Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі
Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі
Алматы, 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………
І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы
болып қалыптасуы....................
1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі.......................
ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын
зерттеуге арналған еңбектері…....................
2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы
тарихын зерттеуге қосқан үлесі.........................
2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады. Ал осындай ардақтыларын немесе өз тектілерін танымаған жұрт түптеп келгенде басқа халықтармен теңеспей қалатыны өмір дәлелдеген ақиқат», - [1] деп атап көрсетеді К.Н. Нұрпейіс. Сондықтан да зиялы қауым, Отан тарихы қайраткерлерінің өмір жолын зерттеу, ғалым болып қалыптасуы мен өскен ортасын, қоғамдағы алар орны, ғылымға қосқан үлесін саралау, тағылымдық жақтарын ашып көрсету, бағалау өте маңызды болып табылады.
Міне, осы тұста
халқымыздың ардагер ұлдарына
таңылған жаланы ақтауға
Сталиндік империялық саясат шағын ұлттардың ұдайы тұншықтырып ұстады. Тарихты жасаушылар халық бұқарасы деген ұстанымды бекем ұстап, жеке тұлғаларға, олардың қызметіне, дұрыс көңіл бөлінбеді. Осындай кезеңде қатыгез тағдыр тәлкегіне Қазақстандағы Алаш қозғалысы да ұшырады. Ол Қазақстанның тарих ғылымында соңғы кезге дейін жабық тақырып болып келді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы: «Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндік туды. Ол мүмкіндікті туғызғандар «Алаштың» ардақты азаматтары еді. Алайда енді басқа трагедия - тоталитаризм трагедиясы алдан шығып, тарихымыздың жүз жылға жуық белесін жапты да тастады. Тоталитаризм ұлтқа қарап жатпайды. Этностың басына түскен осынау заманда ешқандай ұлттың кінәсі жоқ екенін, мұның өзі жүйенің табиғатынан туындағанын түсінетін шақ жетті. Ол жүйе тұяқ серпитін сәтінде де Алматының алаңында жігіттер мен қыздардың қанына қол батырып қалудан шіміріккен жоқ...» [2]. Елбасының осы маңызды тұжырымы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын жаңаша тарихи тұрғыда зерттеуді қажет етті.
Заман ағымы маркстік-лениндік және басқа да біржақты ілімдердің өрісінің тар екенін ескеріп, тарихилық, ақиқат өлшемін басшылыққа ала отырып, тарихи тұлғаларға, әсіресе тарихшыларға көңіл аударуды талап етуде. Тарих ғылымының қайраткері, Алаш тарихын зерттеуші ғалымдардың алғашқыларының бірі К.Н. Нұрпейістің өмір жолын түгелдей дерлік бір игілікті іске, ұлтының өсіп-өркендеуіне арнап, артына мәңгі өшпестей із қалдырған ғалым деп айтуға негіз бар. Қазақ халқы оның есімін – елінің шынайы тарихын жасаушылардың бірі, Алаш қайраткерлерінің есімін ақтаған құнды зерттеулері арқылы таныды, білді. Тарихшылық жолын кеңестік құрылыс әкелген әлеуметтік және саяси өзгерістерді, мемлекеттік құрылыс мәселелерін зерттеуден бастаған К.Н. Нұрпейіс уақыт идеологиясының аясында шырмалып қалмай, бойына біткен табанды зерттеушілік және қоғамдық құбылыстарға барынша терең үңіле білу қабілетінің арқасында бүгінгі Қазақстан өміріндегі жаңалықтарды жан-жақты қарастыруға күш салды. Бұл мәселелер көрнекті ғалымның қоғамдық, ғылыми қызметіне талдау жасау, әділ баға беру үшін маңыздылығын арттыра түседі. Біздің мақсатымыз - оны тарихшы-ұстаз, ғалым ретінде көрсету.
Көрнекті ғалым, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Н. Нұрпейістің ұстаздық және ғылыми ұйымдастырушылық қызметі мен тарихи мұрасына қатысты объективті ғылыми баға беру ғалым өмір сүрген қоғамның жағдайын терең түсінуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен бірге, тәуелсіз еліміздің тарих ғылымы үшін де көрнекті тарихшы қайраткерлеріміздің ғылыми қызметі мен өмірбаянын зерттеп, жария етудің де маңызы зор екендігі ақиқат.
