Африканың ұлттық саябақтары

Кіріспе

 

Африканың жер  қоры да айтарлықтай. Жан басына шаққанда өңделетін жер үлесі Оңтүстік -  Шығыс Азия немесе Латын Америкасы  елдеріндегі көрсеткіштен әлдеқайда  жоғары. Бірақ жарамды жердің 1/5 –  і ғана өңделеді. Ніл, Нигер өзендері бойындағы және Мозамбик ойпатындағы аллювийлі топырақтардың егіншілік үшін маңызы өте зор. Субтропиктер мен тропиктік белдеу топырақтары біршама құнарлы болып келеді, тек қосымша суаруды қажет етеді. Ал ылғалды экваторлық ормандардағы ферралиті топырақ, керісінше артық ылғал әсерінен шайылу мен үгілуге оңай беріледі. Соңғы жылдары Африка жерінде топырақ эрозиясы апатты сипатта белең алуда. Шөл және көлейтті жерлер үлесінің жоғары болуымен (материктің 1/3 – і) жер өңдеудің дамуына кедергі келтіреді. Жер шарындағы ең үлкен Сахара шөлі (ауданы 7 млн км2-ден астам) мен оның оңтүстігіндегі өте құрғақ Сахель жерінде қуаңшылық бірнеше жылға созылатын жағдай жиі болып тұрады.

     Курстық жұмыстың өзектілігі: Африка елдері жабайы жануарлар мен ең қызықты табиғат комплекстерін (ормандарды, саванналарды, вулкандық аудандарды және т.б) қорғауға күш жігер жұмсауда. Материкте қорықтар мен ұлттық парктер едәуір жер көлемін алып жатыр. Олардың бірқатары дүние жүзіне белгілі. Қабылдаған шаралардың арқасында ертеректе жойылып кету шегіне жеткен көптеген жануарлардың саны қазіргі кезде қалпына келтірілген. Бұл саябақтар бір-бірлерінен жануарлары мен өсімдіктері, орналасу жағдайы мен аумағы бойынша ерекшелінеді және Африка материгінің табиғи байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді. Сондықтан бұл курстық жұмыс өзекті болып табылады.

   Курстық жұмыстың мақсаты: Африкадағы ұлттық саябақтардың маңыздылығын және орналасуын, бір-бірлерінен ерекшеліктерін айқындау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;
  • Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын анықтау;
  • Африкадағы ұлттық саябақтарды жетік білу, зерттеу.

Курстық жұмыстың практикалық қолданысы:

Бұл тақырыпта  орта білім беретін мекемелерде 7 сыныпта оқылатын «Материктер мен  мұхиттар» курсында қолдануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі:

Курстық жұмыс 34 беттен тұрады. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан, пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

І. Африканың  физикалық – географиялық сипаттамасы

1.1 Географиялық  орны

Африка – көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк ( Сурет 1 көрсетілген). Оның көлемі аралдарын қоса есептегенде 30,3 млн км2, аралдарсыз -29,2 млн км2. Аралдарының ең үлкені – Мадагаскар. Ғалымдардың жорамалдауынша,« Африка » деген сөз материктің солтүстігіндегі аудандардың бірінде тіршілік еткен афригация деген бер-бер тайпасының атынан шыққан. Кейіннен бұл атау бүкіл материкке таралған. Кез келген материк секілді, Африка да өзінің қайталанбас табиғат жағдайлары мен халқы жөнінен айрықша көзге түседі. Бұл жазықтары басым, Жер шарындағы ең жоғары температура мен қарама-қарсы табиғат комплекстері кездесетін континент. Әлемдегі ең үлкен шөл мен ылғалды экваторлық ормандардың ірі алабы да осында орналасқан. Ыстық саванналардың ұшы-қиырсыз кеңістігінде биік таулардың қарлы шыңдары асқақтап тұрады. Африкада жер шарындағы ең мол сулы өзен – Ніл және шығыс жарты шардағы ең мол сулы өзен – Конго (Заир) ағып жатады. Бұл материкте төменгі ендіктердің бірегей жануарлар дүниесі, атап айтқанда, құрлықтың ең ірі сүтқоректілері – пілдер, бегемоттар, мүйізтұмсықтар, жирафтар сақталып қалған [1].

