Айырбас бағамының теориялық сипаты
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
- Айырбас бағамының теориялық сипаты
- Айырбас бағамы туралы түсінік.......................
.............................. .5-7 - Айырбас бағамы мен есептік қойылым.......................
.................7-10 - Айырбас бағамының қызмет негіздері.....................
..................11-12
- Қазақстан Республикасындағы айырбас баға
мының механизмін талдау - Қазақстандағы айырбас бағамының көрсеткіштері.................
.13-17 - Есептік қойылымның реттелуі мен айырбас бағамының мазмұны.......................
.............................. .............................. ......18-22 - Айырбас бағамын мемлекеттік тұрғыдан реттеу......................22
-24
- Қазақстан Республикасындағы айырбас баға
мын жетілдіру перспективасы - Айырбас бағамын тұрақтандыру мен есептік қойылымды жетілдіру.....................
.............................. .............................. .......25-28
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Қосымша
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы қазіргі таңда кеңінен танылып келе жатқан мемлекеттің бірі. Осы елдегі бірден бір экономикалық серпін айырбас бағамы болып табылады. Айырбас бағамы ретінде біздің елімізде өзіміздің төл теңгеміз нысанаға алынған.
Мемлекеттің әлем экономикасына кірігуі валюталық қатынастар жүйесінің дамуы мен мемлекеттік нарықтың қалыптасуына әсер етеді. Мемлекеттік реттеу елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге экономиканың тез көтерілуіне жәрдемдеседі. Әлемнің сауда ұйымына кіруіне жағдай жасайды. Валюталық реттеу дегеніміз-уәкілетті мемлекеттік органдардың елдің төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығын ішкі валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргізу тәртібін белгілеп және оның сақталуын бақылау жөніндегі қызметі.
Валюталық нарықты құруға, мемлекеттік монополиядан валюталық құндылыққа өту кезеңінде Қазақстанда қайшылық пен үдеріс қатар жүрді. Бастапқы кезеңде кейбір мекемелерге негізсіз жеңілдіктер берілді. Валюталық саясатты реформалаудың дұрыс болмауынан сыртқы сауда опреацияларына қатысушылар саны шектен тыс көбейді, ол экспорттық-импорттық операциялар бойынша ереже мен нормалардың сақталуына әсер етті. Осының нәтижесінде шетелге капитал кетудің ағыны байқалды және экспорттық түсімді жасыру, импорттық контракт есебінен төлемдерін тауралармен қамтамасыз етіп алмай ақша аудару сияқты жағдайлар орын алды. Осындай келесіз оқиғалардан кейін мемлекет кейбір аймақтардағы жеңілдіктерді толық жойып, валюталық реттеуге белсене кірісе бастады.
Курстық жұмыстың мақсаты: теориялық түрде шолу жасаумен қатар айырбас бағамының механизмін талдау мен оның экономикалық серпіндегі орнын анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың алдына қойған міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- айырбас бағамының ерекшеліктеріне тоқталу;
- айырбас бағамындағы, экономикадағы есептік қойылымды реттеу;
- есептік қойылымның механизміне талдау жүргізу;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиетте тізімі мен қосымшадан тұрады.
- Айырбас бағамының теориялық сипаты
- Айырбас бағамы туралы түсінік
Ағымдағы есеп мыналарды
қамтып көрсетеді: тауарлармен жасалынатын
операцияларды экспорт пен
Капиталмен және қаржылармен жасалынатын операциялардың шоттары тура шетелдік инвестицияларды тартуды немесе капиталдың шетелге қайтуын қоржынды инвестицияларды, мигранттардың, трансферттерін, коммерциялық кредиттерді, қарыздарды, басқа да инвестицияларды бейнелеп көрсетеді.
Ағымдағы операциялар шоты және капиталмен жасалатын шот өзара байланысты: біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың құйылымы есебінен жабылады: ағамдағы операциялардың актив шоты жағдайы кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды.
