Алуеметтік сақтандыру

Кіріспе 
 

         Жалпы әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлсіз топтарға көмектеседі, оларды дұрыс қалыпта өмір сүруге жетелейді. Сол адамдардың қайта қалпына келтіруге әлеуметтік педагогтар үлкен үлес қосады. Соның ішінде, әлеуметтік педагогтың диагностикалау және болжау жұмыстары да ерекше орын алады. Сондықтан да әлеуметтік педагогтың диагностикалау және болжау функциясын жетілдіру қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

       Курстық жұмыстың көкейкестілігі- қазіргі таңда заман, технология жоғары дамығандығымен қатар, әлеуметтік жағдай да шиеленісіп келеді. Соның ішінде мінез-құлқы девиантты, деликвентті балалар, қиын балалар, көше балалары деген сияқты проблемалар қоғамымызда ерекше көңіл аударуды талап етіп отыр. Бұл проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыскерлердің орны ерекше. Ал сол ауытқыған балалармен жұмыс істеп, оларды қайта тәрбиелеуде әлеуметтік педагогтар мағызды орын алады. Осындай балалармен жұмыс атқару және сол жұмыстарының барынша нәтижелі шығуына әлеуметтік педагогтардың диагностикалық және болжау жұмыстарының тиімді болғаны дұрыс.

       Курстық жұмыстың мақсаты  мен міндеті – адамдар арасындағы ауытқыған мінез-құлықты тұлғаларды зерттеп, оларды қайта тәрбиелеудегі ең тиімді диагностикалау және болжау жұмысын жетілдіру технологиясын жасап шығару.

       Зерттеу объектісі - әлеуметтік көмекке мұқтаж мүгедектер, балалар, топ, ұжым мен олардың мүшелері.

         Диагностикалық функция-әлеуметтік педагогтың іс-әрекетінен туындайды. Оны жүзеге асыру алынған нәтижелерді қатаң түрде анализдеу мен интерпретациялауды талап ететін комплексті әлеуметтік - психолого-педагогикалық диагностикалық зерттеуден басталады. әлеуметтік педагог баланың дара  қасиеттерінің әлеуметтік ортада дамуын диагностикалайды, баланың әлеуметенуіне осы ортаның әсер ету ерекшеліктерін, оның позитивті мүмкіндіктері мен негативті әсерлерін анықтау, ал сонан соң болжау функциясын атқара отырып, әлеуметтік тәрбиенің барлық субъектілерінің

іс-әрекеттерін  проектілейді.

     Әлеуметтік  педагог  мониторинг негізінде балаға оның жеке дамуындағы әлеуметтік тәрбиенің кәсіби және комплексті (әлеуметтік - психолого-педагогикалық диагностика) көмек көрсетуінің әсерін және әлеуметтендіру процесінде өзін-өзі жетілдірудің сәттілігіне және оны координациялауға мүмкіндігі бар.                 «Әлеуметтік педагогика»деген түсінік педагогика ғылымының бір саласы ретінде кейінгі кезде қолданысқа енген.  Бұл ұғымның бірі- философиядан, екіншісі – педагогикадан алынып, олардың бірігуі ғылымдағы дифференция және интеграция үрдістерінің негізінде туындағын.         

                 

  1.Әлеуметтік диагностика және болжау жасау

       1.1 Тұлға  және оның әлеуметтік байланыстарының диагностикасы 

       Ғылым дамыған сайын жаңа ғылыми ойлар туындап, қоғамның талабы өзгереді, мәселелерді шешу мақсатында оның тармақтары топтастырылып, не болмаса жіктеліп, көбейіп, бір ғана мәселені бірнеше ғылым жан-жақтан зерттей бастайды. Мысалы, педагогика мен философияның негізінде «Білім философиясы», психология мен педагогика негізінде «Педагогикалық психология» пайда болды. Ал әлеуметтану мен педагогиканың негізінде «Әлеуметтік педагогика» саласы дүниеге келді.

                    «Әлеумет» сөзі қазақ тілі сөздігінде «адамдар қауымы» деп түсіндірілсе, яғни «социология» латынша «қоғамдық», «жалпы» деген мағынаны білдіреді. Ол – бірге өмір сүрген адамдардың тұрмысын, олардың қарым-қатынастарын және өмір сүру формаларын, оның салдарын зерттейтін ғылым. Белгілі бір қоғамдағы балалар оқу – тәрбие үрдісінде бірге білім алып, қоғамдық іс-шараларға қатысып, әлеуметтік тәжірибе жинақтап, «әлеуметтану» үрдісіне қатысады.