 

Сурет 1.Африканың географиялық орналасуы

 

Әрбір материк  өзіндік ерекшеліктерімен көзге  түседі. Мұндай ерекшеліктер материктің физикалық – географиялық орнына байланысты. Африка – экватор дәл ортасынан дерлік кесіп өтетін бір ғана материк. Оның солтүстіктегі және оңтүстіктегі шеткі нүктелері экватордан шамамен бірдей қашықтықта жатыр. Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі (37˚20' с.е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с.е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді.  Африка территориясының көп бөлігі экваторлық, субэкваторлық және тропиктік белдеулердегі екі тропиктің аралығына орналасқан.  Оның солтүстік және оңтүстік шеті ғана субтропиктік белдеулерге енеді.

Бастапқы меридиан Африканың батыс жағынан өтеді.  Материктің солтүстік жартысы батыстан шығысқа қарай мыңдаған километрге созылып жатыр. Оңтүстікке қарай материктің пішіні сүірлене түседі. Демек, оның жерінің көп бөлігі экватордың солтүстігінде орналасқан.

Африканы Еуропадан  онша терең емес әрі енсіз Гибралтар бұғазы мен Жерорта теңізі бөліп тұр. Солтүстік шығысында оны енсіз Суэц мойнағы Авразиямен жалғастырады. Солтүстік Африка мен Оңтүстік Европаның және Оңтүстік Азияның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіндегі зор ұқсастық олардың бір-біріне жақын орналасуына байланысты. Мұндай жақындық Солтүстік Африка халқының құрамына, оның мәдениетіне, тіліне әсер еткен. Африканы басқа материктерден ұлан – байтақ мұхиттар бөліп тұрады.

Демек, материктің физикалық географиялық орны – бұл  оның экватор мен бастапқы меридианға, климаттық белдеулерге, сондай-ақ мұхиттар мен басқа материктерге қатысты орны [2]. 

 

1.2 Жер  бедері

 

Материктің  көп бөлігі жазықты болып келеді. Солтүстік-батысында – Атлас  таулары, Сахарада – Ахаггар мен Тибести таулы жоталары, шығысында – Эфиопия таулы жотасы, ал оңтүстікке қарай материктің ең биік нүктесі вулкан Килиманджарода Шығыс-Африкалық таулы үстірті  орналасқан. Ең төмен нүктесі – Джибутида тұзды көл Ассальда орналасқан ( Әлемдік мұхиттан -157 м). Ең терең үңгір Ану Иффлис деп талады. Ол Алжирдің солтүстігінде, Тель Атлас тауында орналасқан. (Сурет 2 көресетілген)

 

 

Сурет 2.  Африканың физикалық картасы

 

 

1.3 Климаты 

 

Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 35– 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +580С 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді.

Экватор Африканы дәл ортасынан дерлік кесіп өтетіндіктен, экваторлық белдеуді қоспағанда климаттық белдеулер оның территориясында екі рет қайталанады [3].

Экваторлық белдеу Конго (Заир) өзені алабының бір бөлігін және Гвинея шығанағының жағалауын қамтиды. Бұл белдеуде бүкіл жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болып тұрады. Мұнда қашан да орташа айлық жоғары температура біркелкі сақталып, жауын-шашын да біркелкі жауады, бұл өсімдіктердің үздіксіз өсіп жетілуіне мүмкіндік береді. Әдетте таңертең күн ашық болады. Күндіз күн жер бетін күшті қыздыратындықтан, ылғалға қаныққан ауа жоғары көтерілуге тырысады. Будақ бұлттар пайда болады. Түс ауа көбіне күшті найзағай жарқылына ұласқан нөсер жауады.  Кешке қарай тағы да күн ашылады. Күн сайын дерлік осылай болып тұрады. Бұл жылдың бір мезгілі – жаз белдеуі. Айлық орташа температура мен жауын-шашынның маусымдық ауытқуы шамалы ғана болады. Мұндай климатты экваторлық климат деп атайды.

