Абай шығармаларыныңмәні

К І Р І С  П Е

 

Тақырыптың  өзектілігі:

 Қазақстан Республикасы  Президентінің халқымызға арналған  Жолдауында басшылықпен бүкіл   қауымның алдына қойған өрелі  талаптары да осы жөнінде:» Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің бабаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ата-бабасынан алған мұрасын игеріп,өз ұрпағының жауапты да, жігерлі  білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»,-делінген.

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын  жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын  жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір  қырларымен жарқырай ашылып,қадірін  арттыра түсетініне Абайдан кейінгі  уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.

 Бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне  қатысты ең күрделі  мәселе  ұлттық және жалпы адамзаттың  мәдени мұраларды жас өспірімнің  бойына ізгі қасиеттерді сіңіріп,ұлттық  сана сезімін қалыптастыру, рухани  байлығын өсіру болып отыр.Сондықтан,бүгінгі  таңда жас ұрпақты халықтың  тәрбие негізінде тәрбиелеу үшін  ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың  педагогикалық көзқарастары мен  идеяларының тәрбиелік мүмкіндіктерін  зерттеу өзекті мәселенің бірі  болып табылады.

 Осыған  орай, Қазақстан  Тарихындағы көрнекті қазақтың  ұлы ақыны, композитор, философ,  қазақ жазба әдебиетінің негізін  қалаушы,оның алғашқы классигі  Абай Құнанбаевтың педагогикалық  идеялары мен тәлім-тәрбиелік  мұраларын жаңаша зерттеудің  қажеттігі туындады. Біздің мақсатымыз  ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен  ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі  педагогикалық идеяларға бүгінгі  күн тұрғысынан ғылыми-теориялық  сипаттама беру, олардың өзара  үндестігін айқындау болып отыр.

«Әкенің ұлы болмай, халықтың ұлы боламын» деген тартысында, «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адам баласы – бауырың» деген ой Абайдың сөзі ғана емес, адамгершілік, гуманистік жолы да болатын. Абай өзі үшін, елі үшін ізденді, ізденді де тапты және бар тапқаны мен тудырғанын ұстаздыққа салды. Абай үмітін болашаққа жүктеп: «Арттағыға сөз қалсын, мендей ғарып  кез болса, мойын салсын,ойлансын, қабыл көрсе сөзімді, кім таныса сол алсын» дейді. Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік лирика,көркемсөз шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөдеріне,әсіресе дінге, Алланың болмысы,имандылық туралы толғаныстарына қатысты.Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты. «Абай поэзиясы қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын,ұлттың мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып,қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес,өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді»,-деген академик З.Ахметовтың пікірі Абай поэзиясына берілген әділ баға.Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасына орын алады.

Адамды сүйіп,адамды құрметтеуге  үндеген кемеңгер ақын поэзиясының  түпкі негізі-адам,толық адам.Абай армандаған толық адам өнерлі,білімді,еңбекқор,адал,әділ,жылы жүректі,ыстық қайратты ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек.Ал махаббат пен сүю,адамды сүю, Алланы сүю,әділетті сүю Абай шығармаларының биік мұраты. Сонымен бірге әдеби мұралардағы тәлімдік ойлар мен оқу, білім, ғылымға қатысты пікірлер отандық педагогиканы дамытып қалыптастырудың қайнар көзі.

