Айтудың ашықтығы мен тазалығы

ДАУЫС

 

ОҚУ ДАУЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ

 

Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға бағыттап отырады.

Дауыстың естілуі  — тию — физиологиялық өрекеттің нәтижесі.

Адам сейлеуге ыңғай алғанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтады, Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға бағытталады. Өкпеден қайтқан ауа тамаңтағы дауыс шымылдығы-ның азкем тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырмалы ет. Ол бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеден ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.

Ал дауыс  шымылдығы жиырылып тұрса, діріл  пайда болмай, үннен гөрі баяу сылдыр пайда болады. Яғни дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуынан шыққан үн таза дауыс деуге болмас еді. Енді ол қуыс мүшелеріне, түседі. Онда мұрын қуысымен ауыз қуысындағы дыбыстау мүшелерінің күшейткіштеріне (резонаторларына) тікелей байланысты болады. Себебі, мұрын қуысындағы кеңсіріктің, ауыз қуысындағы кішкене тілдің, таңдайдың, тістің, жақтың тағы басқалардың дұрыс орналасуы, түзу болуы дауыстың дұрыс шығуына мол әсер етеді. Мысалы кеңсіріктің, кішкене тілдің өз орнынан сәл ауытқуы, қисаюы, ауруға ұшырауы дауысты бұзады. Біз өмірде сирек те болса естіп жүретін «маңқа», «мыңқылдап сөй-лейді», «даусы қарлығып қалыпты» т. б. деген сөздер осы дауыс күшейткіштерінің қызметі мең дауыс шымылдығы ауруға ұшыраған жағдайда болады. Кейде дауыс кеңістігінің ауруға ұшырауына байланысты дауыста сырыл пайда болады. Сондыңтан әркім өзінің дыбыстау мүшелерінің атқаратын қызметін жете түсініп, оның гигиеналық  жағына ұқыптылықпен  қарауы  керек.

Әр адамның  өзгеге ұқсамайтын өз даусы болады. Алайда, сирек те болса ұқсас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік өзгешелігі болады. Барлығы ортақ табиғи негізгі дауыспен қатар, әрбір адамда қо-сымша дауыс сарыны немесе обертондар болады. Соп обертондар арқылы адамның жеке-дара өз даусы жасалынып, үні таза шығады.

Дауыс белгілі  жаратылыс заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, бірде орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап қайталанып отырып сөйлеу үенін түзейді.

Дауыстың өзіндік  сапалары — дауыстың күші, дауыстың тазалығы, дауыстың беріктігі, дауыстың икемділігі, тұрақтылығы мен шыдамдылығы.

Дауыстың осы  сапаларын жетілдіріп, байқап фонетикалық дыбыстық, буындық жаттығулар жасап, сөзге, сөз тіркестеріне  қойылатын екпінді ажырата білу  міндет.

Әркім өз даусының мүліктерін байқап, оқылатын тексте, сөйлеген сөзде дауысты қалай икемдеу керегін өзі ғана белгілей алады.

Әркімнің өз даусы болады дедік. Бірақ, менің  даусым осындай деп, өзінің даусыы оқу кезінде, сөйлеу кезінде аңғарып, жаттықтырмаса көркем шығарманың түрлі    жанрларын  оқу  кезінде текстіге    дауыс қоя  алмайды.

Оқылатын шығарманы  мұғалім жан-жақты талдап, қай жерін қалай оқу керек, дауыс қай жерде көтеріледі, төмендейді, орташа қалыпқа түседі деп дайындалады. Дайындалып, дауысты дұрыс қойып оқығанда мазмұнды жұмыс болады.

ДИКЦИЯ

 

Айтудың (дикция) ашықтығы мен тазалығы.

