Африканың ішкі сулары



Ф. 5-34

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

 

 

География және Экология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

курстық жұмыс

 

КЖ.050116.1301.21.08.КЖ

 

 

Пән бойынша ________________________________________________________

Тақырып______________________________________________________

                __________________________________________________________

 

Баға  ___________                                                                     

                                                                                                                Жетекші:

                                                                              ____________________

лауазымы, ғылыми дәрежесі

                                                                                                                _____________________

       (аты, жөні, тегі)

_____________________

Қолы                                       күні

 

Студент  _____________

_____________________

топ

_____________________

                                                                                                                Қолы                               күні

 

 

 

                                                            

                                                                       2008.

Жоспар:

І .Кіріспе.

ІІ. Африканың ішкі суларына сипаттама беру.

ІІ.1.Африканың жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздері.

ІІ.2.Африканың өзендері.

ІІ.3. Африканың көлдері.

ІІ.4.Африканың жер асты суларына сипаттау.

ІІІ.Қорытынды.

VI.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І .Кіріспе  .

Африка –оңтүстік жарты шардағы материк.Африканың экватор дәл ортасынан кесіп өтеді.Екі тропик шеңберінң аралығында орналасқындықтан, материкке күн сәулесі  мол түседі, сондықтан Африка жер шарындағы ең ыстық  материк болып табылады. Солтүстік және оңтүстік шеті  ғана суьтропиктік белдеуге енеді.бастапқы метидиан  Африканың батыс жағынан өтеді. Материктің пішіні  оңтүстікке қарай  сүйірене  түседі. Африканың географиялық  орнынн аталған ерекшеліктері оның табиғатың оңтүстік жараты шар  мтериктеріне ұқсамайтын өзіндік сипатын қалаыптастырады. Африканың еуропадан онша терең емес әрі енсіз Гибралтара бұғазы мен Жерорта теңізі  бөліп тұр. Солтүстік-шығысында  оны енсіз  Суэц мойнағы  Еуразия материгімен  жалғастырады.

Африка құрлық ішкі суларының  жылдық ағыны   мөлшері( 5400 км 3) бойынша  Еуразия мен Оңтүстік  Америкадағы  кейінгі  орында тұр.  Өзен-көл  жүйесі біпркелкі таралмаған.  Өзендер экватор  төңірегі мен  құрлықтың оңтүстік-шығысында жағалауында  жиі . Шөлді аудандарда  әсіресе Сахарадағы климаттың  ертеде ылғалды болғандықтан  аңғартатын  құрғақ өзен арналары  ( вади)  көптеп кездеседі. Ірі өзендері  Нілд (6671 км) дүниежүзінлік  су ұзындығы  Конго,  Замбези,  Нигер, Оранж өзендері.  Өзен арналарында  шоңғалдар  мен сарқырамалар көптеп кездеседі. Замбези өзенінің бойындағы   атақты Виктория  сарқарамасы  көптеп кездеседі . Құрлық тағы өзендердің  гидроэнергия   мүмкіндігі өте жоғары. Құрлықтың шөлді және шөлейтті аудандарда  жер асты суларының  мол қоры табылған. Ірі артезиан алаптары  Сахара мен Калахари  жерінде жатыр.  Африкада көлдер негізінен  тектоникалық жарықтарда орналасқан.  Олардың ірілері  Виктория, Танганьика, Ньяса , Чад.

Солтүстік Африка мен Оңтүстік еуропаның  оңтүстік Азияның  өсімдіктер мен жануарлар  дүниесінің  зор ұқсастығы ,олардың  бір-біріне  жақын орналасуына  байланысты. Мұндай жақындық Солтүстік Африка халқынаң құрамына, оның мәдениетіне , тіліне әсет еткен. Африканың басқа  материктен ұлан байтақ мұхиттар бөліп тұрады.

