Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция. Қазақстан Республикасындағы агробизнестің дамуы

                 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым  Министрлігі

                       С. Бәйішев атындағы Ақтөбе  университеті  
 

                  «Экономика және қаржы» факультеті 
 

                       «Экономика  және  басқару»  кафедрасы. 
 
 

                    Курстық жұмыс

     

      Пәні:  Экономика  теориясы

      Тақырыбы: Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция.

      Қазақстан Республикасындағы агробизнестің  дамуы.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   Орындаған: Қаржы – 101 студенті:  

                         Исаева С.

                    

                            Тексерген: аға оқытушы

                         Сақиев А.

       
 
 
 
 

                        Ақтөбе  - 2006      
 

               Мазмұны:

    Жоспары – 1 бет

     Кіріспе – 3 бет

    1 – бөлім. Агроөнеркәсіптің дамуы және оның  перспективасы.

    1.1. Аграрлық қатынастардың мәні мен ерекшеліктері – 4 бет

    1.2. Аграрлық  нарық және агробизнесте нарықтық  қатынастарды

                                                                                         реттеу – 6 бет

    1.3. Аграрлық  секторды қалыптастыруда  шетел тәжірибесі – 8 бет

     2 – бөлім. Қазақстан Республикасындағы  агробизнестің  дамуы

    1. Қазақстан Республикасының  агроөнеркәсіптік  өндірісін  дамытудың  негізгі бағыттар – 14 бет
    2. Қазақстан Республикасындағы  шаруа қожалықтарын  қалыптастыру  және  дамыту проблемасы – 23 бет

    Қорытынды – 32 бет

    Қолданылған әдебиеттер:

     1. Жалпы  экономикалық теория

     Ақтөбе 2004

     2. Агробизнес

     Алматы 1998

     3. Нарықтық экономика дегеніміз  не?

     Алматы 1998

     4. Экономикалық теория

     Алматы 2006

      
     
     
     
     

                 Кіріспе

     Аграрлы деген ұғым латын сөзі («agraria» - жер деген  мағынаны  білдіреді). Жерді иелену  және  қолданумен  байланысты  әлеуметтік- экономикалық  қатынастарды  аграрлы қатынастар дейміз .

      Бұл  қатынастардың  ерекшелігінің  өзі  сонда , көбінесе  бұлар  экономикалық  және табиғи  факторлардың  өзара  іс- әрекетімен, аграрлы  еңбек өнімділігін арттырудағы   өнеркәсіп ролінің өсуімен анықталады. Сондай-ақ  жерді игеру және жерді қолданумен де  өте тығыз байланысты .

      Бүкіл халықтық референдумда  1995-ші жылы 30-шы тамызда  қабылданған  Қазақстан Республикасы  Конституциясында  былай  делінген: «Жер  және  оның қойнауы  , су көздері , өсімдіктер  мен жануарлар дүниесі , басқа  да табиғи  ресурстар  мемлекет  меншігінде  болады.Жер,  сондай-ақ  Заңда  белгіленген   негіздерде , шарттар мен  шектерде  жеке  меншікте  де  болуы мүмкін » (  6 бап, 3-ші  пункт ).

      Осындай  заңға 1995-ші  жылы 25-ші желтоқсанда  қабылданған  Қазақстан  Республикасының  «Жер туралы» заңын жатқызамыз.Онда жерді иеленудің және  жерді қолданудың детальдары  дәйектілікпен ашылған. Алдымен кез келген  шаруашылық  субъектілерін  (ұжымдық  немесе  жекелеген) қызықтыратын  нәрсе ауыл  шаруашылығы өндірісі  жағдайының  ерекшеліктері. Осы ауыл шаруашылығы өндірісінің  өнеркәсіп өндірісінен  біршама ерекшеліктері бар. Соған тоқталатын болсақ: біріншіден, мұнда басты өндіріс құрал-жабдығы жер болып табылады. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі  өте шектеулі. Одан басқа жерлерді: тундра, орман, тау, құм, су  бассейндері, қала және ауылдық тұрғындар қонысы, өнеркәсіп пен транспорт объектілері алады.