Резервтік активтердің жайғасымы монетарлық алтынды, қарыз алдуың арнаулы құқықтарын, шетелдік валютадағы талаптарды қамтиды: басқа едерге қатысты міндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалады. Бұл жайғасым екі шоты-ағымдағы операциялардың және капиталмен жасалатын операциялардың шоттарын теңдестіреді.
Қателер мен рұқсатнамалар көлеңкелі бизнесті қоса алғанда бейрезиденттермен жасалынатын ресми есепке алынбаған операцияларды сипаттайды.
Төлем балансының ерекшелігі сол, онда босалқы қорлар мен қорланымдар емес, қаржылардың ағыны, олардың кезең ішіндегі өзгерісі қамтып көрсетіледі. Түрлі валюталарға атауланылған операцияларды, соманы аударуды құндық бағалау бірыңғай валютаға келтіріледі. Экономикалық құндылықтармен жасалатын операцияларды тіркеу, оларды жасау, трансформациялау, айырбастау немесе өтеу, меншік иесінің ауысуы мезетінде жүргізіледі.
Төлем балансының жағдайына ықпал етудің бірнеше негізгі әдістері бар. Бірінші-тікелей бақылау, регламенттік импортты қосқанда және кедендік жинақтар, шетелдік инвестициялар арқылы және ақшалай трансферттер арқылы жеке адамдардың пайда келтіруіне тыйым салу және шектеу, осындай көмектің күрт қысқартылуы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдың шығарылуы және тағы басқалар.
Елдің төлем балансын мемлекет реттейді. Бұл ертеден келе жатқан теория. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында Д. Юманың стандарт шартында автоматты түрде теңестірілудің классикалық теориясы өте жоғары дамыған.
Төлем балансы оның құлдырауына байланысты төмендейді, жақсаруына байланысты жоғарылайды. Бұдан кейін неоклассикалық эластикалық әдіс қалыптасты. Оны Дж. Робинсон мен Лернер ойлап шығарды.
Сауда балансының сальдосы =Р/Р*К болып табылады.
Мұнда: Р- экспорттық тауарлар баағсының деңгейі
Р-импорттық тауарлар бағасының деңгейі
К-валюта курсы
Төлем балансының тепе-теңдік жеткізу құралы валюталық курс өзгерімділігі болып табылады.
Демек, осындай жағдайда келесі көрсеткішті пайдалану қажет. Ол экспорт пен импорт сұранымының эластикалық коэффициенті болып табылады. С. Александрдың еңбегі Дж. Мид және Я. Тинбергеннің идеясына сүйене отырып, абсорбциондық тұрғыдан келіп, жалпы алғанда кейнсиандық теорияға сүйенеді.
Абсорбциондық тәсіл төлем балансы жағдайының жақсарғанын елдің табысының оның ішінде абсорбцияның жалпы көтерілгенін көрсетеді. Бұл теориялардан басқа да көп тәсіл қарастырылады. Соның ішінде монетаристік тәсіл. Монетаристердің көзқарасы бойынша елдің ақша рыногындағы тепе-теңдіктің болмауы төлем балансындағы тепе-теңдіктің болмауын анықтайды.