Африканың жер бедері салыстырмалы түрде  біркелкі. Материктің көпшілік бөлігін  гондваналық ежелгі плптформа  экватордан  солтүстік-батысқа  қарай орналасқан бөлігі аласа, оңтүстік –шығысы  көтеріңкі  болып келеді. Сондықтан  абсолютік  биіктігі 200-ден 100 м-ге  жететін жазықтар,қыраттар , үстіртер  мен таулы үстіртер басым болады.Африка платформасының түрлі бөліктерінде  ұзақ уақыт бойы бірде көтерілу ,бірде төмен түсуқозғалыстары болып отырған.Соның нәтижесінде  плптформаның негізін құрайтын  ежелгі кристалды  жыныстар көтеріліп , жақпарлы-қатпарлы  қалдық таулар мен Аир, Дарфур тәрізді  үстірттер қалыптасты .Олардың кейбіреуі жақпарлы,ірі тік жарлы  Сахарадағы   Ахагтар және Тибести сияқты  таулы қыраттарға айналған.  Платформаның  майысып , төмен түскен бөліктерін ұзақ уақыт бойы теңіз басып жатқан. Сондықтан мұндай ойыстарда  теңіздік  және  континенттік шөгінділер  жиналып , беті тегіс ірі  қазаншұңқырларды қалыптастырған. М  мтериктің  шығысындағы ірі Мадагаскар аралы Африка плптформасының  ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар  өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Кайнозой эрасында Африка-Арабия біртұтас литосфералық тақтасының Еуразия тақтасымен соқтығысуы  нәтижесінде  Арабия Африкадан  бөлініп қазіргі  Қызыл теңіздің табаны ашылған. Қызыл ьтеңізден басталған терең тектоникалық  жарықтар жүйесі  Ұлы Шығыс Африка жарықтары  деп аталады. 

Материк падйлы қазбаларға өте бай. Пайдалы қазбалар  көпшілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі  ең ірі  кен орындарының қатарына  жатады. Олардың пайда  болуы және  орналасуы  жер қыртысының  құрылысы  мен  даму тарихына  байланысты.Африка –ең ыстық материк, оны дәл ортасы  арқылы  экватор сызығы  кесіп өтетіндіктен, Африка  күн сәулесі  үлкен  бұрыш жасай түседі. Әсіресе  екі тропик  үстінде  орналасқан  кез келген нүктеде жаз кезінде Күн сәулесі  дәл төбесінен  тік түседі.  Африка жерінің көп бөлігі  экваторлық және тропиктік  ауа массалары  ықпалына   болады, тек материктің  қиыр  оңтүстік және солтүстік  жағалық бөлігінде  салқан кезде  батыс желдері  алып келетін  қоңыржай ауа массалары  әсер етеді.

Африка құрлығында су көлемі (4600км3) бойынша 3 орында, Евразия мен  Оңтүстік Америкадан  кейінгі. Африканың су айрықтары алап  шығысына  орналасқан. Олардың көбі 1\3 -і Атлант мұхитына, 1\4  Үнді мұхитына, ең азы  Жерорта теңізіне құяды. Африканың 1\3-ке жуығы тұйық алапқа жатады яғни  су  құмға барып сіңіп кетеді.Африкада ірі өзендер көп. Өзен торы  материк  территориясына  әркелкі  бөлінген. Бұл жер бедері  мен климат жағдайларына  байлансты. Жер бөлігін құрылысына, оның шығыс бөлігінің көтеріңкі болуына  байланысты  өзендердің  көпшілігі  атлант  мұхитына  құяды. Материк бетінің  шамамен 1\3  бөлігінде  мұхитқа құятын су  ағыны жоқ, сондықтан бөлік ішкі  ағын териториясына  жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.1.Африканың жағалауын шайып жатқан мұхиттар.

Құрлықтың  солтүстігінде  жерорта теңізі , батысында Атлант мұхиты , шығысында  Үнді мұхиты мен  Қызыл теңіз сулары  шайып жатыр.  Солтүстік шығысында  жіңішке Сузц мойнағы (112 км) арқылы  азиямен жалғасады. Гибралтар  бұғазы арқылы  Еуропаның  Пирений түбегімен  бөлінген жағалауы нашар тілімделген көбінесе таулы тік беткейлі болып келеді. Ірі шығыанақтары  Гвения , Сидра  қолайлы  қойнаулар аз. Ең үлкен  түбегі Сомали  құрлықтың шығысында  Мадагаскар, Замбезибар Сокотра , Мафия, Пемба, Комар , Маскарен, және  Сейшель аралдары , батысында – мадейра  нашар Жасыл мүйіс , Гвения  шығанағында   Анабал аралдары орналасқан.Материктің батыс жағалауын  Атлант мұхитының , ал солтүстік Атлант мұхитына  енетін жерін Жерорта теңізінің   сулары шайып  жатыр. Олардың арасында ені 12 км Гибралтар  бұғазы жалғасуда .Ал материктің  шығысы мен оңтүстік –шығыс  жағалауында  Қызыл теңіз  бен Үнді мұхитының  сулары ұласады. Африка жағалаулары  онша тілімделмеген, көбінесе таулы, тік беткейлі , ал материк қайраң өтет жіңішке  болып келеді. Материк жағалауында қойнаулар аз, ірі шығанақтары –Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі  Сомали («Шығыс мүйіс»)  түбегі орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі  Үнді мұхитына  орналасқан, оларға  Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары  мен Сейшель, Маскарен араладарының  тобы жатады.  Африканың батысында Мадейра, канар, Жасыл мүйіс аралдары мен Гвенея  шығанағының аралдары орналасқан.