Қазақстан тарихына қатысты тың тұжырымдар мен пікірлер жасауда академик К.Н. Нұрпейіс еңбектерінің алатын орны ерекше. Кеңестік қоғамда өмірге келіп, сол кезден-ақ еңбек жолын бастаған ғалым еліміз егемендік алғанан кейін де ғылыми-ұйымдастырушылық және ұстаздық қызметін тоқтатпай, артына көптеген тарихи мұра қалдырды. Ол тәуелсіздігімізді алғаннан кейін өздерінің саналы ғұмырларын қазақ елі үшін құрбан еткен азаматтардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне және Алашордаға қатысты мәселелерді көтерді. Бойындағы білім мен қабілетін Отандық тарихтың дамуына жұмсаған К.Н. Нұрпейістің жеке тұлғасы да тарихи таным тұрғысындағы өзекті мәселе болып табылады.
Қарастырып отырған диплом жұмысы Отандық тарихтың дамуына сүбелі үлес қосқан К.Н. Нұрпейістің өміріне, ғылыми-педагогикалық қызметіне және ғылыми мұрасына арналған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Академик К.Н. Нұрпейістің өмір жолы, ғылыми және ұстаздық қызметі туралы ішінара жазылғанымен, арнайы зерттеліп, қарастырылған емес. Дегенмен, бұл тұрғыда К. Нұрпейістің алғашқы ғылыми еңбектері жайлы көптеген ғалымдар тарихнамалық сипаттағы сараптамалар мен пікірлер жазды. Онда ғалым еңбектері жоғары бағаға ие болды. Академик К.Н. Нұрпейістің ғылыми-шығармашылығы туралы алғашқы жариялым 1968 ж. М.Х. Асылбековтің «Советы 1917-1918 гг.» [3] деген тақырыпта әріптесінің «Советы Казахстана в борьбе за укрепление власти рабочих и крестьян» [4] атты көлемді монографиясына пікірінен басталады. 1972 ж. Н. Киікбаев пен Н. Едігеновтың «Құнды зерттеу» [5], 1973 ж. С. Қасимановтың ғалымның ғылымға келуі туралы «Кемелді еңбек» [6], С. Кенжебаев пен Ж. Жұмабековтың «Құнды зерттеу» [7] атты мақалалары жарық көреді. Ал, 1977 ж. Қазан социалистік революциясының 60-жылдығына арналған «Великий Октябрь в Казахстане» [8] жинағында жарияланған еңбегіне және 1988 ж. Т. Рысбековтың «Полезная публикация» [9] деп аталатын пікірлерінде К.Н. Нұрпейістің хронологиялық әдісті қолдана отырып, оқиғаларды нақты баяндай алғандығын және жергілікті Кеңестердің елдің экономикасы мен мәдениетін дамытудағы рөлін жақсы көрсете алғандығын атап өтеді. Сонымен қатар, аталмыш монографияға тарих ғылымының докторы, профессор, академик М. Қозыбаев: «К. Нұрпейісовтың монографиясының маңызы туралы сөз шерткенде оның бірнеше ерекшелігін атап кеткен орынды. Бұл еңбек көп жылғы ізденіс-толғаныстың сәтті нәтижесі, ол Қазан революциясы тарихының тарихнамасына өзіндік үлес қосатын туындылар қатарына қосылады»,- деп [10] жоғары баға береді.