Мұғалім мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың сауатын ашып, оқу — жазуға үйретеді. Мұғалім балаға нені қалай үйретсе, солай қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің өз сөзі анық, ашық айтылуы тиіс. Оның сөйлеу тілінде, сөзінде, дыбыстарында мүкіс болмауы керек, себебі шәкірт өз ұстазына еліктейді. Шәкірттер алдында сөйлеген әрбір сөзіне жауапкершілікпен қарап, асықпай сейлеуге, әрбір тіл дыбыстарын анық, таза айтуға қалыптасуы міндетті. Егер әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Дыбыстың анық, ашық таза айтылуы буындардың анық, ашық айтылуына, буындардан тұратын сөздердің анық айтылуына, сөздер мен сөз тіркестерінен тұратын сөйлемдердің анық, таза естілуіне жағдай жасайды. Сол арқылы тұтас текстің мән-мағынасын түсініп оқуына жетелейді.

Тіл дыбыстарының артикуляциясың меңгеруді баланың сөйлеу тілі шыққаннан бастап, ата-анасы, балалар бақшасының тәрбиешілері үйретеді. Мектеп жасындағы баланың тіліндегі  кемшілікті мұғалім тәрбиелейді.

Бала тіл  дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін жас кезінен елең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.

Оқу, жазу-сызу дамымаған заманның өзінде халық өзінің бай ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы тіл дыбыстарын сөзді анық айтуды, дұрыс сөйлеуді қазіргі педагогикалық білімі бар мамандардан артық  
болмаса кем үйретпеген.

 

ДҰРЫС ӘДЕБИ СӨЙЛЕУ (ОРФОЭПИЯ)

 

Тіл — ұлт  ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы.

Әдеби тіл —  белгілі жүйеге түскен жазба тіл. Яғни, белгілі нормаға түсіп қалыптасқан, сан алуан стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі мол тіл.

Сөйлеу тілінде  жазба бетіне түспеген, тіпті түспейтін, басқаларға түсініксіз сөздер жиі ұшырай береді. Ана тілінде дұрыс сөйлейтін адам, әсіресе бала тәрбиесімен айлысатын ұстаздар сөйлеу тілі мен әдеби тілдің ара жігін ажыратып, әдеби тілмен, соның ішінде әдеби тілінің орфоэпиясымен сөйлеуі керек.

Жазба тілінде  көп ұшырамайтын жергілікті жерде сөйлеу тілінде қолданылып жүретін сөздерді сабақ үстінде сөзге араластырып сөйлей берсек, балалардың әдеби тілде сөйлеуін қалыптастыра алмаймыз.

Сондықтан болашақ ұстаз, мектеп мұғалімі ұлт тілінің әдеби тіл мен сөйлеу тілінен тұратынын, әдеби тілдеі қандай сөздердің қалыптасып, қандай сөздердің қалыптаспағанын, сөйленетін сөзді ойланып сөйлеудің, іріктеудің керек екенін түсінуі қажет. Сонымен бірге әдеби тілде сөйлеудің орфоэпиясын меңгеруі міндетті.

Тілдегі сөздер қалай жазылса, барлығы бірдей солай оқыла бермейді. Әрине, көпшілік сөз сол қалпында оқылады. Ал кейде түбір мен қосымшаның жігінде, біріккен сөздер   аралығында,   қосарланған   сөздерде   дауысты дауыссыз  дыбыстардың бір-біріне  тигізетін   әсерінен жазылуынан өзгеше оқылатын сөз, сөз   тіркестері  кеп, сондықтан әдеби сөйлеудің басты — басты ережелерін меңгерген дұрыс.

Әдеби тілді  меңгеру — мәдениеттілік. Олай болса термин сөздерді бұрмаламай, мүмкіндігінше оның сөйлеу, оқу барысында дұрыс оқып, сөйлеп, жазуда жаз емлесін сақтап жазу дұрыс.

 

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ ҮНДЕСУІ (АССИМИЛЯЦИЯ)

 

Тілдегі дауыссыз дыбыстар бір-бірімен үйлесіп, үндесіп келеді. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы үндеу тік, үйлесім түбір мен қосымшаның жігінде, біріккен сөз аралығында, қос сөз сыңарлары арасында, сөз тіркестері мен сөйлемдегі сөздер арасында кездеседі.