Атлант мұхитының  сулары  Африканың батыс жағалауын шайып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы  арқалы  Гвинея  жылы ағысы өтеді, оған  солтүстіктен Канар суық ағысы жалғасады.  Гвинея ағысы  оңтүстіктен  суық сулар өтеді,әкелетінБенгал суық ағысымен, араласып, тропик маңында күшін жояды.

Жылы және суық ағыстар түйісетін Жасыл мүйіс аралдары мен Ангола  жағалауында мұхит суы  тіршілікке  өте бай. Атлант мұхитының суық және жылы ағыстар  материк табиғатына түрліше әсер етеді. Мысалы,  суық ағыстар өтетін  тропиктік жағалық бөліктерде  Оңтүстік Америкадағы  Атакама шөлі  қалаыптасқан .Ал жылы ағыс өтетін Гвенея шығанағы  жағалауы  африкадағы  ең ылғалды  жер болып табылыды.

Үнді мұмұхиты  алабына ентін Қызыл теңіз тектоникалық терең жарықта  орналасқан.Үнді мұхитының Арабия түбегіндегі  мен Африка аралығындағы  құрлық аралық теңіз жағалаулары  Египет, Араб Республикасы, Судан, Эпиопия Йемен Араб Республикасы шектеледі.

Суэц каналы  арқылы   солтүстік жағалаулардағы  Жерорта теңіздермен Баб-Әл- Мандеб  бұғазынан Аден шығанағына және  Араб теңіздеріне ұласады. Ұзындығы 1932 км, ені жері 305 км, ауданы 460 мың км су . Көл 251 мың км3, ең терең жері 3039 м, жағасы онша тілімделмеген. Ірі аралдары  Бахлак, Фарасан, Суакин .Қызыл теңіз-дүниежүзінде ең жылы (32 0 С ) ең тұзды ( 41,5 ‰) су айдындарының бірі . Суы негізінен көкшіл-жасыл түсті. Теңіз балдырлары  теңіз суларына қызғылт рең бергендіктен  “ Қызыл теңіз” деп аталып кеткен.  Жануарлар дүниесінде  дельфин,  алып тасбақа  және балықтың 400-ден аставм түрі кездеседі, маржан тастар алынады.

Басты порттары -Суэц (Египет), Порт-Судан ( Судан), Жидда (  сауда Арабия)  Массауа ( Эфиопия), Ходейда ( ЙАР).

Жерорта теңізі-Атлант  мұхитының Еуразия мен Африка құрлықтары арасындағы теңіз. Гибралтар бұғазы арқылы  Атлант мұхитының Босфор бұғазы арқылы  Қара теңізбен Суэц  каналы арқылы Қызыл теңізбен  жалғасады. Ауданы 2505 мың2, орташа тереңдңгі 1499м. Ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің Еуразиялық жағалаулары қатты тілімделген. Онда түбектер  және аралдар бөлінген шағын Тирен, Алборан, Адрия, Эгей, және Кипр теңіздері орналасқан.  Теңіз алабына  Қара Азов Мәрмәр теңіздері де кіреді. Теңізге ірі Ніл, По, Рона,Эброл өзендері құяды. Жас альпілік  геосинклинальді аймақта орналасуына  байланысты, түпкі бедері күрделі.

Теңізде балықтың 550-дей түрі бар. 