Экваторлық климат белдеуін субэкваторлық белдеудің кең алқабы көмкеріп тұрады. Бұл белдеу экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай шамамен 15-200 ендіктерге дейін жетеді. Мұнда бүкіл жыл бойы температура жоғары болады, бірақ маусымдық ауытқулар байқалады. Субэкваторлық климаттың экваторлық климаттан айырмашылығы – мұнда жауын-шашын мөлшері азырақ болады да, ол жыл мезгілдеріне қарай негізінен әркелкі жауады. Мұнда екі маусым – ылғалды жаз бен құрғақ қыс айқын байқалады. Бұл ауа массаларының Күннің дәл төбеде тұру жағдайына ілесе біресе солтүстікке, біресе оңтүстікке қарай ауытқуына байланысты. Жазда субэкваторлық белдеуге экваторлық ауа массалары келеді, бұл кезде онда экваторлық белдеудегі сияқты ыстық және жаңбырлы ауа – райы орнығады. Қыста тропиктік ауа үстем болады, сондықтан жаңбыр жаууы тоқталып, құрғақ ауа- райы  орнығады.

Тропиктерге қарай жылжыған сайын жазғы жауын-шашынның мөлшері мен жаңбырлы маусымның ұзақтығы азая береді.

Тропиктік белдеулер екі жарты шардағы тропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Солтүстік Африка мейлінше құрғақ болады. Мұнда Африкада ғана емес, сонымен бірге бүкіл Жер шарындағы ең ыстық және құрғақ аймақ – Сахара шөлі жатыр. Сахарада жаз айрықша ыстық, аспан мүлдем бұлтсыз болып тұрады. Күн тас пен құмның бетін +700 С-ге қыздырады, ауаның температурасы +400 С-ге дейін және одан да жоғары көтеріледі. Бұлттың жоқтығына байланысты түнде жер беті мен ауа тез салқындайды. Сондықтан тәуліктік температураның ауытқуы өте үлкен, кейде ол 400 С-ден асып кетеді. Сахараға тап болған адам күндіз аптап ыстықтан азаптанса, түнде суықтан тоңып қалтырайды. Күндіз өте құрғақ ауамен тыныс алу қиындайды. Бүкіл жанды атаулы тастардың жықпылдарына, қураған шөптердің тамырларына кіріп жасырынады. Бұл кезде шөл жансыз аймақ секілденеді  [4].

Оңтүстік Африкада тропиктік климаттық белдеу аз ғана жерде таралған. Мұнда, әсіресе Дракон тауларының шығыс беткейлерінде, Мадагаскар аралының шығысында Сахараға қарағанда жауын-шашын көп жауады. Алайда Атлант мұхитының жағалауында жаңбыр мүлде жаумайды деуге болады.

Материктің қиыр солтүстігі мен оңтүстігі субтропиктік белдеулерге орналасқан. Тропиктік белдеумен салытырғанда мұнда күн жылуы едәуір аз болады. Температураның маусымдық ауытқуы айқын байқалады: жазы ыстық (+27, +280 С), қысы біршама жылы (+10, -120 С). Африканың солтүстігімен оңтүстік-батысында жаз өте құрғақ (тропиктік ауа массалары басым), қыс ылғалды, өйткені жылдың бұл мезгілінде батыс желдері мқхиттан қоңыржай ендіктердің теңіздік ауа массаларын әкеледі.

Африкада жылудың  молдығы бағалы тропиктік дақылдар – кофе, какао, құрма пальмасы мен май пальмасы және т.б өсіруге қолайлы жағдай туғызады.  Алайда жауын-шашынның жетіспеушілігі материкте ауыл-шаруашылығын дамытуға кедергі келтіреді. Шөлдер мен шөлейттерде егіншілікті оазистерде ғана және қолдан суару жағдайында ғана жүзеге асыруға болады.

Африканың көп  бөлігінде жылдық орташа температурасы +20 С-ден жоғары болады. Күндізгі температура көбіне +40 С-ден асып кетеді. Тіпті материктің субтропиктік белдеулерге еніп жатқан солтүстік және оңтүстік аймақтарында қыс айларының орташа температурасы +10 - +120 С-ден төмен түспейді. Территориясының көпшілік бөлігінің қысы мен жазы ылғалдану жағдайлары жөнінен көзге түседі. Таулы аймақтарында ғана температура төмен болады. Таулардың биік шыңдарын тіпті экватор маңында да мәңгі қар басып жатады. 

