Агробизнес. 2

 

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

  1 Ауыл шаруашылығын  нарықтық қатынасқа   көшіру...................................4

1.1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.................................7

1.2 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі бағыттары.................................12

1.3  Республика агроөнеркәсіптік  өндірісі жұмыс  істеуінің табиғи-экономикалық ерекшеліктері.............................................................................15

      2 Қазақстанның агроөнеркәсіп  өндірісін дамытудың  негізгі бағыттары.......18

    2.1 Тоқырау кезеңінде  Қазақстан ауыл  шаруашылығының 

    дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар......................................21

2.2 Қазіргі кездегі республика ауыл шаруашылығының

  жағдайы...........................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................28

 

Кіріспе

    Агробизнес нарық экономикасының белді бөлігі. Ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу және ұйымдастыру мемлекеттік деңгейде маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығындағы бизнесті ұйымдастырушы және әр түрлі аймақтарда соңғы он жыл ішіндегі ауыл шаруашылығы артқан жұмыстардың барысына бақылау көрсетіп келеді. Курстық жұмысымның өзектілігі: Жалпы нарықтык экономикаға өту кезеңі бір орталыққа жүгіндірілген жүйе үстемелік еткен дәуірде (қоғамда), өндіріс пен мүліктің ортақтастырылу тенденциясының басым жағдайында өтуде. Экономика заңдылықтары теріске шығарылып, жеке меншік деген ұзын бос сөз деп бағаланып келді. Ұжымдық меншік жөніндегі ұғымдар мен қағидалар да қатты бұрмаланды. Аграрлық саладағы кәсіпкерлікті ойдағыдай жолға қою, сөйтіп экономиканың әр түрлі саласында оның үлес салмағын арттыру, меншік иелерінің қалың қауымын құруды қамтамасыз ету көптеген нәтижелі жағдайлардың қалыптасуын қажет етеді атап көрсету.

    Курстық жұмысымның міндеті:

    - ауыл шаруашылығын  нарықтық қатынасқа  көшіру;

    - агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы;

    - Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі бағыттары;

     - республика агроөнеркәсіптік өндірісі жұмыс істеуінің табиғи-экономикалық ерекшеліктері.

Курстық жұмысымның мақсаты: ауыл шаруашылығын ұйымдастыруда мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, осы арқылы аграрлық секторда агробизнесті дамыту кепілі ретінде мемлекеттің ықпалын күшейту. Шаруашылықтарда сала дамуының жергілікті  жағдайын барынша 
толық ескеру, осыған сәйкес шаруашылық жүргізу түрлерін ұйымдастыру, 
экономиканы   қайта   құрудың   барысында   оның   көп   деңгейлі   жүйесін 
қалыптастыру.

    1 БӨЛІМ

    1.1 Ауыл шаруашылығын нарықтық қатынасқа көшіру.

   Ауыл  шаруашылығын нарықтық қатынасқа көшіру экономикалық реформаның бірі. Өйткені, бұл бір жағынан реформаның объектісі ретінде өте күрделілігімен байланысты, екінші жағынан, салада шешімін таппай жинақталып қалған мәселелердің көпшілігінен ауырлау болса да, меншікті мемлекет Агробизнестің дамуы құрылымдағы жаңа меншік формаларының қатарына шаруа қожалықтарын, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін, серіктестіктерін, шағын кәсіпорындар, жеке шаруа- қожалықтар немесе осы аталғандардың бірлескен ассоцациясын, әр түрлі ұжымдық кәсіпорындарды, акционерлік қоғам, басқа да қоғамдасқан шаруашылықтарды жатқызуға болады. Сайып келгенде, нарық жағдайында орындалған істің қорытындысында жекешелендірілген кәсіпорынның мүлкі еңбек ұжымының әр мүшесіне қаржылай немесе заттай (пай) үлеспен тиеді. Демек, іс-жүзінде бұл мәселеде жекешеленетін мүліктерді міндетті түрде ауыл шаруашылық өндірісіне пайдаланудың үлкен маңызы бар.

   Ауыл  шаруашылығында негізгі бағыт-енбек  өнімділігін арттыру, шаруашылықта пайдаланып отьгрған жерінің әр гектарына шаққандағы өнім мөлшерін көбейту. Мұның өзі, өз кезегінде, қазіргі аграрлық өнеркәсіп кешенінде тым нашарлап кеткен ескі материалдық-техникалық базаны жаңартуды, қалыпты жүргізіліп келе жатқан экономикалық реформанын шаруашылықты қарқынды жүргізуге тиісті мөлшерде қаржы жұмсауды қажет етеді. Міне осыны ескере отырып, өндірістік қызметпен айналысатын агробизнеске қатысушы ірі, орта және ұсақ кәсіпорындардың жәрдемімен, жеке заңды тұлғаларға жер телімдерін беру, сату, жалға беру туралы жер актілері, олардың жергілікті атқарушы органдарға тапсырган өтініштері бойынша ақысыз жүргізіледі.