Ол –Дүниежүзілік мұхиттың  ең жылы  және  тұзды бөлігі, бұған  теңіздін екі материкттегі  тропиктік шөлдер аралығында  орналасуы  және теңіз түбінде  тұзды көлдердің болуы әсер  етеді. Теңіз жағалауында  маржандық құрылымдар (жылы,таяз теңіз суларында  бекініп тіршілік ететін омыртұасыз жәнжіктер тобы) көп жинақталып, кеме қатынасына  кедергі  келтіретін маржан рифтері  қалыптастырады. Теңіз аты  онда тіршілік ететін  ұсақ балдырлардың қызыл қоңыр  түсіне байланысты қойылған.

Үнді  мұхитының Сомали түбегінде  жағалауында  Мадагаскар араладрының солтүстігінен басталатын  Сомали суық ағысы  әсер етеді. Бұл жағалау экватор  маңындағы  орнына қарамастан, Африканың оңтүстік-шығысы Мозамбик және Мадагаскар  жылы ағысының ықпалына  болғандықтан, шығыс жағалауларда жауын-шашын  біршама мол түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.2.Африканың өзендері.

 

Африкада ірі өзендер көп. Өзен торы  материк  территориясына  әркелкі  бөлінген. Бұл жер бедері  мен климат жағдайларына  байлансты. Жер бөлігін құрылысына, оның шығыс бөлігінің көтеріңкі болуына  байланысты  өзендердің  көпшілігі  атлант  мұхитына  құяды. Материк бетінің  шамамен 1\3  бөлігінде  мұхитқа құятын су  ағыны жоқ, сондықтан бөлік ішкі  ағын териториясына  жатады.  Африканың өзендері  шоңғалды болып келеді, сондықтан тіпті  ірі өзендердің   бүкіл ұзына  бойында  кемелер жүзе алмайды.  Олардың су  энергиясының  орасан зор  қоры бар.

Африканың өзендер жүйесінің  неғұрым  жиі таралған жері экватор  маңы мен материктің  оңтүстік-шығыс бөлігі. Шөлді аймақтарда  өзендер өте  аз. Керісіеше,кеуіп қалған арналар  уәдтер көп кездеседі. Олар сирек жауатын жаңбырлар  кезінде  ғана суға толады.Материк  бетінің 1\3 бөлігі  ішкі  ағыстарға  ,қалғаны  мүлдем ағынсыз.Өзендері  негізінен  жаңбыр суымен қоректенеді. Су режиміне  байланысты Африка өзендері 4 типке бөлінеді: экваторлық, судандық, сахаралық, жерорта теңіздік.

Өзен типтері

Негізгі өзендері

Экваторлық

Конго

Судандық

Замбези, Сенегал, Гамбия

Сахаралық

Өзен ағыстары уақытшаөзендер:Ваадилер,уэдтер.

Жерорта теңіздік

Атлас және Кап тауларынан басталатын өзендер

Африканың негізгі ірі өзендері.

Африка

Ұзындығы

Алабының ауданы

Орта су шығыны

Ніл (Кагерамен бірге)

6 671 км 

2870

2260

Конго(Лаулабамен бірге)

4320 км 

3691

46000

Нигер

4160 км 

2092

9300

Замбези

2660

1330

1600

 

Материкте ең ірі сарқырама –Оңтүстік Африкада орналасқан Тугела,оныңи біктігі 933 м.Материктегі ірі өзен жүйелеріне Ніл,Конга, Нигер, Замбези өзендері жатады.