Конго өзенінің алабы мен Гвинея шығанағының  жағалауы өте ылғалды келеді. Ал Африканың солтүстігі мен оңтүстігіндегі кең-байтақ кеңістікте тропиктер аймағында  жауын-шашын аз түседі. Солтүстік  Африканың пассаттар өтетін аудандарында жаңбыр мүлдем жаймайды деуге болады. Эфиопия таулы қыратында әсіресе Камерун тауларының оңтүстік – батыс беткейлерінде жауын-шашын көп жауады. Мұнда оның мөлшері жылына 10000 мм-ге дерлік жетеді. Бұл аймаққа мол ылғалды Атлант мұхитынан оңтүстік-батыс желдері әкеледі.Мұндай өте ылғалды желдер Конго ойысында бүкіл жыл бойы мұхиттағыға қарағанда қысым әлдеқайда төмен болатындықтан түзіледі[2].

 

 

1.4 Ішкі  сулары

 

  Африкада оңтүстіктен солтүстікке қарай ағатын, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен Ніл өзені бар(ұзындығы 6671 км). Соынмен қатар ірі өзендеріне батысында Нигер,  Орталық Африкада Конго, оңтүстігінде Замбези, Лимпопо және Оранжевая өзендері ағады.

         Ең ірі көл – Виктория. Соынмен қатар Ньяса мен Танганьика да бар. Материкте ең ірі тұщы көлдердің бірі Чад.

Жер бетінің  құрылысына, яғни оның шығыс бөлігінің  көтеріңкі болуына байланысты өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды. Материк  бетінің шамамен 1/3 бөлігінде мұхитқа  құятын су ағыны жоқ, сондықтан бұл  бөлік ішкі ағын территориясына жатады. Африканың өзендері шоңғалды болып келеді,сондықтан тіпті ең ірі өзендердің бүкіл ұзына бойында кемелер жүзе алмайды. Оларда су энергиясының орасан зор қоры бар. Материктегі ең жиі өзен торы экваторлық және субэкваторлық климаттық белдеулерге орналасқан. Шөлдерде өзендер өте аз. Мұнда құрғап қалған өзендердің арналары – вадилер кездеседі, олар сирек жауатын күшті жаңбырлардан кейін ғана суға толады. Африка өзендерінің барлығы дерлік жаңбыр суымен толығады. Бірақ олардың режимдері әр түрлі және жаңбыр маусымына тәуелді болады. Бірнеше климаттық белдеулер арқылы ағып өтетін өзендердің режимі күрделі болып келеді [6]. 

 

 

1.5 Топырағы

 

Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай ылғалды тропиктік ормандар саваннамен алмасады. Ормандар сирейді, олардың құрамы кедейленеді, тұтас орман массивтерінің арасынан саванна дақтары пайда бола бастайды. Бірте – бірте ылғалды тропиктік ылғал тек өзен аңғарларында ғана қалады, ал суайрықтарды жылдың құрғақ мезгілінде жапырағын тастайтын ағаштар немесе саванналар басып кеткен. Өсімдіктердің өзгеруі ылғалды кезеңнің қысқаруының және экватордан алыстаған сайын ұзара түсетін кезеңнің пайда болуының ықпалымен жүреді.Жаңбырлы кезең 8 – 9 айға созылатын астық тұқымдас саваналарда биіктігі 2 – 3 м, ал кейде тіпті 5 м жететінастық тұқымдастар өседі. Олар: піл шөбі (Ptnnisetum purpureum), ұзын қылшықты жапырақты боз шағыл тағы басқалалар. Жайқалған астық тұқымдастардың арасында жекелеген ағаштар, баоба6 (Adonsoniа digitata), дум пальмасы (Нірhaenа), зәйтүн пальмасы сорайып тұрады. Экватордан солтүстікке қарай астық тұқымдас саванналар шамамен 12° с.с. дейін жетеді. Оңтүстік жарты шарда астық тұқымдас саванналар зонасы анағұрлым кеңірек, әсірссе Үнді мұхиты жағаларында олар кей жерлерде тіпті тропикке дейін созылып жатады. Oндa астық тұқымдас саванналармен қатар жылдың құрғақ кезінде тастайтын жапырақтарын тропиктік селдірормандар кеңінен тараған. Оңтүстік Африканың шығысында олар өсімдіктердің басқа типтерімен қосылып, тропиктен едәуір оңтүстікке қарай ұшырасады [7].