Осыған орай біршама жұмыстар жүзеге асып та келеді, атап айтсақ, Х.Арғынбаев, Қ.Б.Жарықбаев, Қ.Қ.Құнантаева, А.К.Көбесов, С.Қалиев, Т.М.Әлсатов, С.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, І.Р.Халитова, А.Н.Ильясова т.б .еңбектерін атап өтуге болады. Жалпы Абай шығармаларының философиялық тегі, психологаялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Қирабаев, Қ.Мұхаметханов, Х.Сүйіншәлиев, М.Орынбеков, Ғ.Есім, З.Ахметов, М.Мырзахметов, Г.Барлыбаева, Х.Досмұхамедұлы зерттеулерін айтуға болады. Абайдың педагогикалық пікірлеріне ең алдымен 1934 жылы жазылған Ш.Әлжанұлы мақаласын, одан кейінгі кездерде Қ.Ж.Жарықбаев, А.Көбесов, К.Қ.Құнантаева, І.Р.Халитованың, А.Е.Дайрабаеваның, К.Шаймерденованың т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да авторлардың жекелеген мақалаларын айтуға болады. Қазақстанда дидактиканың мәселелерін зерттеушілер Р.Г.Лемберг, Г.А.Уманов, К.Қ.Құнантаева, АА.Бейсенбаева Г.Меңлібекова Г.К.Нұрғалиева, С.А.Ұзақбаева, Б.И.Мұканов, А.Б.Нұрлыбекова, Д.М.Жүсіпәлиева т.б айтуға болады. Абай шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді А.Н.Ильясова, А.Е.Дайрабаева, ІР.Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен Н.Берікұлы, А.Бейсенбаева, Ә.Қоңыратбаев т.б. жекелеген мақалаларынан табуға болады. Бірақ, оларда оқыту теориясы тұрғысынан толық талданып, практикалық мәні жеткілікті ашылмаған. Сондықтанда ғұлама ақынның мол мұралары әлі де зерттеуді талап етеді.

Зерттеу жұмысының  мақсаты: Абай  шығармаларының мәнін ашып тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөлу.

 

Зерттеу жұмысының  міндеттері:

1.  Абай.Құнанбаевтың  өмірі мен шығармашылығына талдау жасау.

2.  Абай.Құнанбаевтың  педагогикалық және ағартушылық идеяларын зерттеу .

3. Абай туындыларын жинақтап,танысу.

Зерттеу жұмысының  нысаны: А.Құнанбаевтың шығармаларының жасжеткіншектерге беретін тәрбиесін насихаттау, және нәтижеге қол жеткізу.

Зерттеу пәні: А.Құнанбайев шығармаларын зерттеу.

Зерттеудің әдістері: әдебиет көздерін зерттеу, Зерттеуге байланысты поэзиялық туындылар, Абай шығармалары,мерзілімді басылмдағы материалдар мен басқа ғылымдардың Абай шығармашылығын зерттеу туралы еңбектері.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан және де пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. АБАЙ  ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ,  АҚЫЫНДЫҚ ЖОЛЫ

 

    1. Абай- қазақтың көрнекті ақыны, ағартушысы

 

 Қазақ халқының ұлы  ақыны Абай (Ибраһим), 1845 жылы осы  күнгі Семей облысындағы Шыңғыс  тауын жайлаған Тобықты ішінде  туады.

Ақынның әкесі Құнанбай –  ол күнгі сахараның  жуан әкімінің бірі.Түгел тобықтының ұлығы болған.

Абайдың ең алғашқы балалық  шағы «күндестің күлі күндес» дейтұғын көп шешенің  арасында өтеді.Бірақ  өзін тапқан шешесі Ұлжан мен үлкен  шешесі Зере жаратылыстан мінезді,әділ,мейірбан адмдар болып,жас Абайды бауырмал,адамгершілік жолымен тәрбиелеуге тырысады.Әкесі  қойған Ибраһим деген атты да сол  аналар еркелетіп өзгертіп:»ойлы  бол,абайлағыш,аңдағыш бол» деп «Абай» қойған.

