Айыппұл түріндегі жазаны атқару

     Айыппұл түріндегі жазаны атқару 

     Айыппұл Қазақстан Республикасының қылмыстық  заңында көрсетілген реттерде және жаза тағайындау кезінде қолданылып жүрген айлық есеп көрсеткіштің белгілі  бір мөлшерде, не сотталушы адамның  жалақысының белгілі бір мөлшерде, не сотталушы адамның жалақысының немесе белгілі бір кезеңдегі басқа да табыстары көлемінде тағайындалатын ақша өндіру болып табылады.

     Ол  заңда белгіленген айлық есеп көрсеткіштің 25-тен 20 мыңға дейінгі  шегінде немесе сотталған адамның  жалақысының екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі табысы және де өзгеде табысы мөлшерінде тағайындалады.

     Айыппұл негізгі және қосымша жаза ретінде  тағайындала алады. Бұл жаза әскери жазалардан басқа, барлық негізгі жазаларға, қосымша жаза ретінде тағайындалуы мүмкін.

     Айыппұл жазалардың қосымша түрі ретінде, Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалады. Айыппұлдың мөлшері айыпталушының мүліктік жағдайына және жасаған қылмысының сипаты мен дәрежесіне қарай анықталады.

     Сот айыппұлмен жазалау туралы жазаны жариялағаннан кейін, сотталушы адамға 1 айдан кешіктірмей айыппұлды төлеуге міндетті екені және айыппұлды ерікті түрде төлемеген жағдайда, ол мәжбүрлі түрде өндірілетіні жөнінде ескерту жасайды.

     Сотталушы айыппұлды  өз еркімен бір ай ішінде төлемеген жағдайда, сот атқару қағазының негізінде мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Айыппұл сотталушының  мүлкінен, соның ішінде оның сотта анықталған ортақ меншіктегі үлесінен өндіріліп алынады.

     Айыппұлды өндініп алу кезінде, қылмыстық-атқару кодекісінің қосымшасында белгіленген тәркілеуге жатпайтын мүлікті алуға болмайды.

     Сотталған адамның айыппұлды бірден төлеуге  мүмкіндігі болмаған жағдайда, сотталушының өтініші бойынша, сот төлем мерзімін ұзартады немесе алты айға дейін бөліп-бөліп  төлеуге мүмкіншілік береді.

     Ұзарту  - бұл сот белгіленген белгілі-бір айдан аспайтын уақыт ішінде айыппұлды толық төлеуге мүмкіндік беру. Ал бөліп төлеу - айыппұлды белгілі бір уақыт ішінде бөліп-бөліп төлеу болып табылады. Бөліп–бөліп төлеуде, сот әрбір айыппұл бөлігін төлеудің нақты уақытын белгілейді. Сотталушы адам айыппұлдың ең соңғы бөлігін, соттың белгілеген уақытының ішінде төлеуі керек.

     Сотталушының  айыппұлды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтінішін, мынандай жағдайларда  қанағаттандырылуға жатады: егер мүліктік жағдайы ауыр болса, не өзі қатты сырқат болса, жүкті болса, асырауында жасөспірім балалары бар болса, өрт немесе басқа да бақытсыздық жағдайға ұшырыса. Сотталған адам айыппұлды жедел төлеуге мүмкіндік болмаған жағдайын жақын туысының қайтыс болуымен, ауру болуымен және тағы басқа жағдайлармен байланыстыра алады.

     Сот орындаушысының үкімді орындауды немесе бөліп-бөліп төлеу туралы мәселені өз бетімен шешуге құқы жоқ..

     Айыппұл берілген мерзімде төленбесе, үкім шығарушы сот үкім қағазының негізінде  мәжбүрлі орындау шарасы жүргізілетінін хабарлайды.

     Сот орындаушысы айыппұлды өндіріп  алу үшін қажетті мүліктердің  тізімін жасайды, оған арест салып  мүліктердің тізімін сотқа береді.

     Сот орындаушысы сотталған адамның  ақшасына, қымбат бағалы заттарына, банктегі және басқа да несиелік мекемелердегі сақтауда жатқан салымдарына, мүлкіне айыппұл соммасының мөлшеріне арест салуға құқылы.

     Сотталған адамның еңбек ақысынан немесе зейнетақысынан, басқада табыс көзінен өндіру, оның мүлкі болмаған жағдайда немесе айыппұлды толық өндіріп алуға бұл мүлік жеткіліксіз блоған жағдайда жүргізіледі.