Төлем балансының дефицитін болдырмау үшін ақша массасын қатаң қадағалау қажет. Бұл проблемаға аса көңіл бөлмеу керек дейді. [2. 45]
- Айырбас бағамы мен есептік қойылым
Валюталық нарықты құруға, мемлекеттік монополиядан валюталық құндылыққа өту кезеңінде Қазақстанда қайшылық пен үдеріс қатар жүрді. Бастапқы кезеңде кейбір мекемелерге негізсіз жеңілдіктер берілді. Валюталық саясатты реформалаудың дұрыс болмауынан сыртқы сауда опреацияларына қатысушылар саны шектен тыс көбейді, ол экспорттық-импорттық операциялар бойынша ереже мен нормалардың сақталуына әсер етті. Осының нәтижесінде шетелге капитал кетудің ағыны байқалды және экспорттық түсімді жасыру, импорттық контракт есебінен төлемдерін тауралармен қамтамасыз етіп алмай ақша аудару сияқты жағдайлар орын алды. Осындай келесіз оқиғалардан кейін мемлекет кейбір аймақтардағы жеңілдіктерді толық жойып, валюталық реттеуге белсене кірісе бастады. Валюталық бақылау орнықты. [3. 77]
Рыноктық экономиканың бөлінбес бөлігі болып, валюталық нарық болып табылады. Бұл шетел валютасын сатып алу-сату операциясы бойынша экономикалық қаржы-қатынастар жүйесі. Валюталық операцияға қатысу делдалдық брокерлік биржа арқылы жүзеге асады.
Валюта қолдану саласы мен тәртібіне қарай былай бөлінеді.
а) еркін конверсияланатын және ол кез-келген шетел валютасына белгілі баламамен шексіз айырбасталады;
ә) барлық валюталық операция бойынша ішінара конверсияланатын, конверсияланбайтын тек бір елдің шеңберінде айналымда болатын және басқа шетел валютасына айырбасталмайды. Еркін конверсияланатын валютаға: АҚШ доллары, ГФР маркасы, Ағылшын фунт стерлингі, Швейцария франкі және Жапон иені жатады. Жыл сайынғы валюта нарығындағы айналым Лондонда 187 млрд доллар, Нью-Иоркта-129, токиода-115, Цюрихта-57 млрд долларға жетеді. Көптеген дамушы елдердің валютасы тұйықталған болып келеді. Біздің ұлттық валютамыз теңгеге келетін болсақ, ол әлемдегі бірден-бір конвесияланбайтын тұйық валютаға жатады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғалым-экономистері теңгенің конверсиялануына қол жеткізуді қарастырады. Олар экономикалық дағдарыстан шығу мен реформаны тереңдету жолдарын іздестіруде. Шетел мамандарының ойынша қазір теңгенің конверсияланбауы төмендегідей сеебптермен түсіндіріледі:
* валюталық курстың жоғарылығы;
* ішкі бағаның рационалды болмауы;
* тауардың конверсияланбауы;
Соңғысын тек қана тұтынут рыногын баланстандыру жолымен жоюға болады.
Рыноктық экономика
жағдайында ұлттық валюта теңге рыноктың
қалыптасуына және онда бәсекенің болуна
көмектеседі, ішкі бағаны нақтылайды,
отандық өндірісті әлемдік
Ұлттық валюта теңгенің
енгізілуі Қазақстан
Барлық елдерде ұлттық валютаны конверсияландыру жетістік ретінде қарастырылады, прогрессивті өзгерістер нәтижесін жүзеге асырушы және тұрғындардың өмір деңгейін көтеруге бағытталады. Ашық экономикалы қоғамда валютаны конверсиялау ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылықпен байланыстыруда интеграциялық факторларды құрудың басты тетіктеріне айналады. Өзінің тауарлы массасын балама емес айырбастан және экономикалық егемендікті құрудың басты белгісі бола алады.
Валютаны конверсияландыру
дегеніміз алдыменен
- өнімнің технологиялық профилінің импорты ауыстыратын өндірісінің міндетті дамуына қалыптастыру;
- мемлекеттің төлем балнсын жетілдіру;
- инфляцияның қарқынын төмендету.
Мемлекет қандай дда бір қатаң ақша саясатын жүргізуге тырысады, осы факторларды ескермей теңгенің конверсиялануына қол жеткізу мүмкін емес. Экономиканы көтеру керек, себебі ол сыртқы сауданың технологиялық профилінің негізі болып табылады. Бұл ұлттық валютаның конверсиялану мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы тұрақсыздануда және оның тезірек жөндлеуі үшін жылдар керек, себебі оның ар жағында тауар массасы жоқ. Тіпті кез келген әлем елдеріндегі алғаш қорының болуы ұлттық валютаға кепілдік бере алмайды. [5; 56]
Халықаралық валюталық қор, Бүкіләлемдік банк, Азиялық, Еуропалық даму және қайта құру банктері біздің валютаны қолдайды. Алайда шетелден келген көмек ұлтық жетістігімізге оң салдар жасауы екіталай.