                       Әлеуметтік педагогиканың пәні – адамның әлеуметтік қоғамда орын алып, қалыптасуы және дамуының педагогикалық-философиялық аспектілері болып, оның жетістіктерін қуаттап, жойылған не ауытқуға ұшыраған тұстарын қалыбына келтіру.

                    Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасының нысаны- қоғамның мүшесі ретіндегі адамның тұлғалық және қоғамдық сипаттары.

                    Педагогика гректің «peidagogo», яғни «баланы жетелеу» деген сөзі. Ертедегі құл иелену дәуірінде баланы бағып –қағып, серуенге алып шығып, оқуға жетелеп алып баратын адамды «педагог» деп атаған. Мектеп (ІХ-Х ғғ.) пайда болған кезден бастап, ондағы мұғалімді «педагог» деп атаған. Бұл сөз-жас буынды оқыту, тәрбиелеудің теориясы мен практикасын зерделеп, оның даму тенденциялары барысындағы жаңалықтарды қарастыра келіп, осы істі ұйымдастырудың жолдарын қоғамдық ғылымдармен араластыра отырып, ұсыныстар мен нұсқалар беретін ғылымның саласы болып табылады. 

     Тапсырмалар: психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік зерттеудің әдістері мен әдістемелері туралы білімдерді өзектендіру;

    • Әлеуметтік педагогтың диагностикалық және болжау функцияларының маңыздылығын анықтау;
    • Клиенттің тұлғалық, индивидуалды – психологиялық ерекшеліктерін зерттеудегі кәсіби мүмкіндіктерді бекіту, оның қалыпты потенциалы мен отбасындағы әлеуметтік статусын анықтау, ұйымдасқан ортада позитивті және негативті әсер ететін референтті тұлғалар арасындағы статусты анықтау, сонымен қатар тұлғаның әлеуметтенуінің дамуына әлеуметтік факторлардың, микроауданның инфрақұрылымының әсерлерін зерттеу;
    • Тұлға дамуын болжамдауды және проектілеуді, сонымен қатар микроәлеуметтегі әлеуметтік  - педагогикалық ситуацияны зерттеу.
 

    Сабақ жоспары:

      1. Диагностикалық функцияның маңыздылығы; "диагностика" "педагогикалық диагностика", "әлеуметтік-диагностика", "әлеуметтік - педагогикалық диагностика" түсініктерінің өзара байланысы
      2. Әлеуметтік - психолого-педагогикалық диагностиканың тапсырмасы. Педагогикалық диагностиканың объекті мен пәні
      3. әлеуметтік педагогикалық диагностиканың әдістері мен оның сипаттамасы
      4. Диагностикалауды ұйымдастыру мен тәртібі (кезеңдері, диагностикалауды жүргізудегі қойылатын талаптар)
      5. Бала ерекшелігін, микроорта мен әлеуметтік статусын зерттеу. Микроауданның инфрақұрылымдарын зерттеу
      6. Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік- педагогикалық технологиясы мен диагностикасын жүзеге асыру
      7. Болжау функциясының маңыздылығы мен жүзеге асырылуы.
 

      Практикалық тапсырмалар 

       Бірінші тапсырма

Мынадай логикаларды: білу үшін зерттеу, түсіну үшін білу, көмек көрсету үшін білу, көмек көрсету үшін түсінулерді ұстана отырып, әлеуметтік педагогика жұмысы жүйесіндегі болжамдау және диагностикалау функцияларының маңызы мен орнын анықтау

    1. Тұлғаның, топтың, ұжымның, отбасы түрлерінің, тәрбиелеу ситуацияларының, отбасындағы өзара қарым –қатынастарын зерттеудің әдістерін сипаттау
 

       Екінші  тапсырма

       Баланың жеке қасиеттерін, оның қалыпты потенциалы мен "проблемалы өрісін", әлеуметтік статусын және оның отбасындағы ерекшеліктерін, референтті тұлғалардың позитивті  және негативті  әсерлерін зерттеудегі  мүмкін болатын әдістерді жасап шығару, бала дамуы мен әлеуметтенуіне микроаймақ инфрақұрылымының және басқа да әлеуметтік факторлардың әсерлерін анықтау. 