   Агробизнесті  дамытуға зиянды әсерін тигізіп, кедергі болып отырған факторлар аз емес, Олардың теріс әсерін төмендету, шаруашылықтардың өндірістік қызметі табысты болуы мына төмендегідей шаралармен жүзеге асырылуы қажет:

  • аса ірі құрылымдарды жеңіл басқарылатын көлемге дейін бөлшектеу 
    (құрылтайшылар мен жұмыскерлердің саны, өндірілетін өнім, жер көлемі 
    мен себілетін дақылдар жиынтығы, мал басының саны бойьшша);
  • шағын орта бизнесті ұйымдастыруды ынталандыру мәселесі. Бұл үшін 
    онымен айналысатын субъектілерге мемлекеттік тапсырыс беру тәртібін 
    қолдауды ойластыру;
  • коммерциялық банктер мен басқа несие берушілер үшін қызықтыратын 
    бөлінбейтін жері және мүлік кешені бар тұрақты занды тұлғалар құру;

   - салық  салу  жүйесін  жеңілдету.  Патент  жолымен  тағайындалатын 
салықтың    мөлшері    ауыпшаруашылығына    пайдалы    жердің    сапасына 
байланысты жерді  неғұрлым тиімді пайдалануға мүдделілікті арттырып, 
шаруашылық субъектілерінің оның әрбір гектарынан өнімді көп алуларына 
тікелей қолайлы жағдай жасау еді;

   - мамандар мен басқарушыларды менеджмент пен агробизнестің қазіргі 
замандағы жаңа тәжірибелік түріне үйрету, маркетинг бойынша кеңес беру 
қызметін көрсетумен қамтамасыз ету;

   Сондықтан халық шағын агробизнесті дамытуға, көкөніс өсіруге барынша иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын дайындап, жариялап отырды.

   Ауыл  шаруашылығы жағдайында агробизнес кәсіпорнының мүлкін жекешелендірудің өзіндік әдістемелік және қолданбалы бағыттары бар:

  • ауыл шаруашылығы кәсіпорнын, жалгерлікке берген мүлкін сатып алу;
  • шаруашылық немесе жеке кәсіпорын мүлкін еңбек мүшелерінің 
    сатып алу мүмкіндігі;

   - кейбір  кәсіпорынның  мүлкін  еңбек арқылы  мүшелеріне,   олардың 
үлесіне қарай тегін бөліп беру және кей жерлерде осы бағытты дұрыс 
бағалау.

   Агробизнестік құрылымдардағы бизнесмендердін нарық жағдайында меншік формасының ең озық түрі болуының айғағы-зерттеу жұмысының негізгі объектісі болып алынды.

1.2 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

  Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып  үйрену қажеттілігі туады.

  70-жылдардың  отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше „агроөнеркәсіптік кешен" атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді. Оның үш саласы - қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді (схеманы қараңыз). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  

  

  

    

  

  

    

  Агробизнес  комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға (I) ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс - несие де кіреді. Бұл сфера ауыл шауашылығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауылшаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптік салалары нарықтық құрылым, өндірісті жинақтау және мамандандыру сияқты барлық көрсеткіштер бойынша ерекшеленіп, өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады.

  Сфералардың үшінші тобы (III) егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетинггік сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға (көтерме және бөлшек сауда, қойма биржа.аукцион жүйелері және т.б) қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала - тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық-түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде.

  Төртінші  сфера (IV) агробизнесті толықтай және оның жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа сфераларына мамандандырылған қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар, кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, коммуникация, мемлекеттік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару, рыногті реттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін, агробизнестің бірден-бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа  жағдайда  бұл  сфераны  мемлекеттік  және  жеке

деп екіге  бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агротехникалык, және агрохимиялық қызметтер, жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың консультациясы, материалдық-техникалық жабдықтау мен қамтамасыз ету және басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен кәсіпорындарына сондай-ақ шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды қойған.

Агроөнеркәсіптік  кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас және ол үш негізгі сфераның басын құрайды (схеманы қараңыз). I II III

  

  

  

  Бірінші сфераға (I) трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.

  Екінші  сфераға (II) таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары - егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық (өндірістіктен айырмашылығы бар) мал азығын өндіру жатады.

  Үшінші  сфера (III) әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады. Кей жағдайларда бірқатар мамандар тасымалдауды, сақтауды және байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалары ретінде өздігінше, жеке төртінші сфераға (IV) жатқызып жүр.