 

1.6 Өсімдіктер мен жануарлар әлемі

 

Африканың ылғалды  тропикалық ормандары өзінің түр  құрамының байлығы мен алып жатқан жер көлемі жағынан Оңтүстік Американың тропиктік ормандарына қарағанда  біршама кейін тұрады. Бұл ормандардың  биік ярустарын алып фикустар (80 м дейін), зәйтүн пальмасы, шарап пальмасы, сейба, қола ағашы тағы басқалар құрайды. Ал төменгі ярустарда банандар, әр түрлі папоротниктер, либерия кофе ағашы өседі. Лианалардың ішінде ерекше орынды ағаш тәрізді каучукты лиана – ландольфия алады, ұзын ротанг пальмасы және басқалар кездеседі. Африканың ылғалды тропикалық ормандарынан көптеген бағалы техникалық және азық-түліктік май береді. 

Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны [8].

Африкада жануарлар  өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетінсүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр, адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил,сондай-ақ бегемоттар,  Мадагаскар  аралығындағы лемурды атауға болады.

Құрлықтың жануарлар  дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде  күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қорықшалар  құрылған. 

ІІ. Африканың ұлттық саябақтары

 

Қазіргі кезде  адам баласы Жер шарында табиғатты  қорғаудың қажеттігін жақсы түсінеді. Осы мақсатта барлық материктерде қорықтар (табиғат комплекстері табиғи күйінде сақталатын территориялар) мен ұлттық саябақтар ұйымдастырылуда. Қорықтарда зерттеу жұмыстарын жүргізетін адамдардың ғана болуына рұқсат етіледі. Қорықтардан өзгеше, ұлттық парктерге оларда белгіленген ережелерді сақтауға міндеттенген туристер бара алады.

Африка елдері жабайы жануарлар мен ең қызықты  табиғат комплекстерін (ормандарды, саванналарды, вулкандық аудандарды және т.б) қорғауға күш жігер жұмсауда. Материкте қорықтар мен ұлттық парктер  едәуір жер көлемін алып жатыр. Олар әсіресе Оңтүстік және Шығыс Африкада көп. Олардың бірқатары дүние жүзіне белгілі. Қабылдаған шаралардың арқасында ертеректе жойылып кету шегіне жеткен көптеген жануарлардың саны қазіргі кезде қалпына келтірілген[9].

 

2.1  Вирунга ұлттық  саябағы

 

  Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан. Саябақтың шекарасы 300 километрге созылып жатқан жері Руанда мен Уганданың шекарасымен сәйкес келеді. Ол ең алғаш рет Альберт және Киву деп 1929 жылы аталған болатын. Кейін 1969 жылы Альберт пен Киву территориясынан бөлек Вирунга деп аталатын саябақ бөлініп шықты.  

 

 

4-сурет. Вирунга ұлттық саябағы

 

Вирунга ұлттық саябағының ауданы 790 мың га. Саябақтың  ландшафтысы алуан түрлі. Мұнда  шөптесін және ағаш саванналарын, төмен жатқан ылғалды ормандарды, бамбукты жерлерді, милар (болота), шалғындар, мұздықтар, лавалық жондар кездеседі.

Саябақтың территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып, үш әр түрлі бөліктерден құралған. Солтүстік бөлігі Рувензори таулары мен Семлики жазығы, орталығында Эдуард көлі мен Рвинди, Рутшуру және Ишаша жазықтары орналасқан. Ал оңтүстік бөлігі Ньямлагира мен Ньярагоного лавалық жон мен Вирунга вулканының 1 бөлігі кіреді.