1. Түбір мен  қосымшаның жігіндегі үндесу.

Әдеби тілдің орфоэпиясымен  дұрыс сөйлеу үшін сахна шеберлерін театрдың, концерттердің фонехрестоматиялық жазбаларынан тыңдап үйрену қажет. Теледидардан берілетін көркем сөз шеберлерінің сөздері мен мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналатын әдеби хабарларды тыңдауға дағдылану пайдалы. Орфоэпиялық дағдыны қалыптастыру үшін жоғарыда айтылғандай дұрыс сөйлеп үйренумен қатар қазақ тілінің дыбыс заңдылығын сақтап сөйлеу керек.

Тіл дыбыстары сөйлеу барысында  дағдыға айналып, қалыптасып кеткендігі сондай, кейде тіл дыбыстарынан жіберген қатемізді аңғара бермейміз. Сөйлеген сөзіміздегі сөйлемнің, жеке сөздердің, дыбыстардың дұрыс немесе қате айтылып жатқанына назар аудара бастасақ, мұны аңғару қиын емес. Тіл дыбыстарының дұрыс айтылмауынан лексикалық, грамматикалық нормалар ауытқып кететінін байқап жүрміз. Тілдік материалдар бір-бірімен тұтастықта, тығыз байланыста болады.

 

ЕКПІН ҚОЯ БІЛУ

 

Күнделікті  сөйлеу мен  көркем шығарманы,  кез  келген  текстілерді  оқуда,  сөйлеп   айтуда  сөздердің дұрыс айтылып оқылуы мен естілуі екпін қоя білуге де байлаты.   Өйткені,   сөйлеу  барысында    сөздерді   айтуда бөлшектердің дұрыс айтылып оқылуы мен естілуі екпін қоя білуге  де байланысты.  Өйткені, сөйлеу  барысында    сөздерді  айтудағы бөлшектеніп шығатын  ауа  толқыны  бірқалыпты  айтылмай, сөз  ішіндегі  бір буын  өзгелерге  қарағанда  күштірек  немесе  көтеріңкі  айтылады.  Осы  көтеріңкі  айтылатын  буынды  екпін  түскен буын, немесе екпін деп атайды. Барлық тілдегі сөздерге екпін түседі. Түркі тілдердегі дауыс  құйылысының  қарқынымен  айтылуына байланысты дем екпіні болып бөлінеді. Қазақ тілінің екпін де осыған жатады. Дем екпіні тұрақты, тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Тұрақты екпін қазақ тілі мен басқа тұқымдас тілдерде кездеседі.

Екпіннің тұрақты болуы  сөз мағынасын өзгертпейді бірақ сөздердің құбылып айтылуына, сөз ішіндегі дыбыстардың сапасына әсер етеді. Яғни, кейбір дауысты дауыссыз дыбыстардың айтылу кезінде бір-біріне ықпал етуі, түсіп қалуы, сөзге қосылып айтылуы жатады. Одан сөз мағынасы өзгеріп кетпейді.

Қазақ тіліндегі   екпін сөздің   соңғы буынына түсіп отыратындықтан    тұрақты екпінге жатады дедік.   Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына   жататындықтан түбірге қосымша қосылған сайын соңғы қосымшаға ауысып отырады.

 

ДАУЫС ЫРҒАҒЫ (ИНТОНАЦИЯ)

 

Күнделікті  сөйлеу барысында адамдар арасында, үлкен мен кішілердің, бала мен баланың арасындағы қарым-қатынас дауыс ырғағын сан алуан түрлендіріп, ойын дәл, әсерлі жеткізуге мүмкіндік береді. Дауыс сазын билеуші өз мақсат-мүддесіне бағындыра сөйлейді. Үлкен жиындарда, оқушылар аудиториясында сөйлеген үгішілер мен ұстаздар да сол тыңдаушы жүрегінен жол абуға, тыңдаушысын ұйыта тыңдатуға ұмтылады. Соның бәрі сөз мағынасын, сөйлем мағынасын, айтпақ ойын дауыс сазы арқылы жеткізеді. Тыңдаушысын табындыра алмаған үгітші мен баяндамашының, аудиторияны басқара алмаған ұстаздың тыңдаушы алдында беделі болмақ емес.