Ғалымның ғылым саласына
келуі мен тарихи еңбектері жайлы
алғашқы топқа әртүрлі
2010 жылғы 12 наурызда ғалымның өзі 30 жылдан аса ұстаздық еткен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық Университеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымымен бірлесіп «Дүниежүзі тарихы: зерттеу және оқыту мәселелері» атты «Нұрпейісов оқулары» шеңберіндегі ҚР ҰҒА академигі К.Н. Нұрпейістің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіп, Қазақстанның барлық облыстарының жоғарғы оқу орындарынан 200 тарта ғалым келіп баяндама жасады және жинақ болып басылды. Бұл жинақта академик К. Нұрпейістің өмір жолы мен еңбектеріне сипаттама берілген. Академик туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Ф. Мажитов: «Кеңес Нұрпейісұлы – Қазақстан тарих ғылымының іргетасын нығайтып, оны дамытуға ат салысқан көрнекті қазақ тарихшысы»,-деп баға береді. Академик М.Х. Асылбек «Академик Кеңес Нұрпейісұлы егеменді еліміздің көрнекті тарихшысы» деген мақаласында ғалымның Қазақстандағы жергілікті Кеңестердің, шаруалар тобының, Алаш қозғалысының және т.б. өзекті мәселелерді зерттеуге қосқан зор үлесін жоғары бағалай келіп, 1980 ж. шыққан «Қазақ ССР тарихы» мен кейінгі жылдары жарияланған бес томдық «Қазақстан тарихы» сияқты күрделі еңбектерді даярлаудағы ерен еңбегін баса көрсетті. Ал, тарих ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева: «Адамгершілік, ғылыми тәртіптілік – Кеңес Нұрпейісұлының бойында біте қалыптасып қалған үлкен қасиет. Ол осы қабілет-қарымын Қазақстанның қуғын-сүргінге ұшыраған мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен ғалымдардың есімдерін ақтауға жұмсап, белсене ат салысты»,-деген байыпты сипаттама береді. Сонымен қатар, Ж.К. Таймағамбетов, Ж.Б. Аширбекова, Ф.А. Қозыбақова, Г.Ж. Өскенбаева, С.О. Смағұлова, Ж.Қ. Ахметова [12] сияқты зерттеушілердің еңбектерінде К.Н. Нұрпейіс есімі аталып, ғалымның шығармашылық ізденісінің қырлары, олардың кейбір бағыттарындағы қол жеткен жетістіктері аталып өтіледі.
К.Н. Нұрпейістің өмірбаяны
мен ғылым жолындағы
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: белгілі тарихшы К.Н. Нұрпейістің өмірін, қызметін, ғылыми мұраларын тарихи үрдістер контекстінде саралау және ғалымның отандық ғылымға, білім мен мәдениетке қосқан елеулі үлесін көрсету, тұлғалық бейнесін ашу, кеңестік дәуірдегі ғылыми шығармашылық мұрасын зерттеу, ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қызметі мен азаматтық көзғарасын зерделеу. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына төмендегідей нақтылы міндеттер қойылды:
- К.Н. Нұрпейістің шыққан
ортасын, тарихшы маман
- К.Н. Нұрпейістің ғалым
ретінде қалыптасуындағы
- К. Нұрпейістің зерттеулерін тарихнамалық тұрғыдан талдап, олардың ғылыми құндылығының, бүгінгі күнде де маңызын жоймағандығын көрсету;
- Ғалымның ғылыми-педагогикалық
қызметіне тоқталып, оқулықтары
мен ұстаздығы арқылы оның
Қазақстан тарихы ғылымының
- К.Н. Нұрпейістің көрнекті ғылым қайраткері ретіндегі іс-әрекетін Республиканың қоғамдық өміріндегі қызметімен байланыстыра зерттеу.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Диплом жұмысында К.Н. Нұрпейістің 1935-2007 ж.ж. аралығындағы өмірін толық қарастырып, 1958-2007 ж.ж. ҚР Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтындағы ғылыми ізденіс жолына, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі ұстаздық қызметіне, ғалымның көзі тірісіндегі және дүниеден өткеннен кейінгі жарық көрген ғылыми еңбектеріне тарихнамалық талдау беріледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
- Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы
Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Кеңес Нұрпейіс 1935 жылы 15 наурызда Алматы облысы, Кеген ауданы (қазіргі Райымбек ауданы), Саты ауылында дүниеге келеді. Бұл кезең 1930 жылдары елді шарпып өткен ашаршылық зардабынан енді ғана ес жия бастаған халықтың басына арада бірнеше жыл өтпей жатып тағы бір зұлмат – 1937 жылғы сталиндік жаппай қуғын-сүргін орнауымен тұспа-тұс келеді. Ол елдің бетке ұстар зиялы қауым өкілдерін, әр түрлі буындағы басшы қызметкерлермен қатар, саясатқа еш қатысы жоқ қатардағы еңбек адамдарын да шарпып өтті. Осындай алмағайып кезеңнің арасында дүниеге келген қаршадай баланың да өміріне небір қиындықтар түсті.