     Бірнеше атқару істері болғанда, ең алдымен  алимент өндіріп алушының, денсаулыққа  зиян және басқа да келтірілген зақымды  өтеу талабы, сонымен қатар асыраушының  өліміне байланысты еңбек құқық  қатынасынан туындайтын талаптар қанағаттандырады.

     Егер  сотталушы адамның мүлкі айыппұлдың сомасын өндіріп алуға жеткіліксіз  болса, онда сотталған адамның ортақ  мүлкі өндірілетін мүліктардің  қатарына қосылады. Сот орындаушысы  мұндай жағдайда, сотталушы адамның  үлесінлегі мүлікті анықтап беру туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді.

     Тізімдегі заттар сүргіштеледі, мөр басылады және сақтауға беріледі.

     Сотталған адамның мүліктік жағдайы немесе басқа табыс көздері айыппұл  сомасын өтеуге толық жетпесе, айлық  табысынан немесе соған теңестірілген табысынан 50 пайызға дейін ұсталым жүргізіледі. Мұндай жағдайда сотталушы адам, айыппұлдан басқа да міндетті төлемдер (мысалы: алимент, келтірілген зардаптың орынын толтыруға міндеттелуі, т.б.) төлеуге міндеттелген болса, айыппұл осы 50 пайыздан аспайтын алымның ішінде өндіріледі.

     Айыппұлды мәжбүрлі түрде өндіріп алу мақсатында, сотталған адамның немесе басқада  адамдардың (туыстары, достары, көршілерінің үйлері) тұратын үйіне тексеру  жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда сот  орындаушысымен бірге айғақтар болуы керек.

     Сотталған адам үйде болмаған жағдайда, кәмелеттік жасқа толған жанұя мүшесінің, заңды  өкілінің, ал олар болмағанда айғақтардың  қатысуымен үй-жай тексеріледі.

     Сотталушы адамның және асырауындағы адамдардың күнделікті қажетті заттары, мүліктері алынуға жатпайды.

     Айыппұл тұріндегі жазаны атқару сотталған  адамның тұрып жатқан жерінде  жүргізіледі. Сотталушының тұратын  жері өзгерсе, сот орындаушысы атқару қағазын сотталған адамның тұрып  жатқан жеріндегі енмесе мүлік тұрған жерднгі сот орындаушысына жібереді.

     Егер  сотталғант адам жұмыс істемейтін болса, онда сот орындаушысы айыппұлды  өндіру үшін сотталушының мүлкі тұрған жерлерді табуға шаралар, әрекеттер  жасайды.

     Атқару  қызметі мынадай жағдайларда  тоқталуы мүмкін: сотталушы адам кезекті  әскери міндетін өтеуге шақырылғанда, ұзақ мерзімдік жол сапарында болған жағдайда, емдеу мекемелерінде ауырып жатқанда, сотталған адамның өзімен мүлкі іздеуде болған жағдайларда және осы тәріздес айыппұлды өндіру мүмкін болмаған т.б. жағдайларда.

     Айыппұл жазасын атқару сотталушы адамның қайтыс болуына, үкімнің талап мерзімінің өтуіне байланысты қысқартылады.

     Қылмыстық-атқару заңы, айыппұлды төлеуден қасақана бастартудың салдарын қарастырады.

     Айыппұлды белгілеген мерзімде төлемеген және өзінің кірістері мен мүлкін өндіріп алудан жасырған адам, айыппұл төлеуден қасақана жалтарушы деп танылады.

     Сотталушының  айыппұлды төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, сот орындаушысының ескертуіне қарамай төлемесе, оны айыппұл  төлеуден қасақана жалтарушы деп  тану керек. Мысалы, сотталушының мүлікті тізімге тіркеуден жасыруы, жұмыстан шығып кетуі, тізімге алынған мүліктерін немесе белгілі үлестерін жасыруы тәрізді, т.б. әрекеттер.

     Айыппұл жазаның негізгі түрі ретінде  оны төлеуден әдейі жалтарған  жағдайда, қылмыстық заңда көзделгенер ежелерге сәйкес, айлық есеп көрсеткіштің үш еселенген мөлшерімен немесе, айыппұл сомасы үшін тиісіншебір ай түзеу жұмыстарына немесе 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе 10 күнге қамаумен ауыстырылды.