      Екіншіден, ауыл  шаруашылығына жарамды жерлер - табиғи  және  экономикалық (жасанды) құнарлылығы бойынша бөлінеді.

      Үшіншіден ,кәдімгі өндіріс құралдарынан: мәшине, ірі  құрылыстар, жабдықтардан  жердің айырмашылығы  сол, ол  қайта  өндіруге болмайтын  өндіріс  құралдары болып табылады.Егер  оған қамқорлықпен  дұрыстап  қараса жақсаруы мүмкін.

      Төртіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі  процесіне жердің сапасы ғана әсер етіп қоймайды, сондай-ақ табиғи факторлар – ауа-райы,  күннің  ұзақтығы , жауын-шашын мөлшері  және температурадағы  құбылыстар да  ықпал жасайды .

      Бесіншіден, ауыл шаруашылығы өндірісі  циклында  сезондық  айырмашылық болады. Ауыл  шаруашылық  өндірісіндегі: сезондық  мәшине  мен жабдықтарда қолдануға кері  әсерін  тигізеді . Ауыл шаруашылық  мәшинелері  тек қана  жерде жұмыс істеген кезеңде ғана   қолданылады : сонда жылына  20 күндей, сеялка 5-10  күндей,  астық жинайтын  комбайындар - 10 -20 күндей,  трактор паркі -50-60 күндей ғана  пайдаланылады .Сондықтан  өнеркәсіпке қарағанда, негізгі  өндірістік  мерзім  айналымы  әлде  қайда жай жүреді. Мұнда  ескіні  жөндеуге  және  жаңа ауыл  шаруашылығы  мәшинелерін  алуға  қажетті  амортизациялық  қор баяу  қалыптасады. Осының  барлығы  резервтік  және сақтандыру  қорының  құрылуын талап   етеді. Егін  болмаған  жылдары ауыл шаруашылығы өндірушілері  банкке  несие үшін, ал  мемлекетке  субсидия үшін қол жаюына  тура келеді.

      Алтыншыдан, аграрлық   қатынастардың   тарихы басқа жерді (мейлі ол оброк, жерде жұмыс істеу немесе  арендалық  төлем)  қолданған үшін  ақы  төлеудің ерекше  экономикалық  маңыздылығын   барлығын куәландырады.

      Жерді қолданғаны   үшін төлем  арендалық  төлемнің   мазмұны  болып табылады , ал  оның экономикалық қайнар көзі -   дифференциалдық және абсолюттік  рента .Жер рентасының  осы екі түрі  де  жерге деген меншіктің экономикалық өткерілуін  көрсетеді.

      «Жер туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес 34-ші баптың 3-ші пункті  «Жеке  меншік  құқығын  өткізуде» жер учаскесінің  иесі сол жерді  уақытша  пайдалануға – жер  учаскесін  уақытша  пайдалану  шарты  негізінде  беруге құқылы.

      Мемлекет  меншігіндегі жерді  уақытша   пайдалануға  беру  38- ші  баптың 4-ші пунктіне сай жүзеге  асады. Жердің уақытша  пайдалануға берілуі  «жер  учаскісінің     арендалық шарты  негізінде»  жүргізіледі . «Мемлекет  жүзеге  асыратын  жерге деген  төлем ( 8 бап, 4 п. ), жер салығы  ретінде  немесе  арендалық  төлем  түрінде  алынады, ол жер учаскесінің сумен қамтамасыз  етілуі  және  орналасуы, сапасына  байланысты  анықталады» .

      1.1.  Енді  аграрлық  өндірістің ерекшеліктері мен  агроөнеркәсіптік  бизнестің жұмыс  істеуіне  тоқталайық. Әміршіл-әкімшіл экономикадан  нарықтық   қатынастарға  көшуді жүзеге  асырған   алғашқы  жылдардың  тәжірибесі мен  практикасы  көрсеткендей, өндірістік  қатынастарды, оның  ішінде   ең алдымен меншікті шын   мәнінде  терең  жаңғыртпай, ешқандай нәтижеге  жету мүмкін емес.