Әкесі Нұрпейіс Нүсіпбайұлы кезінде колхоз құруға ат салысқан, қудаланар алдында екі жыл Кеген ауданында аудандық партия комитетінің хатшысы болған. Ұлы Отан соғысы қарсаңында жазықсыз ұсталып кетеді. Кішкентай Кеңес әкесін содан қайтып көрген емес. Әкесі көзі тірісінде екі әйел алып, К.Н. Нұрпейіс екінші әйелі Айымжаннан туылады. Алайда, ол кісі К.Н. Нұрпейіс бір жасқа толғанда сусамыр (қант диабеті) ауруынан қайтыс болып кетеді. Жөргегінде әкеден, одан кейін шешеден айырылған ол Нұрпейістің бірінші бәйбішесі Қойсынның қамқорлығында болады. Қойсын анасы да көп ұзамай 1943 жылы қайтыс болады да, артында Қаниза деген қызы, Әлі атты ұлы қалады. Буыны қатпаған Әлі кішкентай Кеңесті жетектей отырып, ауылдан оншақты шақырым жердегі Қарабұлақ ауылындағы балалар үйіне апарады. Ол бес жылдай (1942-1946 жж.) сол жердегі бастауыш мектепте оқиды.
Соғыстан кейінгі ауыр кезеңде 1946 жылы мектеп жабылып, балалар үйінде тұрып жатқан оқушылар мектептен кетуге мәжбүр болады. Әкелері соғыстан аман-есен келген балалар өз жанұясымен қайта қауышып жатса, ал тұлдыр жетімдер далада қалады. Бала Кеңес те әкесінің бір танысының үйінде отымен кіріп, күлімен шығып жүреді. Бірде оны әдеміше келген, қырықтарға таяп қалған қараторы келіншек іздеп келеді. Ол келіншек Тұрлыхан атты шөбере әпкесі жолдасы Нұрбек екеуі келіп, бала Кеңесті алып кетеді. Үшеуі 1946 жылдың күз айында Алматыға келіп орналасады.
К. Нұрпейіс әкесінің орнына әке, анасының орнына ана болған жездесі мен әпкесі туралы: «Тұрлыхан деген менің шөбере әпкем Алматыдағы тігін фабрикасында саңлақ тігінші болған екен. Мені 1946 жылы алып келді, жағдай қиындаған, жұмыссыздық жайлаған заман. Жездем Нұрбек министрліктің қарапайым бір шаруашылық жағын басқарды, табысы аз. Сонда әпкем ісмерлігін пайдаланып, дүкеннен кездеме әкеледі де, киім тігеді. Тапқаны тамағына жетпей жүрсе де, мені басымнан аяғыма дейін комиссардың баласындай етіп киіндіреді. Ол кісілер маған жетімдік көрсетпеді. Үйлендірді, қолымда болды, екеуін де қолымнан жерледім. Екеуінің де басына белгі қойдым»,-деп ілтипатпен еске алады [11].
Алматыға келгесін 1924 жылы негізі қаланған №18 Жамбыл атындағы ер балалар мектебінде 1952 жылға дейін оқиды. Бұл жерде Мария Александровна Крыловецкая, Кенжеалы Айманов, А. Мусин сияқты мықты педагогтардан оқу оқып, мектепті күміс медальмен бітіріп, орта білім алып шығады [11].
Көрнекті ғалым Кеңес Нұрпейістің өмір жолына, тағдырына ерекше әсер еткен себептер сан-салалы болды.