       Тапсырмаларды орындау.

    1. Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқу; зерттеу объектісін анықтап, өз таңдауыңды негіздеу;
    2. Зерттелушінің тұғалық, индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерін жеке бақылау әдістерін, психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдана отырып, онымен әңгімелесіп, мектеп құжаттарын, медициналық карталарды пайдалана отырып анықтау;
    3. Зерттелушінің денсаулық жағдайына, физикалық даму ерекшеліктеріне көңіл бөлу (жасына бойының, салмағының сәйкес келуі);
    4. Тәрбиеленушіні әр түрлі іс-әрекет кезінде байқап көру:

       Оқу іс-әрекетіне қарым-қатынасы қандай (үлгерімі, білім деңгейі, оқу дағдыларын игеру деңгейі, оқудың негізгі мотивтерін білу, белгілі бір пәнге ерекше қызығу, есте сақтау қабылетінің ерекшелігі, ойлау және назарын сала білуі);

       Еңбек іс-әрекетінде қандай қарым-қатынаста  болады (еңбек дағдыларын игеру, қабілеттілігі, т,б,);

       Қандай іс-әрекетке тұрақты қызығушылығы бар;

       Қандай  да бір үйірме, секция, клубтарға  қатысады ма;

       Кәсіби  бағытталушылық байқалады ма (кәсіби мақсат, ориентация, болашақ мамандығын таңдау мотиві).

    1. Бала отбасының ерекшеліктерін және берілген үлгідегі бағдарлама бойынша тәрбиелеуші потенциалды зерттеу:
    2. Отбасы құрамы, отбасы құрылымы (толық, толық емес, бір балалы, көпбалалы, ажырасқан ата-аналы отбасы)
    3. Отбасының тұрмыстық-тіршілік жағдайы (нормаларға жауап беретін өмір сүру аймағы, өмір сүру жағдайларының жақсартылуына мұқтаж, баланың бөлек бөлмесі бар, сабақ оқуға арналған бұрышы бар)
    4. Отбасының материалды қатамасыз етілуі (қамтамасыз етілген, аз қамтылған)
    5. Отбасындағы өзара қарым-қатынасының сипаты: отбасының үлкен мүшелерінің арасында (гармониялы, тұрақсыз, шиеленістік, жылдам шиеленістік, моральді емес, т.б.);

           Ата – аналар, отбасының  үлкен мүшелері мен баланың арасындағы қарым-қатынас (қамқор, достық, сенімділік, тең құқықтылық, толық өз бетінше болу, тәуелсіздік, бақылаусыздық, т.б.);

       Баланың отбасындағы жағдайы (өз бетінше әрекет жасауға қалдырылған, онымен ешкім қызықпайды, өзіне сенімсіз, ата –аналарымен болатын сұхбаттан қашады, өзін "Золушка" немесе "кумир" ретінде қиялдайды, үлкендердің ұрысының негізгі объекісі болып табылады);

       Баланың ата –анасына деген қарым-қатынасы (отбасыны қадірлейді, және ол үшін ата –ана даңқты, ата –анасына немқұрайлы немесе ұнатпай қарайды, отбасылық драманы өте қатты сезінеді, отбасындағы бір адам үшін ол баланың ауыртпалығы сезіледі (кім үшін және не үшін);

    1. Отбасының қандай да бір мүшесінің мінез –құлқындағы ауытқушылықтың болуы (алкоголизм немесе наркомания т.б.). Осындай факторлардың балаға әсері;
    2. Отбасы мүшелерінің баланың мінез –құлық құндылықтарына қарым-қатынасы;
    3. Педагогикалық ағарту және білім беру жұмыстарының деңгейлері және отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі ( отбасы қандай тұрақты педагогикалық баспаға  жазылып отырады, олардың үй кітапханасы бар ма, театр, филармония, кинотеатр сияқты мәдени орындарға барып тұрады ма, қандай әдебиеттерді оқиды, теледидар, магнитофон, радио, музыкалық аспаптары бар ма, т.б.);
    4. Отбасының тәрбиелеуші потенциалы (жоғары, тұрақсыз немесе әлсіз):

       ата –аналардың психологиялық –педагогикалық әдебиеттерді білуі, тәрбиелеу жөніндегі  кітаптарға қызығушылықтың болуы;

       ата – ананың баланың оқу, еңбек сфераларының мазмұны мен ұйымдастырылуына қарым-қатынасы (үй тапсырмаларының орындалуы, отбасындағы еңбек міндеттерін атқару, бос уақытын өткізу);

       баланың тәртіп орындауын және соның жүзеге асырылуын ұйымдастыру мен оның формасы және бақылау;

       ата –аналардың балаларға талабының бірыңғайлығы, мадақтау өлшемі, және оны жазалау.