Сондықтан дауыс ырғағы дегеніміз  сейлеудің мағыналық бояуы. Толығырақ түсінсек керкем сөз оқушы кейіпкердің көңіл күйі мен ішкі сезімі, жан дүниесін тыңдаушыға сан   алуан    дауыс   реңкі  арқылы   жеткізуі.

Сөйлеу буыны. Текстерді оқуда, әңгімелеуде сөз дің буындарының атқаратын ролі де ерекше. Қазақ тілінде жоғарыда айтылғандай тіліміздегі сөздердің басым көпшілігі бірыңғай жуан буынды немесе бірыңғай жеке буынды болып келуі, дауыс сазының кедір-бұдырсыз әуезді естілуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге келген тексті оқуда немесе әңгімелеу үстінде балаларға  анық дауыспен жеткізу үшін сөз буындары созылыңқы оқылуы тиіс. Ол үшігі ұстаз әрбір дауысты дауыссыз дыбыстрды дыбыс артикуляциясына жақын оқуға ұмтылса, дауыс сазын дұрыс келтіруге мүмкін береді. Өте тез, асығыс оқудан сақтандырады. Сөз буынын дұрыс оқымау бір сөзбен екінші  сөздің арасып, жігінің ажырамай тұтасып кетуіне соқтырса, бала сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің мағынасына түсінбей қалуы мүмкін. Өздері де тез, асығыс оқуы мүмкін. Өзінің оқуына өзі талап қоя алмаған ұстаз баланың оқуын түзетуге мән бермейді.

Сөйлеу буынын екпінмен шатастыруға болмайды. Екпін сөздің бір буыныға ғана түседі. Ал сөзде бірнеше буын болады. Сол буын құрайтын әрбір дауысты дыбысты аз да болса созыңқырап айтса, оқыса дауыс сазы да әсерлі, әуезді шығады.

ҮЗІЛІС (ПАУЗА)

 

Кез келген оқулық пен шығармалардағы, газет-журналдардағы  белгілі тақырыпты баяндауға тиісті текстеі жазылу техникасы жағынан да, сауатты оқылуы жағынан да белгілі бір ізділіклен қалыптасқан. Әрбір сөйлемдегі сөз мағынасын, сөйлемнің мағынасын, абзац мағынасын, сол арқылы тұтас текст мағынасын түсінуді, оқуды жеңілдету жүйеге келтірілген. Мысалы, мына шағын тексті талдап көрейік.

Ал сөйлем ішіндегі тиісті тыныс бегігілердің барлығына бірдей оқу барысында кідіріс жасала бермейді. Барлық тыныс белгілеріне кідіріс жасап оқимыз десек қателесер едік. Олардың негізгі қызметі сөйлемнің құрамының қандай бөліктерден құрылғанын ол бөліктердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынасын байлатады.  Сөйлемдегі сөздерді, сөз тіркесін бір-бірінен ажыратып тұрады. Сондықтан сөйлем ішіндегі барлық тыныс белгісі кездескен сайын кідіріс жасала бермей, тыныс белгілері тіркес арасына еніп кететін кездері де жиі кездеседі.

ә) Әрбір сөйлем ішіндегі сөздер бірнеше тіркестен тұрса, оқу барысында әрбір тіркес сәл қысқа кідіріспен оқылады.