 

 

2.2 Серенгети  ұлттық саябағы

 

 Бұл саябақ  әлемдегі ең танымал саябақтардың қатарына кіреді. Саябақтың ауданы 30000 км2-дей Танзания мен Кения территориясында созылып жатыр. Ол жаратылысы вулкандық топырақта өсетін балауса шөптің өсуімен ерекшелінеді. Серенгети – барлық жануарлар үшін бұл жер жұмақ болып есептелінеді. 

Серенгети ұлттық саябағының қалыптасуының тарихы. Танзания өзінің ұлттық саябақтарымен көзге  бірден түседі. Осылардың ішінде ең қатты көзге түсетін ұлтты  парк Серенгети болып табылады. «Серенгети»  масай тілінен аударғанда «шексіз  жазықтық» деген мағынаны білдіреді. Бұл жер туралы ең алғаш рет еропейлықтар 1913 жылы ғана білді. Өкіншке орай осы саябақтың территориясы Европадан келген аңшылар үшін өте қолайлы болғандықтан, осы жерлердегі бағалы аңдардың санын азайтып, өздерінің пайдасы үшін тек қана аңшылықпен айналысты. Тек 1940 жылы ғана территория ерекше қорғалатын аймаққа айналды. Бірақ материалдық қажеттіліктердің болмауына байланысты бұл тек қағаз жүзінде ғана болды. Ал 1951 жылы территорияға ұлттық парк деген атау берілді. Бірақ нақты қағаз жүзінде бұл атауды тек 1981 жылы ғана алған болатын және осы жылы ЮНЕСКО-ның жарлығымен бұл аймақ дүниежүзілік табиғи және мәдени мұра деп мойындалды.

Серенгети ұлттық паркінің бағалы аңдарының бірі - арыстан. Ең алғаш рет арыстандар тобын  немесе арыстандар прайдын 2005 жылы байқаған болатын. Бұл прайд 41 арыстаннан тұрады. Оларға жасы 10 жылдан асатын, 3 еркек арыстан басшылық етеді. Африканың ешқандай аумағында арыстандардың  мұнша көп топтары байқалмаған. Көбінесе арыстандар топтары 15-20 арыстаннан тұрады [11]. 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Ишкель  ұлттық  саябағы

 

Бұл саябақ Африка континентінің сонау солтүстігінде  орналасқан. Ол Тунистің жергілікті халық  тұратын жерде орналасқан. Бұл  саябақтың құрылудың негізгі  мақсаты – алыстан ұшып келетін  және суда жүзетін құстар үшін су-болоталы жерлердің мекен ету үшін маңызды болып келеді.

Ишкель ұлттық пракінің  құрылуы тарихи деректемелер бойынша 13 ғасырға жатады. Осы кезде  Араб халифатында басшылық еткен  Хафсид әулеті жергілікті жерде, көлдерге аңшылық етуге тйым салған болатын. Тек 1891 жылы ғана бұл аймақ ерекше қорғалатын территорияға айналды. Ишкель да Серенгети ұлттық саябағы сияқты ЮНЕСКО-ның жарлығымен дүниежүзілік табиғи және мәдени мұра деп мойындалды.

Ишкель ұлттық паркінің жануарлар әлемі. Саябақтың территориясының алуан түрлілігіне байланысты оның жануарлар әлемі де соншалықты бай. Көлдерде балықтардың көптеген түрлері: угрь, кефаль, лаврак, барбус және т.б бар. Тамақтың мол қоры болғандықтан суда жүзетін құстардың көптеген түрлері мекендейді. Көп түрлері осында басқа территориялардын қыстауға ұшып келеді. Саябақтың аймағында сонымен қатар сүтқоректілер де мекендейді. Көлдерде камшат мекендейді. Дикобраз бен мангустардың, генеттің популяцияларын да көруге болады.

 

 

5-сурет.Ишкель саябағы

 

2.4  Найроби ұлттық саябағы

 

Кенияның астанасынан 7 шақырым жерде биік емес шөптер мен сирек ағаштар өсетін кішігірім  саванна орналасқан. Осы жер Найроби  ұлттық саябағы деп аталады. Ауданы 117 км2. Бұл сабақ Кеинядағы басқа саябақтардан біраз ертерек 1946 жылы ашылған болатын. Бұл саябақ әлемдегі адам қолы тимеген, жабайы табиғатпен ләззат алуға болатын, соынмен қатар қаланың бейнесін жоғалтпай-ақ алыстан бақылауға болатын бірден – бір саябақ.