Біріншіден, өзі айтқандай балалық, балғын кезінен ұйқысы мен күлкісін ұрлаған «халық жауының ұлы» деген қара таңбаның көп жылдар бойы ізінен қалмауы. Екіншіден, ғалымның зерттеушілік ғұмырының ең мол кезеңін алған Алашорда тарихы болуы. Үшінші бір тұсы – бесігін тербетіп, құндағын аялаған ел мен жердің, қазақ деген халықтың тарихына 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің қанды қырғын оқиғалары өткен Қарқара болып енуі. Міне, осы үш себептің жүгін арқалаған ұғымдар төркінінде тұлғалы ғалым, тұғырлы азаматтың өмірге деген көзқарасын қалыптастырған, ұлттық ой-жігердің, халықтық ар мен намыстың от-жалынын лаулатып, елін, жерін сүйген жүректің жасынын ойнатуына әсер етсе керек [14].
Орта мектепті тәмамдағаннан кейін, 1952 жылы Республикадағы бірден-бір іргелі оқу орны болып саналатын С.М. Киров атындағы (қазіргі Әл Фараби атындағы КазҰУ) Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетіне оқуға түседі. Бұл факультеттің ашылғанына да аз уақыт болмасада, белгісіз себептерге байланысты екі жылдан кейін бөлім жабылып, орнына философия-экономика факультеті ашылады. Студент К.Нұрпейіс ойлана келе тарих факультетіне ауысуды жөн санайды. Аталмыш университеттің тарих факультетінде К.Н. Нұрпейіске жоғары дәрежелі педагогтар дәріс беріп, жақсы білім алуына ықпал етеді.
К.Н. Нұрпейіс ізденіске толы студенттік кезеңінде білім берген ұстаздарын ерекше ықыласпен еске алады: «Менің жеке басым қажырлы да қайсар талант Е. Бекмахановтың, өз пәндерін терең меңгеріп, олардың мазмұнын аудиторияға жан-жақты жеткізетін Л.С. Фришманның, А.Н. Зайкиннің, А.Ә. Әлиевтің, К.П. Коржованың дәрістерін барлық ықыласыммен тыңдайтын едім. Көпшілігіміз ауылдан келген жастар жоғарыда есімдері аталған аға-апаларға қарап ой түзеуді үйренсек, бой түзеуді ұлдар жағымыз сол кездегі жас мұғалімдер мен Университеттік комсомол ұйымының жетекшілері Т.Ә. Найзағариннен, Ж.О. Ибрашевтан, С.Б. Нұрмұхамедовтен, қыздар жағы Университетте жаңадан оқытушы болып жүрген Гауһар Күленова, Руфина Филлиповна Смирнова сияқты аға-апалардан қарап үйренді»,- дейді [11].
Осындай талантты ұстаздардан
білім алған Университет
Студент Кеңес оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ тәлімгер-педагогтар мен бірге оқитын жолдастарының назарын, өзінің табандылығы мен эрудициясына, сұңғыла ойы мен терең біліміне аудартады. Төменгі курста жүрген кезінде-ақ оның ғылыми баяндамалары мен хабарламалары оқытушылар мен студенттердің үлкен қызығушылығын тудырады. Өйткені осы еңбектерінде К.Н. Нұрпейіс өзін дереккөздерге талдау жасай алатын, ең бастысы, кез келген аудиторияда өз ұстанымын сауатты әрі дәлелді көрсете білетін болашақ зерттеуші ретінде көрсетті. Сол кездің өзінде-ақ ол, негізінен, дәстүрден де алыстап кетпей, тарихшылар мен қоғам қайраткерлерінің түрлі пікірлерін тарих ғылымындағы жаңа үрдістердің тууы мен дамуын бейнелей отыра, өзіндік бір ерекшелікпен жинақтады. Әрине, студент Кеңес те басқа жастар сияқты тоталитарлық идеология үстемдік еткен кеңестік тарих ғылымындағы маркстік-лениндік идеяларға сенді және сол идеологияның ықпалында тәлім алды. Сондықтан да, тарихи ойлары да біржақты көзқараспен жазылғандығы өмір шындығы.