Бала  Абай сабақты әуелі  үй молдасынан оқиды. Кейін Қүнанбай сегіз жасар баласын Семейге  апарып,Ахмет Риза деген имамның  тәрбиесіне береді.Сол шаһарда,сол  медреседе бес жыл тұрып,он үш жасына шейін оқуды үзбей оқығанда зейінді шәкірт Абай көп сауат  алады.Ақындықтың ерте білінген қозғауы  да осы кезде басталады. Кітаптан оқыған келісті жырды,жыршыны сүйе бастайды.Бұдан бұрын кәрі құлақты  әже тәрбиесін алып жүргенде туған  сахарасының аңыз дастанын,аңыз әңгімесін,көркем қазынасын көп тыңдап,көп ұғып,құмартып өскен жас енді араб,иран,шағатай,түркі  ақындарын іздерлеп оқып,жадына алады. Тағатшыл имам, намазқой халфе, дүмше  молдалар арасындағы қуыс кеуде, құрғақ сопылыққа салынбай ынталы зерек  шәкірт шығыстың ақындық бұлағына, классик тұнық поэзиясына ден  қояды.

 Абай - ұстаз, сыншыл  ақын, күй шығарғыш өнерпаз. Бар  қазақтың өнерлі қауымы – мұның  досы. Айналасына талантты жас  үйіріледі.Үгітіне, өлеңіне халқы  ынталай құмартады. Сонымен барған  сайын Абайдың абырой-атағы артады. Өлең үлгісі болса ол да  қазақтың барлық жас ұрпағына  жайыла тарап,өнер серік айт  пен тойда талап пен ойда  өмір серік боп,тәрбие тәлімін  үнемі беріп,ұдай түсті.

 Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі." Абай  тірлігінің мағына-мәнісінің өзін бұрынғы қазақ ақындарынан мүлде басқа, жаңаша бағалап ұғындырады. Осы жолда өнерлі елдің бәрінен оқы, үйрен, үлгі ал. Адам  баласының бәрінің тарихындағы жақсылығынан,өнерінен үйрен. Бұл жолда дін дін де, ата салт та, ескі құрылыс қалып та кедергі, бөгет болмасын. Болар болса аттап өт, елең қылма. Кім білім беріп,елдігіңді жаңа белге шығарар  болса сол досың,сол жақының деп, халық, қауымға бет сілтейді. Осы жолда ел тарихының кесірі болатын:

 Сабырсыз, арсыз, еріншек,

  Көрсе қызар жалмауыз.

  Сорлы қазақ сол үшін,

  Алты  бақан алты  ауыз.

Болып жүрген пәлешіл, ескішіл, керенау, надан  ру басыларды еңбек  елінің, ел тарихының  барып тұрған залалды арам тамақ паразиті деп  жариялайды.

Қылып жүрген өнері –

Харкеті әрекет.

Өзі оңбаған антұрған,

Кімге ойлайды берекет,-деп  таңбалайды.

Осындай жұрт әлеумет тірлігіне  арнап  айтқан ұлы ақынның үлкен  үн, қатты сынын үнемі көреміз. Сондай ұстаздық сөзінде жаманшылықтың  пішін-кескінін аса жиіркенішті  етіп, жалтармастан басқа сабап, жарып  айтқан ақын қазақ әдебиетінде Абайдан  бұрын, дәл бұндай толық боп шыққан емес.

Абайдың айнымай, қажымай  ұстап қалған бір  құралы, бір  досы бар еді.Ол – сол ақындық  еді…Өзгесінің бәрінен ажыраса  да жалпы айрылмас сол серігі арқылы келер ұрпақ туар тарих жарқын күйімен тіл қатысқандай болатын.Сондықтан  да өзінің жан сырын айтып, келешекке  жолдаған жырында өз ақындығы туралы:

Көк қанат бейіс құсындай         

Қу  ағашқа қонақтай.

Ол  бұтақтан қозғалмас,

Өкіріп  дауыл,соқса жел.

Өзгеге  бола жырламас,

Ыстық күнді жоқтар ол.

Жанымның  жарық жұлдызы

  Жамандық  күнде жарымсың,

  Сөз болсын ескі әр сөзі

  Кейінгіге қалынсын,- деген.

Бұл анық келешектің ыстық, мейірлі күнін жоқтаған, кейінгіге  сырын ашқан ұлы ақынның арыздасу сөзі, соңғы өсиеті еді.

