнеше аудармалары - «Жалғыз жалау жалтылдап», «Қонады бір күн жас бұлт», т.б. жоғарғы келтірген мысалдар тәрізді дәлме-дәл аудармалар. Абайдың дәл аудармаларының және бір түрі деп «Онегиннің сыйпаты» (Пушкин), «Қанжар», «Жолға шықтым», «Терек сыйы», «Дұға», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Еврей күйі» (Лермонтов) атты өлеңдерін айтуға болады. Мұнда өлеңнің буын, ұйқасы сақталмайды. Орыс тіліндегі өлеңнің буындарының аз-көбіне қарамай, бәрін де қазақтың он бір буынды қара өлең ұйқастарымен аударады. Лермонтовтан аударғандарының оригиналдары шалыс ұйқас (а-в-а-в-), Абайда (а-а-в-в-) көпшілігінде - қара өлең ұйқасы. «Онегиннен» аудармасы да осылар тәрізді буын ұйқастары сақталмайды. Бірақ бұларды да дәл аудармалардың қатарына қосуға мүмкіндік беретін және бәріне тән бір нәрсе - оригиналдың өзіндегі автордың айтайын деген ойын толық сақтап, ондағы образдарға дәл келетін қазақша образды сөз табу. Жоғарғы аталған өлеңдердің қайсысын алсақ та, осы жүйені берік сақтайды. Мысал үшін Онегиннің орысша, қазақша мінездемесін алалық.
Орысшасы:
«Как рано мог он лицемерить,
Таить надежду, ревновать,
Разуверять, заставить верить,
Казаться мрачным, изнывать,
Являться гордым и послушным,
Внимательным, иль равнодушным!
Как томно был он молчалив,
Как пламенно красноречив.
В сердечных письмах как небрежен!
Одним дыша, одно любя,
Как он умел забыть себя!
Как взор его был быстр и нежен,
Стыдлив и дерзок, а порой,
Блистал послушною слезой!» (228)
Қазақшасы:
«Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,
Дәмеленсе, күндесе білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.
Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен,
Кейде үндемей жүрсе де, сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.
Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,
«Дем алысым құмарым, бір сен» десе,
Жанын құрбан жолына қылған жансып,
Көз қарауы құбылар әлденеше.
Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік,
Қамыққансып, қайғырып орны келсе...»
(Абай, ІІ том, 69-бет)
Бұл өлеңді ұйқасы, не тармақтары (жолдары), буын саны бірдей болмағандықтан, дәл емес деуге болмайды. Мазмұны, сол мазмұнды берудегі образ, сөз мәндері дәлме-дәл. Сондықтан біз мұны дәлме-дәл аударма деп санаймыз. Дәл аударманың осы соңғы түрімен байланысты айтылған «Қанжар», «Дұға», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Терек сыйы», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Еврей күйі» бәрі де «Онегиннің сыйпаты» тәрізді ұйқас, буын сандарын сақтамағанмен, мазмұнын, образдарын бұлжытпай дәл беру әдісімен аударылған. Кейбіреулерінде шумақ, не бірнеше жолдарын Абай аудармай кететіні рас. Бірақ ол - өз алдына мәселе. Біздің бұл жердегі айтпағымыз - ақынның неге аудармағаны емес, аударған жерлерін, өлеңдерін қалай аударғаны. «Онегиннің сыйпатынан» келтірген үзіндінің орысша, қазақшасын салыстыра оқыған адамға дәлдігі айқын. Кім аударса да, бұдан артық дәл, бұдан артық жанды етіп аудара алуы екіталай.
Екінші түрі - ерікті аударма. Бұған жататындар - «Онегиннің Татьянаға жазған хаттары», Крыловтан аударған кейбір мысалдар және қара сөзден өлең еткен «Вадим» поэмасы. Бұлардың негізі ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзі, өз ұғуынуынша әдемілеп айтып береді. Солардың үлгісін ғана алып, өзінше жазады. Бірақ жалпы сарыны, ізі сақталынады. Кейде өз жанынан сурет, баяндаулар қосып, кейбір жерлерін мүлде тастап кетеді. Кейде орыстың ол кездегі жоғарғы топтарының өмірінде аузына түспейтін сөздерді де Абай Татьянаның аузынан шығарады.