       баланың отбасындағы үлкен адамдардың жұмыстарына  қарым-қатынасы (мамандығына, қиындықтары  мен сәттіліктеріне);

    1. Әлеуметтік факторлардың отбасы мен оның мүшелерінің әлеуметтенуіне әсер етуі.
    2. Баланың отбасындағы, ұжымдағы, формалды емес қарым-қатынас сферасында (клуб, секция, көңіл көтеру және т.б.) әлеуметтік ұстанымын анықтау.

       Білім беру жүйесі қаншалықты бай болған сайын, әрбір оқушының отбасындағы, құрбы –құрдастарымен болған қарым-қатынаста, қоршаған ортамен нақты қарым-қатынастары арқылы жиналатын субъективті тәжірибелерге сүйене отырып, оның индивидуалды мүмкіндіктерін ашу оңайға соғады.

       Баланы  қоршап тұрған микроортаны белгілеу, және бала осы берілген әрбір сфера  іс-әрекетінде қандай әлеуметтік ұстаным ұстанатынын анықтау керек.

       Осы сфералардағы қарым-қатынастардың  біреуінің дезадаптациясы балаға кері жағынан өте қатты әсер етеді, сонымен қатар оның басқа сфералардағы сәттіліктерге қол жеткізуіне де әсерін тигізбей қоймайды. Дезадаптация барлық сфераларда  бір уақытта баланың тұлғалық өсуі кезінде проблемаларды қатар  алып жүреді.   

       Үшінші  тапсырма

       Зерттеулердің нәтижесінде алынған нәтижені өңдеп  шығу.

    1. Жас өспірімнің қалыпты потенциалын анықтау керек. Қалыпты сапаларына оның бағдарымен сипаттама беру, ал жетіспеушіліктерді позитивті жоспарға енгізу керек. "Құндылық", "қызығушылық", "идеалдар" параметрлерін толтыру кезінде жүргізілген әдістердің анализіне көңіл аудару керек. Тұлғаның индивидуалды – психологиялық ерекшеліктерін зерттеу кезінде тұлғаның бағыттылығын, темпераменттің жетекші типін, өзін -өзі бағалаудың деңгейлерін анықтауға арналған әдістемелер көп көмектеседі.
    2. Балада отбасындағы, үлкендермен, құрбы-құрдастарымен тұлғааралық қарым қатнас кезінде қандай да бір проблемалар туындайды ма және сол проблемалардың туындау себебі неде екенін анықтау. Баланың дамуында қандай да бір психологиялық немесе физиологиялық жетіспеушіліктер (төмен өзін-өзі бағалау, мінез-құлық акцентуациясы, жасына физикалық дамуының сәйкес келмеуі, көз көру қабілетінің төмендігі, есіту қабілетінің төмендігі, назар аудара білу қабілеті  бар ма) соған көңіл бөлу керек.
    3. Социометрия әдісі арқылы немесе басқа да әдістер арқылы тұлғаның референтті адамдармен  қарым-қатынасын   (сыныпта, мектепте, отбасында, формалды емес қарым-қатынас кезінде) зерттеу керек. Бұл оқушының өзіндік "Менін" қалыптастыруында маңызды орын алатын, сонымен қатар бірқатар проблемалардың да туындауына да әсер ететін негізгі жағдай болып табылады. Осылардың ішінде біреулер позитивті, біреулер негативті болуы мүмкін.
    4. Баланың "қарым – қатынас өрісін" анықтауға тырысу керек: сіздерді не біріктіріп тұр, сіздердің қандай жалпы тұстарыңыз бар. Бір –біріне сәйкес келетін жақтардың анықталуы сізге баламен ортақ тіл табысуға үлкен септігін тигізеді.

            Өзіңіздің бақылауларыңызды, анализ нәтижесі мен рекоментацияны келесідей үлгіде ұсыну керек.  