 

 

 

 

ТІРКЕС  ЕКПІНІ

(фразалық екпін)

Шығарманы, текстерді оқуда сөзге екпін қойып оқудың мәнерлі оқуға қандай қатысы барын жоғарыда сөз еттік. Қазақ тіліндегі сөздерге қойылатын сөз екпіні әр сөздегі буын санына байланысты болса, тіркес екпіні немесе фразалық екпіндер — сөйлем ішіндегі сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдеріне байланысты қойылатын синтаксистің объектісі, Сөйлемдегі сөздер жеке-жеке ұғымдарды білдірсе, сөз тіркесі олардың бір-бірімен грамматикалық қарым-қатынасқа түсетінін білдіреді. Әрине, кез келген сөздер бір-біріне тіркесе салмайды, белгілі бір өзара мағыналық байланыста айтылған сөздер ғана сөз тіркесінің құрамына ене алады.

Тіркеске енген  сөздер оқылу барысында бір екпін ырғағына ие болып, бір сөз сияқты оқылып кетеді. Өйткені, тіркеске енетін сөздер кейде дыбыстың құрамы жағынан үйлесіп, ыңғайласып қосылып оқылады. Сөз бен сөздің арасында ықпал заңдарының әсері бірін-бірі толықтырып, орфоэпия заңдылығымен оқылады.

Сөз тіркестері ерікті тіркес және тұрақты тіркестерден тұрады.

 

ЛОГИКАЛЫҢ ЕКПІН

 

Шығарма    тексіндегі әрбір сөйлем белгілі бір ойды барлап, сұрау мағынасында немесе сан алуан көңіл күй құбылысын білдіріп тұрады.  Сол себепті айтылған сөйлемдегі  ойдың   мазмұн-мағынасына  қарай  сөйлемдегі

бір сөзге мағыналық, яғни логикалық екпін түседі. Ол басқа сөздерге    қарағанда сәл ерекшелеу оқылып тыңдаушы назарын сол сөздегі дауыс сазы арқылы аңғартады. Логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғаны контекстогі сөз ыңғайына қарай анықталады. Ал сөйлеу тілінде ойлаушы өзінің ойын жеткізу тәсіліне қарай логикалық екпінді қай сөзге қойғысы келсе сол сөзге қоя салады.

Ал    мұғалімдер оқушы алдында көркем текстерді, әңгіме, ертегілерді оқу барысында шығарманың мазмұн-мағынасын әбден талдап, ең негізгі айтылуға, ұғып алуға әсері қайсы соған назар аударады. Ой екпіні түскен сөздер өте көгеріңкі айтылады деген ұғым тұмау керек. Сөйлемнің ішкі мазмұн-мағынасына қарай әр түрлі дауыс реңкімен айтылуы мүмкін.

Текстерді оқу  үшін талдау кезінде дауыс ырғағы арқылы сөйлем мағынасын қалай жеткізу жолдарының әдісін ойластырып, кез келген шығарманы талдап алғанда ғана жеткізе алады. Аудитория алдында класты басқарып оқып тұрып-ақ «мына сөзге, сөйлемге, абзацқа ерекше назар аударыңдар» — дегенді дауыс ырғағымен жеткізе білу — ой екпіні немесе мағыналық екпінді дұрыс қоюды игертудің бірден-бір практикалық әдісі. Тек соны әрбір ұстаз өзі жете меңгеріп, жеткізе білуі ғана қажет.

Сөз ішінде дауысты дыбысты созып, созыңқырап оқу арқылы сан алуан көңіл күй құбылысын беретін жағдайды эмфизалық екпін деп жүр. Бұндай екпінге ие болатын сөздер кебіне  сөйлеу тілінде жиі кездеседі.

Бұның барлығы  мағыналық екпін қоюдың сөзді  мәнерлеп оқуға, сөйлеуге әр беретінін білдіреді. Сондықтан бастауыш класс оқулықтарына өнетін әрбір сөз, әрбір сөйлем мағыналы болуға тиіс. Мұғалім оқу барысында сол мағыналы сөз бен сөз тіркестерін дауыс ырғағы арқылы әсерлі жеткізе білуі қажет.