Абай  тікелей мұғалімдікпен  айналысып, сабақ беріп, арнайы түрде  педагогика ғылымдарына бағыштап еңбек  жазбағанымен, оның шығармаларының өне  бойы адам жанының небір түкпірлеріне үңілетін адам тәрбиесіне қатысты тұнып  тұрған озық идеяларға толы. Соның  бастысы – дара тұлғаның өзін-өзі  қалыптастыруына апаратын жолды  дәл тауып, «жан құмары»- «білмекке  құмарлық» деп жұмбақтың шешуіне  айналдырғаны.

Қорыта  келгенде айтарым, Абай – қазақ халқының тарихи көшін  ілгері бастауда, ой-пікірлерінің шеңберін кеңейтуде, ұлттық мәдениетін көтеруде ерен еңбек сіңірген ұлттық болмысымызға  дара біткен  жарық жұлдыз. Абай тағылымы оның даралығында, Абай даналығы оның данышпандық ойлары мен парасатты  сөздерінде. Абай парасаттылығы оның ағартушылық ой-түйіндерінде, сол  ұстаздық ойларының асқар белесі ел тәрбиесінде деп білемін

 

 

    1. Абайдың шығармаларындағы табиғат лирикасы

 

 Табиғат - адам баласының  еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғатты дүниежүзінің классик  ақындарының бәрі жырлаған. Дәуірі  мен ортасына, өзінің және басының  көңіл күйіне байланысты әр  ақын өзінше жырлайды. Біреулер  таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы  қоғамдық өмірді, тартысты суреттейді.

          Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың көп тақырыптарының бірі – адам мен табиғат бірлігі. Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбаев халқымыздың салт-дәстүрі мен тұрмысын, төрт түлікті шаруашылығын, саятшылық, аңшылық өмірін табиғат лирикасымен ұштастыра жырлаған.

           Ақынның табиғат лирикасы түр жағынан да, мазмұн жағынанда өзгеше.Өлеңдерінде ақын еліне, жеріне шексіз сүйсіне отырып, өмір шындығын кеңінен қамтып көрсетеді. Табиғаттағы тіршіліктің бір күйден екінші күйге ауысатынын жердегі органикалық заттардың мәңгілік еместігін, олардың өзгеріп отыратынын өлеңдерінде айтқан. Жаратылыстың бар дүниесі бір түрден екінші түрге ауысып, өзгеріп отыратындығын, дамудың табиғи заңдылық екенін ерте таныған. табиғат – күллі тіршілік атаулының қуатты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Ақын өзін қоршаған табиғаттың осы бір күйін, жанды бояуын, іңкәр сәтін кінәрәтсіз құрметпен, ақындық шеберлікпен тереңнен қорғап түрлі-түрлі көрінісін көз алдына әкеледі.

           Ақын жырларын оқыған сәтте-ақ көкірегінің көріктеніп, бойыңа ыстық нәр құйылып, жаның жайлы бір ләззатқа бөлінесің. Ақын поэзиясына алғаш баға беріп, оның сырын терең ұғып сипатын таныған Ахмет Байтұрсынов: «Не нәрсе жазса да, Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады», - деп айтқан.

           Абайдың табиғат тақырыбында  жазған тұңғыш өлеңі – «Жаз». Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше алуан қызықты құбылыс асқан шеберлікпен суреттеледі. Шілде айындағы толысқан табиғат, жайлауға жаңа келіп қонып жатқан көшпелі қазақтың қарбалас тіршілігі өлеңде бар болмысымен шынайы суреттеледі. Табиғат бояуы сақталынған сурет көрсетіледі.

  Жаздыгүн шілде болғанда,

  Көкорай шалғын, бәйшешек.

  Ұзарып, өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге.

  Көшіп ауыл қонғанда...-

 деп суреттейді де  табиғаттың ауыл өміріне жерін  әдемі өлеңмен жеткізеді.                         Жазда жан-жануар масайрап, шаруаның  малы көбейіп, береке, молшылық, ырыс, қуаныш әкеледі. Ақын осы құбылысты даналықпен, сезімталдықпен, шынайы суреткерлікпен жеткізеді.