Жануарлар мен  өсімдіктер әлемі айтарлықтай өте  бай болып келеді. Тіпті бұл  саябақтың қала маңында емес, Африканың дәл орталығында немесе оның жүрегінде орналасқан деп ойлауға болады. Саябақта жабайы аңдардан: гепард, арыстан, мүйізтұмсық, керік, антилопаның түрлерін көруге болады. Оның территориясында Атхи өзені ағып өтеді. Онда крокодил мен бегемоттарды, ал маңайдағы ормандардан құстар мен маймылдарды көруге болады. Найроби ұлттық саябағында барлығы дерлік құстардың 400 түрі тіркелген. Саябақтың негізгі ерекшеліктердің бірі – мүйізтұмсықтардың өте көп болуы. Мында басқа саябақтардан гөрі қара мүйізтұмсықты өзінің мекен ететін жерінде көруге болады. Түпкі негізінде бұл саябақ пілдердің мекен етеін жері болған. Бірақ аңшылардың әрекет етуінің нәтижесінде оларды кездестіру өте сирек. Бұл саябақта жарақаттанған немесе ауруға шалдыққан  жануарлар үшін арнайы баспана бар.

Саябақ Кения  астанасына жақын орналасуы туристердің  көп болуымен ерекшелінеді.  Сонымен  қатар бұл саябақ пілдің сүйегін  жандыратын жер болып ерекшелінеді. Дәл осы жерде президент Мои  пілдердің бағалы сүйегіне  аңшылық  жасамас үшін 10 тонна пілдің сүйегін жандырып жіберуге жарлық етті. Браконьерлерден мүйізтұмсықтардың және пілдердің мүйіздерін конфискациалағаннан кейін дәл осындай әрекеттер тағы да 2 рет қайталанды[12].

 

2.5 Масаи  Мара ұлттық саябағы

 

  Серенгети жазығының (Кеиня бөлігі) солтүстік бөлігі. Ауданы 1510 км2, 1650 м биіктікте орналасқан. Климаты өте жұмсақ және жылы болуымен ерекшелінеді. Әлем бойынша Масаи Мара ұлттық саябағы әр түрлі популяциялардың көптігімен ерекшелінеді. Фауна мен флорасының байлығымен тек қана Серенгети мен Нгоронгоро ұлттық саябақтарымен салыстыруға  болады. Саябақ Кенияда жабайы табиғаты бар саябақ болып табылады. Ландшафт көбінесе жазықты.

Саябақтың атауы 2 сөзден құралған. Масаи деген бұл  осы жерде өмір сүрген  тайпа, ал «мара» масаи тілінде «алапес» деген мағынаны білдіреді. Шынымен де биіктіктен қараған кезде ағаштардың әркелкі орналасуына байланысты бұл жер алапес болып көрінеді.

Масаи Мара ұлттық саябағының фаунасы. Жабайы аңдардың: антилопа гну, зебра, масай керіктерінің  өте көп болуымен ерекшелінеді. Қоныс аудару құрғақ ауа орнаған кезде қаңтар айында басталып шілде-тамыз айында  аяқталады. Көктемгі жауыннан кейін өсіп шыққан шөптерге антилопа гну мен зебралар қызығады. Бірінің артынан бірі шөп қорларын жеп болғаннан кейін Серенгетиға қайта қоынс аударады. Қайта оралу кезеңі қазан айында. Масаи Мара қаражалды арыстандардың отаны болып есептелінеді. Бірақ ең басты мақтанышы, байлығы - «үлкен бестікке» кіретін буйвол, арыстан, піл, керік және мүйізтұмсық. Арыстандар саябақтың барлық территориясында мекен етеді. Және олардың аңшылық еткенін байқауға болады. Пілдер, бизондар, зебралар және антилопаның көптеген түрлерін территория аймағында көруге болады.