«Қаймақ еді көңілімде,
Бізге қаспақ болды жем.
Екі сөз жоқ өмірімде,
Мен де сорлы, бақыты кем...»
(Абай, ІІ том, 81-бет)
«Қаймақ пен қаспақ» - «Евгений Онегин» романында мүлде жоғы былай тұрсын, орыстың ол топтарының адамдарының мүлде басына келмейтін сөздер. Абай аудармаларының екінші түрі - осы тәрізді ерікті аудармалы өлеңдер.
Абай аудармаларын өзара екіге бөліп қарағанда, бірінші түрі қазақ әдебиет тарихында ең үлгілі, ең сапалы аудармалар болып саналады. Өйткені Абай - бір тілден екінші тілге аударылғанда сақталынуға керекті шарттардың негізін дұрыс ұғынған ақын. Сондықтан да ол өлеңінің мазмұны, түріне қарап, әртүрлі әдіс қолданады. Орыс тіліндегі өлеңдердің дәлме-дәл аударуға келетіндері болса, қазақ өлең құрылысынан оған дәл, не жақын келетін түрлерді іздеп, «бұлжытпай» дәл беруге тырысады («Қараңғы түнде тау қалғып», т.б.). Оған болмаса, мазмұнымен қолданған образдарын дәл етіп береді. Бұл - аудару жұмысының жалпы заңы. Бір тілден екінші тілге аударғанда қолданылатын ежелгі әдістің бірі.
Сонымен қатар Абай аудармаларының және бір үздік ерекшелігі - қандай аудармашы болсын, өз тіліндегі көркемдік, құндылығын, құлаққа қонымды, көңілге жағымдылығын қазақшаға аударғанда сол өзінің түпнұсқасындағы дәрежеде сақтай алуы, әрі оны қазақша етіп шығара білуі. Бұл - аудармашыларда өте сирек кездесетін қасиет. Басқа аудармашылардың аударған өлеңдерін оқып, оны оригиналмен салыстырсақ, сөзі, мазмұны дұрыс болғанымен, оригиналдың өзін оқығандағы әсерді аудармадан ала алмайсың. Және оқығанда-ақ аударма екендігі көрініп тұрады.
Абай аудармаларында ол жоқ. Дәл, бұлжытпай аударды деген өлеңдердің өзін алсақ та, қазақтың өз өлеңдеріндей болып шығады. Оригиналмен салыстырсақ, дәл оқысақ, өлеңнің өз тіліндегі әсері мен Абай аудармаларынан алатын әсерде айырма жоқ. Міне, аударма жөніндегі Абайдың озат шеберлігі де, бұл күнге шейін үлгілігі де осында.
Абай аудармаларының бұл тәрізді үздік болуының, бізше, үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттылығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, әдемілік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы.
Пушкин, Лермонтов, Крыловтар - ұлы таланттар. Олар тәрізді ақындардың өлеңдерін аударушы да талантты ақын болуы керек. Кез келген ақынның оларды ойдағыдай етіп аудару қолдарынан келе бермейді.
Абайдан кейінгі қазақ ақындарының, не оның алдындағы Алтынсариндердің аударғандары Абай аудармасынан әлдеқайда олқы жатуы, орыс тілін Абайдан аз білетіндігінде емес, ақындық дарындарының жетпейтіндігінде.

- Абайдың нақыл сөздерінің тәлім-тәрбиелік маңызы
- Абай жолы романындағы мезгіл үстеулер
- Абай жолы романындағы мезгіл үстеулер, курстық жұмыс
- Абай Кунанбаев и его вклад в науку
- Абай Құнанбаев Жастарға үлгі - жас Ибраһим
- Абайсызда кісі өлтірудің қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы
- А.Байтұрсынов - әдебиеттанушы
- ААдминистративные правонарушения (нарушения таможенных правил) связанные с несоблюдением требований таможенных процедур
- А.А. Краевский – издатель и редактор («Отечественные записки», «Голос»)
- Аализ психологического климата
- Аанализ движения денежных средств
- Аанлиз мотивации
- Аанлиз рентабельности
- Ааспекты консолидированной бухгалтерской отчетности