     Сотталушының  қасақана жалтарғаны үшін, сот айыппұлды басқа жазалармен ауыстырса, айыппұл төлеу орындалуға жатпайды.

     Айыппұлды төлеуден жалтарғаны үшін түзету жұмыстарына  сотталған адам, егер түзеу жұмысын  өтеуден жалтарса, онда сот түзету жұмысының өтелмеген мерзімін нақ  сол мерзімге бас бостандығынан айыру, қамауға алу немесе бас бостандығын шектеу жазасымен ауыстыра алады. 

     Белгілі-бір  лауазымда болу немесе белгілі бір  қызметпен айналысу құқынан айыру  жазасы мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару органдарында немесе басқа  да қызметте істейтін адамдарға тағайындалады.  Бұл жаза негізгі және қосымша жаза ретінде тағайындала алады.

     Негізгі жаза ретінде 1 жыадан 5 жылға дейін  тағайындалса, қосымша жаза ретінде 6 айдан 3 жылға дейін тағайындалса, қосымша жаза ретінде 6 айдан 3 жылға  дейін тағайындалады.

     Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі  бір қызметпен айналысу құқығынан  айыру, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға қосымша  жаза ретінде тағайындалса немесе негізгі  жаза ретінде тағайындалса, ол қылмыстық-атқару инспекторларымен атқарылады.  Егер бұл жаза бас бостандығынан айыру жазасына  қосымша жаза ретінде  тағайындалса, онда сатталған адам жаза өтеп жүрген түзеу мекемесі әкәмшілігінің бақылауымен атқарылады.

     Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі  бір қызметпен  айналысу құқығынан  айыру жазасы бақылау жүргізу түрінде атқарылады. Қарастырылып отырған жаза, екі саладығы қызмет түрімен айналысуға тиым салады: мемлекеттік қызметте немесе жергілікті басқару органдарында лауазым иеленуге тыйым салу;  белгілі бір мамандықпен немесе өзге кәсіп түрімен айналысуға тиым салу. Бұл тиым салу түрі мекеме, кәсіпорындарда белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге тиым салуды немесе жұмыс орынын пайдалану (мысалы, автотранспорт құралдарын пйдау құқығы) аталған жаза құқығынан айыруды білдіреді.

       Бас бостандығынан айырумен байланысты емес негізгі жаза қосымша жаза ретінде тағайындалғанда, сотталушының тұрғылықты жері бойынша бақылау түріндн атқарылады.

     Бұл жаза қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына, сондай-ақ шартты түрде босатуға қосымша  жаза ретінде тағайындалғанда, оның мерзімі сот үкімінің заңды күшіне енген кезінен бастап есептеледі. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеу, қамау, бас бос бостандығынан айыру, тәртіптік-әскери бөлімдерде ұстау тәрізді жазаларға қосымша ретінде тағайындағанда, ол жазаны өтеудің бүкіл уақытында қолданылады. Бұл орайда қосымша жазаны өтеу мерзімі негізгі жазаны өтеу уақытынан басталады. Мысалы, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру жазаларына сотталған адам қосымша жаза ретінде, аспазшы мамандығымен айналысу құқығынан айырылса, онда ол негізгі жазаны өтеу кезінде асхана жұмысына жіберілмейді.

     Қосымша жазаның мерзімі, негізгі жазаның  мерзімінен аз болып тағайындалуы мүмкін. Мұндай жағдайда, сотталушы бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру тәрізді жаза мерзімдерін өтеп болғанша, қосымша жазаның мерзімін де өтеп болған болып есептеледі.

     Негізгі жаза шартты түрде тағайындалған  жағдайда, қосымша жаза да тағайындалса, онда қосымша жазаның мерзімі есептеле береді. Егер негізгі жазаға шартты түрде сотталған адам сол мерзім ішінде қайтадан қылмыс жасаса, онда сот шартты соттаудың күшін жойып, ол адамды жазаны өтеуге міндеттейді, бірақ қосымша жазаның мерзімі өтіп кетсе, онда қосымша жаза есептелмейді. Ол өтелген болып саналады.

     Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі  бір қызметпен айналысу құқығынан  айыру негізгі жаза ретінде де, қосымшажаза ретінде де шартты соттау түрінде белгіленбейді, бұл жағдай заңда қарастырылмаған.