  Құрылымдарға талдау жасау көрсетіп отырғанындай, агробизнес және агроөнеркәсіптік кешендер сандық жағынан   болсын,   сапалық   жағынан   болсын   өздерінің құрамы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Өздерінің қарауындағы салалар немесе қызмет түрлерінің даму деңгейіне байланысты бұл айырмашылықтар онан сайын айқынырақ байқалады.

  Бір қарағанда дәстүрлі қабылдауға үйренген біздерге таңқаларлықтай болып көрінетін бір жайт, агросервис құрамында мемлекеттік реттеуші жүйенің болуы әлгі маңызды айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық схемасында мемлекеттік басқару әдетте әдейі көрсетілген жоқ. Өйткені, әкімшіл-әміршіл жүйеде мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық жүйенің басынан аяғына дейін экономикалық дамудың қозғаушы факторы болғаны айтпаса да түсінікті. Ал, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған экономиканың аграрлық секторындағы өндірістік және экономикалық процестерді қамтамасыз етудің басқарушы және үйлестіруші элементі ретінде көрінетіні рас.

  Агроөнеркәсіптік  өндіріс пен агробизнесті жекелеген  сфераларға бөлу процесініц экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рациональді арақатысынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің Республикамызда маркетингтік сфераның (өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу) дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жыддары жалпы өнімнің 25-35 проценті ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімінің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру көрсеткеніндей, бұл жердегі айырмашылық бізді аса қуанта қоймайды. АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімінің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр. Оның үстіне АҚШ-та III сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жумыстарды тамақ өнеркәсібі атқарады.

Дәл осындай  жағдай нарықтық экономикасы дамыған  басқа елдерде де қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық-түлік құнының  75  проценттен астамы ауылшаруа шылығынан тыс жерлерде жасалады. Скандинавия ел-дерінде түпкі өнімдегі тамақ өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.

  Батыс елдері агроөнеркәсіп кешені құрылымының қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық-түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар ара-лығында мұндай қысқарту 30 процентке жуық болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметкерлердің саны өсе түсуде. Айталық, АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті. Қорды қажет ететін салалар (агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы) мен шығарылған техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының бір-бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің (агроөнеркәсіп кешенінің II сферасы) үлес салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде салааралық және ішкісалалық сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын реформалау ауыл үшін ұсынылып отырған техниканың сәйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін өндірісіне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде мал басына арналған жем-шөп өндірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.

  Бұрыңғы КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі құрылымдық сәйкессіздіктерді жою әрекеті 80-жылдардың өзінде бірнеше рет бой көрсеткен.

  Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру  мақсатында Азық-түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ, шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл-әкімшіл эко-номика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз-өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.

  Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктер бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатысты.

  Нарықтық  экономикаға барар жолдағы Қазақстан  Республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай-күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастырайық.

1.3 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары

  Қазақстан - 16,5 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын (жер аумағы 2 миллион 717, 3 мың шар-шы километр) алады.

  Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциа-лы да бар.

  Ауыл  шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222,3 миллион гектар, оның ішінде егістік жер 3 6 миллион гектар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5 миллионға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2,2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген еддердегіден әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жуық астық, 1,5 миллион тоннаға жететін ет, 3,5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндірілді.

  Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы (I - қор шығаратын) машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.

Агроөнеркәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі және «Манкентживмаш", „Актюбсельмаш" пен Мамлют машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина жасаумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде қорғаныс зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналарының кейбір түрлері және қосымша бөлшектер шығарылады.

  Химиялық  өнеркәсіп саласында Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы кәсіпорындар минералдық тыңайтқыштар шығарады. Мұндай өнімдерді жолай өнім ретінде Қарағанды металлургия және Өскемен титан-магний комбинаттары да шығарады. Шымкенттегі „Фосфор" өндірістік бірлестігі өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын шығаруды жүзеге асырады. Микробиологиялық өнеркәсіптің басым Шымкент гидролиз, Түркістан жемдік дәрілер және Степногорск „өркениет" сияқты үш зауыт біріктіріп тұр.

  Республика  агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында (II- ауыл шаруашылығы) экономикалық реформалардың басында 2200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді.

  Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасы (III - дайындау, сақтау және т.б.) тамақ, ет-сүт және ұн-жарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау, сақтау, сондай-ақ ауылшаруашылығын өндірістік-техникалық, транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан тұрады. 
 