Ніл-жер шарындағы  ең ұзын өзен. Шығыс Африка  таулы үстіртінен басталатын Кагера өзені  Нілдің бастауы болып табылады. Ұзындығы 6671 км, алабы ауданы 2870 мың км 2 орташа су иағыны Асуыан маңына 2600 м3 \с  (әрі жылдары 500 м3 \с -тан 15000 м\с -қа дейін) ауытқиды.    Ніл өзені  Виктори және тағы басқа  көлдер арқылы  ағып өтеді. Жерорта теңізіне барып құяды.Таулы үстіртен шыққанна кейін  өзен аса кең  жайпақ қазаңшұңқырларды  басып ағады. аңғарларында  кристал тау жыныстары  ашылған жерлерде  шоңғалдар падй болады. Осы аралықта  өзенде көптеген шоңғалдар мен сарқырамалар бар. Бірнеше салаларды  қосып алып,  суы молайған өзен жазыққа шыққан соң Ақ Ніл деп аталады. Хартум қаласы  маңында  Эфиопия  таулы қыратынан  ағып шыққан Көк Ніл өзеніімен қосылып, Ніл деп деген жалпы атқа ие болды. Ніл орта  ағысы  кристалды жыныстар жауып жатқан үстірттер арқылы  ағып, шоңғалды  болып келеді. Асуан бөгеті  салынғанан кейін  өзен кеме қатынасына  жарамды өзенге  айналды. Төменгі ағысында   Ніл баяулап , Жерорта теңізіне  үлкен атырау жасап құяды. Бұл  атырау жылдан –жылға  өзен тасып әкелген жыныстар есебінен ұлғаюда. Ұзақ уақыт бойы Ніл  өзені  Сахара тұрғындары  мен еуропалықтар үшін жұмбақ болып келді. Олар  Сахара арқылы  ағып  өтетін Ұлы өзеннің  қаншама су буланып, құмға сіңіп кетіп жатса да  өзен алабына  жаңбыр сирек жауса да, суының сарқыламайтына , керісінше жаздың  аяғында  аптап  ыстықта Нілдің арнасынан  асып тасыитындығы  таңқалған. Ніл өзені  жаңбыр көп жауатын  экваторлық белдеуден  кесіп өтеді. Оның деңгейін  көл сулары  да толықтырып отырады.  Ніл өзені нің деңгейін сақтауда  Эфиоофия  таулы қыратының  басталатын Көк Ніл жетекші орын алады. Бұл өзеннің  жазда  материктің шығысынан  алып келетін  мол суы Нілдің атырауына жаздың аяғы мен күздің  басында жетеді.Ніл аңғарын адамзат ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Оның суы ежелден  жер суаруға немесе кеме қатынасына   халақты сумен  қамтамасыз етуге балық аулауға  пайдаланып келеді. Ніл  аңғарында Египет  халқының 97 %тұрады. Бірнеше бөгендер мен СЭС-тер салынған.(ең ірісі-Асуан СЭС-і )кеме жүзетін су жолының ұзындығы  3000 км-ден асады. Жағалауында Хартун, Асуан, Каир, атырауында Александрия сулары орналасқан.

Конго (Заир)-Орталық Африкада  Конга Демократиялық Республикасы, Конго  республикасы  ангола мемлекетерінің  шектесетін жерінін бойлай  ағатын өзен. Негігі бөлігі   Конга Демократиялық Республика аумағында  Африка өзендерінің ішінде ұзындығы  жөніне екінші  орында   алабының  ауданы  мен суының  молдығы жағынан  Африкада  бірінші ,ал дүниежүзінде  Амазонадан кейінгі екінші  орында. Өзен бастауын Конга Демократиялық Республикасы елінің  оңтүстік-шығысынан , Замбия елінің шекарасынан  таяу орналасқан үстірттен алады.Өзеннің ұзындығы  4700 км. Су жиналатын алабы ның  аумағы  3,7 млн. км 2 жуық. Өзен сағасындағы жылдық орташа ағын 46 мың км2-ге м3\с. Кога өзені  Солтүстік  және  Оңтұүстік  жарты шарлар да ағадыда  экватордан  2 рет кесіп  өтеді. Атлант мұхитына  құяды.  Орталық бөлігінде  Конго қазаңмұңқырында  аңғарларының ені  20км –ге  жетеді.. Төменгі ағысында  Оңтүстік Гвения  қыратының  терең шатқалдармен ағып, көптеген шоңғалдар мен сарқыламалыр ( стэнли, ливингстонт.б. ) түзеді. Олар өзен сағасында  жнткенде  тарамдалып  енді  әрі терең  эстуарий мен аяқталады. Басты салалары:Муфира, Лувуа,т Лукуга,Арувили, Итим бири, Убанги, сонга, Ломами, Лус, Онга, Руки, Касай, өзен суының деңгейі  жоғары бөлігінде ; қараша –желтоқсанда , орта және төменгші ағысында  мамыр- маусым және қараша –жалтоқсанда  көтеріледі. Конго өзенінің бойында  көптеген СЭС-тер салынған. өзен суы  балыққа  өте бай. Балықтың  мыңға жуық түрі  бар. Кеме жүзуге  жарамды бөлігінің ұзындығы 2 мың км. Жағалаудығы ірі қалалар : Букама, Конгола, нишиду, Киншала.