     Сотталған адам негізгі жазадан шартты түрде ерте босатылса, немесе жазаның жеңілірек түрімен жазасы ауыстырылса, рақымшалық негізінде босатылса, сот оны қосымша жазаны өтеуден толық немесе жартылай мерзімге босата алады немесе қосымша жазаны өтеуден босатпауы да мүмкін.

     Сотталған адам жұмыс істейтін мекеме әкәмшілігі сот үкімімен хабардар болғаннан кейін, үш күн ішінде сотталушыны тыйым салынған қызмет түрінен айырып немесе лауазымды орынан босатып, сот үкімі орындалғаны туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлайды.

     Сотталған адам қызмет ететін мекемкнің әкімшілігі қылмыстық-атқару инспекциясына үкімнің орындалуына байланысты құжаттарды, сонымен бірге сотталушымен еңбек шарты өзгерген немесе тоқтатылғанын растайтын құжаттарды жіберуге міндетті.

     Сотталған адамның еңбек кітапшасына оның қандай лауазымда болу құқығынан қандай негізде, қанша мерзімге айырғаны немесе қызметтің қай түрінен айырылғаны жазылады. Бұл жағдай , сотталушының ол жұмыс орнынан басқа жұмысқа ауысу кезінде де ескеріледі. Егер мекеме сотталған адамды белгілі бір қызметтен айырғанмен, ол мекемкде тиым салынбаған басқа жұмыс орны болса, онда әкімшілік сотталған адамды сол жұмысқа ауыстыруға құқылы. Ал мекемеде тыйым салынбаған басқа жұмыс орны болмаса, онда әкімшілік сотталушыны жұмыстан шығару керек.

     Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы туралы соттың талаптары, осындай қызметпен айналысуға құқық беретін арнайы органдар үшін де міндетті. Олар мұндай қызметпен айналысуға берген құжатын немесе рұқсатын қайтып алуы керек. Аталған органдарсот үкімінің көшірмесін немесе қылмыстық-атқару инспекциясының хабарламасын алғаннан кейін, 3 күн ішінде сотталушыдан қызметпен айналысуға берген рұқсатын қайтып алып, ол туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлауға міндетті.

     Қылмыстық-атқару инспекциясының міндеттеріне, лауазыммен немесе қызметпен айналысу құқығынан айырудың орындалу барысын сотталушы жұмыс істейтін мекемеде тексеру, белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығын айыру туралы еңбек кітапшасында көрсетудің бар екендігін тексеру, сондай-ақ сотталғандардың есебін жүргізу, олармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жатады. Қылмыстық-атқару инспекциясының инспекторы, милиция қызметкерлерінің көмегімен, сотталған адамның үйіндегі жағдайға бақылауға құқылы. Егер сотталушы басқа жаққа көшіп кетсе, онды инспекция сотталған адамның жаңадан тұрып жатқан жерінің қылмыстық-атқару инспекциясына немесе сол жақтағы ішкі істер органдарына хабарлама жасайды. Сотталушының басқа жақта тұрып жатқаны расталғаннан кейін, инспекция оның есебінен шығарып, қажетті құжаттарды жаңадан тұрып жатқан жердегі қылмыстық инспекциясына жібереді.

     Инспектор 6 айда кемінде бір рет, үкімнің  талаптарынан шыққан құқықтық шектеулердің сақталуын бақылайды. Ол үшін сотталушының қай жерде, қандай қызмет істеп жатқанын анықтайды. Егер сотталушының жаза тәртібін бұзып, құқықтық шектеулерді сақтамай мемлекеттік немесе жеке меншіктегі кәсіпорындарда тыйым салынған қызметті, лауазымды атқарып жүргені анықталса, инспектор жұмыс беруші әкімшілікке оны басқа жұмысқа ауыстыруды, егер басқа жұмыс болмаса, жұмыстан шығаруды сұрайды. Мұндай жағдайлар байқалған кезде, инспекция қызметкері сотталушы адамға, сотпен тыйым салынған жұмысты берген мекелелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың лауазымды адамдарына сот үкімін орындамаудың салдарын ескертеді.

     Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі  бір қызметпен айналысу құқығынан  айыру түріндегі жазаға сотталушылардың  міндеттеріне, сот үкімінің талаптарын орындау, қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуі бойынша жазаны атқаруға байланысты құжаттарды беру, жұмыс орнының өзгергені және жұмыстан шыққаны туралы инспекторға хабарлыу, сонымен бірге шақыру бойынша инспекцияға келу жатады.