СӨЙЛЕУ  ҚАЛПЫНА ӘУЕНІ (МЕЛОДИЯ)

 

Дауыс ырғығының  бір бөлігі ретінді сөйлеу қалпының  әуені де  мәнерлеп  оқу  кезінде  оқуға  қойылатын  талаптардың  бірі  ретінде  қарастырылады. Сөйлеу  қалпының әуені  деп тексті  оқу кезінде дауыс ырғағының бірде төмендеп, бірде көтеріліп текстің мағынасына  қарай құйылып   отыруын айтамыз.

Сөз  дыбыстары  белгілі  дыбыстау  мүшелерінің  қызметіне қарай  әр жағдайда әр түрлі естіле береді. Сөздердегі дыбыстардың қай – қайсысы болсын  әр түрлі.  Буын   құрайтын дауысты  дыбыстар акустикасы  жағынан, артикуляциясы  жағынан  әр түрлі  жасалынады.  Алайда дауыс  күшейткіш  резонаторлардың қызметіне  байланысты сөйлеу  қалпының әуені түрліше  құбылыс  отырады.

Сонымен  бірге сөйлеу   қалпының  әуенін тиісті тыныс  белгілерінің  мағынасына лайық  оқуды  нормативтік  дауыс  ырғағы  деп те атап  жүр.

 

СӨЙЛЕУ ҚАРҚЫНЫ МЕН ЫРҒАҒЫ (ТЕМП)

 

Мәнерлеп оқу  мен тіліміздегі дауыс ырғағының  әсерлі шығуының тағы бір тәсілі — сөйлеу қарқыны. Дауыс қарқынын дұрыс пайдалана білгенде оқылатын немесе сөйленетін сөз, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге ойнақылық, шат көңілділік, бірқалыптылық, солғындық пен бояулық сияқты сан түрлі сипатта құбылтуға мүмкінді береді. Басқа да мәнерлегіш тәсілдермен тығыз байланысты орындалып, бірін-бірі толықтырып шығарма мазмұнын сөйлеушінің тыңдаушыға әсерлі жеткізуіне мүмкіншілік жасайды. Сондықтан сейлеу қарқыны орындаушының айтпақ ойымен тікелей байланысты.

Сонымен дауыс  қарқынын кез келген ертегі кейіпкерлерінің сөзін оқып талдау арқылы түсінуге болады.

 

НОРМАЛЫ ДАУЫС ЫРҒАҒЫН МЕҢГЕРУ

 

Әдеби тіліміз  грамматикалық ережелер мен нормалардың  негізінде қалыптасты. Күні бүгінге  дейін белгілі нормадан ауытқушылық та кездесіп отырады. Көркем шығарма кейіпкерлерінің сөйлеу мен іс-әрекетіне сай, дәуіріне сай грамматикалық тұлғалардың ауытқуы мүмкін. Ал көркем текстерді оқуда оның мағынасына түсініп, тиісті жерінде кідіріс жасау, дауыс ырғағын дұрыс қою тыныс белгілеріне тікелей байланысты.

Тыныс белгілері жазуда сөйлем мүшелері мен сөз тіркестерін, оқшау сөздерді, сөйлемдерді, төл сөз бен айтор сөзінің мағынасын ажыратып дұрыс жазу мен дұрыс оқу үшін қолданылады.

Мұндай шартты белгілер саны — 10: нүкте (.), сұрау белгісі    (?), леп белгісі (!), үтір (,), нүктелі   үтір (;), қос нүкте (:), көп нүкте (,..), жаңша ( ), сызықша (—), тырнақша (»).  Бұл тыныс белгілерінің атқаратын қызметі мен мағынасы түрлі-түрлі.

Оқып тұрғанда тексте кідіріс жасаймыз. Кейде тыныс белгісі қойылмаған жерге кідіріс жасалуы мүмкін. Ол сөйлем мағынасына лайықты дауыс ырғағына байланысты жағдай.