       
      1. Бала туралы жалпы мәліметтер
 

                     Тегі, аты ______________________________________________

               Жасы, сыныбы _________________________________________

               Отбасы туралы мәліметтер _______________________________

        Денсаулық жағдайы ____________________________________

        Үйірмелерге, спорт секцияларына, клубтарға қатысуы ________

        Тапсырманың орындалуы ________________________________ 

       
      1. Индивидуалды  психологиялық ерекшеліктері

                   

                     Темперамент түрі _______________________________________

                     Өзін-өзі бағалау _________________________________________

                     Тұлғаның бағыттылығы __________________________________

                     Ақпараттарды қабылдаудың жетекші  арналары ______________ 

       
      1. Тұлға дамуына және әлеуметтенуіне әлеуметтік факторлардың (микрофактор, мезофактор, макрофактор, мегафактор) әсері
      2. Жеке тұлғалық бағдарлық картасы
      3. Әлеуметтік- педагогикалық жағдайдың құрылуы мен жүзеге асырылуының рефлексивті түрде өзін-өзі анализдеу.
 
Қалыпты ориентациялы тұлғаның сипаттамасы Тұлғаның проблемалы аймағы Қоғамдағы референтті адамдар Қарым-қатынас аймағы (педагог пен тәрбиеленушінің арасында) Тәрбиеленушінің сәтті әлеуметтендіру мен тұлғалық дамуға қол жеткізу мақсатымен қарым-қатынас жасау жолдары
"Сен  индивидуалдысың, сенің өте көп  жақсы тараптарың бар,,," 

-құндылықтар

-идеалдар

-талпыну

-қызығушылықтар

-тұлғаның артық тұстары

"Мен саған  қиын екенін түсінемін..." 
 
 
 

-индивидуалды – психологиялық ерекшеліктерінің проблемалары

-үлкендермен, құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен, формалды емес топтармен өзара қарым-қатынас кезіндегі проблемалар

-қалыпты денсаулық жағдайынан ауытқу

-отбасындағы өзекті мәселелер..

"біз екеумізге  көмектеседі..." 
 
 

-позитивті, сонымен қатар негативті әсерлерге ие болатын тұлғалар

"Бізді біріктіреді..." 
 
 
 
 

-бағыттылық

-қызығушылықтар

-жалпы іс-әрекеттер

-жалпы мәселелер

-бірге өмір сүретін...

(Бұл бағана  студенттермен (тыңдаушылармен) болжау, коррекциялық және басқа да  функциялар орындалғаннан кейін  толтырылады)
 

            Баламен өзара қарым-қатынас процесінде сәттілікке қол жеткізу үшін, мынадай шарттардың орындалуын қамтамасыз етуіміз керек: тәрбиеленушіні толыққанды серіктес ретінде қабылдау; бала тұлғасының қалыпты тарабына сүйену; баланың өзін -өзі жетілдіру қабілеттілігіне ие болуы мүмкін екеніне сену; онымен қарым-қатынас кезінде өзінің тәрбиеленушіге сенетінін айту, оның рухани қалыбын түсіне білу; оның ерекшеліктерін білу (өмірінің тарихын, индивидуалды – психологиялық және жастық – жыныстық ерекшеліктері, отбасындағы, құрбы – құрдастары, сыныбы, формалды емес топтардағы әлеуметтік статусын білу) және оны әрқашан есепке алып отыру.

    1. Жеке тұлғаның артықщылықтары және "проблемалы аймағын" анализдеу негізінде тұлғалық өсім картасын құрастырыңыз.
 

       Төртінші  тапсырма

      1. Қала микроаудандарындағы, ауылдарындағы инфрақұрылым мен әлеуметтік – педагогикалық жағдайды зерттеп, талдау керек.
      2. Микроаймақ инфроқұрылымының әлеуметтік төлқұжатын құрастыру керек.
      3. Микроаудандағы әлеуметтік- педагогикалық жағдайдың дамуын болжамдап, осыған байланысты әлеуметтік- педагогтың іс -әрекетінің бағдарламасын жасау керек.
      4. Микроаудандағы әлеуметтік тәрбиені сол жердің іс -әрекетті тәрбиелеуші барлық субъектілерін есепке ала отырып, әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін модельдеу керек.
      5. Микроаудандағы әлеуметтік тәрбиенің әрбір субъектісі іс -әрекетінің мазмұнын жоспарлау керек.