      Шексіз  мемлекеттік  монополия  бұрын-соңды  болып көрмеген мемлекеттік  меншіктің  жоғары  үлесін  тудырып, азаматтардың  меншіктегі үлес салмағын, бейнелеп айтсақ, үңрейтіп қойды .Бұрынғы КСРО-ның  негізгі  қоры 2,8 трлн. рубль болса, оның 2,5 трлн. рублі, яғни 89,3% -і мемлекеттік меншікті  құрады. Егер оған  мәні  жағынан  мемлекеттендірілген  ұжымшарлардың 189  млрд. рубль негізгі қорын қоссақ, онда  бұл көрсеткіш 96% -ке дейін көтеріледі .Азаматтарға барлық  негізгі қордың  бар-жоғы 2,8%-і ғана немесе 79 млрд. рубль   тиесілі  болды. Мұндай жағдайда, екі  жерден   өз  бетінше   жұмыс істесін, үш жерден  бостандыққа  еңбек етсін, бәрібір  әлгіндей  кедей  меншік  иелерімен  нарықтық  қатынастарға  көшу  қиял- ғажайып ертегідей  естілетіні сөзсіз. Өндіріс  қорларынан  аластатылған  өндірушінің  оны жалға  алуға да ниеті  болмады. Өйткені, ол  бәрібір қожайын бола  алмайтын еді. Жоспарлау, басқару, қаржыландыру  реформаларымен де, шаруашылық  есептің  моделдерімен  де  өндірушіні, егер  өндіріс қорлары  оның  меншігінде   болмаса, жақсы   жұмыс   істеуге  зорлай  алмайсың. Міне, сондықтан да  әміршіл-әкімшіл жүйенің билік құрған  кезеңдерінде  барлық  экономикалық, әсіресе агроөнеркәсіптік   өндірісінің   дамуына айта қаларлықтай әсер  ете алмайды.

      Бұл  проблемалар  экономиканың   аграрлық  секторы  үшін  өте маңызды.Олай  дейтініміз, ауыл шаруашылығының  және  онымен  сабақтас  агроөнеркәсіп кешені салаларының жай-күйінен нарықтық бағдарламалардың 

 табысқа жетуі   байқалады .

     Азық  –түлік  жағдайын  түпкілікті  жақсартпай, нарықтық  тегерішті игеру жөніндегі жұмыстарды  бір арнаға  түсіру тіпті  мүмкін емес .Халықты  азық- түлікпен  қамтамасыз  етуді  жақсарту әлеуметтік  абыржуды  тоқтатуға немесе  барынша  байыпты  арнаға  түсіруге мүмкіндік беріп, этностық 

проблемаларды  шешуде  толқуларды басып ,мұнай, газ  және  басқа  орны толмас  табиғи  ресурстарды  сыртқа  шығаруды  қысқартып, инфляцияны  ауыздықтап ,қаржылық  және  ақша  жүйелерін  сауықтырады .

      Ауыл  шаруашылығы  өндірісі - өте нәзік, жеңіл  үзілетін  және  көп аялауды  қажет ететін  жүйе, ол  қатаң  қалыпқа  салғанды көтермейді . Ауыл  шаруашылығы  өндірісі  басшылықтың білікті болғанына, жұмысшылардың  белсенді  күш-жігеріне  қарамастан  көптеген  факторлардың  әсерінен  азапқа  түскен  адамдай ауыр халды басынан  кешіреді. Мысалы, әзірге  адамның  бақылауына  аз көнетін  табиғи фактор, оның  ішінде  ауа райының жағдайын  алайық. Қуаңшылық, бұршақ  жауу және  басқа қолайсыз  құбылыстар  жұмысшылардың   барлық  ұмтылысына  айтарлықтай зиян әкеледі немесе  тіпті жоққа шығарып тынады.

      1.2. Нарықтық  экономика  ауыл  өндірушілерінің   табысын маусымдық  ауытқулар  мен  ауа райы - климаттық қолайсыздықтардан қорғаудың белгілі бір тегершігін  жасады. Биржалық  бизнесмендердің тұтас бір тобы  пайда болды. Олар аыл  шаруашылығы табыстарының  қолайсыздығын өз мойындарына алады. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз, сондықтан да  көптеген  мемлекеттерде ауыл  шаруашылығы өнімдерін сатып алу және  фермерлік табыстарды  қолдаудың мемлекеттік жүйесі  кеңінен тәжірибеге енгізілген .