Сондықтан жазба тілі мен сөйлеу тілінде тыныс белгілерінің үлкен маңызы бар. Тыныс белгілері қойылмаған сөйледлді оқып та, жазып та мағынасына түсіне алмас едік. Мысалы, көп нүкте, тырнақша, жаңаша, сұрау, леп белгілері сөйлем мағынасына байланысты қойылады. Олай болса, нормалы дауыс ырғағы тиісті тыныс белгісінің мағынасын ескеріп, құбылтып, түрлендіріп оқуға себеп болады екен.

Бұл, әсіресе, бастауыш класс  оқушыларына кітаппен жұмыс жүргізгенде   үнемі  ескертіп,  қадағалап,   үйретіп отыруды қажет етеді. Хабарлы сөйлемді оқығанда сөйлем аяғында жай, баяу тоқтап кідіріс жасау керек болса, сұраулы сөйлем аяғында дауыс сәл көтеріліп, соңғы буыны созылыңқырап оқылуын, лепті сөйлем аяқталғанда дауыс биіктігі төмендемей кетеріңкі оқылу керектігін практикалық жолмен меңгертуге болады.

Нормалы дауыс  ырғағын меңгеру дауыс ырғағының басқа түрлі әдістерімен тікелей байланысты екенін ұмытпау керек.

 

ӨЛЕҢДЕРДІ ОҚУ МЕН ТАЛДАУ

 

Бастауыш класс  оқулығында берілген өлеңдердің басым көпшілігі —лирикалық өлеңдер. Лирикалық өлең автордың сан алуан көңіл күйін, Отанға, елге, табиғатқа деген асқаң сезімін, қуанышын, сағынышын, сүйіспеншілігін білдіреді. Өлеңді талдау кезінде  оқушыға оның тек мазмұн-мағынасын жеткізумен шектелсек көркем дүниенің көркемдігін, әсерлілігін жеткізе алмаған болар едік. Сондықтан мұғалім өлең мен көркем қара сөз- дің ара жігін ашып, өлең сөздің ерекшелігін, құрылысын методикалық шеберлікпен, көрнекілік жолымен салыстыру арқылы түсіндіреді.

 

МӘНЕРЛІ ОҚУ ҮШІН ӨЛЕҢДІ ТАЛДАЙ БІЛУ

 

Өлең    сездің өзге әдебиет жанрларынан  ерекшелігі окың әуезділігі мен үнділігінде, ырғағында, ұйқасып келетінінде.

Өлең  шумақтары  қазақ  өлеңдерінде екі  тармақтан бастап он, он бес тармаққа дейін жетеді. Әсіресе, ауыз әдебиетіндегі шұбыртпалы ұйқаспен жырланатын батырлар    жырларында,  термелерде   жиі  ұшырасады.  Қазақ өлеңдерінің құрылысы туралы ғылыми  талдау  жасап, зерттеумен айналысқан ғалымдарымыз Қ.Жұмалиевтің, З.Қабдоловтың, З.   Ахметовтың    еңбектеріне   сүйене отырып    талдау    жасап үйренуіміз керек. З. Қабдолов. «Өлең туралы  ілімдегі  шумақ жайлы ұғымдардың бәрі шартты: өлеңді терең тану үшін оның шумағын санаудың керегі жоқ, ырғағына қарау  керек» - дей келіп   «Қазақ өлеңі — силлабикалық,  яки буынға    негізделген    өлең. Олай болса, буын мәселесі қазақ өлеңінің   құрылысын байыптаудағы    басты мәселе»,— депті. («С ө з   ө н е р і») кітабынан).

Өлең шумақтары. Өлең шумағы - бірнеше сөйлемдерден тұратын синтаксистік тіркес. Қара сөзде бір шумақ өлең мағынасын, бір абзацқа тіркескен сөйлем таптарымен салыстыруға болар еді.

Өлеңнің бір  шумағында айтылған ой, көңіл күйі, ішкі сезім т. б. екінші шумақта басқа қырына ауысады, түрленеді.


Айтудың ашықтығы мен тазалығы