    1.4 Республика агроөнеркәсіптік өндірісі жұмыс істеуінің табиғи-экономикалық ерекшеліктері

  Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды  ерекшелігі алабөтен-топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік өсіретін топырақ бетінің әр түрлілігі, олардың көлденеңнен және тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады. Температураның (100°С) тиімді жиынтығы солтүстіктегі 25000-нан оңтүстік және оңтүстік-шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі субтропикалық және тропикалық дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының -барлық дақылдарын, дәнді дақылдан бастап жүзім және мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.

 Қазақстан жер аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға нартәуекелмен баратындай аймаққа орналасқан. Республиканың солтүстігі мен орталығында жауын-шашын 140-350 мм-ден оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың және шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында 450-900 мм-ге дейін жетеді. Жер аумағының топырақ беті де қатты ерекшеленеді

  - республиканың солтүстігінде кәдімгі, қою қоңыр то- 
пырақ, қоңыр топырақ және ашық қоңыр топырақ болса, оңтүстігінде құба құмды топырақ, сұр топырақ және таульі сілтілі қара топырақты болып келеді. Қара топырақты жер көлемі бар-жоғы  15 миллион гектарға жуық жерді құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда 77 миллионға 
жуық   гектар   топырақтың   эрозияға   ұшырауына   бейім жер,  50 миллион гектарға жуық эрозияға қауіпті жер, оның ішінде  17,7 миллион гектарға жуығы егістік жер, 74   миллион гектардан астам сортаң  және кебір топырақты жер, оның 8 миллионға жуығы өңделген жер бар.

Республика  агроөнеркәсіп кешеншің тағы бір ерекшелігі- өндірістің мамандандырылуы мен шоғырландырылуының жоғары деңгейде болуы. Қазақстанның ауыл шарауашылығы    кәсіпорындары     егістік    жер     көлемі    жағынан кеңестік кезеңде ТМД елдері бойынша орташа есеппен алғанда   алты   есеге   жуық   артық   болды.   Жалпы   өнім 
өндіру көлемі бойынша 2-3, одан да көп есе болды. Осы жағдай қазіргі өтпелі кезеңде кеңшарлар мен ұжымшарларды   реформалауды   және   оларды   шаруа   (фермерлік.) қожалықтарына, кооперативтерге және басқа нарықтық үлгідегі        аграрлық        кәсіпорындарға      айналдыруды әлдеқайда қиындатып отыр.

  Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері - мұнда жақын шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық сәйкессіздіктер көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтау және тасымалдаумен айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар, сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған. 90- жылдардың басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 64%-ке жуық, бірінші сферада 8%-ке жуық және үшінші сферада 28%-тен астамырақ болды. Республикада автомашина және комбайн жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды.   Осының   салдарынан   өндіріс   өнімі   көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырайды. Бұрыңғы КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадан тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын. Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып тұратын.

  Материалдық өндіріс сфераларының шамадан тыс  шашыраңқы орналасуы жағдайында транспорттың жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің нашар дамуы Республиканың агроөнеркәсіп өндірісінің дамуын қиындата түсетін ерекшеліктердің қатарын толтыра түседі. Мысалы, Қазақстанда бір погон километр автожол жүйесіне бар-жоғы 38 метр асфальтталынған жол келеді. Ал, бұл көрсеткіш Өзбекстанда  129 метр, Украинада - 324 метр, Эстонияда 600 метрге жуық. Халықтың аз орналасуы да (бір шаршы километрге бар-жоғы алты адам) Республика агроөнеркәсіптік өндірісін орналастыру мен дамытуға кәдімгідей әсер етеді.

  Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан, егістік жерлердің орасан көп болуы, топырақтық-климаттык, аймақтың көптүрлілігі мен олардың биоклиматтық потенциалының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктері жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің болуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрі қалыптасқан Қазақстан халқының еңбекқорлығы шаруашылықты дұрыс жүргізген жағдайда жақын болашақта агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын табыспен дамытуға, жалпы алғанда Республика тұрғындарын азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен толық қамтамасыз етуге және Қазақстанның тіпті әлемдік аренада ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 

    2 БӨЛІМ

    2.1 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары

  Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізі және тиісті   ұйымдық   құрылым   қаланып,   бірте-бірте   өндіріс құлдырауы тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өидіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.

  Республика  Президенті Н. Ә. Назарбаев „Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: „...барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл ре-формалау келеді...". „Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы" Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.

  Мемлекет  басшысының идеяларын, қабылданған  заңдар мен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары „Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2006 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын" жасады.

 Оны жасау  барысы кезінде мынадай көптеген объективтік факторлар еске алынды: 

  - егемен мемлекетті құру;

  -материалдық    өндіріс    сферасындағы    нарықтық қатынас заңдары;

-адам тамақтануының ғылыми негізделген нормалары;

-жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажетсілігі;

Агробизнес. 2