Нигер -Батыс Африкадағы  өзен алабы  мен ұзындығы  Конго мен Нілден  кейінгі үшінші орында. Гвения , Мали, Нигер,  Нигерия  мемлекеттері арқылы  ағып өтеді. Ұзындығы 4160 км , алабының  аумағы  2,1 млн. км 2 жылдың орташа  су ағыны  12000 м3\с.

Солтүстік Гвения    қыратынан басталып атлант мұхитындағы  Гвинея  шығанағына  атырау жасап  құяды. Басты салалры: Бани (оң),сокото, кадуна,-және Бенуэ(сол) жоғары және төменгі ағысы  климатты  құрғақ аумақта  өзенде Камиджи СЭС-і мен бөген салынған. Жеке бөліктерінде  кеме жүзеді. Балық ауланады. Сахарамен  іргелес өңірде  кең көлемді жер суаруға  пайдаланады.  Нигер бойындағы  ірі қалалар  Куруса, бамасо, Томбукту, Джибба. Порт. Теңіз порты бар.

Замбези- Оңтүстік Африкадағы  өзен. Ұзындығы 2660 км, су  жиналатын алабы 1330 мың км2.бастауын Кого  Замбези  үстіртінен 1100 м биіктіктен  асады. Үнді  мұхитының  Мозамбик  бұғазына құяды. Бастауынан  Виктория сарқырамасына  дейін 1200км бойы Боротсе жазығынан  бойлай  ағады. Луангин саласының  құрылысынан  төмен қарай  икөптеген сарқырамалар  шоңғалдар кездеседі.ең ірісі  дүниежүзілік аса ірі сарқырама бірі Виктория.

Төменгі ағысында  аңғарлары мен арнасы  барынша кеңейеді арнаның  ені 5-8 км-ге  дейін Мозамбик ойпатын юасып ағады да  қиылысында  аумағы 80 сың  км2 болатын атырау түзеді, негіщзінен жаңбыр суымен  молығады. Жазда  тасиды  қыс айларында  су деңгейі  күрт  төмендейді. Жылдық орташа  су ағыны 16000 м3\с. Ең ірі салалары Кафуэ мен Луангва.  Замбези алабына  Ньяска көлі де кіреді.

Өзен  су қуаты  қорына  өте бай бірақ оның шағын ғана  бөлігі  пайдаланылады.  Нариба  шатқалында  ірі СЭС пен бөгендер  салынған. Су  мөлшерінің  күрт ауытқып тұруы және  шоңғалдар кеме қатынасына  кедергі келтіреді. Ірі кемелер сағасынан  450 км-ге дейін жүзе алады.

Виктория сарқарамасы-Оңтүстік Африка Замбези  өзеніндегі  сарқарама. Дүниежүзіндегі ең ірі  және биік  сарқарамалардың бірі. Ені 1800 м.су 120 м.  биіктіктен құлайды. Сарқарамға СЭС салынған. Виктория сарқырамасының аумағанда   Фалс ( Зимбабведе) және Моси-оа. Тунья ( Замбия) ұлттық табиғат саябақтары  ұйымдастырылған. Туризм жақсы дамыған. Викторияны 1855 жылы ағылшын саяхатшысы  Д. Ливингсон ашқан.

Гамбия өзені-Батыс Африкадағы өзен,Гвения Сенегал және Гамбия мемлекеттері  жерімен ағады. Ұзындығы  1200 км . Су жиналатын алабы  180 мың км 2. Фута-Джаллан тауларынан басталып ,сағасынада  ені 20-30 км-ге  жететін  эстуарий  жасап, Атлант мұхитына құяды. Арнасында  аралдар мен шоңғалдар көп. Жылдың жаңбырлы мезгілінде (маусым-қазан)  су тасқыны болып тұрады..Көп жылдық  орташа су ағыны 2000 м3\с.Теңіз суының толысуы  сағасынан 150 км-ге дейін таралады, 350 км-ге  дейін жүзеді. Сағасында  Банеджун порты (Гамбия) орналасқан.