Аграрлық өндірістің тағы бір  ерекшелігі  дұрыс пайдаланған жағдайда  тозбайтын, қайта керісінше құнарлана түсетін, өндірістің  айырбастауға келмейтін ең  басты мәңгілік  қоры – жердің  алабөтен  орны  болып табылады.

       Жердің  құнарлығындағы  айырмашылық  еңбек   пен капиталды  бірдей жұмсағанның   өзінде де  өндіріс пен табыстың  көлеміндегі айырмашылықты   жерлердің шектелу проблемалары туады .

      Өндірістің  ерекше  саласы  ретінде   ауыл шаруашылығының   ерекше  белгісі  онда  өндірілген өнім ( тұқым, жем, малдың төлі, органикалық тыңайтқыш  т.б. )  онан әрі  өнімді  көбейту үшін  қолданылатындығы  болып  табылады. Биологиялық   факторлар  мен  тірі  организмдерді  пайдалануға  негізделетін  ауыл шаруашылығында  бұл  жағдай  оның  өндіріс  технологиясының  да  ерекшелігін  білдіреді.

      Өнеркәсіпте өндіріс  және  еңбек  процесі  көбінесе  үздіксіз  жүреді. Бұлай болатын  себебі  техниканың,  технологиясының және өндірісті ұйымдастырудың жетілдіруін қамтамасыз етуде  жатыр. Агроөнеркәсіптік өндірісте экономикалық процесс  өнім  шығаруды жеделдету мен көбейтуді  төтенше  шектейтін    табиғи – биологиялық   факторлармен тығыз байланысты.Көп  жағдайда  ауыл шаруашылығында  бірқатар  табиғи  процестерді қысқарту өте қиын, тіпті мүмкін емес. Мысалы, ауыл  шаруашылығы дақылдарының  пісіп - жетілу  мерзімі немесе  саулық малдың  күйлеу  мерзімін айтсақ та  жеткілікті .

      Табиғи  –биологиялық  фактор  өндірістің тиімділігін  анықтауда, технологияны  таңдауда  ең басты   факторы болып саналады. Мал мен өсімдіктер  дамуының   табиғи  заңдылықтарын  сақтамау  басқа өндірістік  экономикалық  ресурстардың  тиімділігінің төмендігіне әкеліп соқтыратын  болғандықтан  техника, еңбек  ұйымдастыру  жүйесі  аталмыш  факторға  қарай ыңғайланады.Осы жерден  келіп, әміршіл- әкімшіл экономика кезеңінде  өсімі  төмен  мал өсіру  мен  нашар жем-шөп  базасы  жағдайында  ірі мал шаруашылығы кешендеріне, қарапайым агротехникалық  талаптарды  сақтамаған  жағдайда  жерді мелиорациялауға жұмсалған орасан  шығын ауыл  шаруашылығының  өнімдері мен шикізатын  жоғалтуға  алып келді .

      Ең  жетілдірілген  техника, озық  технология  және  өндірісті білікті ұйымдастырудың  өзі де  өнім өндіруді белгілі бір «биіктіктен»  асыруға мүмкіндік бермейтін мал мен өсімдіктің табиғи – генетикалық потенциалы сияқты ауыл  шаруашылығының  осындай биологиялық факторын  жеңе алмайды .

      Қазіргі заманғы  капиталистік  ауыл  шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық жағдайында  мемлекеттің шаруашылық жүргізудің  сан  қырлы  ұйымдық тәсілдері  мен әдістерін  дамытуға әсер етуі  барған сайын  айрықша  орын  алуда. Агроөндірістік  технологиялық, ұйымдық және  басқару интеграциясының қажеттілігі салааралық  өндірістік жинақталуға және  шаруашылық  жүргізудің  ассоциациялық тәсілін құруға  әкелді .Бірақ, соған қарамастан  агроөнеркәсіптік  өндірістің  негізгі  күні  бүгінге  дейін  фермерлік (шаруа ) қожалықтары  болып қалуда.