          «Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Қараша,  желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңдерінде:

  Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

  Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

  Жан-жауанр, адамзат анталаса,

  Ата-анадай елжірер күннің көзі... деген өлең жолдары бар. Бұл лирикасында жердегі тіршілік жерінен күн энергиясының тіршілікке айналатындығын білдіреді.

  «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде:

 Қан сонарда бүркітші  шығады аңға,

  Тастан түлкі табылар аңдығанға.

  Жақсы атпен тату жолдас бір ғанибет.

 Ыңғайлы, ықшам киім  аңшы адамға...

 Табиғат құбылысымен  саятшыны, тас пен түлкі байланысып, адам мен адам қатынасып, киім  мен аңшы адам жарасымдылығы  екенін суреттеген. Ақынның табиғатқа  адамның өмірін, көңіл-күйін шебер  байланыстырғаны, аңшылық өмірдің  қызықтығын жан бітіре бейнелі  түрде суреттегенін көреміз. 

 «Қараша, желтоқсан  мен сол бір-екі ай» өлеңінде  ақын сұрықсыз күздің суық  бейнесін, аш-жалаңаш бүрсең қаққан  кедей балаларының аянышты халін,  үйі жылы, қарны тоқ, киімі бүтін  байлардың тұрмысымен суреттеп, қарама-қйшы екі дүниенің тарихи  шындығын көзімізге елестетеді.

  Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

  Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

 Қайыршы шал-кемпірдей  түсі кетіп, 

 Жапырағынан айрылған  ағаш, қурай, -деп жас бала, кемпір-шалға дейін атап, күнкөрісі шындығын ашады.

  Абайдың табиғат лирикасының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып» өлеңдері.

  Желсіз түнде жарық ай,

  Сәулесі суда дірілдеп.

 Ауылдың маңы терең  сай, 

  Тасыған өзен гүрілдеп, - деп басталатын өлеңі табиғаттың түнгі сұлу көрінісін махаббаты жарасқан екі жастың жүрек дүрсілімен ұштастыра бейнелейді.

«Қыс» өлеңі нағыз орыс поэзиясының классикалық үлгісінен  туған өлең.   Абай қысты жанды адам шал бейнесінде суреттеген.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

  Басқан жері сықырлап келіп қалды.

  Табиғат қысын асыл оймен астастырып бейжай, енжар жатқан қазақ даласына қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсетеді.

  Табиғаттағы құбылыстарды қимылға келтіріп, жанды бейнеге, яғни кейіптеуді қолданады.

            Сыртқы ортаның тіршілікке әсерін Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларынан жылдың төрт маусымындағы тіршілік сипаттауын байқаймыз. Абай – оқығаны, білгені мол, білімі терең, дана ақын болумен қоса табиғаттың құбылысын ерте түсінген табиғатшы ғалым.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа  келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке  шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер  ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан  шығарған төл өлеңдері; екіншісі —  ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі —  өзге тілдерден, әсіресе орысшадан  аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына  көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа  өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар  портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен  көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының  ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам  діні тараған Шығыс елдерінің  әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен  өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ  халқының экономикасы мен ой-пікірінің  алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен  қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың  төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы  ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ  өміріндегі аса маңызды мәселелерді  түсіндіруге қолданады. Дүниетану  өңірінде екі қасиеттің — сезім  мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың  қатынасын таразылайды. Сондықтан  да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Кез келген халықтың тарих  сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген  біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік  деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса  Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ  баласының кейбірінің бойындағы  туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне  ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. АБАЙ ҚҰНАНБАЕЫТЫҢ  ШЫҒАРМАЛЫРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

 

 

2.1. Абай- ғылым,  білім  насихаттаушысы

 

 Қазақстандағы педагогикалық  ойлардың даму тарихы қазақтың  жазу мәдениеті негіздерімен  байланысты.