Тақырыпқа арналған материадар

Тұлға және оның әлеуметтік байланыстарының диагностикасы

"Аяқталмаған  тезис" әдістемесі

             Бұл әдістеме бала тұлғасының әлеуметтену процесіне, және оның дамуы  мен құрылуына әсер ететін қоршаған орта факторын анықтауға мүмкіндік  береді.

       Келесі  анықтамаларды соңына дейін жазыңыз:

       Мен мынандай сеніммен тәрбиелендім

       Отбасы  – бұл...;

       Жұмыс – бұл...;

      Ақша  – бұл...;

      Оқу– бұл...;

      Еркек– бұл...;

      Әйел  – бұл...;

      Сәттілік  – бұл... .

         Балаға жеке өзінің ұстанымын  анықтау емес, оны қоршаған ортасының  (ата-аналары, туған-туыстары, таныстары, мұғалімдері, т.б.) ұстанымына анықтама беру керектігін түсіндіріп өту керек. Балалар сонымен қатар қандай ұстанымды қабылдайтынын ("+" белгісімен), немесе онымен келіспейтінін ("-" белгісімен) белгілеуге де болады.  

Жетіспеушіліктер – артықшылықтардың жалғасуы

      Әрбір тәрбиеленушінің ең дамыған қасиеттерін  белгілеңдер. "Жетіспеушіліктер артықшылықтардың жалғасуы" принципі бойынша тәрбиеленуші мінез-құлқының негативті тараптарын позитивті түрге ауыстыру керек.

Мысалы:

       Қырсықтық - өз көзқарасында  тұрақталып қала алу қабілеті;

       Қызғаншақтық  – үнемді өмір сүре алу қабілеті;

       Үшқалақ – қызуқанды, өзінің пікіріне ие;

      Осылайша, сіздер позитивті сапалық  қасиеттердің бірқатарына ие  бола аласыздар. Мұндағы негізгі  мақсат пен көңіл тәрбиеленушімен қарым-қатынастың эффективті болуына бөлінеді.  

Мен нені жақсы көремін? Мен нені жақсы  көрмеймін?

Тәрбиеленушінің өмірлік құндылықтарын анықтаңыз. Мынадай тапсырма беріледі: " Мен нені жақсы көремін? "  және " Мен барлығына қарағанда нені жақсы көрмеймін?" деген сұрақтарға он жауаптан берілуі керек.

       Кезегімен орналастыру

       Тұлға сапасы үшін маңызды деп санайтын құндылықтар мен іс -әрекеттерді  рет –ретімен қойып шығыңыз.

Тұлғаның  сапасы Құндылықтар Іс -әрекеттер
Ақылды Достар Оқу
Пәк Еңбек Теледидар тамашалау
Сыпайы Білім Қыдыру
Әділ Отан Көңіл көтеру, қыдыру
Еңбексүйгіш Ақша Достарымен  әңгімелесу
Адал Мектеп Оқу
Мейірімді Адам Шаруашылық  жұмыстарға көмектесу
Қайырымды Табиғат Жануарларға қамқорлық  жасау
Кәсіпкер Денсаулық Кіші балалармен ойнау
Қарым-қатынасқа  тез түсетін Отбасы Спортпен айналысу
Көңілді Сәттілік Музыка тыңдау
Қуатты Шығармашылық Техникалық  құралдармен шұғылдану

         

         Жіктеу есімдіктерін кезегімен  орналастырып шығу тұлға психологиясы  жайлы көптеген мәліметтерді  береді. "Мен", "сен", "ол", "біз", "олар" деген есімдіктердің өзіңе қаншалықты маңыздылығына қарай орналастырып шығу керек.

       Бала  бірінші және соңғы орындарға  қандай есімдікті қояды?

       Тапсырманы  кезегімен қойып шыққаннан кейін  әрбір есімдіктің астарында не тұрғанын ойлайтынын сұрап (мысалы "біз" есімдігі дегенде отбасы немесе достар, немесе сынып, немесе...)  қиындатуға да болады. 
 
 

       Қиялғажайып таңдау 

       "Сиқырлы"  ситуацияны қолдана отырып, балалардың  қажеттілігін өзектендіріңіз.

       Мысалы:

       Саған алтын балық келді, және ол сенен "Саған не керек?" деп сұрады.

       Егер  сен бір сағатқа сиқыршыға  айналып қалсаң не істейтін едің?