      Ауыл  шаруашылығының  өндірістің  машиналық  технологиясына  көшуінен кейін  ол  адамдардың  жаппай  айналысатын  саласы  болудан  қалды.

    1.3. Соғыстан кейінгі  онжылдықтар ішінде  дамыған  капиталистік  елдердің  ауыл шаруашылығында  жұмыс істейтіндердің  саны 3-4 есе  және одан  да  көп қысқарды. 80-жылдардың  ортасында  барлық  дамыған  елдердегі  ауыл  шаруашылығында  жұмыс істейтін  қызметкерлердің  үлес салмағы 10%-тен  аспады, ал көптеген  елдерде  бұл  көрсеткіш 3-5 % деңгейде  сақталынып қалды.Бір  таңғаларлығы, осындай ат төбеліндей ғана  азғантай топ өз  елі тұрғындарының азық- түлік қажеттілігін  қанағаттандырып қоймай, сонымен қатар  ауыл шаруашылығы  өнімдерінің  едәуір  бөлігін сыртқы  рынокке  шығарады. Соған қарамастан, ауыл шаруашылығы барынша ұсақ капиталдың сферасы болып қалды . Өндіріс пен капиталды жинақтау  деңгейі бойынша ол әлі де  өнеркәсіптен әлдеқайда артта келеді. Дамыған елдердің  аграрлық  секторындағы  негізгі  өндірістік бірлік  өз қызметінде  толық экономикалық  бостандығы  бар  тәуелсіз  тауар  өндірушілер  фермерлік  қожалықтар болып табылады. Дамыған елдердің  мемлекеттік  саясатының  негізіне  қаланатын  фермерлік  шаруашылықтардың  құрылуы және жұмыс істеу принциптері  баршаға  белгілі  және  олар  төмендегі жалпы заңдылықтардан  туындайды:

  • « фермерлік» - бұл тек қана  өндірістік  іскерлік  қызмет емес, сонымен бірге әлеуметтік  бірлік, өмір салты;
  • фермерлікпен  отбасы  айналысуы тиіс;
  • жердің иесі  оны  өңдеуші болып табылады; 
  • кімде-кім  фермер  болғысы келсе, оның  фермер болуға  мүмкіндігі болуы керек;
  • фермер  өзіне-өзі  қожайын болуы керек .

    Жекелеген  дамыған  елдерде  фермерлік  өндірісті дамытудың жалпыға бірдей заңдылықтарымен қатар  оның  көлеміне, жер мен  еңбекті  пайдалану мазмұнын, мамандануы мен тауарлылығына, ішкі және сыртқы  байланыстардың  интенсивтілігіне  қатысты мәнді  айытмашылықтары  да бар. Өндірісті  ұйымдастырудың үлгісіне қарамастан  АҚШ фермерлері  төрт категорияға бөлінеді:

      1. Ауыл  шаруашылығы   кәсіпорындарының  жалпы санының 90%-тен астамын құрайтын және  жалпы ауыл шаруашылық  өнімінің 93%-ке жуығын  өндіретін отбасылық  фермерлік  шаруашылықтар. Олар өз  кезегінде екіге бөлінеді:

      а) Фермерлер өзінің  отбасымен бірге барлық өндірістік  және экономикалық қызметке  күнделікті  басшылықты  жүзеге  асыратын, тиісті капитал мен қажетті жұмыс күшінің едәуір  бөлігін қосатын  жеке отбасылық фермалар. Фермалардың  жалпы санының 77%-ін құрайтын  мұндай  отбасылық фермалар  барлық өнімнің 59%-тен астамын өндіреді.

      ә) Отбасылық - топтық, әдетте, ірірек  фермалар. Бұларға  әріптестік  және  отбасылық  корпорациялар жатады. Олар ауыл шаруашылық  кәсіпорындарды  жалпы санының 13%-ке  жуығын құрайды және  елдің барлық  ауыл шаруашылық өнімдерінің 34%-ін өндіреді.

      2. Іскерлік қызметті  бірігіп жасау  үшін  екі және одан  да көп  меншік  иелерінің  бірігу  жолымен  құрылатын  біріккен фермалар.