Шынында да, ғалым ғылым
шыңындағы алғашқы қадамын
Көп ұзамай тарих факультетінің деканы М. Ақынжановтың ұсынысымен арнайы степендия иегері, студенттердің қоғамдық жұмыстарының белсенді мүшесі талапшыл жасты ұстаздары өзі оқыған факультеттің «Жалпы тарих» кафедрасына оқытушылық жұмысқа алып қалады [16]. Бұл кафедраның сол кездегі меңгерушісі, тәжік ұлтының ұлы профессор Аббас Әлиев болды. «Жалпы тарих» кафедрасында қызмет істеген жылы К. Нұрпейіс үш пәннен: «Археология», «Этнография» және «Көне дәуір тарихынан» сабақ берді. Бөлімде 1958 жылдың ақпан айына дейін қызмет жасаған жас маман, сол жылдың ақпанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР Ұлттық Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтына кіші ғылыми қызметкерлікке қабылданады. Бұл кезең ғалымның өміріндегі үлкен белесті кезең болды. Міне, осылайша ғалым- педагогтардан білім алып, үлкен тәрбие мектебінен өткен, жалынды жастық шағын артта қалдырып өмірдің жаңа жолын іздеуге бет бұрады.
Кеңес Нұрпейіс сияқты көптеген жас тарихшылардың алдында елінің тарихын таптық тұрғыда қарау міндеті қойылды және тарих ғылымында еліміздің Қазан төңкерісіне дейінгі тарихының мәселелерін қарастыруға рұқсат етілмеді. Бұған себеп, 1947 жылғы Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің қоғамдық ғылымдар саласында қуғын-сүргінді күшейтумен қатар қазақ халқының төңкеріске дейінгі рухани мұрасын насихаттауға, зерттеуге тыйым салынды. Сондықтан, ғалымдардың көпшілігі зерттеу жұмыстарын Қазақстанның жаңа тарихының мәселелеріне арнады.
Кеңес Нұрпейістің де зерттеу еңбектерінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен 1917 жылғы революциялар тарихын, Кеңес өкіметінің қазақ жерінде орнауы мен ұжымдастыру мәселелеріне арнауы да уақыт талабына сай заңдылық болды.
К. Нұрпейіс Қазақ ССР Орталық Мемлекеттік мұрағатындағы, Омбы облысының Мемлекеттік мұрағатындағы, Семей облыстық Мемлекеттік мұрағатындағы, Шығыс-Қазақстан облысының мұрағатындағы, Павлодар облыстық мұрағаты мен Целиноград облыстық мұрағаттарындағы жекелеген құжаттарды негізге ала отырып, Қазақстандағы социалистік революция жеңісі мен мемлекеттік билік органы жұмысшылар диктатурасына айналу процесін қарастырды және тарихи әдебиетте алғаш болып қазақ ауылдарындағы кеңестердің құрылу мәселесін зерттеді. Осындай үлкен ізденістердің нәтижесінде, 1963 жылы «Қазақстандағы Октябрь революциясы мен азамат соғысының тарихы», «Қазақстандағы Кеңестер билігі үшін күрес» естеліктер жинағын, «Орта Азия мен Қазақстандағы шетел интервенциясы және азамат соғысы» атты құжаттар мен материалдар жинағының І томын, 1964 жылы ІІ томын жарыққа шығарды.
К. Нұрпейіс үнемі тарихи
зерттеудің жаңа жолы мен әдістерін
іздеу үстінде жүрген және еңбектері
әділ де, көңілге қонарлық шешімін
алып отырды. Әсіресе, бұдан кейінгі
жылдарда ғалымның зерттеу еңбектеріне
1918-1920 ж.ж. ұлттық-мемлекеттік құрылыс, Қазақ
Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының
құрылу тарихы, Орта Азия Республикалары
мен Қазақстанның ұлттық, территориялық
межеленуі, Кеңес өкіметінің Қазақстандағы
аграрлық реформалары, республикадағы
қоғамдық-саяси өмір мәселелері енді.
Олар: 1970 жылы «Қазақстан Советтерінің
І Құрылтай съезі», 1980 жылы «Қазақстан
– республикам менің», 1985 жылы
1978-1981 жылдар ғалым
үшін өте бір жемісті жылдар
болды, осы кезеңде негізгі
авторлардың бірі ретінде көне заманнан бүгінге дейінгі
«Қазақ ССР тарихын» шығаруға қатысуы
үлкен маңызға ие болды. Осы жұмысы үшін
1982 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология
және этнография институтының біраз ғалымдарымен
(Ә.Х. Марғұлан, Г.Ф. Дахшлейгер.