Жаңа технологиялы ірі инвестиция бұл басқа шаруа себебі ол өндірістің құлдырауын жоюға көмектеседі. Тауар өндірушілер үшін жұмсақ валютаның курстық арақытнасын анықтауды қалыптастыру әкімшілдік емес нұсқауды ұлғайту немесе өнім өндіруді қарастыру керек. Кейінірек төлем одағының дамуымен толық қанды валютаны құру сауалы тууы әбден мүмкін. Себебі оның негізінде елдер біріктіріледі. Нәтижесінде қандайда болмасын клирингтік валюта болуы мүмкін, сонда біркелкі ұлттық банк құрылады. Бір жағынан-экономикалық саясатты және жалпы бағытталуы мемлекеттің қатаң әрі іргелі ақша-несие саясатын шектен жүргізілген болса, екінші жағынан барлық шаруашылық субьектілері өзінің қаржы нәтижесі қызметіне жауапкершілікті күшейтеді.
- Айырбас бағамының қызмет негіздері
Доллардың сыртқы сұранымы біздің экономикалықұ жағдайыдң нашарлығына және халықтың ұлттық валютаға деген сенімсіздігінен және инфляцияның әсерінен доллар Қазақстан Республикасының бейресми валютасы болып, 39,7 пайызға қолма-қол есеп айырысу түрінде жүреді.
Валюта операцияларын жүргізу тәртібі және валюта бақылауының негізгі принцпитері:
Қазақстан Республикасында резиденттер мен резидент еместер жүргізетін валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормаитвтік құқықтық актілерінде салық және кеден заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда уәкілетті банктер мен уәкілетті банктік операциялардың жекелеген түрлерін ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғалар, резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасына шетелдерден әуелінген аударылған немесе жіберілген қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алынған немесе сатып алынған валюта құндылықтарын иелене алады, уәкілетті банктердің шоттарында сақтай алады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мақсаттарға пайдалана алады. [6; 96]
Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде, салық және кеден заңдарында көзделгендерден басқа жағдайларда тек қана Қазақстан Республикасының валютасымен жүргізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі шетелдік инвесторлардың және мемлекет уәкілдік берген заңды тұлғаның немесе мемлекеттік органның қатысумен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес көлемі 100 млн АҚШ долларынан кем болмайтын аса маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлғаларға резиденттерге Қазақстан Республикасмының резиденттерімен бірге шетел операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат етуге құқылы.
Тазартылған алтын құймалармен валюта операцияларын жүргізу тәртібі осы қатынастарды реттеп отыратын қолданылып жүрген заңдармен белгіленеді.
Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер тараптардың келісуімен кез келген валютамен жүзеге асырылады. Заңды тұлғалар резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша шетел валютасымен төлемдердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардан басқасы аударым тәртібімен жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі резиденттердің экспорттық операцияларының валюталық төлемдеріне шектеу қоюға құқылы. Ал басқа заңды тұлғалар арасындағы шарттарға үшінші тұлғалардың резиденттердің шетел валютасымен және теңгемен төлем жасауына басқа осындай шарттар төлмешілер мен жоғарыда айтылған үшінші тұлғалар резиденттер арасында тиісті шарт болғанда ғана жол беріледі. [6; 230]
Резиденттер мен резидент еместердің уәкілетті банктер рақылы жүзеге асыратын валюта операциялары шектеусіз жүргізіледі. Егер экспорттық-импорттық мәмілелерді несиелеуге немесе несие алуға яки несие беруге байланысты ағымдағы валюта операциялары юойынша тараптардың бірі міндеттемені 120 күн ішінде жүзеге асырмаған болса онда мұндай операциялар капиталдың қозғалысына байланысты валюта операциялары болып саналады және бұл лицензиялануы немесе тіркелуі керек.
