Қаржы саясаты мен қаржы механизмі
Мазмұны | |
Кіріспе |
|
1 бөлім. Қаржының экономикалық мәні және функциялары |
|
1.1. Қаржы ұғымы,
оның мәні мен қажеттігі, |
|
1.2. Қаржы қатынастарының
объектісі ретіндегі қаржы |
|
1.3.Қаржы жүйесі
және оны ұйымдастырудың |
|
|
2 бөлім. МКК «Батыс
Орманының» ұйымдық- |
|
2.1. МКК «Батыс Орманының»
ұйымдық-экономикалық сипаттамасы |
|
2.2. МКК «Батыс Орманының»
қаржылық – экономикалық |
|
|
3 бөлім. Қаржы саясаты мен қаржы механизмі |
|
3.1. Әлеуметтік-экономикалық
процестердегі қаржы қаржы механизмінің мәні мен маңызы |
|
|
|
|
Қорытынды |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
|
Кіріспе
«Қаржы» термині «қолма-қол
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның қызметіне байланысты болады. Сонымен қатар, осы қызмет арқылы қаржының мәнін толық алып қарастыруға болады. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттілігін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар қызмет түрлерін де зерттеуді талап етеді.
Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс істейді.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер, банк кредиттері, бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар, мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде – кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары.
1 бөлім. Қаржының мәні, функциялары мен рөлі
1.1. Қаржы
ұғымы, оның мәні мен
Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен айшықталады.
«Қаржы» ұғымы
мемлекетпен бірге бір уақытта
қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің
дамуы мен оның ресурстарға деген
қажеттіліктерін
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қарадаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Алайда кез-келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі құндық экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, кредиттің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тікелей қаржы операцияларына мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және басқа операциялар.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді (1.1 сызбаны қараңыз). Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады, ияғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады.
- сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі
Ж а л п ы қ о ғ а м д ы қ қ а т ы н а с т а р
Ө н д і р і с т і к қ а т ы н а с т а р
А қ ш а қ а т ы н а с т а р ы
Қ а р ж ы қ а т ы н а с т а р ы
Салық Бюджет Мемлекет- Ішкі ша- Үй шаруа- Сыртқы
Ұдайы өндіріс процесі үздіксіз жалғасып жататын өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадияларының өзара байланысты және өзара тәуелді үйлесуі түрінде жүзеге асып жатады. Ондағы өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн тауар нысанымен айырбасталатын, яни сатып алу-сату актілері жасалатын айырбаста да қаржыға орын жоқ. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтерге – с, v және m-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалған өндіріс құралдары құнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v) төленеді және қосымша өнім (m) алынады.Сөйтіп өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді «с», «v» және «m-ге» сәйкес элементтерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақша қорлары немесе ақша қорланымдары жасалынады.
Ақырында, ұдайы өндірістік процестің барлық стадияларынан өте отырып, қоғамдық өнім қайта жаңғыртылып, үш дербес қорда іске асады: орынды толтыру қоры, тұтыну қоры және қорлану қоры (1.2 сызбаны қараңыз).
1.2 сызба. Қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу
Б ө л у | ||
Ш ы ғ ы н д а р |
m | |
c |
v | |
Материалдық шығындар |
Еңбекке ақы төлеу |
Қосымша өнім |
Ұлттық табыс | ||
Қ а й т а б ө л у | ||
|
Орынды толтыру қоры |
Тұтыну қоры |
Қорлану қоры |
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа ауыспалы айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан –тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып оыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
1.3 сызба. Қаржы қажеттігінің факторлары
Қаржының қажеттігі | ||||
|
Ө
Н
Д
І
Р
І
С
|
Қоғамдық дамуының қажеттігі |
Р
Е
Т
Т
Е
У | ||
Тауар-ақша қатынастарының болуы |
Мемлекеттің жұмыс істеуі | |||
|
|
||||
Материалдық |
Басқару | |||
|
|
||||
Өндіріс |
Халықты әлеуметтік қорғау | |||
|
|
||||
Тауарлар |
Қорғаныс | |||
|
|
||||
Қызмет көрсету |
Құқықтық тәртіпті қорғау | |||
|
|
||||
Материалдық емес |
Ізгіліктік функциялар | |||
|
| ||||
Сфера | ||||
|
Әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктер | ||||
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қазіргі уақытта
қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік
тәрізді екі тұжырымдамасы
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру қоры шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның және халықтың алғашқы табстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық-заттық нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақша қаражатарына деген әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:
Қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
Кредиттік-банкңтік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:
- ақшалай табыстар мен қорлардыжасау;
- ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
- бақылау функцясы.
Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне метериалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының бірінші функциясын - ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады, бұл өзінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйекті түрде сан алуан ақша қорлары – орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет), орталықтандырылмаған (аймақтық және жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар және т.т. жасалады.