      3. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру  және  өңдеу  жөніндегі  ауыл шаруашылық   корпорациялары, отбасылық емес  акционерлік кәсіпорындар (компаниялар) .

      4. Әр түрлі  кооперативтердің, оқу   орындарының, ғылыми  зерттеу ұйымдарының фермалары. 

      80- жылдардың  ортасында  бір фермаға  орташа  есеппен АҚШ – та -187,

Ұлыбританияда-65, Швеция, Испания мен  Финляндияда -12-16, Греция , Португалия  және  Италияда -4-6, Жапонияда -2 гектардан  жер келді .

      Фермалардың негізгі бөлігі  өз  меншігіндегі  жерде дамиды. Алайда, жерге деген  бағаның  тұрақты  өсуі және  рыноктегі  конъюнктураның  өзгеруі  (бәсекелес елдің пайда болуы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қажеттіліктен  тыс өндіру, ауыл шаруашылығы  жерлерінің  көлемін  шектеу, бағаны  реттеу  және т.б. ) толық меншіктегі  жердің  үлесін  қысқартуға  мәжбүр етеді. Мұндай   жағдайда  жалға  алынатын  жердің   көлемі   үнемі өсіп отырады. Мысалы: АҚШ- та  жер иелену  және  жер пайдалану шарттары  бойынша фермерлік шаруашылықтың   үш үлгісі бар:

      1) Өздері өңдейтін  барлық  жердің   толық иесі  болып табылатын толвқ қожайын-фермерлер .

      2) Иелігіндегі  жердің  көп бөлігін   жалға  беретін  ішінара   қожайын- фермерлер.

      3) Өздерінің  жеке  меншік  жерлері   жоқ  немесе  азғантай  ғана   жерлері  бар  және  шаруашылықты  негізінен  жалға алған жерде жүргізетін  толық жалгер-фермерлер .

      1987 жылғы  мәліметтер  бойынша   АҚШ – та   фермерлер   толық  меншік  негізінде   жердің 32,9%-ін, өз  жері  мен жалға алу арқылы 53,9% -ін  және  толық жалға алу негізінде барлық  ауыл шаруашылық  жерлерінің  13,2% -ін  өңдейді.Толық меншік  иесі - фермер  шаруашылығының  орташа  көлемі-140 гектар , ішінара  меншік иесінікі -335 гектар, фермер - жалгерлердікі 302 гектар құрайды.

      Нарықтық  экономикасы  дамыған  елдердің  ауыл шаруашылық өндірісінде  арендалық  қатынастар  кең  етек   алуда. Олар  жаңа   объектілерді  қамтып, жаңа салаларға еніп,  көлденеңнен де,  шаруашылық  байланыстарының басқа да  түрлерімен  астасып, тігінен де  дамып келеді. Барынша егжей-тегжейлі  арендалық заң  аренда  кеңінен  таратылған, жер пайдалану тәсілдерінің  арасында  кейде  басымшылыққа  ие  болған Ұлыбританияда, Францияда, Бельгияда, Нидерландыда  жасалынған.

      Жерді жалға алудың  экономикалық  және  заңды  құбылысы  ретінде  көпжылдық  тарихы бар. Оның  қажеттілігі, бір жағынан,  жер иесінің оны өңдеуге құлығы  жоқтығынан ( жас шамасына  немесе  басқадай  себептерден )  немесе  мүмкіндіктің  болмауынан туындайды, алайда  жер  жекеменшік  жағдайында  сатып алу  және  сату объектісі болып  табылады , ал  оған  жұмсалған  қор-капитал  табыс  алып келуі  тиіс. Сондықтан да  ол жалға  беріледі, сөйтіп  жер иесінің жерді   иеленуінен  алшақтауы басталады. Екінші  жағынан, жерде жұмыс істейтін, сол арқылы  өз  өмірі үшін  ақша  тапқысы келетін және  оған  қабілеті жететін  адамдар бар. Бірақ, олардың  өз  жерлері жоқ, қымбатшылыққа байланысты  оны сатып ала алмайды немесе  шаруашылықты  тиімді  жүргізу үшін  жеткілікті  көлемдегі  жері жоқ. Міне,  осы екі жағдай жерді арендаға беру  рыногінің  бар екендігін  немесе  жер иесі мен  жері  жалға алушының  арасында  арендалық  қатынастың  тууына  қызмет  ететін сұраныс пен ұсыныстың  бар екенін  білдіреді.