Капитал қозғалысына байланысты валюта операцияларын Қазақстан Ұлттық банкінде тіркеу немесе лицензиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
- Қазақстан Республикасындағы айырбас бағамының механизмін талдау
- Қазақстандағы айырбас бағамының көрсеткіштері
Сыртқы нарықта қазақстандық тауарлардың баға бәсекесіне қабілетілігін қолдау үшін ақшаның сұранысы мен ұсынысына тәуелді бағамның ауытқуына себепші болатын, сондай-ақ теңгенің өзгермелі айырбас бағамы тәртіптемесін 2003 жылы Ұлттық банк сақтап қалды. Жыл бойы АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің нығаюға беталысы іс жүзінде байқалды. Ішкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің түсуі теңгенің нығаюына мүмкіндік туғызды. Ағымдағы жылдың басынан бері әлемдік нарықтағы энергетикалық ресурстардың жоғары бағалары, мемлекеттік меншік үлесін жекешелендіру, сонымен бірге корпоративтік сектор мен екінші деңгейдегі банктердің сыртқы нарықтағы қарыз алуы себепші болған экспорттың ақшалай валюта түсімінің елеулі көлемі шетел валютасының негізгі түсім көзі болып саналады.
Ішкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің түсуі жағдайында Қазақстанның қор биржасынан және банкаралық валюта нарығынан шетел валютасының Ұлттық банк сатып алған таза көлемі 2007 жылы 4,2 млрд.-қа жуық АҚШ долларын құрап, соның жартысынан астамы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталар шығарылымымен айықтырылды. Одан басқа Ұлттық Қордың активтерін толтыру мақсатын көздеген Ұлттық банк Қаржы министірлігіне 1,3 млрд. АҚШ долларына, валюта сатты.
Теңгенің орташа салмақталған айырбас бағамы 2008 жылы 1 АҚШ долларына шаққанда 149,45 теңге құрады. 2008 жылы теңге номиналы АҚШ доллары қатынасына қарай 8,03 %-ға нығайды. Саудадағы негізгі серіктес елдердің валюталарының қатынасына қарай теңгенің нақты девальвациясы 2003 жылы 2,5 % құрады. АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің елеулі нығаюына қарамастан қазақстандық экспорттаушылардың сыртқы бәсекеге қабілеттіліктерін қамтамасыз ететін жағдай саудадағы негізгі серіктес елдерге ара қатысы бойынша жалпы алғанда 2005 және 2006 жылдармен салыстырғанда 2007 жылы тым қолайлы деңгейде сақталды.
Теңгенің орташа алынған айырбас бағамы 2008 жылы бір доллар үшін 145 теңге болды. Кезең аяғындағы биржалық бағам бір доллар үшін 149,77 теңге болды. Жыл басынан бері номиналдық көрсеткішпен теңге долларға қарағанда 2,9% әлсіреді. Ең жоғары құнсыздану жылдамдығы наурыз және маусым айларында байқалды (тиісінше 1,82% және 1,95%). 2008 жылы теңгенің еуроға қатынасы бойынша ресми бағамы 6,69% нығайды, ресей рубліне 0,22% құнсызданды.
2008 жылы доллар позициясындағы биржалық сауда-саттық көлемі 2007 жылы осындай көрсеткіштен 26,3% 11,7 млрд. долларға дейін асып түсті.
Биржадан тыс валюталық нарықтағы резидент банктердің мәмілелер көлемі 19,6 млрд. долларға дейін 126,4% ұлғайды (1 сурет).