       Сен адам тұрмайтын аралға кетіп бара жатырсың, және ол жерде қалған бүкіл өміріңді өткізесің. Сен өзіңмен бірге бес сөзбен белгілейтін заттарды алуыңа болады. Осы бес сөзді ата. 

       Аяқталмаған хат

       Таныс емес досыңызға жазған хатты аяқтаңыз:

          Мен өте жақсы өмір сүріп  жатырмын, себебі ...

          Мен нашар өмір сүріп жатырмын, себебі ... 

       "Менің  ғаламшарым"

       Тәрбиеленушіге "Менің ғаламшарым " картасын толтыруды ұсыныңыз. Тапсырманы орындауға түрлі- түсті қарындаш немесе фломастерлер, сурет салу парағы керек болады.

       Баланы  өзіңізге тартып, жағымды атмосфера  құрыңыз. Баладан сурет салу парағына күнді салуын сұраңыз. Күнді түсіндіре отырып, "күн" – бұл сендерсіңдер: "Сендер дәл күн сияқты өздеріңе жақын адамдарға жылу, мейірім, қуаныш сыйлайсыңдар. Демек, күн сәулелері – сендердің тұлғаларыңның артықшылықтары. Оларды атаңдар. Бұл мінез-құлықтағы, сонымен қатар сырқы бейне артықшылықтары да болуы мүмкін, немесе ерекше сипаттары- мейірімділік, қарым-қатынасқа тез түсетін, көңілділік, жауапкершілік, әдемі көздер, жастық ... Күнде өзіндік "Меніңізді" көрсете отырып, өзіңізді өзіңіз бейнелеңіз. 

      Өзіңіздің кеңістігіңізде ғаламшардағы планеталарды салыңыз. Планета – барлық адамдарға өте маңызды. Планеталарды олардың атауымен атаңыз.

       Планета ақиқаттағы адам немесе ойдан құрастырылған  кейіпкер, біреудің өмірі, тағдыры, мінезі, іс -әрекеттері сізге ерекше, терең әсер қалдырған тарихи батыр болуы мүмкін.

       Өзіңіздің ғаламшарыңыздың картасында өзіңіз үшін маңызды, жарқын, өзіңізге әсерлі орындарды жұлдызшамен белгілеңіз. Сүйікті қалаңызды, жұмысыңызды, дәстүрді, талисман, мереке, белгілі заттарыңызды есте сақтаңыз.

       Қалауы  бойынша (егер қаламасаңыз, жасамасаңыз  болады) тұмандылықты, бұлтты, т.б. белгілеңіз.

       Күнге, бұлтқа, планета мен жұлдыздарға  қараңыз. Кім көбірек осы тұмандылықтар  мен қара бұлттарды кетіре, тарата алатынын ойлап көріңіз. Оларды сызықтармен  біріктіріңіз, нәтиже шығарыңыз, кім  сіздің өзекті мәселелеріңізді шеше алады: сіз өзіңіз бе, әлде жақын адамдарыңыз ба?

       Тәрбиеленушілер ғаламшар картасын толтырып болғаннан  кейін анализ жасаңыз:

       - Ондағы "Мен" образын қабылдау;

       - Өзін -өзі бағалау (күннің өлшемі, оның орналасуы мен сәулелері);

       - Эмоционалдық жағдайы (қандай түстер қолданды);

       -Тұлға сапалары (күнде, сәулелерде ненің суреті салынған);

       - референтті тұлғалардың әсер етуі;

       - өміріндегі маңызды жұмыс түрін таңдауы (жұлдызшар).

       "Менің  ғаламшарым" картансын  анализдеу  кезінде психодиагностика бойынша білімдеріңізді қолданыңыз. Бұл сіздің тәрбиеленушіні жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

       Біраз уақыт өткеннен кейін осы әдістемені қайта жүргізіп көріңіз.  Әрбір  тәрбиеленушімен анализдеп көріңіз, оның картасында, оның өмірінде не өзгерген? Неге? Нәтиже шығарыңыз.  

       Референтті тұлғалар

       Сіз үшін үлкен маңызға ие сіздің қоғамыңыздағы  он адамды жазыңыз. Олардың ішіндегі қайсысы сізге барлығына қарағанда  жақынырақ, белгілеңіз. Мысалы Мен -мама-  құрбым-Қанат-жаттықтырушы... . 

       Мен және менің сыныбым

Алуеметтік сақтандыру