Бұлақша қорларын нақтылы пайдалану қаржының екінші функциясы арқылы жүзеге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы
қаржылық бақылауда – жалпы ішкі
өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды
мақсаттыарналым бойынша
Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық-қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал, теңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабельділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
Қаржылық шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбікке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;
Қаржылық-бюджеттік
бақылау. Ол кәсіпорындар табысының
бір бөлігін мемлекеттік
Кредиттік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды ненсиелендіру арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы кредит берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің жүйесі арқылы жүргізіледі.
Қаржынң экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:
қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізудің нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
1.2. Қаржы
қатынастарының объектісі
Қаржы ғылымы
қаржыны тек экономикалық
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары – қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары.
«Қаржы ресурстары» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
- Шаруашылық жүргізу практикасында «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша қаражаттарының кірістері мен қорланымдарының жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша қаражаттарының резервтерін айтады.
- Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттық және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда «қаржы ресурсының» ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындауүшін шоғырланатын құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.
Қаржы ресурстарын пайдалану негізінен арнайы мақсаттағы арналымның ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі.
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің 50 % құрай отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақшакөрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты.
Қаржы ресурстардың құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:
- мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
- бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.
Қаржы ресурстарының көзі жиынтық қоғамдық өнімнің барлық үш элементі: «с», «v», «m» болып табылады (1.4 сызбаны қараңыз).
1.4 сызба. Қаржы ресурстары
Ж а л п ы қ о ғ а м д ы қ ө н і м | |||||||
С |
v |
m | |||||
Материалдық шығындар |
Қажетті өнім |
Қосымша өнім | |||||
ӨЗІҢДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР) | |||||||
Амортизациялық аударымдар |
Айналымдағы қаражаттар |
Материалдық шығындар құрамындағы төлемдер |
Ұлттық табыс | ||||
Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық) |
Таза табыс (пайда)
| ||||||
Халықтан алынатын салықтар Қарыздар мен лотереялар Ерікті жарналар |
Жанама салықтар (ҚҚС, акциздер, басқалары) | ||||||
Роялти, бонустар Табиғи ресурстар үшін төлемдер Баждар, лицензиялар үшін төленетін төлемдер Тіркеу алымдары Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер |
Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер | ||||||
Меммлекеттік
мүлікті сатудан түсетін | |||||||
Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (қарыздар, трансферттер, гранттар) | |||||||
Қаржы ресурстары
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
тәртіппен қалыптасады. Орталықтандырылған
тәртіппен мемлекеттік
Егер орталықтандырылмаған қаржы ресурстары тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұлғаймалы ұдайы өндірісін қамтамасыз етудің басты нысаны болса, орталықтандырылған қаржы ресурстары, атап айтқанда таза табысты салық және салыққа жатпайтын төлемдер мен аударымдар арқылы қайта бөлудің нәтижесі болып табылады. Тап таза табыстың, оның көрінісінің негізгі нысанындағы пайданың өсуі қаржы ресурстары өсуінің жоғарғы немесе төменгі қарқынын қамтамасыз етеді.
Перспективада ақша қорланымдары (табыс, ҚҚС, акциздер), сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер қаржы ресурстарының негізгі көздері болып қалады.
Жекешелендіруден, мемлекет меншігінсатудан түсетін түсімдер сияқты уақытша көздер болып табылатын қаржы ресурстары олардың таусылуына қарай азаятын болады. Көздері жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері – роялти, бонустар болып келетін қаржы ресурстары артады.
Еңбекке ақы төлеудің, тұтыну қорларының одан әрі өсуі қаржы ресурстарының құрамына тартылатын халық қаржыларының мөлшерінің өсуіне жеткізеді.
Мемлекеттің қаржы ресурстары көлемінің динамикасы мен құрылысының тенденциялары нарықтық қатынастарға көшу бағдарламаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуі интенсивті факторлармен шарттасылған көздердің үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткізетіндігін дәлелдейді.
- Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы
жүйесі – өзінің мәні жағынан мынадай
түрлі ұғымдарды білдіру үшін
қолданылатын термин: а) бір-бірімен
өзара байланысты қаржы қатынастарының
сфералары мен буындарының
Өзінің тарихи
дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан
өтті. Қаржы қатынастарының пайда
болуы кезіндегі қаржы жүйесі,
жалпыға мәлім, әдетте, тек бір
ғана буынмен – мемлекеттік
Қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
- қаржы қатынастарының жиынтығы;
- ақша қорларының жиынтығы;
- басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

- Қаржы саясатының ұғымы, міндеті, мақсаты және қағидалары
- Қаржы тәуекелін басқару
- Қаржы тәуекелін басқару
- Қаржы тәуекелін басқару
- Қаржы тәуекелін басқару
- Қаржы тәуекелін басқару
- Қаржы тәуекелін басқару
- Қаржының мәні, объективтік қажеттігі
- Қаржының мәні, функциялар мен рөлі
- Қаржының мәні, функциялары және рөлі
- Қаржы ресурстары
- Қаржы ресурстарын басқару
- Қаржы салымы
- Қаржы саясаты