1 сурет Теңгенің АҚШ долларына, еуроға және ресей рубліне бағамның өзгеру динамикасы
(Ақпарат көзі: сызба автормен берілген)
Ресей рублімен және еуромен жасалған операциялардың валюталық нарықтың биржалық және биржадан тыс сегменттерінің айналымында шамалы үлесі болды. Биржалық нарықта ресей рублімен және еуромен жасалған операциялардың көлемі 11,5% және 62,9% тиісінше 106,7 млн. ресей рубліне және 18,6 млн. еуроға дейін азайды. Биржадан тыс валюталық нарықта ресей рублімен және еуромен жасалған айырбастау операциялардың көлемі 12,1% және 15,4%, тиісінше, 1306,8 млн. ресей рубліне және 87,1 млн. еуроға дейін азайды.
Қолма-қол шетел валютасы нарығында өткен жылдардағыдай долларға артықшылық берілді және тиісінше нарықтың бұл сегментінде осы шетел валютасын сатып алу жөніндегі операциялар басым болды. Мәселен, 2008 жылы айырбастау пункттерінің долларды нетто-сату көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 есе ұлғая отырып, 7087,8 млн. доллар болды.
Бір жылдың ішінде айырбастау пункттерінің еуроны нетто-сату көлемі 35,4% 523,1 млн. еуроға дейін көбейді.
Айырбастау пункттерінің ресей рублін сатып алу және сату көлемі іс жүзінде өзара сәйкес келеді, мұны жинақ ақшаға қарағанда туристік мақсат және іссапар шығыстары үшін осы валютаға қажеттіліктің басым болуымен түсіндіруге болады. 2008 жылы айырбастау пункттерінің ресей рублі нетто-сату көлемі 96,0%-ға 1895,4 млн. рублге дейін көбейді.
Алдын ала деректер бойынша теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) индексі 2008 жылғы қараша айында 2007 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 6,8% өсті. 2008 жыл теңгенің долларға және еуроға қатысы бойынша нақты нығаюы тиісінше 1,5% және 15,9% болды. Ресей рубліне қатысы бойынша теңге нақты көрсетуде 2,6% әлсіреді.
Ұлттық Банк 2008 жылы 1960,2 млрд. теңгеге қысқа мерзімді ноталар шығарды (2007 жылмен салыстырғанда 3,5 есе ұлғайды). Ноталардың ең төменгі эмиссиясы (207,7 млрд. теңге) 2008 жылғы І тоқсанда болды, қалған тоқсандарда ноталардың эмиссиялары үлкен көлемдермен жүзеге асырылды (ІІ тоқсанда – 538,3 млрд. теңге, ІІІ тоқсанда – 645,0 млрд. теңге, IV тоқсанда – 569,3 млрд. теңге).
Жоғары банктік өтімділікпен қатар осындай күрт өзгерудің себебі қысқа мерзімді ноталардың айналыс мерзімдерінің қысқаруы және тиісінше бұрын шығарылған ноталардың көлемін неғұрлым қысқа мерзімге ауыстыру болып табылғанын атап өту қажет. Осылайша қысқа мерзімді ноталар бойынша дюрацияның көрсеткіші 2007 жылдық аяғында 121,7 күнді, ал 2008 жылдың аяғында 15,2 күнді құрады.
Бұл ретте қысқа мерзімді ноталарды өтеу көлемі есептік кезеңде 2210,3 млрд. теңгені құрады, нәтижесінде олардың айналыстағы көлемі 2007 жылдың аяғындағы 596 млрд. теңгеден 2008 жылдың аяғында 361 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Қысқа мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік 3,21%-дан 2,24%-ға дейін төмендеді (жылдың соңғы айындағы орташа алынған кірістілік).