      Жерді пайдалануда  арендалық  қатынастарды  дамыту  ауыл шаруашылығы  өндірісі  жинақталуының  жоғарғы қарқынмен  артуына  және  тиісті жер  ресурстарын  іске  жұмылдыру  қажеттілігінен  туып отыр. Мысалы, Ұлыбритания мен Австралияда  арендалық  қатынастарға  ауыл шаруашылық жерлерінің 40%-ке жуығында  жұмыс жүргізетін  барлық фермерлік шаруашылықтардың үштен бірі  қатысады.

      1961 жылы Швецияда  барлық  ауыл шаруашылық  жер көлемінің 43,8% жалға берген  жерді құрады. 1990 жылдың  басында бұл көрсеткіш 73,3 %-ке жетті. Оның  үстіне  барлық  фермерлердің  20% -ке  жуығы шаруашылықты  жерді қарызға алу  жағдайында  жүргізеді, ал 30% -ке  жуығы өз жеріне   қосымша  жалға  алған  жерді  де өңдейді.

      АҚШ-та  да толық  жеке меншіктегі  жердің үлесі  азайып барады. АҚШ ауыл шаруашылығы  министрлігінің  мәліметтері  бойынша, ауыл  шаруашылығында  пайдаланылатын  357,8 миллион гектар  жердің 32,9% -і ғана толық меншік иелерінде, 53, 9%-і  ішінара меншік  иелерінде және 13,2% -і толық арендаторларда.

      Жерді пайдаланғаны үшін  арендалық  ақы  әдетте  екі компоненттен тұрады:

      а ) учаскенің  құнарлығына байланысты  болатын  жер рентасы , оған I және II дифференциалды  рента, монопольдық және абсолютті рента кіреді;

      ә) жұмсалған капитал  мен  жердің  аталмыш  учаскесіндегі  үйлер  мен  ғимараттардың  амортизациясы   үшін  ссудалық  процент .

      Арендалық  төлемдер  мынандай  болады :ақшалай, натуральдық, аралас және үлестік. Бұл жағдайда былай  бөлінеді:

      1. Белгіленген ақыны  ақшалай  төлеу  арендатордың  жер иесіне  алдын ала  белгіленген  соманы  аренда  мерзімінің  басында немесе  белгілі  бір уақыт  өткеннен  кейін  төлеуі  болып табылады. Бұл жағдайда  арендаторлар  өз бетінше  жұмыс  істеуге мүмкіндік алып, барлық  алынған өнім  мен  табысты  өз беттерінше  бөлуге құқылы.Сонымен  бірге  олар  белгілі бір  қаржылық  -шаруашылықтық  тәуекелге бел байлады. Өйткені, олар  өндірістің  барлық  шығындарын сақтап, қажетті  табысты алатындықтарын алдын ала білмейді. Қолайлы экономикалық конъюнктура  жағдайында  арендатордың  пайдасы өсіп, ал  арендалық ақы  жыл сайын  сол тұрақты  қалпында қалады. Сондай-ақ бұған  керісінше жағдай болуы мүмкін. Сондықтан да бұл кемшілік ішінара түзетіледі. Арендалық ақының  көлемі рынок  конъюнктурасын есепке  ала отырып,мерзімдік тұрғыда (1-3 жылда) қайта қаралып  отырылады. Арендалық ақының белгіленген көлемі үш негізгі әдіспен  анықталады: арендатордың  таза табысы  бойынша, жер иесінің шығындары бойынша, меншік иесінің  таза табысқа  қатысу жолымен. 1-ші жағдайда «табыстың көлеміне қарай» әдістемесі бойынша арендалық ақы өнімді өткізуден түскен  жалпы қаржы мен оны өндіруге кеткен арендатордың  шығыны  арасындағы  айырмашылықтан тұрады. Жоспарлы шығын  жұмсау  жағдайында  арендатордың табысы  есептелген өнімділік  пен есептелген бағаның арту деңгейіне  тікелей байланысты  болады.