     Сот үкімінің талаптарын орындау ретінде, сот тиым салған лауазымда немесе қызметте жұмыс істемеуді түсінеміз. Ал жазаны атқаруға байланысты құжаттарды беру ретінде, сотталушының белгілі бір лауазымда болу немесебелгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылғандығы туралы жазба көрсетілген еңбек кітапшасын көрсетуі және тыйым салынғаннан басқа жұмысты істеп жүргендігі туралы жұмыс орнының  анықтамасын тапсыру (справка) алынады.

     Қылмыстық-атқару инспекциясының шақыруы бойынша  сотталған адамның келмеуі, оны  еріксіз түрде келтіру шарасына ұласуы мүмкін.

     Егер  сотталған адам сот үкімімен белгіленген  шектеулерді сақтамаса немесе бұзса (мысалы, тыйым салынған қызметпен айналыса берсе), онда оған тыйым салынған қызметті дереу тоқтату туралы талап қояды, сонымен бірге сотталған адам жұмыс істейтін мекеме, кәсіпорынға 3 күннің ішінде оны жұмыстан босатуды немесе тйым салынған қызметтен айыруды сұрайды. Мұндай кезде сол мекеме, кәсіпорынның тиісті лауазымды адамына сот үкімін, шешімін орындамаудың қылмыстық заңның 362-бабы бойынша қылмыстық жауапшылыққа әкеліп соқтырғандығы хабарланады.

     Жазаға  тартылған адамның сот үкімі  тәртібін сақтамауы, кейде әкімшілік жауапкершілікті тудырады. Мысалы, көлік құралдарын айдауға тыйым салынған адамның мұнан кейін де көлік құралдарын айдағаны үшін әкімшілік жауапкершілік туындайды.

     Айып  пұл Қазақстан Республикасы ҚК-ның 40 бабында негізгі немесе қосымша жаза түрінде көрсетілген.

     Айып  пұл деп – заң белгіленген  жағдайлары мен мөлшерінде соттың шешімімен  салынып ақшалай өндіріліп алуын  атайды.

     Айып  пұл мөлшері жасаған қылмыстың  сыр-сыйпаты мен ауырлығына байланысты және жауапкердің мүлік жағдайын ескеріп белгіленеді.

     Қылмыстық-атқару заңы да, басқа заңдар саласы тәрізді, дамуды, жетілдіруді қажет етеді. Өйткені Қазақстан Республикасы аумағындағы жазаны атқарушы мекемелер  қызметі ғана емес, сонымен бірге, қылмыстық-атқару заңында қарастырылуға  жататын мәселелер дұрыс әрі тиімді шешілуі керек.

      Мемлекеттің осы саладағы, яғни жазаны атқару мәселесіне жататын қызметтері соңғы кезде  назардан тыс қалмай, қылмыстық заңмен қатар реформалану үстінде. 1998-жылдан қолданыла бастаған қылмыстық-атқару заңы өз зерттеу нысандарын кеңейтіп, қылмыстық заңның 39-бабында қарастырылған қылмыстық жазалардың барлығының атқарылуы мен өтелуінің тәртібі мен жағдайларын қамтыды. Заңның бұлай кеңейуінің негізгі себебі - ол жазаларды атқару мәселесінен туындайтын қатынастардың бір тектес қатынастар түрін немесе мемлекеттің жеке қызмет түрін білдіретіндігіне байланысты. Сондықтан бұл заң, ендігі жерде, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды да қамтиды және еңбекпен түзеу құқығы емес, қылмыстық атқару құқығы деп аталады.

     Қылмыстық атқару қызметі басқа да құқық  қорғау қызмет түрлерімен, мысалы, сот, прокоратура, ішкі істер органдары  қызметімен байланыста жүргізіледі. Яғни сотталушының жаза өтеуі қылмыстылық  пен айналысатын барлық құқық  қорғау органдары қызметінен тыс  қалмайды. Сотталғандардың жаза өтеу мәселесіне байланысты жазаны атқарушы мекемелердің басқа да құқық қорғау органдарымен байланысқа түсуі қылмыстық атқару заңында тікелей қарастырыла кеткен. 

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы.- Алматы, 2002.
    2. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодесі. – Алматы, 1997.
    3. Уголовно-испольнительное право. Учебник. Под ред. И.В. Шмарова. – М., 1996\
    4. Әпенов С.М. Қылмыстық-атқару құқығы. – Алматы, 2001.
Айыппұл түріндегі жазаны атқару