Өлмейтұғын артына сөз  калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге  сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге  саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп  қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір  адамның тани алатынына қа-зақ  өмірінің сол кездегі жағ-дайында  толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен  жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген  өлеңіндегі мына шумақ-тар толық  дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң  тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді  бұрын көрмей".

Бұдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы  жаңа, соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай кдбылдайтынына ерекше мән  бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға  көңіл қоятын кдуымнан мән-жайын  түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын  көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры  мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп  са-наған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік  бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік туындылар мол. "Сегіз  аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан  сонарда бүркітші шығады аңға", "Кдлыңелім, қазағым, кайранжүргым", "Жаз", (Жаз-дыгүн шідде болғанда) "Жел-сіз  түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сүрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным  қара жер сыз болмай ма?", "Көк  түман - алдындағы ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы  аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау  жалтылдап", "Жолғашықгым біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен  көрдім үзын қайың қүлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармалар-ды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең өрнегі жағынан мүлде  жаңа болып келетіндіктен осы  топка жатқызуға болады деген  туындыларды түгел қамтып, бөліп  алудың өзі өте қиын. Міне, осындай  ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін  туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес  өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер  тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас  шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан  шыққан кемеліне келген, коркемдік  бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің  көптігі және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын қлендерініңі де әрқақайсы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күЙДІҢ мәнін. ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абайойшыл акын екен деп танысак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсін. көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай аскан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға". Жаздыгүн шілде болғанда". "Желсіз түнде жарык, ай".

"Жазғытұры қалмайды  кыстың сызы" сияқты өлеңдерге  назар салсақ.Абайдың өмір кұбылыстары  сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге  айналдырып сипаттауда алдына  жан салмайтын суреткер ақын  екеніне ден қоямыз.. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде  бар болса", тағы сондай туындыларға  карап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға  шебер ақын осындай-ақ болар  десек. "Мәз болады болысың"  атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап  келемеждеудің мұндай да өте  нәзік, өтімді түрі болатынына  тәнті боламыз. Ғылым таппай  мақтанба", "Интернатта оқып  жүр" атты өлендердің қазақ  поэзиясында қалыптасқан насихат,  өсиет үлгісіндегі нұсқалардан  мазмұны да, ойды бейнелеп айту  тәсілі де мүлдем өзгеше екені  көңіл аударады. Ал "Сен мені  не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор  болды жаным" секілді нәзік  лирикалық туындылар қазақ поэзиясында  бұрын орын теппеген сыршыл  лириканың жаңа үлгілеріне екені  айқын аңғарылады.. Абайдың әр  өлеңінде оның осындай ақындық  тұлғасына жаңа бір қырынан  танытатын өзгешілігі болады  десек, олар іштей астасып жатқан  сипат, қасиеттер екенін де  айтуымыз керек. "Сегіз аяқты"  окығанда мұнда терең сыршылдық.  ғиратты насихатшылыдқ, бейнелеп  суреттеуге, тіпті өлең өрнегін  өзгеше өрнектеуге шеберлік те  бәрі ұштасып келетіні анық  көрінеді.Абайдың көркемдік ойлаү,  бейнелеп айту, суреттеу тәсілі  мүлде жаңа, даралық стилі еркін.  икемді, поэзиядағы қалыптасқан,  дайын үлгілерді қайталамайды, Осының  өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының  мазмұндық ауқымын, тақырыбын  кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык  түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу  тілініңі. қазақтың ауызекі ақындық  және ән өнерінің байлығын  кең пайдалана отырып, ол өлең  сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығыні терең ашып  көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді  өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалык мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің "Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға" өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан дүниеге келген туындылар еді. Мыс., Абайдың Лермонтов мәтінін казақша жеткізу әдістері әр түрлі.