      Жер иесінің шығындары бойынша  арендалық  ақы белгілеу әдісі  пайдаланылған  жағдайда  меншік иесі  қайтаруға  тиісті  алқап  бірлігіне  кеткен  шығындар  есептеледі.Оған  жерге, салыққа және қамсыздандыру  төлемін, үйлерге, суландыру жүйелеріне  және т.б.  кеткен шығындардың  проценті кіреді. Бұл әдістеме бойынша  жер иесінің  шығындары  арендалық  ақы  болып шығады.

      2.Жер  меншігі иесінің  алынған   өнімнен немесе  өнімді  сатудан   түскен  пайдаға  қатысу үлесі  .Бұл  ретте   оның  қаржылық  жағдайы  арендатор  жұмысының   нәтижелеріне   тікелей байланысты  болады. Ренталық (арендалық)  төлемдер көлемі  табыс үлесі  немесе  арендатор  мен жалға беруші өндіріске  қосқан  материалдық – ақшалай шығынға салыстырғандағы өнім  түрінде анықталады. Бұл үшін әр жақтың  шығыны есептеліп, шығын  құрылымы  айқындалып, соған сәйкес  әр жаққа тиісті өнім немесе  табыс проценті  белгілі болады.

      3. Мал шаруашылығы  өнімінің  үлесінен  аренданың  екі нұсқасы бар.

1-сі –жер, мал және  өндірістік  үйлер  жалға  берушінің  меншігі болып табылады,ал арендатор  еңбек етіп, жем-шөпке, мал дәрігерлік  қызмет көрсетуге және  т.б.  кететін шығынды өзі төлейді. Мұндай жағдайда  әр жақтың  шығындары дәл көрсетіліп, контракт  жасалады және арендатор мен меншік иесі  мал шаруашылығы өнімінен  алынған табысты  өзара теңдей  бөліп алады. 2-ші нұсқа бойынша меншік иесі  жерді белгілі бір  мерзімге  мал  бағу  және  шөп шабу  үшін  жалға береді. Мұндай жағдайда   әрбір  мал басына  бір айға  немесе  жайылымдықтың (шабындықтың) бір гектарына  есептеліп, кәдімгі  арендалық  ақы белгіленеді.

      Өнімділігінің  артуына  сәйкес  жерге  деген  бағаның тұрақты өсуіне  байланысты,  сондай-ақ  жалпы инфляциялық тенденцияның  әсерінен  арендалық ақының  үнеиі өсіп бара  жатқандығы   байқалады. Тұтастай  жалпы  ауыл шаруашылығы  өнімінің  ортақ құнында  арендалық  ақының  үлес салмағы  АҚШ-та – 4-5 % , жердің  және  ондағы  құрылыстардың нарықтық  құнына сәйкес  1,2% құрайды. Алайда, елдің  әр түрлі аймақтарында, шаруашылықтың әр түрлі үлгілерінде және рентабельдіктің ала-құлағында арендалық ақының  көлемі  аумалы - төкпелі болып отырады. Мысалы, 1988 жылы жерді  жалға  алғаны үшін  ақшалай ақы  төлеу АҚШ-тың штаттары бойынша  оның  айналымдағы  нарықтың құнынан 0,5 % -тен,  8,0 %-ке дейінгі, егін  өсіру үшін 0,6 %-тен   10,5 %-ке  дейін, мал жаю үшін 0,9%-тен 10,9 %-ке ауытқып   отырды.

     2.1.  Енді Қазақстандағы  агроөнеркәсіптің даму бағыттарына  тоқталайық. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның  егемен мемлекет ретінде  қалыптасуы мен  дамуының  стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «... барлық стратегиялық  жоспарлардың  алдында аргоөнеркәсіп  кешенінің  дамуы, оны жүйелі  және  батыл реформалау  келеді...». «Ауыл, селоны және  агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары  туралы» Заң  қабылдау осы  мақсаттарға  арналды.

Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция. Қазақстан Республикасындағы агробизнестің дамуы