Айналымдағы қолма-қол ақша 2,8% немес 106,4 млрд теңгеге артты, себебі жыл басында олардың саны 2010 жылы желтоқсанында жинақталған зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер есебінен жоғары болды. І тоқсан бойы айналымдағы қолма-қол ақша үлесі төмендей бастады, бұл маусымдық факторға байланысты, сәуір айынан бастап олардың саны арта бастады. Айналымдағы қолма-қол ақшаның ең жоғарғы деңгейі желтоқсан (9,4%) және қыркүйек (7,5%) айларында тіркелді.
Ақша массасының
артуы 2009 жылғы 13,6%-дан 2010 жылы
15,4% дейін экономиканың
Алтын валюта активтерін басқару.
2011 жылы Ұлттық Банк жалпы алтын валюта активтері 4,6% немесе 2,069 млрд. долларға, таза алтын валюта активтері 37,6% немесе 2,094 млрд. долларға дейін артты.
Жыл бойы жалпы алтын
валюта активтері өсу
Ішкі нарықта Ұлттық Банктің шетел валютасын сатып алу;
Қаржы министрлігі шоттарына валюта қорларының түсуі (оның ішінде халқаралық капитал нарығына Қазақстанның еурооблигациялардың 3-ші эмиссиямын орналастыру, мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен Ресейдің «Байқоңыр» ғарыш алаңы үшін жалға алу төлемі және мұнай-газ саласында жұмыс жасайтыншетел инвесторларының салықтың төлемдер аударуы).
Таза алтын валюта активтері тұрақты өсті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халқаралық валюта қоры алдында міндеттемелері мерзімінен бұрын өтеуіне байланысты.
2011 жылы алтын валюта активтері құрамында валюта үлесі артып, алтын үлесі төмендеді. Алтын үлесінің төмендеуі АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға қарсы нығаюына байланысты. Доллардың нығаюы металдар нарығында әсер етті, өндірушілер алтын ірі орталық банктер металдарды жедел сата бастады. СДР үлесі 11,35-тен 0,01% дейін төмендеді.
- Есептік қойылымның реттелуі мен айырбас бағамының мазмұны
Экономикада сыртқы және ішкі баланстылықты қамтамасыз ету ақша-несие және валюта саясатының стратегиялық мақсаттары болып саналады. Оған жетудің жолдары 2-суретте көрсетілген.
2 сурет Ақша-несие
және валюта саясатының
(Ақпарат көзі: сызба Қазақстанның жинағынан алынған)
Осы мақсаттарды іске асыру үшін сұраныс пен ұсыныс тәуелділігінде бағамның ауытқуына себепші болатын теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының тәртіптемесін сақтау қажет. Бұл – сыртқы нарықта Қазақстан тауарларының баға бәсекесіне қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық валюта бағамын қалыптастыруға монетарлық биліктің араласуы аз шамада болу керек. Ішкі валюта нарығында айырбас бағамына алыпсатарлықтың алдын алу қажеттілігі туғанда оған монетарлық билік қатысады.
Ақша-несие және валюта саясатының негізгі мақсаты 2006-2007 жылдары орташа жылдық инфляцияны 5-7% шекте ұстау және 2008- жылдың аяғына дейін оны 4- 6%-ға дейін төмендетуге тиіс болатын.
Ақша-несие, валюта саясаты, экономиканың ақша-несие және валюталық реттеуі қаржы және валюта нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуына, банк жүйесінің нығаюына, экономиканың нақты секторындағы банкілердің келешектегі несие беруінің өсуі үшін жағдай жасауға, сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

- Академик живописи В.В. Максимов
- Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі
- Академическая активность студентов
- Академический рисунок гипсовой головы античной скульптуры
- Академия художеств
- Академічні театри опери і балету України
- «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау
- Айналымнан тыс активтер есебі
- Айран дайындау технологиясы, санитариясы және ВСС
- Айран – қасиеті бар тазартқыш
- Айседора Дункан в России
- Айтудың ашықтығы мен тазалығы
- Айчүрөк» жана «Манас» опералардын артисттери, кыргыз акындар
- Айыппұл түріндегі жазаны атқару