Ал қалған жартысы еркін  аудармалар. Мыс., "Ой", "Теректің сыйы" сияқты елеңдер. Абай жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегеңде, көбірек  айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: "Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып", - деп келетін тармақтар. Бірақ  осындағы "айдаһардай бүктеліп" дегенін  еркіндікке жатқызсақ та, "арыстанның жалындай" дегені Лермонтовтың баска  бір шығармасындағы: "И Терек, прыгая как львица, Абайдың замандастары - Дүтбай Уандыкұлы, Ысқақ. Солтабайүлы  және інісі Оспан Құнанбайұлы  аударманың түп нұсқаға жақындық. дәрежесі ылғи бірдей емес. Бара-бар, дәлме-дәл  аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын лебізін, жаңа саласын казақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізеді. Барлық жарастық сәнімен казақ тілінде  қайтадан туғызады. Солардың катарына "Альбомға", "Жолға шықтым бір  жым-жырт түнде жалғыз" сияқгы өлеңдерін  жатқызуға болады.

"С косматой гривой  на хребте,"- деп келетін сөздермен  үндес екені байкалады. Және  жал арыстанда ғана болатынын  Абай дұрыс ескерген ("львица" деп жаңылыс айтылған ғой). Абайдың  аударма жасауға тереңдікпен,  шеберлікпен, жауапкершілікпен келгенін  байқайсыз. Абай аудармалары казақ  поэзиясының өркендеп өсу жолындағы  баға жетпес зор табысы болды.  Абай - мысал өлеңдердің де шебері. Қазак, халқының сол дәуірдегі  өмірінің шыншылдықпен суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің  мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз  өнерінде мысал жанрынан аскан  көркемдік құрал жок, Абайдың  мысал өлендері Крылов шығармаларынан  аударма деп саналып жүр. Алайда  осы өлендерді талдап танығанда  мысалдың өзіндік жанрлық ерекшелігін  ескеру қажет. Мысалдары толық  мағанасындағы аударма емес, көбінесе, белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай мысалдарының тағы бір  дені ауыз әдебиетінен бастау  алып, әлем халықтары әдебиетіңде  кеңінен тараған ежелгі танымал  мотивтерден тұратындығы. Ортақ  сюжетке жазыла берер мысал  жанрының типологиялық дәстүрін  сақтай отырып, сол сюжетке мысал  жазған ақындармен жарыска түскен: "Қарға мен түлкі" ( Эзоп, Федр, Бабрий, Крылов, Абай, Ыбырай, Әлихан, Ахмет,  т.б.), "Құмырсқа мен шегіртке" (Эзоп, Федр, А. Құрманбаев, Абай, Әлихан, т.б.). Бұдан, Аарне және Томпсонның дүние жүзілік ертегілер каталогындағы сюжеттердің (сюжет ауысу теориясы) мысал жанрында әлем жазушыларының шығармаларында көрініс тапқанын байқап отырмыз. Абай мысалдары Крыловтан аударма емес, ортақ сюжетке жазылған төл шығармалар. Абай "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" атты көлемді прозалық шығармасын және "Демон" поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескерсек, поэма жанрындағы акынның шығармашылық ізденістері аз болмағанын көреміз. Бұл екі аудармасы мен "Әзім" поэмасы бізге толық жетпегендікген, нақтылы байлам жасау қиын. Ал "Масғұт" пен "Ескендір" туралы айтсақ, олардың өзгешелігі, бұрынғы осы сюжетке жазылған поэма-дастандар ізін кумай, баскд калыпта жазылуы поэмаларға даралық сипат берген. Абай - әлемге көзкарасы калыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ақынның рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы. Ол күллі Шығыста филосфияның негізгі мәні болып табылатын "жетілген адамды" өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартты. Адамның шексіз танымдық мүмкіндіктері жөнінде, білім мен ғылымның әлеуметтік рөлі туралы, адамтану мәселелерін көтерді.

Абай шығармаларыныңмәні