К.А. Ақышев, К.Н. Нұрпейіс, Б.Н. Әбішова)
бірге Қазақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты атағын алды. Осы жылдары институт
қызметкерлері даярлаған Ш.Ш. Уәлиханов
еңбектерінің жаңа екінші басылымы,
Кеңес империясы ыдырап, еліміз егемендік алғаннан кейін қоғамымыздың қайта жаңарып демократиялануы отандық тарих ғылымының жаңа тарихи контексте жазылуына, ХХ ғасырдың басындағы тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерін ашуға, сол заманда өмір сүрген тоталитарлық жүйеге қарсы күрескен тұлғаларды ақтауға, кеңестік дәуірдегі қуғын-сүргін саясатын әшкерелеуге мүмкіндік туғызды. Осыған байланысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайының мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «...Бүгінгі бостандықтың, бүгінгі тәуелсіздіктің өзінен-өзі келіп басымызға қона қалмағанын, азаттық үшін миллиондаған адамдардың қаны шашылып, жаны қиылғанын, зардап шеккенін де сіздер жақсы білесіздер. Бүгінгі күн ата-бабаларымыздың талай ғасырлар бойғы арманы еді. Отаршылдықтың темір құрсауының отызыншы жылдардағы ашаршылық пен Сталиндік жаппай жазалау құрбандарының, Ұлы Отан соғысында от ортасынан оралмаған боздақтардың кешегі желтоқсанда ұлттық намысын қолдан бермеу үшін, халықтың сағын сындырмау үшін бел буып шыққан жастарымыздың арманы еді» [19]-деп атап айтқан болатын. Елбасының осы маңызды тұжырымы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын жаңаша тарихи тұрғыда зерттеуді қажет етті.
Кеңес Нұрпейістің ғалым ретіндегі де, азамат ретіндегі де тұлғасы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ашыла түскендігін оның осы тұстағы жазған еңбектері, көтерген мәселелері мен соны тұжырымдары айқын көрсетеді. Бұл тұрғыда ең алдымен Алаш партиясының құрылуы, мақсат-міндеттері мен оның жетекшілері, 1921-1922 жылдардағы ашаршылық, 1937 жылғы зұлмат жөнінде жазған еңбектерін ерекше атау қажет. Бұл мәселе көлемінде, «Алаш және Алашорда тарихының зерттелуі хақында», «Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция» , «Алаш қозғалысы және оның жетісулық қайраткерлері», «Бәріненде шындық қымбат», «Народная трагедия Казахстана в период «Великого перелома» и «классового натиска» (голод 20-30 годов ХХ века)», «Ұлт тарихына жаңаша көзқарас», «Завершение эксперимента (Казахстан в годы НЭПа)» [20] тақырыптарына тың мақалалар жариялап, конференцияларда баяндамалар жасап, олардағы жаңа деректерді ғылыми айналымға қосып, тың ойлар айтып жаңа көзқарастың дамуына үлкен үлес қосты.
Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер кезеңінде ғалым алғашқылардың бірі болып ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихын, 1917 жылғы ақпан және қазан революциялары мен Алаш қайраткерлері жетекшілік еткен Қазақ Автономиясының тарихын объективті тұрғыдан зерттеу мәселесін көтерді. Аталмыш тақырыптарды зерттеу барысында К.Н. Нұрпейіс терең тамырлы тарихи шындықтан туындаған мәселелерді ашып көрсетуді басты мақсат етті.
Академик еліміз тәуелсіздік
алған жылдары институттың

- Академическая активность студентов
- Академический рисунок гипсовой головы античной скульптуры
- Академия художеств
- Академічні театри опери і балету України
- «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау
- АКА» ЖШС-ның қаржыландыру қайнар көзін пайдалану тиімділігі мен жетілдіру жолдары
- Аквапарк «Атлантида»
- Айран – қасиеті бар тазартқыш
- Айседора Дункан в России
- Айтудың ашықтығы мен тазалығы
- Айчүрөк» жана «Манас» опералардын артисттери, кыргыз акындар
- Айыппұл түріндегі жазаны атқару
- Айырбас бағамының теориялық сипаты
- Академик живописи В.В. Максимов