Шари өзені- Орталық Африкадағы өзен.Орталық Африка республикасы  аумағындағы  Уан және ФаФа өендері қосылған  тұсынан басталады. Ұзындығы 1400-1500 км, су жиналатын алабының ауданы 700 мың км2. жоғары ағысында  Бахр-Сара  орта ағысында  Грибинги өзенмен  қосылған жерден  кеңейе түседі. Негізгі бөлігі  Чад Республикасы  аумағымен біршама жері  Камерунмен  арадағы  шекараны  бойлай ағады. Өзен Логоне  саласымен  бір атырау жасап , Чад көліне  құяды. Суы негізінен ьжазғы жаңбырлы ьмаусымда  орта және төмеңгі ағысында  күз айларында  тасиды. Орташа су ағыны  1230 м\с. Бахр-Сара  өзенімен  Батанграфо  қаласына (ОАР) дейін және Гринбинги өзенімен  Форт-Крампель қаласына  дейін кеме жүзеді. Балық ауланады. Шари өзені  бойында Нджалена қаласы ( Чад астанасы ) орналасқан.

Сенегал өзені- Батыс Африкадағы  Гвения , Мали  Сенегал Мавритани жерімен ағып өтетін өзен. Футо-Джамантау  масивінен Бафинг өзені болып басталып   Бақой саласы  қосылған тжерден   Сенегал деп аталады. Ұзындығы 1430 км ( Бафингті қосқанда ) Сужиналатын алабының аумағы  441 км2,  жоғары ағысы су құламаларын жасай  шоңғалды аймақпен ,төиенгі ағысы  жазықпен ағып өтеді. Атлант мұхитына  атырау жасап  құяды. Сағасы жағалық  құмбел орташа су ағына  1500м\с. Су тасу маусымында ( маусым-мамыр)   Каир қаласына дейін ( 888км деңгейі) төмен кезде   Подор қаласына дейін ( 283 км) кеме  жүзеді суын ауыл шаруашылығына  кеңінен павдйланады. Өзен бойында  СЭС-тер салынған. Балық ауланады. Жағалауындағы   ірі қалалар : Каел, (мали), сағасында  Сен- Руи ( Сенегел) теңіз порты бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.3. Африканың көлдері.

Африканың ірі көлдерінің барлығы дерлік Ұлы Шығыс Африка жазықтарының  бойында орналасқан. Сондықтан  пішіндері  созылыңқы  болып келеді. Көлдер өте терең , жан-жағын тік беткейлі   биік таулар  қоршай орналасқан.

Танганьика көлі- Шығыс Африкадағы көл; Конго, Демократиялық Респудликасы ,Танзания;Замбияжәне  Бурунди  жерінде  Шығыс  Африка Ұлы жарықтары құрамына кіретін  тауаралық тектон ойысты  орналасқан. Ауданы 35 мың км 2,ұзындығы  670 км, ені 22-72 км. Танганьика көлі  жер бетіндегі  Байкалдан кейінгі  екінші  көл (1470 м). Көлге  мамагараси, Рузизи т.б. өзендер құяды. Су  деңгейі  көлге құятын өзен  ағыны мен жауын-шашын мөлшеріне  тәуелді. Беткі су температурасы 23-27 0С. 400 км тереңдіктен  табанына бейін тұрақты температура  23,10С сақталады.Көл суына  балықтар (73 % энедмиктер) су құстары, қолтырауындар мен қосмекенділер  тіршілік етеді. Жағалауында  Сумбу (Замбия), Гоме-Стрим (Танзания ) т.б.ұлттық парк орналасқан. Ормандар мен саванна  таралған. Кейбір жағалауларында  қант құрағы, күріш, жүгері, плантациялары бар. Балық аулау кеме қатынасы үшін және туристік бағытта  пайдаланылады. Көлдің шығыс жағалауындағы Нигома портының  жемісі арқылы Үнді  мұхитының  жағалауындағы Дар-Эс-Салам портымен жалғасады. Порттары :Бужумбура (Бурунди), Калима (Конго Демократиялық Республика), Танганьиканы 1858 жылы ағылшын  саяхатшылары  Р. Бертон мен Дж Спик ашқан.

Ньяса (Малаби)-оңтүстік -шығыс Африкадағы  Мозамбик, Танзания, Малаби жеріндегі көһл. Шығыс  Африка тау қыратындағы  тектоникалық жарылымда  472 м биіктікте орналасқан. Ньяса дүниежүзіндегі аса ірі  әрі  терең көлдердің қатарына  кіреді. (тереңдігі 580 км, ені 80 км, ) жағалаулары тік  жартасты  өзен  мен жауын-шашын көлге жылына  72 км 3су қосады. Оның 6,6 км3-і булануға кетеді. Қалғаны  Шире өзені арқылы  Замбезиге қосылады. Көлде  қолдтырауын , бегомот және су құстары  көп. Балыққа  өте бай . Ерте заманнан бері су жолы  ретінде пайдаланып келеді.