Масаи Мара территориясынан 2 өзен ағады: Мара және Талек. Еңісті төбешікті  жазықтар мен акациямен араласқан  орманды аймақ осы өзендермен соызылып жатқан ормандармен бөлінеді. Мара және Талек өзендері жануарлар әлемін тамақпен және сумен қамтамасыз етеді. Өзендер жыл сайын суға толы. Туристтар бұл жерде крокодил мен гипопатамның түрлерін байқай алады[14].

 

2.6  Килиманджаро ұлттық саябағы

 

Бұл саябақ 1973 жылы құрылған болатын. Ауданы  756 км2. Таудың баурайы теңіз деңгейінен 1829 м биіктікте орналасқан, ал Кибо шыңы  5895 м биіктікте. Осындай биіктікте Килиманджаро ең үлкен аркалық таулардың бірі болып есептелінеді. Килиманджаро ұлттық  саябағы 1987 жылы әлемдік мұраға кіргізілді.

Килиманджаро–ШығыАфрикадағы жанартаулық массив, Танзания мемлекеті аумағында орналасқан. Сөнген үш жанартаудан – Кибо (5895 м), Мавензи (5355 м) және Ширадан (4006 м) тұрады. Етегінен 1000 м биіктікке дейін саванна, одан жоғары тау гилеясы, папоротник, тропиктік биік таулық және шөлге төзімді өсімдіктер өседі. 1000 – 1800 м биіктік аралығында кофе, банан плантациялары бар. Тау бастарында мұздықтар жатады.

 

 

8-сурет.  Килиманджаро жанартауы

 

Ұлттық саябақтың  жануарлар әлемі өте бай: солтүстігінде  арыстандар, пілдер, мүйізтұмсықтар, леопардтар, ал оңтүстікте - маймылдар, африкалық  лемурлар мекендейді.  Құстары да жануарлардан кем емес: мүйізтұмсық  құстар, бүркіттер және т.б. Сонымен  қатар өзінің алуан түрлілігімен шіркейлер де ерекшелінеді[15].

 

2.7 Крюгер  ұлттық саябағы

 

Оңтүстік Африкада орналасқан көлемі жағынан ең үлкен  саябақтардың бірі. Көлемі бойынша Израиль мен Уэльстің территориясын қоса есептегенде тең. Оның ауданы 20000 км2. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 350 км., батыстан шығысқа қарай 60 км-ге Мозамбик шекарасымен шеттесіп, Крокодиловая мен Лимпопо өзендеріне дейін созылып жатыр. Сонымен қатар Крюгер саябағын үлкен 4 өзен кесіп өтеді де, белгілі бөліктерге бөледі.

Крюгер ұлттық саябағы 1898 жылы Трансвааля президенті П.Крюгердің ұсынысымен құрылды. Ұлттық саябақ атауын 1926 жылы алды да ЮНЕСКО-ның әлемдік табиғи және мәдени мұрасының қатарына кірді.

Ұлттық саябақ жануарлар мен өсімдіктер қоры жөнінен  алдыңғы қатарлардан ғана көрінеді. Саябақта піл, бегемот, мүйізтұмсық, керік, антилопаның 17 түрі, арыстан, леопард, қолтырауын және т.б түрлері өте көп.

Крюгер ұлттық саябағының туризмі. Саябақта экологиялық  туризмге көп көңіл аударылады және қоршаған ортаны қорғау үшін жаңа технологиялар енгізілуде. Туристер үшін Крюгер саябағында бірнеше лагерьлер бар. Бұл лагерьлер қоршаған ортаның өсімдіктері мен жануарларына байланысты орналастырылған.

Курстық жұмыстың тақырыбын мектепте қолданылуы. «Африканың ұлттық саябақтары» сабақ  жоспары

 Тақырыбы: Африканың ұлттық саябақтары

 Мақсаты: Оқушыларға Африканың саябақтары жайлы білім беру, Африка материгінің басқа материктен ерекшеліктерін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділігі – оқушыларға Африканың ұлттық саябақтары жайлы білім бере отыра оларға әрбір саябақтың қандай жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен ерекшелінетінін түсіндіру.

Тәрбиелілігі – қоршаған ортаны қорғау, өсімдіктер мен жануарларды аялау.