Чад көлі-Орталық Африкадағы  Камерун жерінде  ұзындығы 270 км, ені 150 км  орналасқан. Климат ылғалдылық жағынан  (бұдан)5-6 мың жыл  бұрын) көл ауданы 400 мың км2-ге жеткен. Қазіргі  ауданы 10 мың км 2-ден (маусым-мамыр) 26 мың км 2-ге көл айдыны  ауытқып отырады.240 м биіктіктегі  жайпақ қазаңшұңқырда  орналасқан.  Батыс және Оңтүстік жағалаулары жазық әрі батпақты . Солтүстік -шығыс және  шығыс жағасы күштітілімделген. Көптеген аралдары бар. Көлге Шари және Комадугу-Йобе өзендері  құяды. Өзендермен жалғасқан жерлерінің суы  тұщы  қалған бөлігі  тұзды. Чад теңізінің суы жақын маңдағы  ауданның  грунт  суын  толықтырып үнемі  жанарып  тұрады. Жануарлардан бегомот, үйрек, көкқұтан т.б. мекендейді.  Балақ ауланады. Шари және Комадугу Йобе өһзендері аралығында  кеме қатынайды.Көлдің жағалары өте  батпақты.

Тана-Цана Дембеа-Африкадағы 1830 м биіктіктегі  көл. . Эфиопия  таулы үстіртінде орналасқан .Ауданы 3,1-3,6 мың км 2( жыл маусымына қарай  аумағы өзгеріп  отырады).Тереңдігі 70м көл  шарасында көптеген аралдар ( ең ірісі -Дэк) бар. Тана бірнеше өзен құяды. Ең үлкені Кіші Абай өзені . Көлден  Аббай (көгілдір Ніл)  өзені ағып шығады. Балақ кәсіпшілігі  дамыған кеме қатынастары  бар.Ең  порттары Горгора, Бахр-Дар.

Виктория көлі- Виктория -Ньянза Укереве Африканың Угагнда мемлекеттері аралығында  жатқан көл. Ол шығыс  Африка платформасының солтүстік  бөлігіндегі  тектон иінді  ойыста 1134 м абсолюттік  биіктікте  орналасқан. Көлемі  боынша дүниежүзінде  екінші  Байкалдан кейінгі  тұщы көл.Аумағы 68 мың км2 орташа тереңдігі (ең терен жері 80м) жағалалары көбіне  құмтасты жайпақ шығанақтармен тілімделген. Ірі шығанағы- Кавиранда мен Спиня көлде  аралдар көп. Олардың жалпы  аумағы 6 мың км Рубонда аралында (Танзания) ұлттық табиғи саябақ бар. Көл  атмосфералық жауын-шашын және көптеген өзендердің суымен толысады. Су деңгейінің жыодық орташа ауытқуы 0,3 м. Көлге Ніл өзенінің бастауы болып саналатын сукы мол Кагера құйып,одан Виктория Ніл  өһзені ағып шығады.Мұнда  кеме  жжүзіп балық ауланады. Басты порттары  Эттеббе (Уганда), Мванза Бунобо (Танзагния), Нисуму (Кения) және Уганданың  астанасы – Кампала. Виктория көлін 1858 жылы ағылшын саяхатшысы Дж. Спик ашты. Көл  Ұлыбританияның корелевасы  Викторияның  құрметіне аталған.

Африка көлдерінің  шаруашылық маңызы  зор. Шығыста  ірі көлдер кеме қатынасына пайдаланылады. Көлдер балықтарға өте бай. Солтүстік жарты шардағы  жылы жаққа ұшатын  құстардың басым  көпшілігі  осы көлдерге  қыстап шығады. Шығыс Африкадағы  табиғаты көркем  көл жағалауында  дүниенің әр түкпірінен  келетін туристер саны жыл сайын артуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

  

 

 

 

 

 

ІІ.4.Африканың жер асты суларына сипаттау.             

Африканың ішкі сулары